Issn 2307-1079 Dulaty University Хабаршысы Вестник Dulaty University Bulletin of the Dulaty University



Pdf көрінісі
бет3/13
Дата17.09.2023
өлшемі0,58 Mb.
#108296
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
78-89

Вестник Dulaty University
Bulletin of the Dulaty University 
2021, №1 
79 
жылы шыққан «Эмоциялық интеллект» атты еңбегі кітап сатылымында 
бірінші орындарға шығып, аталған мәселенің ғылыми және көпшілікке 
арналған әдебиеттерде осы күнге дейін қызу талқылануына түрткі берді [2] – 
деп есептейді отандық психологтар. Сонымен қатар, отандық психологтар 
зиялы 
қауым 
назарына 
ұсынған 
«Эмоционалды 
интеллект 
және 
көшбасшылық арасындағы байланыс» атты ғылыми мақалаларының ұраны 
ретінде келесідегі американдық мақалды жазған:
«
Сіздер IQ көмегімен 
жұмысқа орналасасыздар, ал EQ арқылы мансап баспалдағында өсесіздер» 
[2]. Аталмыш мақалға жүгіне отырып мансапқа ұмтылудың басты шарты 
даму, адамның тұлға ретінде өзін-өзі жетілдіре алуы, ең бастысы сол 
жетістігін көрсетіп, оны мойындата алуы. Егер оның жолы американдықтар 
нұсқаған EQ-де болатын болса, оны оқу үрдісіне енгізіп, білім алушыларды 
әлемдік жаңа қағидатқа бейімдеп, негізгі дағдыларын қалыптастыру 
жолдарын қарастыру қажет болады. Себебі мемлекеттің дамуы оның 
экономикасына тікелей байланысты екені белгілі. Қазіргі әлемдік қарқынды 
экономика жағдайында адамдардың белгілі бір ұйымдарды үйлесімді және 
тиімді дамуын қамтамасыз ете алу қабілетін игерген көшбасшының, яғни 
лидердің жаңа форматы қажет. 
Көшбасшылық - теориялық және практикалық тұрғыдан жан-жақты 
зерттелген, ғылыми даму дәрежесі жоғары, үнемі пәнаралық контекстке ие 
ұғым. «Лидерство в организациях информационного сектора экономики» 
тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған А.В. Сундуков еңбегінде 
көшбасшылықтың әр саладағы сипаттарын зерттеген бірқатар ғалымдардың 
топтамасы бар. Олар: Әлеуметтік психология бойынша Б.Д. Парыгин, саяси 
көшбасшылықта Дж. Блондель, ұйымдастырушылық мінез-құлық Р.Х. 
Холл,әлеуметтану М. М. Чемерс, философия К. Дэвис, менеджмент
саласында М.Х.Мескон, М.Альберт, Ф.Хедоури т.б. [3]. Ғалым сонымен 
қатар, көшбасшылық тәсілдер авторларының тізбесін береді: Персоналдық Ф. 
Голтон, Э. Вигэм, Ф. Вудс, Дж. Доуд, О.Тид т.б., ситуациялық К. Берд, Е. 
Богардус, Э. Боргатта, Г. Персонон, Ф.Фидлер, Э. Хартли, т.б., мінез-құлық
жүріс-тұрыс Қ. Аргирис, В. Врум, К. Джиб, Ф.Йеттон, Р. Лайкерт, К. Левин, 
Д. Мак-Грегор, А. Маслоу, Т. Митчелл, Р.Стогдилл, Р. Таннебаум, Р. Хаум, 
Дж. Хемфилл, Е. Холландер, С. Шартл, В.Шмидт, С. Эванс және т.б., 
әлеуметтік-танымдық А. Адлер, Б. Калдер, Дж.Келли, Р. Лорд, В. Мишель, 
Дж. Пфеффер, К. Роджерс, Дж. Роттер, Дж.Филлипс және т.б., құндылық Р. 
Гринлиф, С. Кучмарски, Т. Кучмарски, В. Р. Суханов, Г. Фейрхольм, К. 
Ходжкинсон және т.б. Ақпараттық экономикадағы көшбасшылықтың 
заманауи теориялары келесі бағыттар бойынша зерттеу нәтижелерінен 
тұрады: қазіргі көшбасшылықтың интегралдық жалпылама теориясы Дж. 
Дея, П. Сенге, О. Шармер, Дж. Яворски, М.Янга және т.б. кең ауқымды 
халықаралық зерттеу негізінде әзірленген McKinsey компаниясы. Негізінде 
алға 
қойылған 
көшбасшысының 
жаңа 
қасиеттер 
теориясыIBM 
компаниясының ауқымды зерттеулері мен танымал. Зерттеуге әлемнің 2500-
ден астам IT-директорлар респондент ретінде қатысқан. Ақпараттық 
экономика негізінен теорияны зерттеу бағытындағы жұмыстарға Н. Винер, П. 
Даймонд, А.Н. Колмогоров, Д. Стиглиц, А. Тюринг айтарлықтай үлес қосты. 
Ақпараттық экономиканы зерттеуді А.И. Анчишкин, М. Гатовский, М. П. 
Демин, М. Кастельс, Е. Масуду, Р. Нельсон, Т. Стоуньер, Э. Тоффлер, В.А. 
Трапезников, Д. Харви, Г. Шиллер және басқалар ат салысты. Ақпараттық 
сектордың ұйымдары көбінесе виртуалды іскерлік орта негізінде жұмыс 
істейді, сондықтан виртуалды және желілік ұйымдар саласындағы жұмыстар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет