Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата15.03.2017
өлшемі2,46 Mb.
#9921
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Әдебиет

1.«Шәкәрім»  энциклопедиясы.  -Семей,

2008. -864 б.

2.  Исабаев  Б.    Ұлылар  мекені.  -Семей,

2001. -488 б.

3.  Шәкәрімтану  мәселелері.  -Алматы:

Раритет, 2007, 2 том. -376 б.

2014 №2 (23)

The article regards Shakarim Kudaiberdiev’s  poem "Enlik-Kebek".

Статья  представляет  собой  детальный  анализ  поэмы  «Енлик-Кебек»  Шакарима

Кудайбердиулы.


41

ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №2 (23)

ӘОЖ 74 (075.8)



Н.ӨТЕПБАЕВ, профессор, мәдениет қайраткері

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

ШӘКӘРІМНІҢ ТҰҢҒЫШ МОНУМЕНТТІ ЕСКЕРТКІШІ

Мақалада Семейде көтерілген Шәкәрім ескерткіші және ақын бейнесін ашудағы  сәулетші

шеберлігі турасында ой қозғайды.

Тірек сөздер: ескеркіш, сәулетші шеберлігі, Шәкәрім монументі.

Ғалам  болмысы,  замана  тұрпаты,  адам

табиғаты  туралы  көп  толғанған  Шәкәрім

өмірінің мәні, дүниенің баянсыздығы жайында

да көп жазған еді.

Қайғы емес қаза,

Болмайтын наза

Ноқталы  басқа  бір  өлім…-  деп,  жас

кезінде-ақ өмірінің өтпелі кебін мойындаған

ақынның,  алпысқа    аяқ  артқан  шағында:

«Қаласың қай сайда…»  деп, өз өмірінің немен

тынарын болжаған ақынның қайғылы қазаға

ұшырауы да, көмусіз, отыз жыл бойы ойпаңда,

құр  құдық  түбінде  қалуы  да  трагедия  емес.

«Туған жан  өлмек – тағдырға  көнбек» деген

Шәкәрімнің өзі. Ақын өмірі, ақын тағдыры.

Ең  үлкен  қайғы  –  Шәкәрім  мұрасының  елу

жыл  бойы  жабулы  жатуы.  «Қысастан  өлген

ақын  жаны  азап  көрсе,  өзінің  ең

қайраткерлерінің бірін санатқа  қоса алмаған

рухани мәдениетіміз жарты ғасыр бойы жапа

шекті. Сол кемістіктің орны енді ғана толып

отыр» -  деп Шәкәрім өлеңдер  мен поэмалар

(1988) атты алғашқы жинағының  алғы сөзінде

Мұхтар Мағауин тебірене жазған.

Шәкәрімнің  өзі  «Міндеу  мен  күндеу»

деген өлеңінде

   Алдыңғының соқпағын артқы түзер,

 Ғылым деген нәрсе емес күдер үзер.

Мінін алып, міндіге мінсіз қосып,

бұрынғыны жаңартып, жастар түзер

 – деп өсиет еткен.

Осы  сөздерде  айтылған  кемістіктер  мен

ақынның  орындалмай  қалған  арман  ойларын

оның  ұрпақтары  толтыратынына  күмән

тумайды.


Ұлы  ақынға  республикалық  дәрежеде

тұнғыш  ескерткіш  орнатуды  қолға  алған  және

себепкер  болған  жанашыр  азамат  Семей

мемлекеттік  педагогикалық  институтының

ректоры, 

профессор 

Е.Б.Сыдықов.

Қазақстанның білім және ғылым  министрлігінің

қаулысымен  Семей  қаласындағы  үш  институт

біріктіріліп  Семей  мемлекеттік  университеті

құрылған  болатын.  Кейін  осы  жоғарғы  оқу

орнына  Шәкәрім  аты  беріліп,  ректоры  болып

Е.Б.Сыдықов  тағайындалған.  Шәкәрімге

байланысты  көптеген  келелі  істердің

бастаушысы  мен  ұйымдастырушысы  болып

жүрген  ғалым  Е.Б.  Сыдықов  өзінің  бұрыннан

ойында    жүрген  ақын  ескерткішін  орнату

мақсатын сол жылдары  жүзеге асыруға белсене

кіріскен.


42

Осындай маңызды ойды қолға алған ол,

ескерткіш  орнатуға  қаражат  немесе  қажетті

материал  тапшылық  қиындығы  емес,  ақын

мүсінін  ойдағыдай  сомдайтын  мүсінші  табу

қиынға түсіп тұрғынын  бейнелеу өнері ұстаз –

мамандарымен бас қосқанда білдіріп еді. Сол

жиында,  ондай  мүсінші  бар,  кәсіби  шебер

Мұратбек  Жанболатұлы  деп  бір  ауыздан  тіл

қатқан  едік.  Сол-ақ  екен,  ертеңгі  күннен

қалдырмай Мұратбек 1998 жылдың күз айында

жұмысты бастап кеткен еді.

Мұратбек  жұмысқа  шын  пейілімен,

қызығушылықпен,  бүкіл  жан  дүниесімен

кіріскенін  біз  өнер адамдары  жақсы  сезінетін

едік.  Мүсінші  ақын  мүсін  бейнесінің

эскиздерін,  алғашқы  жобаларын  жасап,  көп

ойланып  көп  толғанды.  Бәлкім,  Мұратбектің

суретші  ретінде  өз  ойында  жүрген,  жанын

тебіренткен  шығармашылық  мақсаттарының

бірі болса керек, ол осы міндетті бар ниетімен,

ықыласымен атқарды.

Мүсінші  Мұратбек  Жанболатұлы

(20.07.1948 –16.11.2006) Абай ауданы Қарауыл

селосында  туып  өскен.  Мұратбек    Алматы

қаласындағы көркемөнер  училищесінің мүсін

өнері    бөлімін  бітірген,  одан  соң  Москва

қаласындағы әйгілі өнер ордасы В.И. Суриков

атындағы  көркемөнер  академиясында  атақты

мүсінші  Бондаренконың  шәкірті  болып,

мүсінші мамандығын алып шыққан. Мұратбек

Жанболатұлы  Қазақстанның  мәдениет

қайраткері, көп жылдары Қазақстан суретшілір

Одағының    Семей  қаласы  бөлімшесінің

директоры  қызметін атқарды. 1981 жылы СССР

Суретшілер  Одағының  және  Қазақстан

суретшілір  Одағының басқарма мүшесі, кәсіби

мүсінші.


Мұратбектің 

мүсін 


өнеріндегі

шығармашылық еңбектері Қазақстан өнерінде

монументті  сипат  алған.  Оның  мәрмәрдан

сомданған М.Әуезовтің портреттік бюст бейнесі

жазушының  туған  жері  Бөрлідегі  мұражайда,

қазақ  елінің    халық  қаһарманы  Қайрат

Рысқұлбековтің  габбродан қашалып  жасалған

ескерткіші және Семей қаласындағы Ауғанстан

соғысында  шейіт  болғандарға  арналаған

монументтің авторы т.б. белгілі еңбектері бар.

Осы тұста мүсін өнері туралы түсініктеме бере

кеткен  жөн.  Көркем  өнердің  кеңістік  және

пластикалық түрлері – сәулет, мүсін, сән және

қолөнері.

Мүсін ең ежелгі өнерлердің бірі. Біз бұдан

мыңдаған  жылдар  бұрын  мысыр,  үнді,  грек,

қытай  т.б.  шеберлерінің  қолынан  шыққан

тамаша  туындыларды өнер тарихынан білеміз.

Мүсін    латынның  “Sculpere”  –  қашау  деген

сөзінен шыққан. Мұндай көркем шығармалар

үш  өлшемнен  (биіктік,  ендік  және  аумақтық)

тұрады. Сурет өнерінің тілі- бояулар мен сурет

материалдары  болса,  суретшілер  сол  арқылы

әлемнің  сұлулығын  ашады.  Мүсінші  өз

шығармасын  тастан,  мәрмәрдан,  металдан,

ағаштан т.б.  қашап ояды, не құяды. Ол өз ойын

картинадағыдай  тек  бір  жазықтықта

кескіндемей,  кеңістікте  жан-жағынан  бірдей

көрінетіндей қып, толық мүсіндейді. Біз мүсінді

суреттегідей  бір  орыннан  емес,  айнала  жүріп

жан  жағынан  бағалап  әр  қалыпта  көреміз.

Суретші  сияқты  мүсінші  де  өзі  бейнелеп

отырған  адамның  мінез-құлқын,  ішкі  сырын

ашуға  тырысады.  Мүсінде  адамдардың

қоғамдық  идеалына  байланысты  туатын

жағымды  бейнелерге  аса  көп  қөңіл  бөлінеді.

Мүсін  өнерінде  көркем  бейне  реалистік

тұрғыдан  адамның  бет  әлпетін,  тұлғасын,

қимыл-әрекетін,  отырыс-тұрысын  бейнелеу,

киімін модельдеу, көлемдік форма құрылымын,

силуэт пен фактураны тиімді пайдалану арқылы

жасалады.  Осындай  құбылыстырды  біз  бет

әлпетінен, қимыл қозғалыстарынан аңғарамыз,

тіпті мүсінделген адамның үстіндегі киімнің әр

қыртысына дейін оның жан дүниесінен бір сыр

танытып тұрады.

Мүсін  өнерінде  адамдардың  кеудеден

жоғары  тұлғасын  ғана    бейнелейтін  мәрмәр,

қола  немесе  басқа  материалдардан  жасалған

мүсіндерді бюст  деп айтады. Ежелгі заманнан

бері  мемлекет  қайраткерлері,  ғалымдары,

философтары, ақындары мен қолбасшысының

мәрмәр  және  қола  не  тас  мүсіндері  біздің

тұсымызға  дейін  жетіп  отыр.  Мүсін  өнерінің

туындылары көлемі жағынан шағын станокты

және монументтік түрге бөлінеді. Атқарылатын

қызметіне қарай мүсін монументті, монументті-

сәндік, қондырғылы болып бөлінеді.

Ескерткіш – белгілі бір  атақты адам мен

ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №2 (23)


43

тарихи  оқиғаның  құрметіне  қойылған

монументтік мүсін. Ол әлгі адам мен уақиғаны

мәнгі есте қалдыруға қызмет етеді.

Қайта  өркендеу  дәуірінің    теңдесі  жоқ

әйгілі  хас  шебері  Микеланджело  мүсін  өнері

жайында өз ойын былай деп білдірген: «Мүсін

өнері,-  деп  жазады  Микеланджело,  -  маған

әрдайым 

кескіндемені 

(живописьті)

нұрландыратын  дүниедей  болып  көрінеді,  ол

екеуінің  айырмашылығы  күн  мен  айдай

сияқты».


Қазақ  халқының  ежелгі  мүсін  өнерін

алғашқы  зерттеген  академик  Ә.  Марғұлан

болатын. Ол ұлттық мүсін өнеріміздің тарихын

ежелгі  мүсін  өнерімен  сабақтастырады.  6-8

ғасырлардағы  байырғы  түрік  өнерінің  басқа

түрлерімен  қатар  тас  безеу  өнері  (негізінен

хайуанаттардың,  ішінара  адамдардың

бейнелері)  дамыды.  Тас  мүсіндер  тарихта

болған  адамдарды  еске  түсіру  үшін  жасалған

жеке кісінің бейнесі (балбал) ретінде  қашалды.

Бастауын сонау тас мүсіндерден, таңбалы

тастардан  алатын  бүгінгі  қазақ  мүсін  өнері

әрине, жер мен көктей. Қазақ елінің қалалары

мен  елді  мекендерінде  әйгілі  адамдарға

арналған  мүсіндер  және  композициялық

монументтер  мен  ескерткіштер  баршылық.

Қазақстанда төл кәсіби мүсіншілер өсіп жетілді.

Солардың ішінде бірегейі Алматы  қаласындағы

Абай  ескерткішін  1960  жылы  (қола,  гранит)

жасаған  Қазақстанның  халық  суретшісі,

көрнекті  мүсінші  Х.Е.Наурызбаев.  Мүсін

өнерінде 

есімдері 

халыққа 


белгілі

Т.Досмағамбетов,  Б.Төлеков,  Е.Молданиязов,

В.Рахманов, С.Мергенов т.б. осы салада еңбек

етуде.


Сәтті шыққан ескерткіштердің бірі (1977)

Семей  қаласындағы  Д.Т.Элбакидзе  (1923-79)

жасаған  Абай  монументті  ескерткіші.  Мүсін

өнері  жайындағы  қысқаша  ойымызды

қорытындылай  келіп  мүсін  сомдауда

қолданылатын  материалдар  туралы  мәлімет

бере кетейік.

Мүсін 


өнерінде 

қолданылатын

материалдар көптеп саналады, бірақ солардың

бәрінің  «атасы»  саз  балшық.  Саз  балшық  –

мүсіншінің  қиялынан  пайда  болған  ойдың

жобасын жасауға мүмкіндік беретін ең алғаш

материал.  Саз  балшық  мүсінші  үшін

материалдардың  ішіндегі  ең  икемдісі,  әрі

созылғышы,  бұл  материалды  форма  толық

білінеді. Саз балшықпен жұмыс жасау  өнерінде



коропластика деп аталады.

Шәкәрімнің 

Семей 

қаласында



орнатылатын  мүсіні  «габбро»  материалынан

жасалатын болып бекітілді. Габбро материалы

терең  жыныстарға  жатады.  Терең  жыныстар

(интрузивтік) граниттер, диариттер, сиениттер,

лабродориттер  және  габбро.  Осы  габброның

мүсін  өнеріндегі  табиғи  сипатына  тоқтала

кетейік:  габбро  –  тау  жынысы,  терең  толық

кристалды  тығыз,  әрі  жабысқақ  жыныс

плогиоклаз  және  күкіртті  мүйіз  қоспасының

күңгірт материалы мен биониттен тұрады. Осы

минералдардың  қоспасы  габброға  көбісіне

ақшыл сұры түстен қара түске дейін өң береді.

Габбролық жыныстар мүсін өнерінде өте жақсы

материал  болып  бағаланады  және  құрамында

кварц болмағандықтан өңделуі салыстырмалы

түрде жеңіл. Өңделген бет факутарсының түсі

ашық  сұры  болып  келеді.  Габбро  табиғат

құбылыстарына төтеп бере алатын өте мықты,

әрі  төзімді  материал.  Мұратбек  мүсін  сомдау

ережесіне  сүйеніп,  соңғы  аяқталған  мүсін

бейнеге  дейінгі  кезеңдерді  толық  сарқа

пайдаланды. Күрделі әрі жауапты тапсырыстың

жобасының соңғы үлгісі бекітілді. Қолындағы

кітабын  кеудесіне  басқан  ақын  бейнесінің

эскизінің кіші  мүсіні өте  әсерлі де  мазмұнды

болып шықты. Эскиз үлгісі масштабпен үлкен

көлемге  көшіріліп  алғашқы  ретте  ереже

бойынша  саз  балшықтан  жасалды.  Үлкен

мүсінді  жасарда  ең  алдымен  айналмалы

қондырғыға  металл  діңгек  бекітіліп,  діңгекке

сымнан, ағаштан мүсін қаңқасы жасалды. Сол

қаңқаға  саз  жапсыру  арқылы  болашақ  бейне

сомдалды.  Содан  кейін  дайын  болған  бейне

формасының  пропорциялық  қатынастары

анықталып екінші кезеңде гипс материалынан

қалып алынды. Осы қалып бойынша кейіннен

гипс көшірме құйылды.

Соңғы  кезең  мүсін  өнеріндегі  ең

күрделісі,  әрі  жауаптысы,  ол  мүсіншіден

ықтиярлықты, қажырлы еңбекті, шеберлікті һәм

терең  білімді  қажет  етеді.  Өйткені,  ол

материалдан қашалып жасалады. Адам образын



ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №2 (23)

44

жасауда  асқан  ізденімпаздық,  психологиялық

аса  күрделі  адам  жан-  дүниесінің  сан  қырын

еркін    көре  білушілік  Мұратбекке  тән  еді.

Мұратбектің габбродан қашап жасаған Шәкәрім

бейнесі өміршең әрі үйлесімді. Мүсінші алдына

қойған мақсатын абыроймен орындап шықты.

Мүсін жасауға бір жыл уақыт кетті. Шәкәрімнің

сомдалған  бейнесі  1999  жылы  қазан  айының

соңында дайын болды.

М.Жанболатов 

шығармашылық

мүмкіндігі аса мол, пластикалық ой-тұжырымы

бай, терең парасатты мүсінші екендігін танытты.

Кесек    габбро  тасының  салмағы  2,5  тонна

тартты.  Біртұтас  кесек  тастан  адам  бейнесін

қашап  жасау  өте    күрделі  екендігі

өнертанушыларға  да  мүсіншілерге  де  жақсы

мәлім.  Шәкәрім  бейнесі  көркем  дәрежеде

шығармашылық  шешімін  тапты.  Ақын  қара

тасты  қақ  жарып  шыққан  байсалды  кейіпте,

дене бітімі тік, өңінен қажымас қайрат белгісі

айқын  танылады.  Бұл  еңбекте  Шәкәрімнің

портреттік бейнесі ұқсастығымен ерекшеленеді.

Мүсінші  көркем  бейненің  жан  дүниесін  ашу

барысында  силуэті  мен  фактурасын  өте

тартымды  жасаған  және  мүсін  материалы

габброның табиғи қасиетін аша білген.

М.Жанболатовтың    мүсін  өнерінде

қолданылатын  материалдардың  қай-қайсын

болмасын  шеберлікпен  пайдалана  білетіндігі

өнер адамдарына бұрыннан аян. М.Жанболатов

ұлы  Шәкәрім  бейнесінде  идеал  мен

шынайлықты  сәтті  ұштастырған.  Ақынның

қасіретті  жаны,  кеніш  көңілі,  трагедиялық

тағдыры айқын  таңбаланған. Өңінде бір пендеге

ғана емес, бүкіл адамзатқа тән сырлы мұң бар.

Шәкәрім  бейнесі  тұңғиық  та  тұнық,  өзінің

сырлы да сазды өлең жолдарын, бүкіл халыққа

жолдап тұрғандай.

Ескерткіштің  тұғыры  қара  түсті

жылтыратып өңделген тақтайша габбро таспен

қапталып, оның алдыңғы бетінде жазбаша түрде

«Шәкәрім»  деген  жалғыз  сөз      шекіп  ойылып

жазылған.  Мүсін  сомдауда  және    сәулеттік

композициясын жасауда Қазақстан суретшілер

Одағының 

мүшелері 

И.И.Янгичер,

С.А.Қасымханов, 

А.Т.Кәухаров, 

В.И.


Шепилолар үлкен еңбек сіңірді.

Шәкәрімнің    тұңғыш  монументтік

ескерткіші Семей қаласының сол жағалауында

орналасқан  мемлекеттік  педагогикалық

институтының бас ғимараты алдындағы шағын

алаңға қойылды. 1999 жылдың 4 қарашасы күні

Шәкәрімнің  тұңғыш  ескерткішінің  ашылу

салтанаты  өтті.  Қазақстан  Республикасы

үкіметінің 1999 жылғы қыркүйектің 22-сі күнгі

№1436  қаулысына  орай  «Семей»  мемлекеттік

университетті  «Шәкәрім  атындағы  Семей

мемлекеттік университеті» деп аталды.

Семей 

қаласындағы 



Шәкәрім

Құдайбердиевтің  монументті  ескерткіші

тәуелсіз еліміз тарихындағы алғашқы көлемді

шығармашылық  туынды,  ұлы  ақынға  бұрын-

соңды  көркемдік  сапасы  жоғары  мүсін

жасалмаған.  М.  Жанболатовтың  бұл  елеулі

еңбегі  Қазақстанның  мүсін  және  сәулет

өнеріндегі  көркем  айшықты  туынды  ретінде

қоғамдық мәні зор классикалық дүние болып

тарихта  қалатынына  кәміл  сенеміз.  Мүсінші

Мұратбек Жанболатұлы кемеңгер, ойшыл ақын,

Шәкәрім  Құдайбердиевтің  туған  халқының

тағдыры  үшін  ақыл-ойын  аямай  жұмсағанын

терең  тебіреніспен  бере  білді.  Мүсін  мен

тұғырдың  өзара  үндесуі  ескерткіштің

пластикалық  құрылысын  және  өнер  мақсаты

форма тұтастығын анық көрсетіп тұр. Ерлікпен

мақсатына  жетпей  қоймайтын  нар  тәуекелді

ғана адам бойындағы ең асыл қасиеттерін бере

алады  сондай  хас  шеберлердің  бірі

М.Жанболатов  еді.  М.Мағауиннің  сөзімен

айтқанда «Өлген тірілді, өшкен жанды» дейді

мұндайда  қазақ.  Қайырлы  болсын.  Бірақ  бұл

жаңалықтың,  жаңғырудың  алғашқы  лебі  ғана

деп білейік…».

Көркем  өнер,  мүсін  шығармаларының

мәнін  түсінген  әркім-ақ  өзінің  бүкіл

дүниетанымын нәрлендіретін шексіз қуанышқа

бөлене алады.

ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №2 (23)


45

Резюме

Resume

Әдебиет

1  Шәкәрім.  Өлеңдер  мен  поэмалар.  –

Алматы: Жалын, 1988.

2  Шәкәрім  шығармалары.  –  Алматы:

Жазушы, 1988.

3  Маргулан  А.Х.  Казахское  народное



ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №2 (23)

The article is devoted  to the first memorial monument of Shakarim Kudaiberdiev.

прикладное искусство. – Алма-Ата: Өнер, 1986

4  Одноралов  Н.В.  Скульптура  и

скульптурные материалы. -М.: Изобразительное

искусство, 1982.

5    Мұқтарұлы  С.  Шоқан  және  өнер.  –

Алматы: Өнер, 1985.

Статья  посвящена  вопросу  установления  первого  монументального  памятника

выдающемуся философу казахской степи Шакариму Кудайбердиулы.


46

ӘОЖ 821.512.122



Т. ЖҰРТБАЙ, филология  ғылымдарының докторы, профессор

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы

«Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының директоры

БІРТҰТАС АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН

ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ

Дүние  тарихы  төңкеріліп  түскен  ХХ

ғасырда империялық және ұлттық мүдделердің

қақтығысы  –  әлем  жағырафиясынан  бастап,

ұлттар  мен  ұлыстардың,  жеке  адамдардың

тағдырына  түбегейлі  өзгерістер  әкелді.

Түсіндіріп  болмайтын  «түсінікті  мүдделер»

бүтін  елді  бұтарлады.  бұтарланған  жұртты

бунақтады. «№ 453-Л» хаттама мен 1945 жылғы

11  ақпанда  Ялтада  өткен  конференцияда

И.Сталин, Ф.Рузвельт, У.Черчилль қол қойған

«Үш  ірі  елдің  Қиыр  Шығыс  мәселесі  туралы

бітімі» бойынша, Шығыс Түркістан Қытайдың

құрамына  беріліп,  Сыртқы  Моңғолияның

дербестігіне айырбасталды. Сөйтіп олар тектік,

діндік,  тілдік  негіздері  мүлдем  қабыспайтын

ұлттардың құрамына біріктірілді. Империялық

«бөліп  ал  да  билей  бер»  деген  өктемдіктің

кесірінен бүйрегі бүтін қазақ елі үшке бөлініп

кетті. Қазақстан үшін сондай мүдделі әрі ділгір,

күрделі  құпия  мәселе  –  әлімсақтан  бергі  ата

қонысында  отырған  Шығыс  Түркістандағы

қазақтардың  тарихи тағдыры.

Екінші  дүниежүзілік  соғыстың  соңғы

нүктесінің бірі болып табылатын, Империялық

мүдделердің  қақпақылына  түскен  Шығыс

Түркістан  Республикасының  құрылуы  мен

таратылуы  –  ұлттық  тұтастық  пен  ұлттық

ыдыраудың  тарихи,  саяси,  рухани  және

территориялық түйіткілдері тәуелсіздік алғанға

дейін  өз  тарихынан  өзі  жеріген  қазақ

тарихнамасында  мүлдем  зерттелмеді.  Қазақ

тарихшылары үшін ол бимағлұм күйде қалып

келген тақырыпқа айналды.

Милллиондаған адамның тағдырын тезге

салған  бұл  оқиға    туралы  қарама-қарсы

мүдделер мен пікірлерді зейін қойып зерделеу

– тек қана қазақтың ғана емес, сонымен қатар

орыс, 

қытай, 


монғол, 

қырғыз


тарихшыларының міндеті боп саналмақ.

Өкінішке  орай,  бүгінгі  территориясы

тиянақталған  тұста  да  бұл  оқиғалар  ғылыми

зерделеуден  өткен  жоқ.  Зерделеуді  былай

қойып,  қазақ  шығыстанушылары  мен

тарихшылары Шығыс Түркістан атауынан бас

тартып,  империялардың  отарлық  пиғылын

танытатын  Синьцзян  –  Жаңа  жер  (игерілген

тың, яғни бізге түсінікті Целиноград) сияқты

атауды «ғылыми негізді термин» ретінде таңдап

алыпты.  Тәңір  тауды  бөктерлей  орналасқан

тұтас жұртқа  қойылған, саясатқа еш қатысы

жоқ –  Шығыс Түркістан, Орталық Түркістан,

Батыс  Түркістан,  Солтүстік  Түркістан  деген

жағырафиялық  атаулар  кезінде  мұқым  түркі

елінің  атын  тарихтан  өшіру  мақсатында

«пантүркизм»  деген  атты  ойлап  тапқан

еуропашыл  ғалымдардың  өктемдігінен  туған

атау  болатын.  1919  және  1922  жылғы  түркі

халықтарының  астыртын  құрылтайында



Мақалада  Алаш  идеясы  және  Шығыс  Түркістандағы  ұлт-азаттық  күрес  мәселелері

қарастырылған. Автор Алаш идеясының негізгі бес нысанын ұсына отырып, ол ұстанымдардың

тәуелсіздіктің негізі екендігін айтады.

Тірек сөздер: Алаш идеясы, ұлт-азаттық күрес, тәуелсіздік, ұстаным.

АЛАШТАНУ

2014 №2 (23)

47

қазіргі  Қазақстан  мен  Башқұртстанды

«Солтүстік Түркістан» деп ресми атап, картаға

енгізіп,  ортақ  туды  бекіткен  болатын.  Бүгінгі

тәуелсіз  мемлекет  тұсында  да  біздің

ғалымдарымыз  өзінің  пікірін  Петербургтегі,

Мәскеудегі,  Қиыр  шығыстағы  ұстаздарының

сызып берген сызығынан шыға алмай отыр.

Тарихи 

тәуелсіз 



ойлау 

жүйесі


қалыптаспаған тарихшылар тарихи шындықты

қалпына келтіре алмаса,  ұлттық  мемлекеттің

тарихы  мен  ұлттық  мүддесі,  танымы  мен

тағдыры толық тұжырымдалмайды.

Ал  біртұтас  алаш  идеясын  кие  тұтатын

қазақтар үшін:

Шығыс  Түркістан  дегеніміз  –  көне

түркінің «мәңгілік ел» идеясының аясында өмір

сүрген түркі дүниесінің ата мекені.

Шығыс  Түркістан  дегеніміз  –  бөлшекке

түскен қазақ жері.

Шығыс  Түркістан  дегеніміз  –  бөлінге

түскен қазақ елі.

Осындай өксікті өкініштің өті жарылып,

уыты  таралмас  үшін  А.Байтұрсынов,

М.Дулатов, Р.Марсеков, Қ.Сүлейменұлы бастап

барып,  1918  жылы  24  сәуірде  Шәуешек

қаласында  кіші  құрылтай  өткізген  болатын.

Ондағы басты мақсаты:

«Алашорда»  үкіметінің  Шығыстағы

эмиграциялық бөлімін ашу;

Босып  барған  ел  мен  жергілікті

қазақтардың  басын  қосып,  Алашорда

мемлекетінің  азаматтары  ретінде  Қытай

үкіметіне ресми тіркету;

Оларды жерге қолтықтаса орналастырып,

дербес  автономиялық  басқару  жүйесін  құру

болатын.


Алайда,  мәнжу  империясы  күйресе  де,

империялық  үстемдік  пиғылы  күйреген  жоқ

болатын.  Сондықтан  да  олардың  бұл  талабы

орындалмады. Үміті ақталмады. Бірақ та Алаш

идеясы  өзінің  дәнін  сеуіп,  өнімін  егіп  кетті.

Ұлттық  газеттер  мен  мектептердің,  мәдени

ойын-сауық  отауларының  ашылуы  –  ұлттық

сананы  оятып,  ақыр  соңында    ұлт-азаттық

қозғалысына  алып  келді.  Ұлт-азаттық  күрес

қаһармандары мен жауынгерлері осы біртұтас

Алаш идеясы үшін қолына қару алды. Жауымен

жағаласты, жараланды. Қаза тапты.

Демек,  біз  бүгін  «Алаш»  партиясы  мен

«Алашорда»  үкіметінің  құрбандарын  қалай

қасиеттесек, оларды да солай құрмет тұтуымыз

керек.  Кеше,  қызыл  жауынгерлер  мен  қарт

коммунистерді  ардагер  деп  қалай  әспеттесек,

оларды да солай қадірлеу – парызымыз.

Егер де қазақты біртұтас ел деп танысақ,

егер  де  Алаш  идеясын  біртұтас  қазақ  идеясы

деп мойындасақ және сол мойындауымыз шын

болса, онда әлемнің қай түкпірінде болмасын

қазақ  елінің  азаттығы  үшін  күрескен  әр

жауынгерді,  әрбір  құрбанды  –  қазақтың

біртұтас ұлт-азаттық күресінің ардагерлері деп

тануымыз керек. Оларға көрсетілген құрмет –

Ұлы  Отан  соғысының  ардагерлеріне

көрсетілген  құрмет  пен  жеңілдіктерге

теңгерілуі  тиіс.  Әйтпесе,  Мұстафа  Шоқайдан

бастап бүгінгі салтанаттың иесі болып отырған

Қалибек  хакімге  деген  мезіретіміз,  Абайдың

сөзімен  айтқанда,  «сарт  мезірет»  болып

табылады. Алаш идеясына деген адалдық пен

сенім – бізден соны талап етеді. Ал қазақ үшін

Алаш  идеясынан,  оның  бес  ұлы  нысанынан

артық мүдде болуы тиіс емес. Ол идея бүгін де

өзінің  мүдделі  мақсатын  жойған  жоқ.  Қайта

тәуелсіздіктің  тамыры  тереңге  кеткен  сайын,

алдымызға  сұрақ  болып  шығып  отыр.  Ол

идеялар мыналар:

Бірінші  ұстаным:  жер,  жер  және  жер.

Жерсіз  Отан  жоқ.  Әлихан  Бөкейхановтың

ұйғарымы  бойынша:  «Қазақтың  байырғы

жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен

техникаға  сүйеніп  толық  игермейінше,  жер

жеке  меншікке  де,  қоныстанушыларға  да

берілмейді».

Екінші  ұстаным:  жердің  астындағы,



үстіндегі,  аспанындағы  барлық  игілік  қазақ

мемлекетіне 

қызмет 

етуі 

керек.

Ә.Бөкейхановтың  айтуынша:  «Оның  әр  бір

түйір  тасы  қазақтың  өңіріне  түйме  болып

қадалу керек» болатын.

Үшінші  ұстаным:  Ә.Бөкейхановтың



жобасы  бойынша,  «Қазақтың  жерінде

өндірілген  «бір  уыс  жүн  сол  мемлекеттің

азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі»

керек,  яғни  толықтай  экономикалық

тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді.

Төртінші  нысана:  қазақ  мемлекетінде



АЛАШТАНУ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет