БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 2, 2015 ж.
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 2, 2015 г.
53
•
формалды білім
беру – арнайы
институттандырылған
формаларда жүзеге
асырылады (коледждер,
жоғарғы оқу орындары,
оқытушылардың білімдерін
жоғарылату жүйесі);
•
формалды емес білім
беру – білім берушілердің
тәжірибе алмасуы барысында
жүзеге асырылады
(әдіскерлік ұйымдар,
ұстаздар ассоциациясы,
әртүрлі әдіскерлік жобалар),
жұмыс орнында оқыту, т.б.
•
информалды білім беру –
немесе барлық қоғамның
білім беру мүмкіндігін
қолдану (бұқаралық
ақпарат құралдары,
музейлер, кітапханалар,
ұстаздар қатысатын саяси
үдеріс)
Өмір бойы білім алу дегеніміз информалды
(informal) түрде өмір бойы адамдардың білімін
жалғастыруы, өзінің оқуын қайта жалғастыруы
ғана емес, сонымен қатар формалды (for-
mal) түрде де адамның білім деңгейін, өзінің
білімін, білігін және дағдысын қалыптастыруды
айтады. Сонымен қатар, адамдар білім берудің
формалданған шегінен тыс формалданбаған
(non-formal) білімді: жұмыс орнында, қоғамдық
орталықтарда, клубтарда алуына болады [4].
Мұғалімдердің
информальды-медиалық
технологияларды жеке оқуында қолдануын
анықтау мақсатында әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің философия
және саясаттану
факультетінің мұғалімдеріне
сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 31 мұғалім
қатысты. Сауалнама 14 сұрақтан құралды.
Зерттеу жұмысына жасалған талдау, сауалнамаға
жауап берген мұғалімдердің:
—
90% интернетті өз жұмысында жие және
өте жие қолданатынын көрсетті;
—
67% айтуынша информальды-медиалық
технологияларды өзідік білім алуда қолданады;
—
17% информальды-медиалық техноло-
гияларды жартылай қолданады және жеке білім
алудың басқа да әдістерін қолданады;
—
16% информальды-медиалық техно-
логияларды жеке білім алуда қолданбайтыны
анықталды.
Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан
мұғалімдердің 87% сабақ беру баырысында
электронды презентация және электронды
лекциялары қолданатынын, алайда электронды
оқулықтар мен тапсырмаларды жасауда
белсенді емес екенін көрсетті.
Қорыта келе, информальды-медиалық білім
алу деген мұғалімдердің Интернет-сервистерде
арнайы блог жасап, оны оқу-танымдық
мақсаттарда оқушылармен және әріптестерімен
ақпаратта алмасу үшін белсенді қолдануын
білдіретінін атап өту қажет. Олар оқытушы
өзі ұйымдастырған семинарлар, виртуальды
конференциялар, педагогикалық жобалар,
мастер-класстар, сауалнамалар, проективті
семинарлар. Жалпы информальды-медиалық
білім алу кәсіби дамудың жаңа үлгісіне жатады.
Ол өз пәнін қайта жанартуға импульс береді,
білім беру технологияларын қайта қарастыруға
және кәсіби шеңбердің ауқымында жеке
концептуалды көзқарастың пайда болуына
алып
келеді.
Информальды-медиалық
білім алудың негізінде педагог кадрлар:
ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау
тапсырмаларын электронды пакетте жасауға
(кроссвордтартар, карточкалар, құзыреттілікке
бағытталған сұрақтар және болу мүмкін жауап
формасы, бақылау жұмыстары және т.б.);
қосымша материал базасынын жасауға (видео,
кітап, музыка және т.б.); кері байланыстың
әртүрлі формаларын жасауға (сауалнама,
анкета, бағалау парағы, ұсыныс парағы және
т.б.) табысты меңгереді.
Достарыңызбен бөлісу: