1
ISSN 2308-0590
Индекс 74661
РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС
Мағауин Мұхтар
Қазақстанның халық жазушысы, әдебиетші ғалым
Ғарифолла Есім
академик
Жанболатов Сұлтан
профессор (Қытай)
Мырзахметұлы Мекемтас
филология ғылымдарының докторы, профессор
Қалижан Уәлихан
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының директоры, филология ғылымдарының
докторы, профессор
Әбдіғазиұлы Балтабай
Түркі академиясының ғалым хатшысы
филология ғылымдарының докторы, профессор
Жұртбай Тұрсын
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
"Отырар кітапханасы" ғылыми орталығының директоры,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Хакім Мерием
PhD, профессор (Түркия)
Жақып Бауыржан
"Қазақ энциклопедиясының" бас директоры,
филология ғылымдарының докторы, профессор
Ескендіров Мейір
тарих ғылымдарының докторы, профессор
Еспенбетов Арап
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеті
филология ғылымдарының докторы, профессор
Рамазан Айгүл
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеті журналистика және практикалық қазақ тілі
кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының
докторы
Әубәкір Жандос
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-
мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайының
директоры, филология ғылымдарының кандидаты,
доцент
ШӘКӘРІМ
ғылыми-танымдық журнал
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрлігінде 2013 жылдың 7
наурызында қайта тіркеліп, №
13425-Ж куәлігі берілген.
2005 жылдан шыға бастады.
БАС РЕДАКТОР
Әмірбеков Шәріпбек
Ағабайұлы
Семей қаласының Шәкәрім
атындағы мемлекеттік
университетінің ректоры, саяси
ғылымдарының докторы
БАС РЕДАКТОРДЫҢ
ОРЫНБАСАРЫ
Смағұлова Ақмарал
Төлеуғазықызы
«Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу
орталығының директоры,
филология ғылымдарының
кандидаты
ЖАУАПТЫ ХАТШЫ
Қадыров Айбар Қабыкенұлы
филология ғылымдарының
кандидаты, доцент
© Семей қаласының Шәкәрім
атындағы мемлекеттік
университеті, 2014
© «Шәкәрімтану» ғылыми-
зерттеу орталығы, 2014
2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ШӘКӘРІМТАНУ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
Шәкәрім. Ғылыми-танымдық журнал.
МАЗМҰНЫ
ШӘКӘРІМТАНУ
ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ
Еспенбетов Арап. Шәкәрім поэзиясының текстологиясы хақында..........................................................................3
Бибеков Қаныш. Шәкәрімнің "Өмір үйін тұрғызам деп" өлеңіндегі сопылық дәстүрдің тілдік көрінісі.............9
Төлебаева Құралай. Шәкәрім Құдайбердіұлы шежіресінің әдеби-тарихи мәні....................................................13
Жұмағұлва Әлия. Лингвистикалық кеңістіктегі «достық», «жолдастық» сөздерінің Шәкәрім Құдайбердіұлы
өлеңдеріндегі қолданысы турасында........................................................................................................................19
Көшенова Тоты, Ергөбек Сапарбек. Шәкәрімнің түршілдік шеберлігі................................................................22
Өтепбаев Нұрбұлан. Ақын Шәкәрімнің өнерге көзқарасы.....................................................................................27
Zhundibayeva Аray, Tolysbayeva Ademau. The lyrics of Shakarim Kudaiberdiyev......................................................33
Мәшһүр-Жүсіп Қуандық. Жазушы шеберлігі (М.Әуезов пен Ғ.Мүсірепов шығармашылығы бойынша).........36
Көкебаев Дархан. Қазақ тарихи романдарындағы М.Әуезов дәстүрі.....................................................................45
Оспанова Динара. Мұхтар Әуезовтің алғашқы көсемсөздеріндегі әйел-ана тағдыры.........................................50
Құрманбаева Шынар. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың тілдік тұлғасы..................................................................55
Әбікенова Гүлнат. М.Мағауиннің «Аласапыран» романы тілінің көркемдік ерекшеліктері..............................60
Әбікенов Мұхит. Қазіргі қазақ географиялық лингвистикасындағы жер-су атауларының тілдік қолданым
ерекшеліктері..........................................................................................................................................................66
Қадырова Бақытжан. Мәшһүр-Жүсіп тіліндегі контаминациялану жолымен жасалған фразеологизмдер....70
Кеңесбаева Шынар. «Аңсары биік, алауы - ақ жалын, шабыты - сәулелі» ақын... (Әбубәкір Қайран
шығармашылығы хақында).........................................................................................................................................76
Қалиева Альмира. Мәтінді кезген жалғыздық. (Д.Амантайдың «Гүлдер мен хаттар» романы жайында).........83
Шайхразиева Гульшат. А.Таһировның “Ямәлкә тавы” әсәрендә конфликт бирелеше .......................................89
Қарабай Қадиша. Жүсіп Баласағұн поэзиясындағы есім сөздердің мағыналық ерекшелігі...............................93
Дүйсембекова Шолпан. Шәкәрім Құдайбердіұлының ағартушылық-педагогикалық көзқарасында жеке
адамның алатын орны...................................................................................................................................................96
3
ШӘКӘРІМТАНУ
Текстология (мәтінтану) – қазақ әдебиетін
зерттейтін ғылымда кенже қалып келе жатқан
сала. Мәтінмен шұғылдану тонналаған руданың
ішінен бірнеше грамм алтын іздейтін
кеншілердің жанкешті еңбегін еске түсіреді.
Текстология – қаламгердің жинақтарын баспаға
дайындауға ең с енімді, ең алғашқы,
түпнұсқалық мәтінді табу міндетін қояды.
Текстология ғылымы жазушының төл
қолжазбасына сүйенуді т алап етеді. Бұл
жағдайдың қазақ әдебиетін зерттейтін ғылымды
тығырыққа тірейтін қиыншылығы бар. Оның
басты себебі қазақ әдебиетінің ертеректегі
тарихын былай қоя тұрып, ХҮІІІ-ХІХ ғасырда
өмір сүрген қаламгерлеріміздің өз қолымен
жазған (автограф) шығармаларының бізге
жетпеуі.
Шәкәрім
Құдайбердіұлы
қолжазбаларының аумалы-төкпелі заманда
өртеніп, жоғалып мұрагер ұрпақтың қолына
тимеуі трагедияның үлкені. Төңкеріс заманы,
одан бергі саяси қуғын, жаппай қырғын,
репрессия Шәкәрім мұрасын сақтауға мүмкіндік
бермеді. Бұл – мәтінтанудағы, әсіресе Шәкәрім
мұрасын жариялаудағы басты кедергі,
ойсыраған олқылық. Қолжазба мұраларының
бүгінгі күнге жетпеуі жүйелі, тиянақты
ізденістерге қолбайлау болып келе жатқандығы
мәтінтанудың көсегесі көгермеуіне басты себеп.
Олай дейтініміз, мәтінтану үнемі қағаберіс
қалуда. 1959 жылы жарық көрген Қайым
Мұхаметхановтың «Абай шығармаларының
текстологиясы жайында» монографиясынан
кейін бірде-бір монографиялық зерттеудің
жазылмауын қалай түсіндіреміз? Ауыз
әдебиетінің, айтыстың текстологиясына
қатысты ұжымдық еңбектер баспа көрді, әр
кездері, әр жылдарда жазылған мақалаларды да
жоққа шығара алмаймыз, керекті, қажетті
дүниелер. Бұрынғы тарихты қазбаламай-ақ,
соңғы отыз жылдың бедерінде мәтінтануға
арналған Республикалық ғылыми-теориялық
конференцияның өтпеуі де қатты ойлантады.
Жоғары оқу орындарында мәтінтану мамандығы
бойынша магистранттар мен бакалаврларды
дайындау ісінің жолға қойылмауы да мәселенің
көкейкестілігін айқындай түседі.
Ш.Құдайбердіұлы шығармаларының
мәтіндік проблемалары төңірегінде ой өрбітпес
бұрын Шәкәрім есімінің жазылуы хақында бірер
сөз. Қазақ тұрмысында азан шақырылып
қойылған есім мен ауыл-аймақ, ел-жұрт
арасында берілген, қалыптасқан есімнің
егізқатар жүруі «қағазсыз заңдастырылған»
ғадеттер қатарында. Ешқандай оғаштығы жоқ,
әдепкі жағдай іспетті. Бұған дәлел – ХІХ ғасырда
ғұмыр кешкен ұлыларымыз Абай (азан
шақырып қойылған есімі Ибраһим) Құнанбаев,
Ыбырай (Ибраһим) Алтынс арин, Шо қан
(Мұхамед-Ханафия) Уәлиханов есімдерінің
ШӘКӘРІМ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ТЕКСТОЛОГИЯСЫ ХАҚЫНДА
А. ЕСПЕНБЕТОВ, филология ғылымдарының докторы, профессор
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ӘОЖ 821.512.122
2014 №1 (22)
Тірек сөздер: мәтінтану, Шаһкәрім, қолжазба, мұра.
Мақала Ш.Құдайбердіұлының шығармаларының текстологиясына арналған. Ғалым ақын
шығармаларының мәтінінің әр алуан басылуын шәкәрімтанудағы ең өзекті мәселелердің бірі екенін
айтады.
4
ШӘКӘРІМТАНУ
халық аузында, кейініректе жазба деректерде
сіңісіп кетуі. Осы үрдіс Шәкәрім антропониміне
де қатысты. Ғұлама Шәкәрім төл есімінің мән-
мағынасын түсінген, жете білген. Көзі тірісінде
баспа көрген кітаптарында, газет-журналдарда
жарияланған дүниелерінде бадырайтып
«Шаһкәрім» деп көрсеткен. Орыс харпімен
жазғанда «Шахкарим» деуден танбаған.
Ұстазым, марқұм Қ.Мұхаметханұлы тек қана
«Шаһкәрім» үлгісін қолданса, қазақтың көрнекті
жазушысы Р.Сейсенбаев та «Шаһкәрім»
вариантына тегіннен тегін «жабысып» қалмаған.
Тек
кейінгі
ұрпақ
араб
әліпбиін
ескермегендіктен түрліше жазып жүр. Жазушы
Дәулет Сейсенұлы «Егемен Қазақстанда» [1]
жанайқайын білдіріп, Шәкәрім есімінің түрліше
бұрмаланып жазылып жүргендігін дер кезінде
мәселе етіп көтерген-ді. Марғау қалпымыздан
өзгерген жоқпыз.
Барша деректер бір арнаға құяды.
Ақынның азан шақырып қойған е сімі –
Шаһкәрім. «Шаһ» сөзі парсы тілінде «патша»,
«сұлтан» лауазымдарын білдіреді. «Карим»
(Алла тағаланың 99 көркем есімдерінің бірі «әл-
Карим» - А.Е.) – араб тілінен аударғанда жомарт,
ақ көңіл, шарапатты, сыпайы, қымбатты
ұғымдарын береді. «Шаһкәрім» толық күйінде
«кең
пейілділіктің,
жомарттықтың,
сыпайылықтың патшасы, иесі» мағынасын
жеткізеді. Ендеше бұл аса қастерлі есім.
Шәкәрім қолданыста жүре беруге хұқылы. Бірақ
ресми қолданыста «Шәкәрім (азан шақырып
қойған аты Шаһкәрім) Құдайбердіұлы» деп
жазсақ қателеспейміз.
Шәкәрім текстологиясын сөз етуде
алдымен назар аударатын мәселелеріміз. Бірінші
Ш.Құдайбердіұлының көзі тірісінде жарық
көрген кітаптары: «Мұсылмандық кітабы»,
«Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі»,
«Жолсыз жаза», «Қазақ айнасы», «Қалқаман-
Мамыр», «Дубровский» [2]. Сондай-ақ көзі
тірісінде газет-журналдарда [3] шыққан
туындылары. Ақын қолжазбаларынан бізге
жеткені С.Мұқановқа жолданған хаты [4] және
фото суреті сыртындағы жазу. Басқасы
жойылған, өртелген, қолды болған.
Шәкәрім қолжазбалары Қытайдағы
қандастарымыздың қолында болуы ғажап емес.
Зият Шәкәрімұлы Қытайға өткенде өзімен бірге
әке сінің қолжазбаларын ала кеткен. Ол
қолжазбалардың тағдыры әзірге белгісіз.
Мұрағаттанушы
марқұм
Б.Байғалиев
қолжазбалар негізінде «Иманым» [5] кітабын
жариялады. Қолжазба деректерді жинастыру,
ғылыми құндылығын анықтау, салыстыру,
айналымға енгізу мәтінтанушылар атқармақ
кезек күттірмес зәру мәселелерден саналады.
Көрнекті шәкәрімтанушы, академик З.Ахметов:
«Түгелдей алғанда Абай шығармаларын
текстологиялық
тұрғыдан
зерттеуде
айтарлықтай табысқа қол жетті, академиялық
толық жинақтағы шығармалардың текстері
дәйекті түрде анықталды дей аламыз. Ал енді
нақтылап айтсақ, қолжазбалардың ең негізгісі,
толығы – 1905, 1907, 1910 жылғы Мүрсейіт
Бікеұлының жазбалары. Санкт-Петербургта
басылған Абай шығармаларының тұңғыш
жинағындағы текстерді де түпнұсқа ретінде
қараған орынды» [6, 259],-деген ұсыныс
жасайды. Көшірмеші Мүрсейіт пен ақын
дүниеден өткеннен кейін ұрпақт арының
жинақтап, құрастыруымен шыққан кітапты
түпнұсқа есебінде қабылдасақ, Шәкәрімнің көзі
тірісінде өз қолымен баспаға тапсырған
кіт аптары
мен
газет-журналдардағы
материалдарды канондық мәтін деңгейінде
айналымға түсірудің әбестігі жоқ. Ең соңында,
есте ұстайтын жайт Ахат Шәкәрімұлы
қолжазбаларының құндылығы, пайдалылығы.
Құрқұдықта көмусіз қалған әке қасіреті текті
тұяқ Ахатты қатты ойландырса керек. Бар
мақсаты – әке мұрасын кейінгі ұрпаққа шашау
шығармай жеткізу. Ұлттық кітапхананың
қолжазбалар қорына, Ғылым академиясының
Орталық ғылыми кітапханасына, Семейдегі
Абай мұражайына көшірме жасап, тапсыруын
басқаша түсіндіру мүмкін емес. «Біздің
байқауымызша, дәл бүгінгі күні ғылымға белгілі
көшірмелердің ішіндегі айрықша құндысы –
ақынның бел баласы Ахат 1936 жылы
Республикалық көпшілік кітапханасының сирек
кітаптар мен қолжазбалар қорына тапсырған екі
томдық жинағы (№ 188, № 210). Және Абайдың
Мүрсейіт қолынан шыққан көшірмелері сияқты,
Шәкәрім мұрасының ең сенімді, ең деректі
нұсқасы деп танылуға тиіс» [7, 248],-деп келетін
2014 №1 (22)
5
М.Мағауин тұжырымы академик З.Ахметов
пікірін
дәлелдей,
күшейте
түскен.
Зерттеушілердің бағдарда ұстамақ қымбатты
қазынасы Ахат қолжазбасы екендігін естен
шығармаған абзал.
Шәкәрім
текстологиясын
зерттеу
объектісіне айналдырғанда төмендегі ойларды
назарда ұстаған жөн. Қандай да болмасын
қаламгердің мұрасын тану мәтінт анудан
басталмақ керек. Неге десеңіз бір қаріптің
өзгеруі шығарманың көркемдік құны мен айтпақ
ойына, образдар жүйесіне зор нұқсан келтіруі
әбден мүмкін. Мәтіннің бұзылуы, жариялаудағы
ұқыпсыздық қауіп-қатердің о расан зо ры
екендігін ұққан айқын.
Шаһкәрімнің өзін сөйлетейік:
«Қазақ тілі» газетінің басқармасына
өтініш.
Төменгі сөзіме газетіңізден орын берсеңіз
екен.
Баяғы түріктің атақты ақыны (поэт)
Физули өлеңінің басында айтқан: «А, құдай!
Менің өлеңімді үш түрлі антұрғаннан сақта.
Бірінші, әннің ретін білмейтін кісіден сақта,
себебі ондай кісіге айтқан жақсы өлең де жаман
көрініп байыбына бара алмайды. Екінші,
күншілден сақта, оның себебі жақсы өлеңімді
жамандап, теріс мағыналап, халықтың жүрегіне
азғыру салады. Үшінші, қате жазушыдан сақта,
оның себебі менің «көз» деп жазғанымды «көр»
деп жазып, ашық көзімді соқыр көрсетеді»,-
деген. Сол айтқандайын Ташкенттегі «Шолпан»
журналы менің өлең қылған «Ләйлі-Мәжнүн»
әңгімесін соншалық көп қате қылып басыпты.
Оны түзеу қайтадан бір кітап жазғаннан қиын.
Кей өлең мүлде жоқ, кейінің жартысы жоқ,
әріп қатесі есепсіз көп. Өлеңімді соқыр, ақсақ,
шолақ қол қылыпты. Өлеңнен хабары бар кісі
оқыса, ол менің кемшілігім емесін білер» [8].
Ұстазы Абайдың «іші алтын, сырты күміс
сөз сарасын» жалықпай іздеудегі өнегесін
ыждаһатпен қабылдаған. Сөздің құдіреті мен
қасиетін қапысыз таныған.
Шәкәрім жинақтарында орын тепкен: «Ту
тіккен Тобықтының қос басшысы, Жуантаяқ
Тоқтамыс деген кісі»,-деген жолдарды қалай
түсінуге болады? Және «қос басшысы» 1988
жылы М.Мағауин түзген жинақтан басқасының
баршасынан орын алса, бармағыңды
шайнағаннан басқа не шараң қалды?! «Қос
басшы» Жуантаяқ пен Тоқтамыс болғаны ма?
«Қос басшы» емес «қолбасшысы» сөзінің тарихи
танымға сәйкестігі қалай ескерілмеген? Ендеше
текстология арқалар салмақ шектен тыс
ауырлығын ұғыну шарт.
1988
жылдан
Ш.Құдайбердіұлы
жинақтары бірнеше рет басылып шығып жатыр.
Қуанышты. Саннан сапаға көшер уақыт жетті.
Шығып жатқан жинақтарға оқырман да, маман
ғалымдар
да
лебіздерін
білдірді.
Қ.Мұхаметхановтың «Біздің міндет» [9],
«Шәкәрім шығармалары» жинағы жайында»
[10], «Құдай» деген сөзден құдай сақтасын...»
[11], Ғ.Сапаевтың «Ескеретін бір жай» [12],
Ж.Құжиманованың «Анық та танық болсын»
[13], Ғ.Қабышевтің «Шәкәрім «атеист» күйінде
қала берсін бе? [14], «Ақын атамыз Шәкәрімнің
аруағына хат» [15] мақалалары, басқа да
аталмаған еңбектер мәтінтануда ойсырап тұрған
кемшіліктердің орын алғандығын айқындап
береді. Өкініштісі өзгерген ештеңе жоқ. «Баяғы
жартас, бір жартас». Осыншама енжар, бейжай
қарау құптай қоярлық жағдай еме с.
Мәтінтанушының міндеті – бір қаріп қатесі
болса да іздеп тауып, дәлелдеп, кәдеге асыру.
Одан артық бақытты да, ләзатты да таппайсыз.
Шәкәрім мемлекеттік университетінің
Шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталығы
ректордың мұрындық болуымен «Шәкәрім
шығармаларының текстологиясы» жобасына
кірісе бастадық. Алдыда ұлан-ғайыр жұмыс. Тек
нәтиже сі
болғай.
Түпкі
мақсат
–
Ш.Құдайбердіұлы
шығармаларының
көптомдығын шығаруға дайындық. Жұмыс
жоспарына сәйкес ақынның Семейде шыққан
кітаптарының («Қалқаман-Мамыр», «Қазақ
айнасы», «Жолсыз жаза») факсимилдік
нұсқасын жасауды қолға алдық. Үшеуі де дайын.
Факсимилдік басылымға қойылатын талаптар
бойынша ешбір түсініктер мен қо сымша
аппараттарға жол бермеуіміз керек. 1912 жылғы
басылымда қалай сол мәтін сақталуы керек.
Ендігі кезекте бірінші басылымды негізге
ала отырып текстологиялық ізденістер
жүргізудеміз. Бұл жерде істелмек дүние жетіп
артылады. Бір ғана «Қалқаман-Мамыр»
ШӘКӘРІМТАНУ
2014 №1 (22)
6
поэмасына тоқталайық. 1912 жылы «Жәрдем»
баспаханасынан жарық көргенде «Қазақ
тіліндегі тарихи хикая» деп атаған автор.
«Мұтылған» псевдонимімен жариялаған. Алғаш
жарнамасын жас аған «Айқап» журналы:
«Мұтылған. «Қалқаман-Мамыр» - қазақ тілінде
тарихи хикая. Шығарушысы һәм бастырушысы
Шаһкәрім Хұдайберді-ұғлы. Бұл кітапта қазақта
мұнан 190 жыл бұрын болып өткен бір оқиғаны
қисса қылып өлеңмен жазылған. Оқушыларға
әсерлі көркем кітап. Алушыларға Семипалатта
«Ярдам» кітапханасынан алдыруға болады» [16].
По эманы ұнатып, жылы сыни лебіз
білдіруші «Қыр баласы» [Ә.Бөкейханов – А.Е.].
«Мұны шығарған «Қазақ һәм хандар» шежіресін
жазған Шаһкәрім. Шаһкәрім Абайдың ағасы
Хұдайберді баласы. Абай барда т аласып
ақындық қылып, жарыққа шықпай, көлеңкеде
жүре берген. 1900 жылы Шыңғыс елін жазған
Иван Филиппович Гус ев Шаһкәріммен
сөйлескен. Маған сонда айтты: «Жұрттың
бәрінің аузына алғаны Абай. Шаһкәрімнің білімі
де қазақта жоқ екен» [17],-деген жоғары баға
шығарманың құндылығына ғана нұсқап қоймай,
Шәкәрімнің биік парасат иесі екендігін
дәлелдеп береді.
Назарымызды
текстологиялық
ізденістерге аударайық. 1912 жылы Шәкәрім өз
қолымен баспаханаға тапсырған жинақ алғашқы
нұсқа есебінде. Тап-тұйнақтай. Небәрі 376 жол.
Ахат Шәкәрімұлының Семейдегі Абай
мұражайы қорына тапсырған қолжазбадан да
айырмашылық көп емес. Дегенмен бар.
Жекелеме сөздердің жазылуында, сондай-ақ
типография қызметкерлерінің баспаға
дайындауында
бірен-саран
өзгерістер
ұшырайды. Біздің міндетіміз, мүмкіндігінше,
шағын болса да кездесетін айырмашылықтарды
түзету.
Осы жерде ірі мәтінтанушы ғалым Зәки
Ахметов естелігін келтіру артықтық етпес.
М.О.Әуезов Абайдың 1957 жылғы екі томдығын
дайындауда алты ай бойы үзіліссіз қолжазбалар
мен түрлі басылымдарды салыстыруға уақыт
тапқандығы, оған Ә.Марғұлан, І.Кеңесбаев
сияқты дара тұлғаларды қатыстыруын тамсана
еске алады. Асқан жауапкершілікпен әр сөзге
мән беруі - есте сақтарлық өнеге.
«Әлекең
(Марғұлан)
Құдашевтің
қолжазбасы деп аталған өзі Ленинград
архивінен тапқан Абайдың бір топ өлеңдерінің
тексі туралы айтып, «Қан сонарда бүркітші
шығады аңға» деген өлеңіндегі «Тастан түлкі
табылар аңдығанға» деген сөздер «Таудан түлкі
табылар аңдығанға» деп жазылған екен, анық
дерегі бар сөз ғой, кітапқа солай берілгені жөн
деген еді. Сонда Мұқаң үлкен білгірлік
танытатын пікір толғады. «Тастан түлкі
табылар» деген барлық кітаптарда және
қолжазбаларда бар, әбден қалыптасқан, ел
білетін орнықты сөз. Оны өзгертуге бір көшірме
қолжазба, нақтылы дерек-ау дегенмен жеткілікті
дәлел бола алмайды» деді. Қырдың түлкісі
болады, далада жүреді, ол да қысталаңда бой
тасалайтын жерін сағалай жүреді. Таудың
түлкісі болады, тастың арасында жүреді. «Тас»
деген сөздің өзінде «Тау» деген ұғым және бар.
Бірақ «тау» деген жалпылама сөз, «тас» деген
сөзде поэзияға тән нақтылық бар. Абайдың сөзді
дәл тауып, айтқанын көзге елестетерліктей етіп
көрсетуге жүйріктігі о сы бір сөзінен-ақ
байқалып тұр деді. Бірақ ана «таудан түлкі
табылар» деген де бар екенін комментарий
(түсініктеме) бергенде айтса болар еді. Басқалар
түгел осы пікірді құптады [6,268],- деп қуанышы
қойнына сыймайды. Сөздің қасиетін осылайша
ұғынуға ұмтылсақ қандай ғанибет.
Ш.Құдайбердіұлының 1988 («Жазушы»),
1990, 2006 жылғы кітаптарында «Қалқаман-
Мамырдың» кіріспесі алынып тасталған. Ол
мынау: «Бұл әңгіме 1722 жылы біздің Орта жүз
қазағы Сырдария бойында жүргенде болған
анық іс. Біздің қазақ қалмақтан жеңіліп,
«Ақтабан шұбырынды» болғаннан бір-ақ жыл
бұрын, Қалқаман-Мамырдың ісіне ескі қазақтар
теріс көзімен қараса да, осы күнгі көңілінің көзі
ашықтар жазасыз екенін біліп, дұға қылса керек.
Өлгенді тірілтпесем де, өшкенді жандырғандай
болсын деп биыл жүз тоқсан жыл болып,
ұмытылған істі алдыңызға қойдым. Бұл әңгіме
ақсақал аузынан да қалып бара жатыр. Сол
асықтардың өзі кетсе де, ізі жоғалмасын дедім.
Біздің ізіміз жоғалатұғынын ойлап...
Шәкәрім».
Көлемі шағын демесеңіз шығармада
айтылмақ өзекті ойды қалтқысыз жеткізген.
ШӘКӘРІМТАНУ
Достарыңызбен бөлісу: |