Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет14/15
Дата06.03.2017
өлшемі2,32 Mb.
#8300
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2015  №4  (29)

АСЫЛ  СӨЗ

оңтайланған  ұзын  тұмсығы  жақыннан  тым

зорайып  көрінеді.  Құсбегілікке  үміткер  қыр

баласы артық қимыл жасамай, ақырын дұрыстап

қараса,  әлгі  жартасты  сауысқан  тұқымы  тегіс

жауып  кетіпті.  Айнала  қара  нөпір  болып,

жыпырлап  отыр,  ине  шаншар  жер  жоқ.

Сауысқанды сақ құс деуі бекершілік пе, әлде, бұл

маубастар тіршілік нышанын байқатпай, тастай

қатып ұйықтаған. Ертеде жаугершілік заманда

көмусіз  қалған  ердің  алдымен  көзін  шұқып

жейтін, тегін олжаға үйір ала құс, қарға-құзғынға

жем  болды  деп  үлкендер  әңгімелейтін.  Сол

сөздің байыбын енді ұққан бала бойы түршігіп,

өзіне  жуық  келген  мықтысын  жасқап  үркітіп

жіберді. Ізінше көз аясындағы аспан пұшпағын

құс  қанаты  тұтас  жауып  торлап,  көлеңкелеп

басты. Киіз үйдің түндігі жабылғандай саңылау

қалмады. Жүздеген құс дүр сілкініп, қопарыла

көтерілгенде күн көзі  көрінбей қалды. Осынау

адам  айтса  нанғысыз  құпия  көріністі  қапияда

бастан кешірген бала қасындағы бейқам досын

жұлқып  оятты.  Оның  сонша  қызықтан  құр

қалғанына өкінді.

Ойбай  тұр,  бізді  өліп  қалған  екен  деп

сауысқан шоқып тастауға қамалапты. Оллаһи-

биллаһи,  ұзын  саны  мың  сауысқаннан  артық

болмаса кем жиналмады десем сенесің бе?! Күн

тұтылғандай көз алдым түгел қарауытып кетті.

Тұр, осы тентірегеніміз жетер, жылдам оралмасақ

апам уайымдайды.

Жаңа оянған серігі керілді. Көгілдір аспан

мөп-мөлдір,  титтей  тозаң  көрсеші.  Ол  мың

сауысқан  түгіл,  маңайынан  жалғыз  қарға

таппағасын әлгі сөзге онша елең етпеді. Даңғаза

тірлік өзімен қоса оянған тәрізді, күн астындағы

дөңгелек  дүние  бей-жай  айналып,  айдалаға

маңып барады.

Жайлауда  ел  көкорай  майса,  сулы-нулы,

көрікті жерді таңдап қонады. Шілденің ортасына

таман  өзен  бәсеңсіп,  дыбысы  білінбей  ағады.

Арқаның  тұнық  сулары  сауыттас,  құмыралас,

бір-бірімен  жерастымен  жалғасқан  тұңғиық

сулар. Өзен дәл жиегіне дейін ентелеп бармасаң

көзге  шалынбайды,  жағасын  ат  бауырынан

асатын  қалың  шөп  көмкеріп  байқатпайды.  Су

ішінде  ыстықтап  жылқы  тұрады.  Қарақат  пен

мойыл,  итмұрын  киіз  үйдің  іргесінде  өседі.

Керегені түріп, теріп жей бер. Өзен төрт түлік

мал үшін. Ауыл ауызсуға құдық қазып ішеді. Жерді

шұқып  қалсаң  тізеден  су  толады.  Тамыз

тамылжымай  тұрып  то мар  үсті  қызыл

бүлдіргенге  тұнады.  Жас  балалар  бүлдіргенді

аунап  жатып  ерін  ұшымен  теріп  жейді.  Жазда

көшпенділер атамекенде аунап-қунап құлпырып

кететін халық. Наурыздан соң табиғат мейіріне

әбден еркелігі өтеді. Ақ молаяды, мал тойынады,

қазақтың жүрегі ағарып, уайым-қайғыны мүлде

ұмытады. Осынау ит басына іркіт төгілген ауылда

кесел  меңдеген  бір  адам  жатыр,  сырқаты

алабөтен.  Ол  соңғы  демі  үзіліп,  дүниеден

көшкенде  Алыбай,  Шоқайдың  тұқымы  өшеді.

Суыт тігілген қараша үйге өне бойын іріңді қотыр

басып  кеткен  Шоқайды  бөлек  жатқызды.

Аурудың  емін  бұл  өңірде  тірі  пенде  таппады.

Шоқайды  шал  деу  тіпті  қиянат.  Пайғамбар

жасына әлі жетпеген, дерті қас қаққанша жүдетіп,

өңін бұзып жіберді. Қапсағай бойлы азаматтан

арсиған қу сүйек біреу қалды. Ендігі Шоқайдың

халі мүшкілдігі сонша, ажалын аңдып, құдайын

салғыласпай жайына қалдырды. Басында аузы

суланып  қотыр  пайда  болған  желкесі  еді.  Бұл

пәлекет  суды  сүйетін  жұт  екен.  Су  тисе-ақ

сүйсініп қауға түскен өрттей өршіп кетті. Дуылдап

қышығанда шалдың жаны зорға шыдайды. Он

саусақты аямай салып, тырнағымен қызыл шие

қылды.  Аз  мерзімде  әзиз  жаннан  түңіліп,  көзі

шүңірейіп  әбден  арыды.  Құмалақшы  кемпір

кендір  күйдіріп  басса  да,  қаптаған  жара  бой

бермеді.  Қара  шыбын  қырғидай  тиіп,  тірідей

шірігенше  өлгенім  артық  деп  қиналды.  Тәні

қорланған шалдың рухы жеңілді. Тәуіп-балгерден

шипа табылмады. Шалдың өз қалауымен жеке

үй тігілді, сірә, ол өз-өзінен жиіркенгені шығар.

Өлең  төсегін  лас  денесімен  таптауға  қимаса,

құлантаза  айығуға  үміт  еткені.  Көңілін  сұрап,

қабағына қарап күткен жамағайын өзін мүсіркеп,

итаяққа  ас  құйып  жатқандай  жатсыну  сезімі

Шоқайды өзгелерден қара таспен бастырғандай

бөліп  тастады.  Бейсауат  жан  қараша  үйге

беталды бас сұғуға құлықсыз. Шоқай өзін шіріген

жұмыртқа  сезді  ме,  жоқ  па,  ол  жағын  ел-

жарытып тұспал жасай алмай қор болып жүр.

Науқас тілі байланғандай ешкімге елең етіп бас

бұрғысы  жоқ.  Бір  уыс  бо лып  сарылып

жатқаннан өзгесі жоқ. Кемпір күндіз шалының

қасында отырады, түн баласы отауға қонбайды,


89

шеткерек  төсегі  салулы,  шалын  жалғыз

қондырмайды. Шоқай ажалға көнбегенде өткен

ата-бабадан  жаны  ардақты  емес.  Тек  Алладан

басына  түскен  бейнетке  төзетін  сабыр  тілеп

кемсеңдеген. Бұл жалғанда өкінерлік не бар тәйірі

деп тарынып, ойға шомған шал. Өлдің - өштің.

Жарық дүниеде аз күн сайрандап, қуанып һәм

жылап көргеніңе ризашылық қылу керек. Бұған

дейін  Тәңір  аса  тауқымет  тартқызбай  мінгені

жорға,  ішкені  қымыз,  жегені  жылы-жұмсақ

болғаны, о да бір алдамшы дәурен екен. Өзі аз

атада ұрпақ жалғастыратын соңғы буын үзілмек.

Әттең  інісі  жас  кетті.  Күнбала  келін  көргенді

жердің адал сүт емген қызы болса да, әйелдің

сұлтаны атанса да, ұл тууға жарамады. Келіннің

кілең қыз тапқанына іші ашиды. Өзінен туған екі

қыз бойжеткесін жат босағаға сіңіп кеткелі қай

заман.  «Жиен  ел  болмас»  деп  өгейсуді  қазақ

қатыны  ұл  тумағасын  бір  күңіреніп  отырып

айтты ма екен. Соңғы кезде Шоқай бәлкім, осы

өкінішінен де арылды. Бұл фәниді қимау әншейін

бекершілік, осалдық шығар... Алда не күтерін кім

көріп келіпті. Өлсе жаны көкке ұшар. Итжанды

үміт сарғайып үзіліп барады.

Кемпірі күндіз отағасын күншуақтап далаға,

көкмайсаға  сырмақ  салғызып  жат  деп  тәуір

үгіттеп көндіре алмады. Өзі кәрі сүйегін күнге

қыздыруға құмар болғасын да маған тықпалайды

деп  жақтырмай  ойлады  шал.  Айнала  анталап,

еріккен  жұрт  тамашалап  көрсін,  шіріп  жатқан

сұрқымнан жиренсін деп шыға ма. Өлсе кебінге

орап  сүйегін  бір-ақ  алып    шығады  осы  қараң

қалғыр қуыстан. Әйтпесе ала жаздай серуеншіл,

дырдушыл  бейқам  елдің  Шоқайдың  азабында

несі бар? Тас түскен жеріне ауыр. Таңертең үйге

келіні Күнбала бас сұқты. Ол ағайынға мезіреті

жасап отауға оралғасын, жерошаққа екі табаның

арасына салып, шоққа көміп нан салды. Күнбала

қызыл ірімшікке мәйек қосып пісіреді. Іші қуыс,

кесек-кесек,  жесе  сықырлап,  дәмі  тіл  үйіретін

майлы тағам. Алтықанат ақ үйде жоқшылықтың

жұрнағы  жоқ.  Тұрмысы  түзу  болғанмен,

Күнбала жесір, көңілі сынық әйел еді. Марқұм

ерінің арғымағы құйрық-жалы тұлданып, кесулі

құйрық босағада ілулі тұр. Шоқайдың жалғыз інісі

Алыбай  қайғылы  қазаға  ұшырағалы  жыл

жарымнан  асты.  Әйелі  тетелес  үш  қызымен

еңіреп артында қалды. Күнбала қимылы шалт,

көзінің ағы мен қарасы мол, биік қабақты әйел.

Жаз ауған тұста, қайнағасының беті бері емес,

ары  қарап  кете  ме  деген  қауіп  күшейгенде  ру

жақсылары Күнбалаға кісі салыпты. Қарасуық

түспей,  іске  қам  қылмаққа  асыққан  ниеттері

белгілі  болды.  Қазекем  я  жесір  дауын  жаны

сүйеді, я мынау соның алдын алып, жазатайым

жесір дауы өршіп кетпеске қарсы жасалған айла.

Күнбала  осындай  бір  шикі  әңгіменің  түбі

қозғаларын  сезсе  де,  салмағын  пайымдап

үлгермеген,  буынсыз  жерден  пышақ  ұрғандай

ауыр  қабылдады.  Естіген  құлағын  жазықты

санап,  есеңгіреп,  жер  шұқып  отырып  қалды.

Сөйтсе,  Күнбала  жетім-жесір  күйінде  көрші-

қолаңға, ағайын-туысқа көзге шыққан сүйелдей

артық көрінген заман туыпты. Бұдан былай ол

қорғансыз қыз балаларымен, ер-азаматсыз жеке

тұруы шариғатқа қайшы екен, өзі көздің құрты,

елдің  намысына  нұқсан  екен.  Жесір  әйел

әмеңгерлік салттан -  ата-бабаның ақ жолынан

аттамай,  ел  тыныштығын  ойласа  Алыбай,

Шоқайға  төрт-бес  атадан  қосылатын

Мырзабекке, Есжан тақырға, бәленше, түгеншеге

біреуін  таңдап  тиюге  кесулі  жауабын  тездетіп

бергені жөн. Осал хабар емес, бірақ Күнбаланың

көзінен тамшы жас шыққан жоқ. Тек жаулығының

шетін тістелеп, түйіліп алды. Әншейінде бейжай

көңіл-күйге  құлап  жүретін.  Алыбай,  Шоқайға

біткен  қалың  жылқының,  ырыс-несібенің

бөтенге бұйырғанына көну жоқ. Балаларының

ырзығы бөгденің уысында кетпекші. Қараорман

өлең төсегінен мұрнын тескен тайлақтай көшіріп,

малына ие табылып жетектеп әкетпекші. Құлан

құдыққа құласа құлағында құрбақа ойнайды. Өлі

арыстаннан тірі тышқан артық болғаны ғой. Мал

ашуы – жан ашуы екені рас. Күнбала ыза буғанда

көп толғанып жатпады. Аяқ астынан әмеңгерін

тапты. Ол марқұм жарының түтінін өшірмеуге,

ақ адал малын бөтенге талатпауға бекінді. Ертеңі

бұлдыр түлкі құйрық дүниені тазы болып шалуға

нар  тәуекел  еткені.  Күнбала  әмеңгерге  лайық

күйеу осы деп бір аяғы жерде, бір аяғы көрде әл

үстінде жатқан егде Шоқайды таңдады. «Байға

ти  десеңдер  мақұл.  Исі  бөгдеге  кетуге

наразымын. Тисем, тек Шоқайға ғана тиемін. Іні

өлсе, аға мұра. Қайнағам әзір көзі тірі, иншалла,

татар дәмі әлі таусылған жоқ. Жүгірген алмас,

бұйырған қашпас. Кебін киген келмейді, кебенек


90

киген  келеді.  Алланың  бұйрығымен  қайнағам

науқасынан арылса, әмеңгерлікке мен көндім» -

деп ауылдың атқамінерлеріне жауабын Күнбала

нық несіп айтты. Естіген жұрт астафыралла деп

тегіс жағаларын ұстады. Өлмегенде несі қалды

әй, сірә, қара күзге ілінбес байғұс десіп мүсіркеген

Шоқайлары сөйтіп жас әйелге қожа, бас болуға

жарағаны дүйім елге аяқ астынан мәлім болды.

Алайда, тірі жан сұғанақ пиғылмен бұнысы несі

деп батып дауыстап айта алмады. Аталы сөзге

арсыз тоқтамайды. Жас әйелді тас-түйін жұмбақ

мінезге  итерген  Алыбай,  Шоқайдың  дөңгелек

дәулеті ме, әлде аналық парызы ма?!

Алыбай  көзі  тірісінде  қаладан  үй

салдырмақ ниетпен жәрмеңкеге үйірлеп жылқы

айдатып  сатқанын  ел  біледі.  Күнбаладан

дәмеленген,  жастығын,  адуындығын  мақтан

еткен  қайсыбір  бөрікті  оның  тосын  шешімін

естігенде  ішіне  шоқ  түскендей  шоршыған

сыңайлы. Күнбаланың шалы несі? Адасқаны ма,

әлде  астамшылығы  ма?  дескен  жас  қатындар

жағы  қалай  жоруды  ұқпай  дағдарып:  «Бәсе,

Алыбай,  Шоқай  текті  тұқымнан  тараған,

ертеректе,  бабасының  тұсында  ерекше  қыдыр

қонып, бақ дарыған берекелі шаңырақ еді. Тек

басқа  жарымағаны  рас,  осалдығы  ол  бір...

Сондай тұқымның оты сөнбегені абзал. Мына

келін  ерен  есті  жан  екен,  айналайын.  Ақыл

жастан, асыл  тастан, ата-баба  дәстүрін бұзбай

ардақтағаны  қаншалық»  деп  қошамет  қылды

Айманбет  байдың  бағзыда  өткен  салтанатын

ұмытпаған көнекөз қариялар.

Алайда,  Күнбала  таңдауын  таңдағанмен,

келешек қосағы осы қисайғаннан тұяқ серппей

қалу қаупі зор. Заман да тыныш емес-ті. Бұрынғы

ата-бабаның көшін сәндеп, малын төгілте айдап,

сауықтатып,  күн  нұрына  ілесе  көшкен  өмірі

көзден бұлбұл ұшқан, қоныс қусырыла, тыныс

тарыла бастағалы қашан. Ұлық орысқа қараған

ел  өктем  өзгерістердің  салқынын  сезіп  жүр.

Алайда жер түбіндегі бұл ауыл көшпенді салттан

сынық сүйем ажырамаған, қаймағы бұзылмаған

қалпы.  Атамекен  топырағына  өзгенің  табаны

тиместей бейқам, керенау.

Бір тасты бір тас қозғап, Күнбала шұғыл

харекет қылды. Ештен кеш жақсы. Ол өліараның

өтуін күтті. Жаңа істі ай жаңарғанда бастау ләзім.

Ай  жарықтық  орақтанып,  сызыла  туғанын

күткенше  ешкінің  құйрығы  көкке  жетердей

дегбірсізденген. Ай туысымен, жас әйел айға бата

жасап, «Ай көрдім, аман көрдім. Ескі ай есірке,

жаңа  ай  жарылқа,  аллау  әкбәр!»  деп  бетін

сипады.


Қараша үйде нашарлай түскен шал жатады,

аунауға  зорға  шамасы  бар.  Кемпірі  шалының

қасында қаққан қазықша қадалып отыра беруге

белі  құрғыр  шыдамайды.  Артық  күрсінуге  де

именіп, көңілсіздікке шырмалса, бие сауымға жас

балаша  қуана  жүгіреді.  Күнбала  науқастың

қасына тізе бүкті. Бұл жолы келін назарын тіктеп

сөз бастады.

- Қайнаға, - деді келіні, дауысында ұстаның

темір  балғасындай зіл  бар.  - Өне-бойы  иленіп

жата бермей басыңды көтер. Сөз тыңда. Әулие

аян бергендей бір жақсы түс көріп, құдайы садақа

қылдым.  Алла  деп,  аруақ  деп,  мына  дерттен

жазып алуға ниет еткен райым бар.

Бір  бүйірде  Шоқайдың  бәйбішесі

абысынының  сөзін  аңтарылып  тыңдап  отыр.

Әлгі сөзге сенер-сенбесін білмей, жаман ауруға

қарсы  ол  не  құдірет  деп  ойлады.  Кемпір

Күнбаланы  іші  теріс  көрмейтін  еді,  тату

әмеңгерлікке қазақ үйренген.

Осы мезетте түрулі түндіктен үйге ызылдап

бір үлкен ара ұшып енді. Түсі күннен жаралғандай

жалқын сары, түкті, сүттей ұйыған тыныштықты

ызыңымен  толтырып,  үйіріліп  ұшып  жүр.

Шоқайдың назары араға ауып кеткендей сезілді.

Ажалдың  айдауына  көніп,  дедектеп  соңғы

межеге  таянғанда  келіні  нені  бықсытып,  нені

көксеп отыр өзі?! Естігені құлағына оғаш, жат

сияқты ауыр күйге шомды. Иттен ілгері, кісіден

кейін күн туғалы шал ойбайламай тыныш өлейін

деп тіл-жағын аяп, мүлде сөйлеспеуге айналған

еді.  Ара  ызыңынан  бөлек  әу  деген  жауап

болмаған соң Күнбала лып етіп көтеріліп қараша

үйден  шығып  кетті.  Шоқайдың  кісікиік  ит

мінезінен тырнақтай да тайсалған жоқ.

Күнбала  қайла  мен  күрек,  күбі  шелек

сайлап Досбол қойшының үйіндегі бозбалаға қол

ақысын беріп, жерошақ маңынан  кісі бойы терең

шұңқыр қаздырды. Ауыл әліптің артын баққан.

Күнбала  қабын  арқалап  даладан  тезек  терді.

Ырымдап қызметші жалдамауды жөн көрді. Өзі

диірмен  тасындай  зыр  қағады.  Шуаяқ  жалқау

әйелдің бес күнде жинай алмайтын тезегін бір


91

күнде  тау  қылып  үйіп  алды,  бейнетқорлығы

ересен еді. Қазылған шұңқырға тезек  толтырды.

Қу тезек тез жанады, жалыны күшті болғанмен

қайтуы жылдам. Жарты қап отынды үстемелеп

шұңқырға тастап жіберсе, бәсеңсіген от қайта

аспандап  лапылдайды.  Шұңқыр  іші  жылуы

қайтпаған күлге толғанда от жағуын доғарды.

Дереу қайнағасына асығып жетті.

-  Қайнаға,  тәңір  деп  ем  -  домыңызды

қабылдаңыз, жата-жата жамбасыңыз тесілді, –

деп дауыстады Күнбала таяп келіп.

Шоқай ояу екен, ақырын қозғалды, бірақ бетін

іргеден аудармады.

-  Алыбайдың  көкесі-ау,  қазір  сені  күлге

салуға  өзім  арқалап  апарамын.  Қоламта  суып

кетсе, менікі құр босқа арам тер болар. Еңбегімді

еш  қылмай,  қисаймай  ақылға  келіңіз,  –  деді

келіні.

- Е, қарағым, не де болса жөніме өлейін,



қайтесің мені әурелеп.

Соңғы жұмада шалдың адамша тіл қатқаны осы

бір ауыз сөз.

Күнбала еңкейіп шалды құшақтай көтеріп

иығына салды. Арыса да Шоқайдың сүйегі ауыр

екен,  әупіріммен  арқалап  шұңқырға  әкелді.

Сүйеп тұрып үстіндегі лыпасын сыпыра шешіп,

тыржалаңаш  қайнағасын  жұмған  аузын

ашқызбай, шапшаң қимылдап  күлге тоғытты.

Шоғы  сөнгенмен  қызуы  ғажап,  жұп-жұмсақ

күлге күллі денесін көміп домалантып шалдың

басын қалдырды. Шал соңғы айда дала көрмеген

соң  көзін  бір  ашып,  бір  жұмып,  күн  нұрынан

жасқанып  әлек.  Басынан  кешкен  көртышқан

мимырт тірліксымақтан әбден сарғайғанын, күн

шұғыласын өлердей сағынғанын енді ұқты.

- Алланың кеңшілігі мол. Көзіңді шарт жұмып

алмасаң,  жел  жазатайым  лүп  етсе,  күл

толмасын, абайлаңыз, - деп қамқорлық білдірді

келіні.  Күн  сәулесі  екі  көзін  түбінен  ұясымен

суырып алардай, шалдың басы айналып, есінен

танып сұлқ қалды. Осы кезде інісінің үш қызы

жабықтан  сығалаған.  Олар  анасы  атасын

шұңқырға  таяқ  құсатып  шаншып  қойғанына

таңданысты.

Дөң  басында  жылқы  үйіріліп  саябыр

тауыпты. Күн еңкейген кезде Күнбала әлеуетті

қолдарымен шалды күлден суырып алды.

Енді  Шоқайдың  анадан  тумай  жалаңаш  екені

мүлде байқалмады. Есігінің алдына өрмек құрған

кемпірлер қарай қалысқанда артынан солай деп

бәтуаласқан.  Оның  денесін  күл  тұтып,

мүйізденген қотырлардың аузын үлпілдеп көміп

тастапты.  Келіні  кең  шапанға  әлжуаз  денені

нәрестені  жаялығына  орағандай  орап  жіберді.

Әйел шалды құндақтаулы жас балаша құшақтап,

кеудесіне көтеріп әкеліп орнына жатқызды. Ескі

көрпесін лақтырып, жаңасын салған. Шоқай ақ

сүтін емізген аяулы анасынан  кейін өзін бөтен

әйелдің  бауырына  басып,  мәпелеп  қолына

алғанын түсінді. Дүние жалған-ай, жер бесікке

таянған шағында, сақалы ағарғанда, мұны тағы

бір сәт тал бесікке бөленген нәрестеше көтеріп

алғаның қай жұмбағың еді?

Шоқайдың көңіл әуені өзгергенмен, бірдеңе

деуге  келінінен  ұялды.  Тіпті  өзін  ұялған

тақылеттес сезінгеніне қайран.

Кешкі  ас-дастарқанға  дәу  табақ  ет  пен

ыстық сорпа әкелінді. Шоқайдың кемпірі аурудың

мысқалдап  шығарына  сенген  тәрізді,  қабағы

жадыраңқы. Келінге ілесіп үлкені қоса ере кірді.

Күлді көмеш атасына қараса, қыз баланың ойына

тауық атаулы күлге аунап-аунап алғасын аппақ

жұмыртқа табатыны түсіп, күлкісі келген. Соған

қарағанда күлде бір қасиет бар. Атасы да аршыған

жұмыртқадай тазарып, қотырынан арылып шыға

келер ме екен?! Қыз бала күлкісін жасырып, өзі

үлкен апасының тасасына тығылып отыр.

Биылғы  жаз  нөсерлі.  Күндіз  ыстық

болғанмен даланың түні ызғарлы болады. Жұрт

киіз  үйде  қалың  көрпе  жамылып  ұйықтайды.

Күнбала тас қараңғы үйде, құс төсегінде жатып

әрнені ойлап ұйқысы қашты. Кенже қызы жып-

жылы  болып  бауырында  ұйықтайды.  Жетім,

жесір отырма, әлдекімге сіңіп, көзіңді құрт дегені

ғой. Атқамінер ағайын мұның аштан өліп, көштен

қалмасын  бек  біледі.  Әйтпесе,  Алыбайдан  аз

дәулет қалған жоқ. Үш баласы мен өзіне жетіп

артылады. Осы отырғанын көпсініп, қатын үстіне

қатын  бол,  өзіңдікі  өзіңе  бұйырмасын  дейді.

Мұның  адал  малын  бұғының  қара  санындай

олжалап алғысы келген қасқөй бар. Әлдекімнің

отымен кіріп, күлімен шығатын күң болып туған

жоқ,  жаман  қатынын  итше  ырылдатып,

аңдыстырып,  күндестікке  көнуден  сақта.  Үш

баласының ырысын төгіп, өздерін жаутаңдатып,

бөтен босағада телмірткенше, Күнбала жер басып


92

жүрмегені жақсы. Мысық тілеуді жеңудің, жат

пиғылдың  мысын  құртудың  жалғыз  жолы  –

Тәңірдің құдіретімен Шоқай өлмей, тірі қалуы тиіс.

Жат жарылқамайды, өз өлтірмейді.

Алакөбеден Күнбала отын іздеп сандалды.

Жақын маңайдан тезек қалдырмай теріп алған

өзі. Сиыр малы жайылатын кең алқапқа енгенде

шығыстағы көкжиектен найза бойы ілінген күн

жарқырап кетті. Түнімен жер түгіне тұнған қалың

шықты  күн  сәулесімен  үрлеп,  кептіріп

үлгермепті. Шалғында ара мен көбелек, маса мен

көк  бас  сона  гүж-гүж  қайнайды.  Бұталар  мен

өсімдіктердің тақиясына шық мол түскені сонша,

Күнбаланың етегі малмандай су болды. Бір тәуірі

былғары  мәсі  табанынан  сыз  өткізбейді.  Жас

әйелдің өткір көзі анадайда жұдырықтай құс гүл

қауызынан тұмсығын шылап су ішіп отырғанын

көрді. Ол тізерлеп, шық дәмін татқысы келіп, қос

алақанымен гүл шоғырларын, шөп басын көсіп-

көсіп алып аузына апарды. Бір жұтым су алғанда

балаша шаттанды. Дәмінде жаңбыр мен көк исі

бар.  Жүрегіне  ойнақы  қуаныш  асау  жылқыша

тасырлап енді. Өмірдің таңғы шықтай тазарып,

кей-кейде сұлуланып мөлдіреп кететіні ғажап. Со

азамат  жақын  тоғайдан  белгісіз  аңның  тісін

шықырлатып сүйек кемірген дыбысын құлағы

шалды. Күнбала демін ішіне тартып, саусағының

ұшы  сырғасына  тиіп,  ақ  жаулықтан  құлағын

ашыңқырап, елеңдеп тың тыңдай қалды. Сонда

саққұлақ аң да тым-тырыс тына қалды. Қасқыр,

әлде түлкі. Әйел кезбенің кезінен сақтанып кері

бұрылды.  Адам  аяғы  алыстаған  сайын  сүйек

кеміру  қайта  жанданды.  Тымық  күнде  туу

алыстағы қойшының итіне айқайлағанына дейін

бұзылмай  естіледі.  Иірім-иірім  жарлауыттың

арасына өскен қалың шіліктен өткенде сайрауық

құстардың үні шырқады.

Күнбала қараша үйге енгенде шалдың екі

көзі есікте жатқанын көріп күлімсіреп еді, лезде

онысын  әбес  санап  тиылды.  Құдай  оңдаса,

қалжыңға да кезек келер. Екінші мәрте Шоқайды

жылуы  күштірек  күлге  салды.  Естияр  қызына

атаңның қасынан жарты қадам ұзаушы болма,

бас-көз бол, шөлдесе қымыз ішкіз деп тапсырды.

«Апа,  мен  күзетпесем  атамның  басына  құс

қонып, саңғырық тастап кетуі мүмкін бе?» деп

сұрады қызы өз ойына өзі иланып, я қуланып.

«Бос сөзді айтпа, жарығым», - деді анасы асығыс.

Қу  тезекті  еселеп  үйіп  тастамаса,  терең

шұңқырды күлге толтыру қиын.

Шалдың  буыны  қатпаған  жас  баладай

былқ-сылқ денесі күлге көміліп нығыз тұр. Өзі

тас төбеден қыздырған күншуаққа сүттей ұйып,

жаны кіріп барады. Өн-бойын билеген әлсіздігін

майтабаннан  желкесіне  дейін  көктей  өткен

ғажайып  қызу  сүлікше  сорып  жұтып,  үптеп

жатқанға  ұқсайды.  Жіліктің  майындай  тәтті,

тілмен айтып жеткізгісіз жұмсақ қызулық сөнген

оттың табынан тәніне ересен болып тарайтынын

ойлап  бас  қатыруға  шама  қайда.  Шал  алтын

күннің ашық реңіне де разы. Аспан жарықтық

көз тоярдай көкпеңбек. Бояуын қызықтап, көзін

қандырғысы  кеп  қарайын  десе  мойны

қасқырдың мойнындай сіресіп шалқайтпайды да

бұрылтпайды.  Өйткені,  құлақ  түбіне  дейін

көмулі. Оның кірпігіне тозаң тұнып қалыңдапты.

«Балам, атаң не күйде?» деп сұрады қап арқалап

терлеп  оралған  Күнбала  қызынан,  қара  жерге

етегін басып, сылқ етіп отыра кеткен күйі. Шоқай

жарық  пен  жылудың  шапағатынан  жаны

жадырап,  бір  уақ  қайғысыз  қалғып  кетіпті,

әлжуаздығы осал тимегені.

«Атам  маужырап  ұйықтап  кетті.  Ұсақ

балалар  да  айналсоқтап  жүгіріп  өте  береді.

Атаңның басынан ат түгіл албасты үріккендей

деп мазақтайды». Күнбала сонда аңғарды, қызы

қолына ұзын ши мен қаздың қауырсынын ұстап

алыпты. 

Баламысың 

деген, 

ойынға


айналдырғысы келеді. Жер құрығандай қиыстап,



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет