Issn 2073-333x международный научный журнал



Pdf көрінісі
бет68/169
Дата17.10.2022
өлшемі7,69 Mb.
#43641
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   169
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана №3 2020 РСИУ (1)

Кілт сөздер: құзыретілік тәсіл, кәсіби құзыреті, проблемалық оқыту, өндірістік- технологиялық 
жағдайлар.
Резюме. Данная статья посвящена проблеме формирования профессиональной компетентности обучаю-
щихся специальности информатики на основе информационно- коммуникационных технологий.
Рассматриваемый вопрос был сложным, и в связи с тем, что он не полностью решен. В перспективе на 
базе информационно-коммуникационных технологий требуется самостоятельное изучение методов и приемов 
формирования профессиональной компетентности обучающихся специальности информатики, проблем ком-
пьютерного моделирования педагогических проблем и др.
Ключевые слова: компетентностный подход, профессиональная компетенция, проблемное обучение, про-
изводственно – технологические условия.
Summary. This article is devoted to the problem of formation of professional competence of students majoring in 
mathematics-Informatics on the basis of information and communication technologies.
The issue under consideration was complex, and due to the fact that it is fully resolved. In the future, on the basis 
of information and communication technologies, an independent study of methods and techniques for the formation of 
professional competence of students majoring in mathematics and computer science, problems of mathematical and 
computer modeling of pedagogical problems, etc. is required.
Keywords: competence approach, professional competence, problem training, production and technological 
conditions.
Ақпараттық қоғамның дамуының динамизмі бүгінгі жас маманның кәсіби әрекеті оның бүкіл 
кәсіби өміріне арналмағанын, керісінше үздіксіз оқып – үйреніп, өзінің кәсіби құзырлығын әрдайым 
жетілдіріп отыруы керектігін шарт етеді. Жиі ауысып отыратын технологиялармен жағдайларға 
бейімделу қабілеті, әсіресе, информатика мұғалімдері үшін өте маңызды. Қазіргі кезде болашақ ма-
манды оқыту кезінің өзінде де бағдарламалар мен ақпараттар жиі ауысып, жаңа ақпараттық техно-
логиялар пайда болады, ғылым ретінде информатиканың мағынасы да өзгеріп, анықталып отырады. 
145


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
146
Сондықтан информатика мұғалімін кәсіби даярлау кезінде тек қана пәндік білімдер мен машықтарды 
қалыптастырып қана қоймай, сонымен қатар түлектердің болашақта жаңа педагогикалық мәселелерді 
шешуіне мүмкіндік беретін қабілеттерін де арттыруға әрекет ету керек[1].
Қазіргі заманғы білім беру саясаты жалпы білім берудің инновациялық даму бағытын көрсетеді. 
Осыған байланысты оқытушылар мен білім алушылардың кәсіптік құзыретін қалыптастыратын 
жаңа білім беру технологияларын пайдалану есебінен білім беру процесін байыту қажет. Жаңа 
ұрпақтың мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес оқу процесін іске асыру білім алушылардың 
шынайылыққа барынша жақын кәсіби дағдыларын пысықтауға арналған полигон болып табылатын 
оқытудың инновациялық технологияларына құрылуы тиіс. Құзыреттілік тәсіл білім алушыларда оқу 
үрдісінде белгілі бір құзыреттіліктерді қалыптастырумен анықталады, ал оқу іс-әрекеті зерттеу немесе 
практикалық-түрлендіргіш сипатқа ие болады.
Қазіргі заманғы кәсіби білім берудің құзыреттілік тәсілінің ерекшелігі білім алушылардың 
таңдалған салада белгілі бір білім, білік және дағды жиынтығымен қарулануын ғана емес, сонымен 
қатар жеке креативті шешімдерге, өзін-өзі оқытуға қабілетті болашақ кәсіби тұлғаның қалыптасуын 
болжайтын функционалдық деңгейдегі мамандарды даярлаудан тұрады.
Кәсіптік білім беруде кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру дәл осы мақсатқа бағытталған. Кәсіби 
құзыреттілік құрамы бітіруші түлектің біліктілігі жұмыс берушілер мен аймақтық еңбек нарығы талап-
тарына сәйкес келетін және ұзақ емес бейімделу кезеңінен кейін тиісті деңгейде кәсіпорын жұмысына 
толық қосылуға мүмкіндік беретін етіп құрылған.
Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру білім беру процесінің барлық кезеңдерінде мамандық 
бойынша негізгі білім беру бағдарламасына және үшінші буынның мемлекеттік стандартына сәйкес 
жүргізіледі [2].
Кәсіби құзыреттілік өндіріс жағдайында кәсіби қызметтің негізгі түрлерін және кәсіби 
міндеттерді орындау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Осылайша, кәсіби құзыреттер күрделі білім бо-
лып табылады, ол сондай-ақ мынадай құзыреттер топтарын қамтиды: жалпы кәсіптік, арнайы және 
мамандандырылған.
Қазіргі кездегі жоғарғы білім беруді ұйымдастыру: жеке тұлғалық білім беруді іске асыру, 
спецификалық мамандарды еске ала отырып, уақытылы мүмкіндіктер ашу. Жоғарғы оқу орнының 
түлегі өз қызметінің кәсіптік маманы болу үшін, оның анықталған деңгейіндегі құзырлығы болуы тиіс. 
Жалпы құзырлық ұғымын қарастыру қажетті тұлғалар жетістіктердің мінездемелеріне сәйкес келеді. 
Кәсіптік құзырлықтардың жинақталуы жалпы жағдайда кәсіптік мамандарды құрастыру жүйесі не-
месе сол басқа тұлғалық аймақтар, яғни сол жағдайда дағдылану кәсіптік құзырлықты анықтау білім 
алушыларды үйрету, болашақ оқытушылар әдістемелік шарттарды қолдану және нақты мазмұны бар 
лекциялық материал өзіндік жұмыстарға тапсырмаларды даярлау. Оқыту курсын бейнелеу барысында 
лекция оқитын адам білім алушылардың осы пәнді оқығаннан, кейін нені білуі және нені үйренуі тиіс 
екенін анықтау. Информатика мамандары орта мектептерде, лицейлерде, колледждерде жұмыс істей 
алады. Сонымен қатар басқа мекемелерде менеджер болып жұмыс істеуі мүмкін. Барлық жағдайларда 
жеке қасиеттер мен мүмкіндіктердің тиімділігі:
– өзінің кәсіптік даму преспективасын ұғыну, жеке стилді анықтау;
– табиғи интелектуалды деректемелерді максималды түрде қолдану:
– өзіндік білім беруге дайындалу және икемдігі:
– қисындық ойлау мүмкіндігі, сонымен қатар тапсырмалар, мақсаттар, тәсілдер, құрылғылар 
және шарттар мен шешімдердің себептік байланысын анықтау[3].
Өндірісті дамытудың қазіргі кезеңінде маманның еңбек функциясының қозғалысы репродуктивті 
емес, кәсіби қызметтің шығармашылық құрамдастарымен қамтамасыз етіледі. Бұл, сөзсіз, білім 
алушылардың кәсіптік даярлығының мақсаты мен мазмұнына елеулі әсер етеді. Бұл дайындық қазіргі 
заманғы индустриялық еңбектің мазмұнына, деңгейіне және сипатына неғұрлым сәйкес келетін 
оқытуды ұйымдастыруды қамтамасыз етуі тиіс.
Білім алушылардың оқу-танымдық қызметін белсендірудің, олардың жеке басының кәсіби 
маңызды қасиеттерін қалыптастырудың тиімді құралдарының бірі проблемалық оқыту болып табылады. 
Оқытушылар тәжірибеде проблемалық оқыту бірнеше қиындықтарды жиі кездесетінін жақсы біледі. 
Олардың ішінде-білім алушылардың жалпы білім беру дайындығының төмен деңгейі, ғылым негіздеріне 
терең емес танымдық қызығушылық. Егер оқу барысында білім алушыларды таңдаған мамандығы 


Наука и жизнь Казахстана. №3 2020
147
бойынша кәсіптік қызметте орын алатын проблемалар мен жағдайлармен таныстыратын болса, бұл 
қиындықтарды барынша еңсеруге болады. Проблемалық жағдайларды құру, оларды талдау және шешу-
бұл индустриялық еңбектің өзгермелі мазмұны жағдайында еркін және тиімді әрекет етуге мүмкіндік 
беретін кәсіби құзыреттерді қалыптастырудың маңызды резерві. Мұндай өндірістік-технологиялық 
жағдайлар өзінің нақты еңбек жағдайлары мен аналитикалық сипатымен ұқсас болуына байланысты 
білім алушылардың белсенділігін арттыруға ықпал етеді, танымдық қызығушылықты қолдай отырып 
және бекіте отырып, оқыту кезінде оларға жағымды эмоционалдық көңіл күй береді. Білім берудің 
оқу процесіне өндірістік-технологиялық жағдайларды енгізу білім алушыларда маман шешетін типтік 
мәселелер туралы қорытынды түсініктерді қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар оқу материалын 
кешенді игеру үшін қолайлы алғышарттар жасауға да бағытталған, өйткені оларды шешу жаратылыстану-
ғылыми, қоғамдық-ғылыми және технологиялық білімді кеңінен қолдануға негізделеді.
Білім беруде өндірістік-техникалық жағдайларды талдау және шешу тәжірибелік жұмыстардың 
бір түрі ретінде практикалық сабақтарда, аудиториядан тыс сабақтар ретінде, кешенді өндірістік 
міндеттерді шешу кезінде өндірістік практика процесінде орындалуы мүмкін. Өндірістік-технологиялық 
жағдайларды талдау және шешу бойынша тапсырмаларды орындау жеке немесе үш-бес адамнан 
тұратын топтармен өтеді[4].
Мамандарды даярлаудың практикалық әдістері ретінде қолданылатын жағдайлық өндірістік-
техникалық міндеттер білім алушылардың алған мамандығы мен біліктілігіне дәл сәйкес келуі немесе 
олар шешетіндерден біршама қиын болуы тиіс.
Өндірістік-технологиялық жағдайларды жүргізу, жағдайлық есептерді шешу үшін тиімді әдіс 
іскерлік ойын әдісі болып табылады. Іскерлік ойынның артықшылығы, өзіне қандай да бір рөлді алып, 
ойынға қатысушылар бір-бірімен өзара қарым-қатынасқа түседі, және де олардың мүдделері сәйкес 
келмеуі мүмкін. Нәтижесінде, ойын барысында жоғары қызығушылық тудыратын табиғи эмоциялық 
шиеленісумен қатар жүретін жанжалды жағдайлар пайда болады. Қатысушылар тек қана кәсіби білім 
мен іскерлікті ғана емес, сонымен қатар жалпы білімділікті, шешуші, жеделдік, коммуникативтік, 
бастамашылдықты көрсете алады. Ойында аз уақыт ішінде бірнеше типтік өндірістік есептер шешіледі.
Сондай-ақ, тренажерлердің көмегімен кәсіби қызметті имитациялау сияқты оқыту әдісі 
қолданылады. Кәсіби біліктердің құрамдас бөлігі-бірнеше рет қайталаудың нәтижесінде автоматты 
болатын іс-әрекеттер. Егер білім алушыларға қандай да бір себептермен осы іс-әрекеттерді тікелей 
өндірісте, жұмыс істеп тұрған агрегаттарда орындауға мүмкіндік берілмесе, өндірістік процестерді 
имитациялайтын тренажерлер жасау орынды. Тренажерлердің жұмыс бағдарламасына білім алушы-
лар осы жағдайларды талдап, тиісті шешім қабылдау үшін өндірістік жағдайлардың әртүрлі нұсқалары 
қойылуы тиіс.
Өндірістік-технологиялық жағдайларды оқытудың келесі әдісін өндірістік практикада қолдануға 
болады-жеке тапсырмаларды орындау. Оқу өндірістік тәжірибе кезінде білім алушылар таңдаған 
мамандығы бойынша дағдылар мен машықтарды меңгереді. Тәжірибе қалыптасатын біліктердің 
шеңбері біртіндеп кеңейіп, біртіндеп күрделенетіндей ұйымдастырылуы тиіс. Кәсіпорын технологиялық 
немесе дипломалды практиканың оқу бағдарламаларында көзделген жұмыстарды орындауды әрдайым 
қажет етпейді, кейбір жеке тапсырмалар тек қана оқу сипатында болады. Мұндай оқу міндеттерін 
шешу кезінде білім алушы практика өтетін өндірістің нақты деректері пайдаланылады.
Білім берудің белсенді әдістерін қолдану нәтижесінде білімді бекіту және кәсіптік шеберлік пен 
дағдыларды қалыптастыру кезінде білім алушыларда болашақ кәсіби қызметтің бастапқы тәжірибесі 
жинақталады.
Өндірістік-технологиялық жағдайлар іздестіру қызметімен тығыз байланысты. Дайын ше шім 
болмаған жағдайда іздеу қызметі өрістей бастайды, оның барысында қолда бар өндірістік-техно ло-
гиялық жағдай "тазартылады", оның өзегі-проблема, осы проблеманың мәнін құрайтын негізгі қай шы-
лық тар, оны шешудің мақсаты жабылады.
Сонымен, өндірістік-технологиялық жағдай адамның технологиялық объектімен практикалық 
немесе ойлы өзара іс-қимылының нәтижесінде пайда болатын танымдық қиындықтарды, объект туралы 
жаңа білімдерді немесе проблемаларды шешудің белгісіз тәсілдерін табу жолымен осы қиындықтарды 
еңсеру қажеттілігін және оны жеңу процесін қамтитын тұтас білім болып табылады[5].
Қазіргі білім алушының өндірістік қызметі проблемалық жағдайларға толы. Өндірістік-
технологиялық жағдайлар техника мен технологияның қарама-қайшы жақтары анықталғанда, 


Қазақстанның ғылымы мен өмірі. №3 2020 
148
өндірістің әр түрлі нысандарының ғылыми және конструктивтік негіздерін ашқанда, қажет болған 
жағдайда қалыптасқан жағдайды және т. б. жедел бағалау кезінде туындайды. Мұндай жағдайлар 
еңбекті ұйымдастыру, технологиялық тапсырманы ұғыну, технологиялық режимдерді анықтау 
кезінде, білім алушыны алдын ала дайындау процесінде, құралдарды, жарақтарды, материалдар-
ды іріктеу кезінде, сондай-ақ еңбек операцияларын бақылау кезеңінде, технологиялық ауытқуларды 
диагностикалау кезінде, жаңа техника мен технологияны меңгеру кезінде, рационализаторлық және 
өнертапқыштық міндеттерді шешу кезінде пайда болуы мүмкін.
Проблемалық жағдайлар нақты кәсіби еңбек шеңберінен шығып, мысалы, экономикалық, 
экологиялық, эстетикалық және т. б. сияқты кәсіпорынның өндірістік процесінің аспектілерін қозғауы 
мүмкін.
Осылайша білім беру процессін ұйымдастыру, бағытталған құзырлықты жүзеге асыру, қазіргі 
заманғы сәйкес ақпараттық – технологияларды қолдану шешімі. Олардың кешендік қолданылуы барлық 
білім беру процесс формаларында аудиторлық және аудиториядан тыс жұмыстарды ұйымдастыру 
тиімділігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет