2015 №4 (29)
АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА 75 ЖЫЛ
68
Абайдың 1893 жылы болыстық қызметке
тағайындау туралы бұйрықтың т абылуы
абайтанушылар үшін құнды дерек. Семей
облысының әскери губернаторы, генерал-майор
Карповтың 1893 жылғы 11 қыркүйектегі №55
бұйрығына сәйкес Абай Құнанбайұлы 1893-
1896 жылдар аралығына Шыңғыс болысына
болыстық қызметке тағайындалған. Ұлы
ақынның дәл осы кезеңдегі болыстығына
байланысты тек Турағұл Абайұлының
естелігінде ғана айтылады, басқа о ны
нақтылайтын ешқандай құжат болмаған еді. Ал,
аталған бұйрықтың табылуы ұлы ақын
биографиясына қатысты тағы бір ақтаңдақтың
көзін жойды.
Келесі бір іссапардың нәтижесінде Шәкәрім
Құдайбердіұлының 1927 жылы құс ұстап түскен
суретінің түпнұсқасы табылып, ол фотосуреттің
қай жерде түсірілгендігі туралы ақпарат, тіпті
түсірілген күні (6 шілде) нақтыланды. Қазақ
жеріне арнайы экспедициямен шыққан этнограф
Ф.Фиельструптың осы сапарындағы жазбалары
мен күнделігі, түсірген 100-ге жуық фотосуреті
қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне қатысты
құнды деректерге толы. Фотосуреттердің ішіндегі
Шәкәрім ауылының көрінісі бейнеленген
фото сурет бүгінде музейіміздің Шәкәрім
шығармашылығына арналған залдың құнды
жәдігері. Этнографтың Баянауылдан басталған
сапары Жетісу жерінде аяқталған екен.
Шыңғыстау жерінде Шәкәрім қажыдан жазып
алған қазақтардың сүттен алатын өнімдері мен
аңшылықта құс қолдану туралы жазбалары өз
алдына құнды ғылыми олжа. Осындай
деректердің табылуы да музей қызметкерлерінің
жүйелі ғылыми ізденістерінің нәтижесі.
Қазіргі кезде әр мамандық иесі заман
талаптарына сай болу бағытында үздіксіз еңбек
етіп, өз біліктілік деңгейін әрдайым жоғарылатып
отыру қажет. Бұл бағытт а біздің музей
қызметкерлері де көштен қалмай келе жатыр.
Соңғы 4-5 жылдың ішінде Ресейдің ірі әдеби
және қорық-музейлеріне тәжірибе алмасу
бағытында бірнеше іссапар ұйымдастырылды.
Ұзақ жылдық тарихы бар А.С.Пушкиннің
Михайловское селосындағы қорық-музейі,
Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларындағы әдеби
музейлерімен, М.Лермонтовтың «Тарханы»
қорық-музейіне, Л.Н.Толстойдың «Ясная
Поляна» қо рық-музейі және Мәскеудегі
мемлекеттік музейлеріне іссапарлар әріптестер
арасындағы байланыстарды нығайтумен қатар,
тәжірибе жинаудың аса маңызды көзі болып қала
бермек. Со нымен бірге, музейіміздің
қызметкерлері Ресейдің, атап айтқанда Мәскеу
мен Санкт-Петербург қалаларындағы, музей
мамандықтары бойынша ірі оқу орындарындағы
арнайы курстарға барып, біліктілігін арттырып
келді.
Атап өтетін болсақ, үстіміздегі жылдың
қазан айында музейіміздің Бас суретшісі
А.Баркенов Санкт-Петербург қаласына барып,
қағаз негізді жәдігерлерді қайта жаңғырту ісі
бойынша арнайы курсқа қатысып, біліктілігін
жетілдіріп қайтты.
Абай музейінің қызметкерлері жұмыс
барысында ұлы ақын мұрасын, оның туыстық,
өнер
айналасын
насихатт ауды үлкен
жауапкершілікпен атқаруды абзал борышымыз
деп біледі.
АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА 75 ЖЫЛ
2015 №4 (29)
Резюме
Resume
В статье говорится не только о коммуникативные, экспозиционные и экскурсионные
работах, работ по защите памятников, но и научно-исследовательских работах музея.
The article says not only about communication, exposition and sightseeing work, for the protection
of monuments of and research work of the museum.
69
2015 №4 (29)
АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА 75 ЖЫЛ
М.МҰХАМЕДОВА, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім жетекшісі
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-
мемориалдық қорық-мұражайы
ЕЛ ТАМСАНҒАН КӨРМЕЛЕР
Мақалада автор Абай мұражайындағы тақырыптық көрмелердің ұйымдастырылуы, ұлы
ақын мұрасы мен ғасырлар қойнауынан сыр шертетін музейлік құндылықтарды, тарихи
тұлғаларды баршаға таныстырумен қатар бүгінгі өскелең ұрпаққа насихаттап, отансүйгіш
рухта тәрбие берудегі үлесін айқындаған.
Тірек сөздер: көрме, тақырыптық көрме, экспозиция, мұра, қор, музей, тәрбие.
2015 жыл Қазақстан тарихында мерейлі
той жылы болып қалмақ. Биыл бейбітшілікті
сүйетін барша ел Ұлы Отан соғысындағы
Жеңістің 70 жылдығын, Қазақстанның бірлігі
мен ынтымағының берік негізіне айналған
Қазақстан Халық Ассамблеясы мен Ата
заңымыздың 20 жылдығын, халқымыздың бас
ақыны Абай Құнанбайұлының 170 жылдығын
және Қазақ хандығының 550 жылдығын атап
өтті. Осы ұлық мерекелермен бірге
республикадағы алғашқы әдеби музейдің, біздің
Абай қорық-мұражайының, 75 жылдығы да
тойланғалы отыр. Өткен ғасырдың алпыс жылы
мен жаңа ғасырдың он бес жылын қамтып
отырған Абай мұражайының негізгі мақсаты –
Абай Құнанбайұлының мұрасын, оның туыстық
және ақындық-өнер айналасын, М.Әуезовтің
және Алаш арыстарының өмірі мен
шығармашылығын, қоғамдық қызметін және
қазақ халқының ұлттық құндылықтарын
насихаттау. Осындай мақсатты жүзеге асыруда
музей қызметкерлері әр түрлі жұмыс түрлерін
жүргізеді. Солардың ішінде жылдық жоспар
бойынша тақырыптық көрмелер дайындау –
ғылыми-зерттеу
және
насихаттау
жұмыстарының бірі болып келеді. Музей
экспозициясының тақырыбы тұрақты болса,
көрме тақырыбы уақытша, мақсатына
байланысты жұмыс істеу мерзімі де әртүрлі –
апталық, айлық, то қсандық болатынын
көрермендеріміз біледі.
Қо рдағы жәдігерлерді тақырыптар
бо йынша көрермендерге ұсыну – көрме
ұйымдастыру жұмыстарының басты міндеті.
Көрме тақырыбының ашылуы, көрермендерге
қызушылық тудыру, бір сөзбен айтқанда көрменің
жақсы шығуы – ғылыми-зерттеу және безендіру
жұмыстарының нәтижесі. Абай мұражайы әр
кезеңдерде тақырыптық көрмелер дайындап,
жұртшылық назарына ұсынып, ұлы ақын
мұрасы мен ғасырлар қойнауынан сыр шертетін
музейлік құндылықтарды, тарихи тұлғаларды
бүгінгі өскелең ұрпаққа насихаттап, отансүйгіш
рухта тәрбие беруде өз үлесін қосып келеді.
Әрине мұражай ұйымдастырған көрмелердің
барлығына тоқталу мүмкін емес. Сондықтан
ақырғы жылдардағы көрме жұмыстарына ғана
шолу жасағанды жөн көріп отырмыз.
Абай қорық-мұражайы тарихындағы 2010-
2015 жыл – жаңа өркендеу жылдары деп санауға
болады. Осы жылдар аралығында мұражайдың
барлық
жұмыстары
алға
басып,
республикамыздың алдыңғы қатарлы қорық-
мұражайларының қатарында өзінің жұмыс
ерекшеліктерімен көрініп келеді. Солардың ішінде
музейаралық
байланыстарға
көңіл
ӘОЖ 069.01 (574.42-2С)
70
АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА 75 ЖЫЛ
2015 №4 (29)
бөлінгендіктен республикамыздың көптеген
қалаларында көрме ұйымдастыруға мүмкіндік
туды. Бес жылда мұражай қорынан дайындалған
көрмелердің географиялық кестесінде Астана (5
рет), Алматы (2 рет), Атырау, Аягөз, Түркістан,
Өскемен (9 рет), Риддер, Павлодар (2 рет),
Қарағанды облысының Абай қаласы, Шығыс
Қазақстан облысының аудандары, Павлодар
облысының Аққулы елді мекені бар.
Бас қаламыз Астанада Абай мұражайы
Өнер Академиясында, Бейбітшілік және келісім
Сарайында екі рет көрме ұйымдастырды, бірі
«Ұлылар әлемі» деп аталса, екіншісі «Абай әлемі»
тақырыбында
Дін
конфессиялары
басшыларының кездесуіне орай өткен «Рухани
мәдениеттің
бүкіләлемдік
фо румына»
дайындады. 2010 жылы Абай қорық-мұражайы
қорынан Тұңғыш Президент музейінде «Ұлы
тұлғалар бесігі» көрмесі «Алға ұмтылған
Қазақстан» аймақаралық көрме жобасы аясында
ұйымдастырылды. Бір ай аралығында көрмеміз
астаналықтар мен қала қонақтары құрметі мен
ілтипатына бөленді. Музей директо ры
А.Сағынғали алғыс сөзінде: «...көрмені өткізуге
ұжым бо лып белсене араласып, тәуелсіз
Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы жолында
ерекше рөл атқарып, халқымыздың даңқын
асырған ұлы ойшыл, ақын Абай жөніндегі
тарихи-мәдени мұраларымыз бен ғасырлар
қойнауынан сыр шертетін құндылықтар тарихын
насихаттауда халық жүрегіне жол тауып жүрген
Абай музейі қызметкерлері өз ісінің нағыз маманы
ретінде жоғары биіктен көріне білгендері бізді
қуантады», - деді. Музей басшысының пікірі
біздер, мұражай қызметкерлері, үшін үлкен
абырой.
Қазақстандағы әдеби музейлердің ішінде
Павлодардағы Бұхар жырау атындағы әдебиет
және өнер мұражайымен байланыстың
арқасында 2011 жылы Абай қорық-мұражайы
«Абай әлемі» көрмесін сол музейде
ұйымдастырса, 2013 жылы Абай мұражайы
«Павлодар өңірінің өнер тарландары» атты
көрмені өз экспозициясында қабылдады. Осы
жылы 50 жылдығын атап өткен Алматыдағы
М.Әуезов музей-үйінде «Ұлылар мұрасы» атты
көрме көңілден шығып, шетелдік ғалымдар
назарына ілігіп, жақсы-жақсы пікірлерге ие
болды. Осылай хронологиялық бағытта ұлы
ақын мұрасын насихаттауда дайындалған:
- 2014 жылы Оңтүстік Қазақстанның
Түркістан жұртшылығы қаланың тарихи-
мәдени-этнографиялық
о рталығында
жасақталған «Абай әлемі» көрмесін;
- Шығыс Қазақстан облысының Аягөз
қаласының
өлкетану
музейінде
ұйымдастырылған «Ұлы тұлғалар әлемінен»
атты көрмені;
- Павлодар облысының Аққулы елді
мекенінің Мәдениет үйінде өткен «Абай мұрасы»
көрмені атап кетуге болады.
Абай қорық-мұражайының негізгі қорында
641 Қазақстан суретшілерінің бейнелеу өнер
туындылары
сақталған.
Осы
өнер
туындыларынан дайындалған Өскемендегі
Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайында
өткен «Әбілхан Қастеевтің графикасы»,
«Е.Сидоркин туындыларындағы Абай әлемі»;
Павлодар облыстық өнер мұражайында
ұйымдастырылған «Абай. Шыңғыстау. Семей»,
биыл қаламыздың Невзоров отбасы атындағы
өнер музейінде «Дала данышпаны» атты
көрмелер көрермендер назарына ілігіп, баспасөз
беттерінде де насихатталды.
Халықаралық байланыстың көрсеткіші
ретінде 2008 жылы Францияда Париж
қаласында өткен «Шәкәрім әлемінен» атты
көрмені, 2014 жылы ресейдің Барнаул қаласында
өткен этнографиялық көрмені және биылғы
Германияның Кассель қаласынан ағайынды
Гриммдер музейінен келген «Таңғажайып
ертегілер әлемі» атты көрмені айтуымызға
болады. Неміс ертегішілер туралы материалдар
Абай мұражайы экспозициясының галерея
залында орналасып, маусым-қараша айларында
жұмыс істеді.
2013 жылы Бас мұражай залдарының бірі
көрме залына айналып, жаңа 11 витриналармен
жабдықталды.
Мұражай
қо рындағы
материалдарды, әсіресе архив деректері мен
қо лжазбаларды, кітаптар мен сувенир-
сыйлықтарды, зергерлік бұйымдар сияқты
жәдігерлерді тақырыптар бойынша көрсетуге
мүмкіндік туды. Абай қорық-мұражайының
көрме залында содан бері ауқымды,
көрермендердің көруіне, жәдігерлердің
71
сақталуына ыңғайлы тақырыптық көрмелер
ұйымдастырылып
келеді.
Шәкәрім
Құдайбердіұлының 155 жылдық мерейтойы
аясында дайындалған «Шәкәрім ұлағаты»
көрмесі 188 сақталым даралығын қамтыды. 2014
жылы Пушкиннің 225 жылдығына арналған
«Абай және» Пушкин» көрмесінде кітапхананың
сирек қорында сақтаулы орыс ақынының 1855
жылы жарық көрген өлеңдер жинағынан бастап
кейінгі жылдардағы барлық басылымдары
жұртшылық назарына толық ұсынылды.
«Сырлы ыдыстың сыры» атты көрмеде мұражай
қорындағы Ресейдің атақты Кузнецов
фабрикасының фарфор, фаянс, шыны, металл
және қыштан жасалған 70 үй бұйымдары орын
алып, тұңғыш экспозицияға шықты.
Биылғы мерейлі жылда жоспарланған
көрмелердің барлығы ұлы ақынның 170
жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.
Солардың ішінде тақырыптық көрме залында
дайындалған «Абай - әлем тілдерінде» атты
көрмеге тоқталуымызға болады. Көрменің
тақырыптық-экспозициялық жоспары бойынша
мұражайдың ғылыми кітапханасындағы ұлы
ақынымыздың аудармалары мен музей
қо рындағы материалдар жинастырылды.
Осындай зерттеу жұмыстарының арқасында
мұражайымызда ұлы ақын шығармаларының
қай тілдегі аудармалары бары анықталды,
олардың қай жылдары қорға түскені туралы,
аудармашылар
туралы
материалдар,
қолжазбалар, хаттар, әр тілдегі аудармалар
жарияланған газет пен журналдар, әр елден
келген сыйлықтар мен сувенирлер іріктелді.
Тақырыпқа байланысты тарихи фотосуреттер,
шетел елшілерінің алғыс-тілектері мен пікірлері
де
пайдаланылды.
Со нымен
Абай
Құнанбайұлының 32 тілдегі аудармалары туралы
материалдар көрмеде орын алды. 1 мамыр -
Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі
қарсаңында ашылған «Абай - әлем тілдерінде»
атты көрменің ашылуы «Достық фестивалімен»
жалғасты. Әр ұлт өкілдері ақын өлеңдерін өз
тілдерінде таныстырып, Абай әндерін
орындады. Қаламыздағы оқу орындарында
оқып жүрген Оңтүстік Кореядан келген
студенттер мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің
шетелдік оқытушылары да қатысып, өнерлерін
көрсетті. Абай өлеңдері қаламыздағы әр ұлт
өкілдерінің бірлігі мен достығының одан ары
нығая түсуіне ықпал болды. Аталмыш көрме 24
сәуірден 1 қарашаға дейін жұмыс істеп, мұражай
көрермендерін көбейтуге үлес қосты.
Келесі көрме ұлы ақын білім алған Ахмет
Риза медресесінің залдарында атауы «Баламды
медресе біл деп бердім...» деген өлең
жолдарынан алынып ұйымдастырылды.
Көрменің негізгі материалдары – осы медресе
оқулықтары: араб, түрік, шағатай, парсы, татар
тілдеріндегі шәкірт Абай оқыған кітаптар. Өткен
ғасырдың қырқыншы жылдарында медресе
шатырынан табылған екен. Абайдың 100
жылдық мерейтойын ұйымдастыру комитеті осы
кітаптарды ақын мұражайына беру туралы
арнайы шешім шығарған еді. Жалпы кітаптар
саны - 252. Солардың 52-сі көрермендер
назарына ұсынылды. Қазір көрме бойынша
медресе тарихы мен ақынның шәкірт кезеңі
туралы,
Абай
және
Шығыс
әлемі
тақырыптарында экскурсиялар жүргізіліп келеді.
Мұражайдың галерея залында қордағы
жинақталған бейнелеу өнері туындыларынан
«Көркемсуреттегі Абай бейнесі» атты көрме
дайындалса, ақынның туған күні 23 тамызда
Шығыс Қазақстан облыстық өнер музейі
коллекциясынан «Абай. Уақыт. Өнер» атты
көрме ашылып, семейлік көрермендер қазан
айына дейін тамашалады.
Осыдан бес жыл бұрын 2010 жылы ҰҒА
академигі, медицина ғылымдарының докторы,
профессор, Қазақстан суретшілер одағының
мүшесі Мақаш Тыныштықбайұлы Әлиакпаров
ұлы тұлғалар тақырыбы бойынша салынған 189
жұмысын мұражайға сыйға тартты. Жомарт
жерлесіміздің туындыларына арнайы зал бөлініп,
онда жыл бойы тақырыптар бойынша суретшінің
туындылары ауысып тұрады. Биыл Абай
тақырыбы бо йынша Шыңғыстау өңірін
көрсететін картиналары көрмеде орын алды.
Бұл көрмелер қо рық-мұражайдың
экспозиясында ұйымдастырылса, жыл басында
Өскемен қаласының Металлургтер сарайынан
бастау алған көрме-керуен республикамыздың
бірнеше қаласында болып қайтты. Солардың
ішінде Атырау қаласының облыстық өлкетану
музейінде жасақталған «Хакім Абай ұлағаты»
2015 №4 (29)
АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА 75 ЖЫЛ
72
көрмесін атауға болады. Батыс Қазақстан
көрермендеріне
ойшыл
ақынның
шығармашылығын таныстырумен бірге, Абай
отбасының үй мүліктері де ұсынылды және
жақында ғана музей қорына түскен архив
деректері де қойылды. Сонан кейін көрме-керуен
Орталық Қазақстанға бет бұрып, Қарағанды
облысы Абай қаласының Мәдениет сарайында
ұйымдастырылды.
Ұлы ақын Абайдың туғанына 170 жыл
толуына орай және «Алматы – Ислам
мәдениетінің астанасы 2015» шарасы аясында
ҚР мәдениет және спорт министрлігінің
қолдауымен ұйымдастырылған «Адамзаттың
бәрін сүй бауырым деп...» атты көрме-музей
қызметкерлерінің жетістіктерінің бірі. Ұлы ақын
өлең жолынан алынған көрменің атауы
дайындық барысында жауапкершілікті,
білімділікті талап етті. Өйткені, өмірінің соңғы
шағында жазылып терең ойға құрық салған әр
түрлі күрделі мәселелер төңірегінде сөз қозғайтын
ойшыл-ақынның «Алланың өзі де рас, сөзі де
рас» (1902) өлеңінде Ислам дінімен сабақтастығы
жатыр. Тек осы өлеңінен ғана емес, ғұлама-
ақынның көптеген қарасөздерінен де дінмен
үндестігін байқауға болады. Қарасөздерінің 11 дін
тақырыбына арналып, оларда иман мен ғибадат,
ақыл, талап, қуат, тағдыр, жан мен тән, әділет
пен махаббат туралы баяндайды. Көрменің
негізгі мақсаты – Абай шығармашылығының
ислам дінімен сабақтастығын көрсету болды.
Осы тақырыпты жалғастыра түсетін ақын
айналасындағы әкесі Құнанбай Өскенбайұлы,
немере інісі Шәкәрім Құдайбердіұлы және шәкірті
ақын Көкбай Жанатайұлы сияқты тұлғалар
туралы материалдар да қойылды. Бұл көрме
Алматының Білім Ордасында орналасқан Сирек
кездесетін кітаптар мұражайында өз
көрермендерін тапты. Оған куә ғаламтор
желілеріне тарап кеткен қоғам және Мәдениет
қайраткері, «Қағанат» консорциумының
президенті Б.Т.Сапарәлінің сөздері: «Шариғатты
түгендеп, тарихатты таразылап, мағрифат
әлеміне көтерілген Ибраһим Құнанбайұлы
ғұламаның мол мұрасын зерттеп-тануда салғырт,
сылбырт қадам басып келе жатқанымыз рас.
Осындай олқылықтардың орнын толтыру
мақсатында
Семейден
келген
Абай
мұражайының арнайы көрмесінің берер
тағылымы зор. Жаратушыны неғұрлым танып-
білгеніміз сайын өз халқымызды да,
ғұламаларымыз бен өзімізді де соғұрлым жан-
жақты тани түспегіміз ақиқат жайт. Ибраһим
қазыналары елітіп шақырады!», - деп пікірін
білдірді. Бұл - қорық-мұражайы қорынан
дайындалған көрме материалдарына берілген
жоғары баға.
Мұражай ұйымдастырған басты-басты,
ауқымды көрмелерді атап өттік. Ұлы тұлғалар
мұрасын насихаттауда жо спар бо йынша,
сұраныс бо йынша ұйымдастырылатын
жылжымалы ақпараттық-көрмелер мұражайда
кеңінен пайдаланып келеді. Тақырыптары:
«Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы» -
мұражай және бөлімдері туралы; «Абай,
Шәкәрім, Мұхтар әлемінен» - тұлғалардың өмірі
мен шығармашылығы туралы; Көкбай
Жанатайұлының өмірі мен шығармашылығына
арналған. Оларда көрсетілетін фотосуреттер мен
архив материалдар саны – 1 500. Тақырыптары
әр түрлі ақпараттық-көрмелерді мұражай
қызметкерлері
жылжымалы
көрме
ұйымдастыруда
қолданып,
насихаттау
жұмыстарын жүргізуде пайдаланып келеді.
Сонымен бірге жерлес ақын-жазушылар, әнші-
композиторларға, шежіреші мен тарихшыларға,
бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаларға арналған
көрмелер де дайындалып, көрермендер назарына
ұсынылуда.
Көрме дайындау және ұйымдастыру –
ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір түрі
болғандықтан, уақыт пен шығармашылықты
қажет етеді. Әрбір дайындалған көрмелерге
бөлім қызметкерлері жолтанытқыш-кітапшалар
мен буклеттерді баспадан шығарады. Көрме
бойынша экскурсиялық текстер дайындайды.
Дайындалған көрмені насихаттау мақсатында
бұқаралық ақпарат құралдарына, ғаламтор
желілеріне хабарламалар жіберіп, жұртшылықты
тамашалауға шақырып, насихаттау жұмыстарын
жүргізеді.
Енді музейлік статистикаға қарасақ, Абай
қорық-мұражайының көрме жұмыстар бойынша
республикалық, өңірлік деңгейін көрсететін
сандар:
2010 жылы – 42, 2011 жылы – 43, 2012
АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА 75 ЖЫЛ
2015 №4 (29)
73
жылы – 37, 2013 жыл – 66, 2014 жылы – 80,
2015 жылының 10 айында – 72 көрме
дайындалды.
Көрме ұйымдастыруда негізгі салмақ
мұражайдың ғылыми-зерттеу және қор
жұмыстар бөліміне түседі. Келесі сандарға назар
аударайық. 2015 жылдың 10 айында бөлім
ұйымдастырған көрмелер:
Мұражай залдарында: 7 көрме
Музейден тыс өткен көрме саны: 7
Этнографиялық көрмелер саны: 10
Жылжымалы көрмелер саны: 8
Кітап көрмелер саны: 11
Жиыны: 43 көрме ұйымдастырды. Яғни,
жалпы Абай қорық-мұражайы ұйымдастырған
72 көрменің 43 ғылыми-зерттеу және қор
жұмыстар бөлімінің көрсеткішіне жатады.
Әдебиет
1 Абай қорық-мұражайының ғылыми-
зерттеу және қор жұмыстар бөлімінің 2010-2015
жылдар аралығындағы есептері.
2 Абай қорық-мұражайының 2015 жылы
атқарған жұмыстар есебіндегі көрсеткіштер.
3 Ғылыми-зерттеу және қор жұмыстар
бөлімінің көрме дайындауындағы ғылыми
материалдары.
2015 №4 (29)
АБАЙ МҰРАЖАЙЫНА 75 ЖЫЛ
Резюме
Resume
Автор в своей статье определяет роль организации тематических выставок в воспитании
подрастающего поколения.
The author in his article defines the role of the organization of thematic exhibitions in the upbringing
of the younger generation.
|