Issn 2518-7236 Индексі 74621 Индекс 74621 Қ ар ағ анд ы уни вер си тетiнiң


Археологиялық зерттеулердегі ғылыми-білімдік ресурстар



Pdf көрінісі
бет9/25
Дата06.03.2017
өлшемі6,78 Mb.
#7925
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25

Археологиялық зерттеулердегі ғылыми-білімдік ресурстар: 
XIX ғасыр жазба дереккөздеріндегі Қазақстан 
Мақалада  Қазақстанның  археология  бойынша  ХІХ  ғ.  жазба  дерек  көздеріндегі  мəдени  мұрасының 
электрондық каталогы мен толық мəтінді мəліметтер базасын құру мəселелері қарастырылған. Виртуалды 
ортаның  дамуымен  мəліметтерді  шұғыл  іздестіру,  деректерді  қайта  өңдеу  жəне  қажетті  деректерге 
қашықтықтан қол жеткізуді ұйымдастыру жаңа ақпараттық технологиялар негізінде іске асырылды. 
 
A.S. Kasymbekov, E.E. Alzhanova  
Scientific and educational resources in archaeological research:  
Kazakhstan in the written sources of the XIX century 
The article discusses the creation of electronic catalogs and databases of full-text electronic Resources of Ka-
zakhstan cultural heritage in written sources of the XIX century of archeology. The development of the virtu-
al environment and the organization of operational research, data processing and remote accessto the neces-
sary sources are carried out,based on new information technologies.  
 
 
References 
1  Mezhov V.I. Turkestan collection-systematic and alphabetical index of essays and articles on Russian and in foreign lan-
guages, 1, Saint Petersburg, 1878, 150 p. 
2  Gorshenina S., d’Anke von Kügelgen. Le Recueil turkestanais de Mežov: l’utopie d’une somme exhaustive des connaissances 
sur l’Asie centrale, in Études Asiatiques, LXV, 2011, 3, p. 625–659. 
3  Kasymova A.G. Turkestan collection of scientific papers, Tashkent: Fan, 1985, 49 p. 
4  Private Collections of Russian Turkestan in the Second Half of the 19th and Early 20th Century // ANOR-15 (Institut für 
Orientalistik, Halle, Mittelasien wissenschaft Humboldt-Universität, Berlin, and University of Lausanne), Berlin: Klaus Schwarz 
Verlag, 2004, 205 p. 
5  Betger E.K. Works  of the Academy of Sciences of the Tajik SSR, V. XVII, 1953, 348 p. 
6  Kasymbekov A., Baktybaev M. Collection of reports at Republican scientific-practical conference «O.Zhanibek’s reading – 
2016», Turkistan, 03.03.2016, 363 p. 
7  Kasymbekov A. Bull. of Sh.Esenova Caspian State University of technologies and engineering, 2012, 2 (33), 131–136 р. 
8  Rakhmatullaev M. Information Technologies and Telecommunications. Abstracts republics. Scientific and Technical Conf.
p. 1, Tashkent. Tuit. March 14–15, 2014, р. 191–193. 
9  Ercan T. Effective use of cloud computing in educational institutions, Procedia-Social and Behavioral Sciences, 2 (2): 938–
942, doi: 16 // j.sbspro. 2010.03, 130 р. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Серия «История. Философия». № 4(84)/2016 
69 
ƏОЖ 327
 
 
З.А. Какенова
1
, Х. Садри

1
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана; 
2
Орталық Флорида Университеті, АҚШ 
(E-mail: z_kakenova@mail.ru) 
АҚШ пен Қытайдың Орталық Азияға қатысты сыртқы  
саясатының трансформациясы 
Мақалада АҚШ пен Қытай сияқты халықаралық қатынастарда жетекші орын алатын елдердің сыртқы 
саясатындағы  Орталық  Азия  аймағының  алатын  орны  қарастырылды.  Аталған  мемлекеттердің 
қатынастарының  даму  тарихы  мен  аймақтағы  мүдделердің  эволюциясы  талданған.  АҚШ  пен 
Қытайдың  аймақ  елдеріне  қатысты  сыртқы  саясатындағы  басым  бағыттары  анықталды. 
Мемлекетаралық  қатынастардың  экономикалық,  энергетикалық  салаларына  айрықша  көңіл  бөлінді. 
АҚШ-тың  Жаңа  Жібек  жолы  мен  Қытайдың  Жібек  жолы  экономикалық  белдеуі  тұжырымдамалары 
қарастырылды. 
Кілт сөздер: Орталық Азия, сыртқы саясат, Жаңа Жібек жолы, экономикалық мүдде. 
 
Қазіргі халықаралық қатынастарда жаһандық үдерістер мен күштердің шығысқа қарай жылжуы 
байқалады.  Осыған  орай,  халықаралық  қатынастардың  негізгі  акторлары  əлемнің  бұл  аймақта 
жетекші ролін бекітуге тырысады. Бұл аймақтың өзінде-ақ, аймақтық шиеленістер, энергоресурстар 
мен  оларды  тасымалдау  жолдарына  бақылау  орнату,  экономикалық  жетекшілікке  бəсекелестік 
сияқты  аймақтық  мəселелер  де  өршуде.  Бұл  орайда  қазіргі  уақытта  ресурстарға  бай,  əрі  Ауғанстан 
сияқты  тұрақсыздық  ошағымен  шекараласатын,  Еуразия  құрлығында  батыс  пен  шығысты,  оңтүстік 
пен  солтүстікті  байланыстыратын  Орталық  Азия  аймағының  геосаяси  маңыздылығы  артуда. 
Сонымен  қатар  Орталық  Азияның  халықаралық  қауымдастық  алдында  тұрған  Ауғанстанды 
тұрақтандыру,  терроризм  мен  экстремизмнің  кеңеюінің  алдын  алу,  есірткінің  заңсыз  айналымын 
тоқтату сияқты жаһандық өзекті мəселелерді шешудегі ролі зор.  
Тарихи тұрғыдан халықаралық, саяси қатынастар жүйесіндегі Орталық Азияның маңыздылығы 
бұл аймақтың геосаяси факторымен анықталған. Тіпті географиялық ашулардан бұрын Орталық Азия 
Ұлы  Жібек  жолы  арқылы  Қиыр  Шығыс  елдерін  Еуропа,  Таяу  Шығыс  пен  Оңтүстік  Азия  елдерін 
байланыстыратын Еуразия құрлығының өзегі болды. Кезінде Орталық Азия аймағында Ресей, Осман 
жəне  Британ  империяларының  да  мүдделері  тоғысқан.  Бұл  елдердің  өзара  кірігуі  мен  мүдделерінің 
тоғысуын «Үлкен ойын» деп атап кеткен. Ағылшындықтар болса, аймақтағы олардың əскери болуын 
«бүкіл  əлемді  бақылауға  мүмкіндік  береді»  деп  санаған.  Сол  уақытта  Ресей  мен  Британ 
империяларының мəмілеге келуінен кейін бұрындары бірегей тарихи, географиялық аймақ ықпал ету 
аймақтарына бөлініп, ХХ ғасырдың аяғына дейін өзінің геосаяси маңыздылығынан айрылды.  
ХХІ  ғасырда  халықаралық  қатынастарда  өркениеттік  фактордың  маңыздылығы  ұлғаяды. 
«Өркениеттер қақтығысы» тұжырымдамасының авторы С.Хантингтон, халықаралық қатынастардың 
болашақтағы жағдайын əлемдегі аса ірі өркениеттер арасындағы шиеленіспен байланыстырады. Осы 
орайда  Орталық  Азияның  қытай,  үнді,  парсы,  түрік  сияқты  əлемдік  өркениеттер  тоғысында 
орналасуын  ескермеуге  болмайды.  Сонымен  қатар  аймақ  этностық,  демографиялық,  діни  жəне 
мəдени көптүрлілігімен сипатталады. Аймақтың геосаяси сипатын айта келе, оның территориясының 
көп  бөлігін  ислам  фундаменталистері  өздерінің  «Ұлы  Халифатына»  енгізгенін  де  атап  өту  қажет. 
Терроризм  жəне  террористік  топтардың  бұл  аймақтағы  əрекеттері  де  Орталық  Азия  қауіпсіздігіне 
нұқсан келтіруі мүмкін [1; 25].    
Орталық Азия аймағының геосаяси маңыздылығына ықпал ететін тағы да бірден бір фактор — 
аймақтың  табиғи  байлықтары.  Тəуелсіздікке  қол  жеткізгеннен  кейін  энергоресурстар  мен  пайдалы 
қазбаларға бай аймаққа Қытай, АҚШ, еуропалық мемлекеттердің коммерциялық қызығушылықтары 
бірден  арта  түсті.  Аймақта  дəстүрлі  түрде  үлкен  ықпалға  ие  Ресей,  тəуелсіздіктің  алғашқы 
жылдарында  өзінің  позициясын  салмақты  экономикалық  жəне  саяси  жобалармен  бекіте  алмады. 
Осылайша, Орталық Азия территориясында жаңадан «үлкен ойын» орын алды. Бұл ойынға аймақтық 
акторлармен қатар, аймақтан тыс АҚШ сияқты əлемдік державаның да араласуы да сөзсіз.    

З.А. Какенова, Х. Садри 
70 
Вестник Карагандинского университета 
Орталық  Азияға  қатысты  АҚШ-тың  геосаяси  мүдделерінің  трансформациясын  шартты  түрде 
бірнеше  кезеңдерге  бөліп  қарастыруға  болады. 90-жылдардың  басында  Орталық  Азияға  қатысты 
АҚШ  мүдделерін  американдық  саяси  аналитик  Грэм  Фуллер  Американың  аймақтағы  мүдделері 
шектеулі  деп  сипаттайды.  Бұл  уақыттағы  АҚШ-тың  мүдделерін  бірнеше  мəселелер  төңірегінде 
қарастыруға  болады.  АҚШ  аймақтағы  мүдделерін  Орталық  Азия  елдері  мен  Ресей  арасындағы 
қатынастарымен тығыз байланыстырған. АҚШ үшін Ресей өзінің көлемі, халқы саны, экономикасы, 
табиғи  ресурстар,  əскери  күші  жəне  жалпы  халықаралық  ықпалы  тұрғысынан,  əрине,  посткеңестік 
кеңістіктегі  аса  ықпалды  мемлекет  боп  қала  берді.  Орталық  Азия  мемлекеттері  Ресейдің  саясатына 
қаншалықты  ықпал  ете  алатын  болса,  соншалықты  бұл  елдер  АҚШ  мүдделеріне  сай  келетін  еді. 
Бұл орайда,  Фуллердің  пікірінше,  аталмыш  республикалардың  саясаттары  Ресейдің  экспансионизм 
немесе  авторитаризм  сияқты  тенденцияларына  жанама  түрде  ынталындыруға  немесе  жұмсартуға 
ықпал  ете  алады.  Егер  бұл  елдер  экономикалық  не  басқа  да  салаларда  жергілікті  орыс  халқын 
кемсітетін  болса,  не  Ресейге  қауіп  төндіретін  болса,  олар  Ресей  тарапынан  агрессивті  жауап  алуы 
мүмкін деген ойға келеді. Сондықтан да ол екі тарап жағынан бейбіт конструктивті қатынастардың 
дамуы жалпы аймақтық қатынастарға тигізетін оң салдары болмақ деп түйеді [2; 77]. 
Орталық  Азияға деген  көршілес жатқан  аймақтық  державалардың  ықпалы  да  АҚШ  тарапынан 
алаңдаушылық  туғызды.  Атап  айтқанда,  аймақ  елдерінің  Түркия,  Иран,  Ауғанстан  жəне  Қытай 
сияқты  елдермен  қатынастарын  дамытуы  маңызды  факторлардың  бірі  болды.  Бұл  орайда  Түркия 
аймақтағы  конструктивті  позициясына  ие  болған  мемлекеттердің  бірі  болды.  Түркия  жаңадан 
қалыптасып  келе  жатқан  əрі  мəдени  жағынан  түріктерге  жақын  Орталық  Азия  елдері  үшін  өзінің 
батысқа  бағытталған  көзқарастарымен,  демократиясымен,  зиялылығымен,  тұрақтылығымен 
мемлекетті дамытудың оңды моделі еді. Иранға келетін болсақ, американдықтардың пікірінше, бұл 
Ресейден  кейінгі  Орталық  Азияға  маңыздылығы  бар  мемлекеттердің  бірі.  Иран,  геосаяси  жағынан, 
Парсы шығанағы елдері, Түркия жəне Батыс мемлекеттерімен құрлық байланысын ашатын бірден бір 
мемлекет [2; 6]. 
АҚШ-тың 90-жылдары  Орталық  Азия  мемлекеттеріндегі  тағы  бір  қызығушылығы  ядролық 
қаруды  таратпау  мəселесімен  байланысты  болды.  Қазақстан  территориясында  орналасқан  ядролық 
материалдарды шығару мəселесін шешуге АҚШ Нанн-Лугар бағдарламасы аясында бірталай жəрдем 
көрсеткен еді. Ядролық таратпау мəселесі АҚШ пен Қазақстан арасындағы қатынастарда елеулі орын 
алған  мəселелердің  бірі  болды.  Сонымен  қатар  бұл  мəселе  екі  жақ  тарапынан  жоғары  деңгейдегі 
келіссөздерде  бірталай  талқыланған. 2010 ж.  Вашингтонда  ядролық  қауіпсіздік  мəселелеріне 
арналған  алғашқы  саммит  өтеді.  Бұл  жəне  келесі  жылдары  Сеул,  Гаагада  өткен  саммиттердің 
жұмысына  Қазақстан  мен  АҚШ  қатысып,  ядролық  қауіпсіздік,  ядролық  материалдардың 
жылыстауын  алдын  алу  сияқты  мəселелер  талқыға  салынған  болатын.  Мұндай  қатынастар 
нəтижелерінің  соңғысы 2016 жылдың 31 наурызында  Қазақстан  мен  АҚШ-тың  ядролық  қару 
таратпау жəне ядролық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мəлімдемесіне қол 
қоюы  болып  табылады.  Құжатта  тараптар  екі  мемлекеттің  ядролық  материалдарын  сақтау 
қауіпсіздігін арттыру үшін қабылдап жатқан нақты кешенді шараларын атап көрсетіп, осы салада іс 
жүзіндегі өзара ықпалдастықты жалғастыруға деген ұстанымдарын растайды [3]. 
Орталық  Азиядағы  АҚШ-тың  экономикалық  мүдделерінің  орнын  бөлек  атап  өту  керек. 
Бұл саладағы  қызығушылықтарына  келетін  болсақ,  олар  негізінен  аймақтың  шикізат  көздерімен 
байланысты.  Осы  орайда  Қазақcтанның  мұнай  мен  оны  тасымалдау  мүмкіндіктері  мен 
Түркіменстанның газ қорларының АҚШ үшін маңыздылығы артты. Бұл уақыт аралығында Орталық 
Азия территориясында американдық энергетикалық компаниялар өздерінің жұмысын бастайды. Билл 
Клинтонның президенттік мерзімінен кейін, 2001 жылдың қаңтарында Джордж Буш президенттікке 
келеді. Оның кабинетінің ортасындағы адамдар негізінен мұнай өндірісі саласында жұмыс атқарған 
адамдар  болатын.  Вице-президент  Дик  Чейни,  жетекші  əлемдік  геофизика  жəне  мұнай  өндірісі 
саласындағы Halliburton. Inc. компаниясында  бас  атқарушы  қызметін  атқарды.  Ұлттық  қауіпсіздік 
бойынша кеңесші Кондолиза Райс Шеврон корпорациясында қызмет атқарған. Яғни, Буш əкімшілігі, 
энергетикалық  қауіпсiздік  мəселелеріне  көп  назар  аударған  болатын.  Мұнай  жəне  геосаясат 
мəселелері Вашингтон саясатының ортасына қайтадан оралды [4; 30]. Бұл орайда АҚШ-тың Орталық 
Азияға  деген  ниеті  жөнінде  де  ұлттық  қауіпсіздік  стратегиясында  энергетикалық  қауіпсіздік 
тұрғысынан  қарастырылады.  АҚШ-тың  сыртқы  саясатының  өзекті  мəселелері  мен  бағыттарын 
анықтайтын құжат АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясы боп табылады. АҚШ-тың 2000 жылғы 
ұлттық қауіпсіздік стратегиясының энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында АҚШ-тың 

АҚШ пен Қытайдың Орталық… 
Серия «История. Философия». № 4(84)/2016 
71 
Батыс  жартышары,  Африка,  Орталық  Азия  жəне  Каспий  аймағында  орналасқан  одақтастырының, 
сауда  əріптестерінің,  энергия  өндірушілерінің  жаһандық  экономиканың  ортақ  өркендеуін  нығайту 
көзделген [5; 20]. 
Бұл стратегиялардағы Орталық Азиядағы энергоресурстары американдық əріптес мемлекеттерге 
тасымалдау  тұрғынысынан  ғана  қарастырылған.  АҚШ  аса  қуатты  капиталистік  мемлекет  жəне 
жаһандық өндіріс құрылымында үстемдігі бар болғандықтан, тауарлар мен қызметтер үшін əлемдік 
нарықтарды кеңейтуге тырысады. Мысалы, еркін сауда келісімдерге сəйкес, əдетте, дамушы елдерді 
өздерінің  шикізаттарынан  пайдалануға  дайын  тауарларды  өндірмей-ақ,  бұл  шикізат  көздерін дайын 
тауарларды  дайындай  алатын  дамыған  мемлекеттерге  жіберуге  мəжбүрлейді.  Сондықтан  да 
жаһандық  еркін  нарықтарды  дамыту  АҚШ-тың  саяси  шешім  қабылдау  элиталарының  өміршең 
стратегиясы  боп  табылады.  Бұл  орайда  Эндрю  Басевич,  АҚШ  «ашық  əлем»  немесе  «еркін  əлем» 
сияқты саясатын ұсынғанда, АҚШ өзінің технологиялары жағынан артықшылықта, ал американдық 
əскери күш тəртіпті сақтап, ережелердің орындалуын бақылайды деген сенімде [6; 6]. 
2001 жылғы оқиғалар АҚШ-тың тек аймақтық саясатына ғана емес, жалпы жаһандық саясатына 
бірталай  өзгерістер  енгізді.  АҚШ  қауіпсіздік  стратегиясында  жаһандық  терроризммен  күрес, 
террористік шабуылдардың алдын алу, терроризммен күресте одақтастықтарды жасау, жаппай қырып 
жою  қарулардың  таралмауы  мен  бұл  қаруларды  қауіпсіздікке  қатер  келтірмеуі,  Американың 
қауіпсіздік  институттарын  ХХІ  ғасыр  шиеленістеріне  қарсы  түру  үшін  трансформациялау  сияқты 
мəселелер алдынға орынға қойылады [7; 2]. 2002 жылдан бастап əлемде болған өзгерістерді саралай 
отырып, АҚШ Грузияда, Украина жəне Қырғызстандағы «түсті революциялар» Еуразия кеңістігінде 
бостандық үшін жаңа үміттер əкеледі деп қорытындылайды [7; 2]. 
Орталық  Азия  аймағында  өз  мүдделерін  көздеген  аймақтық  алпауыт  елдердің  бірі — Қытай. 
Қытай  көптеген  себептерге  байланысты  жергілікті  мемлекеттермен  конструктивті  өзара  ықпалдасу 
механизмдерін  қалыптастыруға  қызығушылығын  танытуда.  КСРО-ның  ыдырауы  Орталық  Азия 
республикаларының  тəуелсіздіктерін  алуларына  əкелді.  Нəтижесінде  Қытай  өзінің  шекараларының 
солтүстік-батыс бөлігінде жаңа мемлекеттермен беттесті. Мемлекеттер арасындағы шекара мəселесі 
əлі  шешілмеген  еді,  ал  Орталық  Азияның  жаңа  мемлекеттеріндегі  саяси жағдайдың  тұрақсыздануы 
Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр автономды аймағына шиеленіс əкелуі мүмкін еді.  
90-жылдардың басында Орталық Азия елдері тəуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін  мемлекеттің 
тəуелсіз екендігін дəлелдер ерекшеліктердің бірі аумақтық тұтастық белгісі болып табылатын көрші 
елдермен  мемлекеттік  шекараларын  белгілеу  үдерісі  басталды.  Мұнда  Қытай  өзінің  аймақтағы 
сыртқы саясатының басты мақсаттары ретінде Орталық Азияның көршілес жатқан елдерімен шекара 
мəселелерін  шешу  мен  мемлекеттік  шекара  туралы  келісімдерге  қол  қою  мəселелерін  қарастырды. 
Жалпы  Қытай  мен  көршілес  жатқан  Орталық  Азия  елдерінің  шекара  мəселесі  Ресей  патшалығы 
кезінен өзінің шешуін күткен мəселелердің бірі еді. Көптеген онжылдықтар бойы кеңес жəне қытай 
коммунистік партиялары арасындағы күрделі қатынастар аталған мəселелерді шешуге бөгет болып, 
аяғында  бұл  мəселелер  жаңа  тəуелсіз  мемлекеттердің  мұрагерлігіне  өтті.  Қытайдың  Қазақстан, 
Қырғызстан  жəне  Тəжікстан  елдерімен  шекараларын  анықтау  мəселесі  кеңес  режиміне  қарағанда 
əлдеқайда тез əлі бейбіт өтті. Сонымен, Қытай шекаралары туралы келісімдерге Қазақстанмен 1994, 
Қырғызстанмен 1996, ал  Тəжікстанмен 2002 жылдары  қол  қояды.  Атап  өтетін  жайт,  кей  даулы 
аймақтардың  заңды  мəртебелері  бірнеше  жылдар  өткеннен  кейін  ғана  күрделі  келіссөздер 
нəтижесінде бекітілген еді. Мысалы, 2002 жылдың 10 мамырында Пекинде Қ. Тоқаев пен Т.Цзянсюан 
Қазақстан  Республикасы  мен  Қытай  Халық  Республикасы  Үкіметтері  арасында  Қазақ-Қытай 
мемлекеттік  шекарасын  демаркациялау  туралы  хаттамаға  қол  қойды.  Осылайша,  Қазақстан  мен 
Қытай  арасындағы  шекара  мəселесі  үш  ғасырлық  ұзақ  мерзімді  қамти  отырып,  ХХІ  ғасырда  оң 
шешімін тапты [8; 42]. 
Алғашқы  кезде  Қытай  өзінің  батыс  аймағындағы  жағдайдың  тұрақтануына  мүдделі  болды. 
Бұл өз  кезегінде  сепаратизм  мен  экстремизм  сияқты  мəселелермен  күресті  білдірген  еді.                   
90-жылдардың аяғына қарай Ауғанстанда талибтердің жəне Орталық Азия елдерінде исламистердің 
белсендеуі  мəселені  терорризммен  күрес  өлшеміне  көшірді.  Бұл  орайда  қаупсіздік  мəселесін  шешу 
мақсатында 2001 ж.  Шанхай  ынтымақтастық  ұйымы  құрылды.  АҚШ-тың  Ауғанстандағы 
антитеррористік операциясы Орталық Азиядағы күштердің жаңадан орналасуына əкелді. Террористік 
қауіптің өсуі аймаққа деген əлемдік жəне аймақтық державалардың қызығушылық танытудың соңғы 
себебі болған жоқ.  

З.А. Какенова, Х. Садри 
72 
Вестник Карагандинского университета 
Аймақ  табиғи  ресурстарға,  əсіресе  көмірсутектерге  бай.  Экономиканың  жедел  дамуы 
жағдайында  ҚХР  өзінің  энергетикалық  қауіпсіздігі  мəселесін  шешуге  мүдделі  болды.  Сондықтан 
Орталық Азия отын импорттауды диверсификациялаудың аса əлеуетті бағыты боп көрінді.  
2000-жылдардың басындағы Қытайдың Орталық Азияға қатысты саясаты Пекиннің қатысуымен 
аймақтық  өзара  ықпалдастық  институттар  мен  механизмдердің  қалыптасуымен,  əрі  Қытайдың 
белсенді  экономикалық  қатысуымен  сипатталады.  Қытайдың  аймақтағы  экономикалық 
белсенділігінің  негізгі  аспекттері  негізінен  сауда  жəне  энергетика  салаларымен  тығыз  байланысты 
болды.  Қытайдың  энергетикалық  қауіпсіздік  стратегиясын  қамтамасыз  етудің  маңызды  құрамдас 
бөлігі «сыртқа шығу» саясаты боп табылады. Бұл қытай технологиялары мен капиталын пайдалана 
отырып,  шетелдік  кен  орындарын  игеруді  білдіреді.  Бұл  саясат  негізінен  көршілес  жатқан 
мемлекеттерге  бағытталған,  себебі  Ресей,  Қазақстан  жəне  Орталық  Азия  мемлекеттері  мұнай,  газ 
ресурстарына  бай.  Сонымен  қатар  бұл  мемлекеттер  достық  ниеттері  бар,  əрі  саяси  тұрғыдан  алып 
қарағанда  салыстырмалы  түрде  тұрақты  елдер  боп  келеді.  Сондықтан  да  Қытайдың  энергетикалық 
саладағы ұзақ мерзімді жоспарлары да бұл аймаққа қатысты болуы тиіс [9; 60]. 
Қытайдың  Орталық  Азия  елдерімен  қатынастарын  дамыту,  ең  алдымен,  бұл  елдің  өзінің 
энергетикалық қауіпсіздігін қамтамсыз ету мəселелерімен тікелей байланысты. Бұл орайда Орталық 
Азиядан ҚХР-ға энергоресурстарды тасымалдау Қытайдың аймаққа деген стратегиясының маңызды 
бағыты  боп  табылады.  Қарқынды  дамып  келе  жатқан  Қытай  экономикасы  елеулі  энергоресурс 
көлемін  қажет  етеді.  Бірақ  Таяу  Шығыстағы  шиеленістік  жағдай,  Иран  ядролық  бағдарламасы 
төңірегіндегі келеңсіз жағдай, теңіз жолдары арқылы минералды ресурстарды тасымалдаудағы қауіп-
қатер  мəселелері  Қытай  жетекшілері  тарапынан  шикізат  ресурстарының  жаңа  импорт  нарығын 
табуды  талап  етеді.  Мұндай  нарықтардың  бірі  ретінде  Қытай  Орталық  Азия  аймағын  қарастырады 
[10; 135].  
Қытайдың  энергетикалық  стратегиясының  «орталықазиялық  бағыты»,  қытай  сарапшыларының 
пікірінше,  бірнеше  факторлармен  байланысты.  Біріншіден,  мүдделердің  «өзара  толықтырылуы». 
Яғни  Орталық  Азия  үшін  өздерінің  мұнай,  газ  ресурстарын  игеру  үшін  инвестициялар  мен  өткізу 
нарығы  қажет  болса,  Қытай  өзінің  энергия  көздерін  диверсификациялауды  қажетсінеді.  Екіншіден, 
ортақ  шекаралардың  бар  болуы  мұнай-газ  ресурстарын  делдалсыз  тасымалдауға  мүмкіндік  береді. 
Қытайдың энергетикалық қауіпсіздігі үшін энергия тасымалдаушыларды Орталық Азияның жерүсті 
магистральды құбыр желілері арқылы тасымалы аса маңызды боп келеді. Үшіншіден, бұл Қытайдың 
Солтүстік-Батысын  дамыту  бағдарламасына  жəрдемдеседі.  Бұл  СУАР  халқын  жаңа  жұмыс 
орындарымен  қамтамасыз  ете  отырып,  аймақтағы  тұрақтылыққа  атсалысады.  Төртіншіден,  өзінің 
бейбіт  айналасын  қамтамасыз  ету  мен  Орталық  Азияға  деген  ықпалдастықты  кеңейту,  Қытайдың 
болашақтағы геосаяси мүдделерін іске асыруға мүмкіндік береді [11; 146].  
Осылайша, 20 жылдан  астам  уақыт  аралығында  Қытайдың  аймақтағы  саясаты  мен  мүдделері 
бірталай  өзгерістерге  ұшырады.  Басында  қауіпсіздік  жəне  шекараны  анықтау  мəселесін  шешуде 
белсенділік  танытқан  Қытай,  кейін  толыққанды  экономикалық  ынтымақтастыққа келді жəне  қазіргі 
уақытта аймақтағы жетекшілікке үміткер державалардың бірі боп табылады.  
АҚШ  та,  Қытай  да,  əрине,  Орталық  Азияда  өздерінің  нақты  мүдделерін  көздеуде.  Бұл  елдер 
аймақтағы  өздерінің  саяси,  экономикалық,  мəдени-гуманитарлы  үстем  ықпалын  бекіткілері  келеді. 
Мұндай  бəсекелестіктің  айқын  көрінісі  ретінде  соңғы  жылдары  АҚШ,  ҚХР  тарапынан  ұсынылып 
жатқан көпжақты жобаларын қарастыруға болады.  
Америка  Құрама  Штаттары  ұсынған  бағдарламаларға  келетін  болсақ,  біріншіден,  Жаңа  Жібек 
жолы  жобасын  атап  өту  қажет.  Бұл  жоба  Орталық  Азия  мен  Оңтүстік  Азия  арасындағы  сауда-
экономикалық, инфрақұрылымдық байланыстарын дамыту стратегиясы боп табылады.  
АҚШ
-тың Жаңа Жібек жолы жобасын 2011 жылдың 20 шілдесінде Мемлекеттік хатшы Хиллари 
Клинтон Үндістанның Ченнай қаласында сөйлеген сөзінде ұсынды. Х.Клинтон АҚШ Тынық мұхиты 
державасы боп табылатынын атай келе, Үндістанның Үнді мұхиты мен Тынық мұхиты арасындағы 
су  жолдарының  үйлестірушісі  екендігін  атап  өтті.  Сонымен  қатар  ол  бұл  екі  мемлекеттің  аймақ 
болашағын  қалыптастыруға  атсалысуын  көрсетті.  Бұл  жоба  Ауғанстан  арқылы  Орталық  жəне 
Оңтүстік Азияны байланыстыратын инфрақұрылымды қалыптастыру мен аймақтар арасындағы сауда 
қатынастарын  либерализациялауды  көздейді.  Х.  Клинтон  өз  сөзінде  тарихта  бұл  екі  аймақтың  бір-
бірімен  жəне  құрлықтың  басқа  да  аймақтарымен  Жібек  жолы  арқылы  байланысты  болғанын  атап 
өтеді. Сонымен қатар мемлекеттік хатшы Жаңа Жібек жолын құру мақсатында бірігіп жұмыс істеуге, 

АҚШ пен Қытайдың Орталық… 
Серия «История. Философия». № 4(84)/2016 
73 
яғни  жаңа  теміржолдарын,  автомобиль  жолдарын,  энергетикалық  инфрақұрылымды  бірігіп 
құрыстыруға шақырады  [12].  
Жалпы,  Жаңа  Жібек  жолы  тұжырымдамасын  Орталық  Азия  бойынша  аса  ірі  американдық 
зерттеушісі  Ф.  Старр  ұсынған  «Үлкен  Орталық  Азиядағы  ынтымақтастық  пен  даму  бойынша 
серіктестік»  идеяларының  жалғасы  деп  қарастыруға  болады.  Бұл  идеяға  сəйкес, «Үлкен  Орталық 
Азия» деп аталатын жаңа аймақтың пайда болуы аймақтың тұрақтылығы мен модернизациясына өз 
үлесін  қосады,  əрі  аймақтық  деңгейдегі  көлік  жəне  сауда  қатынастарын  қайта  құру,  орталығы 
Ауғанстанда орналасқан Орталық Азия маңызды экономикалық аймақ құрудың бірден бір тəсілі боп 
табылады [13]. 
Жібек  жолы  идеясы  бұл тұжырымдамадан  бұрын да  болған  еді. 1999 жылы  АҚШ  Конгресінің 
өкілдер палатасының қабылдауынан кейін «Жібек жолы стратегиясы туралы акт» құжатында заңды 
түрді бекітілген. 2006 жылдың мамыр айында Ауғанстандағы əскери іс-қимылдардың жаңа жағдайын 
ескере отырып, аталған актіге толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. АҚШ ішкі қорғау потенциалын 
дамыту  мен  Жібек  жолы  елдерінің  шекара  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  қажеттілігін  атап  көрсетті 
[14]. 
«Жаңа  Жібек  жолы»  бұл  Еуразия  кеңістігін  толығымен  қамтитын,  АҚШ-тың  экономикалық 
мүдделерін бекітуді мақсат етіп қоятын, АҚШ-тың Ауғанстандағы антитеррористік кампаниясының 
жетістігін  бекіту  мен  АҚШ-тың  кең  ауқымды  геостратегиялық  мақсаттарын  жүзеге  асыруға 
бағытталған  тұжырымдама.  Бұл  стратегияның  экономикалық құралдарына  келесілер жатады:  аймақ 
мемлекеттерін  əлемдік  қаржылық-экономикалық  үдерістерге  тарту  бойынша  американдық 
бастамалар  Орталық  Азия  аймағында  көліктік  коммуникацияларды  дамыту,  есірткіні  өндіру 
күресіндегі  аграрлық  саясатты  пайдалану.  Екінші  жағынан,  энергетика  саласындағы  көлік  жəне 
коммуникация  желілерін  дамытуға  басымдық  берілгендіктен,  Орталық  Азия  мен  Оңтүстік  Азияны 
байланыстыратын  оңтүстік  энергетикалық  жəне  көліктік  дəлізін  құрастыру,  аталған  мемлекеттерге 
əлемдік нарықтарға шығудың тағы бір жолын иемденуі мүмкін. Ауғанстан арқылы өтетін транзиттік 
көлік дəлізін ашуда бірталай алға басу байқалуда. Өзбекстан Хайратон-Мазари-Шариф бағытындағы 
Ауғанстан тарихындағы алғашқы теміржол құрылысын 2011 жылы аяқтаған болатын. Сонымен қатар 
өзбек  компаниялары  Ауғанстан  территориясында  Мазари-Шариф-Кабул  бағытындағы 11 көпірді 
салды [10; 130]. 
Дегенмен,  Жаңа  Жібек  жолы  тұжырымдамасын  толыққанды  іске  асыруын  бірнеше  факторлар 
күрделендіретін  сияқты.  Біріншіден,  АҚШ  капиталды  көп  қажет  ететін  көлемді  инфрақұрылымдық 
жобаларды  жүзеге  асыруға  қажетті  қаржылай  ресурстарды  бөлуге  асықпайды.  АҚШ-тың  ресми 
өкілдері  өздерінің  сөздерінде  көбінесе  бұл  жобаға  шетелдік  жеке  компаниялар  не  институттардың 
қаражат  көмегін  тарту  туралы  мəселелерін  қозғайды.  Сонымен  қатар  АҚШ  Ауғанстанның 
посткризистік  қайта  құру  мен  даму  мəселелерін  барынша  басқа  мемлекеттермен  жауапкершлігін 
бөлісуге  тырысады.  Бұл,  ең  алдымен,  жобаларды  қаржыландыру  мəселесімен  байланысты. 
Екіншіден, халықаралық коалиция əскерлерін шығару, елдегі қауіпсіздік жауапкершілігін жергілікті 
қауіпсіздік  күштеріне  беру,  Ауғанстандағы  жағдайдың  одан  əрі  ушығуына  əкеп  соғуы  мүмкін. 
Бұл фактор  өз  кезегінде  ірі  инфрақұрылымдық  жобалардың  іске  асырылуына  күмəн  туғызуда 
[10; 131]. 
Жалпы,  Жаңа  Жібек  жолы  тұжырымдамасы  АҚШ-тың  Орталық  жəне  Оңтүстік  Азия 
аймақтарының  қауіпсіздігін  экономикалық  тетіктер  арқылы  қамтамасыз  ету  мүдделерін  көрсету 
мақсатында дайындалған идея боп табылады.  
Жоғарыда  атап  өткендей,  соңғы  онжылдықта  Орталық  Азияның  Қытайға  деген  маңыздылығы 
артуда. 2013 жылғы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Орталық Азия елдеріне деген сапары Қытайдың 
аймақтағы  саясатының  өзгеруінің  айғағы.  Бұл  кезде  Қытай  тарапынан  Жібек  жолы  экономикалық 
белдеу  идеясы  туралы  айтылады.  Аймақтағы  басқа  да  державалардың  əрекеттеріне  жауап  ретінде 
Қытай  бастаманы  өз  қолына  алып,  стратегиялық  қайта  бағыттауы  туралы  мəлімдейді. 1996 жылы 
«Шанхай бестігінің» пайда болуынан кейін Орталық Азия елдерімен қатынастарды орнату мен бірте-
бірте  күшейту  ынтымақтастық  саясаты  тұжырымдамалық  негізде  Қытайдың  жаңа  ұзақ  мерзімді 
саясатын  ескере  отырып,  аймақта  экономикалық  белдеу  қалыптастырумен  байланысты  болды. 
Бұл Еуразия  құрлығында  көлік  инфрақұрылымын  қалыптастыру,  кедергілерді  жою  арқылы  өзара 
сауда көлемін арттыру, өзара экономикалық операцияларда ұлттық валюталар ролінің күшеюі сияқты 
мəселелердің  жүзеге  асуын  білдіреді.  Сонымен  қатар  Си  Цзиньпин  аймақ  мемлекеттері  арасында 

З.А. Какенова, Х. Садри 
74 
Вестник Карагандинского университета 
еркін сауда аймағын құру мүмкіндігін қарастыру мəселесін, мəдени жəне əлеуметтік байланыстарды 
дамыту мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды [15]. 
Қытайдың  Жібек  жолы  экономикалық  белдеуі  жобасын  ұсынудың  маңызды  факторы  ретінде 
Орталық  Азияның  геосаяси  маңыздылығы  мен  аймақтан  тыс  акторлардың  мүдделерін  атап  өтуге 
болады.  Мəселен,  АҚШ-тың  соңғы  жалдардағы  Азия-Тынық  мұхиты  аймағына  деген 
қызығушылықтарының артуы, Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия сияқты мемлекеттермен одақтық 
қатынастардың орнауы Қытай тарапынан ҚХР-ды стратегиялық қорғау саясаты ретінде қабылдануда. 
Сондықтан Қытай өзінің тікелей шекараласатын аймақтармен, оның ішінде Орталық Азия елдерімен 
тығыз қатынастар орнатуға мүдделі. Бұл жағдайда Орталық Азия елдерінің территориясы Қытай үшін 
Батысқа, Таяу Шығысқа шығуға мүмкіндік беретін жерүсті дəліз ретінде қарастырылуда [10; 134].  
Бұл  саладағы  ірі  отандық  зерттеушісі  К.  Сыроежкиннің  пікірінше,  Орталық  Азияға  қатысты 
Қытай  мен  АҚШ  арасындағы  қатынастар  ынтымақтастық  пен  бəсекелестік  қатынастар  ретінде 
сипатталады.  Қысқа  мерзімдегі  болашақта  АҚШ  пен  Қытайда,  экстремизм  мен  терроизммен  күрес 
мəселелері,  халықаралық  қатынастарда  тұрақтылыққа  қол  жеткізу,  энергоресурстарға  қауіпсіз 
жолмен  қолжеткізу,  экономикалардың  өзара  тəуелділігі  сияқты  ортақ  мүдделері  бар.  Бірақ  мұндай 
ортақ  мүдделер  негізінен  уақытша  сипатқа  ие [16; 305]. АҚШ  Қытайдың  таяу  болашақта  жетекші 
экономикалық  державаға  айналу  перспективасынан  қауіптенеді.  Американдық  сарашылардың 
бағалауы бойынша, Қытай 10–15 жылдан кейін АҚШ-тың жаһандық үстемдігіне бөгет болуы мүмкін. 
Жалпы  Орталық  Азия  мемлекеттері  жаңа  инфрақұрылымдық  нысандарды  салуға,  сауда 
байланыстарын  дамыту  мен  əлемнің  жетекші  елдерімен  тығыз  серіктестік  қатынастар  орнатуға 
қызығушылық  танытуда.  Кең  көлемді  жобаларды  қаржыландыру,  жаңа  балама  көлік  дəліздерін 
қалыптастыру  мен  шекаралас  елдермен  сауда-экономикалық  ынтымақтастықты  дамыту  Орталық 
Азия  елдерінің  ұлттық  мүдделеріне  сай  келеді.  Бірақ  қарама-қайшылықтарға  толы,  əлі 
үйлестірілмеген  жобаларды  іске  асыру  Орталық  Азиядағы  геосаяси  бəсекелестікті  одан  əрі 
күрделендіріп,  аймақтық шиеленістерді  ушықтыруы  мүмкін.  Сондықтан  Қытай  не  АҚШ  тарапынан 
Орталық Азия мемлекеттеріне ұсынылған жобалар ең алдымен, аймақ елдерінің мүдделерін ескеруі 
қажет,  жəне  де  бұл  жобаларды  іске  асырудың  қысқа  мерзімді  əрі  ұзақ  мерзімді  нақты  қадамдары 
бекітілуі тиіс деп ойлаймыз.  
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Huntington S.P. The clash of civilization? // Foreign Affairs. — 1993. — No. 72. — P. 22–49.   
2  Fuller E. Graham. Central Asia. The new geopolitics. — Santa Monica: RAND, 1992. — 86 р. 
3  Қазақстан  мен  АҚШ-тың  ядролық  қару  таратпау  жəне  ядролық  қауіпсіздік  саласындағы  ынтымақтастық  туралы 
бірлескен мəлімдеме. — [ЭР]. Қолжетiмділік тəртібі: http://www.akorda.kz/kz/events/international_community/foreign_v 
4  Iseri E. The U.S. Grand Strategy and the Eurasian Heartland in the Twenty-First Century // Geopolitics. — 2009. — No. 46. 
— P. 26–46. 
5  The National Security Strategy of the United States of America. — September. — 2002. — 32 р. 
6  Bacevich A.J. American Empire: The Realities & Consequences of US Diplomacy. — Harvard University Press. — 2002. — 
312 р. 
7  The National Security Strategy of the United States of America. — March. — 2006. — 54 р. 
8  Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. — Алматы, 2012. — 424 б. 
9  Медеубаева Ж.М. История формирования внешнеполитической доктрины Республики Казахстан (1991–2010 годы). 
— Астана: Мастер По, 2012. — 297 б. 
10  Умаров А.А. Стратегические инициативы США и Китая в Центральной Азии // Сравнительная политика. — 2015. — 
№ 1 (18). — С. 128–138. 
11  Семенова Н.К. Китайский энергетический вектор: значение ШОС и безопасность в Центральной Азии. — 2012. — 
№ 3. — С. 144–160. 
12  Remarks on India and the United States: A Vision for the 21st Century. — [ER]. Access mode: 
http://www.state.gov/secretary/20092013clinton/rm/2011/07/168840.htm. 
13  Starr F. A ‘Greater Central Asia Partnership’ for Afghanistan and its Neighbors. Washington: Central Asia-Caucasus Insti-
tute & Silk Road Studies Program, 2005. — 38 р. 
14  H.R. 1152 (106th): Silk Road Strategy Act of 1999. — [ER]. Access mode: 
https://www.govtrack.us/congress/bills/106/hr1152/text/ih.  
15  К  итогам  визита  Си  Цзиньпина  в  Центральную  Азию:  Казахстан. — [ЭР].  Қолжетімділік  тəртібі: 
http://carnegie.ru/2013/09/16/ru-pub-52988. 
16  Центральная Азия сегодня: вызовы и угрозы / Под общ. ред. К.Л. Сыроежкина. — Алматы: КИСИ при Президенте 
РК, 2011. — 456 с. 

АҚШ пен Қытайдың Орталық… 
Серия «История. Философия». № 4(84)/2016 
75 
З.А. Какенова, Х. Садри 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет