Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата03.03.2017
өлшемі1,98 Mb.
#6208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2014 №1 (22)

7

Бұлжымас дерек, өткенге барлау, адамгершілікті

жол етіп ізгілікке ұмтылу авторлық позицияны

ұғынуға  жетелейді.  Келесі  басылымдарда

авторлық аңдатпаның міндетті түрде жинақтан

орын алуын қадағалауымыз керек.

Барлығымыз мақтап жүрген 1988 жылғы

кітапта [7,160]:

Көкенай, қарғамаймын, сөзіме бақ,

Ісім жөн, бір құдайға көңілім хақ.

Мойныңа менің қаным халал болсын,

Болма енді Қалқаманның қанына ортақ,-

деп келетін жолдардан кейінгі бір шумақ мүлдем

түсіп қалған.

Кешікпей мен өлемін сен тірісің,

Іс емес құдай кешер қылған ісің.

Өлтіртпе, тілегім сол, Қалқаманды,

Барасың тәңір алдына білемісің?-

деген  [18,9] шумақты қосып оқысақ, ой жүйесі

қалпына  келіп,  мазмұн  ашыла  түспек.  Қазақы

әдет-ғұрыпты берік ұстанған тасбауыр жандарға

Мамырдың соңғы тілегі тұтас күйінде жетер еді.

Мәтінде ұшырасатын «жоғалатұғынын» -

«жоғалатынын», «ғашық болса» - «асық болса»,

«махабатлы» - «махабатты», «теңі жоқ» - «тегі

жоқ»,  «әйтсе  де»  -  «айтса  да»,  «көнбеді»  -

«көнбейді» сияқты көптеген өзгеріске ұшыраған

сөздерді түзеуге болар.

Соны айтып қамшы басты күрең атқа,

Қуса да жеткізбеді жәмиғатқа.

Ұлы жүз Елібайда нағашысы,

Жөнелді соған қарай Бұхар жаққа [18, 11],-

деп қара саннан садақтың оғы өтіп, қансыраған

Қалқаманның  нағашы  жұртына  бет  түзеген

бейдауа  шағын  суреттейтін  шумақты  жай

әншейін  әріп  қатесіне  қосу  қиын.  «Ұлы  жүз

Елібайда  нағашысы»  тармағының  көпшілік

жинақтарда  «Еділбайда нағашысына» айналуы

әрі  күлерлік,  әрі  қиналарлық  жайт.  Елібай

аталатын 

іргелі 

рудың 


«Еділбайға»

ауыстырылуы баспагерлердің қазақ тарихы мен

шежіресінен мағлұматы аздығын көрсетеді.

Ш.Құдайбердіұлы  баспаға  әзірлеген

кітабына  «Қалқаман-Мамырдан»  басқа  сегіз

өлеңін қосқан. Олар: «Ашу мен ынсап», «Шаруа

мен ысырап», «Анық пен танық», «Ер қоспақпен

сөз  сөйлемек»,  «Махаббат  пен  құмарлық»,

«Дүние мен өмір», «Мақтау мен сөгіс», «Міндеу

мен  күндеу».  Бұл  өлеңдерден  де  түрліше

оқылған,  әріп  қателігіне  үшыраған  сөздерді

кездестіріп  қаласыз.

1988 жылғы жинақты түзген үлкен ғалым

М.Мағауиннің  қолжазбаға  сүйендік  деген

ескертуімен таныс едік. Бірақ аталған жинақтан

1912  жылғы  басылымға  енген  «Шаруа  мен

ысырап»,  «Дүние  мен  өмір»,  «Міндеу  мен

күндеу» 


өлеңдерін 

таба 


алмадық.

Қолжазбаларды  ақтара  түсу  қажеттілігі

туындайды.

«Ашу  мен  ынсап»  өлеңінің  2008  жылғы

жарияланымында  [19]  бірінші  шумақ  түсіп

қалған. Алғашқы басылымдағы шумаққа назар

аударайық [18, 13]:

Білгенімді жазушы ем,

Бекем буып белімді.

Мінін айтып қазушы ем,

Түзетпек боп елімді.

Өзін  қатал  сын  тезінен  өткізуден

қаймықпайтын  қайсар  ақын  мінезі  бірден  бой

көрсетеді.  Үшінші  тармаққа:  «Мінін  айтып

қазушы  ем»  деп  нақтылай  түседі.  Барлық

басылымдарда, 

мұның 

ішінде 


Ахат

Шәкәрімұлының  қолжазбасында  да  «қазушы

ем» «қалушы емге» айналып кеткен. Логикалық,

мазмұндық  жағынан  да  «қазушы  ем»  нұсқасы

жүрекке жақын, көңілге қонымды сияқты.

Осы  ретте  тағы  да  бір  мәнді  мәселені

көтергім  келіп  тұр.  Ол  –  ақын  өлеңдерінің

жазылған уақытын анықтау. Мәтінтанушыларға,

әдебиетші қауымға өте-мөте қажет дерек. Жай

әншейін долбарға көнбейді. Иландыратын факт

қажет. Дәл осындай қиыншылыққа кездескенде

Ахат  Шәкәрімұлының  жазба-сызбалары  қол

ұшын  созары  хақ.  Бұрын  ғылыми  айналымға

түскен  қолжазбаларынан  басқа  облыстық,

аудандық  газеттерде  жарияланған  «Әкемнің

шығармалары  жайында»  аталатын  көлемді

материалдар белгілі. Сонда қай шығармасының

қашан,  қандай  жағдайларға  байланысты



ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №1 (22)

8

жазылғанын  жан-жақты  әңгімелейді.  Аталған

дүниелерді  және  Ахат  қолжазбаларының

жариялауды күтіп жатқандарын баспаға ұсыну

арқылы іздегенімізді жолықтырудан үміттіміз.

Мәтінт ану  -  әрекідік  соғып  өтуге

алғызбайтын,  тереңіне  бойлатпайтын  ғылым

саласы.  Жүйелі,  табанды  зерттеулермен  ғана

мақсатымызға  жетеміз.  Сонда  ғана  сапалы,

пайдалы,  қазыналы  көп  томдық  сүйікті

оқырманын табады.

Әдебиет

1 Сейсенұлы Д. Шәкәрім бе, Шәкерім бе?

- «Егемен Қазақстан», 2003, 29 қаңтар.

2 «Мұсылмандық кітабы», Орынбор, 1911;

«Түрік,  қырғыз,  қазақ  һәм  ханлар  шежіресі»,

Орынбор,  1911; «Жолсыз  жаза  яки кез  болған

іс», Семей, 1912; «Қазақ айнасы», Семей, 1912;

«Қалқаман-Мамыр», 

С емей, 

1912;


«Дубровский», Семей, 1924.

3  Шәкәрімнің  көзі  тірісінде  «Дала

уалаятының  газеті»,  «Айқап»,  «Қазақ»,

«Сарыарқа»,  «Абай»,  «Қазақ  тілі»,  «Шолпан»,

«Таң»  газет-журналдарында  шығармалары

басылған.

4 «Егемен Қазақстан», 2006, 22 наурыз.

5  "Иманым".  Құрастырған:  Б.Байғалиев,

Е.Қасейінұлы.- Алматы: Арыс, 2000. - 321 б.

6  Ахметов З.  Абайдың  ақындық әлемі.  –

Алматы: Ана тілі, 1995. – 272 б.

7  Шәкәрім.  Өлеңдер  мен  по эмалар.-

Алматы: Жалын, 1988. – 256 б.

8 «Қазақ тілі», 1924, 31 январь, №13 (412).

9 «Қазақ әдебиеті», 1988, 24 маусым.

10 «Семей таңы», 1989, 21 ақпан.

11 «Қазақ әдебиеті», 1989, 17 наурыз.

12 «Семей таңы», 1990, 12 қаңтар.

13 «Егемен Қазақстан», 2004, 28 сәуір.

14 «Қазақ әдебиеті», 2008, 7 наурыз.

15 «Жас Алаш», 2008, 25 қараша.

16 «Айқап», 1912, №14, 298-б.

17 «Қазақ», 1915, 22 апрель.

18  «Қалқаман-Мамыр».  -  Семей,

«Жәрдем», 1912. - 24 б.

19  Шаһкәрім.  Өкінішті  ғұмыр.  ІІ-т.

Жидебай, 2008. – 428 б.

Resume

Резюме

ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №1 (22)

В статье рассматривается текстология произведении Шакарима.

The article discusses textual creativity Shakarim's.


9

ШӘКӘРІМНІҢ «ӨМІР ҮЙІН ТҰРҒЫЗАМ ДЕП»  ӨЛЕҢІНДЕГІ СОПЫЛЫҚ

ДӘСТҮРДІҢ ТІЛДІК КӨРІНІСІ

Қ. БИБЕКОВ, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

"Назарбаев орталығы" ММ бас ғылыми қызметкері

Ислам дүниетанымына терең бойлаған ойшыл ақын сопылық поэзияның да қыр-сырын жете

білген. Автор ақын шығармашылығында шығыс әдебиетіндегі сопылық бағытқа тән символдар,

бейнелеу тәсілдердің қолдану ерекшелігіне талдау жасаған.

Шәкәрімді  Абайдың  ақындық  дәстүрін

жалғастырушы  шәкірті  деп  білеміз.  Бұған

ешкімнің  т аласы  да  жоқ.  Сонымен  бірге

Шәкәрім  поэзиясының  ешкімге  ұқсамайтын

ерекше  қыры  да  бар.  Ислам  дүниетанымына

терең  бойлаған  ойшыл  ақын  сопылық

по эзияның  да  қыр-сырын  жете  білген.  Өз

шығармашылығында  шығыс  әдебиетіндегі

сопылық  бағытқа  тән  символдар,    бейнелеу

тәсілдерін  де  қолданған.  Яғни  астарлап  айту,

меңзеу  жиі  ұшырасады.  Ақынның  «Өмір  үйін

тұрғызам  деп»,  «Ажал,  маған  арақ  берсең»,

«Алтындай  қызыл  арақтың»,  «Анық  асық  –

әулие» сияқты т.б. өлеңдері сопылық дәстүрінде

жазылған.  Мұндай  өлеңдеріндегі  сөздердің

мағыналарының  семантикалық-стильдік

құбылысы  да  көңіл  аударарлық  болып  келеді.

Шәкәрім бүтіндей сопылық дәстүрдің ырқында

кетпей, өзіндік стилі, тілдік қолданысы арқылы

ерекшеленеді.

  Сопылық дәстүрде жазылған өлеңдерінің

бірі  «Өмір  үйін  тұрғызам  деп»  болып

табылады. Шәкәрім өлеңде адамның болмысын

ашады.    Өмір  үйі  адамның  өмірлік  мақсат-

мұраты  деп  болжауға  болады.  «Мың  сан  үйді



құл атып»  дегенде  ол  үйлерді  де  біреу

тұрғызғанын  ойласақ,  құлату,  сұлату  қиянат

жасау  ұғымымен байланысты  болып  шығады.

Мың  сан  қазақ  тілінде  нақты  сандық  ұғымды

білдірмейді,  керісінше,  санауға  келмейтін

қисапсыз көп екенін білдіреді. Демек жасалған

қиянаттың да ұшы-қиыры жоқ. «Бір басымның

қамы ғой деп, Қамданып ем жан үшін» деген

жолдардағы «Бір басымның қамы», «Жан үшін



қамдану» әдеттегі ауыз екі тілде айтыла беретін

сөз  қолданысын  еске  салады.  Бірақ  мағынасы

барынша  терең  қазақ  тілінде  «қара  басының

қамын  ойлау»  эгоизм,  тоғышарлық  болып

саналады.  Ондай  адам  өз  мүддесі  үшін  еш

нәрседен  тайынбайды.  Ал  егер  бір  басының

қамын ойласа, ол қалай жан қамы болмақ? Жан

Шәкәрім  дүниетанымында  ерекше  күрделі

категория  болып  табылады.  Шәкәрім  «жан-



нәпсі»  деп  көрс етеді.  «Жаралыс  басы  –

қозғалыс»  атты  өлеңінде  «Нәпсі  дер  рухсыз

жандарды» деп нақтылай түседі. Нәпсі – рухсыз

жан екен. Ал рух деген не дегенде, Шәкәрім «Рух



деген  –  дінсіз  таза  ақыл»  деп  сырын  ашады.

Сопылық  доктрина  бойынша  «әлсіз»  немесе



«төменгі» жан нәпсі болып табылады. Шәкәрім

нәпсі билігінде қалған әлсіз жан туралы айтып

отыр. Қақысын жеу, жылату да көпке жасаған

қиянатты көрсетеді. «Көп наданды жылатып»

деген жолдағы надан кім екенін барласақ. Надан

–  нәпсінің  құлы.  Тек  дүние  қалауымен  өмір

сүреді,  қайғырады,  қуанады.  Қайта  бұзу,



қалату,  неше  план  сызу  адамның  өмірдегі

қалауының  өзгермелілігін  білдіреді.  Адам

өмірінің әр кезеңінде әр түрлі нәрсені ұнатады.

«Мұтылғанның 

өмірі» 

шығармасында



Тірек сөздер: сопылық дәстүр, Шәкәрім поэзиясы, символ, бейнелеу.

ӘОЖ 811.512.122



ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №1 (22)

10

лирикалық кейіпкер өз өмірін баяндағанда көңіл

қалауларының  әр  жаста  қалай  өзгергенін  тура

айтып  жеткізіп  береді.  Ал  өлеңде  астарлап

айтып отыр. «Сопы болып басымды идім, Сәлде

салдым  айла  үшін».  Сопы  –  сопылық  жолға

түскен адам. Сопы сөзі теориялық және бейнелі

ұғым  ретінде  маңызды  болғанмен,  сопылық

жолындағы адамға қатысты өмірде жиі қолдана

бермеген.  Өйткені  шынайы  сопы  өзін  еш

уақытта сопымын деп жариялаған емес. Оның

жүрегі  атаққұмарлық  дертінен  ада.  Өз  бойын

барлық атақ, құрмет, ел назарынан аулақ ұстап

барынша  қарапайымдылықпен  өмір  сүреді.

Керісінше, жалғаншылар өздерін сопы деп атап,

ел құрметіне бөленуге құмар. Сондықтан сопы

сөзі  жалған  әулиесымақтарды  әшкерелейтін

мысқыл,  кекесін  мәнінде  қолданылып  келген.

Қожа  Хафизде  сопы  сөзі  екіжүзділерді

мысқылдау үшін жұмсалған, тура мағынасында

алмаған. Шәкәрімде сопы көрсету үшін, мақтан

үшін  жасанды  сопысынып  жүрген  адамды

айтқан. Айла – зат есімі тура мағынасында қулық

сөзімен  мәндес  болады.  Шәкәрім  тілінде  айла

сөзі ерекше моральдық категория атауы ретінде

алынған. Айла – бүкіл күш қуатын, ақылын нәпсі

қалауына: мал, мақтан, мансап жолына арнаған

адам болып табылады. Шәкәрім «Айла, күш –

айуандықтың ең жаманы» деп көрсетеді. Айланы

ар мен ақылға қарама-қарсы қояды. Демек сопы

болып,  сәлде  салуы  да  имандылықтан  емес,

айладан  туып  тұр.  Нәпсінің  құлы,  жүрек  көзі

соқыр  екенін  аңдатады.  Шәкәрім  лирикалық

тұлға бірінші жақтан сөйлейді. Бірақ өз жайын

айтып  тұр  деп  сыңаржақ  түсінуге  болмайды.

Шәкәрім  сөзін  өмірдерек  ретінде  қабылдау

дұрыс  емес.  Лирикалық  тұлға  жалпы  адамзат

атынан сөйлеген. Шәкәрім айтып тұрғаны пенде

атаулының  бәрінде  дерлік  болатын  рухани

кемшіліктер  екені  сөзсіз.  Бірінші  жақтың

қолдануы стильдік тәсіл деп қараймыз. «Қырық

жылдан  өтіп  жолым»  өлеңінде  де  бірінші  жақ

тұлғасын қолдаған сопы, поп, молда, ақ патша

міндері  әшкереленіп  келеді  де,  «Көбі  мен

істеген ісім» деп мойындайды. Әрине, Шәкәрім

де пендеге тән кемшіліктен ада болды деуге де

болмас. Бірінші жақта жазылғанды оқырман да

бірінші  жақта  оқиды.  Оқырман  аталған

міндердің өз бойында бар екенін түйсінеді. Сол

арқылы  мәтіннің  оқырманға  тигізер  әсері,

экспрессивті-эмоционалды  қуаты  да  артпақ.

Баяндауыш  тұлғасындағы  етістіктер  бұза

бердім, сыза бердім деп, -а бер – аналитикалық

тұлғасымен  келген.  Бұл  формант  қимыл-

әрекеттің қайталанып дүркінді өтіп жататынын,

аяқталу  шегін  көрсетпей,  жалғастық

табатынына  меңзейді.  Демек  ол  жалғанып

тұратын  етістік  білдіретін  қимыл-әрекеттің  де

шегі жоқ. Баянсыздық пен тұрақсыздықты анық

сезінеміз.  -ды/-ді  өткен  шақ  тұлғасы  амалдық

деректілігі мен нақтылығын да білдіреді. Яғни

лирикалық  тұлға  баяндап  тұрған  жайды

күмәнсіз  ақиқат  деп  қабылдаймыз.  «Әділімсіп

перде  кидім,  Бетті  бояп  сылатып».  -імсі

жұрнағы  жорта,  бояма  амалды  білдіреді.  Әділ

сын  есіміне  жалғанғанда  бұл  сөз  білдіретін

сапаның,  шын мәнінде,  субъекті бойында  жоқ

екені, тек солай болып көрінгісі келетінін анық

аңдаймыз.  Әрі  бұл  жұрнақтың  жағымсыз

экспрессия  үстеу  қызметі  күшті.  Дәлірек

айтқанда,  -імсі  жұрнағының  семантикасында

заттық  мағынадан  гөрі  бағалау,  эмоционалды-

экспрессивті мағына  басым болады.  Әділімсіп

сөзінің  коннатациясы  перде  кию,  бетті  бояу

тіркестеріне  де  берілген.  Перде  кию  тура

мағынада емес, ауыспалы мағынада келіп шын

бейнесін,  пиғылын  жасыру,  жасанды  мінез

жасаумен  байланысты  болып  тұр.  Бетті  бояу

да осы мағынаны тереңдете түседі. Бұл тіркестің

ұғымдық  мағынасында  кемшілікті  жасыру,

шынайы түрінен әдемі көріну сияқты ұғымдар

бар.  Сылату  –  амал-әрекет  етістігі  де  бояу

сияқты 


безендіру, 

әдемілеу 

лексика-

семантикалық  тобына  жатады.  Дегенмен



бояғанда  заттың  сыры  өзгергенмен  сыны

сақтаулы, яғни кемшілігі бүркемеленбей қалады

да, сылау – нәтижесінде кедір-бұдыры білінбей

кетеді. Яғни шын бет-бейнесін көрсетпей бүркеу

ұғымы градация арқылы да дамытылып, еселене

түскен.


«Нәпсі сонда қуанып жүр, Айтқанымды

қылды  деп»  деген  жолдарда  барлығын  істетіп

отырған  нәпсі  екені  анықталады.  Демек  өмір



үйінің өзі де нәпсі үйі деген қорытынды шығара

аламыз.  Тойымсыз  нәпсі  қалауы  адамның

ақылын билеп алғанда мал, мақтан, мансап үшін

өмір сүреді. Ал бұл өмірлік мақсаттар баянсыз.



ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №1 (22)

11

Сондықтан  Шәкәрім  бір  өлеңінде  «Өмір  үйі



желде  тұр»  дейді.  Жел  –  баянсыздықтың

символы. Желге үй салу тұрмақ, көзбен көріп,

қолмен ұстау да мүмкін емес. Сондай-ақ ақын

«нәпсі  үйі»  деген  тіркес  те  жасайды.  «Нәпсі

үйінде  байл аулы  ынсап  жатыр».  Нәпсі

Шәкәрімде  жан  иесі  сияқты  қуанады.  Нәпсіні

бұлайша  алу  көркемдік  тәсілмен  бірге,  оның

адамға  ықпалын  көрнекі  көрсету  үшін  қажет

болған. «Хақиқатқа көрмедім бір, Өз бойымды

сынатып»  жолдарынан  лирикалық  тұлғаның

ғапыл тірлігіне деген өкініші аңдалып қалады.



Хақиқат  –  зат  есімі  де  деректі  зат,  құбылыс

ретінде  көрсету  арқылы  оған  мән  бермей

келгенін  аңдат ады.  Шәкәрім  «Үш  анық»

еңбегінде:  «Адам  ақиқатты  бас  көзімен



көрмейді, ақыл көзімен көреді» дейді. «Бір күн

арақ  ішіп  едім,  Түсті  Жарым  ойыма»  деген

жолда арақ – ақыл болып табылады. Арақ ішу

ақылға  салып  ойлану  болса,  Жар  –  хақиқат.

Лирикалық  тұлғаның  ақыл  көзі  ашылып

хақиқатты  таниды.  «Терең  ойға  түсіп  едім,

Кетті мастық улатып».

  Ой дерексіз зат есімі

терең  эпитетімен  келген.  Терең  сөзі  қазақ

тілінде терең су, терең сай сияқты деректі зат

есімдерімен  тіркес еді.  Терең  ой  тірке сі

Шәкәрімде  хақиқатты  іздеумен  байланысты

қолданылған. Яғни терең ой тек таза ақылдан

шығады.  Мастық  –  сөзі  астарлы  мағынада

келгенде  ойға  берілу  болып  табылады.  Тура

мағынасында  арақ,  есірткі  сияқты  заттарды

пайдаланудың  нәтижесінде  ес-ақылдан

айырылу.  Шәкәрім  мастық  сөзін  қолдану

арқылы әдеттегі дүние мұратын ойлаудан басқа

ерекше күйге түскенін аңдатуды мақсат еткен.



Улату  етістігі  де  ауыспалы  мағынада  келген.

Яғни терең ой әсерінің аса күштілігін танытып,

лирикалық  тұлғаның  бастан  кешкен  күйінің

сезімге  әсерін,  экспрессивті-эмоционалды

бояуын қалыңдата түскен. Әрі ула – етістігінің

  өзгелік  етіс  жұрнағында  келуі  де  кездейсоқ

емес.  Мастық  жан  иесі  сияқты  көрсетіліп

лирикалық  тұлғамен  диалог  құрады.  «Өмір  –

айлаң,  Не  бітірді  қыл  есеп»  дейді.  «Өмір  –

айлаң»  –  метафоралық  қолданыс  болып  тұр.

Сол арқылы лирикалық тұлғаның бұрын  өмір

деп  жүргені  нәпсі  қалауын  қанағаттандыруға

құрылған айла ғана екенін көрсетеді. Айланың

әрекеті  қиянат  қана.  Сондықтан:  «Қанша

адамға  тиді  пайдаң,  Қанша

  момын



шулатып»,  –  дейді.  Риторикалық  сұраулы

сөйлем арқылы адамға еш пайдасы тимегенін,

момынды жылатқанын пайымдаймыз. Шулату

етістігі субъектінің біреу ғана емес, көп екенін

аңдатады.  Өйткені  шулау  –  амал-әрекеті

бірнеше субъектінің қатысуымен жүзеге асады.

Шын мәнінде, лирикалық тұлғаның мінін бетіне

басып, сынап тұрған өзі, өз ақылы, ары екенін

естен  шығармау  керек.  Дерексіз  ұғымдар

хақиқат,  ойды  сөйлету  арқылы  сын  жебесін

ұштап әсерін күшейте түсу мақсат етілген. Бұл

оқырманға  бағытталған  стилистикалық  тәсіл

болып табылады. Өйткені кез келген адам ары

алдында  есеп  беріп,  өз  мініне  жат  алдында

ұялғандай  ұяла  алмайды.  Шәкәрім  лирикалық

тұлғаның  рухани  арпалысын  беруде  адам

бойындағы әр түрлі қасиеттерді деректендіріп,

нәпсі, ақыл, ойды жан иесінше сипаттап қуанту,

сөйлету  арқылы  ширықтырып,  тартыс  әсерін

күшейткен. Адамның жан әлемін таныту үшін

де,  әрбір  жеке  категория,  ұғым,  түсініктерді

даралап,  сипатын  ашу  үшін  де  керек  болған.



«Көп  аруақ  келді  кіріп,  Көп  қиянат

қылғаным». Қазақ тілінде аруақ өлген адамның

рухы болып саналады. Қазақ дүниетанымында,

діни  наным-сенімінде  аруық  ерекше  орын

алады.  Мұсылман  саналғанмен  де  ата-баба

аруағына  табыну  қазақта  қалмаған.  Аруаққа

жарылқау,  қысылғанда  көмек  беру,  не  жазалау

сияқты  әдеттен  тыс  мистикалық  сипаттар

телінеді.  Осыған  байланысты  қазақ  тілінде



«аруаққа сыйыну», «аруақ шақыру», «аруақ

ат сын»,  «аруағын  күңіренту»,  «аруақ

қолдау»  сияқты  т.б.  тұрақты  тіркестер  бар.

Соқыр сенімге ерген халық аруақтан, құдайдан

қорыққаннан  бетер,  қорқады.  Сондықтан  да

аруақ  сөзінің  экспрессиясы,  сезімге  әсері

төтенше  күшті  болады.  Қорқыныш,  үрей

тудырары сөзсіз. Әрі аруақ өліммен байланысты

болып  тұр.  Кісі  өлтіру  үлкен  күнә  болып

есептелумен бірге, аруағы келіп кек қайтарады

деп сену де бар. Аруақ өлтірген адамдарының

аруағы деген ой да қылаң беріп, жан шошытары

сөзсіз.  Өлеңде  аруақ  тура  мағынасында  емес,

ауыспалы мағынада ар-ұят ұғымын береді. Әрі

ол  –  басқаның  емес,  лирик.  тұлғаның  ары.



ШӘКӘРІМТАНУ

2014 №1 (22)

12

«Кетті  бетке  бір  түкіріп,  қақырықпен

сулатып». Қазақта «бетке түкіру» моральдық

жазаның ең ауыры болып саналады.  «Жаным



арымның садағасы» деген қазаққа өлімнен де

ауыр  жаза.  Отанын  сатқан,  жазықсыз  кісіні

өлтірген, зинақорлық жасаған не діннен безген

адамның  ғана  бетіне  түкіреді.  Демек  «бетке



түкіру»  әбден  масқара  болғанын,  ел  бетіне

қарағысыз  екенін  көрсетеді.  Әрі  жай  түкірік

емес, қақырық болса, жиреніш сезімін тудармай

қо ймайды. 

Лирикалық 

тұлға 


өзінің

психологиялық ахуалын: «Қиянатпен қылған



ісім,  Көңіліме  түсті  де,  Жанды  ішім,  кетті

күшім, Неге қойсын шыдатып» жолдарынан

анық аңғарылады. Ар отына күйіп, іші жанады.

Жану оттың әсерінен болатын ескерсек, рухани

азаптың  қаншалықты  күшті  екенін  аңдаймыз.

Таза ақылмен қылған ісін ар таразысына салған

лирик.  тұлға  өз  жанын  азапқа  салады.  Бай

ұсынғандығы  сонша:  «Тіпті  айықпа,  сорлы

басым, Мен арақтың құлымын». Сорлы сын

есімінің  заттық  мағынасынан  гөрі  мүсіркеу,

есіркеу сияқты коннатациялық мағынасы күшті

болады. Ақын да сөздің осы ерекшелігіне салмақ

салады. Іші жанып жатса да, алған бетінен бой

тартпайды.  Құл  сөзі  басыбайлы  тәуелділікті

білдіреді. Арақтың құлы, яғни ақылдың құлы

болса, ол жолдан қайту лирикалық тұлғаның өз

еркінде емес. Осы жолда, неге де болса, көнеді.

«Ойды  қанмен  бұлатып»  –  Шәкәрім

қаламынан  туған  соны  тіркес.  Қан  –  азап

символы болса, бұлау етістігінің де әсері күшті.

Қазақ  тілінде  «көзін  жасқа  бұлау»  деген

тұрақты  тіркес  көз  жасының  шектен  тыс  көп

төгілгенін көрсетіп, қатты азап, қайғыдан хабар

береді. Шәкәрім айтып тұрғаны ой азабы, қайғы

болып тұр. Осынша ұшы-қиырсыз азапқа түсуді

көрсетудегі мақсат не? Ол – таза ақыл мен арды

ұлықтау.  Лирикалық  тұлғаның  барлық  мінін

қазған – таза ақыл, рухани азапқа салған – ары.

Адамның ең ұлы қасиеті де – таза ақыл мен ары.

Ендеше, бар мінін бетіне басуға, азапқа салуға

да  хақылы.  Рухани  т азару  таза  ақылдың

таразысына  түспей,  ардың  азабына  күймей

мүмкін болмайды. Сонда ғана хақиқат ашылады,




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет