Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет4/29
Дата10.01.2017
өлшемі2,33 Mb.
#1601
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29

LITERATURE 
1.Diana Goodey, Meridith Levy. Brief Overview of Grammar. – Cambridge, 2004. – 144 p.  
2.Francis Katamba.  English Words: structure, history, usage. – Routledge, 2005. –203 p.  
3.Каращук П.М.  Словообразование английского языка. – M.: «Высшая школа», 1977. 
-  302 с. 
4.Салқынбай А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 2008. – 462 б.  
5.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –  Алматы: «Ана тілі», 1992. – 444 б. 
6.Ысқақов  А.  Қазақ  тілінің    фономорфологиялық  құрылысы  тарихи  тұрғыдан.    – 
Алматы, 1999. – 186 б. 
7.Mehmet Hengirmen. Turkce dilbelgisi. – A.: «Engin», 2001. – 619 s. 
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Мақалада  суффикс  арқылы  жасалған  зат  есімдердің  құрамдық-семантикалық 
қасиеттері,  олардың  қолданылуы  және  әр  түрлі  жүйелі  тілдердегі  лексикалық  бірліктердің 
салыстырмалы сипаттамалары қарастырылған.   
(Уразбаев  К.Б.,  Парманқұлова  Д.  Зат  есімдер  жасалу  процесіндегі  суффикстердің 
қолданылуы) 
РЕЗЮМЕ 
В  данной  статье  рассматриваются  структурно-семантические,  функциональные 
свойства  имен  существительных,  образованных  с  помощью  суффиксов,  их  употребление,  а 
также сравнительные характеристики лексических единиц в разносистемных языках.  
(Уразбаев  К.Б.,  Парманкулова  Д.  Использование  суффиксов  в  процессе  образования 
существительных) 

28 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
ӘОЖ 818 992 71  
 
Ж.КАМАЛҚЫЗЫ 
филология ғылымдарының кандидаты,  
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің доценті 
 
МӘҢГҮРТТІК – ҰЛТТЫҚ САНАҒА ТҮСКЕН ДЕРТ 
 
Мақалада қазақ жазушысы Ә.Кекілбаевтың  «Күй»  повесінде алғаш сөз 
болатын  мәңгүрт  бейнесі  мен  қырғыз  жазушысы  Ш.Айтматовтың 
«Ғасырдан  да  ұзақ  түн»  романындағы  мәңгүрт  бейнесі  салыстырылады. 
Мәңгүрт туралы аңызды суреттеу арқылы екі жазушы да сол кезеңдердегі 
ұлттық  сананың  мәңгүрттенуін,  мәңгүрттіктің  пайда  болу  себептерін 
көркемөнер  заңымен  түсіндергені  айтылады.  Мақалада  адамзатқа  құлдық 
сананы  егудің  сұмдық  әдісі  -  мәңгүртке  айналдырудың  ескі  және  жаңа 
жолдары Ә.Кекілбаевтың, Ш.Айтматовтың  повесть, романдарында  қалай 
көрсетілгені баяндалған. 
 
Кілт  сөздер:  аңыз  және  тарих,  мәңгүрт,  кек,  мәңгі    өлмейтін    өнер, 
мәңгүрттену. 
 
Эпикалық  шығармалардың  ерекшелігі  көбінесе,  ұлттың  басынан  өткен 
қилы  тағдырлардың  көркем  бейнесін  суреттеп  отыруында.    Әсіресе,  түрік 
халықтарының  көшпенділік  тұрмыста  өмір  сүрген  тайпаларында  тарихты 
ауызша  баяндау,  тіпті,  рудың  шежіресін  де  ауызша  жеткізу  орын  алған. 
Сондықтан,  түрік  халықтарының  ауызша  айтылатын  тарихын  тек  аңыз, 
қиялдан  туған,  армандаған  жанның  қиялындағы  көрініс  деп  бағалауға 
болмайды.  Бұл  тайпалардың  арасында  ондай  тарихи  әңгімеге  орынсыз 
қосылған  қосымшаларды  өз  «цензорлары»  яғни  тыңдарман  қабылдамай 
тастаған.  Аңыздарда белгілі фольклортанушы ғалым, профессор Р.Бердібай 
айтқандай: «Ауыз әдебиеті тіпті ресми тарихқа түспеген мағлұматтарды бере 
алады»,  немесе:  «Аңыз  түбінде  тарихтан  бетер  тарих  бар»  [1.385],-  деген 
қағидалар  болатындығын  ескеру  қажет.  «Өзге  мәнбелердің  ешбірінде 
сақталмаған    «құпияны»  аңыз  ұмыттырмағанын»  [1.  385],-  ғалым  көптеген 
еңбектерінде  атап  көрсетеді.    Түрік  халықтарына  өз  тарихын  ұмыттырып, 
орыс миссионерлері мен шовинистері жазған тарихты оқытып жатқан кеңес 
үкіметінің  билік  құрған  дәуірінде  (1917-1991)  ақын,  жазушылар    ұрпаққа  
өткен бабалардың   қадірлі қасиетін түсіндіру үшін өзгеше әдіс тапты. Ол әдіс 
бұрынғы  аңыздардағы  түйінді  мәселені  романдарға  ептеп  енгізу  болатын. 
Үлкен  өркениетке  ие  болған,  Х-ХІ  ғасырларда  өзінің  ренессанстық  дәуірін 
басынан өткізіп, өркениетке Әл Фараби, Қ.А.Ясауи, Ж.Баласағұн, А.Жүйнеки 
сияқты  философ-ақындарды,  Ибн  Сина,  М.Қашқари,  Бируни,  Әл  Хорезми, 
Ұлықбек  сияқты  ғажайып  ғалымдарды  берген  түрік  халықтарын  отаршыл 
Ресей  ғалымдары  «бұратана»,  халық  дәрежесіне  жетпеген «инародцы» деп  

29 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
атады. «Жабайы елдің ұрпағысыңдар» деген ой бала бақша мен мектептерде, 
жоғарғы  оқу  орындарында  барынша  түсіндіріліп,  ұрпақ  санасы  құлдық 
психологияны    бойына  сіңіріп  жатты.  Міне,  осы  тұста  «ақыл  ойдың  
шамшырағы»  (Данте)  болатын  ақындар  мен  жазушылар    ұрпақ  санасын 
оятудың жолын іздеді. Үкімет билігі мен саясатына қарсы да келмей, бабалар 
рухын  ұрпақ  санасынан  біржола  өшіп  кетуіне  де  жол  бермейтіндей  амал 
қарастырылды.  Оны  ұлттық    сөз  өнерінің  ежелгі  мұрасынан  тапты.  Екінші 
сөзбен  айтқанда,  модернизм  әдісін  пайдаланды.  Алғаш  қазақ  жазушысы 
Ә.Кекілбаевтың  «Күй»  романында  суреттелген      мәңгүрт  бейнесі  оқыған 
жанның  жүрегін  тітіретті.  Қоғамда  болып  жатқан  өзгерісті  анық  байқаған 
жазушы өз замандастарының басындағы халді анық  көрсететін сурет іздегені 
аян.  Міне,  осы  кезде  өзіне  таныс  аңыздағы  мәңгүрт  бейнесі  жазушының 
ойынан шықпаған болу керек.  Он алтыға жаңа келген, алдағы өмірден күтер 
үміті  енді  бүр жарған,  атасы  мен  анасының    келер  күннен  күткен  қуанышы 
болып  отырған    балаң  азаматтардың  қор  болуы  адам  жанын  түршіктіреді. 
Оны  оқыған  әрбір  оқырман  өз  баласы  үшін,  ұрпақ  болашағы    үшін  қатты 
қиналысқа  түседі.  Өз  тағдырының  осындай  қасіретке  ұрынбауын  жаратушы 
Алладан  жалынып  сұрайды.  Адам  баласын  мәңгүрт  ету  кімнің  ойына  келді 
екен? Не деген жауыздық?!   «Читаешь книгу, и тебе тоже дышится тяжело, 
так    вещественно  плотна  воссозданная    писателем  атмосфера  ненависти, 
страха,  насилия.  И  только  задашься  вопросом:  «Зачем?»,-  деп  жазған  екен 
грузин  сыншысы Тимур Мамаладзе осы  повесть  туралы.  Шындығында, жас 
балаларды  мәңгүрт  еткен  оқиғаны  оқығаныңда  тынысың  тарылып,  мына 
дүниенің  барлығын  қараңғылық  басқандай  жанарың  жасқа  толады.  «Алты 
жігіттің қолдарындағы теріні алып, тұтқындардың басына жапты. Әлі ылғалы 
бойындағы жып-жылтыр тері жаңа ғана шашы алынған жалтыр басқа жабыса 
кетті.  ...Қолдары  жып-жып  еткен  мосқал  еркектер  терінің  жиегін  шыр 
айналдыра  бүрмелеп  қойған  көк  тартпаны  шірене  тартып,  сықитып  таңып 
тастады.  Жаңа  ғана    дені  жайылып  отырған  бастар  қайтадан  зіл  тартты. 
Жылы  тері  шекелерін  солқылдатып  сорып  ала  жөнелді.  ...Кенет  тұтқын 
балалардың    бірі  артындағы    тұтқынның  кеудесіне  екі  шекесін  алма  кезек 
ұрғылап  шыңғырып  жіберді.  Ақ  тайлақтың  терісі  күнге  күйіп  тырысып 
барады.  Қаудырлап  кеуіп  бара жатқан  түйенің  көні  бас  сүйекті сытырлатып 
шаға  түсті.  Қазір-ақ  ұн  қылып  уатып  жіберетіндей.    Басқа  тұтқындар  да 
бебеулей  бастады»  [2.  74-75].  Адам  баласының  адам  баласына  жасаған 
қиянатының  шегі  жоқ  болар,  сірә.  Соншама  ақылды  жақсылыққа  ғана 
жұмсаса,  қайғы  қасірет  болмас  еді-ау!..    Кектен  кек  туады,  жамандық  
жамандықты  тудырады.  Азап  шегетін  адам  баласы.  Бірақ  жеңіс  жоқ.  Ылғи 
жеңіліс.  Шығарма  кейіпкерлері  Көкбөрі  жауыздық  жасады,  Дүйімқара  одан 
да асырып жауыздық жасады. Көкбөрінің кегін алмақ болған Жөнейіт, міне, 
адам естімеген жауыздық жасап отыр. «Олар бір апта бойы осылай зар илеп  

30 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
шыңғырды да жүрді. Сосын бастарына шаш шықты, ол түйенің көнінен өте 
алмай,  қайтадан  бастың  құйқасын  тесіп,  кері  өсті.  Алты тұтқын елі қайда,  
жері қайда екенін білмейтін мәңгүртке айналды. Жүре-жүре тілден де айрылды. 
Түйемен  бірге  өреді,  түйемен  бірге  келеді»  [2.  75].  Мәңгүрттің  жайын  жазушы 
осылай түсіндіреді. Адам келбетті, күш-қуты да өзінде, бірақ адамдық сезімі жоқ, 
мәңгүрт жан. Адам қолымен жасалған мәңгүрт пенде. Неге керек бұл? Жөнейіт 
Дүйімқарадан  кек  алмақшы.  Өзінің  бауырларының  мәңгүрт  болғанын  көріп, 
жауым күйінсе деп ойлайды...  Жоқ, Дүйімқарадан да асқан күйінішті Жөнейіттің 
өзі бастан  кешіреді. Жөнейіт  өз  дегеніне  көндіріп, өнер  қуған ұлы  Дәулетті  кек 
алуға жұмсаған еді. Бірақ... Жазушы Дәулеттің қандай жағдайда қаза болғанынан 
хабар  бермейді.  Жөнейіттің  ауыр  қайғыдан  есеңгіреп,  айналасында  не  боп 
жатқанын білмейтін мәңгүрт халін суреттейді. Әрине, оның шашын алып тастап, 
басына  жаңа  сойылған  түйенің  терісін  ешкім  қаптаған  жоқ.  Оны  мәңгүрт 
жасайын  деп  ешкім  азаптаған  да  жоқ.  Бірақ  ол  да  мәңгүрт  болып  отыр.  Кек 
қайтармақ    болып,  өзі  үміттеніп  отырған  кенже  ұлы  Дәулетті  Дүйімқара  еліне 
жіберіп еді. Баласының өлі денесі келді. Содан есін жинай алмай отыр. Жазушы 
осы  жерде  екінші  бір  тағдырды  араластырады.  Дәулеттің    кегі  үшін  айдалада 
өзімен-өзі  жүрген  күйшіні  Дәулеттің  қасындағы  нөкерлері  алып  келеді.  
Күйшінің  домбыра  сазымен  Жөнейітке  көңіл  айтқанын,  өмірдің  мәні  туралы, 
тойымсыз  нәпсіге  еріп,    жауыздықтан  жауыздық  тудырудан  пайда  жоғын 
ескерткен күй сазын Жөнейіт түсінеді. Бірақ жалған намыс күйшіге тағы жөнсіз 
жаза  қолдануға  бұйыртады.  Бірақ  оқырман  күйшінің  өліміне,  дәл  мәңгүрттерге 
күйінгендей күйінбейді. Өйткені өлім кемдік емес, өлім қай пендеге болса да жат 
емес.  Бір  күн  кездесетін  тағдырың.  Күйші  үшін  күйінбейтінің  –  артында  өлмес 
өнері қалды. Соңғы, өмірдің мәні туралы тартқан күйін ұмытпай кішкентай бала 
үйреніп  қалды.  Оның  өмірі  осы  өнерімен  жалғаса  бермек.  Ал  өлтіруге  келсек, 
күнәһар  жан  жазасыз  қалмайтынын  ішкі  түйсігіңмен  сезесің.  Мәңгүрттер 
тағдыры  еш  көңіліңнен  кетпейді,  өз  тағдырың  болып  қорқынышпен  еске  түседі 
де тұрады. Мен бұл повесті сонау он бес жасымда, алғаш «Жұлдыз» журналына 
шыққанында оқығанмын. Сол бір суық қорқыныш әлі күнге жүрегімде сақталған. 
Неге?  Қазір  ойлансам,  ол  –  бір  адамның  немесе  повесте  сөз  болатын  алты 
баланың  тағдыры  емес  екен.  Бүкіл  ұлттың  рухани  қазынасынан  айрылып,  тек 
тамақ  асырау  үшін  еңбек  етуге  бет  алған  рухсыз  қоғам  өмірінің  сипаты  екен. 
Мәңгүрттік  –  бастарына  тері  қаптаған  бейшара  жандардың  естерінен  адасуын 
емес,  түрік  халықтарының  ұлттық  рухани  дүниесінен  бездіретін  коммунистік 
құрылымның, барлық мемлекеттік жүйенің өзі  екен. ...Осыны танытуға жазушы 
өткен күннен қалған аңыздағы қорытындыны пайдаланғанын түсіндім... Повесте 
Қорқыт  бабаның  өлмейтін  өмір  іздеп,  оны  таба  алмағанында,  өмірді  қобыз 
күйімен  жырлап,  ажал  періштесін  күй  қуатымен  қырық  жыл  бойы  жанына 
жолатпаған,  адам  баласының  ажалды  жеңген    өнерінің  өлмес  құдіреті    Абыл 
күйшінің өмірі арқылы көрінеді. Адам баласын өлтірмейтін  артында қалдырған 
өнері  екенін  автор  суреттеп  көрсетеді.  Сондықтан  да,  күйшінің  өліміне  
мәңгүрттер  тағдырына  қиналғандай  қиналмайсың.    Өнер  құдіретін  модернизм 
әдісімен тағы бір рет түсіндіреді. Коммунистік идеология  ескіліктің көзі ретінде  

31 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
қуғындаған  күйшілер  мен  олар  тартқан  өлмес  қазына  ұлтымыздың  күй  өнеріне  
прозада жазылған ода десек болады. «Бәрін де көріп, бәрінен де торығып, бәрінен 
де сырт  айналып,  іргеге  қарап  бүк түсіп жатып  алған  кәрі  дананың  үй  ішінде  
өзінен  басқа  адам  қалмаған  бір  сәтте  көкірегін  кеулеп,  жүрегін  сыздатқан  мұң-
наланы  бір  лықсытып  оңаша  күрсінгеніндей,  өткен  мен  кеткенді,  дәл  қазір 
қасында  кәрі  жүрегін  тілімдеп  жатқан  пәтуасыз  көп  күйбеңді,  не  күлдіретіні 
белгісіз,  не бүлдіретіні  белгісіз  ертеңді  ойлап  күрсінгеніндей,  ыңылы баяу,  лебі 
ыстық күй сазы шымыр-шымыр өніп, бірте-бірте ширығып барады.  Күй көкірегі 
өрекпіген  сайын  түрі  жоқ,  тілі  жоқ  мынау  мақау  дала  бетінде  әдемі  әшекейі 
болмаған  соң  ешкім  көзіне  ілмей,  оқып  та  көрмей,  бір  шетке  ысыра  салған 
көнетоз    сұңғыла  кітап  сияқтана  түсті»  [2.  59].  Автор  осылай  өз    ұлтының 
қасиетті өнеріне  мадақ айтады.  Осындай күй қалдырған Абыл күйшінің өліміне 
оқырман    қинала  қоймайды.  Оқырманның  жанын  ауыртатыны  – мәңгүрттер 
тағдыры. Мәңгүрт болып тірі жүргенінен сол жас боздақтарға өлімнің артық сый 
екенін жан жүрегіңмен езіле ойланасың. Бірақ мәңгүрттердің өздері бұл аянышты 
халдерін  сезінбейді.  Оны  сезетіндей  санасы  өліп  қалған...  Бұл  -  сол  кезеңдегі 
қоғамдық сананың  дәл өзідеуге болады. 
Дәл осы аңыз дамытылып, қырғыз жазушысы Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да 
ұзақ  түн»  романында  тағы  алдымыздан  шығады.  Ә.Кекілбайұлы  мәңгүрттерді 
ешкімге зияны жоқ, бейкүнә, тек құлдыққа әбден мойынсұнған  өздерін танудан 
қалған  мүсәпір  жан  етіп  көрсетеді.  Бұл  сол  повесть  жарық  көрген  уақыттағы  
1969  жылдардағы  қоғамдық  сана  көрінісі  деуге  болады.  Ал,  Ш.Айтматовтың 
романы    1980  жылы  жарық  көрді.    Мәңгүрт  болып  тәрбиеленген  қалың  қауым 
енді  өз  анасына  қол  көтеруге  жарап  қалып  еді.  Яғни,  өз  ұлтына  қарсы  шыға 
алатындар  саны  көбейіп  қалған.  Атақты  әдебиеттанушы  ғалым  Ахмет 
Байтұрсынов 1926 жылы жазған ғылыми еңбегінде: «елде жоқ рух ақын сөзінде 
де  болмайды.  Жұртта  жоқ  рухты  ақын  өзінен  шығарып  айта  алмайды.  Ақын 
сөзіне  жұрт  рухының  сәулесі  түспей  тұрмайды»  [3.  416.],-  деп  атап  көрсетеді. 
Олай болса, қазақ жазушысы Ә.Кекілбайұлы  өз повесінде тек жан бағу, тірі боп 
қалу қамымен жүрген қазақ қоғамындағы қоғамдық сананы түсіндірген. Бұндай 
жағдайға  түсірген  сыртқы  өктем  күш  болғандығын,  ұлттың  қансыраған  ауыр 
халін  көрсеткен.  1917  жылы  болған  Ресейдегі  революция  нәтижесінде  дүниеге 
келген коммунистердің үкіметі түрік халықтарының  биік рухын сындыру үшін, 
ер  халықты  қорқақ,  құл  етіп  ұстау  үшін  қаншама  сұрқия  саясаттар  жүргізді. 
Кәмпеске,  қолдан  жасалған  аштық,  репрессия,  соғыстағы  ауыр  қасірет,  одан 
кейінгі тағы да репрессия біздің ұлт үшін Жөнейіт істеген қылмыстан кем емес 
еді.  Жазушы  осыны  көрсеткісі  келген.  Бірақ  оны  ашып  айтуға  мүмкіндік  жоқ. 
Сондықтан жоғарыдағы біз  сөз  еткен мәңгүрт  туралы  оқиғаны суреттеген.  Оны 
көзімен  көрген    түрікмен  азаматының  аузымен  айтқызады.    1980  жылдары  
мәңгүрт  ұрпақтың  балалары  өсіп  жетілді.  Ұлттық  рухани  мұрадан  алыс 
тәрбиеленген бұл толқын енді өз ұлты үшін қауіптірек сипат ала бастады. Міне, 
осы  тұста  белгілі  қаламгер  қырғыз  жазушысы  Шыңғыс  Айтматов  қазақ 
жазушысы  Әбіш  Кекілбайұлы  суреттеген  мәңгүрт  бейнесін  қайта  жаңғыртты. 
Тағы да модернизм әдісі жазушыға көмекке келді. Романдағы «Найман ана»  

32 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
аңызында  оқырман  сол  Ә.Кекілбайұлы  алғаш  суреттеген  мәңгүртпен  кездеседі. 
Мәңгүртті  жау  тайпа  қолдан  жасайды.  Ақыл  есі  бүтін  жанды  мәңгүрт  ету  сол 
жазушы  Ә.Кекілбайұлы  жазған  әдіс.  «Жуан-жуандар  ондай  құрбан  құлдардың 
басына  кепеш  кигізіп, айуан  азаппен ақыл-есінен айырады екен. Әдетте мұндай  
азапқа  қолға  түскен  жас  жауынгерлер  ұшырайтын»  [4.  99],  –  дейді  жазушы. 
Жуан-жуандар жасайтын  «айуан азапты»  былай суреттейді. «Ең әуелі олардың 
шашын бір қылпық қалдырмай тақырлап тұрып ұстарамен қырып алады. Шашын 
алап бола берген тұста, жуан-жуанның  жалаңдаған қасапшылары таяу жерде ең 
сыйдаң-саяқ түйені сойып тастайды. Түйенің терісін сыпырып жатып, ең қалың 
деген төстік көнтерісін бөлек кесіп алады. Сол көнді кесіп-кесіп, әлі жып-жылы 
буы  бұрқыраған  қалпында  тұтқынның  жап-жаңа  шашы  алынған  тақыр  басына 
қаптай қойған кезде осы өзіміздің қазіргі заманда суға жүзгіштердің басына киіп 
алатын резинка шәпке сияқты сып-сығыр желімдей жабыса қалады. Басына көн 
қаптау деген осы екен. Мұндай сықпытқа ұшыраған пенде не өліп кетеді, не бұл 
азапқа шыдай алмай ақылынан адасып, өткен-кеткенін мүлде ұмытып, өмірбақи 
мәңгүрт  құлға  айналады»  [4.  99].    Ауыр  азаптан  аман  қалған  мәңгүрт  мүлдем 
басқа жанға  айналады.  Жан  түршігерлік  қиянат  дегенің  де  міне,  осы.  «Мәңгүрт 
өзінің  кім  екенін,  ел-жұрты,  руының  кім  екенін,  өз  атының  кім  екенін  білмес. 
Балалық  шағы,  әке-шешесі  де  мүлде  есте  қалмас.  Бір  сөзбен  айтқанда,  мәңгүрт 
өзінің  адам  екенін  аңғармас.  Өзінің  кім  екенін  білмейтін,  сезбейтін  мәңгүрттің 
толып жатқан артықшылығы  болған. О да бір, шексіз бағынған құлақ кесті құл. 
Қашып  құтылып  кету  деген  ұғым  оның  ойына  мүлде  келмес.  Мәңгүрттің  басқа 
құлдардан  өзгешелігі  сол  –  онда  ешқашан  бүлік  шығару,  бағынбау  деген  сезім 
оянбас.  Ондай  пиғылдан    ол  ада.  Сондықтан  да  оны  қадағалап,  қарауылдаудың 
қажеті  жоқ.  Мәңгүрт  те  ит  сияқты  иесіне  ғана  пейіл»  [4.  100].  Мәңгүрттің 
жазушы осылай толық  қасиетін  авторлық баяндау  әдісімен түсіндіреді. Бұл да 
жазушыға қоғамдағы жалпы саналық өзгерістің түсіріп отырған көлеңкесі деуге 
болады.  Шындығында,  1980  жылдарда,  кеңестер  одағын  мекендейтін  түрік 
халықтарының  көпшілігі  дәл  осындай  мәңгүрттік  халде  болатын.  Коммунистік 
партия  саясатымен  тәрбиеленген  көпшілік  ортада  дәл  осындай  өз  ұлтының 
өткенін  білмейтін,  өз  тарихынан  мүлдем  хабары  жоқ  оны  іздеуге  талап 
жасамайтын  мәңгүрттер  көбейе  бастағаны  анық.  Жазушы  осы  қоғамдық  типті  
дәл суреттеп көрсеткен. Ол үшін көп оқиға іздеп те жатпайды. Қарт теміржолшы, 
жұмысшы Қазанғаптың өлімі арқылы осы қоғамдық дертті түгел анық сипаттап 
көрсетеді. Қазанғаптың қазасы туысы болмаса да Едіге мен оның әйелі Үкібалаға 
қатты  батады.    Жерлеу  рәсімін  өткізу  барысында    қоғамдағы  адамдар  теңдей 
екіге  жарылғандай  әсер  етеді.  Бірі  –  мәңгүрттер,  бірі  -  өз  қасиеттерін  сақтап 
қалған  қайсар  жандар.  «Бұлар  құдайға  сенбейді,  ешқандай  дұға,  фатиха  да 
білмейді.  Жарық  әлемде  құдай  бар  ма,  жоқ  па  –  ешкім  білген  жоқ,  ешуақытта 
білмейді  де.  Біреулер  бар  дейді,  біреулер  жоқ  дейді.  Ал  мен  болсам,  сенің  бар 
екеніңе  сенгім  келеді,  сен  менің  ой-санамда  болсаң  деймін.  ...Ал,  мына  жастар 
бұл  туралы  ойламайды,  дұғаны  жек  көреді.  Бірақ  бұлар  ажалдың  ұлы  сәтінде 
өзіне  де,  өзгеге  де  не  айта  алмақ.  Егер  де  бұлардың  кез  келгені  кенеттен  құдай 
бола қалса, оның ойы ғаламат шарықтап кету керек қой. Міне, бұлардың ой  

33 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
шарықтата алмайтын шарасыздығын, өзінің адамдық қасиетінің бар қадірін біле 
алмай,  жер  бауырлап  қалғанын  көремін  де  аяймын  бейшараларды»  [4.  259]. 
Айналасынан  өзін  түсінер  жан  таппай  қиналған  Едіге  осылай  іштей  күңіренеді. 
Әдебиеттану  ғылымындағы  ішкі  монолог.  Бар  қайсарлығымен  мәңгүрттікке 
қарсы қойылғасн ерен тұлға Едіге бейнесі жаныңа біртүрлі жылы шуақ құяды. 
Барлығы мәңгүрт болып кетпегеніне іштей қунасың. Екі түрлі адамдар бір жерде 
өмір сүріп жатыр. Қазанғап, Едіге, Үкібала – өз қасиеттерін берік сақтаған қайсар 
да қадірлі жандар. Кезекші Шаймерден, Қазанғаптың ұлы Сәбит пен келіні, қызы 
Айзада,  күйеу  баласы  –  мәңгүрттер  тобынан  орын  алады.  Жазушы  аңыздан 
қазіргі өмірге өтеді. Енді айналада жүрген мәңгүрт пенделердің  сиықсыз өмірін 
суреттейді.  Ол да маңызды емес, роман жанрының заңдылығы бойынша жазушы 
бұлар қайдан пайда болды деген сұрақ қойып, соның жауабын іздейді. Автордың 
сол кезең үшін ерекше  батылдығы да осы суреттеулерінде деп түсінуге болады. 
Бұл үшін сол уақыттарда қолданысқа ене бастаған ішкі монологты пайдаланады. 
«Бұл балалардың мұнысы несі? Неге бұлай болып  өсті бұлар? Бұлардың азабын 
тартып, ыстығына күйіп, суығына тоңып, Құмбелдің интернатына тасып оқытып, 
әйтеуір  адам болсыншы,  ешкімнен кем болмасыншы,  Сарыөзектің  шөлінде көзі 
ашылмай қор болып қалып, кейін бізді кінәламасыншы, деп Қазанғап екеуі жар 
құлағы  жастыққа  тимей  мәпелегендегі  көреміз  дегені  осы  ма  еді?  Алда  есіл 
еңбек-ай...  Бұлардың  азамат  болып,  адам    болып  өсуіне  не  кедергі  келді,  неге 
келеңсіз шықты?» [4.29-30.]  Міне, өз бауырындағы балалары жат болып шыққан 
уақытта, бармақтарын тістеп отырған қалың көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарды 
автор  осылай:  «Едіге  жауар  бұлттай  түнеріп  алды.  Түксиген  қабағында  қасы да 
қасарыса    түйісіп,  тағы  да  көкейінде  сұм  сұмдық  сұңқылдады»  [4.  29.],  - деп  
түсіндіреді.  Бұл  -  жалғыз  ғана  Едігенің  көкейінде  емес,    бүкіл  елдің  көкейінде  
«сұңқылдаған    сұм  сұмдық».  Әлі  де  өздері  өсірген  жастардың  мінез  құлқын 
түсінбей, осылай күй кешіп жүргендер аз емес.  Жазушы осы сұраққа  романда 
жауапты  да  беріп  кетеді.  Айналадағы  ұлттық  дүниетанымнан  мүлдем  бөлек 
тәрбиеленген  жастар туралы Едіге осылай  баға береді. Бұлар неге бұлай болды 
деген сұрақты тағы қояды. Ұлттық қасиеттен жұрдай болып қалыптасқан, бірақ  
өз бауырларында өскен Сәбит мінезін Едіге түсіне алмайды.  Қанша оқу оқыған 
Сәбиттің  сонша  қатыгез,  мейірімсіз  болып  өскен  себебін  іздеп  табуға  әрекет 
етеді. «Мүмкін, оны дәл қазіргісіндей қайырымсыз  болсын деп оқытқан шығар. 
Сәбитжанның  дәл  қазіргідей  Сәбитжан  болып  шығуы  үшін  көп  күш  жұмсаған 
әзәзіл  біреу  отырған  шығар  бір жерде»,-  деп  ойланады  қазақы  дүниетанымдағы 
Едіге. Әкесі әлі жер қойнына да тапсырылмай, оң жақта жатқанына қарамастан, 
жалғыз  ұл  Сәбитжан  арақ  ішіп,  қызара  бөртіп  отырып  айтқан  сұмдық  одан  әрі 
Едігені  шошындыра  түседі.  «Адам  ылғи  да  орталықтың  программасы  бойынша 
қимылдайтын болады. Адам бәрін өзім істеп, өз еркіммен жүрмін деп ойлайды, 
ал  шындығында,  бәрін  істетіп  отырған  жоғары  жақ.    Бәрі  де  қатаң  тәртіппен 
істеледі.  Сен  ән  салуың  керек  пе  –  биоток  арқылы  сигнал  келеді  –  шырқай 
жөнелесің. Сен билеуің керек пе – сигнал – билей жөнелесің. Сен жұмыс істеуің 
керек  пе  –  сигнал  –  жұмысты  қақыратып  саласың!    ...адам  бойындағы  қадір-
қасиет,  мінез-құлық,  тәртібі  бәрі,  бәрі  программа  арқылы  берілетін  болады»  [4; 
35]. Міне, мәңгүрттікті жасау, сол арқылы әлемді билеу мақсатында жүрген  

34 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
қанша  зұлым  ойлылар  бар  екендігін  автор  осылай  жеткізеді.  Бір  ғана 
коммунистік  идеологияның  негізінде  автор  айтып  отырған  «программа» 
жатқанын  тануға  болады.  Өз  ұлтының  бар  мұрасына  теріс  тәрбиелеген  қоғамда 
Сәбитжан  сияқты  қанша  мәңгүрттер  өсіп  жетілді.    Сәбитжандарды  тәрбиелеген 
кеңес  мектебі,  әсіресе,  қазақ  балалары  үшін  ашылған  мектеп-интернаттар
  
мәңгүрттікке  апаратын жол  екеніне  де  автор  бірер  сөйлем  арқылы  ғана  сілтеме 
береді.  «Сәбитжанды  тағы  да  интернатқа  жіберу  керек  болды.  Әкесі  түйемен 
апарып  салды.  Ал  шешесі,  яғни,  Қазанғаптың  әйелі  Бекей  ал  кеп  жылап-
сықтасын,  балам  интернатқа  барғалы  бері  біртүрлі    бөтен  болып  барады  деп 
зарын  айтты.  Үй-ішіне,  әке-шешесіне  бұрынғыдай  бауырмалдығы  жоқ, 
тасбауырлау  тартып  барады  дейді.    –  Ал,  Құттыбаев  сонда  не  айтты?  –  Бар 
айтқаны:  шеше  байғұс  бір  сұмдықты  жүрегімен  сезеді-ау,  дейді.  Балалар 
интернатта  қайбір  жетіскеннен  оқиды;  интернат  деген      баланы  ата-анасынан 
айырып, айырып емес-алыстатып жібереді. Жалпы бұл өзі өте қиын мәселе, деді» 
[4, 148]. Жазықсыз репрессияға ұшыраған  Әбутәліп Құттыбаевтың тағдырын сөз 
еткенде  өз  ұлтынан  жерінген,  мәңгүрттенген  толқынның  шығу  тегін,  оның 
себебін  осылай  ашып  көрсетеді.  Кеңестік  интернаттар  мәңгүрттер  тәрбиелеуді 
жақсы  жолға  қойғаны  анық.  Содан  шыққан  Сәбитжандар  ұлттың  қасиет  тұтқан 
киелі  заңдылықтарына  жиіркене  қарады.  Бұл  аңыздағы:  «Ол  қатын  сенің 
басыңдағы кепешіңді жұлып алып, анау ақымақ басыңнан көн теріңді сыдырып 
тастамақшы!»  -  деген  алдауға  сеніп,  өз  анасын  садақпен  ататын  Дөненбайдың 
ұлы Жоламаннан не артықшылығы бар? Қазанғап пен Едіге жанына ерекше нұр 
құятын  Найман-ана  бейіті,  өз  ұлының  садағынан  өліп  бара  жатқан  Найман-
ананың  ақ  жаулығынан  пайда  болған  Дөненбай  құс  туралы  аңыз    оған  еш  әсер 
етпейді. Мәңгүрт –Жоламанға өз анасы оның атын, әкесінің атын түсіндіре алмай 
жаны  күйзелсе,  Сәбитжанға  да  Едіге  Найман-  ана  бейітінің  ұрпақ  санасында 
сақталуға  тиіс  ұлт  тарихының  бір  бөлшегі  екенін  ұғындыра  алмай  күйзеледі. 
Оқырман  да  Едігемен  қоса  күңіренеді.  Жер  бетінен  қасиетті  бейітті  жойса, 
ұлтымыздың бір қасиеті өшетінін түсінген Едіге әлдебір асылын жоғалтатындай  
қиналады.  Ал,  Сәбитжан:  «Оның  бәрі  ерте-ерте  ертедегі,  ешкі  жүні  бөртедегі 
ертек  қой,  Едеке,  түсінсеңші.  Бұл  арада  қазір  әлемдік,  космостық  мәселелер 
шешіліп  жатыр.  Ал,  біз  барып  әлдебір  зират  туралы  аңыз  айтқанымыз 
жараспайды  ғой.  Кімге  керек  ол?»-  деп  «білімділігін»  көрсетеді.  Мәңгүрт 
басындағы  кепешке  тиіп  кетеді  деп  қорықса,  Сәбитжан  қызметімнен  айрылам 
деп қорқады.  «Мәңгүртсің сен! Нағыз мәңгүрттің өзісің! – деп ашына күбірледі 
Едіге  Сәбитжанды  әрі  аяп,  әрі  құсықтан  да  жек  көріп»,  -  деп  баяндайды  автор. 
Аяйтыны  –  Сәбитжан  да  коммунистік  идеологияның  құрбаны,  соның  қолдан 
жасаған  улы  жемісі;  жек  көретіні  әкесінің  бойындағы  асылдан  тырнақтай  да 
жұқтыра алмай қалған өресіздігі, ешбір ойсыз, талғамсыз насихатқа ілескен қуыс 
кеуде болып өскені.  Бұл - сол қоғам тудырған типтік мінез. Жазушы қоғамдағы 
осы мінезді анық танытқан. Ол үшін Найман-ана бейіті, ол туралы аңызды тірек 
еткен.  Саясатқа  қарсы  келмеген  түр  танытады.  Жай  аңызды  жаңғыртып 
әңгімелеп  отырған  сияқты.  Сол  қоғамның  ең  қасіретті    қабатын  аңыз  арқылы 
көрсете  алуы  жазушының  модернизмді  тиімді  пайдаланғаны  деуге  болады. 
Дүниені дүр сілкіндірген атом жарылысының дүмпуі арасынан ақ құстың  

35 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 «Дөненбай»  деген  дауысын  естігендей  болады  Едіге,  осы  арқылы  жазушы 
ұлттық  рухты  жеңетін  күш  жоқ  дегенге  сендіреді.  Сонда  көңілдегі  көп  күдікті 
ойлар да серпілгендей болады.  «Көркем шығарма әр кезеңнің тарихи болмысын, 
рухын  бейнелеуімен  құнды»  [5;  262.],-  дейді  Ақселеу  Сейдімбек.  Оның  ішінде 
роман жанры    әр   дәуірдегі   әлеуметтік    мәселелердің    себебін  танытып,  
салдарына  
жүгінтеді, сол мәселелерге жазушылық жауап береді. Сонда ғана роман жанры өз 
міндетін дұрыс атқарады. Ғалым Р.Бердібайдың сөзімен айтқанда, сол мәселенің 
дұрыс  шешіміне  «жазушылық  жауап  беруге  тиіс».  Қоғамның  дамуына  талдау 
жасау  үшін  үлкен  еңбек  жазған  материалист  ғалымдар  таза  статистикалық 
мәліметтерден  гөрі  ХІХ  ғасырдағы  еуропа  жұртындағы  сыншыл  реализм 
әдісімен  жазылған  романдарға  көбірек  сүйенгені  мәлім.  Осының  өзі  қоғамды 
дұрыс  танытуда  көркем  романның  көтерер  жүгі  салмақты  екенін  көрсетеді.  ХХ 
ғасырдағы  кеңестік  кезеңнің  шын  бейнесін  тануда  да  роман  жанры  көмекке 
келері анық. Әсіресе, ұлттық рухты жоюға арналған саяси алып машина жұмыс 
істеп тұрғанда, сол машинаның апанына жұтылып кетуден сескенбей өз міндетін 
адал атқарған жазушылар еңбегін дұрыс бағалаған абзал. Сол уақыттағы ұлттық 
санаға түскен ауыр салмақ пен оған қарсы тұрған ұлттық сананың  ішкі тірегінің 
күресін  танытқан  жоғарыдағы  екі  роман  егіз  ел  тарихындағыт  ұлт  қасіретінен 
сыр шерткен көркем шерлі шежіре десек болады. 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет