Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет6/15
Дата15.03.2017
өлшемі2,46 Mb.
#9921
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2014 №2 (23)

болса  дін  мен  сенімге  соншалықты  қатысты.

Алланы сүю, оны сезіну танымдық мәселелер

арасындағы ең  маңыздысы болса керек. Абай

ислам 

дінінің 


адам 

үшін 


ерекше

маңыздылығына назар аудара отыра, «Алланың

сөзі де рас, өзі де рас. Рас сөз ешқашанда жалған

болмас» деп көрсетуі бекер емес. Демек, Абай

адам танымының негізгі тірегі және қайнар көзі

Алла деп отыр. Қоғам мен табиғатта барлығы

Алланың  шапағатымен  басталады,  сонымен

өмір нұрланады. Осы құбылысты түсінген жан

Алланың нұрлы сөзі адам жаны мен жүрегінің

түбінен орын алса, ол адам нағыз иманды, нағыз

мұсылман.  Қасиетті  Құран  идеялары  мен

талаптарын орындай білген адам нағыз ізгі жан,

толық адам болмақ. Яғни, ондай адам қоғамдық

қатынастарға  өзінің  нұрлы  ықпалын  тигізіп

отырады. Дінді дұрыс ұстай білген, оны өзінің

дүниетанымының  тірегіне  айландыра  білген

адам бақытты, оның өмірі мәнді.

Алланың сипаттарын толық ашатын сөз

таба алмайсыз. Оның себебі адам Алланы толық

танып, толық түсіне алмайды. Адамның ақыл–

ойы, ол ұсынған концепциялардың ешқайсысы

Алланың толық сипатын ашып беруге қабілетті

емес.  Біздің  танымымыз  шектеулі,  адамның

білімі  тым  аз.  Сондықтан  біз  өзіміз  білетін

материялық  дүниелерді  тану  арқылы  немесе,

тәжірибе арқылы Алланың мәнін, материялдық

емес  болмысты  мүлдем  түсіндіре  алмаймыз.

Осы  тылсым  күрделі  құбылысты  Абай  терең

сезіне білген. Он сегіз мың ғаламды жаратқан

Алла  тағала  қозғалыстың,  өмірдің  бастауы,

барлық құбылыстардың себебі.

Абай отыз сегізінші қара сөзінде: «Ол –

алла  тағаланың  заты,  ешбір  сипатқа  мұқтаж

емес,  біз  ғақылымыз  мұқтаж,  жоғарғы

жазылмыш  сипаттар  бірлән  тағрифлап

танымаққа  керек.  Егер  де  ол  сипаттар  бірлән

тағрифламасақ    бізге  мағрифатулла  қиып

болады.  Біз  алла  тағалланы  өзінің  білінгені

қадар  ғана  білеміз,  болмаса  түгел  білмекке

мүмкін емес. Заты түгел, хикметіне ешбір хаким

ақыл  ерістіре  алмады.  Алла  тағала  өлшеусіз,

біздің  ақылымыз  –  өлшеулі.  Өлшеулі  бірлән

өлшеусізді білуге болмайды», - дей отыра Алла

тағаланың ерекше белгісін көрсетеді [2].

Алла  тағала  барлығының  себебі,  адам

қатысты  деп  ойланатын  құбылыстардың

барлығын дерлік Алланың өзі жаратқан. Алла

Жаратушы  және  Жасампаз.  Ол  барлығының

себебі. Ол бәрінен еркін. Ол ештеңеге зәру емес.

Ол ештенені қажет етпейді. Уақыт пен кеңістік

оған  серік  емес.  Ол  бәрінің  бастауы.  Абай

Қасиетті  Құрандағы  айтылған  қағидаттарды

қабылдап, басшылыққа алады. Ол өзінің 38-ші

қара сөзінде «Алла тағала өзі – хақиқат жолы.

Хақиқат бірлан растық – қиянаттың дұшпаны,

дұшпаны  арқылы  шақыртқанға  дос  келе  ме?

Көңілде  өзге  махаббат  тұрғанда  халықты

таппайды. Адамның ғылымы білімі хақиқатқа,

растыққа  құмар  болып,  әр  нәрсенің  түбін,

хикметін білмекке ынтық бірлән табылады. Ол

– Алланың ғылымы емес, һәмманы білетұғын

ғылымға ынтықтық, өзі де адамға өзіндік ғылым

береді», – дей келе адам танымы Алла берген

жолмен жүретіндігін ескертеді [3]. Адамдардың

дұрыс даму жолын таңдауында олардың Аллаға

деген  сенімі  мен  сүйіспеншілігі  аса  маңызды

болады. Сондықтан Абай адамның кемел болуға

ұмтылысы Алланы сүюден басталуы керек деп

есептейді.

Шындығында Абай айтқандай адам өзін

қоршаған  дүниені,  тылсым  тіршілікті  тануға,

олардың құпияларын білуге құштар. Адам мәні

танысам, 

көрсем, 


білсем 

деген


құштарлықтармен  белгіленеді.  Осы  ұмтылыс

оған түрлі құбылыстар мен заттарды меңгеруге

және игеруге мүмкіндік береді де, адам оларды

өзінің керегіне жаратады. Оның іс – әрекеттері,

қылықтары,  мақсаттары  адам  жанының

түпкірінен  қайнап  шығады.  Ал,  адам  жаны

Алланы, әділетті және адамзатты сүйетін болса

ондай адамдар жақсылықтарының, шапағаттың,

бейбітшіліктік  пен  игіліктің  бастауларына

айналады.  Ізгілік  пен  қайырымдылыққа

бастайтын  қоғамды  жүрегінде  Алласы  бар

адамдар  жасайды  деп  біледі  Абай.  Ал,  адам

бойындағы  зиянды,  жеткіліксіз,  қайшылық,

белгілерінің барлығы Алланы сүюдің жетіспей

жатқандығынан,  Алланы  сезінудің,  оны

танудың аздығынан болады.

Адам – өзі қаншалықты көп білемін деп

білетін және білмейтін барлық құбылыстарды

жаратушы. Оның билігі абсолютті шексіз және

танымы  барлық  заттарды  қамтиды.  Аллаға



35

ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №2 (23)

Оның  қасиетті  мәні  ешқандай    адам

танымымен,  концепциямен  белгіленбейді.

Алланы қозғалыста  немесе тыныштықта деп

қарастыра    алмаймыз.  Олай  болса  Алла

мәңгілік, оның мәніне адам танымы еш уақытта

да  жетпек    емес.  Алла  барлық  күштердің,

қозғалыстардың, немесе тыныштықтың қайнар

көзі,  бастауында.  Оған  ешкім,  ешқашан  өз

әсерін  тигізе  алмайды.  Оның  өзгермейтіндігі,

мәңгілік екендігі ақиқат.  Адамзат Алла салған

жолмен жүреді. Адамзаттың түпкілікті тағдыры

де Алланың қолында.  Ал, адамзаттың игілікті,

бақытты және тыныш өмірі мен оның Алланың

Құранда айтқан сүрелері мен аяттарды дұрыс

орындауына  тәуелді.  Алланың  жолы  –

ақиқаттың  ақ  жолы.  Пайғамбарлар  Алланың

сөзін халықтарға жеткізушілер болса, хакімдер

оны  халыққа  түсіндірушілер,  даналар  мен

хакімдерді  насихаттаушылар  деп  қарастыруға

болады.  Бұл  рухани  иерархияда  Абай  хакім

болса,  Шәкәрім  даналар  қатарында.  Қазақ

ұлтында Абайдан өзге хакім болған ойшыл жоқ.

Оның шығармашылығының айрықша белгісінің

бірі  құранды  терең  түсініп,    қазақ  халқына

түсінікті тілде жеткізе білуінде болар.   Және

де  ақынның  Алла  сипаттарын  түсініп,  өз

жұртына  тарата  білуінде.    Алдағы  болашақта

Абай мұрасына басқа халықтар да ден қоймақ.

Мәселе,  қазақ  ғалымдарының  Абайдың  Алла

туралы  түсінігін  басқа  халықтарға  дұрыстап

жеткізе алуында.

Алланың 

сипаттарын 

біз

пайғамбарлардың  сөздері  мен  айтқандары



арқылы  білеміз.  Алла  барлығының  бастауы

болғандықтан  оның  сипаттарын  біз  басқа  бір

құбылыстар  мен  салыстыра  алмаймыз.  Адам

білімі мен танымы Алланың сипаттарын білуге

жарағанымен  оның  мәнін  түсінуге  мүлдем

жетімсіз. Алла өз сипаттарын адамға түсінуге

рұқсат еткен. Ол адамға  өз құдіретін білдіру,

түсіндіру  үшін  сипаттарын  танытқан.  Алайда

сезіну адам баласына берілмеген. Бізге Алла өз

сипаттарын ғана ашқан. Сол арқылы біз Алла

мәнін  бағамдауға  ұмтыламыз.  Алланың

айтқанын  орындайтын  билік  пен  халық

тыныштық  пен  гармонияда  өмір  сүру

мүмкіндігіне ие болады.

Алла сипаты басқа құбылыстар сипатынан

бөлек.  Біз  Алла  құдіретті  және  бәрін  көреді

дейміз.  Демек,  Ол  таным  мен  білімнің  көзі.

Алланың  сипаттары  сөз  жоқ  оның  мәнінен

туындайды. Алланың мәні кездейсоқ белгілер

емес. Алла мәні абсолютті болмыс. Ол білімге,

білікке, өмірге, тұрақтылық пен жақсылықтың

іске асумен үндес. Алла мәні интеллектуалдық,

немесе  сыртқы  шектеулерден  тысқары.  Бізді

қоршаған  бүкіл  болмыстың  сол  болмысты

бейнелейтін  санамызды  да  Алла  тағала

жаратқан. Сол себепті, ойшылдар өмірдің мәні

мен  бақытының  баянды  болуын  Алланы

сүюмен байланыстырады.



Әдебиет

1

Құран  Кәрім, Қазақша мағына және



түсінігі. Ауд. Халифа Алтай. – Медине, 1991. –

Б. 409


2

 Құнанбаев А. Қара сөз. – Алматы:

Көшпенділер, 2011. – 99– Б. 100

3

 Бұл  да сонда. 98 – Б. 97



4

Құдайбердіұлы  Ш.  Мұсылмандық

шарты.  Тұлғалар.  –  Алматы:  Қазақ

энциклопедиясы, 2007. – Б. 551

5

Құран Кәрім. Қазақша мағына және



түсінігі. Ауд. Халифа Алтай. – Медине, 1991. –

Б. 402


6

Құдайбердіұлы  Ш.  Мұсылмандық

шарты. 

Тұлғалар. 



Алматы: 

Қазақ


энциклопедиясы, 2007.– Б. 550

7

Құнанбаев  А.  Қара  сөз.  –  Алматы:



Көшпенділер,  2011. – Б. 36

ойласа  да  көп  білетіндігімен  қаншалықты

мақтанса да ол Алламен ешбір теңесе алмайды.

Алланың  мәнін,  оның    бастауын  білу,  немесе



36

ШӘКӘРІМТАНУ__2014_№2_(23)___В_статье_поднимается_вопрос_о_духовных_ценностях_в_произведениях_Абая_и_Шакарима.__Резюме'>ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №2 (23)

В статье поднимается вопрос о духовных ценностях в произведениях Абая и Шакарима.

Резюме

Resume

The article raises a problem about spiritual values of Abay and Shakarim’s  works.

37

ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №2 (23)

 ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ «ЕҢЛІК-КЕБЕК» ПОЭМАСЫНДАҒЫ

НӘЗИРА ДӘСТҮРІ

Автор  мақаласында  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  поэмасындағы  нәзира  дәстүріне

тоқталады.  Қазақ  әдебиетіндегі  драматургия  жанрының  алды  «Еңлік-Кебек»

трагедиясындағы шығыс әдебиетіндегі көне дәстүрдің асқақтығына мән береді.

ӘОЖ 821.512.122-1



Қ.ҚҰРМАМБАЕВА,  филология  ғылымдарының  кандидаты

Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік

университеті

Шәкәрім елінің есінен кетпейтін, атадан

балаға  аңыз-жырдай  берілетін  шындық

өмірдің  баянын  «Еңлік-Кебек»  атты

поэмасында  қайта  жырлады.  Бұл  Абайдың

ақындық  мектебі  үшін  дәстүрлі  құбылыс

болды.

  Абай топырағынан шыққан шежіреші



қарт, Шыңғыстау ел тарихының терең білгірі,

жазушылығы «Ұлылар мекені» атты деректі-

көркем кітабында жарқырай көрінген Бекен

Исабаевтың  дерегінде    Мұхтар  Әуезов  осы

сюжетті 

драматургия 

жанрына

айналдырғанында 



бұл 

Шәкерім


Құдайбердіұлының  құптауын,  ақынның

пьесадағы  Көбей  мен  Еспенбет  айтысына,

билер тартысына нақты бағыт бергенін тілге

тиек еткен [1,588].

Бұл  пьеса  –  қазақ  әдебиетінің

драматургия  жанрындағы    алғашқы

қарлығашы,  «Еңлік-Кебек»  трагедиясына

академик  Рымғали  Нұрғали:  «Ұлттық

топырақта  драматургиялық  дәстүрдің

жоқтығына қарамай, басқа елдер әдебиетінен

үйрене  отырып,  Әуезов  жанр  шарттарына

толық жауап бере алатын трагедия жасады»

деп жоғары баға берген.

Назирашылдық  –  көне,  Шығыс

әдебиетінің отын өшірмей, асқақтата түсетін

тамаша дәстүр. Бекен Исабаев ақсақал «Ұлылар

мекені» атты кітабында былай деп жазуы заңды:

«Тобықтылардың есінен етпей жүрген осы

үш оқиға, үш тағдыр туралы (Қалқаман-Мамыр,

Еңлік-Кебек, Қодар-Қамқа) осы өлкеде туған үш

алыптың  үшеуі  де  қалам  тартқан.  1880  жылы

«Дала  уәлаяты»  газетінде  «Қазақтардың  есінен

кетпей  жүрген  бірер  сөзді»  ғалым-жазушы

М.Мағауин  Абай  жазды  деп  жүр.  Ал

Шаһкәрімнің «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек»

поэмаларын  жазуда  Абай  ақылы  бар  делінеді.

Тіпті  Мағауия  жазған  «Еңлік-Кебек»  поэмасын

Мұқаң өз архивінде сақтап кеп, поэма нұсқасын

1951  жылы  жариялатуымен  бекітті.  Қазір

ғылыми-әдеби  айналымда  Мағауия  мен

Шаһкәрім жазған поэмалардың екі нұсқасы бар.

Мағауия «Еңлік-Кебек» қиссасын Шаһкәрімнен

бұрын  жазған.  Шаһкәрім    «Еңлік-Кебекті»

баспадан шығарған 1912 жылы Мағауия жоқта.

Ел  есінде  Мағауия  нұсқасын  тыңдап,  Абай

баласына  «Көсем  көселікке  салған  екенсің.  Ел

арасы бүлінеді. Жария етпе!»  деп тыйым салып,

қиссаны  қайта  жазуды  Шаһкәрімге  тапсырған

деген де сөз сақталған»  [2,152].

Ендеше  тарих  шындығы  ашыла  түскені.

Бұл  оқиға  ақиқат  болған  соң,  әлі  де  екі  рулы,

дәлірегі,    үш  рулы  елге  жан  жарасын    тырнап,

көкірегіне шер салатын болғандықтан дана Абай

Тірек сөздер: поэма, Шәкәрім, нәзира дәстүрі, драматургия.


38

бекерге тыйым салмағаны танылмай ма!

Ал 

абайтанушы 



ғалым  Қайым

Мұхамедханов  1880  ж.  «Дала  уәлаяты»

газетінде «Қазақтардың есінен кетпей жүрген

бірер  сөз»  атты  «Еңлік-Кебектің»  алғашқы

нұсқасының  авторы  Шәкәрім  Құдайбердіұлы

деп дәлелдейтіні белгілі жайт.

Әдебиет – өмір айнасы. Ескі замандарды

ұрпақ  жадынан  өшірмей  сақтаушы    қуатты

ақпарат көзі.

Түркітанушы  ғалым,  зерттеуші  Немат

Келімбетов «Шәкәрім және қазақ әдебиетіндегі

нәзира  дәстүрінің  көріністері»  атты

мақаласында  оның  классикалық  дәстүр,

Шығыстың ұлы поэзиясымен рухани байланыс

екенін айта келіп, Шәкәрім Физули нұсқасын

таңдап, «Ләйлі-Мәжнүнді» жырлағанда құрғақ

еліктемей,  өз  жаңалықтарын,  идеялық  және

көркемдік  детальдарын  енгізді  деп  жазды.

Мазмұн мен сарынды сақтап, өз биігінде қайта

көркем  шығарма  тудыруды  әдебиет

жатсынбайтыны сондықтан болса керек [3,131].

Қазақ  қоғамынан  алып  іргелі  үш  поэма

жазған Шәкәрім «Еңлік-Кебекке» «Жолсыз жаза

яки  кез  болған  іс»  деп  қосымша  анықтауыш

берді.

Тастады бесігімен баласын да.



Обалға өшіккен ел қарасын ба?

Еңлік-Кебек моласы бүгін де бар,

Таймақ пен Ералының арасында.

Шәкәрім  ақынның  қазақ  қоғамындағы

қатыгез салтты түп-тамырымен айыптайтыны

осы шумақтан анық көрінеді. Жер атаулары –

Кебектің Қаражартасы, Үйтас, Ақшоқы, Хақан

өзені, Ащысу   – поэманың географиялық нақты

деректілігін анықтай түседі.

Ауыл арасының айтқыш ақындарына тән

жеңіл-желпі  суырып  салма  өлеңнен  табиғаты

биік  күрделі  жанрды,  эпикалық  поэманы

тудырған  Шәкәрім  деталь  қолдануда  қазақ

әдебиетін байытқан ақын. Оның кейіпкерлері

оқырман  көкейінде  сол  детальдарымен  де

өшпестей  болып  қалады.  Еңлік  портретін

Шәкәрім «Биік қабақ, сұрлау қыз» деп ертегідегі

хор  қызындай  шалқытпай-ақ  жасайды.  Осы

суреттеуден  Еңліктің  өткірлігі,  тәкәппарлығы

астыртын білінеді.

Өйтіп уағда бермесең, әуре етпе,

Тең көрмесең телміртіп, тентіретпе!

Қайда барсаң обалым жібермейді,

Бірақ осы сөзімді ұмытып кетпе!

Мұндай адал, текті жар сүйгенімен қоса

өлуге  бақұл  екенін  Шәкәрім  поэмасында

танытты.

Нағашым – байжігітте ер Қабанбай.

Мен татысам, жігітсің маған татыр,

Міне, осындай ішімде қайғым жатыр.

Ойнас емес, өмірлік жолдасым деп,

Беремісің уәде, Кебек батыр?

Еңлік сүйген жарды өзі таңдайды. Қазақ

салтында  қызды  жігіт  таңдауы  тиіс.  Рымғали

Нұрғали  мұны  қазақ  әдебиетіне  орыс,  батыс

әдебиетінің  романтикалық  әсерін,  ер-әйел

арасындағы махаббат хикаяларын Абай арқылы

қабылдай бастағаны деп ой түюі де шындық.

Шәкәрімтанушы  ғалым  Б.Әбдіғази

«Еңлік-Кебектің» «Қалқаман-Мамырдан» кейін

жазылғанын поэмадан мысал келтіріп жазды.

Қалқаман мен Мамырды жаздым бұрын,

Оқығандар байқадың оның сырын.

Енді айтамын Еңлік пен Кебек сөзін,

Тағы сынап көріңіз мұның түрін.

Бұл сюжеттің назира дәстүрінде қайталана

беруі – қиялдан тумай, нақты өмірден алынғаны,

қазақтың  патриархальды  тұрмысының

шиеленіскен әлеуметтік қайшылықтарын ашық

көрсетіп беруі.

«Қараменда Балхашқа кетіп, Еңлік-Кебек

өліп,  Тобықты  Шыңғысқа  ие  бола  бастаған...

Кеңгірбай  Кебекті  құрбан  еткенімен

Сарыарқаның құты Шыңғысты иеленді», – деп

жазған  Бекен  Исабаев  сол  өңірдің  көнекөз

шежіреші  шалдарының  жалғасы,  естіген-

білгенін  жаңылмай  жеткізуші  [3].  Сөйтіп,

ежелден «Еркек тоқты құрбандық» деп дүние

танитын қазақ қоғамы үшін жесір дауы дегені

бұл поэмада әншейін бүркеме, шынтуайтында

тартыстың  негізі  жер  дауы  болып  шығады.

ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №2 (23)


39

Сондықтан  Кеңгірбай  биді  тұтас  бір  рудың

қамын  жейтін  ел  ағасы  деп  қабылдау  дұрыс.

Кебек  батыр  шыққан  тобықтының  жуантаяқ

руы  ақтабан-шұбырындыдан  соң  орта  жүз

рулары ата қонысқа қайта оралып, қоныстана

бастағанда  шұрайлы  қоныстан  шет  қалған.

Мыңғырған мал өсіру үшін кең қоныс керек –

бұл  барлық  қазақ  тайпасы  үшін  маңызды.

«Еңлік-Кебек» поэмасының астыртын тартысы

ғұлама  Мұхтар  Әуезовтің  «Абай  жолы»  атты

роман-эпопеясындағы аттары аталған рулардың

сыртқы  және  өз  ішіндегі  бітпес  тартысының

әуелгі бір парасы ғана.

  «Өз  күшігін  өзі  жеген  қасқыр  іспеттес

билердің  ырғасып-ырғасып,  ақыры  тапқан

жолдары  –  Еңлік  пен  Кебекті  өлтіру.  Сол

сұмдық  үкімді  өз  қолымен  орындаушы

Еспембет». Рымғали Нұрғали  Мұхтар Әуезов

«Еңлік-Кебек»  пьесасындағы    тобықты  және

найман билерінің қос ғашыққа шығарған қанды

үкімін  бірдей  айыптайды.  Бұдан  анық  ұғуға

болары  –  «Еңлік-Кебек»  дәстүрлі  қазақ

қоғамының  ауырпалықтарын  тарихи  негізде

суреттеп  беруімен  де  ерекше  құнды  жәдігер

болып 


отырғандығы. 

Әдебиеттегі

нәзирашылдықтың төркінінде осындай күшті

өмір  шындығы,  асқан сұлу  поэтикалық  аңыз,

сұмдық  аянышты  трагедия    жатуы  керек.

Шығыс  әдебиетінде  бір  емес,  77  ақын

жырлайтын,  дәуір  сайын  жаңғырып  жырлана

берген  «Ләйлі-Мәжнүн»  сияқты  классикалық

сюжеттердің адамзат жадынан өшпейтіні соның

арқасы. Шәкәрім нәзирашылдықтың асыл дәнін

қазақ  топырағына  көктеткенде  «Ләйлі-

Мәжнүнді» дөп таңдауымен ұтты.

Төртінші нұсқа, нәзирашылдықтың алтын

қазығы  –  Шәкәрімдікі,  ол    «Еңлік-Кебекті»

Мағауияның  үшінші  нұсқасынан  бөлек

жырлауы қазақ әдебиетін дүниежүзілік үлкен

әдебиеттермен  теңестіріп,  байыта  түсті.

«Мағауия  психологиялық  портрет  жасауға

ұмтылады», – деп бұған сыни анықтама берді

академик Р.Нұрғали.

Шәкәрім Абайдың ақындық мектебінің ең

зор  өкілі  болды.  Әдебиеттің  зор  тамыры

Шыңғыстау топырағында болғанына осы елден

шыққан Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелік»

атты  1912  жылғы  романы  қазақта  Міржақып

Дулатовтың  «Бақытсыз  Жамал»  атты

романынан    кейінгі  екінші  роман  болып

Семейде  басылғанын  әйгілі  ғалым  Қайым

Мұхамедханов жазды.

Шәкәрім  100  жыл  бұрын  жарық  көрген

поэманың  басында  жылнамашы-тарихшы

болып сөз бастайды. Қазақ-жоңғар соғысынан

соңғы  қиыншылық,  айбынды  аттары  ұрпақ

жадында  өшпей  қалған  қазақ  халқының  қас

батырлары  туған  жерді жаудан азат еткен соң

болған деректі оқиғалар, жер аттары аталады.

Бұл кезең қазақ тарихында  орыс империясына

бодан болудың басы.

Келгені Тобықтының осы маңға

Мың жеті жүз сексенге тақағанда,

Елді бастап әкелген Мамай батыр

Орда, Көкен, Ащысу, Доғалаңға.

Әр топта батыр бар некен-саяқ,

Сүйтсе де батыры көп Жуантаяқ.

Қырды алып Бөктерге таласыпты,

Матай-Сатай дегенді тыңдамай-ақ.

Қабекең де* өрлепті Шидің бойын

Шөбі шүйгін жер ғой деп малға тойын.

Кейде жау боп Матаймен, кейде бітіп,

Есіл-дерті Шыңғыста, айтпайды ойын.

(Қабекең* – Кеңгірбай биге қойылған ат.

Қабан  сықылды  бұрылмайтын  мықты  деген

сөзден  шыққан,  автор),  –  деп  Шәкәрім

түсініктеме берген. Қазақта найман қаракерей

Қабанбай батырдың азан шақырып қойған есімі

Ерасыл екені белгілі. Бүкіл халықтың бағына

туған  ердің  ері  болғандықтан  ол  осындай  ат

алған.  Бұдан  қазақ  халқы  қабанды

мықтылықтың  синонимі  ретінде  көргенін

аңдаймыз.

Шәкәрім  Қабекең  деп  жырға  қосқан

Кеңгірбай би әдебиетте есімі өшпейтін күрделі

образдың  бірі.  Оның  қаһарлы  бейнесін,  ел

қамын ойлар саясатқа мықтылығын Шәкәрім,

Мұхтар  әдебиетте  тірілтті.  Соған  қарағанда

нәзирашылдықтың  түп  негізінде  жанды

бейнелерді жаңғырта беру мәнісі жатады.

Поэмадағы  кульминация  екі  ғашықтың

ата салтты бұзып, қашып кетуі. Мұның немен

ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №2 (23)


40

ШӘКӘРІМТАНУ

Резюме

Resume

аяқталарын  екеуі  де  анық  білгеніне  Шәкәрім

поэмасындағы  Кебектің  Еңлікпен  ұғысар

сәтіндегі мына сөзі куә:

–Ей, Еңлік! Айтқан сөзің – сөздің шыны,

Сөйтсе де бір сөзім бар, тыңда мұны.

Соғысқа сылтау таппай отырғанда,

Бүлдірмелік Матай мене Тобықтыны.

Десе де салқын ақылды ыстық жүректің

құштарлығы жеңді. Шәкәрім поэмасында бұл

тағдырдың әуелден басқа жазылып қойғанын,

Кебек  теріс  батаға,  қарғысқа  қалмайық  деп

қанша  айтқанмен  болар  іс  боларын  Шәкәрім

поэманың басында аян қылады. Ол Нысан абыз,

бақсы  образы арқылы берілген.

Нысан абыз қысылып батқан терге

Қарады да сөйледі Кебек ерге:

«Ажалың биік қабақ сұрлау қыздан;

Батырым, ондай жанға көңіл берме.

Бұл сөзді өз ойымнан айтпаймын құр,

Жын шіркін осылай деп айтқызып тұр.

Қара жартас түбінде кез келеді,

Шырағым, сондай қыздан сақтанып жүр.

Әдейі іздеп бармассың, кез боларсың,

Кез болсаң, алыс емес, тез боларсың.

«Сақтыққа қорлық жүрмес» деген бар ғой,

Сақтанбасаң артқыға сөз боларсың».

Мағауия  Құнанбаев  жырлаған  үшінші

нұсқадан  алып,  Шәкәрімнің  нәзира  дәстүрін

бұзбауы, оқиғаны айнытпай беруі құптарлық.

Балын ашып үйінде абыз отыр,

Мартуынан өзінің тілеп көмек.

Алланың білдіргенін айтайын деп,

Сөйлейді сонда Нысан Кебек ерге:

 – Биік қабақ, сұрғылдау бір сұлу қыз,

Қақпатастың түбінде болады кез.

Бойыңды содан тартып ала алмасаң,

Батыр Кебек, сол қыздан ажалыңыз.

Абайдың баласы Мағауия марту деген ескі

ұғымды  қолданды,  ол  қожа-молда  келгенге

шейін  қазақ  қоғамында  құдіретті  болған

бақсының сенетін жын-перісі. Шәкәрім Нысан

абызды  балгер, нағыз  бақсы  деп атайды.  Түп

мағына бір. Фольклордан өскен қазақ әдебиеті

үшін  бұл  аса  маңызды  дерек  –  жазмыш.

Эпостық жырлардың бәрінде жазмыш бар.

Назирашылдықта жазмыш – шығарманың

өзегі,  асыл  кені.    Оның  жазмышы  күшті

оқиғаларды,  аңыздарды  сүйіп  таңдайтыны

сондықтан.

Қазіргі  жаңа  заманда  «Еңлік-Кебек»

дастаны назирашылдықтың осы заманға лайық

жанрында қайта жаңғыруы бек мүмкін. Мықты

сюжеттердің  де  табиғаты  солай  болып  келері

даусыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет