Әдебиет
1 Шәкәрім. Иманым. – Алматы: Арыс, 2000.
– 321 б.
2 Шәкәрім Құдайбердиев. Шығармалары:
өлеңдер, дастандар, қарасөздер / Құраст.
М.Жармұхамедов, С.Дәуітов, А.Құдайбердиев.
– Алматы: Жазушы, 1988. – 560 б.
3 Шәкәрімтану мәселелері: Сериялық
ғылыми жинақ. – 2 т. «Атамекен» сериясы. –
Алматы: Раритет, 2007. – 376 б.
4 Мәдібай Қ. Абайтану. – Алматы: Қазақ
университеті, 2013. – 265 б.
5 «Қазақ» газеті / Бас редактор
Ә.Нысанбаев. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы,
1998. – 560 б.
6 Ахметбекова А. Қазақ әдебиетіндегі
сопылық поэзия. – Алматы: Қазақ университеті,
2011. – 312 б.
7 Шәкәрімтану мәселелері: Сериялық
ғылыми жинақ. – 4 т. «Атамекен» сериясы. –
Алматы: Раритет, 2007. – 304 б.
Резюме
В статье исследуется произведение Ш. Кудайбердина «Лейли и Меджнун» с точки зрения
религиозных принципов, положенных в основу названного произведения. В исследовании
литературного наследия Шакарима данное произведение хотя и анализировалось с аспекте связи
с традицией назира или любовных дастанов, известных в восточной традиции, но еще не
рассматривалось с позиций духовно-религиозных принципов, основу которых составляют
истинность и мощь Творца.
Произведение «Лейли и Меджнун» существенно обогащает литературную традицию,
связанную с именем Создателя. Известно, что поэма «Лейли и Меджнун» оказала огромное влияние
на литературу ХIХ века посредством просветительских мусульманских дастанов Абая
ШӘКӘРІМТАНУ
2015 №4 (29)
40
«Ескендир», «Масгут», «Азимхан». Она стала продолжением этой литературной традиции.
Созданный Шакаримом Кудайбердиевым дастан «Лейли и Меджнун» в разные годы изданий
существенно дополнялся фактическими сведениями.
Авторы настоящей статьи обращают внимание на важнейшие проблемы, более
качественное ознакомление с религиозно-духовными принципами дастана, на содержательность
этого литературного произведения, которому в течение долгих лет пришлось вести борьбу на
пути подлинной духовности.
Resume
This article examines the work of S. Khudayberdin "Leyli and Majnun" from the point of view of
religious principles that formed the basis of the said works. The study of the literary heritage of Shakarim
this work though was analysed from the aspect of connection with the tradition of Nazira or love epics,
known in Eastern traditions but has not yet been considered from the standpoint of the spiritual-religious
principles, which are based on the truth and power of the Creator.
Masterpiece "Leyli and Majnun" significantly enriches the literary tradition associated with the
name of the Creator. It is known that the poem "Leyli and Majnun" had an enormous influence on the
literature of the ХІХ century through public education of the Muslim epics of Abai "Eskendir", "Masgut",
"Azimhan". It was a continuation of this literary tradition. Created by Shakarima Khudaiberdina Dastan
"Leyli and Majnun" in different years of publications was significantly supplemented by factual information.
The authors of this article draw attention to the most important problems, better acquainted with religious-
spiritual principles of the Dastan, the content of this literary work, which for many years had to fight in
the way of real spirituality.
ШӘКӘРІМТАНУ
2015 №4 (29)
41
М.КЕНЕМОЛДИН, журналист, тарихшы
ШӘКЕРІМ АЙТҚАН, ҚАЗАҚ ОҚЫҒАНДАРЫ...
Мақалада XX ғасыр басында патшалық Ресейде, қазақ оқығандарының ең алдымен ұлт
теңдігі және бостандығы, түптеп келгенде тәуелсіз қазақ автономиясын құру тәрізді ұлы
мұраттары туралы баяндалады.
Тірек сөздер: Автономия, тарих, қазақ оқығандары, Шәкәрім, Алаш қозғалысы.
Шынында, олар кімдер еді? Олар негізінен
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында
патшалық Ресейдің Петербор, Мәскеу, Саратов,
Омбы, Томск, Орынбор, Уфа, Қазан, сондай-ақ
шет елдің Каир, Стамбұл, Варшава тәрізді
үлкенді-кішілі қалаларында жоғары зайырлы
және діни, арнайы кәсіптік орта оқу орындарын
бітірген алғашқы қазақ оқығандары болатын.
Жалпы қазақ қоғамында тұңғыш ұлттық
интеллигенция мен саяси элитаның құрылып
қалыптасуы да, тағдыр жазып тікелей солардың
пешенесіне бұйырған-тын. Бірақ та бұл тарихи
миссияны атқару оңайға түскен жоқ. Қазақ
оқығандары отаршыл Ресейдегі үш дүбірлі саяси
оқиғаны – 1905 жылғы бірінші орыс
революциясы мен 1917 жылғы ақпан, қазан
революцияларын, оған қоса кеңес өкіметі
кезіндегі сталиндік қуғын-сүргінді бастан өткерді.
Сол уақыттағы орыс қоғамында және күллі түрік
мұсылман әлемінде болып жатқан саяси
толқулар мен әлеуметтік сілкіністер олардың
про грессивтік
көзқарастағы
ұлттық
интеллигенция ретінде қалыптасу үрдісін
тездетті. XX ғасыр басында қазақ оқығандары
саяси белсенді әлеуметтік топ болып өсіп
қалыптасты.
Алаштанушы ғалымдар өз зерттеулерінде
алғаш қазақ оқығандары 1905 жылы
«Қарқаралы»
петициясын
қабылдауға
байланысты бас біріктіріп, самодержавиелік
билікке қарсы ашық саяси наразылық білдірді, ең
бастысы – бірінші орыс революциясының
нәтижесінде Алаш қозғалысы пайда болды деп
жазады. Ал осы саяси оқиға туралы, аталмыш
петиция
авторларының
бірі,
Алаш
қозғалысының басшысы Әлихан Бөкейханов
«Киргизы» атты очеркінде:
«Весной 1905 года, с наступлением
привольной жизни, в степи на летних стоянках
начались сьезды, на которых обсуждались
местные нужды и нужды всей киргизской
народности. Все больше степные ярмарки этого
года стали ареной киргизских политических
сьездов, где киргизы обсуждали и подписывали,
поданные потом Высочайшее имя, петиции. На
этих же сьездах были избраны делегаты,
уполномоченные лично подать эти петиции.
Религиозные и земельные вопросы стояли у
киргиз впереди вопро со в политической
свободы.
В составлении петиции принимали
участие, с одной стороны, интеллигенция,
воспитанная на русской литературе, верующая
в европейскую культуру, видящая счастье родины
в здравом претворении плодов западной
культуры и считавшая религиозные вопросы
второстепенными, при наличности обещанной
17 апреля свободы веротерпимости. С другой
ШӘКӘРІМТАНУ
2015 №4 (29)
ӘОЖ 821. 512. 122
42
стороны, выступала и интеллигенция,
воспитавшаяся в духе восточной ортодоксии и
национально-религиозной исключительности.
Эта последняя выдвигала религию на первый
план: в мусулманской схоластике она видела и
продолжает видеть науку, который никто и
никогда превзойдет; киргизский народ, и вообще
магометан, она ставит выше всех народов,
искренне и сознательно отождествляя
религиозно е
единство
с
единством
национальным. Если провести некоторую
аналогию с русской интеллигенцией, то можно
было бы назвать западниками, а вторую
тюркофилами и поборниками панисламизма» -
дейді.
Бұдан сол уақытта-ақ қазақ қоғамында
ұлттық интеллигенцияның екі топқа, яғни –
орыс мектептерінен оқып, орыс әдебиеті
қайнарларынан тәлім алған, батыс мәдениетін
көксейтін батысшылдар және шығыстық діни ілім
мен әдет-ғұрыптың негізінде тәрбиеленіп
мұсылмандық жолды ұстанған түрікшілдер және
панисламистер болып бөлінгені байқалады.
(Сталиндік қуғын-сүргін жылдары қазақ
оқығандарын алашордашылар деп айыптаумен
қоса пантюркистер және панисламистер деп
қаралаушық та жиі белең алды). Батысшылдық
бағытты жақтағандар Алаш қозғалысының
басшылары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,
М.Дулатовтың соңына ергендер болды. Олар
негізінен «Қазақ» газетінің айналасына бірікті.
Екінші топтың өкілдері Тройцк қаласында
Мұхаметжан Сералиннің редакторлығымен
шығатын «Айқап» журналының маңайына
топтасты. Осы шығыстық ортодоксальдық
ағымды қолдаушылар қатарында Ақмола
облысының ауқатты бай адамы, жергілікті жерде
мұсылман мектебін ашқан, I және II Мемлекеттік
Думаның депутаты Шәймерден Қосшығұлов,
Астрахань губерниясының ірі жер иеленушісі, I
Мемлекеттік Думаның депутаты Дәуіт Ноян
Тұндыт, Семей облысының бай-көпесі, Сейтен
әкімшілігінің болысы, II Мемлекеттік Думаның
депутаты Темірғали Нұрекенов, Сырдария
облысының ауқатты байы, бастауыш білімді, II
Мемлекеттік Думаның депутаты Тілеулі
Аллабергенов сияқты басқадай белгілі дала
ақсүйектері болғанын айта кеткен орынды.
Дегенмен, «Айқап» журналы және «Қазақ» газеті
басшылығының ұлт бостандығы және теңдігіне
қатысты ұстанған саяси бағыттары мен
көзқарастарында айтарлықтай алшақтықтар
бо лмаса да, діни мәселелерде кейбір
түсініспеушіліктер бой көрсетпей қалмады. Оны
«Айқаптың» №14 санындағы Сералы һәм
жолдастары хатына жауап жазған Әлихан
Бөкейхановтың «Қазақ» газетіндегі «Мұсылман
сиезі», «Он төрт тоғыз бола ма?» мақалаларынан
айқын аңғарамыз. Өз кезінде бұл екі топтың
арасындағы айтыс-тартысқа басу айтқан аузы
дуалы ақсақалдың бірі Шәкерім Құдайбердіұлы
болатын. Мәселен, ғұлама ақын 1913 жылдың
16 маусымында «Қазақ» газетінде баспасөзге
жазылу мәселесі төңірегіндегі дау-дамайға
байланысты барша қазақ ағайындарға арнаған
шағын хабарында: «Білімсіз ел жас бала сықылды:
бір жаңа нәрсе көрінсе, бұрынғыны тастап соған
ұмтылмақшы. Біздің қазақ «Қазақ» газетасы
шыққан соң «Айқап» журналын тастап кетеме
деп кәдік көремін. Тамам қырғыз һәм қазаққа бір
журнал, бір газета көптік қылмас, екеуінде алу
керек!» десе, 1915 жылғы «Айқап» журналының
№6 санындағы «Сөз таласы» мақаласында
зиялы қауымды: «Бұрынғы құр сөз болып қалған
желбуаз сөзбен, былтыр жаз туған мұсылман
сьезі туралы «Айқап» пен «Қазақ» тағы жазған
талас сөздерді көріп өттік. Басқа желбуаз
тұсындағы таласқа – біз бір азғана насихат
(өсиет) өлең жазып едік, уақыт өтіп басылмай
қалды. Енді бұл мұсылман сьезі туралы сөз
басталғаннан-ақ алдыңғының аяғын құшарын
білсек те, аяқталмай тұрып сөз жазбадық. Міне,
енді жазамыз – тым болмаса келер іске пайдасы
болар ма екен деп.
«Айқапқа» жазғандар да, «Қазаққа» жазған
Ғалихан да талас сынды көптің сынын салып
отыр, ол жақсы-ақ. Бірақ кекеп, кекетіп сөзін
жазған жарай ма?
Менің ойымша: кекеу, сөгіс – тіл қаруы.
Оның жарасы тез жазыла қоймас. Жауап
қайырып, қарсыласарлық үлкен кісі түгіл, жас
баланы да ұрып, кекеп-зекіріп тыю зиян
шығармай ма?..
«Ауыздан шыққан сөз – атқан оқ». Оны пәленше
жеңіліп қалды деп қайтып ала алмайсыздар, онан
басқасы бар ма? Кекеу кек шақырып, кек партия
ШӘКӘРІМТАНУ
2015 №4 (29)
43
шақырып, партия елдің елдігін жоғалтады. Менің
білгенім сол-ақ. Бұл сөзімнен бар елдің мінін
көрсең де айтпа дейді деп ұқпаңыз. Мінелмеген
түзелмейді. Бірақ улап, найзалап мінеме деймін»
- деп ұлттық татулық пен бірлікке шақырады. Ал
енді ұлы ойшылдың «Айқап» журналында қазақ
оқығандарына қаратып «Білімділерден бес түрлі
сөздің шешуін сұраймын» деп айтатын биік
адамгершілік, философиялық сауалдары ұлтты
ұлағаттылыққа тәрбиелейтін мәңгілік рухани
құндылықтар болып табылады.
XX ғасыр басында патшалық Ресейде
осындай екі түрлі білім ошақтарынан, әлеуметтік-
мәдени ортадан тәлім-тәрбие алып шыққан қазақ
оқығандарын ең алдымен ұлт теңдігі және
бостандығы, түптеп келгенде тәуелсіз қазақ
автономиясын құру тәрізді ұлы мұраттар
біріктірді. Олар негізінен батыс пен шығыстың
әдебиеттерінен сусындап, ұлттық рухани
құндылықтарымызды бойына сіңірген білімді
азаматтар болды. Мысалы, Алаштың үні атанған
«Қазақ» газеті редакциясының басқармасы
«Ғалия» медресесінің 10 жылдығына арнаған
мақаласында: «Ғалия» ашылғаннан бері оқып
шыққан жастардың дәл саны бізге мағұлм емес,
бірақ аз еместігі анық. Басқаларды қойып-ақ
жалғыз қазақтан оқығандарды алғанда да,
«Ғалияда» ең аз деген жылында 30-40-тан қазақ
балалары кем болған емес. Олардың қайсысы
қалай оқып, қандай біліммен шыққанын түгел
білсек те, бірақ бәрі де «ұлтым», «ұлтым» деп,
жұртын аузынан тастамай шығатыны анық
мағұлм. Жасасын «Ғалия»! Жасасын «Ғалияны»
ашып, тәрбиелеп, рухты жастар шығарушылар!»
- деп үлкен ризашылық білдіреді.[Қазақ, 1916
жыл] Кезінде бұл жоғары діни оқу орнын Мағжан
Жұмабаев, Біләл Сүлеев, Мұстақым Малдыбаев,
Ахмет Маметов, Мәннан Тұрғанбаев, Жиенғали
Тілепбергенов тәрізді бірқатар қазақ әдебиетінің
көрнекті өкілдері бітірді. Олар аталмыш медресе
қабырғасында жүріп «Садақ» қо лжазба
журналын шығарды, сол арқылы халқын білім
мен өнерге үндеді.
Алайда, осы алғашқы қазақ оқығандарынан
басқа,
кеңестік
дәуірде
ұлттық
интеллигенцияның коммунистік көзқараста
тәрбиеленген
жаңа
бір
буыны
өсіп
қалыптасқанын айтуға тиіспіз. Өкінішке қарай
кеңестік саясат оларды әлеуметтік-таптық
тұрғыда бір-біріне қарсы қоюға барынша
тырысып бақты. Ұлттық интеллигенцияның
қалыптасу кезеңдері туралы көрнекті мемлекет
және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов 1926
жылдың 2 маусымындағы «Советская степь»
газетінің №123 санында басылған «Из прошлого
казахской национальной интеллигенции»
мақаласында сонау 1905 жылдың өзінде-ақ
Әлихан
Бөкейханов
бастаған
қазақ
зиялыларының отарлық езгіге қарсы
«Қарқаралы» петициясын қабылдап, Ресейдегі
ең ірі саяси күш болып саналатын кадет
партиясының қазақ бөлімшесін құрғанын, одан
кейінгі уақыттарда «Серке», «Айқап», «Қазақ»
газет-журналдары арқылы халықты білім мен
мәдениетке үндеп, ұлттық сана сезімін оятуға
ұмтылғанын айтады. Және де батысшылдар
туралы: «С 1913 г. по 1916 г. движение казахской
националистической интеллигенции ширится и
по лучает известное оформление путем
организации повсеместно разных культурных
кружков и т.п. После Февральской революции
эта националистическая интеллигенция
организуется уже в политическую партию
«Алаш», а газета «Казах» становится главным
органом этой партии. К этому времени, кроме
газеты «Казах», появляются и другие газеты и
журналы, из которых можно отметить
следующие: «Сары-Арка» (Семипалатинск),
«Бирлик туы» (Ташкент) – главный орган
туркестанского отделения «Алаш-Орды»,
начатый Чокаевым, «Уран» (Астрахань), «Жас
азамат»
(Петро павловск)
и
«Абай»
(Семипалатинск). Все эти газеты и журналы
придерживались линии газеты «Казах» и были
ее отделениями» дейді. Бұл арада алғашқы қазақ
оқығандарын «ұлтшыл буржуазияшыл
интеллигенция» немесе «алашордашыл, байшыл
интеллигенция» деп ресми түрде атау кеңестік
заманда тағылған саяси айыптаулар болды.
1937-1938 жылдардағы сталиндік репрессиялау
кезінде мұндай қатал айыптауға іліккендер
«халық жауы» ретінде аяусыз атылып тасталып
отырды. 1930 жылдардан КСРО Қылмыстық
істер Кодексінің 56 және 58 баптарының
тармақтары бойынша арнайы «халық жауы»
ШӘКӘРІМТАНУ
2015 №4 (29)
44
деген саяси термин кеңінен қолданыла бастады.
Егерде тарихи деректерге жүгінсек, осы Алаш
ұлт-азаттық қозғалысының негізгі саяси жетекші
күші қазақ оқығандары екенін көреміз. Әрине,
олар әлеуметтік шыққан тегі жағынан әртүрлі
топтың өкілдерін құрады. Тәуелсіз Қазақстан
мемлекетінің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев «Тарих толқынында» кітабында «Ұлы
қазақтар!» дейтін бұл Алашорда қайраткерлері,
ақиқатында, «XX ғасырдың басында ұлттық
бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-
зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын
жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның
түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен
дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді».
Мысалға Алашорда үкіметінің құрамын алып
қарайық. Бәрі де жоғары білімді заңгер,
экономист, мұғалім, дәрігер секілді тағы басқадай
мамандар-тын. Бір атап өтерлігі, олар жай ғана
қарапайым мамандық иелері емес, сол уақыттағы
сарабдал саясаткерлер, топ бастаған көсем-
шешендер және айтулы ақын-жазушылар,
ғалымдар еді. Айталық, «Ұлт-азаттық
қозғалысының басшылары Әлихан Бөкейханов
(оқымысты-ғалым, Ресей Конституциялық
демократиялық партиясы Орталық Комитетінің
мүшесі, I және II Мемлекеттік Думаның
депутаты), Ахмет Байтұрсынов (ақын,
аудармашы, лингвист, «Қазақ» газетінің
редакторы), Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев,
Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев,
Бақытжан Қаратаев, Халел және Жанша
Досмұхамедовтер және басқалары – негізінен
Петербург, Мәскеу, Варшава, Қазан, Омбы мен
Орынбор жоғары оқу орындары, училищелерінің
түлектері. Көрнекті мемлекет қайраткері,
математика профессоры, Алаш қозғалысына
қатысушы Әлімхан Ермековтың деректеріне
қарағанда, Әлихан Бөкейханов Ленинмен бірге
Санкт-Петербург
университетінің
заң
факультетін өз бетінше бітірген, бірнеше шет тілін
білген, сөйтіп жиырма төрт жасында жоғары
білімі жөніндегі екі дипломға (бірі Орман
институты) ие болған керемет білімді жас, Санкт-
Петербургтегі марксизм теориясын терең
білетіндердің бірі ретінде атағы шыққан».
[Аққұлұлы С. Алаш-Орда қасіреті. «Юрдическая
газета». №33-36, 1995]
Алаш тілегіндегі Шәкерім Құдайбердіұлы да
өз дәуірінің ұлы тұлғасы болды. Арнайы оқу
орнын бітірмесе де, ғұлама ақын араб, түрік,
парсы және орыс тілдерін жетік білді. Данышпан
ағасы Абайдың ақылымен білім іздеп Араб еліне
барған сапарында әуелі түріктің астанасы
Стамбұлдың кітапханаларында он үш күн грек
және батыс ойшылдары, сондай-ақ шығыс
әдебиеті жауһарларымен танысып, өзін
толғандырған діни әрі заманауи сауалдарға жауап
іздеді. Сол жолғы жинақтаған білім-ілімін елге
келген соң Алаш игілігіне жаратып, бірқатар аса
құнды әдеби мұралар қалдырған болатын. Осы
орайда өткен ғасырдың алғашқы ширегінде
Семейде Алашорда үкіметі тұсында ұлтына
қалтқысыз қызмет еткен қазақ оқығандарына
тоқталып өтсек деймін.
Семей, ол уақытта да қазіргідей ұлы Абай
мен оның дарынды шәкірттері, қазақтың тұңғыш
шығыстанушы ғалымы Шоқан Уәлиханов,
орыстың көрнекті ағартушы-демократтары
Ф.Достоевский, Н.Долгополов, Е.Михаэлис,
Н.Коншин, Б.Герасимов және тағы басқалардың
ұлағатты ізі қалған үлкен мәдени-рухани орталық
еді. Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов 1917 жылғы
төңкерістер кезіне дейін-ақ «Қазақ» газетіндегі
«Оқушыға жәрдем қауымы» мақаласында
еліміздің келешегі оқыған білімді жастарға жер-
жерде арнайы көмек көрсететін Жәрдем
қауымдарын құру керектігін айта келіп, «Менің
білуімше, ондай қалалар Семей, Тройцкі,
Оренбург. Оренбургта іргелі қазақ аз. Мұндағы
қазақтың бәрі оқудағы жастар. Закон жолында
бұлар қауымға ағза бола алмайды. Қауым
басқарушы 4-5 кісі де Оренбургта табылар ма
екен. Ахмет, Міржақып, бір-екі переводчик
болмаса, Оренбургта оқушылардан басқа қазақ
жоқ. Ахмет, Міржақыпқа газета да жетер.
Оренбург бұлай болған соң анау айтылған екі
қала қалады. Бұлардың аталмыш қауымның бас
басқармасын ашуға қолайлысы Семей. Мұнда
қазақ та, басқа мұсылмандар да көп, оқыған
басшы боларлық жігіттердің де басы құралулы.
Оқудағы жастарға Жәрдем қауымын ашуды
Семей жігіттері ізденіп ашқаны жөн» деп жазған
екен.
Әлекең айтқандай, шын мәнінде ұлы
төңкерістер қарсаңында ғұлама Шәкерім
ШӘКӘРІМТАНУ
2015 №4 (29)
45
бастаған данышпан Абайдың зиялы балалары
Кәкітай, Турағұл және Әнияр Молдабаев,
Нұрғали және Нәзипа Құлжановтар, Мұхтар
Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Жақып Ақбаев,
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әбікей және Қаныш
Сәтбаевтар, Сәбит Дөнентаев, Мұстақым
Малдыбаев, Тайыр Жомартбаев, Халел
Ғаббасов, Биахмет Сәрсенов, Әлімхан Ермеков,
Ахметжан Қозыбағаров тәрізді тағы басқа қазақ
оқығандары осы қасиетті Семей қаласында бас
қосып шоғырланған еді. Сол себепті, 1917
жылдың желтоқсан айының соңында
Орынборда өткен екінші жалпы қазақ сьезінің
бірден жаңа құрылған «Алашорда үкіметінің
уақытша тұрағы Семей қаласы болсын» деп
қаулы қабылдауы тегін болмаса керек. Азаматтық
қарсыласу жылдары мұнда Алашорда үкіметі
жұмыс істеп, бұрынғы Заречная слободка елді
мекені Алаш қаласы болып аталды. Ал осы Алаш
қаласында Семей уездік Земствосы, Алаш
қалалық Думасы, Алаш қалалық Кеңесі тәрізді
қоғамдық-саяси мекемелермен қатар «Абай»
журналы және «Сарыарқа» газетінде көптеген
білімді қазақ оқығандары халық игілігіне адал
қызмет етті. Семей қазақ педагогикалық
училищесі
(бұрынғы
мұғалімдер
семинариясының негізінде), ауыл шаруашылығы
техникумы, Алаш бастауыш мектептері секілді
бірнеше жаңа оқу ошақтары ашылып, ұлттық
білім беру жүйесінің берік іргетасы қаланды.
Әйгілі
тіл
ғалымы-әдебиетші
Ахмет
Байтұрсыновтың өзі бас болып, Алаштың бір
топ зиялылары қазақ оқулықтарын жазып
шығарды. Сауатсыздықты жою жұмыстарына
жұмыла қатысып, қараңғы халықтың санасын
оятты. Ұлт мүддесіне қатысты мұндай істерден,
жалпы Алашым деген көзі ашық, көкірегі ояу
азаматтардың бірде-бірі шет қалмады. Мысалы,
Алашорда үкіметіне Жақия қажы Бейсекұлы,
Мұхаметхан Сейітқұлов, Қаражан Үкібаев, Ике
Әділов, Бекқожа Құлғарин, Ахмәди Оңалбаев,
Жанғали Алдоңғаров сынды Семейдің ауқатты
адамдары үнемі материалдық-рухани жағынан
қолдап көмектесіп тұрды. Алаш оқығандарының
айырықша еңбегі 1920 жылы тамызда Қазақ
АКСР-ін құруға белсене қатысуы болды. Әлихан
Бөкейханов бастаған қазақ оқығандары дербес
ұлттық мәдени автономияға қол жеткізе алмаса
да, қазақтың алғашқы кеңестік үкіметін құруға
негіз қалап берді.
Осы қазақ оқығандары кеңес өкіметі
орнағаннан кейінгі кезеңде Алаш ұлт-азаттық
қозғалысына белсене қатысқандықтары үшін
жаппай қуғынға ұшырады. Алашорда басшысы
Әлихан Бөкейханов айдауылмен Мәскеуге үй
қамаққа әкетіліп, ғұлама ақын Шәкерім
Шыңғыстауда жазықсыз атылды. Жалпы, сол
кездегі зиялы қазақ оқығандары 1927 жылдан
басталып, 1930 жылдармен жалғасқан,
ақырында 1937-1938 жылдармен келіп аяқталған
сталиндік үш бірдей қанды қырғынды бастан
кешті. Басқаны былай қойып, тек 1938 жылдың
25 ақпанынан 13 наурызына дейінгі екі аптаның
ішінде елімізде Қазақстан НКВД-сының
жанындағы үштіктің шешімімен 631 адам ату
жазасына кесілді. Олардың арасында Санжар
Асфендияров, Сүлеймен Есқараев, Құдайберген
Жұбанов, Темірбек Жүргенов, Сейітқали
Меңдешев, Айтмұхамет Мусин, Жанайдар
Сәдуақасов, Сәкен Сейфуллин, Қайс ар
Тәштитов, Ғаббас Тоғжанов, Сұлтан Есқалиев,
Ілияс Жансүгіров, Жұмат Шанин, Хамза
Жүсіпбеков тәрізді қазақтың бетке ұстар атпал
азаматтары болды. Сталиндік қырғынның соңғы
бір жылының өзінде-ақ, іс жүзінде Қазақстан
үкіметі барша игі жақсыларынан түгелдей дерлік
айырылып қалды. Сол сияқты Шәкерім қажы
айтқан Алашорда үкіметі тұсындағы Семей
зиялыларының тағдыры да осылайша қайғылы
аяқталды.
В статье говорится о том, что в начале ХХ века в царской России, среди казахской
интелегенции, формируются взгляды об обретении свободы и независимости, создании казахской
автономии.
Достарыңызбен бөлісу: |