Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата03.03.2017
өлшемі1,98 Mb.
#6208
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

2014 №1 (22)

51

педагогикалық тәрбиемен ұштастыра қарайды.

Сөз  саптау,  сөйлем  құрылысы,  лексикалық

байлық  жөнінен  стильдік  даралық  танылады»

[3],  -  дейді  профессор  Рымғали  Нұрғали.

«Адамдық  негізі  -  әйел»  атты  мақаласын  жас

Мұхтар  Турағұл Абайұлымен  бірлесіп  жазған.

Бұл мақала бірінші қазақ құрылтайындағы әйел

құқығы мәселесі мұсылмандық  жолмен, қазақ

дәстүрімен реттеу турасындағы шешіміне жауап

ретінде  жазылған.  Мақала  авторлары  басты

ұстанымында ұлы Абайдың салиқалы ойларын

адастырмас  нысана  етіп  алған.  Абай  хакімнің

даналық тұжырымдарын XX ғасыр басындағы

қазақ қоғамындағы саяси ахуалмен салыстыра

өріп, әйелдің қоғамдағы орны туралы ұтымды

ойлар өрнектеген.

«Адам баласының адамшылық жолындағы

таппақ тарақияты әйел  халіне жалғасады. Сол

себепті  әйелдің  басындағы  с асық  тұман

айықпай, халыққа адамшылықтың бақытты күні

күліп қарамайды. Ал, қазақ, мешел болып қалам

демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе» [4], - деп

әйел халі түзелмей өркениетті ел болуға жол жоқ

екендігін  парасатпен  толғайды.  Адамның

күнделікті  күйбең  тіршілік  қамына  құлқын

қажеттілігі себеп болса, ал адамшылық әрекеті

әйелге  деген  сүйіспеншіліктен  туындайды.

Абайша  айтқанда,  осы  екі  мінезді  бойына

танғанның  әуелгісі  әке  баласы  болып  адамға

дұшпан болса, кейінгісі адамның баласы болып,

шын жанашыр бауыр болмақ. Демек, таразының

екі  басында  тұрған  хайуани  құлықты  басып,

адамшылық келбетті үстем етіп отырған  әйел-

ана. Абай бұл турасында:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй  бауырым  деп,

Және хақ жолы осы деп әділетті [5], -

деген.  М.Әуезов  осы  өлең  шумақтарындағы

махаббат,  әділет  турасындағы  ойлардың  түп

қазығы ана сүйіспеншілігі деп түйеді. Осы тұста

айта кетер бір жайт, мақаланың асыл өзегі хакім

Абайдың қара сөздерімен үндесіп жататындығы.

Мәселен, «адам баласы бір үлгі аларда, ең әуелі

шын жүрегімен сүйген кісісінен күштеп алады.

Сол сүйген кісісінен сүйіп алған үлгі жүрегіне

нық  орнайды»[4],-  деген  о й-тұжырымы

Абайдың  «Отыз  сегізінші  сөзін»  өзек  етеді.

«Талап,  ұғым  махаббаттан  шығады.  Ғылым-

білімге  махаббаттандырмақ  әлгі  айтылған

үшеуінен  болады.  Ғылым-білімді  әуел  бастан

бала өзі іздеп таппайды. Басында зорлықпен, яки

алдауменен  үйір  қылу  керек,  үйрене  келе  өзі

ізденгендей болғанша. Қашан бір бала ғылым,

білімді  махаббатпенен  көксерлік  болса,  сонда

ғана оның аты  адам болады» [5], - дейді.

Өткен  тарихтан,  қазақ  тұрмысының

шындығынан  мысалдар  келтіріп,  о йын

тиянақтай  келе  «адамды  хайуандықт ан

адамшылыққа  кіргізген  –  әйел»,  тәрбиелікке,

ілгерілеуге,  ізгілікке  баулитын  да  әйел  заты

екендігіне  жете  мән  береді.  Мақала  соңында

жинақталып,  сығымдалып  қағазға  түскен

қорғасындай  салмақты  түйін  адам  баласы

өркениеттің қандай биік сатысына көтерілсе де

бір  мезет  өзектілігін  жолғалтпақ  емес.

Жоғалтқаны  былай  тұрсын  адамзат  дамудың

биігіне  көтерілген  сайын  тасбауырлыққа,

безбүйректілікке,  мейірімсіздікке  белшесінен

батып  бара  жатқан  уақытта  қайта-қайта

қайрылып,  ойланып  қарауға  міндеттері  хақ.

«...Әйелдің  басындағы  сасық  тұман  айықпай

халыққа  адамшылықтың  бақытты  күні  күліп

қарамайды.  Ал,  қазақ,  мешел  болып  қалам

демесең,  тағлымыңды,  бесігіңді  түзе!».  Қазақ

халқының  тұтас  тарихи-әлеуметтік,  рухани-

тұрмыстық  болмысына  арна  тартарлық  мол

пішімді этнографиялық, этнологиялық зерттеу

қайыспай көтерер еңбектің өтеуінде тұрғандай

әсерге бөлейді. Р.Нұрғали болса: «М.Әуезовтің

әйел мәселесі туралы концепциясы сол кездегі

қазақ 

демократ 



ақын-жазушылары

С.Торайғыров,  С.Дөнентаев,  М.Сералин,

С.Көбеевтердің  мегзеген  биігімен  ыңғайлас

келеді» [6], - деп тұжырымдайды .

«Сол  шақтағы  қазақ  қыздарының  теңдік

мәселесі  өткір  қозғалып  жатқанда  бұл  мақала

самақты дүние боп бағаланған» [7], - дейді Бекен

Исабаев.  Адам  тәрбиесіндегі  ананың,  әйелдің

алар орнын ерекше бағалай отырып, жас Мұхтар

«адам баласы бір үлгі біреуден аларда, ең әуелі

шын жүрегімен сүйген кісісінен күштеп алады.

Сол сүйген кісісінен сүйіп алған үлгі жүрегіне

нық орнайды дейді. Бұған қарағанда біздің ой

ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ

2014 №1 (22)


52

буынымыз қатпай тұрған бала күнімізде ең әуелі

елжіреп  сүйетін  кісі  кім?  Ол  анамыз».  Адам

болып  қалыптасуына  «бесік  тәрбиесінің»

ықпалын  сөз  ете  отыра  Мұхтар:  «Біз

адамшылығымызға  ірге  болатын  құлықты

әкеміз қандай ғылым болсын, бой сауып, тезек

теріп  жүрген  анамыздан  аламыз»  [8]  -  дейді.

Бүгінде, әрине ол заманның кескін-келбетімен

салыстыруға келмейтін мәдениетті иелендік...

Бүгінде  адамзат  ақыл-ой  санасының

қарыштап  дамуы,  ғылымды  бұрын-соңды

болмаған  жаңа  биіктерге  көтерді.  Ғарышты

игерді, жеті қат көкке жетті. «Бірақ адамгершілік

құлқы  өспеген  соң  жақсылықтың  бәрі

жамандыққа  айналып,  бар  дүниедегі  маңдай

басы  елдердің  үш  жылдай  адамның    көзінің

жасы  мен  қанынан  дария  ағызып  жатқаны

мынау» [4]. Бұндай салдардың себебі не? Әуелі

адамшылық  үлгісінің  жоқтығынан.  Ал,  сол

адамгершіліктің бастау көзі – ана тәрбиесі. Ана

харакеті  күнделікті  тірлік  күйбеңінен  аса

аламай, от басы, ошақ қасы әңгімесін баласына

жұқтырса  тәрбие  түбі  тауқымет  болмай  ма?!

Ондай ұсақшылдықты бойына сіңірген баланы

әке  тағылымы  да,  орта  өнегесі  де  өзгертуге

қауқарсыз.  Сондықтан  да  Мұхтар  Әуезов  ана

тәрбие сінің  мазмұнды  болуы  үшін  әйел

тұрмысын жөндеу керек деп біледі.

Адамға  адамның  достығы,  туыстығы,

махаббатты болмағы ананың өнегесінен. Демек,

өркениеттің  негізін  салушы  да  әйел-ана  деп

толық сеніммен айта аламыз. «Қай уақытта қай

халықта болсын, білім жолында жұрт қатарына

жетерлік  халық болуы жолында ең керекті шарт-

ақ  жүректі  екпінді  ерлер.  Халықты  ілгерілетін

дөңгелек  солар.  Оларсыз  мақсатқа  жақындау

мүмкін емес. Бұлай болғанда алғашқы сөзімді

қайта айтамын. Адам баласы тағы болып, еркегі

хайуандық дәрежесінде жүргенде әйелден бала

туып,  ол  балалардың  бәрі  де  жастық,

қо рғансыздықтан  анасының  айналасына

үйіріліп  үй  ішінің  бірлігін,  одан  туысқандық

ұйымын кіргізген»[4].

Ислам дінінің тұтқасы болған Мұхаммед

пайғамбар:  «Мемлекеттік  негізі  –  әйел,  ол

гүлденсе  –  мемлекет  гүлденеді,  ол  күйресе  -

мемлекет  күйрейді»    [4],  -  дейді.  Мұхтар  да

осындай келелі ойларға сүйене отырып: «Әйел

түзелмей,  мәдениет  көркеймейтініне,  әйелдің

халін  түзетпей,  қазақ  басына  бақыт

орнамайтынына  әркімнің  де  көзі  жетер.  Енді

қайтсек әйел халі түзеледі? Соны ғана еске алу

керек» [4], - деп әйел тұрмысының түзелуіне жол

іздейді.  Өркениеттің  есігі  де,  өмірдің  несібі  де

әйел екендігін автор баса айтады.

М.Әуезовтің  әйел  тақырыбына  арнаған

келесі  бір  «Қазақ  әйелі»  атты  мақаласы  1918

жылы  «Абай»  журналының  №8  с анында

жарияланған.  ХХ  ғасыр  басындағы  әлемдік

әдебиеттегі  адам  бостандығы,  әйел  теңдігі

мәселесі қазақ сөз өнері өкілдеріне өз ықпалын

тигізіп, ояну дәуірінің көкейкесті мәселелерінің

біріне  айналды.  Сол  кезеңде  әйелдің  қоғамда

алар  орны  туралы  үлкен  пікірталас  болып

Мюллер  Лиер,  Морган  Льюис  Генри,  Август

Бебель,  Эдуард  Карпентьер  сынды  әлемге

танымал  ғалымдардың  түрлі  деңгейдегі

көзқарастарын  танытар  зерделі  еңбектер

дүниеге келгені тарихтан белгілі. Осы кезеңде

әйелдер қозғалысының көрнекті қайраткерлері

түрік  жазушысы  Халида  ханым,  ресейлік

А.М.Коллонтайдың  пікірлері  де  әйел  теңдігін

әперер дәуірдің жақындығын танытқандай. Бұл

тұста  әйел  құқығын,  қоғамдағы  алар  орнын,

теңдік-азаттығы  туралы  пікір,  көзқарастар  екі

ұдай  майданға  бөлінді.  Бірі  әйел  теңдігін

қуаттаса,  енді  бірі  әйел  еркектің  алдында  бір

саты төмен деп түсіндіріп, оның дәлелі ретінде

ежелгі діни түсінік танымдарды алға тартты.

Ұрпақ  тәрбиесі,  ұлт  тағылымы  үшін

аянбай  еңбек  еткен  кемеңгер  жазушы,  ғұлама

ғалым  Мұхтар  Әуезовтің  шығармашылығы

адамгершілік,  имандылық  қағидаларға  толы.

Тәуелсіз 

еліміздің 

тұңғыш 

елбасы


Н.Ә.Назарбаев  бұл  туралы  ойын  былай

баяндайды:  «Тәуелсіз мемлекетіміздің  тұңғыш

ата  заңында  баянды  етілген  адам  құқығы,

әлеуметтік  әділеттілік  тегіне,  нәсіліне,  діни

нанымына  қарамай  адамдардың  теңдігі  ар-

ождан 


бо стандығы 

тұрғысындағы

принциптерімізге  Мұхаң  мұратының  үндесіп

жатқандығы анық. Гуманист ретінде ол адамның

адамға жасайтын қысастығын, зорлығын жан-

тәнімен  жек  көрді,  ол  нағыз  ойшыл  ретінде

ізгіліктің ғайыбы түсінік емес, әлеуметтік ұғым

екендігін  терең  бағамдады.  Сайып  келгенде,



ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ

2014 №1 (22)

53

миллиондардың рухани дүниесіне дендеп енген

оның эпикалық, эстетикалық және адамгершілік

мұраттары – көпшіліктің қазынасы, ұлттың баға

жетпес мұрасы Мұхаңның бір ұлағаты осында»

[9]. Имандылық пен ізгілікті серік етіп, адамның

адамшылдық қасиеттерін шығармаларына негіз

еткен  жазушы  өз  ойларын,  дүниетанымын

зерттеу мақалаларында өрбітіп отырады.

Мұхтар  Әуезовтің  осы  шағын  мақаласы

үлкен  саяси-әлеуметтік  мәселелердің  күрмеуін

шешуге  бағытталып,  философиялық  тұрғыда

жауабын  іздеген.  Қазақ  әйелінің  жай-күйін

толғай отырып, өз сүйгеніне қосыла алмай, ескі

салт-сананың құрбаны болған қыз-келіншектер

тағдырына  үлкен  аяныш  білдіреді.  Өз

заманының мұң-зарын арқалаған бұл көкейкесті

мақала бүгінгі таңда гендерлік саясаттың алтын

қағидасы іспеттес.

«Қазіргі қазақ күйі» мақаласы 1918 жылы

«Абай» журналының №9 санында жарияланған.

Соңына «Мұхтар» деп қол қойған. «Қазақ әйелі»

атты  мақаладағы  айтылған  пікірлерді  тағы  да

таразыға  салып,  ел-жұртының  азаматтық

белсенділік  танытуын  қайталап  ескертеді.

Идеологиялық жікке бөлінбей, ұлттық мүдденің

айналасына  топтасуға  шақырады.  Бұл  күнге

шейін  елдікті  ойламай  тәртіпсіз,  бағытсыз

келген елдің ішінде неше түрлі кемшілік, неше

түрлі  жұртқа  сыймайтын  өрескел  міндер  бар.

«Қазақтың  ендігі  басшысына  бірбеткейлік

жарамайды,  талай  бетті  қызмет,  айла,  тәсіл

керек» [4], - дейді Мұхтар Әуезов.

 Ана – дүниеге ұрпақ әкелуші, сол ұрпақты

тәрбиелуші. «Бірінші байлық денсаулық, екінші

байлық ақ жаулық» деп санаған халқымыздың

әйел – анаға деген көзқарасы өте жоғары болған.

Әйел ахуалын түзеу – ер атаулының, қоғамның

басты  міндеті  болса,  жарық  өмірге  ақыл-

парасаты кемел перзент әкелу, тәрбиелеу – ана

борышы.  Әйел-үйдің  сәні,  дүниенің  бастауы,

отбасының ұйытқысы. Алғашқы мақалаларында

көтерілген  әйел-ана  тақырыбы  суреткердің

барлық туындыларында  өз идеялық-көркемдік

жалғасын  тауып,  Әуезов  сомдаған  әйелдер

образы  қазақ  жазба  әдебиетіндегі  ең  үздік

образдар галереясы санатында.  Осының бәрі де

әйел-ана  тағдырын  бар  жан-тәнімен  сезінген

жазушының тырнақалды туындыларында бастау

алды.


Бүгінгі  заман  тұрғысынан  алып  қарасақ,

«әйелдің  халін  түзеуге»  мемлекет  тарапынан

жасалып жатқан, қолға алына бастаған үлкен-

үлкен  әлеуметтік  жақсылықтар,  игіліктер  бар.

Бірақ  ол  күделікті  қымбатшылық  індеттей

болып  жайылған  заманда,  теңізге  тамған

тамшыдай  ғана  нәрс е.  Ананың  азбауын,

ұрпақтың  тозбауына  бұдан  да  тереңірек  мән

беріп,  ата-бабалар  салып  кеткен  дәстүрлі

руханияттан  безінбейік.  Ол  үшін  өмірге  ұрпақ

әкелген  ата-ана  өз  міндетін  сезіну  керек.

Мәселен,  Қытайда  әр  отбасы  дүниеге  келген

баланы  өсіргенде  «біз  болашақ  Қыт ай

императорын  тәрбиелеп  жатырмыз»  деген

мақсатты алдына қояды екен. Бұл да шындыққа

жанасатын  сөз.  Егер  біздің  аналарымыз  әр

баласын «мен болашақ қазақ кемеңгерін тудым»

деп өсірсе, сол ана нағыз ұлттың анасы болмақ

[10].

Әдебиет

1 Әлмашұлы Ж. Идеологиялық жағынан

ұстамсыз... // Ертіс өңірі. 49 (2835) 7 мамыр 2004.

– Б. 25


2 Жақып Б. Мұхтар Әуезов - публицист.-

Алматы: Ана тілі, 1997. - Б. 32

3  Нұрғали  Р.  Сөз  өнерінің  эстетикасы.

Монография. – Астана: Елорда. 2003. – Б. 242

4 Әуезов М. Шығармаларының елу томдық

толық жинағы. 1-том. - Алматы: Ғылым. 1997. -

Б. 47, Б. 48, Б. 107, Б.112, Б. 356, Б.359, Б.3562

5  Абай.  Шығармаларының  екі  томдық

толық жинағы. 2-т. - Алматы: Жазушы. 1995. –

Б. 112, Б.189

6 Еспенбетов А. Мұхтар Әуезов көсемсөзі

академик  Р.Нұрғали  зерттеуінде.  //  Абай.  №1,

2012. – Б.106

7  Исабаев  Б.  Ұлылар  мекені.  –

Новосибирск. 2001. – Б. 540

8 Жанаева Ш. Мұхтар Әуезов тіл туралы.

// Ертіс өңірі. №15 (3155) 14 ақпан 2003. – Б. 7

Майтанов 



Б. 

М.Әуе зов

шығармашылығының  этнопсихологиялық

негіздері (1920-30) жылдар. - Алматы: 2004

10 Ахметбекқызы А. Әйел – ұлттың анасы.

- // Абай. №4, 2008.- Б. 100



ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ

2014 №1 (22)

54

Resume

Резюме

В статье рассматриваются ранние публицистика  М.Ауэзова, опубликованные  в газетах и

журналах  в  начале  его  творческого  пути.  Анализируются  такие  произведения,  как  «Адамдық

негізі - әйел», «Қазақ әйелі», «Қазіргі қазақ күйі». Показано их влияние на формирование творчества

великого писателя.

The article considers M.Auezov’s early journalistic (publicistic)articles published at the beginning

of his creative work in newspapers and magazines. His works, such as «Adamdyk negizi – ayel» («Адамдық

негізі - әйел»),  «Kazak aieli» («Қазақ әйелі»), «Kazirgi kazak kuyi» («Қазіргі қазақ күйі») were analyzed.

Their was shown their influence on formation of great writer’s work.

ӘУЕЗОВ ӘЛЕМІ

2014 №1 (22)

55

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

ӘОЖ 811.512.122



Ш. ҚҰРМАНБАЕВА, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті

СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫ

Мақалада автор қазақ халқының өршіл ақыны С.Торайғыровтың тілдік тұлғасын сөз етеді.

Ақын шығармаларындағы ұлттық сипатты айшықтайтын тілдік тұлғаның ерекшеліктеріне

тоқталады.

Ұлттық мәдениеттің қаймағында қалқып

өскен  азамат  үні  ғана  о ны  тілдік  тұлға

дәрежесіне көтереді. Тілдік тұлға сипатына ену

мақсатты түрде жүзеге аспайды. Оның дамуына

қозғаушы  күш,  яғни  ұлттық  сезімнен  немесе

табиғи  дарынның  қабілетінен  туған  ішкі

жағдайлар әсер етеді. Тілдік тұлғаға тән қасиет

халық  көңілінен  орын  таба  білуі  шарт,  сонда

ғана  индивид  тілдік  тұлға  немесе  одан  да

көлемді ұлттық тұлғаға айналады.

Қазақ  тіл  біліміндегі  тілдік  тұлғаның

классикалық  үлгісін  қараңғылық  басқан  қазақ

көгіне «өрмелеп шығып күн болуды» ойлаған,

қазақ 

халқының 



кемеңгер 

перзенті


Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  қазақ  әдеби

тіліндегі  орнын  саралау  арқылы  айқын  көруге

болады.  Оны  ғалым  Р.Бердібаевтың:

“Сұлтанмахмұт  -  қазақ  әдебиетінің  Абайдан

кейінгі  ең  биік  асқары.  Ол  қазақ  өмірінің

шындығын жырлаған нағыз ұлттық ақынымыз

еді. Өзімен тұстас ақынның ешқайсысы да дәл

Сұлтанмахмұттай поэзиясын жалпы халықтық

дәрежеге  көтере  алған  жоқ”,  –  деген  пікірі

дәлелдей түседі.

Өз  заманының  рухын  мейлінше  кең

көрсете білген классик ақын Сұлтанмахмұттың

тілдік тұлғасында әлемнің ұлттық тілдік бейнесі

ұлттың өз дүниетанымына тікелей байланысты

алынған,  басқаша  айтқанда,  ұлттың  өзіне  тән

дүниетанымы  мен  қабылдауында  оның  өз

әлемінің тілдік бейнесі сомдалған.

Ешбір  кедергіге  мойын  ұсынбай,  «ілім-



білім  жинап»,  халыққа  қызмет  ету,  жұлдыз

болып емес, «толған айдай балқып туып», еліне

жарық  болу,  сөйтіп,  «Қараңғы  қазақ  көгіне

өрмелеп  шығып,  күн  болу»,  «Мұздаған  елдің

жүрегін жылытуға кіру» - Сұлтанмахмұт мұрат

тұтқан асқақ идеялар.

Туған еліне:

Үміт қып менен қарайсың,

Көңілге медеу санайсың.

Балалыққа жарасам,

Аталыққа жарайсың, -

деп, 


перзенттік 

жүрегін 


ашқан

С.Торайғыровтың «Туған ел» сөзінің астарында

оның бар ұлттық болмыс-бітімі, ұлттық рухани

құндылығы, ұлтжанды сезімі, қоғамдық ой биігі

жатқандай болады.

Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «алаш» деген атты аламын.

Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?! –

деп,  туған  халқын  жырлаған  ақын  «Ұлт»  деп

аталатын мынау бір-ақ шумақ өлеңінде атаның

баласы  еме с,  адамның  баласы  ретінде,

адамзаттың  ақыны  ретінде  екінші  қырынан

2014 №1 (22)

Тірек сөздер: С.Торайғыров, тілдік тұлға, ұлттық тұлға, теңеу.


56

танылады:

«Кәпір» бар, «мұсылман» бар - барлығы адам.

Оларды алалайтын қандай надан!

Өнер, білім, әділет кім қолдаса,

Қай ұлт болсын - бәрі бір бауыр маған.

1926 

жылы 


«Сұлтанмахмұт

Торайғырұлының сөздерін жинау науқанына ат

салысыңыздар!» деген ашық хатында Жүсіпбек

Аймауытов: «Ақын - елінің тілі ғой, адал туған

ұлы  ғой,  бүлк-бүлк  еткен  жаны  ғой,  жанын

жеген  ары  ғой,  айта  алмай  жүрген  зары  ғой.

Жаннан,  ардан  безбесе,  ақынын  қандай  ел

қастерлемесін!» деп жазған екен.

С.Торайғыров 

жайлы 


зерттеуші

ғалымдардың әр кезеңдерде жазылған пікірлерін

жинақтап,  талдай  отырып,  ақынның  тілдік

тұлғасын сипаттайтын сөздерді топтастырар

болсақ:  «бұқарашыл,  демократ,  ұлтшыл,



әлеуметшіл, саясаткер, ақындардың сұлтаны,

аққан  жұлдыздың  сыңары,    лирик,  өмірге

құштар, «қараңғылықтың кегіне» ызалана алға

ұмтылған, ізденімпаз, білім-өнер аңсаған жаңа

ұрпақтың өкілі, қыршын классик ақын, заңғар

тұлға, әзіз, публицист-философ, көп жабының

бірі емес, от болып жанып кеткен, құйрықты

жұлдыздай  ағып  түскен  тұлпар  талант,

қазақтың жыр-дариясын құрайтын үлкен, асау,

арналы  өзенінің  бірі,  Ұлттық  рухты  тудай

биікке көтерген,  аққан жұлдыздай,  қазақтың

классикалық  поэзиясының  ардақты  өкілі,

парасатты,  тұтас  дәуірді  айқындап  тұрған

тұлғалы  талант,  ұлы»  ақын  тұлғасы  көз

алдымызға келеді.

Қазақ  халқының  ұлттық  ақыны,  ұран

болған 


ұланы 

– 

С.То райғыровтың



шығармашылығының  биік  шыңдары  –  «Кім

жазықты?»,  «Қамар  сұлу»,  «Адасқан  өмір»,

«Дала  ақыны  мен  қала  ақынының  айтысы»,

«Кедей»,  «Таныстыру»,  «Қайғы»  атты  атақты

шығармалары.

С.Мұқанов:  «Қазақ  жазба  әдебиетінің

абайлық және советтік дәстүрлерінің арасында,

ақындық  қуат  жағынан  да,  тақырып  байлығы

жағынан  да, қоғам  өміріндегі әлеуметтік  және

таптық  мәселелерді  терең  қамту  жағынан  да,

пікірлеріндегі бытысқан қайшылық жағынан да,

Сұлтанмахмұт  Торайғыровтан  асатын  ақын

болған жоқ», - деген болатын.

Жоқшылық  пен  өмір  азабын  көп  көріп,

шарқ 

ұрып, 


шындық 

іздеген 


ақын

шығармаларынан:  «Асыл  сөзді  іздеген,



Адамдықты көздеген», «Өмірде неше түрлі уды

ішкен», «Байлық пен кедейліктің ызасы өткен»,

«Халықтың  шын  баласын  іздеген»,  «Бүгінге

адасудан көз ашпаған, Не нәрсені көздесе, тап

баспаған», «Өзіндей көрген өзгені», «Жанумен

отқа  түспей,  ойға  күйген»,  «Дауасы  жоқ

бұзық»,  «Шындықтың  аулын  іздеп,  жолға

түскен», «Күңгірт түспен ойға батқан», «Бір

алладан  басқаға  бас  имеген»,  «Бір  қолғабыс

кейінгіге  берем»,  -  деп  жасаған»  тұлғаны

көреміз.


Ақынның өзіндік «мені» – күрделі ұлттық

таным.  Өзіндік  «мен»  -  автор  образы  арқылы

оқу-білімді насихаттап, ескіліктерге сын айтады

ақын.  Сұлтанмахмұт  шығармашылығының

басым  бөлігін  құрайтын  «Оқып  жүрген

жастарға», «Талиптарға», «Оқуда мақсат не?»,

«Анау-мынау» т.б. өлеңдерінен «Қараңғы қазақ

көгіне күн» болудың бірден-бір жолы - оқу, білім

деп  таныған,  «Үмітпенен  жоқ  қуған,  талабы

алда»,  «Ұйықтаса  да,  көңілі  оқуға  алаң»,  «Аз

өмірді  ақындық  жолға  берген»,  «Әртүрлі

себептермен  уақыты  тар»,  «Бар  мақсаты  өлең

жазу болған» ақын тұлғасын танимыз.

Рухани  езудің  тілсіз  құрбандығы  болған

қазақ әйелінің ауыр тағдырын тебірене жырлап,

ашынған  жүректің  қанымен  «Қамар  сұлу»

сынды  қазақ  әдебиетінің  өлмес-өшпес

туындысын  дүниеге  әкелген  С.Торайғыров

шығармаларындағы  басты  кейіпкерлердің  бірі

–  қазақ  қызының  образы.  Ақынның  шынайы

қазақ  өмірін  сипаттайтын  шығармаларынан

«Ұқсайтын көркемдігі туған айға», «Қөңілінде

мұңын  айтып  ашынған»,  «Құр  жылаған

жансыз тасқа», «Бәрі де жылай-жылай кемге

кеткен» кейіпкер тұлғасын көреміз.

С.Торайғыровтың  тілдік  тұлғасын

прагматикалық тұрғыдан айшықтайтын нақыл



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет