Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар


темасы  –  халыкның  үз  бәхете  өчен көрәшкә чыгуы, идеясе



Pdf көрінісі
бет14/14
Дата03.03.2017
өлшемі1,98 Mb.
#6208
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
темасы  –  халыкның  үз  бәхете  өчен

көрәшкә чыгуы, идеясе – азатлык һәм ирек өчен

көрәшергә  өндәү,  шул  ук  вакытта  кешелек

сыйфатларын  югалтмаска  чакыру  икәнлегенә

төшенәбез.

«Ямәлкә  тавы»  –  тарихи  каршылыкка

корылган  уңышлы  ядкярләрнең  берсе.  Төп

үзәкне  әлеге  конфликт тәшкил  итсә  дә,  башка

ярдәмче каршылыкларны  да күрәбез.  Хикәядә

тарихи  тема  белән  беррәттән  милли  (завод

хуҗалары  рус  һәм  татарларны  кара-каршы

махсус сугыштырып күңел ача), мәңгелек(яшәү

–  үлем,  сугыш  –  тынычлык),  әхлак  (намус  –

хыянәт)  кебек  ярдәмче  каршылыклар  да  бар,

автор аларның барсын бергә бәйләп бара, шул

рәвешле әсәрне тагын да тулы, тормышчан итә.

Катлаулы  тарих  битләренә  кагылып,

сайлаган  юлында  югалып  калмыйча,  куйган

максатына  ирешә  алган,  каршылыклы

вакыйгаларны  тәртип  белән  сурәтләгән  һәм

геройлар  язмышы  аша  сәнгатьчә  югарылыкка



92

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

Resume

Резюме

Данная работа посвящается творчеству А.Тагирова, произведению А.Тагирова “Ямәлкә тавы”

(“Емельянов курган”).  Афзал Тагиров (1890-1937) является талантливым автором начала XX веков.

Его имя было в списке "забытых" из-за политических причин много лет. Произведения А. Тагирова

интересны и содержательны, художественно богаты. Писатель-драматург внес большой вклад в

развитие и обновление татарской литературы и его творчество нуждается в детальном изучении.

Принимая  во  внимание  данный  аспект,  мы  исследовали  одного  из  сильнейших  произведений

писателя – “Ямәлкә тавы” (“Емельянов курган”). В статье рассмотрены сюжет и структура, конфликт

и характеры

The  main  emphasis  of  this  paper  will  be  on A.Tagirov's    work    "Yemelyanov's  barrow". Afzal

Tagirov (1890-1937) is the talented writer of  the beginning of the XX century. His name was  on the list

of "forgotten" because of the political reasons many years. A.Tagirov's works are interesting informative

and  artistically  rich.  Being    a  playwright A.Tagirov  made  a  big  contribution  to  the  development    and

renovation  of  the  Tatar  literature  and  his  works  are  in  need  of  diligent  studying.  Taking  this  into

consideration, we scrutinized poetic manner of one of the powerful works of the writer – the "Yemelyanov's

barrow". The structure, contents, conflict, characters of the tragedy were studied in this article.

күтәргән А.Таһиров һичшиксез хөрмәткә лаек.

Әдәбият

1  Таһиров  А.  Сайланма  әсәрләр.  Казан:

Рухият, 2008. 471б

2  Әдәбият  теориясенә  кереш.  Казан:

Татарстан китап нәшрияте, 1987. 303б

3  Әхмәтҗанов  М.  Әдип  һәм  драматург

Афзал Таһиров // Мирас. 2001

4 Бәдретдинов Р. Каһәрле еллар корбаны.

Казан: «Ихлас» нәшрияты, 2010. 175б


93

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

Қ. ҚАРАБАЙ, оқытушы

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЕСІМ СӨЗДЕРДІҢ

МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

Бұл мақалада Жүсіп Баласағұн поэзиясындағы есім сөздердің мағыналық ерекшелігі ғылыми

тұрғыдан  талданып,  өлең-жыр,  асыл  сөз  үлгілері    -  лингвистика  саласындағы  орнымен

тұжырымдалды. Шығарма тілі Жүсіп Балсағұнның «Құтты білік» еңбегінің тіл шеберлігі мен

сөздердің терең мағынасымен кеңінен талданды.

Қазақ  халқының  ана  тілі  сонау  көне

заманнан  бері  жасап  келе  жатқан  халықтық

туындылардың  ұлы  тілімен  бізге  жеткен.  Сан

салалы  өлең-жыр,  асыл  сөз  үлгілері  –

лингвистика  саласындағы  халық  мұрасының

куәсі.  Дәуірлік  мәні  бар  поэзия  туындылары,

әдеби шығармалалар тілі – халқымыздың рухани

байлығы.

Әрбір  ұлт  мәдениетінің  өзіндік  өсу,

қалыптасу жолы және өзіндік сипапты болады.

Қай елдің тілі болмасын, ол өз халқына ғана тән

қасиеттерді,  оның  басынан  кешкен  тарихын,

әдет, салт, тұрмыс ерекшеліктерін бейнелейді.

«Түркі  тілдес  халықтар  әдебиетінде

дидактикалық  сарында  жазылған  көркем

сөздердің ғажайып үлгісі – Жүсіп Баласағұнның

«Құтты білігі» ...», - дейді Немат Келімбетов.

Дидактикалық сарында жазылып, ғибрат-

уағыздарды бейнелі көркем тілмен жырлайтын

бұл  дастанда  қарапайым  халықтан  бастап,

Бограханға дейінгі түрлі дәрежедегі әлеуметтік

топтардың, түрлі кәсіп иелерінің  мінез-құлық

но рмалары  қандай  болу  керек,  олардың

әрқайсысының  қоғамнан  алатын  орны  қандай

болуы тиіс екені тілдің құдіретімен жеткізілген.

«Құтты  білік»  дастаны  ақынның  көзі

тірісінде-ақ  кеңінен  тарап,  түркі  тілінде

жазылған  ең  жақсы  кітап  болып  саналды.

«Құтты  білік» дастанының  басты идеясы  төрт

принципке негізделген.

Біріншісі, мемлекетті  дұрыс басқару үшін

қара қылды қақ  жаратындай әділ заңның болуы.

Автор  әділдіктің  бейнесі  ретінде  Күнтуды

патшаның тілінің  көркемділігімен көрсетеді.

Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын

деген  тілек.  Бақ-дәулет  мәселесі  дастанда

патшаның  уәзірі  Айтолдының  сөзінің

құдіреттілігімен жырға қосылған.

Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың

қоғамдық  рөлі  –  уәзірдің  баласы  Өгдүлміштің

көркем сөз кестелерімен жырланады.

Төртіншісі, қанағат-ынасап мәселесі. Бұл

мәс еле  даст анда  уәзірдің  туысы,  дәруіш

Одғұрмыш тіл ерекшелігімен әңгіме болады.

Ақын  ел  басқарған  патшадан  бастап

аспазға 

дейіні 


барлық 

хан 


сарайы

қызметкерлерінің  түр-сипаты,  мінез-құлқы,

ақыл-парасаты  мен  өнер,  білімге  жетік,  қолы

ашық, пейілі кең, кек сақтамайтын болуы шарт

екенін тілдің ерең мағыналарымен кестелеуімен

бағалы.


Ж.Баласағұн  ел  басқарған  патша  жаман

қылықтардан сақтандырады.

Егер бегі қиянатшыл, сұм болса,

Халқы сорлап, күн көре алмас құл да онша



Тірек сөздер: Ж.Баласағұн, есім сөздер, поэзия, лингвистика.

ӘОЖ  811.512.122



94

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

Зұлым күшпен бек ұзаққа бармайды,

Күш-зорлыққа халық шыдап қалмайды.

Қара ішсе – малы желге ұшады...

Жыр  жолындағы  бек  сөзі  қанымызда

ойнаған ұлы түркілік қасиетті сөздің басшы, ел



басы  деген  құдіретті  сөздердің  қырынан

көрінеді. Алайда ел басқарған бек қанша зерек,

қанша  іскер  болса  да,  барлық  істі  бір  өзі

ойдағыдай  орындай  алмайтынына  халық  өз

даналық сөзімен  баға беріп, әділ  жол көрсетіп

отырады.  Ендеше  түркі  тілде с  халықт ар

әдебиетінде  дидактикалық  сарында  жазылған

көркем  сөздердің  ғажайып  үлгісі  Жүсіп

Баласағұнның  «Құтты  білік»  дастанындағы

халық ұранына айналған басшы, ел басы деген

құдіретті  сөздердің  түркі  тілдес  халықтар

әдебиетінде  бек  сөзінде  қолданылуы  қазіргі

түркі тектес халықтардың ежелден келе жатқан

сөздерінің  шығу  төркінінің  бір  болғандығын

көрсетеді.  Жүсіп  Баласағұн  «Құтты  білік»

дастанында уәзір мен әскербасы қандай болуы

керектігіні  сөздің  құдіреттілігімен  айтады.

Бұлардың  бірі  елді  қалам-қағазбен  басқарса,

екіншісі қылышпен жөнсіздерді жөнге салады.

Ендеше,  Күнтуды  патша  мен  патшаның  уәзірі

Айтолды  тұлғаларға  арналған  жырлар  ақыл-

парасаттылық  пен  қанағат-ынсап  мәселесінде

айтылған  исі  түркі  ұрпақтарына  арналған

рухани қазына деп бағалауымызды қажет етеді.

Жүсіп  Баласағұнның  ақындық  тұлғасын,

айшықтайтын  негізгі  арна  –  түркі  тектес

халықтарға тән сана болмысы.

Халық  ішіндегі  қасиетті  сөздердің

құдіреттілігін танытқан Жүсіп Баласағұн түркі

тектес халық қадір тұтқан Күнтуды патша мен

патшаның уәзірі Айтолды тұлғасын танытатын

жыр  жолдары  түркі  текте с  елдің  тілдік

қолданысындағы 

сөздердің 

бүгінгі

қолданысымыздағы  сөздердің  сино ним



екендігін таныта алады.

Бірі – уәзір, екіншісі – әскербасы,

Бір і- қылыш, ал екіншісі – қалам ұстаған.

Тағы  ақын  елші болатын  адамға  жоғары

талап қояды.

Жүсіп  Баласағұн  әдептіліктің  сан  түрін

жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бастысы –

тіл әдептілігі деген қорытынды жасайды. Автор

оқушысын абайлап, ойланып сөйлеуге, тілге сақ

болуға  шақырады.  Қысқаша  әрі  мазмұнды

сөйлей білу – әдептіліктің белгісі дейді.

Ақын  кісіні  адамгершілік  арнасынан

шығып,  жұртқа  әдепсіз,  дөрекі,  надан  етіп

көрсететін  кейбір  мінез-құлықтарға  көркем

сөзбен сипаттама береді.

Мұндай жағымсыз мінездер – мал-мүлікке

тоймайтын  ашкөздік,  сараңдық,  мейрімісіздік,

ашушаңдық  т.б.  деп  көрсетеді.  Әке-шешеден

тәрбие көрген әдепті жандар қашанда нәпсісін

тия  білетін,  жомарт,  бауырмал,  сабырлы,

инабатты болып келетіндігін айтады.

Сөйтіп,  Жүсіп  Хас  Хажиб  Баласағұн

ағартушылық, 

моральдық, 

этикалық

принциптерді  жырлап,  оларды  әлеуметтік

мәселе  ретінде  көтере  білген  көрнекті  қоғам

қайраткері болды.

Жүсіп  Баласағұнның  «Құтты  білігі»

филология ғылымдарының докторы, профессор

Алма Қыраубайқызының «Ежелгі әдебиетінде»

сөз болады. Алма Қыраубайқызы «Құтты білік»

дастанын:  «Адам.  Оның  кемелдену  жолдары.

«Кемел мемлекет» арманы» деп қарастырады.

Жүсіп  Баласағұнның  айтуынша,  адам

баласының  қадір-қасиеті  білім  мен  ақылында.

Бұл – адамның жетіліп, кемелденуінің алғашқы

жолы.


Ғылым іздеу – мұсылманның бір парызы.

Ақыл қайда болса, ұлылық толады,

Білім кімде болса, сол білікті болады.

Тілдің  пайдасы  мен  зияны  бірдей  екенін

білу:

Көп сөйлеме, аз айт  бірер түйінін,



Бірер сөзбен шеш түмен сөздің түйірін.

Ізгілік ет, әділеттілік жолын қу, шыншыл

бол:  Әділ  болсаң  қараға  –  ақ,  аққа  –  жақ,

Ұрпақтарын жақсы атыңды сақтамақ. Нәпсіңді

тый, сабырлы бол, шарап ішпе: Ішімдікпен мал-

дәулетің  шашылар,  Зинақордың  ар-ұяты

ашылар.

Сараңдық  пен  ашкөздіктен  аулақ  бол:



Қиды терген сасық қоңыз сияқты, сараңдықтан

95

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2014 №1 (22)

асқан не бар ұятты. «Құтты біліктің» ең негізгі

көтерген 

мәселе сі 

– 

адамгершілік.



Адамгершіліктің  сан саласы  бар.   Оның бірі  –

тілді тыйып ұстап, орынды жұмсай білу. Тіл екі

жүзді қанжар секілді.

Тілден басқа қонады, тілден бас кетеді,

Тіл арыстан баққан ашулы.

Сақ болмасаң жұтар, ерім, басыңды!

Адамгершіліктің  тағы  бір  көрінісі  –

білімде.  Өйткені,  білімді  адам  –  ақылды  адам.

Ақыл  түнектегі  шаммен  тең.  Туындыгер

сонымен  бірге  адамгершілікке  қарама-қарсы

қылықтардан сақтандырады. Олар: жалған сөз,

екі  сөйлеу,  шарапқұмарлық,  жүгенсіздік,

зымияндылық, сараңдық, ащы тіл. Міне, бұлар

– кісіге құт әкелмейтін ең нашар қылықтар.

Жүсіп Баласағұн отбасы, бала тәрбиесіне

көп көңіл бөліп, оның ішінде қыз баланың сырт

көзден таса күтімін қадай айтқан. Бұл дәстүрді

қазақи  тәрбиеде:  «Қыз  бала  өзін-өзі  үкідей

қызғануы керек. Үкі түскен түгін де қызғанып

көміп  т астайды»,-деген  ұғым-түсінікпен

үндеседі.

Жүсіп Баласағұн әйел баласын төрт түрге

бөледі. Олар: сұлу әйел, атақты әйел, бай әйел,

адал  жар.  Сұлуды  алған  ер-күйеу  еме с,

күзетшіге  алмақ  –  «Сұлу  алған  жолдасынан

айрылады»  деген  мақалмен  сәйкес  келеді.

Атақты әйелді алған атағына телінеді. Бай әйел

күйеуін  де  меншігім  деп  қарайды.  Ал,  адал,

ақылды  жарды алған  ер  қолына байлықты  да,

бақытты да қондырады.

Тілдің  тұрақты  тұғырын  таныта  алған

түркі 

тілде с 


халықт ар 

әдебиетінде

дидактикалық  сарында  жазылған  көркем

сөздердің  ғажайып  үлгісі  Жүсіп  Баласағұн

по эзиясындағы  есім  сөздердің  мағыналық

ерекшелігі,  ақын  өмір  сүрген  кезеңдегі  түркі

тектес халықтың өмір-тіршілігінде қолданыста

болған сөздердің, бүгінгі ғылымдағы сөздермен

синонимдік  қатар  құрайтын  және  лексикалық

тіркестердің  қолданылу  ерекшеліктерімен  аса

бағаланатын еңбек екенін ескеруіміз қажет.

Әдебиет

1  Келімбетов  Н.Ежелгі  түркі  поэзиясы

және қазақ  әдбиетіндегі дәстүр  жалғастығы. –

Алматы. 1999.

2 Келімбетов Н. Шығыстың классикалық

поэзиясы және қазақ әдебиеті. – Алматы. - 1999

3  Қоңыратбаев  Ә.,  Қоңыратбаев  Т.  Көне

мәдениет жазбалары. – Алматы, 1991.

4  Дербісәлиев  Ә.  Қазақ  даласының

жұлдыздары. - Алматы. 1995.

5 Қазақ даласының ойшылдары. – Алматы,

1995.


6  Егеубаев  А.Кісілік  кітабы.  –  Алматы,

1998.


7 Жүсіп Баласағұн. Құтты білік. – Алматы.

- 1986


8 Кенжебаев Б. Түрік қағанатынан бүгінге

дейін. – Алматы, 2004.

9 Айдаров Ғ. Көне түркі ескерткіштерінің

тілі. – Алматы, 1986.



Resume

Резюме

Автор рассматривает семантические особенности в поэзии Ж.Баласагуна.

The author considers the semantic features in poetry Zh.Balasagun's.

96

2014 №1 (22)

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ

Ш. Дүйсембекова педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

ӘОЖ 373.6



ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ

КӨЗҚАРАСЫНДА ЖЕКЕ АДАМНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ

Мақалада автор Шәкәрімнің ағартушылық-педагогикалық көзқарасын қарастыра отырып,

оның  өлеңдері  мен  поэмаларын,  ғылыми  еңбектері  мен  аудармаларындағы  тәлім-тәрбие

мәселелеріне талдау жасаған.

Шәкәрім  Құдайбердіұлы  халықымыздың

қоғамдық  ағартушылық,  мәдени  және  әдеби

өміріне  белсене  атсалысқан,  ағартушылық-

демократиялық,  гуманистік  идеяларды

насихаттаған,  Шоқан,  Абай,  Ыбырай  ұстаған

ағартушылық 

дәстүрді 

ілгері

жалғастырушылардың  бірі  болды.  Шәкәрім



жөнінде жарық көрген әдебиеттерді жан-жақты

талдай  отырып,  оның  педагогикалық

көзқарасын,  ағартушылық  қызметін,  ақынның

даралық ерекшеліктерін танытатын қасиеттерін

саралай  келе  ғылыми  жүйеге  келтіріп  зерттеу

және жеке адам, жеке тұлға туралы ой пікірлері

өте  көп  екенін  байқауға  болады.  Шәкәрімнің

ағартушылық-педагогикалық көзқарасы туралы

айтқанда,  оның  өлеңдері  мен  поэмаларын,

ғылыми еңбектері мен аудармаларындағы тәлім-

тәрбие  мәселелеріне  талдау  жасалады.  Адам

санасына  сіңіп,  бойына  тазалық  пен

инабаттылық 

дарытатын 

көркем

шығармалардың  тәрбиелік  мәні  зор.  Жас



ұрпақты адамгершілік биік мұраттарға, адалдық

пен ақылдылық, парасаттылық пен азаматтыққа

үндейтін  Шәкәрім  шығармаларында  ғибратты

сөздер көп.

Ынсап, рахым, ар, ұят табылмаса,

Өлген артық дүниені былғағаннан [1.44]

Әділет, ынсап, мейірім бар ма адамда, -

деп толғанып, өз заманының, қоғамын сынап,

адам  бойындағы  жағымсыз  мінез-құлықтарға

жиіркене қарайды, басқаларды да жиіркендіреді.

Ұлы ақынның бұл өлеңдері жақсылық, әділдік,

азаматтық  сезім,  ар-ұят  өзін-өзі  бағалау,

қамқорлық,  қарапайымдылық,  кішіпейілділік

сияқты 


адамгершілік 

қасиеттерді

қалыптастырады. Шәкәрім Құдайбердіұлы «таза

адам»,  «түзу  адам»,  «жеке  адам»  ұғымдарын

бәрінен биік қояды.

«Адам үшін еңбегім,

Өмірден барлық тергенім.

Қалағанын қарап ал,

Мұрам сол, жастар, бергенім» [2.39].

Шәкәрімнің ағартушылық-педагогикалық

көзқарасында  тәрбие  –  жеке  тұлғаның

қалыптасуының  ең  басты  факторы  ретінде

қарастырылған.

Тәрбие  –  жеке  тұлғаны  мақсатты

қалыптастыру 

үрдісі, 


бұл 

үрдіс


тұқымқуалаушылық 

бейімділік 

пен

микроортаның  өзгерістері  жөнге  келтіріледі.



“Баланың дамуының ең жақын аймағы” туралы

сөз  ете  отырып,  психолог  Л.С  Выготский

оқушының тапсырманы өз  бетінше орындауға

әзірлігінің  дәрежесін  айтқан  болатын.

Осылайша ол бұл әзірлікті екі деңгейге бөлген

болатын:  оқушы  тапсырманы  мұғалімнің



Тірек сөздер: педагогика, Шәкәрім, тәрбие, жеке тұлға.

97

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ

2014 №1 (22)

көмегінсіз  орындайды,  әрі  қарай  оған

мұғалімнің  көмегін  қажет  ететін  қиынырақ

тапсырма  беру  керек,  яғни  жаңа  танымдық

мәселе қойылады, бұл оқушының ақыл-ойының

дамуына дем береді.

Қазіргі  ғылыми  көзқарас  бойынша

баланың  жеке  тұлғалығы  тәрбиенің  обьектісі

ретінде де, субьекісі ретінде де қарастырылады.

Оның  обьект  болу  себебі  оның  қалыптасуы

сыртқы ықпал-әсерлерге, әсіресе, тәрбие секілді

мақсатты әсерлерге тәуелді. Субьект болу себебі

жеке тұлғаның белсенділігінсіз, сыртқы ықпал-

әсерлерге  деген  белсенді  ықпалынсыз  даму

ілгері жүрмейді; тағы бір себебі: адамның дамуы

өзін-өзі  дамыту  үрдісінде  ғана  жүзеге  асады,

сондай-ақ  жеке  тұлғаның  дамуында  өзін-өзі

тәрбиелеудің де алар орны ерекше (сол субьект

қалағанындай  жеке  тұлғаға  тән  белгілі  бір

қасиеттерін  қалыптастыру  мақсатында  өз

бетінше жұмыс болып табылады).

Шәкәрім  Құдайбердиевтің  азаматтық

рухты  жоғары  көтеретін,  эстетикалық  сезімге

баулитын  өлеңдерінің  бірі  –  «Насихат».  Бұл

өлеңнің идеясы тұнып тұрған өсиет, ақыл мен

нақыл.  Ақын  жастарға  өнер,  ғылымға  жету

жолардарын көрсетіп, оқуға шақырды.

Сен ғылымға болсаң ынтық, бұл сөзімді әбден ұқ,

Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенді біле бер.

Білген ердің бол шәкірті, білмегенді қыл шәкірт,

Үйренуге қылма намыс, үйретуге болма кер, [3.40]

деген  жолдарында  ғылым  мен  білім,  адамдық

пен  азаматтыққа  жеткізетін  бірден-бір  құрал

екенін  айтып,  шәкірттік  пен  ұстаздық  арасын

айшықтап  көрсетеді.  Шәкәрімнің  оқу-білімге,

өнерге,  еңбекке,  биік  гуманизм,  адамгершілік

идеясына көзқарасы үнемі Абаймен үндес келіп

отырады.  Шәкәрім  Шығыстың  ғұлама

ойшылдарына  үндесе  отырып:  «Бірдей  адам

қайда  бар  іші-тысы  таза»,  -  деп  кең  дүниені

шарлап жақсы адамды іздейді. Ең соңында жаны

таза  адамды  ақыл  мен  адалдықтың  маңынан

табады.

Адаспайсың ақылды, арлыға ерсең



Жолай көрме жылмайы сопы көрсең,

Тапқыр адал, ақ ниет адамдардың

Алданбайсың артынан ере берсең [3.234].

Шәкәрім  үшін  ақыл  –  жеке  тұлғаның

қасиеттерінің  ішіндегі  ең  маңыздысы  болып

табылады.

Шәкәрім  еңбек  тәрбиесіне  ерекше  мән

бере  келіп,  өз  шығармаларында  еңбекті  адам

бойындағы  қасиеттердің  ең  керектісі  деп

түсінеді. Еңбектің тек жеке адам өмірінде ғана

еме с,  бүкіл  адамзат  дамуындағы  тарихи

маңызына көз жеткізе білді. Жалпы, адам өмірін

осылайша  жас  ерекшеліктеріне  қарай  кезең-

кезеңге  бөліп  сипаттау  -  қазақ  поэзиясында

ертеден келе жатқан дәстүр. Жастық қызығын

дәріптеген ақын  адам өмірінің  осы екі  кезеңін

шендестірумен  шектелмейді,  бертін  келе

ұлғайған жастың өзіндік мәні бар екенін насихат

қылды.

Әрине, балаң білсе қадіріңді,



Орындап екі айтқызбай әміріңді.

Жасыңнан жаның сырлас жарың болса,

Қыл өткізбей білетін тамырыңды»[4.134], –

деп,  адамның  егде  тартқан  тұсында  баланың,

жардың  қызметіне  ерекше  мән  береді,  оның

тәлімдік-тәрбиелік  тұстарына  ерекше  көңіл

бөледі.

Шәкәрім  поэзиясының  биік  тұғыры  –



гуманизм,  туған  халқына  деген  махаббат,  жан

мен тән тазалығы екенін айтып, ұрпақ санасына

сіңіру  –  көкірегі  ояу,  сезімі  сергек,  зерделі

жастық парызы.

Қазіргі  заманғы  зерттеулер  дарындылық

тұқым  қуалайтын  қасиет  емес  дейді.  Н.И.

Дубининнің айтуы бойынша, дарындылық болу

үшін  “жөнді  универсалды  генетикалық

бағдарлама”  керек:  ал  о ның  аса  мол

потенциалын жүзеге асыру үшін, әсіресе жеке

тұлғаның дамуының өте ерте кезеңінде, қолайлы

жағдайлардың  болуы.  Бала  өмірінің  алғашқы

үш-бес  жылын  ғалымдар  “Ұлы  бастаулар

уақыты”  деп  атайды.  Адам  психикасының

сырттай  көріністерінің  қасиеттері  өмір

барысында  қалыптасады,  сондықтан  оларды

ата-ана, педагогтар және баланың өзі қадағалап,

реттей алады[6.63].

Шәкәрім көбіне-көп өзінің сөзін жастарға

арнаған.  Оларды  адамгершілік  қадір-қасиетті

жоғалтпауға,  көп  еңбектеніп,  ізденуге


98

шақырады.  Өзіңді-өзің  жоғары  қойып,

өзімшілдік  танытудан  түк  шықпайды.  Қайта

әрбір адамды бағалай біл, оның жақсы жақтарын

да,  жаман  жақтарын  да  аңғара  біл,  жаманын

таста, жақсысын ал, қоғамның өзі, халықтың өзі

сол жеке адамдардан тұрады («Адамның бәрі -

өз халқың»). Өзінің халқы үшін жауапты, адал

болу  әр  адамның  азаматтық  асқақ  борышы,

керек десеңіз жақсы өмір, жарқын мұрат үшін

өмірмен  де  қоштасуға  болады.  Шәкәрім

жырларын оқып отырғанда осындай ой түюге

болады.

Осындай жоғары адамгершілік борышты



өтеу  үшін,  -  дейді  Шәкәрім,  -  жас  адам  білім

алуға  тиіс,  өзінің  күш-қуатын  білімін

тереңдетуге, ғылыммен шұғылдануға жұмсауға

тиіс. Бұл ретте Абай идеал бола алады. Ол жол

көрсетіп  қана  қойған  жо қ,  өзінің  бүкіл

шығармашылық және адал өмірімен қазақтарға

әлемдік  өркениетке  апаратын,  надандық  пен

артта  қалушылыққа  қарсы  күресетін  жолды

көрсетіп  берді.  Шәкәрім,  алдына  түрлі

мақсаттар  (қысқа,  уақытша-таяу,  немесе  ұзақ

мақсат, түбегейлі мақсат) мен жарқын мұраттар

қояды.  «Адам  ақиқатты  бас  көзімен  көрмейді,

ақыл  көзімен  көреді»,  -  дейді  Шәкәрім.  Адам

мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас

мәселесіне  Шәкәрім  ерекше  назар  аударады.

Өйткені  адамның  жан-жақты  дамып,

материалдық және рухани жағынан өсуіне, керек

десеңіз оның мақсат-мұратына бірден-бір негіз

болатын факторлар ол – тәрбие, қоршаған орта.

Адам өзінің жаратылысы жағынан қайырымсыз

да ақылсыз, жасық та қызба, еріншектеу болып

келеді.  Ал,  жалпы  адамгершілік,  имандылық

мұраттардың  терең  орнығып,  адамдар  рухани

және жан әлемі жағынан байи түсуі үшін ерік-

жігер,  талант  пен  ақыл-ой,  тапқырлық  пен

батылдық өте қажет. Адамға мейірім, ар-ұждан

мен  сабырлылық,  байқампаздық  керек-ақ.

Дегенмен, осының бәрінен бұрын адамда ынсап

болмаса  бәрі  бекершілік.  Адам  өзінің  бүкіл

өмірінде  жарқын  болашақтағы  мұраттар  үшін

адамгершілік  бет-бейнесін  айқындайтын

сипаттарды  -  мейірімділікті,  ынсап  пен

әділеттілікті,  шыдам  мен  шыншылдықты,

қарекетті  бойына  жинақтаса  дұрыс  болмақ.

Міне,  солай  болғанда  ғана  қазақтардың

өміріндегі  әлеуметтік  және  адамгершілік

мұраттар жаңа бір сапалық деңгейге көтерілері

сөзсіз.  Өтірік  айтқан  адамның,  дұшпандық

жасаған адамның адымы қысқа, бұл екеуі өзара

байланысты. Ақылды адам өзінің ақылды екенін

ісімен де, сөзімен де көрсете біледі, керек болса,

қажет жерінде үндемей де қоя салады. Бірақ бұл

оның  төмендегені,  кішірейіп,  я  болмаса

жеңілгендігі  емес.  «Терең  ой,  түзу  тәжірибесі

бар адам ғажайыптан хабар береді. Әулие дегені

сол  болса  керек».  Бұл  -  Шәкәрімнің  айтқаны.

Шәкәрімнің педагогикалық-ағартушылық және

психологиялық көзқарастары туралы айтқанда,

ұлы  ғұламаның  ағартушылық-психологиялық

мұрасын  зерделеуде  белгілі  педагогика  және

психология ғылымдарының тарихын зерттеуші

көрнекті  ғалымдар  Қ.Б.Жарықбаев  пен

С.Қалиевтің  Шәкәрім  Құдайбердиев  туралы

зерттеу еңбектерін ерекше атауға болады [4.64].

Тұлға  дамуы 

туралы 


ізденістегі

психологтердің  айтуы  бойынша  әр  адамның

дамуы  өз  қолында,  оны  сырттан  әсер  етер

күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал

жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру

мақсатының  басқа  да  тұжырымы  бар.  Оқушы

тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік өсуінің,

өзіндік  қалыптасуының,  өзіндік  жетілуінің

амалы  ретінде  қарастырылады.  Сондықтан,

мектептің  мақсаты баланың табиғи күштері мен

мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы

жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы

тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін

ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын

анықтап, жүзеге асыру қажет [5.53].

Сонымен, Шәкәрімнің мұраларында адам

баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің

қо ғамдық  мәнін  сипатт айтын  көптеген

әлеуметтік 

сапалар 


мен 

қасиеттерді

қалыптастырады, әрі дамытады. Міне, осыдан

ол - ғылымда биоәлеуметтік тұлға, субъект, яғни

тарихи-қоғамдық  қызмет  пен  таным  иесі  деп

танылады.  Демек,  “адам”  түсінігі  о сыдан

биологиялық және әлеуметтік (қоғамдық), сапа

мен  қасиеттердің  бірлігін  білдіреді.



Әдебиет

1  Әбдіғазиұлы  Б.  Шәкәрім:  Дәстүр  және



ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ

2014 №1 (22)

99

көркемдік. - Семей, 2007.-225 бет

2  Шәкәрім  Шығармалары.  –  Алматы:

Жазушы,1988.-560 бет

3  Бес  ғасыр  жырлайды:  15-20  ғасырдың

бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жыраушылардың

шығармалары..Құраст.,: Байділдаев М.,Мағауин

М.., - Алматы: Жазушы,1989. Т.2-1989.-496 бет

4  Жарықбаев  Қ.,  Қалиев  С.  Қазақ  тәлім-

тәрбиесі. – Алматы, 1995

5  Жұмабаев  М.  Педагогика.  –  Алматы,

1992 жыл


6  Дүйсембекова Ш.. Педагогика. – Семей,

2012, -356 бет.



ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ

2014 №1 (22)

Resume

Резюме

Автор в статье рассматривает педагогические и воспитательные взгляды Шакарима.

Author of the article examines the pedagogical and educational views Shakarim's.

100

«ШӘКӘРІМ» ЖУРНАЛЫ

____________________________________________________

Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы. Семей қаласының Шәкәрім

атындағы мемлекеттік университеті, «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығы. Глинка көшесі,

№20 "А". Бас ғимарат, 209 бөлме. Байланыс телефоны:

8 (7222) 35 48 52;

Е-mail:  shakarimtanu.semey@mail.ru

Компьютерде беттеген: Болесова А.Е.

Корректоры: Жарылғасынұлы М.

Беттеуге тапсырылған күні - 13.03.2014 ж. Басуға қол қойылған күні - 20.03.2014 ж.

Форматы - 60х84 1/8. Таралымы 500 дана. Бағасы келісімді.

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің

баспаханасында басылды




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет