Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата03.03.2017
өлшемі1,98 Mb.
#6208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

2014 №1 (22)

ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ

39

меңіреулігі  бар.  Со ндағы  көп  ғасырдың

қараңғылық  заманына  сәуле  беретін  тек  араб

мәдениеті екенін айтып өтті. Арыдағы Сократ,

Аристотель мирастарын бүгінгі өнерлі халықтар

қауымына  өзінше  өсіріп  кеп  жеткізушілер

шығыстан  шыққан  данышпандар  болғанын

ескертті».

Сол  тәрізді  шығарманы  оқи  отырып,

патшалық  Ро ссия  түрмелеріне  арналған

М.Е.Михайловтың  сын  ойларынан  және  оны

аңдауға  қо йылған  тыңшылар  әрекеттері

сықақталуынан  тек  сол  кезеңде  емес,  кейінгі

кеңестік  дәуірде  де  етек  алған  –  кеңірек

ойлағаны үшін түрмеге алу т.б. орынсыздығына

ишараттау бар екенін байқауға болады. Мұның

бәрі М.Әуезовтің өткен заманды шенеу үстінде

де  кейін  және  болашақт а  болуы  мүмкін

озбырлық,  зұлымдық  атаулыны  жинақтап

түйрей білгенін дәлелдейді. Демек М.Әуезов тек

өткен  ғасырдың  соңғы  ширегінде  ірге  тепкен

қазақ  даласындағы,  немесе  Ро ссиядағы

зұлматт арды  ғана  емес,  кейін  де  тонын

айналдырып  қайта  бас  көтеруі  ықтимал

зұлымдық  атаулыны  әшкерелеуге  жол  ашқан

деуге негіз толық.

Көркем  әдебиеттің  арғы-бергі  тарихына

көз  салсақ,  өз  туындыларында  табиғатты

бейнелемеген жазушы кемде-кем екенін көреміз.

Көркем әдебиеттегі табиғат! Бұл – халық өмірін

шынайы  бейнелеуді  мақсат  тұтқан  суреткерді

ерекше  толғандыратын  мәселелердің  бірі.

Қазіргі  қазақ  жазушылары  романдарына

үңілсек, табиғат көрінісін беруде әр суреткердің

өзіндік ізденісіне, ерекшелігіне тап боламыз.

Қазақ  әдебиетінде  табиғаттың  шынайы

бейнеленуі  онда  реализм  әдісінің  дамуымен

тығыз  байланыста  жүрді.  Шындықты  бір

қырынан  ғана  алып  бейнелеу,  суреттеуде

әсірелеу  басым  болуы  т.с.с.  ауыз  әдебиетінде

жасалған табиғат көріністерінде де шарттылық,

үлкейту  ықпалын  туғызбай  қойған  жоқ.  Ауыз

әдебиетінде де, 1917 жылғы төңкерісіне дейінгі

қазақ  жазба  әдебиетінде  де  табиғатты  адам

көңіл-күйіне  бағындыра  суреттеу,  табиғат

көріністерін  беруде  теңеу,  метафора,  кейіптеу

қолданумен шектелу, белгілі бір пікір, ой айтуда

табиғат құбылыстарындағы ұйқас жәйттерге иек

арту  т.б.  басым  болды.  Мұны  біз  Бұқар,

Махамбет  өлеңдерінен  де,  Абай  мен

Сұлтанмахмұт  поэзиясынан  да  1917  жылға

дейінгі  қазақ  әдебиетінің  көрнекті  өкілдерінің

қай-қайсысының 

шығармаларынан 

да

кездестіреміз.



Ал,  біз  бұл  еңбекте  қазақ  әдебиетінің

көрнекті  өкілі  М.Әуезовтің  «Абай  жолы»

эпопеясында  табиғаттың  қалай,  қаншалықты

ұтымды бейнелегеніне тоқталмақпыз.

Қазақ  әдебиетінде  т абиғат  бейне сін

жасаудағы  ең  биік  шың  –  М.Әуезовтің  «Абай

жолы»  эпопеясы.  М.Әуезов  туындысындағы

табиғат 


эпикалық 

кеңдігімен, 

с ан

сырлылығымен, бояуларының түрлілігімен және



айқындығымен,  түрлі  философиялық  ойларға

меңзеушілік сипатымен т.б. ерекшеленеді.

М.Әуезовтің  табиғатты  бейнелеудегі

ізденістерін сараптасақ, шеберліктің сан қырлы

өрнектерін  кездестіреміз.  Соның  бірі  –

табиғатқа  орталық  қаһарманның,  Абайдың

көзімен қарау үлгілері. Алдымен бала, кейіннен

жігіт, соңында қалыптасқан азамат түсінігімен

табиғатты  қабылдағанда,  бір  жағынан,  мекен

еткен ортаның адам санасына қатыссыз, өзіндік

қалып,  күй  кешуін,  екіншіден,  сол  ортақ

құбылысты  әр  адамның  рухани  деңгейіне  сай

өзіндік тану ерекшелігін қабат ескеру қажеттігі,

-  бәрі  суреткерге  артылар  жүкті  қордаланта

түседі.  Шығармада  бастапқыда  табиғат  өз

алдына  жеке  суреттелмей,  қаладан,  оқудан

қайтқан,  өмірдегі  қиындық,  тартыс  атаулыдан

хабарсыз  бала  Абай  танымы  тұрғысынан

бейнеленген:  «Енді  көп:  «бұл  жерде  ұры  бар,

сұмдық жер,  бәле жатқан  жер», -  деген сөздің

қандайы болса да көңілге дарымайды. Жазықсыз

сары биік, көкшіл қоныс, ақ көделі әдемі өлке

мұнарланады. Барлық айналадағы кең дүниеге,

әсіресе мынау өзі туған сахара, өлке белдеріне

соншалық  бір  туысқандық  ыстық  сезіммен,

кешіріммен де қарайды. Жабыса, сағына сүйеді.

Үзілмей, қатаймай, бір қалыппен желпіп соққан

әдемі  салқын  қоңыр  жел  қандай  рахат!  Осы

желмен  құлпыра  толқып,  су  бетіндей  жыбыр

қағып, шалқып жатқан ал күрең көде мен селеу

далалары...  дала  емес  –  теңіздері  қандай!  Сол

даладан  көз  алмай,  тоя  алмай,  үнсіз  телміріп,

ұзақ-ұзақ қарайды».

Бағамдасақ, биіктің сарылығы, қоныстың



2014 №1 (22)

ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ

40

көкшілдігі,  өлкенің  «ақ  көделі  әдемі»  болуы  –

әрі  табиғаттағы  рен  әсемдігі  салтанаты,  әрі

сонша  сұлулықты  аңғара  білген  бала

байқампаздығы, зерделілігі айнасы. Сондай-ақ

желдің  де  «үзілмей,  қатаймай,  бір  қалыппен

желпіп»  соғуы  –  әрі  жаз  кезіндегі  сондай  бір

жағымды  көріністі,  әрі  баланың  өмірді

арпалыссыз  күйде  қабылдау  ерекшелігіне  сай

табиғаттын тыныш сәтін өзінше тамашалауын

жайып  салады.  Сонымен  бірге  «Осы  желмен

құлпыра  толқып,  су  бетіндей  жыбыр  қағып,

шалқып  жатқан  ал  күрең  көде  мен  селеу

далалары», - тіркесінде де әрі қазақ даласының

жазғы  бітімі,  кеңдігі  жатса,  әрі  соның  бәрін

баланың  болашақ  ақын  ретінде  әдеттегідей

емес,  өзінің  асқақ  қиялына  бөленген  кейіпте

сезінуіне  тап  боламыз.  Әсіресе  «шалқып

жатқан»  тіркесі  көмегімен  жеткізілген  дала

көлемділігі  бала  қиялының  да  соншалық

аумақтылықты  іздеген  өзгешелігіне  үндес

алынған.


Осы  орайда  айтарымыз:  Семей  өңірінен

ұзап  шыға  қоймаған  баланың  даланы  теңізге

балауы әрі «ортақ төл сөз»: қаһарман мен автор

бірлесіп қарауы, ойлауы жемісі болса, әрі Абай

көрмесе  де,  басқа  болашақ  ақындар  кезігуі

мүмкін шындықты жинақтау үлесіне жатады.

М.Әуезов табиғаттың ерекше әсем қалпын

да, әдеттегі күйін де қатар алып көрсете біледі.

Сондай қарапайым суретті қаладан қайтқан бала

Абайдың  өз  ауылына  жете  берген  кезінде  де

ұшырастырамыз:  «Көлемі  аз  бұлақтың

айналасына жиі қонған ауылдардың үйлері де,

шұбыртқан малы да, адамдары да кешкі мезгілде

ыю-қию  араласып  жатқан  сияқты.  Жер

ошақтардан  шыққан  түтіндері  де  біріне-бірі

қосылып  ұласып,  тұтасқан  көкшіл  мұнардай

тарайды. Үрген иттер, мал қайырған айқайлар,

маңыраған қой, қозы шулары араласып жатыр.

Кешкі  суға  келе  жатқан  қалың  жылқының

кісіней  шапқан  дүбірі,  шаң-тозаңы  болсын,

немесе, оқта-текте азынай кісінеп, үйірін іздеп

шапқан,  мінуден  бо саған  жас  айғырлар

дауыстары болсын – барлығы  да осы отырған

ауылдардың  осы  кештегі  тіршілік  тынысын

білдірген сияқты. Баланың  барынша сағынған

көрінісі».

Расында, малдың шұбыруы, иттердің үруі,

қой маңырауы, жылқы кісінеуі, - бәрі әдеттегі,

қалыпты 

көріністер. 

Мұнда 

ерекше


тамашалайтындай  сұлулық  жоқ  тәрізді.  Әйтсе

де  бұл  қарабайыр  суреттер  әрі  кешкі  ауылдың

дағдылы тіршілігін реалистік мәнерде бейнелеу

үлгісін,  әрі  болашақ  ақынның  әдеттегіден  де

қимастық таба білуін, әрі алдағы үлкен айқастар

алдындағы  сәттік  тыныштық  артықшылығын

аялауға  қызмет  етуде.  Бейнелеу  деңгейі

тұрғысынан  келсек,  «шұбыртқан»  сөзі  –  мал

көптігін және бірінің артынан бірі жүруі ретін,

«ұласып тұтасқан» түтіннің, демек жерошақтың

жиілігін танытады.

Бұрын  Қодар  мен  Қамқаны  жазалағаны

үшін  Құнанбайды бірыңғай  жазғырып  келсек,

қазір оның да себебі, реті болғанын дәлелдеген

пікірлер  жариялайды.  Соңғы  пайымдаулармен

келісе отырып, яғни қазақ халқын ислам дінінен

бездіріп,  шоқындырудан,  демек  сенімімен

сабақтасқан  тілінен  айырылудан  сақтау  үшін,

осындай  қатаң  жаза  қажет  болғанын  ескеру

барысында мына жайтқа көңіл бөлгіміз келеді.

Қодар мен Қамқаның күнәға ұрынуына тағдыр

алдында әлсіздік танытқан олардың өздері ғана

емес, сол кездегі заман қайшылығы да айыпты

екенін  ескермей  болмайды.  Мәселен,  қазақ

даласын  отарлау  күшейе  түсуі,  ислам  дініне

қысым  жасалып,  оның  о рнығуына  бөгет

жасалуы,  мешіт  салуға  түрлі  то сқауылдар

қойылуы,  -  бәрінің  аталған  адамдар

санасындағы 

мұсылман 

діні 

әсері


жеткіліксіздігін  негіздегені  белгілі.  Сонымен

бірге  жыл  асқан  сайын  отарлау  қыспағы

нәтижесінде  халық  тұрмысы  нашарлауы,

жұбайы  өлгендер  үшін  төсек  жаңғырту

мүмкіндігі  қиындауы  да  Қодар,  Қамқаны

осындай келеңсіздікке итермелесе, айыпты жеке

адамдарға арта салумен тынбай, қоршаған орта

қайшылығын  да  ескеруді  алға  қояды.  Оның

үстіне  жазалау  себебін  жете  сезінбеген  бала

Абайдың  кенет  Қодардың  «бас  сүйегі  мылжа-

мылжа»  қалпын  көргендегі  аяныш  білдіруін

орынсыз  дей  аламыз  ба?  Ендеше  күнаһардың

өлтірілуін  көру  кезінде  адамдарда  әрі  орынды

жазаны,  сол  арқылы  халық  арасында

имандылықты сақтау шарасын қолдау, әрі мерт

болушыны  аяу  сезімі  қабат  туса,  алдыңғыны

ғана  марапаттап,  соңғыны  үнемі  күйректік,

2014 №1 (22)

ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ


41

о салдық  белгісі  дей  аламыз  ба?!  Міне,

жазаланушы жазықтының өзіне бір мезет аяныш

тууы да қатыгездікке қарама-қарсы ізгіліктің бір

дәлелі  деп  түйсек,  соншалық  ауыр  іс  алдында

өрілген табиғат көрінісі де оқырманды күрделі

идеяны қабылдауға дайындайды. Атап айтқанда,

адамдар 


арасындағы 

қайшылықты,

жайсыздықты  кестелер  алдында  нақышталған

табиғат  әс емдігі  өмірдің  тек  қасіреттен

тұрмағанын, бақыт, шаттық кезі, бастауы әріде

екенін жырлауға арналған:

«Жарқырап  май  күні  біртүрлі  боп

нұрланып, тамылжып тұр. Аспанда ұсақ қана ақ

мамық бұлттар қалқиды. Айналадағы жазық пен

төбешіктің  бәрі  де  алқара  көк.  Аласа,  тықыр,

бірақ  тығыз  бетегемен  жайнаған.  Қызғалдақ,

жауқазын,  сарғалдақ,  бәйшешек  дегендер

қызыл,  сары,  көкшіл  түстермен  құлпырып

жайнайды. Гулеп ұшқан көбелектей көп бояулы,

неше алуан...

Бөктер  желі  таңертең,  әрдайым,  Шығыс

аса соғатын қоңыр салқын күйінде. Қазірде де

күн  қызуын  жеңілдетіп,  майда  қоңыр  лептей

үріп тұр».

Осы  көріністен  кейін  көп  ұзамай  Қодар

мен Қамқаның жазаланып, көз жұмғаннан кейін

жатар жері қараңғы көр екенін зерделесек, соған

қарама-қарсы алынған «жарқыраған» сөзі жарық

артықшылығын  сезінуге  болады.  Бұл  әдемі

сезімді сол «жарқыраған» май күнінің «біртүрлі

боп  нұрланып,  тамылжып»  тұруы  дамытып,

биіктете  түседі.  Сонымен  бірге  «аспанда  ұсақ

қана ақ мамық бұлттар» қалқуы да – табиғаттағы

зейнеттілік салтанаты. Атап айтқанда, «ақ» сөзі

арқылы  берілген  рең  сұлулығы,  «мамық»

сөзімен  нақышталған  жұмсақтық,  «қалқиды»

сөзімен отау тіккен соншалық жеңілдік дәлелі,

-  бәрі  септесе  келе  табиғаттың  әрі  адамдар

өміріне  бейтарап  екендігін,  әрі  көркемдік,

жайлылық  аясы  ретінде  үлгі  көрсетуін  жайып

салады. Сонымен бірге «айналадағы жазық пен

төбешіктің бәрі де көк» болуы; «аласа, тықыр,

бірақ тығыз бетегемен жайнаған» күйде берілуі,

-  бәрі  адамдар  арасындағы  шешілуі  қиын

қайшылыққа  қарама-қарсы  алынған.  Осы

үзіндідегі  бір  ғана  «жайнаған»  сөзі  өзінің

алдында орын тепкен бетегенің қаншалық өсіп,

ажарлануын  алға  тосса,  одан  әрі  қанаттасқан:

«қызғалдақ,  жауқазын,  сарғалдақ,  бәйшешек

дегендер  қызыл,  сары,  көкшіл  түстермен

құлпырып  жайнайды»,  -  суреттемесінде  де

«жайнайды»  сөзі  ерекше  қызмет  атқарып  тұр.

Ежіктеп  айтсақ,  қызғалдақ...  бәйшешектің

әйтеуір бір жайнауы емес, «қызыл, сары, көкшіл

түстермен құлпырып» жайнауы ерекше әсерлі.

Яғни,  «жайнайды»  демеуімен  отау  тіккен  рең,

нұр, әсемдік салтанатын үстеп тұрған «қызыл,

сары»...  немесе  «құлпырып»  сөздері  ықпалын

қоса  ескеруіміз  керек.  сондай-ақ  суреттеме

соңында өрілген бөктер желінің «қоңыр салқын

күйінде» «күн қызуын жеңілдетіп, майда қоңыр

лептей»  әсер  беруінде  де  адамдар  үшін  аса

қолайсыз тиюі мүмкін ыстықты жұмсартуымен

де табиғаттың жайлы бір шағы әспеттелген. Ал,

бұл ажарлы суреттер иық сүйесе келе адамдар

кереғарлығына  қарама-қарсы  бағытталуымен

көп жүк көтеріп тұр.

Құнанбай  бейнесіне  де  жаңаша  қарау

керектігі, әміршілдік жүйе қыспағы салдарынан

М.Әуезовтің  о сы  қаһарманды  жақсы

жақтарымен  бейнелеуге  көсіліп  бара

алмағандығы қазір осында айтылып жүр. Әйтсе

де өмірдегі Құнанбайды ақтау, Құнанбай тәрізді

деп  есептелгендерді,  яғни  сол  кездегі  ел

билеушілердің  бір  тобына  тән  жағымсыз

сипаттар  жиынтығы  ретінде  саналған  «Абай

жолындағы»  көркем  бейне  Құнанбайды  да

бірыңғай  тазартуға  әкелуге  тиіс  пе?  Рас,

М.Әуезовтің  ұлылығы  сонда:  ол  әміршілдік

жүйе  қысымында  жүріп  те  Құнанбайды  сырт

көзге  жағымсыз  етіп  алғанмен,  түсіне  білген

адамға оның ұнамды сипаттары да мол екенін

аңғартуға  алған.  Мұның  бәрі  көркем

шығармадағы Құнанбайды «күрделі бейне – деп

айтайық»  -  деген  ұсынысты  да  тудыруда.  Бұл

пікірге біз де қосыла отырып, дегенмен, көркем

образ  ретінде  қарағанда,  Құнанбайдың  біраз

қайшылығы,  терістігі  бар  екенін  ескермесек,

тағы  да  шындықты  бұрмалаумен  аты  шыққан

отаршылдар жолын қайталап кетер едік дегіміз

келеді.  Қорыта  айтқанда,  біріншіден,  өмірдегі

Құнанбай мен көркем шығармадағы Құнанбай

бір  еместігі  –  басы  ашық  даусыз  мәселе.

Екіншіден,  қысталаң  шақта  жазса  да,

М.Әуезовтің  суреткерлік  ерлік  жасап,

Құнанбайдың  не  бір  асыл  қасиеттерін

2014 №1 (22)

ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ


42

мүмкіндігінше  таныта  алғаны,  сөйтіп  орны

күрделі  бейне  ретінде  сомдағаны  да  анық.

Үшіншіден, 

суреткердің 

біраз 


ретте

Құнанбайдың  ұнамды  сипаттарын  сақтап

қалғанына сүйсіну – сол сипатты кейіпкерге тән

етіп алынған жағымсыз көзқарас, зиянды әрекет

атаулыдан  оны  жасанды  түрде  аршуға  да

әкелмеуге тиіс.

М.Әуезов  мүсіндеген  көркем  бейне

ретінде қабылдасақ, заман ықпалы әсерімен де

Құнанбайдың  біраз  оң  сипаттарымен  бірге

біршама теріс қылықтарымен отау тіккеніне көз

жұмбауымыз керек. Ендеше сондай кесапаттар

кеше ірге тепкені тәрізді бүгін де, ертең де тек

түсін  өзгертіп  дамып,  кесел  бола  берерін

ескерсек, онымен үнемі күресуге біз міндеттіміз.

Расында,  билік  тәртібі  өзгеруі  адамдардың  бір

тобын  –  өнеге  тұтар  үлгілі,  ұнамды;  екінші

тобын  жиренерліктей  зиянды,  жағымсыз  деп

бөлуді  жоққа  шығармайды.  Әрине,  сонымен

бірге ұнамдыға да, ұнамсызға да бірыңғай «ақ»,

немесе «қара» бояу жағып үстірт қарамай, оның

сан түрлі болатынын, түрлішелікті, күрделілікті

ескеріп отыру керек.

Мәселен,  Құнанбайдың басқалардан  жер

тартып  алуы  тарихы  факті  ме,  әлде  эпопеяда

біраз 

өзгертіліп, 



көркем 

шындыққа


айналдырылды  ма,  ол  –  бір  мәселе.  Ал,

Құнанбай  тәрізді  ел  билеушілердің  жер  үшін

таласы, өктемдік, зорлық жасауы тарихта орын

алғанын ескерсек, бұл істің теріс екенін көрсету

міндеті  тұрғаны  анық.  Соның  бір  көрінісі

Құнанбайдың Бөкенші, Борсаққа қараған жерді

иемдену  үшін,  Шыңғыс  тауы  аймағындағы

қыстауларға  ерте  көшуі.  Сөз  жоқ,  бұл  тұста

М.Әуезов алдымен адамдар арасындағы күреске

қатыссыз  т абиғаттың  бейтарап  қалпын

суреттеуге ден қояды. Әйтсе де бұл тартыстың

тез  бітпесін,  кейінгі  ұрпаққа  да  ызғарын

қалдыруы  мүмкіндігін  аңдату  сол  сәттегі

көріністерде жоқ емес:

«Қоңыр күздің бүгінгі күні желсіз, тынық.

Аспан  да  ашық.  Соңғы  аттылар  Құнанбай

қасына жеткенде, балқыған темірдей боп ұшқын

атып  жарқыраған  үлкен  күн  алыстағы  Арқат

тауының иректелген жотасына міне бастады.

Көштің  алдына  көлденең  түсіп,  қатпар-

қатпар  болып  Шыңғыс  жатыр.  Ұзаққа,  ұшан-

теңізге  созылып  жатқан  қалың  таудың  биік

жоталарын  күн  сәулесі  бір  сәтте  алтынға

малғандай  қып  рең  берді.  Таулар  түндіктерін

жаңа сыпырды. Аспанда қараторғайлар самғап

шырылдайды. Көш жолынан қашып ұшқан болу

керек, қаулап кетті. Көш үстіндегі аспанды мың

бұралған үнмен кернеді.

Биікте,  көз  ұшында,  шалқар  көш  болып

қиқулап, «қош, қош» айтқандай  боп қалықтап,

бір топ тырна кетті».

Міне, бұл суреттегі күздің желсіз, тынық,

аспанның  ашық  болуы-бәрі  т абиғаттағы

бейтарап, тыныш қалыпты танытады. Әйтсе де

«балқыған  темірдей  боп  ұшқын  атып

жарқыраған үлкен күн» көрініс арқылы жаздаға

емес, күздегі күннің ыстықтығына /«балқыған

темірдей»/  және  жарықтығына  /«ұшқын  атып

жарқыраған»/  көңіл  бөлгізу  нәтижесінде

бірдеңеге алаңдағандық себездеуі қоса өрілген.

Бұл  мазасыздануды,  бейбіт  шақтың  өткінші

екенін  мегзеуді  жалғастырғандай,  Шыңғыс

тауларының  «көштің  алдына  көлденең  түсіп,

қатпар-қатпар  болып»    жатуы:  «Сенің  алдың

мидай  жазық  емес  қой,  бөгелмейсің  бе?!»  -

дегенді  аңғартқандай.  Ол  аз  болса,  «Ұзаққа,

ұшан-теңіз созылып жатқан қалың таудың биік

жоталарын  күн  сәулесі  бір  сәтте  алтынға

малғандай  қып  рең  беруі»  тегін  бе?  Назар

аударайық, таудың көлемділігі сондай: «ұзаққа,

ұшан-теңізге  созылып  жатыр».  Күннің  тауды

ерекше  қамқорлыққа  алғаны  соншалық:

«алтынға  малғандай»  рең берді.  Осының  бәрі,

бейтарап көрініс аясындағы ерекше көлемділік,

биіктік,  әсемдік  үйлесулерінің  бәрі,  иықтаса

келе  табиғат  бейтараптығына  қо са  мегзеу

түрінде  алаңдауды  да  ишараттап  тұр.  Ал,

«самғап»  сөзі  арқылы  қараторғайлардың  биік

ұшқаны  кестеленуі,  сонымен  бірге  олардың

шырылдап  үн  беруі;  «қаулап  кетті»,  «аспанды

мың  бұралған  үнмен  кернеді»,  «шалқар  көш

боп» тіркестері көмегімен құстардың қаншалық

көп  екендігі  көрінуі  –  бәрі  бастапқы  бейтарап

қалыпқа  ілескен  мазасыздануды  байқатудан

кейін берілгендіктен де, ерекше әсерлі. Мұның

бәрі  –  өмір  салтанаты,  демек  адамдар

қақтығысына,  өткінші  пендешілік  күйбеңіне

табиғаттағы бейбіт әсем тірліктің қарама-қарсы

қойылу үлігісі.

2014 №1 (22)

ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ


43

Ғ.Мүсірепов шығармашылығы туралы аз

жазылған  жоқ.  Қазіргі  қазақ  романдарының

әлемдік  деңгейін,  биік  өресін  анықтарлық

шығармалар  ретінде  Ж.Аймауытовтың

«Ақбілек»,  М.Әуезо втің  «Абай  жолы»,

Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке», Ә.Нүрпейісовтің

«Қан  мен  тер»,  Т.Ахтановтың  «Боран»

романдарын  алдымен  атар  едік.  Қазіргі  қазақ

әңгімелеріне  де  бүгінгі  өскелең  талап

мұнарасынан қарағанда, алдымен атарлық кемел

суреткер  ішінде  Ғ.Мүсірепов  орны  ерекше.

Қазақ  әңгімелері  дамуын  межелегенде,

Б.Майлин,  М.Әуезовтен  кейін  Ғ.Мүсірепов

аталуы  тегін  емес.  Қазақ  драматургиясы

дкңгейін сараптағанда, жержүзілік мәдениеттің

алтын  қорына  ұялмай  ұсына  аларлық

классикалық  пьесалар  жазған  Ж.Аймауытов,

М.Әуезо в, 

Ғ.Мүсірепов, 

Т.Ахтано в,

Қ.Мұхамеджанов  тәрізді  тұлғаларды  алдымен

атар  едік.  Ғ.Мүсіреповтің  қазақ  әдебиеттану

ғылымына  қатысты,  оның  ішінде  әсересе,

көркем  әдебиет  тілін  саралауға  арналған

еңбектері,  отаршылдық-әміршілдік  жүйе

қыспағынан  ығыспай  жүргізген  ұйымдастыру

жұмыстары,  азаматтығы  өз  алдына  бір  төбе.

Сөйтіп  бір  салада  ғана  емес,  көп  арнада,  көп

жанрда  топбасы  болған  бірегей  суреткер

Ғ.Мүсірепо в  шығармашылығына  кейінгі

өскелең талап көзімен үңіліп, алдымен не айту

мәселесі тұрғанда, біз жазушының суреткерлік

шеберлігін арнайы  зерттеудің тосып  тұрғанын

зерделейміз.

Кейіпкердің  өткен  өмірін,  көп  қиындық

кешкенін  қазбалмай-ақ  оның  бәрін  бір  ғана

детальға  сыйғызу  –  тек  қазақ  қаламгері  ғана

емес,  әлемдік  үздік  деген  суреткерлерге  иық

теңестірерліктей  бағалы  жетістік  деуге  негіз

толық.  Жазушының  «Сөз  жоқ,  соның  іздері»

әңгімесінде Нәзікеннің бұрынғы бақытты шағы

ізерленбей-ақ, мына бір шағын көрініске сыйып

кеткен:  «Мен  Нәзікенді  судан  шығып  келе

жатқанында бір көргенім бар еді. Жантас екеуі

Балқаштың құмқайраң жағасында, шомылатын

киімде ғана бірге кездескен. Белі үзіліп тұрған,

мықынды да дөңгелек санды жас қыз ығыспай

келіп  амандасқан.  Белтірлігі  қиылып  тұрған,

өкшелі де үсітті аяқтың қып-қызық саусақтары

жымдасып  тұрғандай  еді».  Енді  осы  көріністі

әңгімені баяндаушы  Жангөбек пен Нәзікеннің

кейінгі  кездесуіндегі  өзгеріс  белгілерімен

салыстырайық: «Апыр-ау, Нәзікенбісің? Қайдан,

қалай кездестік,-деп апалақтай амандасып, мен

қолымды бұрын создым. Саусақтары жұмыр да

балғын  болушы  еді,  енді  едәуір  ысқаяқтана

бастаған екен. Қолы сүйікті де суық тиді». Міне,

мұндағы  «үзіліп  тұрған»  бел,  «мықынды  да

дөңгелек»  сан,  «қиылып  тұрған»  белтірлік,

«жұмыр  да  балғын»  саусақтар,  т.с.с.  келісті

суреттің    бәрі–  Нәзікеннің  бір  кезде  көрікті,

сымбатты  болғанын,  яғни  бақытты  шағын  аз

суретпен  әсерлі  жеткізу  үлгілері.  Сол  ұтымды

көрініске  қарама-қарсы  қойылған  бір  ғана

«ысқаяқтана» бастауының жеке өзі-ақ кейіпкер

өмірінде  алапат  қиындық  болғанын  шебер

аңдата алған.

Суректер шеберлігінің бір қыры ұнамды,

ұнамсыз  кейіпкер  мүсіндеуде  ұстанған  әдіс-

амалдарында  жатыр  дегіміз  келеді.  Мәселен,

зобалаң заманда көп жазықсыз адамның «халық

жауы» атанып, айдалып, атылып кетуіне кінәлі

адамның  бірі  Айдарбек  екендігі  кейін  барып

ашылуы  заңды.  Демек  бір  кезде  Айдарбектің

соншалық  азғандығын  білмеу,  оған  сену  де

заман шындығы айнасы. Авторы оны берер ғана

сөйлемге  сыйғызған:  «Жантас  өте  бір  үйірсек

жан еді. Дос-жарандары көп жиналған екенбіз.

Қолы  босамай,  жалғыз  Айдарбек  қана  келе

алмаған». Зерделі оқырман ізінше Айдарбектің

қолы  бо самағандықтан  емес,  өзі  де  о сы

зобалаңға  қатысты  болғандықтан,  әдейі

келмегенін оңай аңғара алады. Ал әңгімені баян

етуші Жангөбектің, яғни ұсталушы Жандос пен

Айдарбекке  бірдей  жолдас  адамның  сол  кезде

Айдарбекке сенуі, «қолы босамай» деген сөзді

қолдануы  –  жазушы  шеберлігі  айғағы.  Себебі

сол  арқылы  қаламгер  сенгіш,  адал  Жангөбек

бейнесін аша түсумен бірге жағымсыз адамның

уақытша  жақсы  боп  көріну  мүмкіндігіне

то сқауыл  жасамай,  адамдар  с енгіштігін,

Айдарбектің сол сенімді ақтамағанын шынайы

көрсете білген.

Шығарма көлемін ықшамдау дегенде, оны

әйтеуір  қысқарту  емес,  басы  артық,  қосалқы

эпизодтарды  ежіктемеу  мәселесі  тұратыны

анық.  Мәселен,  жоғарыда  аталған  туындыда:

«Екі  жылдан  кейін  Нәзікеннің  Айдарбекке



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет