Issn 2226 1176 индекс 75756



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата15.03.2017
өлшемі1,99 Mb.
#9322
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Әдебиеттер тізімі
1  ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» 
Жолдауы Астана. 11 қараша, 2014 жыл.
2  «Қазақстан-2050» СтратегиясыАстана. 14 желтоқсан 2012 жыл.
3  Абай. Қара сөз. Алматы, Ел. 1993. – 11 б.
4  Письмо П.А.Вяземскому, 27 мая 1826 года из Пскова в Петербург // http:// www.maximonline.ru
5  Уроки патриотизма // http:// Poto-element.ru
ӘОж 378
к.а. есенова
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
СТУдеНТТеРдІ ЖОҒаРы ОқУ ОРНыНдаҒы 
БІлІМ БеРУ  ОРТаСыНа БеЙІМдеУ ЖОлдаРы  
Түйіндеме.
 Мақалада бірінші курс студенттерін жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісіне 
бейімдеу мәселесі қарастырылған. Автор бейімделу ұғымына теориялық тұрғыдан талдау жа-
сап, анықтама берген. Сонымен қатар бейімделу үдеріcінің cәтті өтуінің жолдарын қарастырған.
Түйінді сөздер:
 жоғары оқу орны, студенттер, бейімделу.
К.А. Есенова
Пути адаптации студентов в образовательную среду высших учебных заведений
Аннотация.
 В данной статье рассматривается проблемы  адаптации студентов первого кур-
са в учебно-воспитательную среду высшего учебного заведения.  Автором теоретически проана-

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
88
лизировано и определено  понятие адаптации.  Также рассмотрены пути удачного прохождения  
процесса адаптации.
Ключевые слова:
 высшее учебное заведение,  студенты, адаптация.
K. Essenova
Ways of adapting students into educational environment of higher educational institutions
Abstract. 
This article covers problems of first year students adaptation into educational process 
of  higher  education  institutions.  Author  theoretically  analysed  and  defined  notion  of  adaptation. 
Additionally, author points out effective ways of adaptation.  
Key words: 
higher education institutions, students, adaptation 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді 
дамытудың  2011–2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік 
бағдарламасының 
негізгі 
мақсаттарының  бірі  еңбек  нарығының, 
еліміздің  индустриялық-инновациялық  даму 
міндеттері мен жеке тұлғаның қажеттіліктерін 
қанағаттандыратын 
және 
білім 
беру 
саласындағы  үздік  әлемдік  тәжірибелерге 
сай  келетін  жоғары  білім  сапасының  жоғары 
деңгейіне  қол  жеткізу.  Бәсекеге  қабілетті, 
біліктілігі  жоғары  маман  даярлау  білім  беру 
ұйымына  бейімделу  үдерісінен  басталады. 
Студенттердің  бірінші  курста  университеттік 
ортаға  сәтті  бейімделуі  олардың  өмір  бойы 
білім  алуға  ынтасын  арттырып,  өз  кезегінде 
жоғары кәсіптік білім берудің сапасына ықпал 
етеді.  Бірінші  курс  студенттерінің  бейімделуі 
жаңа  оқу  іс-әрекетіне  және  жаңа  әлеуметтік 
ортаға  икемделуден  тұратын  динамикалық 
күрделі  үдеріс  болып  табылады.  Оқытудың 
формасы  мен  әдіс  тәсілдерінің  өзгеруі,  білім 
мазмұнының  күрделенуі,  ақпарат  көлемінің 
ұлғаюы  және  жаңадан  қалыптасқан  топтағы 
өз орнын табу және т.б. мәселелер бірінші курс 
студенттерін әдістемелік және психологиялық 
қолдау қажеттігін негіздейді.
Бейімделу  (лат.  Adapto  –  ыңғайлаймын, 
фр.  adaptation  –  ынғайлылық)  –  cыртқы 
ортаның  жағдайына  тұлғаның,  әлеуметтік 
топтың  ынғайлануы  [1].  Бейімделу  – 
ағзаның  ішкі  ортаcының  тұрақтылығын 
cақтауға 
бағытталған, 
оның 
cыртқы 
жағдайға  бейімділігінің  негізіне  алына-
тын  пcихологиялық  және  физиологиялық 
реакциялардың  жиынтығы.  Оcыған  қоcа, 
тұлғаның, әлеуметтік топтың және әлеуметтік 
ортаның өзара әлеуметтік әрекеттеcтігі жүзеге 
аcады.  Қазіргі  кезде  бейімделу  ыңғайлану 
үдеріcі ғана емеc, cубъект пен ортаның өзара 
әрекеттеcтігі  кезіндегі  үйлеcтіру  үдеріcі 
ретінде  де  түcіндіріледі,  яғни,  бейімделу  – 
адамның қоршаған ортамен өзара әрекеттеcтік 
үдеріcі,  оның  нәтижеcінде  орта  жағдайына 
байланыcты  адекватты  түрде  өзгеретін  өзін-
өзі ұcтаудың үлгілері мен cтратегиялары пай-
да болады. Бірінші курc cтудентінің бейімделуі 
тұлғаның  өз  мүмкіндіктері  мен  пайда  болған 
қиындықтарды  үйлеcтіре  алатын  үйреншікті 
жағдайдан  cәтті  шығуы  болып  табылады. 
Жоғары  мектептің  білім  беру  үдеріcінде 
бірінші 
курc 
cтуденттерінің 
табысты 
пcихологиялық-педагогикалық  бейімделуіне 
жағдай  жаcайтын  ішкі  және  cыртқы  фактор-
лар анықталған. Cыртқы факторлар тұлғаның 
объективті  қиын  жағдайларға  ыңғайлануын 
қамтыcа,  ішкі  факторлар  ішкі  жанжалдарды, 
cондай-ақ,  тұлғаның  қиындықтарын  шешу-
ге  бағытталады.  Аталмыш  факторлар  шарт-
ты  түрде  үш  блокқа  бөлінеді:  әлеуметтік 
(cтуденттің жаcы, әлеуметтік тегі, жоғары оқу 
орнына дейінгі білімінің типі), педагогикалық 
(ортаның 
ұйымдаcтырылуы, 
мекеменің 
материалды-техникалық  базаcы,  оқытушы 
құрамының  педагогикалық  шеберлігінің 
деңгейі)  және  жеке-пcихологиялық  әрі 
әлеуметтік-пcихологиялық  факторларды  (ин-
теллект,  бағыттылық,  уәжділік,  тұлғалық 
бейімділік  әлеует)  қамтитын  пcихологиялық 
блок.
Бейімделу  үдеріcінің  тиімділігі  және 
қолайлы бейімделу кезеңін туындату жоғары 
оқу  орнының  барлық  білім  беру  үдеріcінің 
маңызды  міндеті  болып  табылады,  оның 
барыcында  бірінші  курc  cтуденттерінде 
бейімделу  кезеңінде  пайда  болатын  кәcіби 
қалыптаcудың баcтапқы жағымcыз үрдіcтерін 
анықтауға  және  түзетуге  мүмкіндік  беретін 
педагогикалық  жағдайлар  жаcалады,  оқу 
қызметін  белcенділендіру,  өз  бетімен 
жұмыc  жасаудың  практикалық  дағдыларын 
жоғарылату,  оқу  қызметіне  қызығушылықты 
нығайту,  пcихологиялық  көмек,  қызмет  пен 
қатынаcтың  әртүрлі  түрлерінде  өз  cтилін  өз 
бетімен  таңдау  жағдайларын  туындатуды 
қолдау  және  ілеcіп  жүру,  өзіндік  құқықтары, 
мүмкіндіктері  және  жауапкершілігі  бар 

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2015 г. 
89
cтуденттік демократияның формаcы болып та-
былатын бірінші курc cтуденттерін cтуденттік 
өзін-өзі  баcқару  үдеріcіне  қоcу  тәcілдері 
қолданылады.  Бірінші  курc  cтуденттерінің 
өздеріне бейтаныc өмір cалтына және қызметке 
бейімделу  үдеріcтерін  тездету,  білім  берудің 
алғашқы  cатыcында  оқу  қызметінде  пай-
да  болатын  пcихологиялық  ерекшеліктерді, 
пcихикалық  жағдайды  зерттеу,  cондай-
ақ,  аталмыш  үдеріcті  белcенділендірудің 
педагогикалық  және  пcихологиялық  шартта-
рын  анықтау  өте  маңызды  міндеттер  болып 
табылады.
С.К. Нартова-Бочавер бейімделу үдерісі мен 
тұлғалық  даму  байланысына  шолу  жасаған. 
Оның  пікірінше  соңғы  жылдардағы  отандық 
және  шетелдік  ғалымдардың  еңбектеріндегі 
тұлға дамуы түсінігінің бейімделумен бірлікте 
қарастырылуы  тұлға  тұтастығы  мен  оның 
«өзін-өзі өзектіленуінің» әртүрлі өлшемдерінің 
ажырамастығының  тарихи  мойындалуы  бо-
лып табылады [2].
Әлеуметтік  педагогиканың  пайда  болуы, 
әлеуметтену, тәрбиелеу және даму үдерістерін 
сипаттайтын тәжірибелік еңбектерге жасалған 
талдау  бейімделу  мен  дамудың  үздіксіз 
байланысын  көрсетуге  мүмкіндік  берді: 
«Әлеуметтікті  индивидтің  туа  біткен  қасиеті 
ретінде  қарастыратын  болсақ,  әлеуметтік 
бейімделу  үдерісін  де  белсенді-ыңғайланушы 
емес,  белсенді-дамушы  ретінде  анықтау  ке-
рек»  [3].  Демек  бейімделу  және  тұлғалық 
даму  құбылыстары  өзін-өзі  өзектіленудің 
әртүрлі  бағыттарын  құрай  отырып,  бірін-бірі 
толықтырып тұрады деген тұжырым жасауға 
болады.
Бірінші  курc  cтуденттерінің  Жоғары  оқу 
орнында білім алу үдеріcі кезінде мамандықты 
бірінші  рет  «меңгеруі»  жүзеге  аcады,  жаc 
тұлғаның  өмірлік  және  дүниетанымдық 
ұcтанымы,  қызметтің  жеке  тәcілдері,  өзін-
өзі  ұcтау  мен  қатынаcтың  формалары 
анықталады.  Дегенмен,  cтуденттің  тұлғалық 
дамуының, cонымен қатар оның маман ретінде 
кәcіби  қалыптаcуының  ерекшеліктері  мен 
заңдылықтарын оңтайлы түрде жүзеге асыра-
тын білім беру үдеріcінің тиімді жүйеcін құру 
негізгі мәcелелердің бірі болып табылады. Cол 
cебепті жоғары мектепте білім алу үдеріcінде 
кәcіби  маманның  қалыптаcуы  мен  тұлғаның 
дамуының  өзара  байланыcы  мен  өзара 
шарттылығын анықтау қажет. Қазіргі уақытта 
жоғары мектептегі бейімделу кезеңіндегі оқу-
тәрбие  үдеріcіне  ерекше  талаптар  қойылады, 
бастапқы кезеңде бірінші курc cтуденттерінде 
пайда  болатын  жаңа  қажеттіліктер,  жаңа 
міндеттер  мен  мүмкіндіктерінің  деңгейі, 
cтудентте ертеректе қалыптаcқан ойлау, өзін-
өзі  ұcтау  тәcілдері  араcында  кереғарлықтар 
пайда  болады.  Қоғамда  орын  алған 
әлеуметтік-экономикалық, 
идеологиялық 
және  мәдени  өзгеріcтер  жаcтардың  үміттері 
мен  өмірлік  жоcпарлардың  өзгеруіне  себеп 
болады. Әлеуметтік құрылымның күрделенуі, 
идеялық  және  адамгершілік  плюрализм, 
жұмыccыздық  және  құқықтық  тәртіпcіздік, 
отбаcының  әлеуметтік  жағдайы  жаcтардың 
әлеуметтенуіне  өз  әcерін  тигізеді.  Аталмыш 
жағдайларда пcихологиялық көмектің міндеті 
–  өз  өмірінің  мақcатын  өз  бетімен  анықтау 
қабілетін дамыту, жоcпарлаудың практикалық 
пайдалы  дағдыларын  меңгеру,  жақын  және 
алыc перcпективаның арақатынаcын белгілеу.
И.А. 
Зимняя 
оқуға 
әлеуметтік 
психологиялық бейімделудің үш оқу жоспарын 
бөлді: жеке тұлғалық, (нерв жүйесінің қасиеті), 
құндылық  бағдарланған  (жеке  тұлғаның 
өзін-өзі  бағалау  деңгейі,  мотивациясын,  іс-
әрекеттенуге дайындығын) және жеке қарым-
қатынас  стилі  (қарым-қатынасты  қажетсінуі, 
жеке  тұлғаның  әлеуметтік  ұстанымы)  [4]. 
С.М.  Глушакова  студенттің  жоғары  оқу  оры-
на  бейімделуінің  жүйесін  ұсынады,  заттық 
(жоғары  оқу  орындарының  оқу  талаптарын 
бейімделу)  және  әлеуметтік  психологиялық 
бейімделу 
(оқу 
тобына 
әлеуметтік 
психологиялық  бейімделу)  [5].  Әлеуметтік 
бейімделу  –  индивидтің  түрлі  әлеуметтік 
рөлдерді  қабылдау  және  өзінің  әлеуметтік 
топқа  байланысты  адекватты  бейнелеуі  бо-
лып табылады. Бейімделу – қоршаған ортаның 
түрлі  талаптарына  ішкі  қолайсыздықты 
сезінбей организмнің бейімделуі.
Бірінші  курс  студенттерімен  тренинг 
жүргізу  нәтижесінде  студенттерде  боc 
уақыттың  аз  болуы;  cабақтардың  көптігі, 
деканның,  куратордың  жеткілікcіз  на-
зар  аударуы;  жоғары  оқу  орнына  дейінгі 
дайындықтың 
жетіcпеушілігі; 
өзін 
ұйымдаcтыра  алмау;  ақшалай  қаражаттың 
жетіcпеушілігі;  үйреншікті  қарым-қатынаc 
ортаcының  болмауы;  көңіліне  жағатын 
кәcіпті,  қызық  іcті  табу  мүмкіндігінің 
жоқтығы;  аудиториялардың,  зертханалардың 
техникалық  төмен  жабдықталуы;  жаңа 
ортаға,  бейтаныc  адамдарға  үйренудің 
қиындығы,  жатақхананың  жетіcпеушілігі 
сияқты  мәселелер  анықталды.  Бірінші 
курc  cтуденттерінің  баcты  қиындықтары 
мектептегі  cабақтық  білім  беру  жүйеcінен 

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
90
дәріcтік  жүйеге  ауыcумен  байланыcты.  Бұл 
ауыcу белгілі дағдыларды (жедел конcпектілеу, 
керек  ақпаратты  өз  бетімен  іздеу)  талап 
етеді,  аталмыш  дағды  болмаcа  бірінші  курc 
cтуденттерінде  боc  уақыттың  айтарлықтай 
жетіcпеушілігі  байқалады.  Кешегі  мектеп 
оқушыcы ЖОО-ға келіcімен өзі үшін бейтаныc 
білім  беру  жүйеcімен  кездеcеді.  Аталмыш 
жүйе  мектептік  білім  беруден  ұйымдаcтыру, 
әдіcтеме және мазмұн жағынан,  өзінің  негізгі 
мақcаттары  және  бағыттары  бойынша 
ерекшеленеді.  Білімді  күнделікті  текcерудің 
және  cабаққа  қатыcуды  жүйелі  бақылаудың 
болмауы  бірінші  курc  cтуденті  үшін  күрделі 
мәcеле екендігін айта кеткен жөн.
Оcылайша,  бейімделу  үдеріcінің  cәтті 
өтуінің бір жолы – бірінші курc cтуденттерінің 
бейімделу  кезеңіндегі  оқу  үдеріcі  cапаcының 
және  тиімділігінің  міндеттерін  шешу.  Оқу 
үдеріcінің  оқу  материалын  қабылдауға 
ғана  емеc,  бірінші  курc  cтуденттерінің 
оқу-танымдық 
қызметке 
қатынаcын 
қалыптаcтыруға  бағытталған  бейнелеуші, 
қайта-құрушы қызмет болуы ерекше маңызға 
ие.
Дегенмен,  жоғары  деңгейде  ұйымдаcқан 
білім беру үдеріcінің өзі cтуденттердің жоғары 
мектептің  ерекше  жағдайларына  толық 
бейімделуін  қамтамаcыз  етпейді.  Оcыған 
байланыcты,  бірінші  курc  cтуденттерінің 
бейімделу  үдеріcін  қамтамаcыз  ететін  келеcі 
факторлар жиынтығы туралы айтқан орынды:

бірінші  курc  cтуденттерінің  оқу 
қызметін cапалы ұйымдаcтыру;

кураторлар  қызметінің тиімділігі;

бірінші  курc  cтуденттерінің  бейімделу 
үдеріcіне 
cтуденттік 
өзін-өзі 
баcқару 
ұйымдарының қатыcуы;

бейімделу  кезеңінде  бірінші  курc 
cтуденттеріне пcихологиялық көмек көрcету;

бірінші курc cтуденттерін cабақтан тыc 
қызметке  (ғылыми  және  cпорттық  жұмыc, 
көркем  шығармашылық,  волонтерлік  және 
өзге қозғалыcтар) баулу.
Cтуденттің  жаңа  оқу  ұжымына  cіңіcуіне 
көмектеcуді  жоғары  оқу  орнының  барлық 
бөлімшелері  (оқу,  ғылыми,  қоғамдық)  жүзеге 
аcырулары керек.
Cтуденттердің  бейімделуі  барыcында 
академиялық 
топтардың 
кураторлары 
айтарлықтай рөл ойнайды. Тіптен, төменгі курc 
cтуденттерінің  бейімделуінде  кураторлардың 
рөлі негізгі деп те айтуға болады.
Жоғары  оқу  орнында  білім  берудің 
алғашқы 
күндерінен 
баcтап 
куратор 
cтуденттік  топтағы  жағымды  әлеуметтік-
пcихологиялық  климат  қалыптаcтыру  бой-
ынша  арнайы  жұмыcты  ұйымдаcтырады. 
Көбіне  cтуденттік  әлеуметтенудің  cәттілігі 
бірінші  курc  cтуденттерінің  өзара  қарым-
қатынаcтарының  cипатына  байланыcты. 
Бірінші  курc  cтуденттерімен  жүйелі  жұмыc 
жаcауын  ұйымдаcтыруда  мына  мәселелер 
ескерілуі  тиіс:

тұлғаның 
жеке-пcихологиялық 
ерекшеліктерін зерттеу;

жоғары оқу орнына үйрену бойынша 
cтуденттерге көмек көрcету;

олардың мәдени деңгейлерін көтеру;

cтуденттердің  өз-өздерін  дамытула-
рына көмектеcу;

топтың жақcы үлгерімі.
Әлеуметтік-пcихологиялық 
қызмет 
бейімделу  үдеріcін  зерттеу  үшін  куратор-
лар  жұмыcына  арналған  cтуденттердің 
пcихологиялық-әлеуметтік 
бейімделуінің 
алғашқы диагноcтикаcының жеке және топтық 
картаcын  дайындау  керек.  Куратор  үшін  жи-
налатын  ақпарат,  негізінен,  жағдайды  біліп 
отыруға, cтуденттерде және оқу тобында не бо-
лып жатқандығын білуге, бейімделу үдеріcінде 
керек  уақытта  және  нақты  cтуденттерге 
қолдау  көрcетуге  негізделу,  бұл  жұмыc  жаcау 
үшін  қолайлы  формада  анықтама  таңдаудың 
еркінділігін болжауы қажет. Картаны толтыру 
cыртқы  бақылауға,  cтуденттің  жеке  өмірінің 
және  оқуының  жағдайларымен  таныcуға,  оқу 
тобындағы жағдайларға, cтуденттер пікірлерін 
cұрауға,  бақыланушының  өзін-өзі  ұcтауында 
әрекет cапаcының көріну дәрежеcін бағалау ке-
рек. Cтуденттің жеке картаcын толтыру кезінде 
cапаның көріну дәрежеcін (жоғары, орта, төмен, 
жақcы, қанағаттанарлық, қанағаттарлық емеc, 
топтағы мәртебеcі – қатынаcтың көшбаcшыcы, 
қатынаcқа  түcуге  лайық,  оқшауланған) 
бағалау  пайдаланылады,  cондай-ақ,  өзін-өзі 
ұcтаудың  нақты  көрінуі  тіркелуінің  негізгі 
формаcына  жол  беріледі  (мыcалы,  ішімдікке 
қатынаc адекватты, немқұрайлы, қолданудың 
айқын қажеттілігі және т.б. ретінде бағалануы 
мүмкін).  Оқу  тобының  картаcын  толты-
ру  кезінде  cтуденттердің  жеке  және  топтық 
әрекетін  жинақтау  және  талдау  негізінде 
анықталатын  орташа  cтатиcтикалық  көріну 
деңгейі (жоғары, орташа, төмен) көрініc береді, 
жекелеген  фамилиялар  тіркеледі.  Жеке  және 
топтық  картаны  уақытылы  толтыру  топтағы 
бейімделу  үдеріcтерінің  дамуын  анықтауға 
мүмкіндік береді. 
Дегенмен, 
куратор-педагогтардың 

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2015 г. 
91
жұмыcына  келетін  болсақ  оқытушылардың 
негізгі  әрекеті  білім  беру,  бұл  жағдайда 
толық  кураторлық  туралы  айту  қиын. 
Бірінші  курc  cтуденттерінің  бейімделуі  тура-
лы  айтқан  кезде  cтуденттік  өзін-өзі  баcқару 
органдарының,  cоның  ішінде,  cтуденттік  ку-
ратор ұйымының жағымды әcері туралы айта 
кеткен  жөн.  Тәжірибеге  cүйенcек,  ЖОО-дағы 
cтуденттік  кураторлық  құруда  жоғары  курc 
cтуденттерінің  баcтамаcы  мен  мотивацияcы 
маңыздылыққа ие.
Cәтті бейімделу үдеріcін қамтамаcыз етудің 
пәрменді  құралы  –  cтуденттердің  әртүрлі 
бағыттағы оқудан тыc жұмыcтарға қатыcулары. 
Оқудан  тыc  жұмыcтың  әртүрлі  формалары-
на  тұрақты  жүйелі  қатыcу  cтудентке  өзіндік 
ерекшелігін  көрcетуге,  өзгелердің  көзіне 
түcуге және жаңа ортаға cәтті енуге мүмкіндік 
береді. Оқудан тыc жұмыc cтуденттен жоғары 
тұлғалық  ұйымдаcуды,  білім  алу  cапаcын 
төмендетпей,  өз  уақытын  шара  өткізуден 
ләззат алатындай етіп ұйымдаcтыруды талап 
етеді. Оқудан тыc жұмыc бойынша кез келген 
шараны  ұйымдаcтыру,  қажетті  тұлғаларды 
таба білуден баcтап олармен cәтті жұмыcтануға 
дейін,  cтуденттің  ұйымдаcтыру  қабілетін 
арттырады.  Оcыған  қоcа,  шара  ұйымдаcтыру 
барыcында және дайындық кезінде жіберілген 
қателіктер  мен  олқылықтарды  талдау 
өз  қызметінің  нәтижеcін  бағалауға  деген 
объективті 
қарым-қатынаcтың 
қажетті 
тәжірибеcін береді. Оқудан тыc жұмыcтардың 
жоcпарына  енетін  оқудан  тыc  шаралар-
ды  дайындау  және  өткізу  cтуденттің  бойы-
нан  міндеттілік,  жауапкершілік,  тәртіптілік 
cекілді қаcиеттерді қалыптаcтыруға мүмкіндік 
береді:  кез  келген  іcтің  cәттілігі  шара 
қатыcушыларының нақты өзара байланыcына 
және  өзара  тәуелділігіне,  олардың  бір-
біріне  қаншалықты  cене  алатындықтарына 
байланыcты. 
Бірлеcкен 
шығармашылық 
жұмыc  қатыcушылардың  ұжымдық  рухын, 
дені  cау  және  позитивті  патриотизмін  да-
мытады,  аталмыш  үдеріcтер  өзгелер  тара-
пынан  олардың  қызметтерін  объективті 
бағалауға негізделеді. Оcыған қоcа, өзінің және 
жолдаcтары  еңбегінің  нәтижелерімен  негізді 
әрі  лайықты  мақтану  өзін  бағалау  cезіміне 
айтарлықтай  әcер  етеді,  бұл  –  тұлғаның  өз-
өзін танытуының маңызды факторы. Ғылыми 
қызметке  ауыcу,  cабақтардың  cпорттық  және 
шығармашылық  түрлері  cтудент  тұлғаcын 
дамытуға мүмкіндік береді, кейін практикалық 
қызметке  көмектеcетін  және  манcаптық  әрі 
кәcіби  өcімге  мүмкіндік  тудыратын  тұлға 
қаcиеттеріне ие болуға көмектеcеді. 
Студенттің университеттегі білім беру  ор-
тасына толық қанды бейімделуі үшін «Бірінші 
курc  cтуденттерінің  жоғары  оқу  орнының 
ортаcына бейімделуі» бағдарламаcын құрып ол 
бағдарлама алдына бірінші курc cтуденттерінің 
әлеуметтік-пcихологиялық 
бейімделуінің 
үлгіcін құруды мақсат етіп бейімделудің нақты 
жолдарын ұстанған жөн. 
Әдебиеттер тізімі
1 Большая Советская энциклопедия/под ред. А.М. Прохорова. 3-е здание.–М.: Советская 
энциклопедия, 1970. – Т.1.– 640 с.
2 Нартова-Бочавер С. К. «Coping bihavior» в системе понятий психологии личности // 
Психол. журн. –№ 5. – 1997. –Т. 18. – С. 20–30.
3 Ротенберг B.C., Аршавский В.В. Поисковая активность и адаптация. – М., 1984. –192 с.
4 Зимняя И.А. Педагогическая психология. – Ростов-на-Дону, 1997. – 384 с.
5 Глушакова С.М. Психологическая помощь студентам первого курса в социально-
психологической адаптации // Внедрение достижений психологии и педагогики в практику 
работы вуза: Тез. докл. научно-практич. конф. – Новосибирск, 1983.

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
92
БІлІМ БеРУдІ БаСқаРУ
УПРаВлеНие ОБРаЗОВаНиеМ 
MANAGEMENT OF EDUCATION
ӘОЖ 373.1
Г.қ. Меңдіғалиева 
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ББЖҚБАРИ, Алматы, Қазақстан
МОНиТОРиНГ НеГІЗІНде ОқУШылаРдыҢ деРБеС даМУ ТРаекТОРияСыН аЙқыНдаУ
Түйіндеме. 
Автор мақалада мониторинг негізінде оқушылардың дербес даму траекториясын 
айқындау мәселесіне егжей-тегжейлі тоқтала отырып, оны жасау технологиясын эксперимент 
ретінде ұсынады. Басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының 
зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық 
құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін 
қанағаттандыру  болғандықтан  мониторинг  негізінде  оқушының    сұранысын  үнемі  зерттеп 
жүйелеу.
Түйінді сөздер: 
мониторинг, квалиметрия,  дербес даму траекториясы
Г.К. Мендигалиева 
Выстраивание  траектории индивидуального развития обучающегося на основе монито-
ринга
Аннотация.
 Автор 
на основе  мониторинга  
в своей статье освещает  технологию  определе-
ния  индивидуальной траектории учащегося на основе  мониторинга и предлагает   проведение 
эксперимента на эту проблему.
 Автор концентрируя внимание на одной из главных задач  об-
разования  удовлетворение спроса потребителя в целях  воспитания физически и духовно раз-
витого гражданина легко 
адаптирующийся
 к новым социальным условиям подчеркивает необ-
ходимость  его систематизации на  
основе мониторинга
Ключевые слова: 
мониторинг, квалиметрия, индивидуальная траектория развития.
G. Mendygaliyeva
The alignment of the trajectory of individual development of the student on the basis of the 
monitoring
 
Abstract. 
This article  “The Construction of a Student Individual Trajectory on the Monitoring Ba-
sis”  is devoted to the assessment  technology  for  the trajectory development on the kvalimetric basis.
The author focuses on one of the main objectives of education to meet the demand of the consumer in 
purpose of educating physically and spiritually developed citizen adaptable to new social conditions 
underlines the need for its systematization that is based on monitoring.
Key words: 
monitoring, individual development trajectory, qualimetric assessment.
Президент  Нұрсұлтан  Назар   баевтың 
«Нұрлы  Жол  –  бола шаққа  бастар  жол»  
Жолдауы  нағыз  уақыт  рухын  сезіндірді, 
бүгінгі  күнде  әрқайсымызды  толғандырған 
мәселелерді  алдымызға  алып  шықты.Бұл 
бағыттабілім беру жүйесін модернизациялауда       
функционалдық  сауаттылықты  дамытудың 
жалпы  бағдары  Қазақстан  Республикасында 
білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  да 
анық  көрсетілген.    Мектеп  оқушыларының 
функционалдық 
сауаттылығын 
да-
мыту  жөніндегі  2012–2016  жылдарға 
арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары  мектеп 
оқушыларының  функциялық  сауаттылығын 
дамыту процесін мазмұндық, оқу-әдістемелік, 
материалдық-техникалық  қамтамасыз  ету 
жөніндегі  іс-шаралар  кешенін  қамтиды. 

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2015 г. 
93
Ондағы  басты  мақсат  жалпы  білім  беретін 
мектептерде  Қазақстан  Республикасының 
зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан 
дамыған  азаматын  қалыптастыру,  оның 
физикалық  құбылмалы  әлемде  әлеуметтік 
бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы 
қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табы-
лады.  Яғни,  қоғамның,  мемлекеттің,  ата-ана, 
оқушы сұранысына сай мектеп өз іс әрекетіне 
өзгеше  қарауға  мәжбүр.  Осыған  орай,  әрбір 
мектеп өзінің жеке даму жолының бағыттарын  
анықтауға  құқылы.  Сол  себептен  әр  мектеп 
ұйым  ретінде  өзін  құрастырушы  бөлімдері: 
ресурстар, адамдар, технологиялар, үрдістерге 
жүйелі  талдау  жасап    болашақтағы  даму  жо-
лын  анықтауда.  Осы  мақала  шеңберінде  біз 
мектептегі  оқу  үрдісінің  басты  компоненті 
оқушы  деп  түсіне  отырып,  оның  дербес 
даму  траекториясының    мониторингін  жа-
сауда  «портфолио»  әдісін  пайдалануға    қөңіл 
аударғымыз келеді.
Баршамызға  белгілі  қазіргі  талаптарға 
сай    орта  мектепте  білім  беру  мазмұнының  
ерекшелігі  тек  қана  репродуктивтік  сұраққа 
жауап беру емес, сонымен бірге оқу әрекетінде 
тұлғалық,  ақпараттық,  коммуникативтік  та-
нымын,  өзіндік  іс-әрекетін  ұйымдастыру 
құзыреттіліктерін дамыту.
Осы  бағытта  да  соңғы  жылдары  мек-
теп  мұғалімдері  арасында    ізденістер  артты. 
Біз  мұны    республика  көлемінде  оқу-тәрбие  
үрдісін  ұйымдастырудағы      өзгерістерді 
талдағанда    байқаймыз.  Олардың  көпшілігі 
жеке  тұлғаны  дамытуға  бағытталған.  Алай-
да  осы  мәселені  сынып,  мектеп  көлемінде 
қалай  жинақтап  жүйеге  келтіруге  бола-
тыны  әлі  толық  зерттелмей  келеді.  Осы 
тұрғыдан  алғанда  біз  ұсынып  отырған  әдіс 
тек  оқытушының  берген  бағасымен  шектел-
мей  оқушыға да тоқсан аяғында өз іс-әрекетін 
бағалауға  мүмкіндік  береді.  Нақтылай  айтсақ  
оқушы  өзін-өзі  бағалауға  мүмкіндік  алады.  
Сол  себептен  жыл  сайын    қалыпты  жағдайда 
оқытушылармен бағаланатын  оқушылардың 
пәндік  білімінің бағасымен қатар өмірге іске 
асырылған  оқушылардың  жетістіктерін  ал-
дын-ала анықталған критерийлер, яғни квали-
метрия  негізінде өздерін эксперимент ретінде 
бағалауға  мүмкіндік  беру  керек.  Осы  орайда, 
бағалау  өлшемдерін  0–10  баллмен  көрсету.  
Ол  үшін:      әр  оқу  жылының  басында  өтетін 
педагогикалық  кеңесте  оқушылардың  дербес 
даму  траекториясын  жасауда  аталған  «порт-
фолио»  әдісін  пайдаланып  экспериментке 
қойылған  сынып  саны  бекітіледі.  Мүмкіндігі 
болса    қатар  сыныптарды  мысалы:  5«А»,  5 
«Б», 6 «А», 6«Б» сияқты сыныптарды алу керек 
оның біреуін экспериментке қоямыз, екіншісі 
қалыпты  жағдайда  жұмыс  істейді.  Мектеп 
директорының  бұйрығы  шығарылып,  оны 
жүргізу  сол  сыныптың  сынып  жетекшілеріне 
жүктеледі. Педагогикалық кеңесте алдын ала 
жасалып  әдістемелік  кеңесте  талқыланған  
оқушылардың  дербес  даму  траектория-
сын  шығарғанда        «портфолио»  әдісін  пай-
далану  туралы    ережебекітіледі.  Ол  ереже 
оқушылардың дербес даму траекториясының 
квалиметриялық    негізінде  алты  негізгі    па-
раметр  сипаттайды  (2-3  бет.).  Олар:  білім 
алу,  денсаулық,  ізденушілік,  шығармашылық 
(гуманитарлық), шығармашылық (жаратылы-
стану - математикалық), қоғамдық іс әрекет.  
Осы  параметрлер бойынша оқушы тоқсан 
аяқталған кезде  өзі (тоқсанды қорытындылау 
сынып  сағатында
),  ереже  (педагогикалық 
кеңесте  бекітілген
)  негізінде  (ол  әр  пар-
тада 
болуға 
тиісті)
параметрлербойын-
ша  өзінің  даму  траекториясын  анықтайды. 
Оған  квалиметриялық  негізде  жасалған 
әр  параметр  бойынша  бекітілген  баллдық 
көрсеткіштер көмектеседі. Әр тоқсан бойынша 
жоғарғы  баллдық    көрсеткіш,  яғни  «портфо-
лио» салмағы – 38 балл. Ол мынандай компо-
ненттерден жинақталады:  
1  Білім алу – 10 балл;
2  Денсаулық – 8 балл;
3  Ізденушілік – 5 балл;
4  Шығармашылық    (жаратылыстану  –
математикалық) – 5 балл;
5  Шығармашылық    (гуманитарлық)  –  5 
балл;
6  Қоғамдық іс әрекет – 5 балл.
Барлығы –38 балл (1тоқсанда).
Төмендегі  гистограммада 1-ші тоқсан көк 
түспен, 2-ші тоқсан қызыл түспен, 3-ші тоқсан 
жасыл  түспен,  4-ші  тоқсан  сия  көк  түспен 
белгіленген. Онда оқушы бірінші тоқсанда: білім 
параметрі  бойынша  –  5  балл,  ізденушіліктен 
–  2  балл,  шығармашылықтан  (ЖТ)-1балл,  
шығармашылықтан  (Г)  –  2  балл,  қоғамдық 
іс  әрекеттен  –  2  балл.  Қорытындысында 
1-тоқсанда 38 балдың орнына 12 балл жинаған. 
Яғни осы қорытындыға сай оқушының  сынып 
бойынша  1-тоқсан  рейтингі  анықталады 
(гистограммада көк түспен белгіленген). Сонда 
бір жылда оқушы өз портфолиосында бір ғана 
А-4  парағына  4-тоқсанды  да  әртүрлі  түспен 
қорытындылап отырады.   Әр тоқсанда 38 балл 
болса  төрт  тоқсанда  қосындысы  –  152  балл  
болады,  яғни  бір  жылда.  Осыдан  оқушының, 

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
94
Ережеде  міндетті  түрде  төмендегідей 
мағлұматтар болу қажет.
Біріншіден – баллдар қалай және қандай 
формула арқылы есептеледі?
Әр  тоқсан  аяғында  қорытындылау  сы-
нып  сағатына  жеті  күн  қалғанда  сынып 
жетекшісі  оқушыларды  мұқият  даярлау 
қажет. Алдын ала  қабырға газеті арқылы осы 
сыныпта  педагогикалық  кеңес  шешімімен  
оқушылардың дербес даму траекториясының  
мониторингі «портфолио»  әдісі негізінде жа-
салатыны хабарланады. Бұл үрдіс туралы ата-
аналар да хабардар болу керек. Бірінші тоқсан 
аяқталған    соң  қорытынды  сынып  сағатына 
оқушылар бір таза парақ А-4 бетін портфолио-
сына салып келуі тиіс сонымен қатар алдарын-
да үлгерім табелі жатады. Сонан соң төрт түсті 
фломастер мен сызғыш міндетті түрде болуға 
тиісті. Бірақ бір парақ А-4 бетінде жыл бойғы 
іс-әрекеттерін  қорытындылатынын  ескерт-
кен жөн. Яғни, ол А-4 беті портфолиода мұқият 
тігіліп  тұруға  тиіс.  Себебі  әр  тоқсанда  1-рет 
оқушы  оған  қайта  қайта  оралып  отырады. 
Бұл үрдіс оқушыларды  құжатты жинақтауға, 
жүйелеуге және мұқияттыққа үйретеді.
Екіншіден – есептеу жолдары. Баллдар 
қалай жиналмақ.
Білім  (Х)  параметрі  (Үлгерім  табелі 
негізінде)
    жоғарыда  көрсетілгендей  нұсқау 
бойынша барлық оқылатын пәннің саны мы-
салы сыныпта 11 пән болатын болса ол сан 10 
балға тең. Ал оқушы өз көрсеткіштері бойын-
ша тек 5 ақ пәннен «4» иә «5» бағасына  үлгерсе 
онда  былай есептеледі.   11 пән  = 10 балл
5 пән  =   х балл    осыдан х= 5х10 : 11;   
х=  50 : 11= 5 балл (шамамен). 
денсаулық  параметрі  (Х-1)
  бойынша  
нұсқау  барлығы  8  балл  болуға  тиіс.  Ол  мына 
іс  әрекетте  жиналады:  біріншіден,  егерде 
дене  шынықтыру  сабағын  себепсіз  жібермей 
қатысқан болса 1 балл, қосымша  үйірмелерде 
қатысып  жүрген  болса  таға  1  балл,  мектеп 
деңгейіндегі жарыстарға қатысса тағы 1 балл,  
мектеп  деңгейіндегі  жарыстарға  қатысып  
жүлдеге ие болса тағы  1 балл, аудандық спорт 
жарыстарға  қатысқан  болса  тағы  1  балл, 
онда  жүлдеге  ие  болса  тағы  1  балл,  қалалық, 
облыстық,  республикалық    жарыстарға 
қатысқан болса тағы 1 балл, жүлдеге ие болса 
тағы 1 балл. Бұл үрдісте  әр оқушы тоқсан бойы 
қатысқан шараларын көз алдына тағы бір рет 
елестетеді  және  оған  басқа    өзін  өзі  бағалау 
көзқарасы  ретінде  келеді.  Яғни  баллдарын 
математикалық әдіс ретінде қосады. Осы жол-
мен оқушы өз баллдарын санап гистограммаға 
тоқсан  сайын  енгізеді.  Бұл  жерде  сапалық 
көрсеткіш сандыққа айналдырылып отырады.
Ізденушілік  параметрі  (Y) 
барлығы  –  5 
балл. 

Ізденушілік, зерттеу жұмысы:
сыныптың  рейтингін  де  анықтауға  болады. 
Жылдың  соңында    гистограмма  төменде 
көрсетілгендей  болуы  мүмкін.  Ең  бастысы, 
бұл қорытындыны ереже негізінде оқушы өзі 
жасайды.
Сурет 1 – Қорытынды желілік гистограмма

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2015 г. 
95
–  бір әлде бірнеше пәндер аумағында  өзіне 
қызықты  тақырыпты  анықтап,  ізденушілік 
(жобалаушылық) жұмысқа кіріскені 1 балл;   
– мектеп деңгейінде жобаларын қорғауы – 
тағы 1 балл; 
– ауыл, қала, аудан деңгейінде ізденушілікке 
шығуы (архив, музей, зауыт, т.с.с. ұйымдарға) –  
тағы 1 балл; 
– аудан, қала  деңгейінде өз жобасын ұсына 
алуы  (жинақтау  жүйесі,  безендендірілуі,  т.с.с. 
жұмыстар) – тағы 1 балл;
– дипломдар алуы – тағы 1 балл. 
қоғамдық іс әрекет (Y–1)   барлығы  – 5 
балл. 

Қоғамдық жұмыстар:
– 
сыныптағы  кезекшілік 1 балл;
– 
сыныптағы әр түрлі шараларға белсенді 
араласуы тағы 1 балл;
– 
мектептегі кезекшілік 1 балл;
– 
  мектептің  белсенділер  топ  мүшесі  1 
балл;
– 
мектептен тыс қоғамдық іс әрекет тағы 1 
балл.
Шығармашылық іс әрекет (Z)  барлығы  
– 5 балдан.
1. 
Жаратылыстану-математика  
бағытында – 5 балл:

Пәндік олимпиадалар:  
– 
мектеп деңгейінде – 1 балл;
– 
қала, аудан деңгейінде – тағы 1 балл; 

 Қосымша білім беру: 
– 
үйірмелерде, студияларда және т.б. 
жұмыстар – тағы 1 балл;
– 
конкурстарға, көрмелерге, сайыстарға 
және т.б. мектеп деңгейінде қатысуы – 1  балл;

қала, аудан деңгейіндегі осы саладағы 
жеңістер – 1 балл.
2. 
Гуманитарлық  қоғамдық  бағытта 
(Z–1) – 5 балл:

Пәндік олимпиадалар:  
– 
мектеп деңгейінде – 1 балл;
– 
қала, аудан деңгейінде – тағы 1 балл; 

 Қосымша білім беру: 
– 
үйірмелерде, студияларда және т.б. 
жұмыстар – тағы 1 балл;
– 
конкурстарға, көрмелерге, сайыстарға 
және т.б. мектеп деңгейінде қатысуы – 1  балл;

қала, аудан деңгейіндегі осы саладағы 
жеңістер – 1балл.
Негізі,  оқушылардың  білім  алу  қызметін 
сараптауды    білім  жетістіктерін  бағалаудың 
жинақы  жүйесі  арқылы  көрсететін  әдіс  – 
портфолио  әдісі.  Біз  ұсынып  отырған  әдіс  ол 
осы  портфолиоға  қосымша  бір  бөлім  болып 
есептеледі.
Портфолио 
(кең ұғымы) – бұл оқушының  
оқытудың  белгілі  бір  кезеңінде    жеткен 
жеке    жетістектерін  бағалау,  жинақтау  және 
белгілеу.  Портфолио    шет  мемлекеттерінің 
білім  саласында    бағалаудың  жаңа  жүйесі  
және  өзін-өзі  бағалаудың  түрі  ретінде 
кеңінен    қолданылып  келеді.  Портфолио 
дәстүрлі  бағалаудың  жүйесін  толықтырып, 
оқушылардың    ақпаратты  қабылдаудың 
репродуктивті  деңгейін,  фактілі  және 
алгоритімді  білім  мен  дағдыларын  тексеруге 
бағытталған.           
Біз  көрсеткендей  ғана    қолданыста 
портфолио  оқушының  түрлі  қызметтегі 
жетістіктерін  ескеруге  мүмкіндік  береді. 
Соның 
ішінде: 
оқу, 
шығармашылық, 
әлеуметтік, коммуникативтік, т.б.  қызметтер. 
Бұл  –  білім  берудің  практикаға  бағытталған, 
іс-әрекеттік тәсілінің  негізгі бөлігі. Осы жұмыс 
бағыты  жүзеге  асқанда  ғана      портфолио 
оқушының  жетістіктерінің  жұмыс  жинағы  
ретінде  анықталып,  оның  түрлі  салалардағы 
жетістіктерін көрсетеді деп ойлаймыз. Сонымен 
қатар оқушы өзін-өзі бағалауға, соның негізінде 
өз  даму  траекториясын  болжауға  керек 
жағдайда  реттеп  дұрыстауға  үйренеді  және 
өзін-өзі  басқару  құзыреттілігі  қалыптасады. 
Егерде    ең  соңында  экспериментте  болған 
сынып  пен  экспериментке  қатыспаған 
сыныптың  тек білім, білік, дағды  нәтижелерін 
қарастырсаңыз  оңды  бетбұрыс  анық    көрініп 
тұрған айырмашылық байқайсыз. 
Әдебиеттер тізімі

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға 
арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысы 
// http://www.edu.gov.kz

  «Нұрлы  жол-болашаққа  бастар  жол»  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана,11 қараша, 2014 жыл. /
/ http://www.
edu.gov.kz

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
96
УДК 373.1 
а.к. Хизирова
КГУ средняя школа им. А. Саттарова с ДМЦ, Алматинская область, Казахстан
МОдеРНиЗация ШкОлы
Аннотация.
  В  статье  рассмотрен  вопрос  о  преобразованиях  в  школе  применитель-
но  к  данной  стране,  и  как  реформы  влияют  на  образование.  Особенностью  этой  статьи  яв-
ляется  то  что  преобразования  в  школе  и  реформы,  проводимые  государством  тесно  взаи-
мосвязаны.  При  этом  очень  важным  элементом  является  развитие  научно  –  технического 
прогресса.  Автор  отслеживает  развитие  образования  в  нескольких  странах  при  этом  каж-
дую  страну  рассматривает  с  точки  зрения  политики,  экономики  и  образовательной  сферы. 
Автор предполагает, что реформы, проводимые в стране, напрямую влияют на образование, но 
нужно учитывать особенность страны, менталитет, традиции государства, особенности геогра-
фического  расположения,  возможности  государства,  культурные  аспекты.  АйгульКадыровна 
делает выводы относительно системы образования в мире применительно к Республике Казах-
стан. Как новые передовые технологии и реформы в нашей стране влияют не только на образо-
вание в целом, но и в частности на развитие образования в определенной школе. При этом автор 
опирается на передовых людей, которые вносят определенный вклад в развитие станы, приво-
дятся аргументы и факты для раскрытия темы.
Ключевые слова:
 образование, школа, реформа, научно-технический прогресс.
А.К. хизирова
Мектепті жаңарту
Түйіндеме.
  Мақалада  реформаның  білім  сапасына  әсері  мен  осы  мемлекеттегі  мектеп-
терде  берілетін  білім  мәселелері  қарастырылған.  Мектептегі  білім  беру  мен  реформаның 
өзара тығыз байланысы мақаланың ерекшелігі болып табылады. Мұндағы ең негізгі элемент 
ғылыми-техникалық  прогресстің  дамуы.  Автор  бірнеше  елдердегі  білім  сапасының  дамуын 
саяси,  экономикалық  және  білім  беру  сферасы  тұрғысынан  қарастырады.  Автордың  ойын-
ша  мемлекетте  жүргізіліп  жатқан  реформалар  білім  сапасына  тікелей  әсер  етеді,  сондықтан 
мемлекеттің ерекшелігін, менталитетін, дәстүрін, географиялық орналасқан жерін, мемлекеттік 
мүмкіндіктерін, мәдени аспектілерін ескеру қажет. Жаңа технологиялар мен реформалар жүйесі 
білім беру сапасына ғана емес, сонымен қатар нақты мектептердегі білім беру жүйесінің дамуына 
да әсерін тигізеді. Мақалада автор мемлекеттің дамуына еңбегі сіңген ғалымдардың пікірлерін 
мысалға ала отырып, аргументтер мен дәлелдер келтіреді.
Түйінді сөздер:
 білім, мектеп, реформа, ғылыми-техникалық прогресс.
A. Khizirova
Modernization of school
Abstract. 
The article covers the questions of reorganizations in schools related to this country and 
influence of reforms on education. The main feature of this article is that reorganizations and reforms 
at schools carried out by government are interconnected. The important element is the development 
of scientific-technical progress. The author tracks the development of education in different countries 
wherein reviews each country from political, economical and educational point of view. The author pre-
dicts that reforms hold in countries directly influence the education however the specialty of country 
habits, mentality, state traditions, geographic location, country possibilities and cultural aspects should 
be taken into consideration. Also how new technologies and reforms in our country influence not only 
on education in general but as well on development of education in particular school. The author leans 
on leading and innovative people who contribute the development of country and provides arguments 
and facts for theme disclosure.
Key words: 
Education, school, reform, scientific and technical progress.

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2015 г. 
97
 Меняется мир. Все человечество в XXI веке 
охвачено процессом глобализации во всех сфе-
рах жизни общества. По мере глобализации в 
большинстве  развитых  странах  мира  проис-
ходят  процессы  модернизации  и  реформиро-
вания  системы  образования.  В  нашем  дина-
мически развивающемся мире, когда идет ста-
новление  новой  системы  образования,  необ-
ходимо  учить  наше  подростающее  поколение   
анализировать и осмысливать свои действия. 
Страны  мира  проводят  реформы  в  систе-
ме  образования  для  того  чтобы  не  отставать 
от  развития  научно-  технического  прогресса. 
И  поэтому  современное  общество,  выдвигая 
новые требования к школе, к образовательной 
среде в целом, ставит вопрос формирования у 
учащихся  универсальных  учебных  действий, 
которая  определяет  способность  личности  к 
обучению,  познанию,  сотрудничеству,  освое-
нию и преобразованию окружающего мира. 
Для того чтобы ответить на вопрос, почему 
страны мира проводят реформы в системе об-
разования,  познакомимся  с  наиболее  извест-
ными школьными системами образования на 
примере Сингапура, Финляндии и Японии.
Для начала рассмотрим систему образова-
ния Сингапура. 
Сингапур  стабильно  показывает  высокие 
результаты  при  проведении  международных 
исследований. С чем это связано?   Школьное 
образование  в  Сингапуре  направлено  на  соз-
дание  среды,  которая  мотивирует  каждого 
школьника  совершенствованию  знаний  на 
протяжении  всей  жизни,  осваиванию  новых 
технологий, развитию предпринимательского 
духа, способностью брать на себя ответствен-
ность  перед  обществом.  Учителя  в  Сингапур-
ских школах на уроках применяют групповые 
методы  обучения,  работают  над  развитием 
критического  мышления  учеников,  а  также 
над  обучением  «проблемных»  учеников,  вво-
дят инновации в образовании. Учителя долж-
ны  быть  активными  преподавателями,  кото-
рые смогут задействовать и вовлечь на уроке 
всех детей из класса. При этом обучение полу-
чается совместное, где каждый ученик в таких 
условиях  выполнит  строго  отведённую  ему 
часть  работы,  и  если  он  не  будет  следить  за 
процессами,  происходящими  на  уроке,  то  не 
сможет выполнить ни одного задания и   об-
щий результат будет плохим.  В таком методе 
обучения  всё  должно  быть  чётко  и  идти  по 
плану.
Мировая практика показывает, что прежде 
чем  что-то  усовершенствовать  нужно  пред-
варительно его измерить. Необходимо прово-
дить  мониторинг  качества  образования.    Мо-
ниторинг  дает  достоверную  информацию  о 
принятии  решений  по  корректировке  планов 
развития. В Сингапуре внимательно изучается 
опыт лучших школ, затем извлекается из этого 
урок и учитывается в работе других школ. 
Чтобы  добиться  хороших  результатов  в 
обучении  нужно  улучшить  качество  препода-
вание.  Для  улучшения  качества  образования 
необходимо улучшить кадровый состав. Синга-
пур входит в число стран где очень хорошо по-
ставлена процедура отбора учителей. Так как 
уровень знаний выпускников зависит от каче-
ства полученных знаний в начальном звене, а 
уровень  начального  образования  зависит  от 
качества  подготовки  педагогических  кадров, 
Сингапурская система пристально изучила эту 
проблему.  Очень  много  исследований  прово-
диться  для  усовершенствования  педагогиче-
ской работы.  Все выводы проведенных иссле-
дований учитываются в ходе реформы систе-
мы образования.  Сочетая мониторинг и кор-
ректирующие мероприятия в стране создается 
стабильно высокий уровень преподавания. 
Применение  новых  педагогических  идей, 
методик  и  стратегий  проводиться  с  учетом 
того как   учащиеся будут на них реагировать. 
Ученик всегда стоит на первом месте.
Благодаря  успешно  проведенным  образо-
вательным реформам, за несколько десятиле-
тий Сингапур продемонстрировала блестящие 
результаты, перейдя   из разряда отстающих по 
качеству образования в разряд весьма успеш-
ных стран.
Неотъемлемым  условием  независимости 
государства и возможность иметь светлое бу-
дущее для общества на сегодняшний день яв-
ляется качественное образование. 
Еще  одно  из  качественных  образований, 
которое  проявляется  на  высоком  уровне  и 
подтверждается  многими  международными 
исследованиями – это образование в Финлян-
дии.    Система  образования  Финляндии  при-
знана  самой  лучшей  в  мире  согласно  новому 
глобальному  рейтингу  стран,  составленному 
Economist Intelligence Unit для медиахолдинга 
«…первостепенная задача современной системы образования – это подготовка людей, обладаю-
щих критическим мышлением и способных ориентироваться в информационных потоках»
 
Н. А. Назарбаев

МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 1,  2015 г. 
98
Pearson.  Рейтинг  основан  на  международной 
оценке  результатов  выпускных  экзаменов   
2010 года. 
Главная задача основной школы в Финлян-
дии – это научить детей учиться и научить их 
самооценке  своих  достижений,  а  целью  явля-
ется развитие такой личности, которая способ-
на к самораскрытию своего таланта, постоян-
но  обучающейся,  быстро  адаптирующейся  в 
изменяющемся обществе. 
  В  Финляндии  основными  чертами  наци-
онального  характера  являются      трудолюбие, 
основательность,  законопослушание.  Финны 
склонны к инновационной деятельности, пре-
стижем для них является получить образова-
ние и профессию. Они готовы  постоянно само-
совершенствоваться.
Для повышения качества образования не-
обходимы новые знания и навыки, и как след-
ствие  необходимо  разнообразить  образова-
тельную систему, а также нужно найти новые   
пути  развития.    Следовательно,  по  мере  воз-
никновения противоречий между изменения-
ми происходящими в обществе и образовани-
ем необходимо     проводить реформу. 
Проведение  реформы      в  первую  очередь 
затрагивает      преобразования  в  общеобразо-
вательной школе, то есть исследование с педа-
гогической точки зрения. Государство осозна-
ет    что нужно   анализировать и искать новые    
пути улучшения образования.  Общество обе-
спокоенно настоящим и будущим своих детей, 
работников, граждан.   Педагогика   и государ-
ство  работая  совместно  решают  новые  воз-
никшие проблемы образования, проявляются 
научные обоснования изменений, проводятся 
исследования разрабатываются новые образо-
вательные  программы  и  руководства,  школь-
ных  стандарты,  предписания  министерств 
образования,  учебные планы.  Происходит  по-
степенный  переход  к  новому  состоянию  об-
разовательной  системы,  учитывая  все  риски, 
преодолевая препятствия, учитывая побочные 
эффекты.  Реформы  дополняются  новыми  ис-
следованиями, анализируются изменения под-
водятся итоги. В результате появляется новый 
план действий.
Проводимые  в  Финляндии  образователь-
ные реформы учитывают текущие и перспек-
тивные потребности общества. В первую оче-
редь они направлены на эффективное исполь-
зование образовательных ресурсов.
Для повышения качества образования не-
обходимо создать условия, для взаимной рабо-
ты и обмена опытом. Учителя при совместной 
работе учатся друг у друга, совместно планиру-
ют и посещают уроки, при этом помогают друг 
другу совершенствоваться.   Главный элемент-  
это сотрудничество. Здесь можно взять в при-
мер образовательную систему Японии.
Япония – это страна, по результатам меж-
дународных  исследований,  которая  входит  в 
число стран, имеющих высокий уровень каче-
ства образования. Основной задачей японской 
педагогики является воспитание человека, ко-
торый может с уверенностью работать в кол-
лективе.   
Реформа, проведенная в данной стране по-
зволяет  делать  прогнозы,  активно  адаптиро-
ваться к постоянно меняющимся требованиям 
времени. Несмотря на реформирование, япон-
ская  школа  остается  верна  педагогическим 
традициям. 
В  японских  школах  культура  обучения 
строится  по  принципу  «изучение  урока»,  и  в 
рамках  этой  культуры  учителя  организовы-
вают микро группы для совместной работы, в 
ходе  которой  оттачиваются  и  анализируются 
способы проведения тех или иных уроков, про-
водится  совместное  планирование,  обсужда-
ются  применение  и  затем  оценка  различных 
педагогических  стратегий  для  достижения 
определенных  образовательных  целей.  При 
этом  организовывается  и  проводится  взаим-
ное посещение уроков группы учителей, чтобы 
узнать и понять методы работы других учите-
лей.    Методика  Lessonstudy  «изучение  урока» 
-здесь  акцент  делается  на  то  чтобы  передо-
вой опыт получил широкое распространение.  
Японский   учитель должен оставить за собой 
наследие [1].
  Большая часть реформ, проводимых в сфе-
ре  образования,  странами  мира  применимы 
к Казахстану, но с учетом культурных особен-
ностей. Основной целью проводимых в Казах-
стане реформ в системе образования является 
умение применить преобразования в новой со-
циально-экономической среде. Основное в ре-
форме образование -это обучение, необходимо 
сделать его интересным, осмысленным.   Твор-
ческое  развитие  учителей-  лидеров,  которые 
несут  моральную  ответственность  за  учени-
ков  также  неотъемлемая  часть  этого  процес-
са. Главным в обучении должен быть ученик, 
ученики в процессе получения знаний должны 
уметь  критически  мыслить,  решать  совмест-
но с другими товарищами сообща возникшие 
проблемы, а учителя должны усовершенство-
вать свою практику, использовать новые, пере-
довые  технологии,  чтобы  в  дальнейшем  спо-

БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 1,  2015 г. 
99
собствовать  продвижению  вперед.  Казахстан 
широко внедряет инновационные технологии. 
С  каждым  годом  этот  процесс  ускоряется  и 
перед учителями само время диктует цели по 
улучшению качества образования. 
Таким  образом  на  основе  опыта  мировых 
систем  образования  можно  выявить  следую-
щие  факторы,  способствующие  обеспечению 
качества школьного образования в Казахстане. 
Стандарты  образования  Казахстана  должны 
соответствовать  международным  требовани-
ям. Статус педагогических кадров и уровень их 
профессиональной компетенции должен быть 
высок. Оценка    качества образования, мони-
торинг, достоверно отражать факты. Духовно-
нравственное  воспитание  подрастающего  по-
коления необходимо усовершенствовать. Про-
водить  много  научных  исследований  в  обла-
сти образования, для выявления проблемных 
вопросов  и  наметить  пути  их  преодоления. 
Системы  управления  образованием  должны 
совершенствоваться в соответствии с требова-
ниями современности.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет