Issn 2306-7365 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады


Конгыр  –  название  казахского  рода  >  Конгыр  –



Pdf көрінісі
бет9/29
Дата10.01.2017
өлшемі2,33 Mb.
#1601
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29

Конгыр  –  название  казахского  рода  >  Конгыр  –  название  колодца  на 
Устюрте (этно-гидроним);  
Найман  –  название  казахского  рода  >  Найман  –  названия  населенных 
пунктов  в  Берунийском  и  Шуманайском  районах  >  Найманколь  –  көл 
“озеро”  –  название  населенного  пункта  в  Ходжейлийском  районе  (этно-
гидро-топоним), Наймантюбе – тюбе (төбе) “холм” – название местности в 
Ходжейлийском районе (этно-топоним);    
Тама  –  название  казахского  рода  >  Тама  –  населенный  пункт  в  ауле 
Кызылузек (Кызылозек) Чимбайского района (этно-топоним); 
Встречаются топонимы, связанные с нацией народа казахов. Например: 
Казахдарья – “Казахская река” название рукава в дельте Амударья
Казахколь – “Казахское озеро” название озера в Муйнакском районе; 
Казахауыл  –  “Казахский  аул”  название  населенного  пункта  в  ауле 
Кызылузек (Кызылозек) Чимбайского района; 
Казахбойрашы  –  “Мастер  по  выделыванию  циновок  из  камыша” 
название местности в Кунградском районе [2, 102];  
Мингказах  –  (Мыңқазақ)  “Тысяча  казахов”  название  урочища  на 
территории Тахтакупырского района; 
Адайауыл  –  “аул  адаев”  название  небольшого  поселения  в  городе 
Нукусе и др. 
Как мы видим, в проанализированных примерах встречаются топонимы, 
образованные от этнонимов, т.е. от названий родов, перешедшие в топонимы, 
т.е. в название местности или населенных пунктов. Встречаются даже этно-
гидро-топонимы («Найманколь») объект состоит из названия рода и водного 
объекта,  перешедшее  в  дальнейшем  в  название  населенного  пункта. 
Некоторые  этно-топонимы  отражают  хозяйственную  деятельность  людей 
(Казахбойрашы),  здесь  «бойрашы»  –  «мастер  по выделыванию  циновок  из 
камыша». Встречаются также и этно-гидронимы Айдабол – Айдабол-кудык 
 

74 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
 (Колодец-Айдабол); Конгыр – Конгыр-кудык  (Колодец-Конгыр –
 «Коричневый 
колодец»)  -  названия  казахских  родов  присвоенные  к  водным  объектам 
местности.    
Таким  образом,  все  топонимы  местности,  образованные  от  названия 
нации  и  рода  казахов  тесно  связаны  с  этимологией  и  с  историей 
тюркоязычных  народов,  наших  предков,  которые  жили  на  территории 
Республики Каракалпакстан и по всей Центральной Азии. 
Определение  топонимики  как  науки,  занимающейся  всесторонним 
изучением  географических  названий,  естественно,  расширяет  и  область  ее 
применения.  В  частности,  кроме  случаев  выше  рассмотренных  примеров 
применения топонимических названий, весьма важное значение топонимика 
имеет  и  в  области  изучения  картографии.  Топонимические  методы 
исследования  находят  применение  и  в  процессе  полевых  топографических 
съемок,  при  составлении  общегеографических  и  историографических  карт. 
[3, 8]  
Названия  населенных  пунктов  интересуют  многих  ученых,  лингвистов, 
краеведов,  которые  в  силу  своей  деятельности  и  исследования  занимаются 
географическими  наименованиями.  И  как  нам  кажется,  опираясь  на  труды 
ученых-топонимистов, на основе архивных данных и других источников, мы 
должны изучить неисследованные или малоисследованные объекты, заняться 
сбором  материалов  и  внести  свой  маломальский  вклад  в  развитие  такой 
обширной,  значимой,  необходимой,  на  данном  этапе  развития    науки 
«топонимика»  или  «этнотопонимика»  в  ее  широком  значении.  В  качестве 
прикладной  стороной  подобного  исследования  могло  стать  в  дальнейшем 
выпуск учебно-методического пособия или справочника для специалистов и 
всех  интересующихся  историей  и  этимологией  топонимики  Центральной 
Азии.  Неоспоримым  фактом  остается  то,  что  результаты  подобных 
исследований  неоценимы  для  близкородственных  народностей,  которые 
расселены  по  всему  миру  и  необъяснимо  как  близки  в  своем  словарном 
богатстве.    Это  казахи,  каракалпаки,  узбеки,  карачаево-балкарцы,  гагаузы  и  
удивительно, что мы находим аналогии в названиях рода и племени даже на 
примере молдавского языка [4; 5].  
С приобретением суверенитета многие государства обращают огромное 
внимание  на  историю,  культуру,  этнографию  и  топонимику  развития  своей 
нации  и  народности.  Раскрываются,  исследуются  и  изучаются  неоценимые 
данные  национальной  культуры,  искусства,  истории  каждого  народа.  Из 
архивов  ума  человеческого  всплывают  такие  сведения,  что  каждый 
специалист  будь  то  этнограф,  топонимист,  историк,  географ,  философ, 
филолог  –  каждый  из  них  может  почерпнуть  полезную  информацию  для 
своей области исследования. 
Узбекский  народ  восстановил  имя  Амира  Темира,  который  внес 
неоценимый вклад в развитие узбекского этноса, согласно последним  

75 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
источникам  с  его  именем  связано  развитие  философских,  педагогических, 
психологических  наук. В  то же  время  узбекский  народ  также  гордится
  
творениями Алишера Навои, Мирзы Улугбека, Абу Райхан аль-Бируни, Муса 
аль-Хорезми и т.д. 
Каракалпакский народ, который, по данным исторических исследований, 
берет  свое  начало  у  истоков  Енисея,  приобретает  свою  историческую 
значимость  в  лице  Бердаха  Гаргабай  улы,  Ажинияза  Косыбай  улы, 
Кунходжи, Жийена Жырауа и других. 
В  свою  очередь,  казахстанский  народ,  гордится  своими  известными 
просветителями, внесших неоценимый вклад в развитие казахского этноса в 
лице  Абая  Кунанбаева,  Чокана  Валиханова,  Ильяса  Джансугурова,  Мухтара 
Ауезова, Олжаса Сулейменова и других. 
Имена  вышеназванных  исторических  личностей  фигурируют  среди 
названий  местностей,  улиц  и  площадей  городов.  Приведённый  материал 
свидетельствует  об  исключительной  неоднозначности  этно-исторических 
процессов  на  степных  просторах  Центральной  Азии.  Дальнейшее 
внимательное  и  совместное  изучение  (специалистами  разных  регионов  и 
научного  профиля,  включая  молодых  учёных)  прошлого,  нынешнего  и 
дальнейшего  путей  развития  групп  казахских  «каракалпаков»  и  наоборот,  а 
также их потомков и крайне желательно, и весьма необходимо. 
 
ЛИТЕРАТУРА 
 
1.
 
Баскаков  Н.А.  Родо-племенные  названия  на  территории  Южной  Молдавии. 
/Топонимика Востока, 1964. 
2.
 
Абдимуратов К.А. Почему так названо? – Нукус, 1970. 
3.
 
Поспелов  Е.М.  Топонимика  и  картография.  Географические  названия.  –  М., 
1972. 
4.
 
Никонов В.А. Введение в топонимику. – М.: Наука, 1965. 
5.
 
Севортян  Э.В.  Пробные  статьи  к  “Этимологическому  словарю  тюркских 
языков”. – М., 1966.   
 
ТҮЙІНДЕМЕ 
Бұл  мақалада  қазақ  рулық  және  тайпалық  терминдік  атауларына  байланысты 
Қарақалпақстанның топонимикасын зерттеу жұмыстарына талпыныс жасалды.  
(Уразбаев  К.Б.,  Зарымбетов  А.А.  Қазақ  және  қарақалпақ  топонимикасының  
типологиялық аспектісі)  
 
SUMMARY 
An  attempt  of  research  of  toponymy  of  Karakalpakstan  connecting  with  names  of  the  Kazakh 
tribal terminology is made in this article. 
(Urazbayev  K.B.,  Zarimbetov  A.A.  About  Typological  Aspect  of  the  Kazakh  and  Karakalpak 
Toponymy) 
 
 
 

76 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
ӘОЖ 419. 99 
 
Г.ЖУМАТАЕВА 
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің магистранты  
 
«ӘДІЛ СҰЛТАН» ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК 
ТІЛДЕРІНЕ ТӘН ОРТАҚ ТІЛДІК ДЕҢГЕЙЛЕРДІҢ КӨРІНІСІ 
 
Мақалада  «Әділ  сұлтан»  эпикалық  жырындағы  қазақ  және  түрік 
тілдеріне ортақ тілдік деңгей ерекшеліктері туралы жазылған. Бұл мақала 
түркітану  саласында  маңызды  болып  есептеледі.  Себебі  аталған  жазба 
ескерткіш  тіл  білімі  саласында  нақты  зерттеу  нысаны  ретінде 
қарастырылмаған.  ХV-ХVІІ  ғасырлардағы  жай-күйін  танытатын  жазба 
нұсқалардың  көпшілігі  бізге  жетпеген,  ал  басым  бөлігі  түрлі  объективті, 
ішінара  субъективті  жағдайларға  байланысты  шетелдік  мұражайлар  мен 
кітапханалар қорында жатыр. Қазақ хандығы өз алдына шаңырақ көтеріп, 
қазақ  мемлекеттігін  жариялағанымен,  олардың  өмір-тіршілігі  көбінесе 
тарихи-саяси  тартыс,  күрес  үстінде  болды.  Қазақ  жұрты  шабуылға 
ұшырап,  қазақ  жерінің  арғы  шеті  мен  бергі  шетіне  үнемі  көшіп  жүргені 
тарихтан белгілі.  
 
Кілт сөздер: актив лексика, эпикалық жыр, Қазақ хандығы, лексикалық  
нормалар, грамматикалық жақтар, Оғыз тобы, әдеби тіл, қыпшақ тілі, сөздер 
мен сөз тіркестері. 
 
Белгілі  бір  тілдің  қазіргі  сөз  байлығы  –  ұрпақтан-ұрпаққа  өтіп,  бірден-
бірге ауысып, бүгінгі дәуірге дейін келіп жеткен мол қазына, асыл мұра. Әр 
халық  лексикасы  –  сол  халықтың  басынан  кешкен  ұзақ  сонар  тарихының, 
саяси-әлеуметтік  өмірінің  тұрмыс-салты,  күнкөріс  тіршілігінің  тілде 
қалдырған ізі. Тілдегі сөздер – халықтың барлық білген білімі мен білігі; ойы 
мен  идеясы,  дүние-танымы  көрінісі.  Халық  лексикасында  күйініш-сүйініш 
сезімдері мен эмоциясы да сақталынған. 
Тілдің лексикасы үнемі даму процесінде болады; көне заманнан бермен 
қарай  қолданылып  келе  жатқан  байырғы  сөздер  бұрынғы  үйреншікті 
мағыналарына  қосымша,  үстеме  мағыналар  қосып  алып,  қолданылу  өрісін 
кеңейте  түседі;  жаңа  міндет  атқарып,  жаңа  мағына  білдіріп,  әдеби  тіл 
сөздігіне  қайтадан  еніп,  актив  лексикада  қолданылып  жүрген  көне  сөздер, 
қарапайым сөздер, жергілікті сөздер, кәсіби, кітаби сөздер де аз емес. 
Кез-келген  тілдің  осындай  сан  алуан  қыр-сыры  мол  сөз  байлығы 
лингвистиканың  үлкен  саласы  лексикологияда  қарастырылып,  зерттелінеді. 
Лексикология  –  тілдің  лексикасы  туралы  ілім.  Тілдің  лексикасы  дегеніміз  – 
бір  тілдің  барлық  сөздерінің  жиынтығы,  яғни  тілдің  құрамы  [1,  6  б.].  Түркі 
жазба ескерткіштерінің  лексикасы сөз  болғанда,  ондағы  сөздердің  мынауы  

77 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
қыпшақ  тілінің,  мынауы  оғыз  тілінің,  қайсыбірі  қарлұқ  тілінің  сөздері  деп 
бөлу  тым  шартты,  өйткені  бұлай  бөлуде  негізге  алатын    критерийіміз  – 
белгілі  бір  сөздің  қазір  қай  тілде  байырғы  өз  мағынасы  мен  тұлғасын 
өзгертпей  сақтауы.  ХV-ХVІІ  ғғ.  жазылған  түркі  халықтарының  қазіргідей 
шекаралары  белгіленіп,  өз  алдына  жеке  ел  болып  бөлінбегенін,  бөлінсе  де, 
өзара  аралас-құралас  көшіп  жүргенін,  біресе  ана  хандықтың,  біресе  мына 
хандықтың қол астына қарап өмір сүргенін ескермеске болмайды. 
«Әділ  сұлтан»  эпикалық  жырының  тілін  зерттей  келе  лексикасы  қазіргі 
қазақ  тілінің  лексикасымен  сәйкес  келеді.  Сөздер  сол  кездегі  адамдардың 
бәріне ортақ және түсінікті болғаны белгілі. Олардың басым көпшілігі қазіргі 
тілде  өзгеріссіз  қолданылып  жүр.  Грамматикалық  ерекшеліктеріне  келетін 
болсақ  мәтінде  сол  кездегі  жұрнақтардың  қолданысындағы  ерекшеліктерді 
байқауға болады.  
«Әділ  сұлтан»  эпикалық  жырында  су  сөзі  қазіргі  қазақ  тіліндегідей 
қолданылған: ...судай толқытып омрауын салқытып исі жұфар аңқытып… 
(...судай толқытып, омырауын салқытып, иісін жұпар аңқытып...) [2, 61 б.]. 
«Әділ  сұлтан»  эпикалық  жырының  лексикасын  тақырыптық  топтарға 
жіктеп  қарастырар  болсақ,  олар  әрине,  өмірдің  барлық  салаларын  қамтиды, 
солардың  ішінде  көбірек  кездесетіндері  –  қауымдастық,  әскери-әкімшілік 
бөлініске,  адамдардың  атақ-дәрежесіне,  соғыс  қимылдары,  күнделікті  өмір 
тіршілігі мен туыстық қатынасқа байланысты атаулар. 
 «Әділ  сұлтан»  эпикалық  жырында  туыстыққа  байланысты  атаулардан  
үшеуі  ғана кездеседі: ана, қайын ана, қыз [2, 50 б.]. 
«Әділ  сұлтан»  эпикалық  жыры  лексикасының  негізі  қыпшақ  тілі 
лексикасы  болғандықтан, ол сөздердің көпшілігі қазіргі қазақ тілі сөздерімен 
бірдей  тұлғада,  бір  мағынада  келіп  жататынын  байқау  қиын  емес.  Әсіресе, 
қазақ  халқының  ертедегі  тұрмысына,  салт-дәстүрлеріне  қатысты  сөздер  мен 
сөз  тіркестерінің  шежірелердегі  қолданылған  түрі  мен  бүгінгі  тіліміздегі  
тұлғасы  да,  мағынасы  да  аздаған  фонологиялық  өзгерістерді  есепке 
алмағанда бірдей түсіп жатады.  
«Әділ  сұлтан»  эпикалық  жырындағы  сөздер  қазіргі  әдеби  тілімізбен 
сәйкес  келеді.  Жырда  қолданылған  сөздердің  дені  қазіргі  лексикаға  тән. 
Мына  сөздердің  мағыналары  қазіргі  лексиканың  нормаларына  сай  екенін 
айтуға болады. 
Шекпен зат. Жүннен иіріп, өрмекпен тоқылған сырт киім. Қара шекмен 
(шекпен) жабынған [3, 183 б.]. “İyi işlenmiş mavi çakşır ve mavi cepken giyerdi” 
(Y.K.Beyatlı).  Cepken  сөзі  түрік  тілінде  де  жүннен  тоқылған  киім  ретінде 
түсіндірілген. Алайда бұл киімнің жағасыз екендігі айтылады [4, 197 б.]. 
Омырау.  Омырауын  салқытып.  Қазақ  тілінде  адамның  төсін,  көкрегін 
білдіреді. Бұл сөз басқа түркі тілдерінде омрав, омуроу, омырағ, амар, омра, 
формаларында  қолданылып,  негізінен  «төс»,  «көкірек»,  «бұғана»  сияқты 
мағынаны білдіреді. Ал монғол тілінде омруд – «бұғана», бурят тілінде  

78 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
оморюу(н) – «аттың төсі», қалмақ тілінде омруй//омру «төс», «көкірек тұсы»  
сияқты  мағыналарда  қолданылады  [4,  53  б.].  Ал  түрік  тілінде  “göğüs” 
формасында қолданылады: Göğsü kalaycı gibi inip çıkıyordu (H.E.Adıvar). 
Қос шырақ.  Екі көздің жанары. Ер шырағы екі көз [3, 454 б.]. Бұл тіркес 
түрік тілінде «göz bebeği» түрінде қолданылады [4, 408 б.]. 
Бүгінгі  бізге  жеткен  мал  атаулары  –  адамзат  дамуының  тарихымен 
сараланып,  жүйелер  бойынша  қалыптасқан,  жетілген  мағынасы  дамыған 
атаулар.  
Мал атаулары туралы айтар болсақ, көне түркі тілдерінен мәлімет берген 
қытай  шежіресінде  жылқы  атауы  ретінде  ІV  ғасырда  Девандықтардың  
(ферғандықтар)  арғумақ  атауын  қолданғандығын,  Орхон-Енисей  жазба 
ескерткіштерінде  қолданылған  төрт  түлік  атауларының  қазіргі  түркі 
тілдерімен  дыбыстық  та,  лексикалық  та,  грамматикалық  жақтарынан  дәлме-
дәл  келетіндігі,  көне  түркі  тілінде  жазылған  орта  ғасырлық  жәдігерлерде 
кездесетін  атаулармен  сәкес  келеді.  Арғумақ  сөзіндегі  «арғу  –  тайпа  аты», 
«ма» - жылқы (қытайша) [3, 169 б.]. Мысалы, арабтың асыл текті жылқысын 
осылай атаған тәрізді [4, 620 б.]. 
Өткен  ғасырдың  ортасынан  бастап  төрт  түлік  атаулары  ғылыми  түрде 
зерттеле  бастады  десек,  ол  атаулардың  түркі,  монғол,  тұңғыс-маньчжур 
тілдерінің  лексикалық  қабатындағы  орнын,  өзара  байланысын  аша  отырып 
этимологиялық талдау жасаған А.М.Щербак болды. 
Жылқы  –  азат  өмірдің  символы,  тіршілік  көзі.  Көне  дүниені  зерттеуші 
ғалымдардың  айтуынша,  гректер  көне  мәдениетіндегі  кентавр  бейнесін 
ежелгі  түркілерге  қарап  ойлап  тапқан  дейді.  Ат  үстінен  түспейтін  түркілер 
көне  гректерге  ат  үстінде  ас  ішіп,  ат  үстінде  ұйықтайтын,  қысқасы,  атпен 
бірге  жаратылғандай  көрінсе  керек.  Жылқы  сөзінің  түрік  тіліндегі  нұсқасы 
дәл  қазақ  тілімен  сәйкес  келеді.  Бұл  сөз  “yılkı”  формасында  қолданылып, 
жалпы  бір  тырнақты  ат  және  есек  сияқты  малға  берілген  атау  ретінде 
қолданылады: Yaylada yılkıları güdüyordu [4, 1090 б.]. 
Қазақ  жылқының  жасын  сүт  тістерінің  алмасуына,  тұрақты  тістер 
мөрінің қажалуына қарап ажырата білген. 
Түркі тектес тілдерде жылқының жаңа туған жас төлі жаңа туған, айлық 
деп бөлінбейтіндігін көреміз. Мұнан кейін құлын, жабағы, тай, құнан, дөнен, 
байтал,  айғыр,  бесті  бие,  ат,  қысырақ,  сақа  бие,  қасабалы  бие  т.б.  жас 
мөлшерлік сипатта тізбектеп, топ құрауға болатындығына көз жеткіздік. 
Бесті зат. Бес жасар жылқы. Бесті біреу ат мініп [5,11 б.]. 
Ат  зат.  1.  Үйірге  түспейтін  піштірілген,  оқталған  жылқы.  2.  Көлік 
ретінде  салт  мінілетін,  арба-шанаға  жегілген  және  әр  түрлі  шаруашылық 
жұмыстарға  пайдаланылатын  еркек  жылқы.  Атқа  амал  үйреткен.  Бұл  сөз 
түрік  тілінде  сол  формада  беріледі.  Ben  at  oynatаmam.  Bir  siyasi  zümreye 
ortaklık etmek gibi diplomatik düşüncelerle at oynatmıyoruz (R.E.Ünaydın) [4, 85 
б.]. 

79 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
ХХ  ғасыр  ғалымдары  С.П.Толстой, 
А.Н.Бернштам,  С.Е.Малов,
 
В.В.Радлов, 
Е.Убрятова,    А.К.Боровков,    Э.В.Севортян,     Н.А.Баскаков,    А.М.Щербак, 
Г.Ф.Благовалар зерттеу еңбектерінде құнды пікірлер айтып, мал атауларына 
біршама толық мәліметтер берген [5, 12 б.]. 
Ат арба. Атқа жегілген арба. Ат артына арба сүйреткен [3, 23 б.]. Бұл сөз 
тіркесі  түрік  тілінде  қазіргі  қаза  тілндегі  формасындай  «at  arabası»  түрінде 
қолданылады.  
Адырна.  Атқа  алған  адырна.  Садақтың  оқ  салып  тартатын  кермесі, 
атылатын оқты ұшыру үшін садақтың екі басын керіп байлаған баулық. Атқа 
алған  адырна  шашылынқы  көрінді.  Ұйғыр  тілінде  адыр  –  ажырасу,  айрылу 
(Малов Уйг.яз.), В.В.Радлов: адыр (азыр, айыр, айр)  – бөлу, ажырату; адыра 
(адыр-ы,  айр-ы)  –  екіге  бөлу  деп  көрсетеді.  (Радлов.  Опыт  сл.  І-ІV).  Көне 
түркі  жазу  ескерткіштерінде  adryl  –  бөліну,  ажырау;  adrysˇ  -  айрылысу 
(Малов.  Пам.  Др.  Письм.,  345).  Адар  –  түркі-моңғол  тілдерінде  «жан-жаққа 
шашырау,  бөліну  ыдырау»  мағынасын  білдіреді  (Пекарский.  Сл.  Якут.яз.). 
Бұл деректер адырна сөзінің түбірі адыр екендігін байқатады. Сөз соңындағы 
-на  етістіктен  есім  тудыратын  жұрнақ  болу  керек.  Адырна  –  оқты  садақтан 
ажырату  деген  мәнді  білдіреді.  (Будагов.  Ср.  Сл.  Тур.-тат.нар).  Өрмек 
жіптерінің  асты-үстін  бөліп  тұратын  ағаш  аспап  адарғы  деп  аталады.  Бұл 
сөздің  түбірі  –  адар.  Оны  жоғары  адыр  сөзімен  төркіндес  емес  пе  екен  деп 
жорамалдаймыз  [3,  21  б.].  Түрік  тілінде  «edirne»  формасында  садақтың  оқ 
ататын жібі ретінде де, қала аты ретінде де кеңінен қолданылады [4, 320 б.]. 
Алтын.  Жағасы  алтын  кіреукең.  Бұл  сөздің  шығу  тарихы  жайында 
бірнеше  пікірлер  бар:  1)  Кейбір  зерттеушілердің  айтуынша,  бұл  сөз  монғол 
тіліндегі алтан// алтин – «қызғылт мыс» деген сөзден шыққан. («қаз.қаз. тілі» 
57;  Пекарский.  Сл.  Якут.яз.82);  2)  Басқа  біреулер  алтынның  түсіне  қарай 
түркі  тілдерінің  көбінде  қолданылатын  ал  –  «ашық  қызыл,  от  тәрізді  түс» 
деген сөзді негіз етіп алады (Lokotsch,Etym7 Wört); 3) Тағы кейбір ғалымдар 
алтын  сөзі  түркі  тілдеріндегі  алты  (6)  сөзінен  шыққан  дегенді  айтады. 
Ертеректе  Орта  Азия  халықтарында  ақша  ретінде  әр  түрлі  нәрсе 
қолданылғаны  мәлім.  Мысалы,  монғолдарда  ақша  ретінде  жібек  мата, 
алтайларда  мал  терісі  жұмсалса,  кейбір  түркі  халықтарында  (болғарларда) 
нәрсенің  құнын  белгілеуші  алты  тиіннің  терісі  болған.  Бара-бара  алты  мен 
тиін  сөздері  бірігіп,  алтын  болып  өзгерген  де,  ақша  пайда  болған  кезде  үш 
тиіндік  алтын  (кейін  бақыр)  ақша  есебінде  қолданылған.  Кейін  алтын  ақша 
орнына қағаз ақша келген кезде, алтын сөзі орыс тілінен осы өзгерген түрінде 
қайта оралып келіп, түркі тілдерінде қымбат металдың (бұрын ақша болған) 
атын ғана білдіретін болған тәрізді.  Махмұд Қашғаридың «Диуани лұғат-ат-
түрк»  сөздігінде  алтұн  болып  беріледі  [3,  35  б.].  Түрік  тіліндегі  «altın»  сөзі 
қазақ  тіліндегідей  бірнеше  мағынада  қолданылады.  Соған  бір  мысал:  Altın 
saçlı delikanlılar kollarını çaprazlarmış (F.R.Atay) [4, 42 б.]. 
Жүзік. Шынашақтан алтын жүзік аласып. 

80 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
Бұл  сөз  қарақалпақ,  ноғай,  өзбек,  түрікпен,  түрік  тілдерінде  де  бар. 
Мұның түбірі жүз (jüc//tus//чус). Yüzüğüne bakarak çok sevindiğini bildirmemek 
istedi, ama yanındakilerin hepsi onun farkındaydı (F.R.Atay) [4,1105 б.]. 
Ол  буын  деген  мағынаны  білдірген.  В.Радлов  сойот  тілінде jüc  –  буын, 
алтай,  телеут  тілдерінде jücтук  –  сақина (жүзік) деп  көрсетеді.  (Радл.  Опыт. 
Сл., т.ІІІ. 615-616). Якут тілінде сусä сөзі «буындау, буынға бөлу» (Пекарский 
Сл., Якут яз. Т.  ІІ, 24). Хакас, тува тілдерінде бұл сөз чустук//чустук болып 
айтылады. Чус – тува тілінде бармақтың буыны. Хакас тілінде с дыбысы л-ға 
алмасып чул болып айтылады. Н.Ф.Катанов бұл сөздің алғашқы түрі чусук «с 
және  к»  дыбыстары  бірімен-бірі  алмасып  чусук  болып  айтылуы  да  мүмкін 
дейді.  Чусук  –перстень,  чускум  –  мой  перстень  (Катанов.  Опыт.  Исследов. 
Урянх.языка). Сөз ортасындағы «к» дыбысы түсіп қалып, қатаң «с» ұяңданып 
з-ға айналып, көпшілік түркі тілдерінде юзик//йузик болып айтылып жүр.  
Қазақ, қарақалпақ тілдерінде фонетикалық құбылыстың ерекшеліктеріне 
сай  жүзік//жүзик  болып  айтылады.  Осы  жүзік//йуззик//юзик//чускук//jüstук 
üksük, yüksük түрінде түркі тілдерінің көне жазба ескерткіші «Ettuhfet...» тен 
және Махмұд Қашғаридың сөздігінен кездеседі. Онда üksük, yüsük  - әйелдер 
іс тіккенде бармағының басына киетін оймақ делінген. Оймақ деп бақырдан 
жасалынғанды  айтады,  теріден  жасалғаны  yüsuk  (түркімендерше  üksük)  деп 
аталады.  Уüksük  сөзі  «оймақ»  мағынасында  қазіргі  азербайжан,  түрік 
тілдерінде қолданылады. Қазақ тілінде (оймақ кигізетін) екінші бармақты сұқ 
қол дейді. Біздің ойымызша, уüksük сөзі, о баста yüs+kük болу керек те, с/к 
дыбыстарының  метатезаларынан  к/с  болып,  yüs+kük  формасы  тууы  мүмкін. 
Бұл  сөздің  түбірін  «бет,  ажар»  мағынасын  беретін  жүз  сөзінен  шығаратын 
пікір де бар   [3, 95 б.]. 
Мойын. Мойыны алманың сабындай. 
Бұл сөз түрліше фонетикалық тұлғада (буйин, боюн, муен, мойду) қазіргі 
түркі  тілдердің  көбінде  кездеседі.  Мойын//бойын  сөзі  жеке  қолданылатын 
бой  сөзіне  -ын/-ун  жұрнағы  жалғану  арқылы  жасалған.  Бұл  сөз  қазірде  де 
түркі  тілдерінің  көбінде  (қазақ  тілінде  де)  «бір  нәрсенің  биіктігі,  адамның 
тұлғасы,  денесі»  деген  мағынада  қолданылады.  Ал,  -ун/-ын  жұрнағын 
біреулер  шағын  деген  сөздегі  -ын  қосымшасы  сияқты  кішірейту  жұрнағы 
десе,  басқалар  оны  тәуелдік  жалғауы  деп  қарап,  ол  деген  сілтеу  есімдігінен 
шыққан  дегенді  айтады.  (Исхаков.  Некот.  Предположения...,126).  Оғыз 
тобына  жататын  (түрік,  азербайжан,  гагауыз)  түркі  тілдердегі  б  дыбысынан 
басталатын  сөздер  қазақ  тілінде  м  дыбысымен  айтылатыны  мәлім  (бен/мен, 
бұндай/мұндай, бең/мең, беңіз/маңыз т.б.). Сол сияқты басқа түркі тілдерінде 
бойун//бойын болса, қазақ тілінде мойын түрінде айтылады [3, 146 б.]. Büyük 
boynumla ve dertli gözlerimle düşünüyorum (R.H.Karay) [4, 172 б.]. 
Орда. Ордасын ел тіксе де мен тікпен. 
Орда  сөзінің  қазақ  тіліндегі  қазіргі  мағынасы  «мәдениеттің  ғылымның 
искусствоның шыққан, өскен, дамыған жері, ошағы, бесігі» деген мағына.  

81 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
Орда  сөзі  көпшілік  түркі  тілдеріне  ортақ,  бір  кезде  олардың  көшпелі 
тайпалары  бірлестіктерінің  аты  және  сол  бірлестіктердің  билеуші 
орталығының  тұрған  жері,  мысалы:  хандардың,  бектердің  билік  жүргізген 
жері болған: Ақ Орда, Алтын Орда т.б.  Осыдан  барып  орда  сөзінің  «еңселі  
үлкен үй» деген мағынасы шыққан. Біздің ойымызша, орда сөзі, орын (орна, 
орнау,  орналасу)  сөзімен  түбірлес.  Тайпа  бір  жерге  (орналасты,  орнады) 
дегенді  Махмұд  Қашғаридың  заманында  ordu  landi.  (М.Қ.,  т.І,  296)  Орда, 
басқаша  айтылуы  –  орду  сөзі  түркі-монғол  тілдері  үшін  ортақ    және  бұл 
тілдердің сөздігінде байырғы сөз болып есептелінеді. Оның бастапқы мәні – 
«үй», «ханның үйі», «сарай үйі», «салтанат үйі», осыдан «ханның, билеушінің 
резиденциясы, ордасы» деген жаңа мағына пайда болған [3, 53 б.].  
Бұл  сөз  түрік  тілінде  «ordu»  формасында,  белгілі  бір  мемлекеттің 
күштері  мағынасында  қолданылады.  Türk  ordusu  yurdumuzu  ve  ulusumuzu 
koruyor [4, 720 б.]. 
Хатын. Енді Әділдің хатыны шиғыр айтып жылайдүр. 
Хатын  сөзі  түркі  тілдерінің  көбінде  қолданып  келе  жатқан  сөз.  Ол 
М.Қашқари  сөзігінде  «ақ  сүйек  (хан,  төре,  бек)  қызы»  деген  мағынада 
жұмсалған, кейін «ерге шыққан әйел» дегенді білдіретін болған. Сол сияқты 
ескі  түркі  жазу  нұсқаларында  да  қатун/хатун  сөзі  екі  мағынада  қолданған. 
Қазіргі  түркі  тілдерінде  бұл  сөз  екі  фонетикалық  вариантта    кездеседі. 
Біреулерінде к/қ дыбыстарынан басталса (қазақша қатын, башқұртша катын, 
қырғызша  қатын,  алтайша  қадым),  басқаларында  х  дыбысынан  басталады. 
Татарша хатын, өзбекше хатим, якутша хотун. Қатын/хатын сөзінің бастапқы 
мағынасы  –  ханым,  бәйбіше, әйел,  кейін күйеуге шыққан  әйел,  зайып.  Якут 
тілінде  де  бұл  сөз  «қайын  ене»  түрікше және  монғолша,  керісінше  тек  қана 
«ханым, үлкен кісінің әйелі» деген мағынада қолданады. Қазақ тілінде қатын 
сөзі  көбінесе  сөйлеу  тілінде  қолданады,  ал  әдеби  тілде  оның  орнына  әйел, 
зайып, жамағат, жұбай сөздері жұмсалады. 
 Кейбір  зерттеушілердің  айтуынша  қатын  сөзі  дербес  қат/хат  сөзі  мен  -
ын  жұрнағынан  құралған.  Дәлел  ретінде  тува  тілінде  кездесетін  када  –  апа, 
кадай  –  зайып,  кат  не  –  қайын  ене  және  шор,  хакас    тілдерінде  кат  -  әйел 
деген  сөз.  Бірақ  бұл  пікір,  біздіңше,  әлі  де  болса  анықтауды  керек  етеді. 
Бұдан  басқа  қатын  деген  сөзі  корей  тіліндегі ка  –  үй  және  тын  – жан  деген 
сөзден  шыққан.  Сонда  қатын  үйдің  жаны  яки  әйел  дегенді  білдіреді  деген 
пікір бар.  
Бұл  сөз  фин  тіліндегі  vaimo  -  әйел  (  түбірі  vaim  –  жан)  сөзбен 
байланысты деген күмәнді топшылау бар. 
Хатун  сөзін  В.В.Бартольд  «ханша,  госпожа»  мағынсындағы    соғды-
парсы сөзі түркі-монғол тілдеріне кейін енген деп табады [3;123]. 
Хатун  сөзі  түрік  тілінде  көнерген  сөз  ретінде  қарастырылады.  Хатун 
бұрынғы уақытта жоғары лауазымды білдіретін титул болса, қазіргі кезде бұл 
сөз «kadın» формасында жалпы әйел мағынасында қолданылады [4;440]. 

82 
 
  А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
Хан.  Төрелер,  хандар  сөзін  сөйледі.  Хан  сөзін  әдетте  түркі-монғолдың 
қаған  (арабтарша  хакан)  сөзінің  ықшам  варианты  деп  есептейді.  Қаған/каан 
сөзі  В.В.Бартольдтың  айтуынша,  монғол  империясы  дәуірінде  ең  жоғарғы 
билеушіні  де,  империяның  жеке  өлкелерінің  билеушілерін  де  білдірсе, 
кейінрек  бұл  тұлға  хан  түріне   көшкен.   Ал   хан   сөзі  монғол  империясы  
құлағаннан  кейін  жалпы  әміршінің  («государь»  дегеннің)  титулы  болған  [3, 
66 б.].  
Хан  сөзі  Осман  империясының  падишахтарының  аттарының  соңынан 
қолданылатын  титул  атауы  ретінде  кездеседі:  Sultan  Selim  Han  müthiş  bir 
padişahtı [4, 432 б.]. 
Тарпаң.  Кертағыдайын  таңдасқан  тарпаңдайын.  Бас  білмейтін, 
үйретілмеген,  асау  жылқы  [7,  28  б.].  Түрік  тілінде  öğretilmeyen  at  yabani  at, 
яғни жабайы ат мағынасында кездеседі [4, 466 б.]. 
Ақбөкен.  Зат.  Зоол.  Бұғағы  ақбөкеннің  таңындай.  Ешкісінде  мүйіз 
болмайтын,  бөкендер  туысына  жататын,  өте  жүйрік,  шөлге  төзімді,  аша 
тұяқты жануар [7, 139 б.]. Түрік тілі сөздіктерінде бұл сөздің нақты баламасы 
берілмейді,  оны  тек  «sayga»  формасында  беріліп,  дала  антилопасы 
мағынасын беретіндігін байқаймыз. 
Ер. Ер қаруы екі қол, Ер шырағы екі көз. Қазіргі түркі түркі тілдерінде 
еr~ir  ~ijr  ~  эr  ~ar  ~  är  түрінде  қолданылады:  Қазақ,  қарақалпақ  er,  башқұрт, 
татар  ijr,  ноғай,  құмық  эr.  Көне  түркілік  er  Орхон  ескерткіштері  тілінде 
кездеседі  erikli «ерікті» Kultegin jiti otuz jasina qarlq budun erür barur erikli jayï 
boltï «Күлтегін жиырма жеті жасында қарлұқ халқы жүре бара ерікті (нағыз) 
жау  болды»  орта  ғасыр  және  қазіргі  түркі  тілдеріндегі  erkek/ijrkek,  қазақ, 
қарақалпақ еркек, татар, башқұрт ijrkäk, ноғай, құмық эrkek «ер адам», erkin: 
қазақ  еркін,  қарақалпақ  erkijn  [6,  84  б.].  Түрік  тілінде  ер  сөзі  бірнеше 
мағынаға ие. 1. Еркек, 2. Батыр, 3. Әскер, 4. Өз жұмысын жақсы білетін адам, 
6. Жұбай мағыналарын береді [4, 335 б.]. 
От. «От жағалай іс көрдім». Ескі қыпшақ тілінде от; қазақ, қарақалпақ, 
ноғай от; башқұрт, татар ut [6, 147 б.]. От сөзі түрік тілінде «ot» формасында 
қолданылып,  шөп,  жалпы  өсімдік  мағынасын  береді:  At  otla  beslene  bir 
hayvandır [4, 724 б.]. 
Көз. «Ер шырағы екі көз» – қазақ, қарақалпақ, ноғай köz; татар, башқұрт 
küz/kör [6, 115 б.].  
Түрік  тілінде  “göz”  сөзінің  қатысымен  бірнеше  тұрақты  сөз  тіркестері 
мен  сөз  тіркестері  жасалады.  Негізгі  мағынасы  көру  органы  ретінде 
түсіндірілетін бұл сөз көбінесе етістіктермен тіркесіп отырады. Trahom virüsü 
hastaların göz akıntılarında bulunur [4, 405 б.]. 
«Әділ  сұлтан»  эпикалық  жыры  лексикасының  негізі  қыпшақ  тілі 
лексикасы  болғандықтан, ол сөздердің көпшілігі қазіргі қазақ тілі сөздерімен 
бірдей  тұлғада,  бір  мағынада  келіп  жататынын  байқау  қиын  емес.  Әсіресе, 
қазақ  халқының  ертедегі  тұрмысына,  салт-дәстүрлеріне  қатысты  сөздер  мен 
сөз тіркестерінің шежірелердегі қолданылған түрі мен бүгінгі тіліміздегі  

83 
 
                                        А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013 
 
тұлғасы  да,  мағынасы  да  аздаған  фонологиялық  өзгерістерді  есепке 
алмағанда бірдей түсіп жатады.  
«Әділ  сұлтан»  эпикалық  жырындағы  сөздер  қазіргі  әдеби  тілімізбен 
сәйкес  келеді.  Жырда  қолданылған  сөздердің  дені  қазіргі  лексикаға  тән. 
Сонымен қатар кейбір сөздер мен сөз тіркестерінің де қазіргі түрік тілімен де  
сәйкес келетіндігін байқаймыз. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет