Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет10/15
Дата06.03.2017
өлшемі2,32 Mb.
#8300
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2015  №4  (29)

educated and competitive in comparison with other

countries of the regional and international labor market.

That is why foreign investors, when developing their

South Asian  regional  offices,  often  place  them  in

Singapore. In combination with other factors, such

elaborate and pragmatic language policy quickly led to

Singapore's economic rise. Also it is worth remembering

the German proverb "How many languages do you know

so much life you live" [6]. Isolationism, closing within

one language and one culture does not lead to anything

good.


Considering  the  experience  of  European

countries, we support Marat Izhanov’s ideas of solving

Kazakh language problems:

- create a centralized multi-channel reference

system (websites, phones, mail which are quickly and

free of charge)

- create specialized dictionaries (construction,

financial, office vocabulary etc.)

- distribute free Kazakh phrase books (hard form

and online), allowing to communicate in everyday life;

-  develop  an  effective  system  of  distance

language learning (tests, rules, manuals);

- encourage individuals and organizations to make

progress in the use of language (grants, allowances,

benefits) [7].

Sum up, it may be said, that the future of the

state  language  demands  awakening  of  national

consciousness. In civilized countries the destiny of

language is decided by activity of national masses, and

dignity level of the Kazakhs who are in power. And our

main way has to be such. As a complete proof can

serve our life within the last twenty years and historical

experience of the advanced countries.

Reference

1  Gamzatov  Rassul  ?My  Dagestan?

Makhachkala. Daguchpedgiz. 1976.

2 Alexander, Jeffrey C. "Toward a Theory of

Cultural Trauma", in Eyerman, Ron, Cultural Trauma

and Collective Identity, Berkeley, CA: University of

California Press, pp. 1–30 p. 1(2004),

3 A de Swaan An extensive monography, Words

of the world; The global language system (Cambridge:

Polity Press/Blackwell, 2001)

4 Palazhchenko P.: Dialogue of cultures in the

world language space // Free Thought - XXI. - 2004.

- № 6.

5 Izhkenova A. Multilingualism and intercultural



communication in Modern Education. Astana. 2014.

6 Language policy in Central Assia is a recourse

development  or  a  political  game?  [Электронный

ресурс]. – www.centrasia.ru

7 Marat Izhanov ?About the state and official?

blogs.kazakh.ru. 2012.



Резюме

Статья  посвящена  проблемам  языка  в  Республике  Казахстан  начиная  с  1917  года  до

настоящего времени и влияние исторических событии на развитие языка.

Резюме

Мақала Қазақстан Республикасында  қазақ тілінің 1917 жылдан бастап қазіргі уақытқа

дейін даму мәселесін қарастырады және елде болған тарихи оқиғалардың тілдің дамуына әсері

сөз етіледі.

61

МҮШЕЛТОЙ. АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА 75 ЖЫЛ

2015  №4  (29)

Ж.ӘУБӘКІР, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Абайдың  «Жидебай-Бөрілі»  мемлекеттік  тарихи-мәдени  және  әдеби-

мемориалдық қорық-мұражайының директоры, Мәдениет саласының

үздігі

 РУХАНИЯТ ОРДАСЫ

Абай қорық-мұражайының құндылығы – Абайдың өз заманындағы жәдігерлердің, аса құнды

естеліктердің сақталуында. Соның ішінде автор ең құндысы – Абайдың өз қолымен өлкетану

мұражайына  тапсырған  заттары,  қолжазбасы,  фотосуреттері  туралы  айта  келіп  Абай

мұражайының тарихы мен бүгінгі жетістіктеріне  тоқталған.

Тірек сөздер: Абай мұражайы, тарих, қор, қорық-мұражай, әдеби-мемориалдық мұражай.

«Қазақ халқының киесi, ары мен намысы,

ақылы  мен  жүрегi  -  Ұлы  Абайдың  аруағына

басымды идiм»,- деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев

айтқандайын ұлы ақын мұрасы халқымыздың

баға жетпес асылы. Абай шығармашылығы дала

данышпанының сөздерін бойына сіңірер көкірегі

сезімді, тілі орамды қазақ елінің рухани азығы

болса,  Абайдың  қорық-мұражайы  –  еліміздің

руханиятының  бастау  көзі  десек  еш  артық

айтқандық болмас. Ұлы тұлғалардан қалған баға

жетпес асыл мұраларды  қаз-қалпында сақтап,

ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізу  бағытында  75  жыл

сан-салалы  еңбек  жасап  келе  жатқан  қасиетті

қарашаңырақтың  тыныс-тіршілігі,  тарихы,

болмыс-бітімі де ерекше.

1940  жылы  Қазақстан  тарихындағы

тұңғыш әдеби-мемориалдық музей болып негізі

қаланған  мекеме  бүгінгі  күні  қанатын  кеңге

жайып,  құрамында  қазақ  халқының  біртуар

перзенттерінің  киелі  қоныстары  мен  тарихи

ескерткіштер  орналасқан  қорық  алқабы  бар

еліміздің  қасиетті  рухани  ордасына  айналған

республикалық  қорық-мұражай  дәрежесіне

көтерілді. Абай мұрасын насихаттауда жетпіс бес

жыл еңбек етіп келе жатқан мұражайымыздың

қорында  сан  алуан  жәдігерлер:  қолжазбалар,

құжаттар, ескі басылымдар, бейнелеу өнерінің

туындылары, 

этнографиялық 

заттар,

фотосуреттер  сақталған.  Олардың  әрқайсысы



қазақ мәдениетінен,  тарихынан мол  мағлұмат,

сыр-сипат береді.

Абай қорық-мұражайының құндылығы –

Абайдың  өз  заманындағы  жәдігерлердің,  аса

құнды естеліктердің сақталуында. Соның ішінде

ең  құндысы  –  Абайдың  өз  қолымен  өлкетану

мұражайына  тапсырған  заттары,  қолжазбасы,

фотосуреттері.

Абай  мұрасын  халқы  сақтас а,  о ны

жинаудың басында ұлтымыздың ақыл-ойының

алыбы  М.О.Әуезов  тұрғандығын  бүгінде  еске

түсірмеске болмайды. Ол кезде Абай өмір сүрген

өлкенің дарынды ұлы ақынды көзі көрген Төлеу

Көбдіков, Жақсылық Төлепов, Леймен Ибраев,

Сапарғали  Әлімбетов,  Нұрлыбек  Баймұратов,

Тәңірберген Әміреновтер шоғыры бар еді.

Осындай 

жауапты  да 

ұлы  істе

М.О.Әуезовтің ел ішінде сенім артқан адамдары:

Абайдың  өз  тәрбиесінде    болған  немере  інісі

Әрхам  Кәкітайұлы  Ысқақов    пен  келешегінен

үміт күттірген  жас ғалым  Қайым Мұхамедханов

болды.


Олар 

ұлы 


ақынның 

өміріне,


шығармашылығына, заманына тікелей қатысы

бар  тарихи  дүниелерді    жинау  үшін  өздеріне

жоспар белгілеп,  бірден іске кіріседі. Айдалып,

дүние-мүліктері  тәркіленіп,  жер  ауып  кеткен

ӘОЖ 069.01 (574.42-2С)


62

АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА 75 ЖЫЛ

2015  №4  (29)

Абай  ұрпақтарын  тауып,  солар  арқылы

мүмкіндігінше ұлы ақын өмір сүрген ортаның

жай-жапсарын,  дүние-мүлкін  біліп,  ұлы

ақынның  өміріне,    шығармашылығына,

заманына тікелей қатысты және олардан қалған

жұрнақ    көздерін  жинап  алу    қажет  болды.

Туыстар  арасындағы  байланысты  ақынның

немере  інісі  Әрхам  Кәкітайұлы  өз  міндетіне

алады. Семей, Қырғызстан, Шымкент,  Алматы,

Талдықо рған  және  т.б.  жерлерді  аралап,

туыстарымен, замандастарымен кездесті. Уәсилә

Мағауия  қызы,  Әубәкірдің  әйелі  Кәмәлия,

Пәкизат  Ақылбайқызы,    Шәбеп  Әлімқұлұлы,

Турағұлдың  қыздары  –  Мәкен,    Ақыш,

Ақылбайдың Ысрайылы және т.б. қолдарында

бар  мүліктерін,      түпнұсқа    фотосуреттерін,

құнды кітаптарын, қолжазба-естеліктерін қуана

жинап берді.

Әрхам өз елі - Шыңғыстауды  да аралап,

Абайға  қатысы  бар  заттарды  сақтаған

адамдармен  кездесіп, музей қорын жабдықтауға

көмек берулерін сұрайды.

Мұражай  архивіндегі  деректер  бойынша

1940-1941ж. небәрі 56 зат есепке алыныпты. Ал

1942 жылы 365 зат қабылданған.

1942-1960  жылдар  аралығында  ұлы

ақынның  тікелей  өз  ұрпақтарынан  Абайға

қатысы  бар,  көненің  көзіндей  аса  құнды

жәдігерлер,  естелік-қолжазбалар,    түпнұсқа

фотосуреттер  қорға көптеп түседі.

Музей қорындағы әр жәдігердің кереметтей

тарихы бар. Қолға алып, сипап қалсаң болды,

ғасырлар  үні  естілердей,    сиқырлы  сырлар

ақтарылады...

Солардың ең бастысы ұлы ақынның өзінен

қалған асыл мұра: 1885 жылы  Абай өзінің орыс

до сы  Н.И.Долго поло в  арқылы  Семей

қаласындағы өлкетану музейінің этнографиялық

бөліміне  қазақ  халқының  тұрмыс-тіршілігін,

шаруашылығын,  жасау-жабдығын    көрсететін

елуден  астам  дүниелер  тапсырған  екен.  Олар:

төсек  аяқ,  асадал,  кебеже,  саба,  сүйретпе,

жезмойнақты торсық,  піспек, ет  табақ, әшекейлі

құтылар,  бесік,  ұршық,  қару-жарақтар – айбалта,

шоқпар,  найза,  ұста  саймандары,    музыкалық

аспаптар-қобыз,    домбыра,  сыбызғы,  тоғыз

құмалақ, кіселі күміс белбеу және т.б.

Әрине,  бір  мақала    көлемінде  мұражай

қорындағы барлық мұралар  туралы түгел айтып

шығу мүмкін емес. Ғылыми қорды толықтыру,

экспозицияларды    жаңарту,  құнды  жәдігерлер

іздестіру жұмыстары үнемі жалғаса бермек.

Қысқаша  ақпарат  бере  кететін  болсақ,

қазіргі  таңда  мұражай  қорындағы  жалпы

жәдігерлердің саны — 20 303. Оның ішінде негізгі

қорда — 11 571, қосалқы қорда 8740 жәдігер бар.

Сандық форматқа көшірілген сирек қолжазбалар

мен архив деректері – 2862.

Мұражай  кітапханасындағы  12  мыңнан

ас а  кітаптың  911  кітабы  және  қордағы

кітаптардың 358 кітабы 1917 жылға дейін жарық

көрген сирек басылымдар санатына жатады. Бұл

Ресейдің баспаларынан басып шығарылған орыс

классиктері мен Батыс Еуропа ойшылдарының

кітаптары.

Қор бөлімінде сақтаулы кітаптардың 300-

ге  жуығы  араб  графикасындағы  еңбектер.  Ал

олардың  252-сі  Абай  білім  алған  Ахмет  Риза

медресесінің  кітаптары.  Жоғарыда  айтып

өткеніміздей,  мұражай  қорындағы  әр  жәдігер

өзінше бір тарихи құндылыққа баланады.

Хакім Абайдың қарашаңырағының бүгінде

ел  тарихындағы  тұңғыш  әдеби-мемориалдық

мұражай  болып  саналатыны  өз  алдына,  ал

сонымен  қатар  әрі  тарихи-мәдени,  әрі  әдеби-

мемориалдық,  әрі  қорық-мұражайы  рөлін

атқаратындығы  оның  алуан  қырын  айшықтап

береді.

Қазақ  даласында  бұрын-соңды  мұндай



сан-салалы  қорық-мұражай  болған  емес.

Сондықтан,  мұражай  үйінің  кезінде  Абайдың

қарашаңырағы болғандығы ғимараттың тарихи

мән-мағынасын одан сайын айшықтай түсетін

дәстүрлі дәйек ретінде бағамдауға негіз бар. Ал

мұндағы бөлімдерге жеке-жеке тоқталып өтсек,

ғұлама жазушы Мұхаң дүниеге келген, балалық-

жастық  дәурені  өткен  туған  жері  Бөрілідегі

мұражай-үйі әлем жұртшылығының ұлылыққа

тағзым жасап келетін бірден-бір қасиетті орнына

айналса, дала данышпаны Шәкәрімнің саят қора

экспозициясы,  Абайдың  шәкірті  Көкбай

ақынның мешіт-медресе, мұражайы мен кесенесі

жалпы халқымыздың қадір тұтып, ардақтайтын

абыз мекені саналады.

Сірә,  Жидебай  аты  тілге  алынғанда,

тебіренбейтін жан болмас бұл өңірде. Қасиетті


63

қарт  Шыңғыстаудың  топырағында  жаралған

дара тұлғалардың дені, оның ішінде Абай мен

Шәкәрімнің кесенелері, Абай қарашаңырағы дәл

осы Жидебайда мен мұндалап тұрған жоқ па…

Хакім  Абайдың  150  жылдық  мерейтойы

кезінде 16 ескерткішпен бірге қорғауға алынған

6400 гектар қорық алқабы өзінің әрдайым тарихи

сипатымен ерекшеленеді.

Қазіргі таңда ақын мұражайы еліміздегі ғана

емес әлемдегі ірі музейлермен шығармашылық

байланыстар орнатқан.

«Интермузей»  халықаралық  фестиваліне

бірнеше  мәрте  қатыстық,  ол  бізге  әлем

музейлерінің  озық  тәжірибелерімен  танысуға

мүмкіндік  туғызуда.  Мысалы,  2012  жылы

Душанбе қаласында өткен «Тарихи-мәдени мұра

объектілерін қорғау, пайдалану, жаңғырту және

мемлекеттік  қо рықтардың  мәселелері"

конференциясына  қатысып  қайттым.  Абай

мұражайы  2014  жылы  «ICOM»  халықаралық

музейлер  қауымдастығына  мүше  болып

қабылданды.

Басқару органы «Әлем астанасы» аталатын

Париж  қаласында  орналасқан  қауымдастыққа

мүше болу мұражайымыз үшін үлкен мәртебе

бо лып  саналады.  Омбы  қаласындағы

А.Жүнісова  басқаратын  «Мөлдір»  қазақ

диаспорасы  орталығымен  тығыз  байланыста

жұмыс істеудеміз.

Қазіргі таңда Ресейдің ірі мұражайлары —

Л.Толстойдың  Ясная  Полянадағы  қорық-

мұражайы  және  Мәскеу  қаласындағы

Л.Толстойдың,  сондай-ақ  А.Пушкиннің

мемлекеттік  музейлерімен  және  Орынбор

қаласындағы  облыстың  бейнелеу  өнері

музейімен  шығармашылық  ынтымақтастық

жайлы 


өзара 

келісімдер 

жасалып,

меморандумдарға  қол  қойылды.  Аталмыш

меморандумдар  екі  елдің  ірі  мұражайлары

арасындағы өзара ақпарат, тәжірибе алмасу және

мұнан да басқа түрлі бірлескен жобаларды жүзеге

асыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Еуропадағы музейлермен

нақты  байланыс  орнатылуда.  Атап  айтатын

бо лсақ,  қазіргі  таңда  мұражайымызда

Германиядағы 

әріптестеріміз 

Кассель


қаласындағы  ағайынды  Гриммдер  музейінің

көрмесі жұмыс жасауда.

Музей 

қызметкерлерінің 



ғылыми

іссапарларының  нәтижесінде  Ресей,  Түркия

архивтері мен кітапханаларынан Абай мен оның

заманы,  туыстық,  өнер  айналасына  қатысты

бұрын-соңды  белгісіз  болған,  тың  деректер

табылып, музей қоры молайып келеді. Шәкәрім

Құдайбердіұлының 1927 жылы құс ұстап түскен

фотосуретінің түпнұсқасы, Шәкәрім ауылының

көрінісі,  ауыл  тұрғындарының  суреттері  ғана

табылып  қана  қоймай  Ресей  этнографының

Шәкәрімнен құс баптауға және қазақтардың сүт

өңдеуіне  қатысты  жазып  алған  деректері

табылды.

Абай музейінің қызметкерлері тапқан тағы

бір  тың  дерек  -  Семей  облысының  әскери

губернаторы,  генерал-майор  Карповтың  1893

жылғы  11  қыркүйектегі  №55  бұйрығы.  Бұл

бұйрыққа сәйкес Абай Құнанбайұлы 1893-1896

жылдар  аралығына  Шыңғыс  бо лысына

болыстық қызметке тағайындалған.

Абайдың  ғұмырнамасын  зерттеген

ғалымдардың деректері бойынша, ұлы ақынның

дәл  осы  кезеңде  болыстық  қызметте  болғаны

туралы  ұлы  Турағұлдың  «Әкем  Абай  туралы»

деген  естелігінде  айтылады,  бірақ  о ны

нақтылайтын ешқандай құжат болмаған еді.

Мұражайдың  абайтанудағы  ғылымына

қосқан үлесінің бірі бағыты – ҚР Ұлттық Ғылым

Академиясының  М.Әуезов  атындағы  Әдебиет

және 


өнер 

институтымен 

бірлесе

ұйымдастырылатын 



конференциялар:

«Абайтанушы  Мұратбек  Бөжеевтің  ғылыми

мұрасы»  және    «Абай  Құнанбайұлы:  әдеби

мұрасы 


және 

абайтану 

мәселелері»

тақырыбында 

халықаралық 

ғылыми


конференция. Бұл конференцияға еліміздің белгілі

абайтанушы  ғалымдарымен  бірге  шетелдік

ғалымдар еңбектері де ұсынылды.

Дәстүрлі  түрде  өткізіліп  келе  жатқан

оқушылар мен студенттер арасында өткізілетін

«Абайды  оқы,  таңырқа..»,  «Мұхтар  мұрасы  –

адамзат  байлығы»  және  «Мұтылғанның

тағдыры»  атты  ұлы  тұлғалардың  өмірі  мен

шығармашылық 

мұрасына 

арналған

сайыстарымызға 

қаламыздың 

мектеп


оқушылары мен студент жастары үлкен ынтамен

қатысады  және  қатысушылар  саны  жылдан

жылға артып келе жатқаны қуантады.

2015  №4  (29)

АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА 75 ЖЫЛ


64

«Абай мұражайының кітапханасы» сериясымен

жарық  көріп  келе  жатқан  ғылыми  жинақтар,

зерттеулер,  «Абай  мұражайының  хабаршысы»

журналы,  «Асыл  қазына»  газеті,  «Абай

мұражайының жәдігерлері» кітапшалары жүйелі

түрде шығарылып тұрады.

Мектеп бағдарламасына «Абайтану» курсы

кірген уақыттан  бастап, мектеп  ұстаздарының

алдында туындаған көптеген мәселелерді бірлесе

шешу мақсатында бірнеше қалалық, аймақтық

семинарлар  өткізілді.  Ұстаздар  өздерінің

тәжірибелерімен бөлісіп, музей қызметкерлері өз

тарапынан  оқу  процесіне  қосымша  дәрістер

ұйымдастырып,  оқушылардың  Абай  мұрасын

бойына  сіңіру  ісіне  айтарлықтай  өз  үлестерін

қосып келеді.

Абай музейі А.С.Пушкин атындағы ШҚО

кітапханасының  «Біздің  Абай»  электрондық

кітапхана  жобасының  серіктесі  ретінде  ақын

шығармаларының 

әр 


жылдардағы

басылымдары,  әлем  тілдеріне  аудармалары,

зерттеулер мен сирек басылымдардың (барлық

саны  жүзге  жуық)  сандық  форматтағы

нұсқаларын 

дайындап, 

ғаламтор

пайдаланушыларының назарына ұсынды.

2013  жылы  бастау  алған  «Нұр  Отан»

партиясының  Шығыс  Қазақстан  облыстық

филиалының «Абайды танып, біл!» акциясының

арнайы  партиялық  жобасын  жүзеге  асыру

тұжырымдамасы 

қабылданып, 

Абай

мұражайымен бірлесіп ұйымдастырылатын іс-



шаралар жоспары жүзеге асырылуда.

Рухани  құндылықтарымыз  бен  ұлттық

болмысымызды  республика  жұртшылығына

ғана емес, әлем елдеріне таныту – Абай музейінің

абыройлы  міндеті.  Бұл  игі  мақсатты  жүзеге

асырып,  веб-порталымызды  (сайтымызды)

толықтырып, музей залдарының 3D форматтағы

панорамасын  жасалды.  Бұл  3D  панораманы

сайтымызды  пайдаланушылар  (көрермендер)

ШҚО Семей қаласының «3d semey.kz» виртуалды

порталынан  да  көре  алады.  Сонымен  қатар

музедің «Фейсбук» және «Мой мир» әлеуметтік

желілерде  аккаунттары  бар.  Абай  қорық-

мұражайының «www.abay-museum.kz» сайтының

қараушылары күннен-күнге арта түсуде.

Мұражайымыздағы 

ғылыми

жұмыстардың  дамуы,  түрлі  бағыттағы



тағылымды 

көрмелер, 

үнемі

ұйымдастырылатын  танымды  кештер,



конференциялар  мен  пікірталастар,  сайыстар,

дөңгелек столдар мен кітаптар тұсаукесерлері,

экспедициялар,  еліміздің  саяси  өміріндегі

мұражай  тіршілігі  туралы  әріптестер

мақаласында  толығымен  айтылады  деп

ойлаймын.

Әлі  де  алар  асу,  бағындырар  биіктеріміз

жетерлік. Атқарар жұмыстарымыздың салмағы

да, жауапкершілігі де орасан зор

АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА 75 ЖЫЛ

2015  №4  (29)

Резюме

Resume

В данной статье автор говорит об истории музея Абая и о его достижениях.

In this article the author speaks about the history of the museum of Abai and his achievements.


65

2015  №4  (29)

АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА 75 ЖЫЛ

М.ҚАЙРАМБАЕВА

Абайдың  «Жидебай-Бөрілі»  мемлекеттік  тарихи-мәдени  және  әдеби-

мемориалдық қорық-мұражайының директорының ғылыми жұмыстар

жөніндегі орынбасары, Мәдениет саласының үздігі

АБАЙ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Мақалада Абай музейінің коммуникациялық, экспозициялық және экскурсиялық, ескерткіштерді

қорғау жұмыстарымен қатар ғылыми зерттеу жұмыстары да қарастырылған.

Тірек сөздер: Абай, музей, қор, ғылыми кітапхана, көрме.

Қазақ халқының маңдайына біткен біртуар

перзенті,  ұлы  ақын  Абай  Құнанбайұлының

музейі  бүгінгі  күні  өткізген  түрлі  танымдық

шараларымен көптің көңілінен шығып жүрген ірі

мәдени ошақ және еліміздің ғылымына өзіндік

үлесін қосып келе жатқан ғылыми орталық десек

артық айтпаспыз. Осы сөзіміздің айғағы ретінде

музейіміздің  ғылыми  жетістіктеріне  тоқтала

кетуді жөн деп ойлаймыз.

«Музей  ісі»  деген  ұғымға  қор  жұмысы,

коммуникациялық 

қызмет 

атқару,


экспозициялық  және  экскурсиялық  жұмыс,

ескерткіштерді  қорғау  жұмыстарымен  қатар

ғылыми-зерттеу жұмыстарын да атқару сияқты

қызмет түрлері кіреді.

Кез келген ірілі-ұсақты музейдің негізі қор

қалыптастыру, музейдің негізгі тақырыбына сай

жәдігерлерді іздеп, жинастырудан басталады. 75

жылдық  тарихы  бар,  қазақ  жеріндегі  тұңғыш

әдеби-мемориалдық  музей  болып  ашылған

мекемеміздің ғылыми қоры өте бай.

Музей  қызметкерлерінің  үлкен  ізденіс,

қажырлы  еңбегінің  нәтижесінде  жинақталған

қор  жәдігерлерінің  саны-20311,  оның  11577-

негізгі,  8734-қосалқы  қор  құрамына  кіреді.

Ғылыми кітапхана қорын 13361 кітап құрайды.

Музейіміз 

әдеби-мемориалдық

болғандықтан музей қорындағы жәдігерлердің

басымы, кәсіби тілмен айтқанда, «қағаз негізді».

2011  жылы  жарық  көрген  «Абай  мұражайы

қорының сипаттамасы» атты бірегей басылымда

осындай  «қағаз  негізді»  жәдігерлердің:

қолжазбалар, естеліктер, архив деректері, сирек

кітаптардың тек тізбесі 300 бет болды.

Өкінішке орай, мұндай жәдігерлерді сақтау

өте қиын екендігі белгілі. Осыдан кем дегенде 70-

80  жыл  бұрын  жасалған  жазбалар  түскен

қағаздың  сапасы  әртүрлі  деңгейде,  сонымен

қатар жазулардың сиясы да уақыт өткен сайын

көмескіленіп, жазбаларды оқу қиынға соғатыны

белгілі. Сол себепті олардың сандық форматтағы

көшірмелерін жасау жұмысы жолға қойылған.

Бүгінгі күні 8000-ға жуық бет көшірме жасалып,

зерттеушілер  тарапынан  сұранысы  көп

кітаптарды, қолжазба, естеліктерді қайта-қайта

қозғамай,  о рнына  сандық  форматтағы

көшірмелерін ұсыну қолданысқа енді.

Музейіміз 

Өскемен 

қаласындағы

А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың

«Біздің  Абай»  атты  электронды  кітапхана

жобасының  серіктесі.  Жобаны  іске  асыру

барысында  музей  қорындағы  Қазақстанның

басқа  кітапханаларынан  табылмаған  Абай

Құнанбайұлы шығармаларының әр жылдардағы

басылымдары,  ұлы  ақын  шығармаларының

басқа  тілдерге  аудармалары,  «Абай  жолы»

романының  басылымдары  мен  аудармалары,

барлығы, 73 сирек кітаптың көшірмесі жасалып,

бүгінгі  күні  көптеген  зерттеушілер  мен

оқырмандарға қолжетімді болып отыр.

ӘОЖ 069.01 (574.42-2С)


66

АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА 75 ЖЫЛ

2015  №4  (29)

Ғылыми  қор  құрамындағы  қолжазбалар  мен

естеліктер,  сирек  кітаптарды  зерттеу,  жүйелеу

жұмыстары  жүргізіліп,  оларды  ғылыми

айналымға  енгізу  бағытында  атқарылған

жұмыстарға келетін болсақ, музейіміздің аға буын

өкілдері:  Қ.Мұхамедхано в,  Б.Аккерман,

К.Туғанбаев, 

А.Құдайбердиев,

М.Бейсенбаевтардың  ісі  қазіргі  күнде  жаңа

қарқынмен  жалғасуда.  2010  жылы  алғашқы

басылымы  шыққан  «Абай  мұражайының

кітапханасы»  сериясымен  шыққан  кітаптарды

оқырман қауым асыға күтіп, кезекті шыққан әр

басылымның үлкен сұранысқа ие болуының өзі

музей 


қызметкерлерінің 

ғылыми


жұмыстарының  деңгейін  танытады  деген

ойдамыз.  Олар:  «Абай  туралы  естеліктер»,

«Мұтылғанның  тағдыры»  (Шәкәрім  туралы),

«Көкбай ақын» (Көкбай Жанатайұлы туралы),

Абайдың  ақын  шәкірттерінің  шығармалар

жинақтары: 

«Көкбай 

Жанатайұлының

шығармалары»,  Шәкәрім  Құдайбердіұлының

«Қазақ  айнасы»  басылымының  факсимильдік

нұсқасы. 

Музейде 


өткен 

ғылыми


конференциялар  жинақтары  басылып,

зерттеушілерге ұсынылды. Ұлы ақын дәстүрін

жалғастырушы ақындар Төлеу Көбдікұлы, Шәкір

Әбенұлы  қолжазбалары  негізінде  жинақтар

дайындалуда.  Музей  қорында  сақтаулы  құнды

жәдігерлер  туралы  баяндалатын  «Абай

мұражайының жәдігерлері» атты шағын кітаптар

топтамасы да көптің көңілінен шыққан басылым

ретінде  танылды.  Осындай  кітаптармен  қатар

музей  шығаратын  «Абай  мұражайының

хабаршысы» журналы, «Асыл қазына» газеті де

бүгінде  өз  оқырманын  тапқан  мерзімді

басылымдар қатарында.

Музейіміз  атқарып  жатқан  ғылыми

жұмыстардың  бір  бағыты  –  конференциялар

ұйымдастыру. Соңғы жылдары конференциялар

тек музей тарапынан ғана емес, Қазақстанның

ірі  ғылыми  орталықтарымен  бірлесе  өткізіліп

келеді.  Атап  айтатын  болсақ,  шығармашылық

серіктестік туралы екі жақты меморандум бекіткен

ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының М.О.Әуезов

атындағы  әдебиет  және  өнер  институтының

ғалымдарымен бірлесіп өткізген конференциялар

тақырыптарының  өзектілігі  мен  ұсынылған

баяндамалардың 

жоғары 


деңгейімен

ерекшеленеді.  Олардың  қатарында:  Зәки

Ахметов,  Шәкәрім  Құдайбердіұлы,  Төлеу

Көбдікұлы  шығармашылықтарына  арналған

конференциялармен  қатар  абайтанушы

Мұратбек  Бөжеевтің  шығармашылығы  және

Абай  Құнанбайұлының  170  жылдығына

арналған  «Адамзаттың  Абайы:  әдеби  мұрасы

және  абайтану  мәселелері»  атты  халықаралық

конференцияларды атауға болады.

Қызметкерлер  музей  қабырғасында

өткізілетін  конференцияларға  қатысумен  бірге

көптеген  республикалық,  халықаралық

конференцияларға қатысып, ғылыми тұрғыдан

жоғары деңгейде баяндамалар жасап келе жатыр.

Олардың  географиясы  да  кең:  Қазақстанның

көптеген  қалаларымен  қатар  алыс-жақын

шетелдерде өткен конференцияларда ұлы ақын

шығармашылығын  кеңінен  насихаттауды

назардан тыс қалдырмай, арнайы сертификаттар

мен алғыс хаттарға ие болуда.

Мекемеміз 2014 жылы Білім және ғылым

министрлігінің  Ғылым  комитетіне  арнайы

құжаттар  өткізіп,  ғылыми  және  ғылыми-

техникалық  қызмет  субъектісі  ретінде

аккредитациядан өтті. Аккредитация алу арқылы

музей  Қазақстан  Республикасының  «Ғылым

туралы»  заңына  сәйкес  мемлекеттік  қаражат

есебінен 

бөлінетін 

ғылыми 

жобалар


конкурстарына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Көптеген  іссапарлар  нәтижесінде  қазіргі

күні Ресей мен Германияның ірі әдеби музейлері

мен қорықтары, Өзбекстандағы әріптестерімізбен

шығармашылық  байланыстар  орнатылып,

олардың  басым  бөлігімен  меморандумдар

бекітуге қол жеткізіп отырмыз.

Бұл меморандумдар музейлер арасындағы

өзара  ақпарат,  тәжірибе  алмасу  мен  бірлескен

жобалар  жоспарлап,  оларды  жүзеге  асыруға

мүмкіндік береді.

Осындай 


шығармашылық

байланыстардың көрінісі ретінде Германияның

Кассель қаласындағы әлемге белгілі ертегішілер,

ағайынды  Гриммдер  әдеби  музейінің  көрмесі

Қазақстан  тарихында  тұңғыш  рет  біздің

музейіміздің  көрермендеріне  ұсынылғанын

мақтана айтуға болады деген пікірдеміз.

Ал, біздің «Шәкәрім әлемі» атты көрмеміз

2008 жылы әлем астанасы – Париж қаласының


67

тұрғындары  назарына  ұсынылып,  қазақ

мәдениетін кәрі құрлыққа паш етті.

Осы орайда музейдегі ұйымдастырылатын

көрмелерді дайындау кезеңі – өз алдына үлкен

ғылыми  ізденістерді  талап  ететіндігін  айта

кеткеніміз  орынды  деп  білеміз.  Алдын  ала

жоспарланған  көрме  тақырыбы  бойынша

көптеген зерттеулер жасап, белгілі дереккөздерін

саралап,  тақырыпты  объективті,  жан-жақты

көрсету  –  біздің  басты  мақсатымыз.  Осы

мақсаттарға  жету  үшін  ғылыми  деректерді

көрермендерге қызықты әрі түсінікті болатындай

түрде ұсыну үшін көрме экспозициясын жасау

шеберлігі  қажет  екендігі  сөзсіз.  Осы  тұрғыда

музейіміздің  тәжірибелі  маманы,  Мәдениет

қайраткері, М.Мұхамедова басқаратын ғылыми-

зерттеу және экспозициялық жұмыстар бөлімі

қызметкерлері  дайындаған  «Ұлылар  мекені»

(2010ж), «Абай әлемі» (2005, 2010жж), «Шәкәрім

ұлағаты» (2013ж),  «Алашқа даңқы  шыққан ер

Құнанбай»  (2014ж),  «Абай  –  әлем  тілдерінде»

(2015ж), «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...»

(2015ж),  «Хакім  Абай  ұлағаты»  (2015ж),

«баламды  мересеге  біл  деп  бердім...»  (2015ж)

атты  көрмелерді  атап  өтуге  болады.  Абайдың

әкесі Құнанбай туралы деректер әр алуан екендігі

белгілі. Құнанбай тұлғасы туралы түсінік халық

санасында  «Абай  жолы»  романы  бойынша

қалыптасып қалғандықтан тарихтағы, өмірдегі

адам мен роман кейіпкерінің айырмашылығын

анық көрсету мақсатында үлкен ізденіс жасалып,

қыруар  дереккөзі  қаралды.  Осы  орайда  біздің

музейіміздің қорында Құнанбай Өскенбайұлына

қатысты  архив  деректерінің  өзі  800-беттен

ас атынын  айта  кету  қажет.  Осы  архив

деректерімен  бірге  естеліктер,  зерттеулер  мен

әдеби шығармалар жан-жақты зерттеліп, бұқара

назарына ұсынылған көрме жоғары бағаланып,

көрермендер  тарапынан  үлкен  сұранысқа  ие

болды.  Бұл  тек  бір  көрмеге  байланысты

жұмыстарды тізіп өттік, ал айтылмағаны қанша...

Музейдегі әр жылдары ұйымдастырылған

көрмелер саны:

2012 жылы – 37;

2013 жылы-66;

2014 жылы – 80.

Бұл  цифрлар  арқылы  көрмелер  саны

жылдан жылға артып келе жатқандығын көреміз.

Музей қызметкерлері әр көрменің дайындығына

үлкен  жауапкершілікпен  қарайды.  Әр

қызметкердің көрме дайындау, не болмаса жеке

зерттеу  тақырыбы  бойынша  жасалған  ізденіс,

зерттеулердің нәтижесінде мақалалар жазылуы

заңды құбылыс. Музей қызметкерлері өздерінің

мақалаларын  ғылыми  жинақтарда,  мерзімді

басылымдарда  және  әртүрлі  интернет

сайттарында жариялауда. Бұл ретте біз бірнеше

жылдағы  есептердегі  ғылыми  жұмыстарға

байланысты сандарды салыстырып көрейік:

Жарияланған мақалалар саны:

2011 жылы – 94;

2012жылы – 158;

2013 жылы-311;

2014 жылы – 335.

Тек  осы  құрғақ  цифрлардың  өзі  музей

қызметкерлерінің  ғылыми  жұмыстарының

нәтижесі туралы біршама ақпарат беретіні анық.

Музей  қызметкерлері  әртүрлі  ғылыми

байқауларға да қатысып, оларда жүлделі орындар

мен Бас бәйгені алып, музей қызметкерлерінің

жоғары ғылыми әлеуетін көрсете білуде.

Музей  қызметкерлері  экспозицияларды

көрермендерге  неғұрлым  тартымды  болуын

және қазіргі заман талаптарына дамыту бағытын

да назардан тыс қалдырмай Семей қаласындағы

Бас  мұражай  және  Жидебайдағы  Абайдың

мұражай-үйі  экспозицияларын  жаңалау  және

дамыту  тұжырымдамасын  дайындады.

Тұжырымдаманы дайындау кезінде Ресей және

басқа шетелдік музейлердің озық тәжірибелерін

зерттеп,  о лардың  біздің  музейіміздің

жағдайларында қолайлы болатын, заманауи әдіс-

тәсілдерін қолдану ескерілді.

Музей 

қызметкерлері 



Қазақстан

архивтерімен 

қатар 

Ресей, 


Түркия

мемлекеттерінің  архивтік  мекемелері  мен

ғылыми орталықтарында Қазақстан тарихы және

Абай  Құнанбайұлы  мен  оның  туыстық,  өнер

айналасына  қатысты  деректерді  іздестіруге

ғылыми іссапарларға шығып тұрады. Осындай

іссапарлардың нәтижесінде құнды, тың деректер

табылып, олжалы қайтқан қуанышты күндеріміз

де  аз  емес.  Тек  өткен  жылы  ғана  Рес ей

архивтерінен  Абайға,  Шәкәрімге,  ақын

ұрпақтарына  қатысты  тың  деректер  табылып,

қалың  қауымды  үлкен  қуанышқа  кенелтті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет