Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет2/15
Дата15.03.2017
өлшемі2,46 Mb.
#9921
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2014 №2 (23)

деген бас әріптерін ғана көрсетіп берді десек,

қателеспейміз. 

Неге 


десеңіз, 

осы


туындыларында  жас  автор  өз  елінің  болыс-

старшындарын,  оның  өз  тілімен  айтқанда  –

надан да қалың бұқараны сүліктей сорып жүріп

«жақсы  қазақ  атанған  «шала-қазақтары»  мен

қожа-молдаларын және «құр жерді өлең қылып,

әр елден өлеңменен қайыр тілеген» ақындарын

өткір сынайды, батыл да аяусыз әшкерелейді.

Автордың осындай сын көзқарасын мақаланың

атауларынан байқау қиын емес.

ОТУ-ды бітірген Әлихан 1890-1894 жж.

С.Петербордың  императорлық  орман

институты мен С.-Петербордың императорлық

университетінің  заң  факультетін  «экстерн»

түрінде  бітірді.  Өз  елінде  көрген-білгенін

жазып  дағдыланып  қалған  жас  қаламгер

отаршыл  империяның  астанасында  өткізген

төрт    жылы  ішінде  астаналық  басылым

беттерінен көріне білді ме, жоқ па, ол жөнінде

әзірше қолда нақты тарихи мәлімет жоқ. Әйтсе

де, қолға түскен тарихи мұрағат құжаттарына

сүйенсек,  марксизмнің  экономикалық

материализм  ілімімен  әуестенген  және

астаналық  студент  жастарының  саяси

қозғалысына белсенді араласып, оның алдыңғы

қатарында болған Әлиханның С.-Петербордағы

самодержавиелік 

үстемдікке 

қарсы


оппозициялық  бағыттағы  басылымдармен

байланыспады деу онша қисынға келмейді.

Оның  үстіне  С.-Петербордан  Омбыға

оралған  бетінде  қолында  «ормантанушы-

ғалым»  және  «заңгер»  деген  екі  бірдей

дипломының  болуына  қарамастан,  Әлихан

Бөкейхан  жергілікті  «Степной  край»  атты

ілгерішіл  саяси  газетке  дереу  қызметке

алынады.

Араға  бес    жылдай  салып  Омбыға  енді

оралған  Әлиханның  газет  жұмысына

шақырылған тарихына оның ғылым мен саяси

күресі жолындағы көп жылғы әріптесі әрі досы

Сергей Швецов «Северная Азия» журналында

жарияланған «Омская газета «Степной край» и

политическая  ссылка»  айдарымен  берілген

естелігінде жан-жақты тоқталып өтеді:

«1895  жылдың  жазында  Омбыға  Дала

облыстарындағы  келімсектердің  тұрмыс

жағдайын  зерттеу  мақсатымен  «Половцев

экспедициясы» 

келді... 

«Половцев

экспедициясы»  соның  алдында  ғана

Петербордың  Орман  институтының  курсын

бітірген  Әлихан  Нұрмұхамедұлы  Бөкейханды

ертіп келген-ді. Ол Омбыға қыркүйекте келіп,

...зерттеу жұмысына полиция департаментінің

рұқсатын  ұзақ  күтіп  қалды.  Экспедицияға

рұқсат  берілмеген  соң  Бөкейханов  [естелікте

бірде  «Бөкейхан»,  бірде  «Бөкейханов»  деп

жазылған.  -  С.А.]  Омбыда  қалып,  газетке

араласа бастады» [14].

С.П.Швецовтың  естелігіне  қарағанда,

Ә.Н.Бөкейхан газеттің «марксисттік бағытының

өкілі болды» және «еш күмәнсіз оның мейлінше

жарқын  уағыздаушысы»  болды.  «Я  бы  сказал

даже – единственно ярким», - деп шегелейді өз

пікірін естелік авторы С.П.Швецов [15].

Оның  мәлімдеуінше,  «Степной  край»

газеті  бетінде  марксизмнің  «жападан-жалғыз

жарқын  уағыздаушысы»  болған  Әлихан

Бөкейхан  мақалаларына  «Читатель»  деп  қол

қоятын болған [16].

Бір  қызығы:  «Читатель»  -  1917  жылдың

күзінде  Қазан  бүлігін  ұйымдастырып,  кешегі

отаршыл  Ресей  империясына  коммунистік

диктатура орнатқан Совет өкіметінің көсемі әрі

Әлихан  Бөкейхан  бастаған  қазақтың  «Алаш»

қозғалысының  бітіспес  идеологиялық  жауы

болған  РСДРП  (б),  яғни  Ресейдің  социал-

демократиялық  жұмысшы  (бәлшебектік)

партиясының саяси серкесі Владимир Лениннің

де  140-қа  тарта  лақап  атының  бірі  болған

көрінеді.

Алайда,  Әлихан  «Степной  край»

газетіндегі  мақалаларына  «Читатель»  деп  қол

қоятын  деп  мәлімдеген  С.П.Швецовтың

қателесуі мүмкін деп кесуге де ертелеу. Өйткені,

1895-1903/04  жылдарда,  тіпті  одан  кейінгі

кезеңдер  де  «дүние  жүзі  пролетариатының

көсемі» атанған В.И.Лениннің Сібір мен Дала

немесе  Қазақ  өлкесіне  аяқ  басып  көрмегені

тарихи факты. Демек, омбылық «Степной край»

және  семейлік  «Семипалатинскій  листокъ»

газеттерінен  табылған  авторлары  «Читатель»

деп  көрсетілген  мақала-материалдар,  күмән

жоқ, Алаш қозғалысы мен партиясының көсемі

- Әлиханның қаламынан шықса керек.

Өйткені,  «дүние  жүзі  пролетариатының



8

АБАЙ АРМАНЫ

2014 №2 (23)

көсемі» В.И.Ленин де «Правда» газетінің 1913

жылы  5  және  19  мамыр  күндеріндегі  [№  102,

114] басылған «Вниманию читателей» «Луча» и

«Правды» және «Нехорошо!» (еще раз вниманию

читателей «Луча» и  «Правды») айдарлы екі-ақ

мақаласына «Читатель» деп қол қойыпты [17].

Екі  мақаласы  да  В.И.Лениннің  толық

шығармалар жинағына кірген.

Алайда,  ең  өкініштісі,  «Степной  край»

газетінің  Әлихан  қызмет  істей  бастаған  1895

жылдан  1905  жылға  дейін  барлық  санынан

«Читатель» деп қол қойылған бар-жоғы шағын

ғана  екі-ақ  мақала  табылды  [18].  Тағы  бір

өкініштісі:  ол  екі  мақалада  марксизм  жөнінде

тіпті бірауыз сөз жоқ.

Омбының «Степной край» газетінің 1897

жылғы  сандарынан  Әлиханның  «V»  деген

бүркеніш  атымен  жарияланған  үш  мақаласы

табылды [19]. Дәл осы жылы өзі газеттің саяси

шолушысы  немесе,  С.П.Швецовтың  сөзімен

айтқанда,  «марксизмнің  жападан-жалғыз

жарқын уағыздаушысы» болып істеді ме, жоқ па,

ол белгісіз. Оның есесіне бұл таңбаны публицист

араға тоғыз жыл салып өзінің редакторлығымен

басылып  тұрған  үш  басылымның  бірі  –

«Иртышъ»  газетінде  де  пайдаланғаны

анықталды.  Газеттің  әзірше  осы  күнге  қарай

табылған  тоқсанға  жуық  санынан  «V»

қолтаңбасы  қойылған  тағы  үш  мақала  [20]

ұшырасты.

Осы жерде ерекше тоқтала кеткен дұрыс.

Осыған  дейін  «Иртышъ»  газетінің  жарыққа

шығып үлгерген тоқсаннан астам санынан бар-

жоғы  екі-ақ  саны  ғана  табылған  болса,  соңғы

кезде  Омбыдан  «Ресей  қазақтары»  қоғамдық

бірлестігінің  белсендісі  Данияр  Шәріпов

Омбының  мемлекеттік  тарихи-өлкелік

мұражайынан  «Иртышъ»  газетінің  2-ден  92-ге

дейінгі сандарын түгел сақталғанын анықтады.

Бұл  мәліметті  мұражай  директорының

орынбасары Юрий Тимофеев толық растады.

Тағы да осы Д.Шәріповтің хабарлаған тың

мәліметіне  қарағанда,  «Иртышъ»  газетінің  он

саны,  ал  «Омичъ»  газетінің  үш  саны  Томск

мемлекеттік 

университетінің 

ғылыми


кітапханасында сақталыпты.

Ал  Томск  университетінің  ғылыми

кітапханасы директорының орынбасары Галина

Ерохина осы жолдардың авторына «Иртышъ»-

тың  он  саны  мен  «Омичъ»-тің  үш  санының

электрондық  көшірмелерін  түгел  жөнелтті.

Омбының  мемлекеттік  тарихи-өлкелік

мұражайынан  «Иртышъ»-тың  қалған  барлық

санының көшірмесі алынды.

Ал  бастапқы  тақырыбымызға  оралсақ,

Ә.Н.Бөкейхан  дәл  осы  «V»  бүркеніш  есімін

отаршыл Ресей үкіметінің басына реакцияшыл

премьер-министр әрі ішкі істер министрі Петр

Столыпин  келіп,  бес  миллион  қазақтың  кең

байтақ өз даласында тынысы тарылып, ал ұлт

көсемі туған жерінен Самарға жер аударылған

1908-1911  жылдары  және  өз  ықтиярынсыз

Мәскеуде  тұруға  тура  келіп,  қазақ  газет-

журналдарында  өзіне  мақала-материал

жариялауға мұрша бермеген 1922 жылы және

1924  жылдың  соңы  мен  1927  жылға  дейін

дерлік жиі-жиі пайдаланды.

Ал «V» қолтаңбасының өзіне жататынын

саяси  қайраткер-қаламгер  Әлихан  алдымен

«Қазақ» газетінде шыққан, одан кейін «Айқап»

журналында  қайта  басылған  «Он  төрт  тоғыз

бола ма?» атты мақаласында былай деп жазды:

«...мен абақтыда жатып (!) қазақ жері туралы

жазған  мақалаларым  «Сибирские  вопросы»

деген орыс журналының мына нөмірлерінде:

16-17, 18, 21-22, 27-28, 33-34, 35-36, 37-38, 45-

46,  47-48,  1908  жылғы,  «V»  деп  қол  қойған.

Орысша білетінің оқып қара» [21].

Совет өкіметі тұсында Алаш қозғалысы

мен  партиясының  көсемі  «V»  қолтаңбасын

Мәскеудегі  Совет  халықтарының  Кіндік

баспасындағы  Қазақ  секциясында  әдеби

қызметкер  болып  жұмыс  істеген  алғашқы

кезеңінде – 1922 жылдың күзінде «Еңбекшіл

қазақ»  газеті  мен  «Қызыл  Қазақстан»

журналында қолданды. Одан соң 1924 жылдың

соңы  мен  1925  жылдың  басында  және  1926

жылдың басынан 1927 жылдың күзінде Кіндік

баспадан «штатты қысқарту» деген желеумен

өзін  мезгілінен  бұрын  зейнетке  шығарып

салғанға дейін дерлік сирек те болса «Еңбекшіл

қазақ»  газеті  мен  «Жас  қазақ»  журналынан,

негізінен «Жаңа мектеп» журналынан көрінді.

Совет  өкіметі  жылдарындағы  «V»

таңбасын  кімнің  қолданғанына  байланысты

қазіргі 

қазақ 


тарихшылары 

мен


9

АБАЙ АРМАНЫ

2014 №2 (23)

әдебиеттанушыларының  арасында  оны  Алаш

көсемінікі дегенмен келіспей дау айтушылар да

жоқ емес көрінеді. Бірақ мұндай дауға ешқандай

негіз  болмағандықтан,  оған  тоқталып

жатпаймын.

Ал  пікірталастырушылар  табыла  қалса,

онда  қолдағы  бар  тарихи  айғақ-деректерді

қалың  оқырман  талқысына  ұсынуға  болады.

Осы дерек-айғақтарды саралап көрген соң «V»

таңбасын  кімнің  пайдаланғанын  оқырман

қауымның өзі шешеді.

«Қазақ»  газетінің  беттерінде  жиі

ұшырасатын «Түрік баласы» мен «Арыс ұлы»

есімдерінің  де  иесі  туралы  жаңсақ  пікір  бар.

Оның  ішінде  «Түрік  баласы»  беймәлім

есімдердің тізіміне жатқызылса, «Арыс ұлын»

ешбір дәлелсіз Ахмет Байтұрсынұлының лақап

аты деген пікір де жоқ емес.

Ешқандай  айғақ-дәлелсіз  айтылған  ол

пікірлерді теріске шығарып әуре болудың қажеті

шамалы болса, ал «Түрік баласының» да, «Арыс

ұлының»  да  Ә.Н.Бөкейханның  кезекті  лақап

аттары  болғанын  бұлтартпай  дәлелдейтін

фактылар  мен  мәліметтер  жетіп  артылады.

Қажет  болып  жатса,  бұл  мәселеге  қайта

ораламын.

Ал  жоғарыда  аталған  санктпетерборлық

«Сибирские 

вопросы» 

журналында

жарияланған үлкенді-кішілі бір топ мақаласын

Әлихан «V» таңбасымен ғана емес, көбіне Алаш

көсемінің  өз  жақындарына  мәлім,  сонымен

қатар  совет  дәуіріндегі  санаулы  болса  да

«әлихантанушы»  экономист  ғалым  мен

тарихшыға белгілі «Статистик» деген бүркеніш

есімімен ұсынған.

Қайраткер-ғалым  әрі  публицистің

Түркістан  мен  Дала  (Қазақ)  уалаяттарының

бірыңғай  орыс  басылымдарында  қолданған

«Туземецъ»,  көбіне  орыс  тіліндегі  мұсылман

газеттерінде  пайдаланған  «Киргизъ-кайсакъ»,

«Ал.Кочевник»,  «Мусульманинъ»,  «Киргизъ»,

«Степнякъ»,  «К.Степнякъ»  немесе  «Киргизъ-

степнякъ» сынды бүркеніш аттары тағы болды.

Оған  қоса  «Обыватель»,  «Омскій  казакъ»,

«Наблюдатель», «Уакъ» және «Н.Ш.» тәрізді өте

сирек,  негізінен  өзін  сынға  алған,

«әшкерелемек» немесе өзіне нақақ айып тақпақ

болған  мақала-хаттарға  жауап  қайтарғанда

қолданған есімдері де жоқ емес.

Олардың  барлығына  анықтама  беріп

уақыт  ұттырмай-ақ,  ең  қызықты  деген

кейбірінің  ғана  тарихына  қысқаша  тоқталып

өтейін.


Алдымен  «Уакъ»  таңбасына  келсек,

«Семипалатинскій  листокъ»  газетінің  1906

жылғы  17  қарашадағы  санының  (№139)

«Хроника»  айдарында  «Иртышъ»  газетіне

шыққан  «Уакъ»  деген  автордың  мақаласына

шолу  жасалады  [22].  Шолуда  «Иртышъ»

газетінде  «Уакъ»  мырзаның  «қазақтарға  қара

жүздіктердің  [орысша  түпнұсқасында:

«черносотенцев».]  «Зорька»  газетін  жіберіп

тұрғаны» туралы шағын мақаланың берілгені

айтылады да, одан бірнеше жол үзінді келтіреді.

Ол үзіндіден «аңшылардың әдейі жолға тастап

кеткен  құйрығын  көрген  қасқыр:  -  Бұл  не

қылған батпан құйрық, не қылып жол үстінде

жатқан  құйрық?  –  деп  уланған  құйрықты

айналып  жөніне  кетіпті»  деген  қазақ  мәтелін

жадында берік ұстаған бірде-бір қазақ «Зорька»

газетін оқымайды» деген жолдарын келтіремін.

Ал  енді  Ә.Н.Бөкейханның  «Қазақтар»

атты  тарихи  очеркінен  мынадай  жолдарды

оқимыз:  «После  роспуска  І  Думы  бесплатно

посылались в казахскую степь черносотенные

газеты,  но  казахи  оказались  к  ним

равнодушными,  и  некоторые  вспоминали  по

этому  поводу  народный  афоризм  о  волке,

который, найдя на дороге отравленный кусок

сала, обошел его, говоря: «тяжел и вкусен ты,

кусок  сала,  однако,  по  какой  загадочной

причине оказался ты лежащим на дороге?» [23].

Міне осы мысалдардан кейін «Уакъ» деп

таңбаланған  мақаланың  да,  «Қазақтар»

очеркінің  де  бір  автордың  қаламынан

шыққанына күмән келтірудің еш қисыны жоқ

деген ой келеді.

Бір  өкініштісі,  «Уакъ»  қолтаңбасы

қойылған  өзге  мақала-материал  әзірше

табылмады.  Оның  ішінде  Ә.Н.Бөкейханның

редакторлығымен  шығып  тұрған  үшінші

«Голосъ степи» газетінде «Уакъ»-тың бірде-бір

мақаласы көзге түспеді. Бірақ одан Алаш көсемі

басқарған алғашқы «Иртышъ» және «Омичъ»

газеттерінің әзірше қолға түспеген сандарында

да «Уакъ» мүлде кездеспеуі мүмкін деген сөз


10

АБАЙ АРМАНЫ

2014 №2 (23)

емес.


Оған  қарағанда  «Киргизъ-кайсакъ»

бүркеніш  есімінің  кімдікі  екенін  анықтау

әлдеқайда қызық көрінеді. Мысалға, тағы бір

омбылық  «Степь»  газетінің  1906  жылғы

алтыншы  санында  «Истинный  сынъ  степей»

деген  автордың  «Жалған  қаулылар»  [орысша

түпнұсқасында: «Фальшивые постановления»]

айдарлы  мақаласы  беріліп,  автор  1905  жылы

қазақ  халқының  орыс  патшасының  атына

жолдаған  тұңғыш  саяси  талаптары  –

«жеделхаттары» мен «қаулылары» [түпнұсқада:

«Телеграммы» и «Постановления»; автор әйгілі

«Қарқаралы  петициясын  айтып  отыр]  дала

қазақтарының өмірімен мүлде ортақтығы жоқ»

және «ондай жеделхаттар мен қаулыларды дала

өлкесінен  біржола  хабар  үзген  азғын  қазақ-

ғалымдарының  [түпнұсқада:  «ученые-

отщепенцы»] шағын ғана тобы  ұйымдастырды»

деп, Қарқаралы жәрмеңкесіне жиналған 14.500

исі қазақ қолтаңбасын қойған саяси петицияны

жоққа шығармақ болады [24].

«Истинный  сынъ  степей»  дегеннің

«ученый-отщепенецъ»  деп  отырғаны  Әлихан

Бөкейхан екені даусыз. Оған бұлтартпайтын бір

емес, үш тарихи айғақ бар.

Біріншісі, дәл сол кезде Әлихан Бөкейхан

-  Қазақ  өлкесінің  Ақмола  және  Семей

облыстарын 

зерттеген 

Щербина


экспедициясына  белсенді  атсалысқан

«ормантанушы-ғалым»,  жер  бағалаушы,

статистик,  тарихшы,  этнограф,  қазақ

фольклорынтанушы-ғалым  ретінде  мейлінше

кең танылып үлгерді.

Екіншісі  -  Әлихан  Бөкейхан  -  орыстың

императорлық  географиялық  қоғамы  Батыс

Сібір  бөлімінің  толық  мүшесі  әрі  Басқарушы

комитетінің  [Распорядительный  комитет]

мүшесі болған еді.

Үшіншіден,  қазақтардың  тұңғыш  саяси

петициясын  қалай  жазып,  отаршыл  патша  ІІ-

Николайдың  сарайына  пошта  арқылы

жөнелткен 

шым-шытырық 

хикаясын


Ә.Н.Бөкейхан  1905  жылдың  қарашасында

«жергілікті  және  қалалық  қайраткерлердің»

Мәскеуде  өткен  сиезінде  сөйлеген  сөзінде

тиянақты баяндап береді [25].

Төртіншіден,  Бірінші  Мемлекеттік

думаның  он  жылдығына  арналған  жинақпен

басылып  шыққан  «Дала  өлкесіндегі  сайлау»

атты  естелігінде  Алты  Алаштың  көсемі

қазақтардың  тұңғыш  саяси  талап-шарттарын

жазуға  бірден-бір  себеп  болған  орыс

императорының  «17  қазан  Манифесін»  қазақ

тіліне аударып, баспадан он мың данамен басып

шығарып, қас қағым сәтте қалың қазаққа қалай

үлестіріп бергенін жан-жақты сипаттап береді

[26].

Бесіншіден  -  1906  жылдың  қаңтарында



Павлодар оязының крестьян бастығы полковник

Даньшинге  Райымжан  Мәрсекұлымен  бірге

жазған  ашық  хатында  Әлихан  Бөкейхан  «17

қазан  Манифесін»  Райымжан  екеуінің  ешбір

қатесіз аударғандарын дәйектейді [27].

Егер «Жалған қаулылар» атты мақаланың

мазмұны мен крестьян бастығының іс-қимылын

салыстырып  қарағанда,  оның  авторы  ретінде

көрсетілген  «Истинный  сын  степей»  дегенді

полковник  Даньшиннің  өзі  бүркеніп  отырған

жоқ  па  деген  ой  да  келеді.  Ал  оның  «азғын

ғалымдар»  немесе  «ученые-отщепенцы»  деп

отырғаны осы Әлихан Бөкейхан мен Райымжан

Мәрсекұлының болуы қисынсыз емес.

Отаршыл  биліктің  өкіліне  басынан  сөз

асырып көрмеген Алаш көсемі оның жамылған

«Истинный  сын  степей»  есіміне  лайық,  «сен

тәрізді отаршылдар үшін біз бәрібір «бұратана»

халықпыз» дегендей, «Киргизъ-кайсакъ» деген

жаңа лақап атымен жауап қайырады [28].

«Киргиз-кайсакъ» есіміне Алаш көсемінің

кейінірек  сирек  те  болса  мезгіл-мезгіл  қайта

оралып отырғанын байқауға болады. Мысалға,

Ресей  мұсылмандарының  С.-Петерборда

бірқатар  басылып  тұрған  «Въ  мире

мусульманства» газетінде қазақ жерінің талан-

таражға  салынған  тағдырына,  ауыл-

аймақтардағы  мектептердің  аянышты  халіне

және  жалпы  отаршылық  езгісінде  отырған

халқының  қасіретін  сипаттаған  3  мақаласы

жарияланды [29].

Әлихан  Бөкейханның  жиі  болмаса  да

«Истинный  сынъ  степей»  дегеннің  «әшкере»

хатына ұқсаған жағдайларда кәдесіне жараған

«Туземецъ», «Ал.Кочевникъ», «Мусульманинъ»

сынды бүркеніш есімдерінің «Киргизъ-кайсакъ»

атымен  үндес,  мағыналас  екенін  байқамау  да


11

АБАЙ АРМАНЫ

2014 №2 (23)

қиын. Сол себепті де олардың «хикаяларына»

жеке-жеке тоқталып жатпаймын.

«Киргизъ» 

немесе 

«Степнякъ»,



«К.Степнякъ»  немесе  «Киргизъ-степнякъ»

деген бүркеніш есімдерінің орны өзгешелеу.

Бүгінгі зерттеушілер мен тарихшылардың

арасында 

«К.Степнякъ» 

Степняк-


Кравчинскийдің,  ал  «Степняк»  -  Әліби

Жангелдиннің  лақап  аттары  емес  пе?  -  деген

алып-қашпа жорамал айтушылар да жоқ емес.

Оларға  өздерінің  күдік-күмәндерін  сейілту

үшін Степняк-Кравчинский мен Жангелдиннің

өмірбаяндарын бір қарап шықса болғаны.

Мысалға,  С.-Кравчинскийдің  белгілі

бүркеніш есімі «С.Степняк», ал Жалгелдиндікі

– егер оның біресе христиан дініне өтіп, біресе

қайта мұсылман болғаны ескерілсе, оның лақап

аты  «Степной»  не  «Степнов»  болғанына  көз

жеткізу көп тер төгуді қажет етпейді.

Ә.Н.Бөкейханның  немере  інісі,  1992

жылы  марқұм  болған  Райымжан  Әзіханұлы

Бөкейхановтың  айтуынша,  Совет  өкіметі

жылдарында  Алаш  көсемі  қазақ  тіліндегі

публицистикасында «Қалмақбай», орыс тілінде

«Н.Ш.»  деген  псевдо-есімдерін  пайдаланған.

Бұл пікірді марқұм болған ғалым, Әлиханның

экономикалық  зерттеулері  мен  еңбектерін

советтік  «жоспарлы  экономика»  тұрғысынан

бірыңғай  сыни  көзқараста  зерттеп,  ғылыми

кандидаттық  диссертациясын  қорғаған

М.Жақсалиев те толық растады.

Алайда, дәл осы күнге қарай Әлиханның

қазақша не «Қалмақбай», не орысша «Н.Ш.» деп

таңбалаған  бірде-бір  материалын  ұшырата

алмадық.


«Алаш»  қозғалысы  мен  партиясының

көсемі  әрі  ғұлама  ғалым  әрі  публицист

Ә.Н.Бөкейханның  ерекше  тоқталып  өтетін

бірден-бір бүркеншек есімі – «Омскій казакъ».

Бұл  есімін  қазақ  қайраткері  «казачество»  деп

аталатын  тұтастай  әлеуметтік  топтың  мұң-

мүддесін  емес,  тек  қана  қарапайым  орыс-

казактардың  немесе  атты-казактардың

мүддесін қорғайтын мақалаларында өте сирек

пайдаланды.

Өйткені, Алаш көсемі қалың қазағының

мүддесі үшін Мемлекеттік думаны мемлекеттің

ең жоғарғы өкілеттік және заң шығарушы билік

тетігі ретінде  сақтап қалу,  Дала немесе  Қазақ

өлкесіне  земство,  яғни  жергілікті  басқару

жүйесі мен алқалы сот жүйесін енгізу, Думада

заң  қабылдату  арқылы  қазақты  тұрақты  атты

әскер  қатарына  шақырту  үшін  күресінде

казактарды одақтас ретінде көргісі келді.

Сонымен  бірге  қазақтың  ұлттық  көсемі

казактардың  мұңын  мұңдап  жазған

мақалаларына  «Омскій  казакъ»  деп  қол

қойғанымен, ол өзін казак деп көрсеткісі жоқ.

«Омскій  казакъ»  деп  Әлихан  Бөкейхан  өзін,

«Омбының қазағын» айтып отыр. Өйткені, бір

жағынан, отаршыл биліктің өз тілінде қазақты

«казак» деп дұрыс жазбай, «киргизъ-кайсакъ»

немесе  қысқаша  «киргизъ»  деп  бұрмалап

атауына  деген  наразылық  болса,  екіншіден  –

орыс-казактардың  мұңын  оған  қаны  жағынан

әлдеқайда жақын қазақтың қорғап отырғанын

айқын көрсету болатын.

Міне сол себепті де казактарды қорғаған

мақалаларында  ол  өзінің  кім  екенін  онша

жасырмайды. Мысалға, «Оларға тіл бітті» атты

мақаласында  ол  «бір  Алланың  өзі  біледі»

дегенді ашық жазады: «...Не 5 и не 9 тысячъ, а

девяносто и более на какіе-то другіе расходы, о

которыхъ знаетъ Аллахъ...» [30].

  Әдебиет

1. Бұл мәліметті Ә.Н.Бөкейханның туған

қызы  Елизавета  өзінің  немере  інісі  Сырым

Бөкейхановқа  айтып  береді,  автор  Сырым

Бөкейхановтан жазып алды.

2. 2 марта 1925 года секретариат ЦК РКП

(б)  принял  постановление  о  состоянии

казахской  печати:  решено  открыть  новые

казахскоязычные  издания  –  журнал  «Жаңа

мектеп» (позднее «Казақстан мектебі»), первый

номер  вышел  в  августе  1925  года,  и  «Әйел

теңдігі»,  позже  «Қазақстан  әйелдері»,  первый

номер которого вышел в июле 1925 года.

3.  Кейінірек  бұл  басылымның  атауы

«Киргизская  степная  газета»  болып  өзгерсе,

қазақ тіліндегі қосымшасы «Дала уалаятының

газеті» күйінде қалды.

4. «Восточное обозрение» газеті - өзінің

редакторы Ив.И.Попов Сібірге жер аударылған

соң,  Иркутскіде  қайта  шығып  тұрды.  Иван


12

АБАЙ АРМАНЫ

2014 №2 (23)

Поповтың  өзі  Омбының  «Степной  край»

газетінде Әлихан Бөкейхан жұмыс істеген кезде

жарияланып тұрды. Құрастырушы.

5. Кеменгерұлы, Қ. Таңдамалы.//Алматы:

Қазақстан, 1996 ж. Құрастырған және алғы сөзін

жазған Қамзабекұлы Дихан.

6. Қара жаяу. Соқыр мен көзді кісі (Орыс

әңгімелерінен).//«Жас қайрат», журн., 1924 жыл,

№ 6, 28-бет. Мәскеу.

7.  Эзоп  пен  Толстой  [Л.Н.].  Жетпіс  жеті

мысал (ауд. Қыр баласы).//СССР халықтарының

Кіндік баспасы [ЦИН СССР], 1925 ж. Мәскеу.

8. Қыр баласы. Өтірік өлең (Басығараұлы

Жүсіпбектің  «Үш  тазша»  деп  бастырғалы

отырған кітабынан 41 өтірік өлең алынды, бұ

да сонда. Қ.Б.).//«Жас қайрат» журн., № 3-4, 1924

ж., 45-48 беттер. Мәскеу.

9. V. Самат өлеңдеріне сын. Әдеби сын.//

«Жас қазақ» журн., №№ 10-13, 1924 ж. Мәскеу.

10. Қара жаяу. Соқыр мен көзді кісі (Орыс

әңгімелерінен).//«Жас қайрат», журн., 1924 жыл,

№ 6, 28-бет. Мәскеу.

11. Толстой, Л.Н. Қажы-Мұрат (ауд. Қыр

баласы).//«Ақ жол» газ., №№ 377-378, 1923 ж.

Мәскеу.


12. Толстой, Л.Н. Қажы-Мұрат (аударған

Қыр  баласы).//СССР  халықтарының  Кіндік

баспасы [ЦИН СССР], 1924 ж. Мәскеу.

13.  Дала  уалаятының  газеті,  №  19,  12

мамыр 1889 ж.; № 45, 10 қараша 1889 ж.; № 47,

24 қараша 1889 ж. Омбы.

14. Швецов, С.П. Омская газета «Степной

край»  и  политическая  ссылка.  К  истории

сибирской печати.// «Северная Азия», журн., №

1, 1930, 110 бет. Москва.

15. Тағы да сонда: 112 бет.

16. Сонда: 111 бет.

17.  Читатель  [Ленин,  В.И.].  «Вниманию

читателей»  «Луча»  и  «Правды»//  «Правда»,  №

102 от 05 мая 1913 г.; Читатель [Ленин, В.И.].

«Нехорошо!»  (еще  раз  вниманию  читателей

«Луча» и «Правды»)//«Правда», № 114 от 19 мая

1913 г.


18. Читатель. Заметки читателя.//«Степной

край», газ., 1895, №88 (30 ноября), с.3.; Читатель.

Заметки читателя //«Степной край», газ., 1896,

№25-26 (4 апреля), с.3. Омскъ.

19.  V.  Въ  Западно-Сибирскомъ  Отделе

Географическаго  общества.//«Степной  край»,

1897, №29 (21 марта), с.2-3; V. Кто пишетъ "о

предметахъ, очевидно, ему мало ведомыхъ"? //

«Степной край», 1897, №38 (11 апреля), с.4; V.

Каркаралы,  30  октября.//«Степной  край»,  №

130, ноябрь, 1897 г. Каркаралы.

20.  V.  Къ  поездке  господина  Степного

генералъ-губернатора//«Иртышъ»,  №  30,  24

августа 1906 года. Омскъ;

V.  О  петиціяхъ  киргизъ.//«Иртышъ»,  29

августа 1906 года, № 32, вторникъ. Омскъ; V.

Къ петиціямъ киргизъ.//«Иртышъ», 2 сентября

1906 года, № 36, суббота. Омскъ.

21.  Әлихан.  Он  төрт  тоғыз  бола  ма?//

«Қазақ», газ., № 91, 1914 ж. Орынбор - «Айқап»,

журн., № 2, 1915 ж. Троицк.

22.  Уакъ.  «О  посылке  газеты

черносотенца  Ярмонкина  «Русская  земля»  в

киргизскіе  степи».//«Иртышъ»,  №  74,  21

октября 1906 г. Омскъ.

23.  Букейхановъ,  А.Н.  Киргизы.//

Костелянскій, 

А.Н. 


(ред.). 

Формы


национального  движенія  въ  современныхъ

государствахъ. стр. 577-600. 1910 г. СПб.

24. Истинный сынъ степей. Фальшивые

постановления.//«Степь», газ., № 6, январь 1906

года.

25.  Букейханов,  А.  Я  являюсь



представителем  4-миллионнаго  казахского

народа...  Выступление  на  ноябрском  съезде

земскихъ  и  городскихъ  деятелей  в  Москве.//

«Семипалатинскій листокъ», газ.

26.  Букейхановъ,  А.Н.  Выборы  въ

Степномъ  крае//Сборникъ  «Къ  десятилетію

Первой Государственной Думы», 1916 г., Изд.

«Огни». СПб.

27.  Букейхановъ  Алиханъ,  Марсековъ

Раимжанъ.  «Открытое письмо  крестьянскому

начальнику  1  участка  Павлодарского  уезда

полковнику  Даньшину»  о  несогласіи  съ  его

критикой перевода Манифеста отъ 17 октября./

/ «Семипалатинскій листокъ», газ., 4 янв., 1906

г., № 3. Семипаталинскъ.

28. Киргизъ-кайсакъ. Ответъ истиннымъ

сынамъ  степей.//«Семипалатинскій  листокъ»,

газ., № ?, январь 1906 г. Семипалатинскъ.

29. Киргиз-кайсакъ. Судьба киргизского

землепользованія.//«Въ мире мусульманства»,



13

АБАЙ АРМАНЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет