Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата03.03.2017
өлшемі1,98 Mb.
#6208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2014 №1 (22)

25

Бұл  өлеңнен  өзгеше  мәдениет,  кең  өріс,

бедерлі  өрнек  танимыз.  Және  біздің  тілімізде,

ұлттық әдебиетімізде Абайдан соң ғана мүмкін

болған ірі жетістік. Шәкәрімнің ашу мен ынсап,

мораль,  адамгершілік  туралы  толғаныстары

ешқашанда  уақыт  таңдайтын,  жас  таңдайтын

шығарма  емес.  Абай  салған  жолды  Шәкәрім

кеңейте,  даңғылдандыра  түсті.  Ақын  туған

халқын жарық сәулеге үндеуді Адам бойындағы

кеселді  құбылыстарды  ашады,  алға  жылжуға

бөгесін болған жат қылықтардан аулақ болуды

көксейді.  Абай  уақыттың  саяси-әлеуметтік

кескін-келбетіне  зер  салады,  замана  жайында

толғанады. Сондай өлеңнің бірінде, Абай:

Менсінбеуші ем наданды,

Ақылсыз деп қор тұтып.

Түзетпек едім заманды,

Өзімді тым - ақ зор тұтып,-

деп, халқының болашағын ойлайды. Міне, осы

ойларды көңіліне терең ұялатқан Шәкәрім:

Білгенімді жазушы ем,

Бекем буып белімді,

Мінін айтып қазушы ем,

Түзетпек боп елімді.

Бұлдарлық ой менде жоқ

Бұған шыққан терімді.

Ұқтырарлық пенде жоқ

Қате басқан жерімді [4, 47] ,-

дейді. Шәкәрім бұл 25 шумақтан өрілген өлең-

толғанысында  сол  кездегі  адамдардың

санасының қараңғылығын былай дейді:

Айырмайды арасын,

Бұлдыр менен анықтың.

Енді қайда барасың

Түрі мынау халықтың.

Елін  тіліне  көндіре  алмағанына  налиды,

жаңалыққа  үрки  қарағандығы  үшін  жұртына

ренжиді,  ақыры  өз  бойындағы  «ойы  мен

қайратын»  мұңдаса  ақылдасуға  шақырады.

Айналадағы  адамдардың  бойында  кездесер

мешеу  міне з,  надандық  қай  заманда  да

про гресшіл  ой-түсінігі  бар  азаматтарды

толғандырумен  болған.  Шәкәрім  сол

кемшіліктерді көрумен ғана шектелген жоқ. Өз

халқының  мүдде сін  көздеген  ақын  оның

бойындағы кеселдерін жұртқа жариялаушы ғана

емес, солардың үкімін жұртқа айтушы да бола

білді.  «Ашу  мен  ынсап»  өлеңіндегі  айтылған

ойлар,  шын  мәнінде,  адамның  ой-санасын

топастандырып, рухани дамуға тұсау боларлық

кемшіліктер.  Шәкәрім  бұл  кемшіліктерді

әшкерелеумен қатар өз үкімін де айтады. Басты

мақсаты - қоғам мен адам бойындағы кемшілікті

әшкерелеу.  «Ашу  мен  ынсап»  өлеңінде  де

келтірілген  мысалдар,  сыналған  кемшіліктер

нанымды.  Дегенмен,  «жартасқа  барып,  күнде

айқай  салып»  өткен  ұлы  Абайдың  жағдайы

Шәкәрімді де айналып өтпейді. Айналасында оң

сөзге  түсінер  қауым  жоқ,  алға  басқан  қадамы

кері  тартады.  Жетелеген  адамы  жігерін  құм

етеді.  Сол  шақт а  ақынның  лирикалық

қаһарманы бір сәт мұңға да беріледі:

Бағасы бір халқыма

Жабағы мен мамықтың.

Нанбайды рас антыма,

Қадірі мол танықтың.

Айырмайды арасын

Бұлдыр менен анықтың.

Енді қайда барасың

Түрі мынау халықтың [4, 47],-

деп,  тығырыққа  тірелгендей,  тіршіліктен

торыққандай болады. Ұлы Абайда өзінің «Сегіз

аяғында» дәл осылайша күңіреніп:

Ағайын бек көп,

Айтамын ептеп

Сөзімді ұғар елім жоқ.

Моласындай бақсының

Жалғыз қалдым, тап шыным,-

демей  ме?  «Алайда,  ақын  жүрегіндегі  ерекше

күй жеке адамның басындағы боркемік күйзеліс

еме с,  бүкіл  халықтың  пешене сіндегі

трагедиялық хал, қоғамдық мұң. Абайдың мұңы

өмірден,  шындықтан  безген  мистика  емес,

халықтың  келешегі,  қазақ  елінің  ел  болуы

жайындағы  ұлы  арман,  ұлы  жаңалық    ойдың

толқындары  еді»  [6,  89],-  дейді  профессор

ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №1 (22)


26

Е.Ысмайылов.

Бұл  тұрғыдан  келгенде,  жо ғарыда

айтылғандай, Шәкәрім Абай ұстазымен тығыз

сабақт асып  жатыр.  Оның  өлеңдеріндегі

элегиялық сарын да ақынның адам бойындағы

күйзелістері мен  әрекеттердің түп  - тамырына

терең 


үңіліп, 

қоғамдағы 

жекелеген

құбылыстардың  заңдылықтарын  айқындап

отыруға ұмтылудан тұрған.

Абай  дәстүрінің  ұлағаттылығы  мен

өміршеңдігі,  ең  алдымен,  ұлы  ақынның  өз

айналасынан көрінуі заңды құбылыс. «Абайдың

өзі тікелей араласып, творчестволық байланыста

болған әдеби орта жайлы шындық өз қалпында

көрсетілмейінше,  ұлы  ақын  бойындағы

ақындық өнердің шешек атып гүлдену процесін

көрсетудің  өзі  екіталай  болар  еді»,—  деген

филоло гия 

ғылымының 

докто ры


М.Мырзахметовтың  пікірі      [7,  271]  ұстаз  бен

шәкірт   арасындағы   байланыстың  беріктігін

аңғартса  керек.    Осы  ортадан    тәрбиеленіп

өскен,    өз  шығармашылығына  Абайдың

реалистік  дәстүрін  негіз  еткен  Шәкәрім

Құдайбердіұлының   шығармашылығы да елеулі

маңызы бар қазына екені анық.

Абай  үлгісі  мен  өрнегінің  кейінгі  поэзия

үшін  таптырмас  дәстүр  болып  қаланғаны  –

үлкен мәселе. Шындығында, дәстүрге сүйену –

дәстүрге еліктеу немесе дәстүрді қайталау емес.

«Ұлы ақынның басқа ақындарға ықпалы  оның

по эзиясының  сол  ақындарда  айнымай

көрінуінде  емес,  олардың  өз  бойындағы  күш-

қуатын қозғауында», - деген әдебиет сыншысы

В.Г.Белинский.  Дәстүрлік  қасиет,  сипаттар

талантты 

суреткердің 

қабылдауында

қайталанған көшірме емес, творчество көрігінде

шыңдалып  шыққан  жаңа  қасиет,  жаңа  сипат

болуға 


тиіс 

екендігін 

Шәкәрім

шығармашылығын  тағы  да  бір  қарау  арқылы



нақтылай түстік деген ойдамыз.

Әдебиет

1  Ергөбек  С.  Қазақтың  дәстүрлі  жазба

әдебиеті. – Түркістан, 2012

2 Әуезов М. Абай Құнанбаев. – Алматы,

1967

3  Ахметов  З.  Өлең  сөздің  теориясы.  –



Алматы, 1973

4  Шәкәрім  Өлеңдер  мен  поэмалар.  –

Алматы, 1988.

5 Қаратаев М. Дәстүр мен жаңашылдық.

1-кітап, - Алматы, 1980

6 Ысмайлов Е. Кемеңгер Абай // Әдебиет

және искусство. 1940, №2

7  Мырзахметов  М.  Мұхтар  Әуезов  және

абайтану проблемалары.  – Алматы, 1982

Resume

Резюме

This article  deals with  the structure of  Shakarim poetry.  Discoveries of poet  in the  structure of

poems are studied as special ooportunity of traditional measures in the structure of Kazakh poetry.

В этой статье рассматривается структура стихов Шакарима.

ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №1 (22)


27

ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №1 (22)

ӘОЖ 74 (075.8)



Н.ӨТЕПБАЕВ, профессор, мәдениет қайраткері

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

АҚЫН ШӘКӘРІМНІҢ ӨНЕРГЕ КӨЗҚАРАСЫ

Автор мақаласында жалпы өнер туындыларының адамзат тіршілігінде алатын орнына

тоқтала  келіп,  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  өзінің  бар  туындыларында  тіршілік  нәрі  өнерді  биік

деңгейге қоя білгеніне мән береді. Ақынның рухани қуат күшінің оқшауланып тұруы да оның өнердің

алуан түрін жете меңгеруімен сабақтасып жататындығында дейді. Абай, Шәкәрім негіздеген

«ар ілімін» алға тартады.

Шәкәрім  шығармашылығының  басты

ұстанымы  -  еңбек,  білім-ғылым,  өнер  және

насихат.  Ол  -  өзінің  бүкіл  саналы  ғұмырында

қазақ  қоғамының  рухани  өсуіне  көмектесуді,

жастарды  ғылым  -  білім,  өнер  мен  өнегеге

баулуды мұрат еткен хакім адам.

Оны  төменгі  өлең  шумақтары  дәлелдей

түседі:

Еңбекпенен



Өрнекпенен

Өнер ойға тоқылса,

Жайнар көңіл,

Қайнар өмір

Ар білімі оқылса.

Шәкәрім  өнерді  ойға  тоқып  о ны

білімменен  ұштастырса  ғана  құнды,  нәтижелі

екендігін  ескертеді.  Ол  адамның  ары,  пиғылы

кіршіксіз таза болған жағдайда ғана еңбек адал,

өнер пайдалы дейді.

Адамдардың  сана-се зім  мәдениетін

көтеру,  оқу-өнерге  ынталандыру  мақсатымен

Шәкәрім талай төл шығармаларымен қоса, басқа

халықт ар  рухани  байлығына  бойлағанда

олардың азаматтық ортақ, ұқсас ой жүйелеріне

қанықты, дүниетанымы кеңейе түседі.

«Дүниенің  барлық  көріністерін,  адам

өміріндегі  мың  алуан  құбылыстарды  бүкіл

болмысымен,  барлық  жүйке  –  сезімімен

қабылдай білген ақынның түйсігінде шек жоқ»,

-  деп  Ә.Тәжібаев  әділ  баға  береді.  Ол  жердің

сырын,  желдің  үнін,  құстың  әнін,  адамның

арман – қиялымен, мұңымен бірдей түсіндіреді.

Біз  оның  өлең  ырғақтарынан  өзіміздің  жан

ырғағымызды таптық. Бұл - ақынның ең қымбат

қасиеті.


«Абай шәкірттерінің ішінде, - деп жазады

Қ.Мұхамедханұлы,-  көп  жасағаны  да,  көп

жазғаны да – Шәкәрім, ол – әрі лирик, әрі ақын

және прозаик, ол – композитор және музыкант,

орыс  және  шығыс  классиктерімен  қазақ

оқушыларын таныстырған шебер аудармашы, ол

– терең ойшыл, әрі бармағынан бал тамған сегіз

қырлы өнерпаз – үлкен мәдениет қайраткері».

Шәкәрімнің  таланты  әр  қырынан

жарқылдайды,  жоғарыда  атап  өткеніміздей

бармағынан бал тамған деген теңеу жалаң емес.

Өзі  біліп  меңгерген  өнер  түрлері  сол  кездің

өзінде жаңашылдығымен танылған. Тумысынан

талантты, табиғи дарынды, әр нәрсенің сырын

білуге құштар, зерделі, зерек, қабілетті, талапты

жасқа ғана тән ерекше мінез.

«Адам 

өзінің 


жаратылысынан-ақ

суреткер», - деп жазады М.Горький. Ол қашанда,

өз  өміріне  әсемдік  енгізуге  тырысады.  Ол  өз

төңірегіне  мәдениет  деп  аталатын  екінші

табиғатты жасап та қойды».

Бұл  -  өте  терең  ой.  Өнер  адам  түйсігіне

орныққан  шынайы  дүниені  бейнелейді  және

оны жасайды да.



Тірек сөздер: өнер, Шәкәрім Құдайбердіұлы, мұра, әдебиет.

28

ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №1 (22)

Өнер шоқтығы... Бұл сөз, әрине, поэзияға

ғана  қатысты  емес,  ғылыммен,  техникамен

салыстырғанда өнер саласының қай-қайсының

да бұл жағынан жағдайы ерекше.

«Өнер»  деп  табиғат  тұрпатын  адамның

қажетіне,  мұқтажына  жарарлық  етіп,  соған

бейімдей  өзгертуді  айтамыз.  Абай  өнерді  «тән

азығы» және «жан азығы» деп екіге бөлген. Тән

(дене) азығы тіршілікке қажет бұйымдар, яғни

екінші сөзбен айтқанда, материалдық мәдениет.

Ал  жан  азығы  дегеніміз  –  көркем  өнер.  Бұл  -

табиғаттың  бойындағы  әсемдікті,  күш-қуатты

адамның  қажетіне  сәйкестендіріп,  қол  иә  тіл

арқылы  көріктендіріп  жіберу.  Мұндай  көркем

өнерді  Абайдың  «жан  азығы»  деу  себебі  ол

жанға,  яғни  көңіл  күйіне,  сезімге  қатты  әсер

етеді, - дейді С.Мұқанов.

Бұрынғы  қазақ  ауылдарында  ең  көне

замандардан  халықпен  бірге  үздіксіз,  жарыса

жасап  келе  жатқандары  -  ән-күй,  тіл  және

қолөнері.

Осылардың  ішінде  қазақтың  қолөнері  -

кешеуілдеп зерттеліп келе жатқан өнер саласы.

Әлбетте  қазақ  халқының  қолөнеріне,

тұрмысына  жиі  қолданатын  өру,  тігу,  тоқу,

мүсіндеу,  ою,  құрастыру,  бейнелеу  сияқты

шығармашылық  жұмыстары  жатады  десек,

Шәкәрім жасынан бұл өнерге құмар болған, не

нәрсе  болса  да  өз  қолымен  жасап  шығаруды

әдетке айналдырған және зерттеген нәрсесінің

жасалу сырын білуге ұмтылған.

Шәкәрім  білім-ғылымның  қадір-қасиетін

кеш түсінсе де өз бетімен оқып, үйреніп, рухани

қазыналарға  көп  үңілген.  Мінезінің  даралығы

мен алғырлығы алған бетінен қайтпайтындығын

анық байқатады.

Ақынның  бойын  билеген  ой  талант,

орнықты  қиял,  білмегенін  білуге  асыққан

құштарлығы өмірінің соңына дейін сақталғаны

таңғажайып. Адамның осындай ерекше мінезі

туралы:  «Дүниедегі  бүкіл  ләззат  екінші

мәртәбада қалып, бір ғана хақты таппақ, әрбір

нәрсенің  себебін  таппақпенен  ләззаттанады»

деген  Абай.  Осы  тақылеттес  мінез  келешек

руханият  зерттеушісі,  дербес  ойдың,  асқан

ақылының иесі Шәкәрімге тән болса керек.

«Қош» деген өлеңінде Шәкәрім жасынан

білім ала алмағанына өкініш білдіргені рас.

Жас өтті тынымсыз,

Өнерсіз, ғылымсыз.

Надандық жолымен,

Кеттім-ау  білімсіз.

Ойына  не  келсе,  соны  істеп  ғылымсыз

өстім  деп  жастық  кездің  желіктерін  ол  кейін

өкіне еске алады.

Әрине,  ақынның  бұл  өкініші  -  ғылым

тұрғысынан қарағандағы өткен жастық шағын

бағалауы. Ол - жеті жасында әкеден жетім қалған

тұрмыс  тауқыметінен  туған  дәрменсіздік

салдары.

Алайда, ұлы ғұламаны балалық шағында

білім мен өнерден мүлдем хабарсыз болды деп

ойлау қисынсыз және оны кесіп айта алмаймыз.

Шәкәрімнің  бала  кезінен  хат  танып,  өз

талабымен  өнердің  әртүрін  үйренуге  бет

қойғанын  харекет  еткенін  ескермеуімізге

болмайды. Шәкәрімнің табиғи ақындық қуатын,

өнер-білімге  құштарлық  қасиетін  және  зор

қабілетін ерте танып ерекше бағалаған Абай.

Ұлы  ұстазы  Абайдың:  «Адамның

адамшылығы  істі  бастағандығынан  білінеді,

қалайша  бітіргендігінен  емес»,  -  дегені  осы

болар  деп  Қ.Мұхаметханов  жазады.  Шәкәрім

Құдайбердіұлы  өткен  өмірін  «Мұтылғанның

өмірі»  поэмасында  шынайы  сезіммен,  деректі

жазған:

Он жасыма кірген соң,



Домбыра, гармонь білген соң,

Мылтық атып жүрген соң,

Аңшы боп түстім азапқа.

Шәкәрім  музыкаға  әуес  болғанын

жасырмай да асырмай ашық жазады. Өздігінен

музыкалық  аспаптарды  меңгеру,  кез  келген

адамнан табиғи қабілеттік пен талантты қажет

ететіні  оқырманға  мәлім.  Бала  Шәкәрім  өз

ниетімен  мұны  да  біліп  меңгерген.  Ендеше,

Шәкәрім  шығармашылығының  рухани  негізін

қалауда,  оның  жетілуіне  өнердің  себебі  айдай

анық.  Өнер  болмысты  танып  білу  құралы

ретінде поэзиямен тамырлас, үндес, өзектес.

Сөзіміздің басында жердің сырын, желдің

үнін, құстың әнін, адамның арман – қиялымен,

мұңымен  бірдей  түсіндіреді  дегеніміз  соған



29

дәлел.


Өнер  зерттеуші  ғалым  С.Л.Рубенштейн

қабілеттілікті  зерттей  келе  мынадай  шешімге

келеді:  «Кез  келген  қабілеттілік  спираль

бағытымен іске асады: мүмкіншілікті іске асыру,

бір  деңгейдегі  қабілеттілікті  көрсету  болса,  ол

дамудың  жаңа  одан  да  жоғары  мүмкіндік

деңгейін ашуға себепкер болады» - деп жазады.

Өмір  қиындықтарын  ақылға  жеңгізбей

үнемі  ізденістегі  ақын,  ауыр  еңбектен  де  бас

тартпаған,  үнемі  шаруаға  араласып  табиғат

аясында оңаша жүруге дағдыланған.

«Аңшылық ескі салтым» деп өзі айтқандай

саяткерлікті кәсіп қылған кездері өте көп болған.

Оған өмірбаянынан мына жолдар айқын:

Қыс болса бүркіт баптадым,

Масыл боп үйде жатпадым,

Елу бес жыл таптадым,

Мезі болды тау мен тас.

Саяткерлік құр серуен емес, ол - қажырлы

еңбек.  Ал,  аңшылыққа  қажетті  құс-қыранның

тұғыры мен томағасы, балдағы мен аяқ бауы т.б.

жабдықт арды  жас ап  алу  -  білгірлік  пен

шеберлікті қажет ететін іс.

Абай  елінің  көнекөз  қариялары  Шәкәрім

қажы  қолөнерге  шебер  болған,  қажетті

бұйымдарды өзі жасап, киім – кешегін өзі тігіп

киюші еді деп таңырқай айтып отыратын. Қажы

елден  ерекше  киініп  жүретін  деуші  еді.  Сол

кездің  өзінде  Шыңғыс  –  елінде  «тобықты

камзолы»,  «тобықты  тымағы»,  «тобықты  ер  –

тұрманы  мен  тоқымы»  деген  атаулар  пайда

болғаны рас, қазақтың дәстүрлі ескі салт киім-

кешегіне  жаңа  үлгі  жаңа  нұсқа,  жаңа  форма

енгізген  бастамашысы  Абайдың  өзі  болатын.

Семей қаласындағы орыс, татар өкілдерімен жиі

араласқан  Абай  бұрынғы  қазақ  киімінің

сөлекеттігін сезіп, өзгерістер енгізіп, ықшамды,

тұрмысқа  ыңғайлы  киім тіктіріп  кигенін  бүкіл

ел білген.

Абай «Ойландым ойға кеттім жүз жылғы

өткен»  немесе  «Ескілік  киімі»  деп  аталатын

өлеңдерінде  бұрынғы  киім  үлгісін  есіне  алып

мейірлене жазған:

Ойланып ойға кеттім жүз жылғы өткен,

Тон қабаттап, кигенім - шидем шекпен,

Жейде – дамбал ақ саңнан, жарғақ шалбар,

Жырым балақ матамен әдіптеткен.

Мықшима аяғымда былғары етік,

Киіз байпақ тоңдырмас ызғар өтіп.

Үлкен кісе жанымда жез салдырған,

Шақпағым, дәндәкуім жарқ -жұрқ етіп.

Күлпәра басымда, пұшпақ тымақ,

Ішкі бауын өткізген тесік құлақ.

Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,

Артын белге қыстырған бар құрысқақ

Қалмақы қара үзеңгі, биік қасты ер,

Қанжығамда байлаулы жіптен шідер,

Жарғақ жастық көпшігім жезді пыстан,

Бір келісті сайманым топқа мінер.

Шәкәрім «Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске

кез  келсеңіз»  деген  Абай  қағидасын  берік

ұст аған.  Өмірбаяндағы  келесі  жолдарға

тоқталсақ:

Киімді бөтен кигенім,

Ұқсамай орыс қазаққа,

Сағат пен орган жүргенін

Таңырқап ашып көргенмін.

Оның да сырын білгенмін,

Ұзатпай біраз заматқа.

Өлеңдегі  «Киімді  бөтен  кигенім»  дегені

жоғарыда айтқанымыздай ақынның өзгеше киім

тігіп кигенін дәлелдейді.

Шәкәрім,  Абай  бастап  енгізген  киім-

кешек  үлгілерін  жаңа  көзқараспен  әрі  қарай

дамытқан, жетілдірген. Шәкәрім өзі болған шет

мемлекеттердегі  киім  үлгілерін,  әдет-ғұрпын

қазақ елінде насихаттаған. Осындай өнер түрін

біз  қазіргі  уақытта  «сән»  өнері  деп  бағалап

жүрміз.

Ел  арасында  Абай  мен  Шәкәрімнің  бұл



саладағы  еңбек  тәжірибелерін  жалғастырып

әкетуші  ісмерлер  мен  шеберлер  де  шыққан.

Тапсырыс беріп киім – кешек, бас киім тіккізетін

адамдар  да  көптеп  табылған.  Мысалы,  Өткен

ғасырда Қасқабұлақ өңірінде ғана М.Әуезовтің

бәйбішесі  Райхан  Ақынжанқызы,  Күлзия

Қалиқызы,  Күнімбала  Байділдәқызы,  Сағила

ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №1 (22)


30

Нұрманқызы, Айтбүбі Шөпішқызы ел алғысына

бөленген ісмер шеберлер атанған.

Осы  аттары  аталған  және  басқа  да

шеберлер  «тобықты  киім  үлгісі»,  «тобықты

тымағы»  т.б.  аталатын  модель  үлгілерді  өте

қонымды, әрі сәнді тігетін болған.

Қыстыгүні киетін түлкі терісінен жасалған

тымақты  барқыт,  пүліш,  атлас,  шұға  сияқты

жылы,  әрі  қымбат  маталармен  тыстаған.  Бояу

түстері  де  тым ашық  емес,  жағымды,  ұнамды

болған.  Кең  байтақ  Қазақстанның  әр  өңірінде

тымақ  әр  алуан  үлгіде  тігіледі.  Олардың

әрқайсысын  «арғын  тымақ»,  «үйсін  тымақ»,

«найман тымақ» деп немесе «ұлы жүз үлгісі»,

«орта жүз үлгісі», «кіші жүз үлгісі» деп түр-түрге

бөліп  кейде  жүздер  ішіндегі  рулардың  атымен

аталатынын  өнер  зерттеуші  С.Қасиманов

жазған.

Орыстың  өнер  зерттеушісі  В.Плотников



қазақ  киімдерінің  ішінде  бөрік  пен  тымақтың

15  түрлі  үлгісі  мен  атаулары  бар  екендігін

айтқан.

Тымақ  бөлшектері  төбе,  маңдай,  екі



алдыңғы  құлақ  және  артқы  етек  болып  беске

бөлінеді. Екі алдыңғы құлақтың сырт жағынан

бастырған екі бауы болады. Тымақтың құлағы

мен  етегінің  төбемен  жалғасқан  жерін  милық

деп атайды. Осы күнге келіп жеткен «тобықты

тымағы»  үлгісін  жасаған  Шәкәрім  қажы  деп

айтылады. Абайдың «Ескілік киімі» өлеңіндегі

суреттеген  тымақтың  көлемі  үлкен,  ерсілеу

болса  керек, онда  артқы етегі  тым ұзын  белге

дейін түсіп тұратын болған.

1922-1926 

жылдары 


Қазақ

Ре спубликасының 

астанасы 

болған


Орынбордың мұражайы жер-жерлерге өкілдер

жіберіп,  қазақ  киімдерінің  түрлерін,  үлгілерін

жинаған.  Бұл  істе  мұражайдың  ғылыми

қызметкерлері  А.Четыркина  мен  А.Мелков

орасан  еңбек  сіңірген.  Олар  Ақтөбе,  Торғай,

Қостанай,  Орал,  Атырау,  Семей,  Павлодар

аймақтарының  көп  жерлерін  аралап,  көптеген

ұлттық киімдері мен өрнектердің, алтын-күміс

әшекейлерінің  экспонаттарын  жинаған.  Атап

айтқанда,  әр  адамда  көйлек,  дамбал,  шалбар,

камзол (не бешпет), шапан, аяқ киім болатынын

анықтаған.

Енді  «Мұтылғанның  өмірі»  өлеңіндегі

келесі жолдарға келсек:

Шеберлікке де бет қойдым,

Сурет жасап түр ойдым, -

дейді ақын.

Шәкәрім  балалық  шағында  да  есейген

шағында  да  қолөнерді  тастамаған.  Әрине,

Шәкәрім бұл іспен шұғылданғанда шеберліктің

ең  биік  шыңына  жету  мақсатын  көздемеген

шығар, бірақ өз қолымен жасаған заттарының

табиғи сырын, істің көркемділігін танып білуді

мақсат еткендігі хақ.

«Сурет  жасап  түр  ойдым»  дегені  ою  -

өрнек  суреттерін  салып  оны  матаға,  ағашқа

түсіріп,  кесіп,  жонып  сәндік  бейнелік  түр

ойғанын жазады.

Шәкәрімнің ұсталық өнерімен әуестенгені

жайында  мәліметтерді  А.Омаров  Абай

журналының  №1,  2006  жылғы  басылымында

Шәкәрімнің  өмірбаяны  деген  мақаласында

жазады.  Онда  Шәкәрімнің  анасы  Төлебике

(Дәметкен)  Аллабергенқызының  өнерпаздық,

ұсталық  шеберлігі  болғандығы  жөнінде

айтылады.

Шәкәрім  бір  әңгімеде  ұсталықпен

әуестенгенін былайша баяндаған: «...Абай ағам

шошалаға  кіріп,  кездік  соғып  жатқанымды

көрді.  Мен  сәлем бердім.  Абай  ағам  сәлемімді

алып: «Кездік соғып жатырсың ба, Шәкәрім?»,

- деді. Мен: «Соғайын деп едім, бірақ суарғанда

бәрінің жүзі жарылып кетеді» - деп, соққан, жүзі

жарылған  кездіктерді  көрсеттім.  Абай  соққан

кездіктерме  қарап:  «Өзің  ұстасаң  ғо й.

Кездіктеріңнің  мүсіні  жақсы  келген,  бірақ

суарғанда  жүздерін  жарып  алыпсың.

Жеңешемнен неге сұрамадың, қалай суаруды?»,

- деп тұрғанда шешем келіп, Абайға амандасты,

Абай  амандасып  болған  соң:  «Жеңеше,

Шәкәрімнің  ұста  болмақ  ойы  бар  екен,  бірақ

суарудың  рет  –  жөнін  білмейтін  көрінеді.

Суаруды неге үйретпейсің?», - деді. Шешем де

кездіктерді  көріп:  «Жүздері  жарылып  кетуі,

біріншіден,  өте  қыздырып  алып  суарғансың,

екіншіден,  жұқа  жүз  жағынан  суарғансың

сондықтан жарылған»,- деді. «Пышақты қалың

сыртынан  суарған  жөн  деп,  суаруға  дайындап

қойған кездігімді қыздырып  «былай суар» деп

ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №1 (22)


31

көрсетіп, сыртынан суартып еді, кездіктің жүзі

жарылмай  шықты.  Сөйтіп,  пышақ  соғуды  да

үйрендім».

«Шыңғыс  елінде  ұста,  зергер,  ерші,

өрмекші,  термеші,  тігінші,  етікші,  үйшілер...

ерекше  құрметтелген,  -  деп  жазады

М.Жанболатов,  -  жеті  атасынан  бері  дарыған

ұсталық өнер иесі Арықматай ұрпағы Балтеке

ұстаның  соққан  пышағы  «темір  жонады»  деп

мадақталған. Оны қалап жүріп бәйге атқа, атан

түйеге зорға дегенде қолға түсіретін болған».

Кавказ елінен қашып келіп Абай ауылын

паналаған  екі  шеркестің  біреуі  шебер,  ұста,

күміс шауып оны қаралауды, алтынмен булауды

білетін зергер екен. Абай Шыңғыс еліндегі әнет

Сағындық, көкше Әзіке, қарабатыр Баймұрын,

көтібақ Сүлеймен т.б. зергер, ұсталарды жиып

алып бірнеше үй тіккізіп, сойыс малын бергізіп,

үш ай жатып сол зергерлердің өнерін үйренуге

қосқаны,  ол  өнердің  кейін  Шыңғыс  еліне

тарағаны  Әрхам  Искаковтың  е стелігінде

жазылған.

Шәкәрім  жазудан  бо с  уақытын  үнемі

тиімді пайдаланған, аңшылықты кәсіп етіп, құс

салып,  ит  жүгірткен,  аң  мен  құстың  өрісін,

түнегін,  жайылымын  бағдарлаған.  Жастық

шағындағы осы кәсібін төмендегідей жазады:

Он бесіме келгенде,

Қаршыға бүркіт көргенде,

Құс салып жүрдім серуенде,

Еркіндеп шығып азатқа.

Саятшылық  -  сезімге  серпіліс  беретін,

денеге қайрат-қуат қалыптастыратын қазақтың

атадан  келе  жатқан  кәсібі.  «Көшпеліліктің

қаймағы бұзылмаған  дәуірде кең  даламыз жаз

шыға  өзінің  барлық  сән  -  салтанатымен:  тау

бөктері  өзен  –  бұлағымен,  жазғы  масатыдай

көгал  кілемімен  құлпыратұғын.  Өсімдік  әлемі

сан алуан, жүгірген аңы мен сайраған құсы түр

түрімен  жыртылып  айрылатын»,  -  дейді.

А.Омаров 

«Шәкәрімнің 

өмірбаяны»

мақаласында.

Ал,  Шәкәрім  өмірі,  міне,  осы  көрікті  де

тамылжыған  табиғат  аясында  еркін  ауа,  таза

қоныста өткен. Адам мінезінің сабырлылығына,

ой  –  қиялының  еркін  дамуына,  көңіл

серпілісінің алау отына ұшқын беретін бірден-

бір күш - көрікті табиғат, табиғат аясы.

Шәкәрім  табиғат  аясында  көп  уақытын

өткізіп,  табиғатпен  үйлесе,  үндесе  жүріп

ойланғанды,  әдетке  айналдырған  ойшыл  –

философ.

Сөзіміздің 

басында 

Шәкәрім


шығармашылығының бір ұстанымы насихат деп

айттық.


Кемеңгер  о й  ие сі,  ақын,  фило со ф,

тарихшы, композитор қазақ жастарын ғылым –

білім  және  өнер  үйренуге  насихаттанудан

ешқашан  жалықпаған  адам.  Бұқараны  оятуға

ұмтылады,  ғылымға  жетелейді.  Еңбек  етуге

мәдениетті  елдерден  үлгі  алуға  шақырады.

Шәкәрім  үшін  байлықтың  ең  үлкені  -  ғылым,

өнер.  Өзінің  «Өмір»  атты  өлеңінде  ол  адам

өміріне  «о ртаншы  өмір»  деген  ұғымды

қолданады.  Бұл  -  адамның  жастық  шақ  пен

кәріліктің  арасындағы  белсенді  өмірі.

Шәкәрімнің  айтуынша,  міне,  осы  жылдары

уақытыңды  босқа  өткізбей,  ғылымға  үңілсең,

одан өзіңе керек қазынаны тауып ала білесің -

өмірлік мұратыңа жеткенің.

Орыс,  шығыс,  батыс  Европа  әдебиетін,

мәдениетін жемісті жалғастырушы, байытушы,

жаңа  с атыға  көтеруші  және  оны  қазақ

жастарына үнемі үлгі ретінде ұсынады:

Үйренсе ғылым менен сан өнерін

Білер еді-ау өнердің не берерін,

Танысса ақын, ойшыл адамымен,

Табар еді-ау, адалдық ар көмегін.

Адамның асыл қасиеттерінің бірі – оның

ойлылығы.  Бұл  сезім  адамды  толғанысқа

салады.  Ойлы  адамның  ғана  көңіліне  сәуле

түседі, қараңғылық сейіледі.

А.  Пушкин  жазады:  «Ғасыр  алаңдамай

алға жылжи бере алады... бірақ поэзия орнында

қалады.  Оның  бір  ғана  мақсаты  бар...  Көне

астрономияның, физиканың, медицинаның ұлы

өкілдерінің  ұғымдары,  еңбектері,  ашқан

жаңалықтары ескіріп, күн өткен сайын өзгеріп,

алмасып 


жатқанда, 

хас 


ақындардың

туындылары тап-таза, мәңгі жас қалпында қала

береді»,-деп поэзия құдіретіне баға береді.

ШӘКӘРІМТАНУ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет