2014 №1 (22)
ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ
44
қосылғанын естіпті әйелім» деген баяндау орын
алған. Егер осы сәтті, Нәзікеннің Айдарбекке
қосылуын, Жангөбек естіп қана қоймай, көрсе
не болар еді? Онда Айдарбектің қандай күйде
жүргенін, Нәзікен толғанысын – бәрін нақыштау
алға шығып, әңгіме көлемі көп кеңейер еді.
Қаламгер қо салқы деген көріністерді
өрнектемес үшін, «естіпті әйелім» деген
баяндауды шебер пайдаланған. Суреткер үшін
ең бастысы – сол шақтағы Айдарбектің, не
Нәзікеннің, не соған қатысты Жангөбектің іс-
әрекетін, сезім толқындарын қазбалау емес,
«барар жер, басар тауы қалмаған» жанның
шарасыздығын жеткізу ғана болғандықтан,
о сындай детальға иек арту шеберлігін
тамашалаймыз.
Міне, Ғ.Мүсіреповтің шағын детальда
ауқымды шындықты қамти білгенін дәлелдеген
осы бір мысалдардың өзі қаламгердің ғана емес,
қазақ әдебиетінің де кемелденіп дамығынан
көрсете алады.
Әдебиет
1 Бейс енбаев М. «Абай жолы»
романындағы өмір шындығы // Семей таңы, 8
шілде, 1987, 3-4 б.
Resume
Резюме
2014 №1 (22)
ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ
Автор статьи анализирует характерные особенности художественного стиля писателей-
классиков.
The author analyzes the characteristics of the artistic style of classical writers.
45
2014 №1 (22)
Д. КӨКЕБАЕВ, филология магистрі
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-
мемориалдық қорық-мұражайының ғылыми қызметкері
ҚАЗАҚ ТАРИХИ РОМАНДАРЫНДАҒЫ М. ӘУЕЗОВ ДӘСТҮРІ
Автор мақаласында М.Әуезовтің қаламына ғана тән стильдік сипат, көркемдік кестелеу
заңдылықтарына тоқталып, қазақтың қазіргі жазба әдеби тілін жасаудағы алар орнын
айқындаған.
Ғасырлар қойнауынан сыр шертіп,
халқымыздың тарихын тереңдей танытатын,
ұлы тұлғалармен олар өмір сүрген ортаны
елестететін тарихи туындылардың әдебиеттегі
орны орасан зор. Тәуелсіздік алғаннан кейін
рухани ұлттық мұраларымызды саралап, бүгінгі
биіктен бағалау қажет. Суреткердің терең
қабілетін тану мен шығармашылық болмыс-
бітімін анықтаудың, бағалаудың, жүйелеп
зерттеудің дағдыға айналған, арнайы ізге түскен
дәстүрі бар. Ол үшін сол кезең үлесіндегі, яғни
авторды қоршаған орта мен уақыттың тыныс-
тіршілігінен хабардар болып қана қоймай,
өткеннің өнеге сін ұғынып зерттеудің
құндылығы зор болмақ. Жазушы негізі болып
табылатын өмір шындығымен шығармашылық
үрдістің нәтижесі ретіндегі образдық әлем
сипаты
арасындағы
қарым-қатынасты
анықтайтын өзіндік мәдени құбылысты
жасайды. Бұл арада тамыры тереңде жатқан
тарихи зерттеулердің, сол уақыттағы нақты
фактілердің, ауызша немесе жазбаша тарихи
материалдардың да маңызын жоққа шығармау
керек. Осындай озық үлгілерді пайдалана
отырып жазылған тарихымыздың көркем
шежіресі іспеттес тарихи романдарымыздың
айтары көп.
Белгілі бір талғаммен тарихи туындылар
тудыруда әдебиет тарихынан дәстүр жалғасуын
көруге болады. Әртүрлі уақытты белгілейтін,
жазылу мезгілдері өзгеше туындылардың
үндестікпен жалғас а жазылуы - ерекше
құбылыс. Мұндай дәстүр жалғасуын
жазушылардың сөз саптауы, жазу стилі,
шығармашылық әдіс-тәсілдері арқылы аңғаруға
болады. Халқымыздың өткендегі өмір
кешулерін, арман-мұраттарын суреттеу жөнінде
қазақ әдебиеті тарихындағы жиырмасыншы
ғасырдың 60-80 жж. алатын орны ерекше. Осы
кездердегі қаламгер санасында бастау алған
сілкініс пен серпіліс қазақ романдарының
дүниеге көптеп келуіне әсер етті. Әрбір шығарма
көтерген тақырыбына байланысты дәуір, заман
сипатын, адамдар арасындағы қарым-
қатынасын, олардың өзара қақтығыстары мен
психологиясын ашуды көздейді.
Тарихи романдар - өз дәуірінің көркем
шежіресі. Бабаларымыз кешкен қиын ғасырлар
шеруі, қоғам дамуында айрықша орын алатын
кешегі дүбірлі дәуірлер тынысы да тарихи
романға берік арқау болды.
60-80 жылдарда қазақ прозасында
тарихтағы ірі тұлғалар мен өнер адамдары, сал-
сері, әнші-сазгерлер өмірін арқау еткен
шығармалар аз жазылған жо қ. Осы
шығармалардың биік шыңында, қайнар
бастауында атақты «Абай жолы» эпопеясын
тудырған ұлы суреткер М. Әуезовтің өнегесі,
қаламгерлік дәстүрі тұрды.
«Кемеңгер жазушының теңде сі жоқ
Тірек сөздер: М.Әуезов, көркем шығарма, проза, тарихи роман, кейіпкер портреті.
ӘОЖ 821.512.122
ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ
46
ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ
2014 №1 (22)
шеберлігін, оның көркемдік дамуымызға қосқан
жаңалығын түрлі тұсынан қарастырудың
қажеттігі бар. М. Әуезовтің шығармашылық
тәжірибесі күллі қаламгерлерімізге өшпес өнеге,
таусылмас тәлім. Көптеген туындылардың
оқушы қажетіне жарамай, эстетикалық
тұшыным бермейтіндігі олардың көркемдік
шындыққа жетпеуінен, өнер дәрежесіне
көтерілмеуінен. Мұндай жағдайда әдебиеттің
биік
жаратындыларының
ғажайып
нақыштарын, бейнелеу бітімін, керемет
кестелерін насихаттау, суреткерлік ұсталық
үлгісін айтудың танытқыштық, тәрбиелік мәні
бар» [2] - деген ғалым Р. Бердібай пікірінің де
маңызы жоғары.
Осы дәстүрге табан тіреп, суреткерлік
мектептен нәр алған қазақ прозасы және оның
белгілі өкілдері шықты. Мұндай озық
дәстүрлерді жалғастырған, шеберліктің шыңына
көтерілген туындылар - І. Есенберлиннің
«Алмас қылыш», «Жанталас», «Қаһар»;
Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер»; Д. Әбілевтің
«Сұлтанмахмұт»; С. Жүнісовтің «Ақан сері» т.б.
романдары. Бұл романдар турасында айтылар ой
аз емес. Академик Р. Нұрғали: «Әр заманда, әр
дәуір сол кезеңдегі өнерден өз келбетін, өз
рухын, өз жүрегінің дүрсіл тынысын, қан
тамырының бүлкілді ағысын көруге құштар.
Өмір мен өнер орайындағы бұл сабақтастықты
ешбір суреткер аттап өте алған емес. Тарихтың
жабылып кеткен көне беттерін ақтарып,
соларды шығармасына тиек қылған жазушы
өзінің мақамынан ұқтырмақ, ұсынбақ
мұратынан оның дәуірімен қаншалықты ет
бауырлықта, үндестікте екенін аңғару қиынға
соқпайды», – деп атап көрсетеді.
Бұл жазушылар әр дәуірде өмір сүрген өз
ұлтының, өз халқының қамын ойлаған, мұң-
мұқтажын жо қтаған т арихқа белгілі ірі
тұлғалардың, батырлар мен хандардың, өнер
адамдарының қайталанбас бейнелерін сомдады.
М. Әуезов дәстүрінің әдебиеттен кең
көрініс табуы әртүрлі және сан қырлы болып
келеді. Осы дәстүрдің қайталанбас үлгілерін
М.Әуезовтің қазақ әдебиетіне әкелген тың
қасиеттерімен санамалап өтуге болады. Олар
характер сомдау шеберлігі, шығарманың
құрылыстық жүйесіндегі жаңалықтары, тек таза
талантқа тән суреткерлік шеберханасы.
Қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың
Орт а Азия қаламгерлеріне М. Әуе зовтің
ықпалын Пушкиннің өзінен кейінгі орыс
әдебиетіне жасаған әсерімен салыстыруы да
тегін емес. Сондықтан да қазақ жазушыларының
ішінде шығыстың классикалық әдебиеті мен
ертеден келе жатқан мәдениетін дәл
М.Әуезовтей білген, насихаттаған жазушы жоқ
деп айтуға болады.
Тарихи романдар қазақ әдебиетінде
М.Әуезовке дейін де, одан кейін де болған
құбылыс. Әуезов романға, оның ішінде тарихи
романдарға соншалық сонылық әкелуінің
арқасында өзінің суреткерлік шеберханасын,
әдеби дәстүрін қалыптастырғанын білеміз.
«Абай жолы» роман-эпопеясындағы кейіпкерлер
бейнесін беруде сол кедегі әдебиеттің өзіне тән
әдіс-тәсілдерін молынан меңгеруімен қоса
М.Әуезовтің үлкен, күрескер адам бейнесін
жасауы ерекше (Дәркембай, Базаралы).
Ғасырлар бойы жасалған сөз өнерінің
небір асылы суреткердің қолымен жаңа сапада,
нағыз мәдениетті қалыпқа түсті. Бұл романда
қазақ адамының өзіне ғана тән ерекшелігі,
психикалық болмысы әрі толық, әрі шебер
жасалды.
Көркем шығарма өзінің шыншыл-
дығымен құнды. «Абай жолын» оқи отырып
оқушы о ндағы әртүрлі тартыстардың,
растығына қалтықсыз сеніп отырады. Мұндағы
суреттелген
оқиғалардан
жаңсақтық,
жасандылық сезілмейді. Әрбір оқиға дәл
өмірдегідей еле стейді.
Жазушы өмір
шындығын, тарихи шындықты көркемдік
шындыққа жеткізудің ерекше жолын тапқан.
М.Әуезовтің «Өскен өркен», «Қилы
заман», «Көксерек», «Жетім» т.б. туындылары
«Абай жолы» роман-эпопеясының бастау алды
материалдары іспеттес. Мәселен, «Абай
жолының» төрт кітабына үзілмес желі болып
тартылған әлеуметтік теңсіздік пен күрес
суреттері өзінің мықты бір бастауын «Қараш-
Қараштан» алады. «Мұндай кең, еңселі, сом
сурет, бейнелер жасай алған, адам мінезінің
диалектикасына барған суреткердің прозадағы
кезекті ірі туындысы оның есімін әлемдік даңққа
бөлеген «Абай жолы» сынды зеңгір эпопеяға
47
ұласуы барынша табиғи».
Сонымен бірге М.Әуезовтің қаламына
ғана тән стильдік сипат, көркемдік кестелеу
заңдылықтары да бар. «Құбылыстың мән-жайын
авторлық баяндаудың өзі суретке, мінездеуге
ұласып кету - шығармада жиі кездесетін
ерекшелік. Құбылыстың кейде автордың
сөзімен, кейде кейіпкердің көзімен суреттейтін
тәсіл шығармада негізгі тәсілдердің біріне
айналған. Шығарманың сөз кестесінің жалпы
тұлғасынан бояудың кейде тым мол
жағылғанын, оның өзі қайсыбір ретте сөздердің
толық мағынасын тасаландырып тұратынын
аңғарар едік. Бұны біз дарыны дәуірлеп,
суреткерлік қуаты толысқан жазушының табиғи
қадамы деп білеміз».
«Жазушы адам, табиғат суреттерін
жасағанда жалаң сөзге жол бермеуге ұмтылған.
Сөйлемдердің аяғы бірыңғай етістікпен бітуі
оқушыны жалықтырып жіберетінін қатты
сезінген жазушы осы тарапта жаңалық, өзгеріс
енгізу үшін көп ізденген. Автордың, әсіресе, көп
қолданған формасы - есімшенің өткен шақтық
түрі. М.Әуе зов салған о сы дәстүр қазақ
әдебиетінде кең өріс тауып кетті. Мұндай
форманы қолданып жазбаған қаламгерді табу
қиын» [3].
Ел ішінде айтылып келген ауызша аңыз
әңгіменің шындығы мен қиялын жіліктеп,
ақиқаттың таза диалектикалық қалпын беруі,
сан түрлі оқиғалардың қаһарман тағдырына
ықпалын өмірге де, мінезге де сәйкес, сенімді
етіп баяндауы шығарманың өшпес мәнін
әйгілейді. Мұндай ғылыми дәлелденген
материалдар «Абай жолында» көркемдік
шындық деңгейінде беріледі. М.Әуезов өзі өмір
сүрген кеселді кер заманда есімін еске алудың
өзі қылмыс деп саналған қазақтың ардақты
азаматтарының, ірі қоғам қайраткерлерінің
тұлғаларын өз романында асқан шеберлікпен
«бүркемелеп» береді. Мәселен, тарихи тұлға
Әлихан Бөкейханов есімін бүркемелеп Әзімхан
төре кескінінде беруі, озбыр, қиянатшыл кейіпте
сипаттауы – көркем кейіпкер тарихи жағдайға
тәуелді күй кешіп тұр. Тарихи шындық пен
көркемдік шындықтың ара қатынасы
қаншалықты маңызды болса да, бұл жерде
шындық жазушы шеберлігі мен шығармашылық
қарымы ғана емес, белгілі уақыттағы
мүмкіншілігіне де тікелей байланысты. Бірақ,
Әлихан Бөкейханов бейнесін бір Әзімханға ғана
телісек қиянат болар еді, өйткені бір кейіпкер
бойына көшпенділер заманындағы бірнеше
бейне жинақталып беріліп тұрғанын байқауға
болады.
Әрине, роман барысында мұндай
бүркеншік есімдерді жиі кездестіруге болады.
Бұдан М.Әуезовтің өзі өмір сүріп отырған ортаға
бейімделе отырып, асқан шеберлікпен ұлы
тұлғаларымызды танытуы десек артық айтпаған
болар едік.
Қазақ халқының дамуында, әдебиеті мен
тарихында ойып орын алатын әділдік пен
адамдық үшін «мыңмен жалғыз алысқан» ұлы
тұлға Абайдың жанды бейнесін заманымен қоса
қамтып көрсету, данышпан, ойшыл ақынды әр
қырынан байыту М. Әуезовті қазақтың ешбір
жазушысы түспеген соны жолға апарды.
«М. Әуезов жұртшылықты жаңа өскелең
биікке ұдайы бағдарлап отыратын рухани ұстаз
еді. Оның кез-келген еңбегінде бұрын ешкім
айтпаған соны пікір, тұжырым көркемдік
келісім кездесіп отыратын: жаңалық іздегіш
жұртшылық мүддесінен ол ұдайы шыға білетін.
Себебі ол халқының көңіліндегі сұрауын сезіп,
түсініп отыратын, әрбір жаңа ойды елдің күткен
кезінде айтатын «ақыл-ойдың билеушісі»
болатын [4].
М. Әуезовтің шығармаларымен бірге
қазақтың жазба прозасына терең реалистік,
психологиялық сипат келді. Оған дейінгі
романдарда адамдардың әлеумет майданындағы
істері, қайшылықтары ғана айтылып, характер,
мінез ерекшелігі, қайталанбас даралығы ашыла
бермейтін. Ол адамдардың іші мен тысын
диалектикалық бірлікте көрсету дәстүрін
негіздеп салды. Осының өзі – М. Әуезовтің туған
әдебиетке
сіңірген
ұлы
жаңалығы.
Шығармаларын Мұхтар Әуезовтей осы заманға
үндес, мұраттас, етене жақын етіп жаза білген
суреткер сирек». Халық зердесінің қалғи
бастаған сәтін оятуға, ұрпақ санасына ұлттық
патриотизм қалыптастыруға қызмет істейтін
бағытта жанарын тарих тереңіне қадаған батыл
жазушы І. Есенберлин еді. Қазақ халқының бес
ғасырға жуық тарихының (ХV-ХIХ) көркем
ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ
2014 №1 (22)
48
шежіресі болған, бірнеше романдарының басын
біріктірген, «Көшпенділер» трилогиясы –
әдебиетіміздің қоржынындағы асыл мүліктердің
бірі. Суреткер өзінің көзқарасын төтелей айтып
салмай, оқиғалар мен кейіпкерлерді еркін
сөйлеткен.
Осы тұрғыдан келіп тарихи адамдарды
көрсетуде М. Әуезов салған сара жол жаңа қадам
болып табылады. «Алмас қылыш» романындағы
желі тартқан басты идея – қазақ руларының
бірлесу, бір хандық шеңберінде ынтымақ құру
идеясы. «Романда Дешті Қыпшақтың қаһарлы
ханы Әбілхайырдың қарауында келген қазақ
хандығы қол астына топталу процесі, бұл
құбылыстың себебі мен салдары, бір жағы
Әбілхайыр, екінші жағы Жәнібек, Керейлердің
тақ пен тәж үшін таласы, өздерінің мансаптары
үшін халық бұқарасын пайдалану тәсілдері, хан
ордасындағы шытырман қайшылықтар, алдау
мен зорлықтар тізбегі романның екі бөлімінде
толық баяндалған» – деп атап көрсетеді ғалым
Р.Бердібаев. Қазақ қоғамындағы о сындай
өзгерістер жайын кеңінен шежірелейтін
«Көшпенділер» өзінің қамтыған оқиға, қаһарман
құрамы, баяндау, суреттеу әдісі жағынан
М.Әуезовке тән нағыз шеберліктің үлгісін,
заңды жалғасын көреміз.
Тарихи романдарда орын алған өмір
шындығы, тарихи шындықты көркем шешіммен
бейнелеудегі суреткерлік тереңдігі де М.Әуезов
дәстүрі жалғасуының айқын көрінісі.
Шығармада еркін суреттелген ақын-
жыраулар (Қотан, Қазтуған, Бұхар) бейнелерінің
көркем мұраларын шығарма құрылымына негіз
етіп пайдаланудан М. Әуезов дәстүрі тағы да
көрініс табады.
Ұлы жазушының суреткерлік шеберлігінің
қыр-сырына терең ден қойып, әдебиетте
қалыптастырған дәстүрін жалғастырушы
қаламгеріміздің бірі Ә. Нұрпейісо в еді.
Шығарма кейіпкерін психологиялық дәлдікпен
бейнелеуде Нұрпейісовтің еңбегі ерекше. «Қан
мен тер» романындағы Еламанның, Мөңкенің,
Ақбаланың, Тәңірбергеннің, Төлеудің, Сүйеудің
қай-қайсысын алып қарасақ та белгілі мінез
иесін танытады. Сонымен бірге «Ә. Нұрпейісов
романында табиғат суретінің реалистік реңмен
құлпыра ойнайтынын атап көрсетуіміз жөн.
Теңіздің ыңырана толқын атқан сұсты
мезеттерін көрсету кейіпкерлердің де жадау
ауыр тіршілігін, ғаріп кедейлігін, сұрғылт
болмысын әсерлі аңғартуға септеседі.
Ә.Нұрпейісов пейзаждары - шығармаға жеке
өзіндік мақсатпен алынған міндетті әшекей
емес, қаһармандардың көңіл-күйін әрлендіре
түсетін жанды суреттер. Мәселен, Еламанның
майданнан қайтып, Шалқарға келе жатқанда
балалық шағын, дала табиғатын еске түсірген
тұсын алып қарасақ, бұған көзіміз жетеді».
Бұл тұрғыдан келгенде, адам бейнесін өмір
шындықтарымен ұштастыра отырып ашу
«таланттыға ғана тән әрекет». Кейіпкердің
образын жасауда, о ның дара тұлғасын
қалыптастыруда М. Әуезовтің қолданған амал-
тәсілдері өте мол, жазушы кейіпкердің мінез-
құлқын, рухани ішкі әлемін, жалпы бейнесін
сомдауда ішкі сөздің түрлері монолог, еске алу,
елестету, диалог, портрет пен пейзаж жасаудағы
детальдар, кейіпкердің іс-әрекеті мен қимылы
т.б. көркем тәсілдерді шебер пайдаланған.
Жазушы кейіпкер образын ашуда оның ішкі
дүниесін, ой толғанысын терең суреттей
отырып,
қазақ
әдебиетіндегі
көркем
психологизмді дамытқан. Әуезов кейіпкердің
ішкі күйі мен о ның сыртқы дүниеге
сабақтастығын көбінесе пейзаждың көмегімен,
табиғат құбылысы мен оның сан алуан
сырларын ашу арқылы берсе, Нұрпейісов те
адам жанының шындығын табиғатпен
байланыстыра
суреттеген.
Осындай
құбылыстарды тілге тиек еткенде қаламгерлер
қаламының көркемдікпен ұштасуы тайға таңба
басқандай көрінері хақ.
1960-80 жж. Қазақтың прозалық
шығармалары туралы сөз қозғағанда айта
кететін мәселелердің тағы бірі – осы жылдары
ұлттық болмыс, ұлттық дүниетанымның
тарихи-әлеуметтік негіздеріндегі дәстүр
жалғастығы
сипаты
ашылып,
жаңа
тенденциялар жасалынып, кезеңдік өзгерістер
мен қоғамдық қатынастарға орай ұлттық
тұлғаның нақты тарихи мәндік көрінісі
айқындалып көрсетілді. Сол жылдар прозасы
адамгершілік істер, моральдық-этикалық
мәселелер, белгілі қазақ қаламгерлерінің
туындыларындағы кейіпкер бейнесін ашуда
ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ
2014 №1 (22)
49
көрініс тапқан көркемдік ізденістердің
сабақтастығын көрсетті. Ол М. Әуезовтен бастау
алған әдеби дәстүрдің кейінгі қазақ прозасында
қолданылу аясының қайта жаңғыруымен,
қайтадан
ерекше
көрініс
табуымен
ерекшеленеді. «Абай жолындағы» ұлы тұлға
Абайдың ұлттық мінезінің ұлттық рухпен
жазылуы «Қан мен тердегі» Еламан бейнесінен
көрінеді.
Мұнда көркем бейнеге тән ерекшеліктерді
«кейіпкер портреті, іс-әрекеті, оның ішкі
психологиясы жайлы автордың өз ойын білдіруі;
көркем бейнеге тән ерекшеліктерді өзге
кейіпкерді сөйлету арқылы; әдеби бейнені өз
сөзін, ішкі толғаныстарын, ой-пікірін
(монологын) келтіріп таныту; қаһармандар
табиғатын оларды бір біріне қарсы қою әдісімен
(диалог, әңгімелестіру арқылы) көрсету».
М.Әуезов қаламынан бастау алған ұлттық
мүддені, ұлттық намыс, ұлттық мінез, ұлттық
бейнені Ә.Нұрпейісовтің өз кейіпкерлері
арқылы аңғартуы азаматтықтың басты белгісі
деп білеміз.
Біріншіден, ұлттық про зада жанды
дүниелерімен
өзіндік
көркем
дәстүр
қалыптастырған қаламгер М.Әуезов – қазақ
прозасының жаңа үлгісін, жаңа іргетасын қалап
шыққан жазушы. Екіншіден, әдебиетте
М.Әуезов салған сара жол мен дәстүрлі арналар
кейінгі жазушыларға үлгі-өнеге болып, олардың
суреткерлік шеберліктерінің шыңдауына
септігін тигізіп отырды.
«М. Әуезовті қазақтың қазіргі жазба әдеби
тілін жасаушылардың бірі ғана емес, бірегейі
деп білеміз. Оның қаламынан қазақтың сөз
байлығы, сөйлеу дәстүрі өзгеше құлпырып,
гүлденіп, түрленіп шығатын. Ол қаншама сөзді
қайта тірілтуші, көп сөздерді жаңадан жасаушы
немесе өңдеуші ұст а еді. Суреткердің
шығармалары халқымыздың көркемдеп ойлау
мәдениетін шыңға көтерді. М.Әуезов сөз
қолданыстары қазақтың қаламгер қауымының
үлкенді-кішілі барша өкіліне тегіс ықпал
жасады деуге болады».
Кең құлашты қазақ жазушыларының
шығармашылық құпияларына үңіле білген кісіге
берері көп. М. Әуезов дәстүрінен сусындаған
қазақ қаламгерлері шығармалары бүгінгі күнде
әдебиетіміздің көкжиегін байытты. Олар
М.Әуезов салған сара жолды дамыта отырып,
қазақ әдебиетіне кең құлашты романдар әкеліп,
әдеби үрдісті ары қарай жалғастырды.
Әдебиет
1 Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын
ғасыры. – Астана, 2002.
2 Бердібай Р. Дәстүр тағылымы. – Алматы,
1973.
3 Құрманова Ж. 1960-80 жж. Прозасы және
«Қан мен тер» романындағы Ақбала
бейнесіндегі ұлттық қасиеттер. // Ізденіс.2006,
№1. Б. 182-183
4 Бердібай Р. Қазақ тарихи романы. –
Алматы, 1979.
ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ
2014 №1 (22)
Resume
Резюме
В статье автор рассматривает творчество великого писателя М.Ауэзова.
The author considers the work of the great writer M.Auezov's.
50
ӘОЖ 821.512.122-92
Д. ОСПАНОВА, 2 курс магистранты
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ АЛҒАШҚЫ КӨСЕМСӨЗДЕРІНДЕГІ
ӘЙЕЛ-АНА ТАҒДЫРЫ
Мақалада М. Әуезовтің газет-журнал беттеріндегі алғашқы публицистикалық
шығармалары қарастырылып, «Адамдық негізі - әйел», «Қазақ әйелі», «Қазіргі қазақ күйі»
мақалалары талданады. Олардың ұлы жазушы шығармашылығының қалыптасуындағы орны
көрсетіледі.
Тірек сөздер: әйел теңдігі, ана тәрбиесі, мақала, қоғам.
Қазақ публицистикасының қанат жайып,
өсіп-өркендеуі жолында орасан зор еңбек еткен,
алып тұлғалардың бірі - Мұхтар Әуезов. Оның
шығармашылық қызметі алуан қырлы. Үлкен
талант. Ұлы ойшыл. Заңғар жазушы. Ғұлама
ғалым. Білікті аудармашы. Дарынды драматург.
Қаламы ұшқыр публицист. Осының бәрі де бір
кісінің - біз сөз етіп отырған М. Әуезовтің бір
басынан табылады [1]. Өткенге, бүгінгі мен
болашаққа бірдей терең ой көзін жіберетін,
эпикалық аясы кең Әуезов публицистикасы біз
үшін мәнін ешқашан жоймайды. Қазіргі уақытта
жазушы армандаған тәуелсіз Қазақстанның
мұңын мұңдайтын, жоғын жоқтап, намысын
оятатын әрі қуатты құрал, әрі биік өнеге. Қашан
оқысаң да, таң қалдырмай қоймайтын ғажайып
өнер [2]. Қай елде, қай заманда болсын әйел –
ана тақырыбы әдебиеттің барлық жанрына өзек
болған. Атап айтсақ, өлең, жыр, қисса-дастан,
поэма, роман - бәрі-бәріне арқау, әрі алтын
арнасы болғаны белгілі. Өйткені, әдебиетті
қайнап жатқан өмір десек, сол өмірдің иесі де,
қайнар баст ауы да әйел. Осы ретте, ХХ
ғасырдың басында кенже қалыптасқан қазақ
публицистика жанрында әйел тақырыбын
тұңғыш көтерген Мұхтар Әуезовтің болуының
өзі кездейсоқтық емес. Себебі, М.Әуезов ұлт
дамуының сара жолын сақтаудың бірден бір
амалы әйел өнегесі, ана тәлімін ұрпаққа
ұлықтап, ұлт санасына ұғындыруды азаматтық
борышы деп таныды. Оны танып қана қоймай,
жұртшылық жүрегіне ой салар әйел
тақырыбына мақалалар жазуы - сөзімізге дәлел.
Әйел тағдыры – ұлт келешегі, ел ертеңі.
Мұхтар Әуезовтің қазақ әйелдерінің өміріне мән
беруінен оның дүйім қазақ жұртының өсіп-
өркендеуін, гүлденуін көздегені анық танылады.
Әйел теңдігі, әйелдер тақырыбына арналған
мақалалары – «Адамдық негізі - әйел», «Қазақ
әйелі», «Қазіргі қазақ күйі». Адамзат
дамуындағы эволюцияның қозғаушы күші
болған әйел адам баласы бойындағы
адамгершілік қасиетіне қуат беріп, көкірек
таяздығы, хайуандық мінезден арылтты. Әрі
адамзатты адамгершілік әлеміне, ізгілік
дүниесіне жетеледі.
«1917 жылы 5 қыркүйек күні Семей
қаласында шығатын губерниялық газетте
жарияланған «Адамдық негізі - әйел» атты
мақалаға есімі көпшілікке белгісіз бір жігіт
«семинарист Әуезов» деп қол қойды. Бұл
қазақтың болашақ ұлы жазушысы Мұхтар
Әуезовтің баспа бетін көрген тырнақ алды
шығармасы болатын. Абай дәстүрінде, қазақ
демократтарының үлгісінде жазылған бұл
мақалада жиырмадағы Мұхтар сол кезеңнің
әлеуметтік көкейкесті мәселесі – әйел теңдігі
про блемасын
гуманистік
идеялармен,
ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ
Достарыңызбен бөлісу: |