Issn 2518-7236 Индексі 74621 Индекс 74621 Қ ар ағ анд ы уни вер си тетiнiң


Личностные трагедии во время осуществления политических



Pdf көрінісі
бет5/25
Дата06.03.2017
өлшемі6,78 Mb.
#7925
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Личностные трагедии во время осуществления политических  
репрессий в Южном регионе 
О карагандинцах, подвергшихся репрессиям в Крае 
В  статье  отмечено,  что  объективное  содержание  и  субъективное  осмысление  прошедшей  эпохи 
массовых  политических  репрессий  будет  неполным  без  рассмотрения  судеб  отдельных  людей. 
На основе источниковой базы показано, что осуществление плана по массовым репрессиям датирует-
ся решением ЦК ВКП(б) от 2 июля 1937 г., которое предшествовало оперативному приказу № 00447, 
подписанному наркомом внутренних дел Н. Ежовым. Выделено, что согласно приказу должны быть 
репрессированы 268950 человек, к 75950 из них должна была быть применена крайняя мера наказа-
ния. Отмечено, что по Южно-Казахстанской области устанавливался план в 150 человек по первой ка-
тегории, 300 — по второй, среди которых были и 30 уроженцев Карагандинской области. 
 

Оңтүстік өңірдегі саяси… 
Серия «История. Философия». № 4(84)/2016 
39 
S.U. Bahtorazov  
Personal tragedy during the exercise of political repression  
in the Southern region 
About Karaganda subjected to repression in the region 
The objective content and a subjective interpretation of the past era of mass political repressions will not be 
complete without consideration of the fate of individuals. The author in the article on the basis of the sources 
shows that the implementation plan for the massive repression dates back to the decision of the Central 
Committee of the CPSU (b) of 2 July 1937, preceded by an order number 00447 signed by the People's 
Commissar of Internal Affairs N.Ezhovym according to which should be punished by 268,950 people, to 
75,950 from they have an extreme measure of punishment had to be applied. In the South - Kazakhstan 
region plan was established in 150 people in the first category, 300 people on the second, among whom were 
30 natives of the Karaganda region. 
 
 
References 
1  News of the Central Committee of the Communist Party of the Soviet Union, 1989, 10, 82 р. 
2  Archive of the President of the Republic of Kazakhstan (APRK), f. 708, in. 1, c. 53, sh. 112. 
3  Political repression in Kazakhstan in 1937–1938 years. Collection of documents, Almaty: Kazakhstan, 1998, 336 р. 
4  Baktorazov S. Kazakh history, 2005, 5, р. 67–70. 
5  From the history of the Polish people in Kazakhstan (1936–1956 yy.): collection of Documents, Almaty: Kazahstan, 2000, 
344 р. 
6  The Communist Party of Kazakhstan in the development of the socialist era, Almaty: Kazakhstan, 1983, 366 р. 
7  APRK F. 708, in. 1, c. 39, sh. 260. 
8  APRK F. 708, in. 1, c. 28, sh. 2–3. 
9  The State Archive of the South Kazakhstan region (SASKR), f. 759, in. 6, c. 351, sh. 25. 
10  APRK F. 708, in. 1, c. 39, sh. 157–252. 
11  SASKR F. 121, in. 1, c. 954, sh. 18. 
12  The People's Commissars of Kazakhstan. 1920–1946: Bibliographic reference book, Almaty: Kazakh State University Publ. 
2004, 498 р. 
13  The Book of sorrow. Shot list. In the South Kazakhstan, Almaty: Zerde, 1998, 295 р. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

40 
Вестник Карагандинского университета 
ƏОЖ 94 (574) 
Қ.Т. Бөдеев  
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
(E-mail: Bodeev-78@mail.ru) 
Қарағанды қаласындағы желтоқсан толқуы 
Мақалада  Қарағанды  қаласында  өткен  желтоқсан  толқуының  барысы,  толқу  аяқталғаннан  кейінгі 
жазалау шараларының жүргізілуі, сол  уақыттағы қоғамдағы  жалпы ахуал  қарастырылды. Қарағанды 
қаласында өткен толқуға қатысушылардың жай-күйі айтылды. Жазалау шаралары мен жазаланғандар 
тізімі  қарастырылып,  сұхбат  негізінде  сол  уақыттағы  кеңестік  биліктің  қуғындау  əрекеттерінің 
ХХ ғасырдың соңындағы бейнесі зерттелді. Толқудан зардап шеккендердің сұхбат негізінде алынған 
естелік-əңгімелері айналымға енгізілді. 
Кілт сөздер: тарих, желтоқсан толқуы, жазалау шаралары, саяси қуғын-сүргін, тəуелсіздік. 
 
Биылғы  жыл  қоғамда  ерекше  аталып  өтуі  тиіс  оқиғалардың  бірі — желтоқсан  толқуы. 
Үстіміздегі жылы 30 жыл толатын осы оқиға толыққанды зерттелді ме? Мемлекет тарапынан, қоғам 
мен қоғамдық ғылымдар тарапынан өз бағасын алды ма? Бұл оқиғаны қалай атауымыз керек? Оқиға 
ма?  Қозғалыс  па?  Көтеріліс  пе?  Осы  заңды  сұрақтарға  жауап  беру  мақсатында  аталмыш  мəселені 
зерттеуді  жөн  көрдік.  Толқуға  қатысқан  əрбір  адамның  алға  қойған  мақсаты,  өз  пікірі  болды. 
Қоғамдағы, адамдар бойындағы саяси өзгерістерді, науқанды өздері ұсына отырған билік қабылдауға 
қауқарсыз  болды.  Толқуға  қатысқан  жастар  кейінгі  жазалау  шаралары  нəтижесінде  қудаланып, 
болашақтарына балта шабылды.  
Желтоқсан  оқиғасынан  кейінгі  жағдайдың  қалай  өрбігенін  жақсы  білеміз.  Халқымызға 
«ұлтшыл» деген таңба басылды. Орталық баспасөз беттерінде қазақтың ұлттық ар-намысына тиетін 
мақалалар жиі басылды. Бұл науқанда орталық басылымдардан «өзіміздің» «Казахстанская правда», 
«Ленинская  смена»  газеттері  де  қалыспады.  Қазақ  көзге  түрткі  болып,  оның  басына  бұлт  үйірілді. 
Лауазымды  орындағы  қазақтарға  сенбеушілік  белең  алып,  оның  сол  орынға  қалай  жеткендігі 
астыртын  тексеріле  бастады.  Процентке  шағу  деген  пəле  пайда  болды.  Сол  кездегі  Қарағандыдағы 
табысы  мол  кəсіпорындар  қазақтарды  неліктен  жолатпайды  деген  мəселеге  көңіл  бөлінбеді.  Ондай 
орындардың  қазақтарға  есігі  жабықтығын  ешкім  қаперіне  де  алмады.  Қазақтың  тілі  отбасынан 
тысқары шыға алмады.  
Міне,  осы  жəне  басқа  қордаланып  қалған  жайларға  назар  аудармай,  қайта  тырнақ  астынан  кір 
іздеу  белең  алды.  Кеңестік  жүйе  тиістерге  жан  таба  алмай  шырқ  ұрды.  Шүкіршілік  ету  керек,  қай 
буында  болмасын  түйені  түгімен  жұтқан  қазақтар  табыла  қоймады.  Содан  да  болар,  кейбір  адам 
күлерлік, күнделікті тұрмыстық жайлар да ілік етіп алынып, ол баспасөзде жарияланып жатты. Басқа 
«ішіп-жегені»  болмағандықтан,  республикамызда  кей  қазақ  басшыларына  «пəтерлеріндегі  электр 
қуатына ақыны уақытылы төлемегендігі үшін» де партиялық жаза қолдануға дейін барды.  
Толқу  өткен  уақытта  ҚарМУ-дың  тарих  факультетінің  ІІ  курс  студенті  Б.  Несіпов  «Жалпы 
Қарағандыдағы  Желтоқсанды  ұйымдастырған  негізінен  юрфактың  жігіттері  болды.  Себебі 
Қарағандыдағы  оқиға  басталар  кезде  жатақханаларға  келіп,  обкомның  (қазіргі  əкімшіліктің  алды) 
алдына  жиналайық  деп  жігіттер  аралап  шақырды.  Өзінен-өзі  жастар  жинала  салған  жоқ  қой.  Бұл 
Оңтүстік  Шығыста.  Ал  қалада  əсіресе  белсене  қатысқан  Индустриалды  техникум,  Политехника 
институты жəне филология факультетінің жігіттері мен қыздары» [1] деп еске алады.  
Жазалау  шаралары  басталып,  жоғарғы  оқу  орындарындағы  студенттер  мен  оқытушы-
профессорлар  құрамына  шүйлігу  басталды.  Қазақтардың  негізінен  Қазақстандағы  жоғарғы  оқу 
орындары  болмаса,  сыртқа  баруға  көбінің  қолы  жетпейтіндігін  ешкім  түсінгісі  келмеді.  Сөйтіп, 
Қарағандының  жоғары  оқу  орындарындағы  оқытушы-профессорлардың  жəне  студенттердің  ұлттық 
құрамы  жіктеліп,  процентке  шағылып  шыға  келді.  Қазақстан  Компартиясы  облыстық  комитетінің 
мəліметінен: «Қарағанды  мемлекеттік  университеті,  Политехникалық,  Педагогикалық  жəне 
Кооператив  институттары  мен  Қарағанды  металлургия  комбинатының  жанындағы  Жоғары 
техникалық  оқу  орындарында  барлығы 32076 студент  бар,  оның 19415-і  күндізгі, 9063-і  сырттай, 
3598-і кешкі бөлімдерде оқиды. Осылардың 10930-ы орыс, немесе 34 процент, 13890-ы қазақ, немесе 
43,3  процент.  Күндізгі  бөлімде  орыс  саны 5941, немесе 30,6 процент, қазақ  саны 9682, немесе 49,9 

Қарағанды қаласындағы желтоқсан толқуы 
Серия «История. Философия». № 4(84)/2016 
41 
процент. Кешкі бөлімде орыс саны 1605, немесе 44,6 процент, қазақ саны 947, немесе 26,3 процент, 
сырттай оқыту бөлімінде орыс саны 9063, немесе 37,3 процент, қазақтар да сол шамалас, 36 процент» 
[2; 22]. 
Тиісті  орындардың  процентке  жүгінгенінен  ештеңе  шықпады.  Себебі  көрсеткіштерде  ештеңе 
жоқ  еді.  Содан  да  болар,  бұл  мəселе  бойынша  қудалауды  тоқтатты.  Тек  «оқытушы-профессор 
құрамының  саны  университет  пен  Кооператив  институтында  қазақтарға  ауыңқырап  кеткені» 
айтылды.  Сөйтсе  де  жоғарыдан  түскен  нұсқау  негізінде  желтоқсан  оқиғасына  қатысы  барларды 
қудалау,  оқудан  шығару  мен  жұмыстан  босату,  жазалау  шарасынан  ешкім  шет  қалмады.  Алдымен 
басты  соққы 19–20 желтоқсан  күндері  алаңға  шыққан,  ішкі  істер  органдарына  жеткізіліп,  аты-
жөндері қағазға түскендерге тиді. 
Қарағандыдағы 19–20 желтоқсан  күнгі  оқиғаға  қатысушылардың  бəрі  де  өзінің  оған  қатысына 
байланысты тиісінше жазаланды. Сотталғандар да болды. Көшеге шыққан жастардың əке-шешелері 
де назардан тыс қалмады. Олардың бала тəрбиесіндегі қателіктері беттеріне басылды, жиналыстарға 
салынды. Коммунист ата-аналар партиялық жаза алды. 
Аты-жөні тізімге ілінген алаңға шығушылардың ең сенімсіз дегендері сот залынан бір-ақ шықса, 
қалғандары  еңбек  ұжымының,  партия,  комсомол  ұйымдарының  талқысына  түсті.  Жоғарғы  оқу 
орындарынан  желтоқсан  оқиғасына  қатысы  барларды  қатаң  жазалау,  тіпті  оқудан  шығаруға  дейін 
бару қажеттігі талап етілді. 
Желтоқсан  оқиғасына  қатысушылардың  соңына  түсіп,  оны  қудалауға,  оң  жамбасқа  келсе,  сот 
алдында  жауапқа  тартуға  деген  ұмтылыс  белең  алған  сол  күндері  талайлар  жазықсыз  жапа  шекті. 
Баласы үшін ата-анасын жауапқа тартты, қызмет басында жүргендерді аудандық, қалалық, облыстық 
партия бюроларына салып жатты. Журналистер Амантай Сағындықов пен Зарқын Тайшыбаевтардың 
соңдарына  «балалары  желтоқсан  оқиғасына  қатысқан»  деп  шам  алып  түсті.  Партиялық  қатаң  шара 
қолданды.  Қарағандыдағы  желтоқсан  оқиғасына  қатысқан  бірнеше  адам  сот  алдында  жауапқа 
тартылды.  Соның  бірі  Қарағанды  жүк-автотранспорт  басқармасында  бухгалтер  болып  істейтін 
Р.М. Сəрсембекова  еді.  Сот  процесі  баршаға  жария  түрде  өтті.  Бұқаралық  ақпарат  құралдары 
«басбұзар» Сəрсембекова туралы жарыса жазды. Ресми органдар тарапынан берілген «Сот залынан» 
деген айдармен «Арандатқаны үшін жазаланды» деген шағын хабар облыстық «Орталық Қазақстан» 
газетінің 1987 жылғы 25 ақпандағы күнгі санында жарияланды. Онда «Қарағанды жүк-автотранспорт 
басқармасында  бухгалтер-ревизор  болып  істейтін  Р.М.  Сəрсембекова  қоғамға  жат  арандату 
əрекеттерін  жүргізіп,  жауапсыздыққа,  саяси  сауатсыздыққа  салынғаны  үшін  жауапқа  тартылды 
делінген. 
1986  жылғы 17–18 декабрьде  Алматыда  бір  топ  оқушы-жастардың  жат  құбылыстарды 
арандатып,  Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  пленумы  шешіміне  қарсы  тəртіпсіздік 
жасағанын  естіген  Р.М.  Сəрсембекова 19 желтоқсанда  Қарағанды  аяқ-киім  фабрикасының 
жатақханасында жиналыс ұйымдастырған. Ол жиналғандарды жұмысқа шықпауға жəне бұл қолайсыз 
жат  əрекеттерді  қолдануға  шақырып, үгіттеген.  Оның  үгітіне  ерген кейбір  саяси  санасыз жергілікті 
ұлттың  осы  фабрикадағы  қызметкерлері  жұмысқа  бармай,  өздерінің  пленум  шешіміне 
келіспейтіндігін айту мақсатында көшеге шыққан. 
Қарағанды  облыстық  соты  бұл  істі  қарап,  Р.М.  Сəрсембекованы,  Қазақ  ССР-нің  Қылмыстық 
кодексінің 60 статьясында  көрсетілгеніндей,  қылмысқа  айыпты  деп  танып,  оны  жергілікті  жерде 
міндетті  түрде  еңбекке  қатыстырып,  шартты  түрде  екі  жылға  бас  еркінен  айыруға  үкім  шығарды» 
делінген. 
Мұрағат  материалдары  бойынша  Қарағандыдағы  желтоқсан  толқуы  бойынша 5 қыз-келіншек 
сотталған. Олар Р.К. Əлиева, А.Г. Еркімбекова, Ж.А. Досанова, Г.К. Мусина жəне жоғарыда аталған 
Р.М. Сəрсембекова [3]. 
Мұрағат мəліметтеріне сүйенсек, оларды шартты жазаға кескен. Бірақ сол оқиға кезінде куəгер 
болғандардың бірі «...Желтоқсан оқиғасы күндері «студент жастар арасында ұлтшылдық пиғылдағы 
үндеу  парақшыларын  таратты»  деген  айыппен  Қарағанды  мемлекеттік  медицина  институтының 
бірінші курс студенттері Г. Мусина, Ж. Досанова жəне А. Еркімбекова оқудан шығарылып, қамауға 
алынды.  Г.  Мусина  мен  А.  Еркімбекова  екі  жылға,  Ж.  Досанова  бір  жарым  жылға  бас  еріктерінен 
айырылады. Міне, сол кездегі «Кеңестік əділ соттың» үкімінің түрі. 
Жақында  редакцияның  арнайы  тапсырмасымен  осы  беймезгіл  үсікке  ұрынған  үш  қызғалдақ 
туралы газетке мақала жазу үшін бірнеше күн деректер іздестірдік. Өкінішке орай, бұлардың үшеуі 
де  қазір  сырт  облыстарда  тұрады.  Сол  себепті  олармен  жүздесудің  сəті  түспеді.  Қолда  бар  дерекке 

Қ.Т. Бөдеев 
42 
Вестник Карагандинского университета 
қарағанда,  Г.  Мусина  жазасын  өтеп  шыққан  соң  бұрынғы  оқуына  қайта  қабылданып, 1993 ж. 
Қарағанды  мемлекеттік  медицина  институтының  педиатрия  факультетін  бітіріп  шығыпты. 
А.Еркімбекова  жазықсыз  жазаның  салдарынан  денсаулығынан  айырылып,  кемтар  болып  қалған 
көрінеді.  Ал,  Жанат  Досанова  қазір  Жезқазған  қаласында  тұрады.  Тұрмысқа  шыққан,  Абай  мен 
Абылай  есімді  екі  баланың  анасы.  Ол  оқудан  шығарылған  соң  көп  мехнат  тартып,  өзінің 
Жезқазғанына  қайтып  оралған.  Сондағы  тоқыма  фабрикасында  біраз  уақыт  жұмыс  істеген.  Кейін 
Жезқазған  педагогикалық  институтының  тіл-əдебиет  факультетін  қызыл  дипломмен  тəмамдап 
шығып, ұлағатты ұстаз атанған. 
Желтоқсан  оқиғасының  Қарағандыдағы  қаһарман  қыздарының  бірі  Жанат  Досанованың  ерлігі 
республика  жұртшылығына  журналист  Коммунар  Табейдің  «Мұзда  жанған  алау»  атты  кітабы 
арқылы  жақсы  белгілі.  Сонда  комиссия  мүшелерінің  бірі  Жанат  Досанованың  басынан  кешкен 
бейнеті туралы əңгімесін естігенде жан тебіренісін жасыра алмай, солқылдап жылап жіберіпті. Осы 
деректен-ақ Жанаттың тозақ отына тірідей түсіп шыққанын түсінуге болады» [4] деп еске алады. 
Осы мəліметтердің өзі-ақ Алматыда басталған желтоқсан оқиғасының жаңғырығы Қарағандыны 
да  айналып  өтпегенін  айқын  дəлелдейді.  Жоғарыда  атап  өткеніміздей,  милицияның  қолына  түсіп, 
тізімге іліккендердің жазасыз қалғандары болмады. Ең жеңіл дегені талқылаумен құтылды.  
Қарағанды облыстық партия комитетінің Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіне жолдаған 
мəліметінен «19–20 желтоқсан  күндерінде  оқиғаға  қатысуына  байланысты  Қарағанды 
университетінен 12, Политехника  институтынан 6, Медицина  институтынан 28, Педагогика 
институтынан  белгісіз,  Кооператив  институтынан 3 студент  оқудан  шығарылады.  Мəдени-ағарту 
училищесінен 9, индустриалды-педагогиқалық  техникумынан 2, есеп-кредит  техникумының 4 
оқушысы да оқудан шығарылды. Жоғары оқу орындарындағы 59 адамға қатаң сөгіс берілді ...» [2; 27]. 
Жастар  наразылығынан  кейін  арада  бірнеше  күннен  соң,  атап  айтқанда, 1986 жылғы 25 
желтоқсанда  облыстық  партия  комитетінің  бюро  мəжілісі  өткен  болатын.  Оған  обкомның  бірінші 
хатшысы  В.И.  Локотунин  төрағалық  етті.  Бюрода  партиялық  ұйымдастыру,  идеологиялық 
жұмыстары,  кадр  саясатындағы,  еңбекшілерге,  əсіресе  жастарға  интернационалдық-патриоттық 
тəрбие берудегі елеулі кемшіліктерді жою жөніндегі мəселелер талқындады. 
Бюро  мəжілісі: «Алматы  қаласында 17–18 желтоқсанда  болған  жосықсыз  көріністер  сияқты 
Қарағанды қаласында ұлтшылдық шырмауындағы жігіттер мен қыздардың шағын тобының қоғамдық 
тəртіп  бұзұға  тырысқан  əрекеті  жастар  арасында  патриоттық  интернационалдық  тəрбиені  жедел 
күшейтуді  талап етеді»  деп  атап көрсетеді.  Жоғарыда  өзіміз  айтқан жастарға  қолданылған  шаралар 
патриоттық,  интернационалистік  тəртіпті  «жедел  күшейтудің»  жолы  ретінде  жүзеге  асырылған 
істердің бір бөлігі еді. 
Мұнымен  желтоқсан  жыры  тыйылмады.  Облыстық  партия  комитеті  жоғарғылардың  шығарған 
қаулыларына орай желтоқсан оқиғасына дүркін-дүркін қайта оралып отырды. Соның ішінде ең үлкен 
басқосу  Қарағандыда 1987 жылғы 21 наурызда  өтті.  Сол  күні  сенбіде  Қазақстан  Компартиясы 
облыстық  комитетінің VII пленумы  өтті.  Онда  СОКП  Орталық  Комитетінің  «Қайта  құру  жəне 
партияның  кадр  саясаты  туралы»  қаңтар (1987 ж.)  Пленумының  шешімдерін  орындау  жөніндегі 
«Облыстық  партия  ұйымдарының  міндеттері  туралы»  обкомның  бірінші  хатшысы  В.И.Локотунин 
баяндама жасады. 
В.И.Локотунин  баяндамасынан: «...келіп  түсіп  жатқан  хаттар  мен  шағымдарда,  сұрақтарда 
авторлар  Алматыда  жəне  Қарағандыда  орын  алған  жастардың  ұлтшылдық  əрекеттерін  өткір  сынға 
алған. Көптеген адамдар тəртіпсіздіктерге қатысқандардың қатаң жауапқа тартылуын ұсынады. Қазақ 
ұлтының  өкілдері  өздерінің  хаттарында  саяси  жағынан  жетілмеген  жастардың  сиықсыз  қылығын 
айыптайды, мұндай жағдай ешқашан қайталанбайтындығына сенім білдіреді...» [2; 32]. 
Сол кездегі Қарағанды қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы жарыссөзде: «Студенттер 
мен  оқытушылардың  арасындағы  түрлі  ұлт  өкілдерінің  арасалмағын  қалыптастыру  оқу  орындары 
басшыларының  ырқымен  шешілді.  Бұл  өткен  жылдың  желтоқсан  айында  орын  алған  келеңсіз 
көріністерге  əкеп  соқты, — десе,  Пленумда  сөз  алғандардың  бірі  республиканың  бұрынғы 
басшылығын «бетің бар, жүзің бар» демей, өткір сынға алды.  
Пленумдағы  жарыссөзден: «... Қонаевтың  еркінсушілігі  партиялық,  іскерлік  жағдайында  емес, 
жауапсыздығында,  оның  Брежневпен  ағайыншылық  қатынас  жасауында.  Егер  Брежнев  Қонаевпен 
партиялық,  іскерлік  қатынаста  болса,  Қонаев  соңғы 10–15 жыл  бойы  ардан  безбеген  болар  еді...» 
деген пікірлер айтылды. 

Қарағанды қаласындағы желтоқсан толқуы 
Серия «История. Философия». № 4(84)/2016 
43 
Кешегі  қазақ  елін  басқарған  азамат  хақында  ардақты  ағаларымыздың  бірі  облыстық  үлкен 
мінбеден осылай десе, басқаларға не жорық. Иə, сол кезде бəрін бетке айтып, тіліп тастау алабөтен 
көрініс  берді,  əрі  қай  кездегідей  болмасын  асыра  сілтеушілік  те  кездеспей  қалмады.  Мəселенің 
байыбына бармаушылық, үстірт ғайбаттауға ұрындырды. Бұл жалғыз Қарағандыда ғана емес, жалпы 
республика бойынша белең алған көрініс еді.  
Пленумда  сөйлегендердің  бəрі  бірдей  қазақ  халқына  күйе  жақты  дей  алмаймыз.  Əйтсе  де 
жоғарыдағыдай сөздердің айтылып, оның жалпы жұртқа тарағаны ақиқат еді.  
Обкомның 1-ші  хатшысы  В.И.  Локотунин  облыстық  партия  комитетінің 1987 жылғы 11 
қарашада өткен пленумында СОКП-ның барлық ұлттық саясатын облыстың басшы органдарындағы 
ұлтшылдықтың цифрлық қатынасына əкеліп тіреді. Оның баяндамасында қазақтар ешқандай еңбегі 
сіңбестен-ақ басымдық алуда деген ой өзек болып өріліп отырды. Ол пленумда былай деп мəлімдеді: 
«Неғұрлым  көкейтесті  мəселелердің  ішінен  алдыңғы  қатарға  неміс  тілін  ана  тіліндей  оқып-үйрену, 
оқыту сапасын жақсарту міндеті қойылуда». Солай дей тұра, ол қазақ тілін оқыту мəселелері туралы 
жұмған аузын ашқан жоқ.  
Желтоқсан  оқиғасынан  кейін  Қарағанды  қаласының  жоғарғы  оқу  орындарында  ұлты  қазақ 
оқушыларды  қуғындау  басталды.  Университеттің  бірінші  проректорынан  бастап  декандарға  дейін 
орындарынан ауыстырылды. 
Қарағандыдағы  КСРО  ІІМ  Жоғары  мектебінде 1985–1990 жж.  аралығында 33 оқытушы 
жұмыстан  кетіріліп  немесе  басқа  жоғары  оқу  орындарына  ауыстырылса,  солардың 79 проценті 
жергілікті ұлттың өкілдері еді. Олардың арасында 29-ның ғылыми дəрежелері, атақтары болды, олар 
ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, доценттер жəне мақсатты аспирантура мен адъюнктураның 
4 түлегі болатын.  
Толқуға  қатысушылардың  бірі  осы  кезең  жайлы: «Содан  бастап  бізге  жатақханадан  шығуға 
рұқсат  бермеді.  Институт  оқытушылары  күндіз-түні  кезекпен  күзетте  тұрды. 1986 жылғы 19 
желтоқсан  мен 1987 жылғы 9 ақпан  аралығында  МҚК-нің  қызметкерлері  бірнеше  мəрте  келіп, 
түсініктеме алып тұрды. 
1987  жылғы  ақпан  айының  алтысында  институтта  комсомол  комитетінің  бюросы  болды. 
Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  пленумынан  гөрі  ұзақтау,  жарты  сағатқа  созылған 
комсомол бюросы төмендегі шешімге келді: 
 шеруге қатысқан студенттерді комсомолдан шығару; 
 оларды институттан шығару үшін ректоратқа өтініш түсіру. 
Шаш ал десе, бас алуға дайын тұрған комсомол мен ректораттың үкімі екі-үш күнде орындалып 
тынды» [5], деп еске алады.  
СОКП  Орталық  Комитетінің 1986 жылғы 18 желтоқсанда  қабылдаған  «Алматыдағы  жағдайға 
байланысты шаралар туралы» Қаулысын жүзеге асырудың іс-шараларын бекітті [6; 21]. Қабылдаған 
шешімде  жаңа  жыл  мерекесі  күндері  партия,  Совет,  кəсіподақ,  комсомол  қызметкерлері,  ұжым 
басшылары үшін жұмыс күні деп жарияланды. Барлық мекемелерде, ұжымдарда, кəсіпорындарда күн 
ұзақты кезекшілік ұйымдастырылатын болды.  
Е.А.  Бөкетов  атындағы  ҚарМУ-дың 11 студенті  оқудан  шығарылды.  Олардың  қатарында 
Закарина А.К., Кунедилов Н.Д., Тулеушова Е.Т., Накипова Г.К., Тусупбекова Т.А., Салиханова Г.А., 
Абишева  М.М.,  Койманов  К.Ш.,  Тулеубаева  М.И.,  Дайрова  Б.С.,  Бегалиева  Л.Т. [7] болды.  Физика 
факультетінің  бес,  филология  факультетінің  төрт,  математика  факультетінің  екі  студенті  оқудан 
шығарылды.  
ҚарМУ  студенттеріне  тағылған  айып  Желтоқсан  толқуына  қатысулары  еді.  Сонымен  қатар 
идеологиялық,  саяси,  тəрбие  жұмысында  жіберілген  олқылықтар,  КСРО  халықтарының  достығы 
жəне интернационализм ұстанымдарындағы кемшіліктер т.б. Студенттерге тағылған айып қатарында 
ұлтшылдық  та  бар,  нақтырақ  айтар  болсақ, «ұлтшылдық  бағытты  ұстанған  топтарға  ерген» [7; 1] 
деген де айып болды. 
Қарағанды  жоғарғы  оқу  орындары  бойынша  желтоқсан  толқуына  қатысқандар  тізімі  ҚОММ 
205-қорының 113-ісінде  берілген.  Қарағанды  мемлекеттік  медицина  институтының 28 студенті, 
ҚарМУ-дың 11, политехника  институтының 6, кооперативтік  институтының 3, есепті  кредиттік 
техникумның 4 студентінің аты-жөні берілген.  
Жазалау шаралары жайлы толқуға қатысушы Г. Накипова: «....тергеу бөлімінде бір офицерінің 
ақырып тұрып, «сендейлерді танкпен таптау керек» дегені əлі есімнен кетер емес. Қызбалығым ұстап 
«Керісінше,  сендейлерді  таптау  керек,  намысы  жоқ,  ездер...»  деп  айқайлағаным  сол  еді,  қаматып 

Қ.Т. Бөдеев 
44 
Вестник Карагандинского университета 
тастады. Шыңғырған қыздардың дауысы, y-шу, айқайлап жылау. «Енді не болар екен?» — деп, бір 
бірімізге жалтақтап қараймыз.  
Екі күн қамақта ұстап босатты, артынша қудалаулар басталды. Күнде шақырып, түрлі сұрақтар 
қойып. «Не үшін бардың?», «Кім үгіттеді?» сынды сұрақтармен тергеу бөліміне қайта-қайта апарады. 
Желтоқсанның 20–23-теріне комсомол бюросының бірінші жиылысы өтті. Казанцев бастаған 33 бюро 
мүшелері  түрлі  сұрақ  қойып,  тура  бір  халық  жауының  бейнесін  жасауға  кірісіп  кетті.  Алғашқыда 
«қатаң сөгіс» жариялағанымен, 1987 жылдың 3 қаңтарында оқудан шығарды да жіберді. Əрбір сенбі 
ауылға  барамыз.  Өзімше  жасырып  жүрген  едім, «барлығы  жақсы»  деп.  Қаңтар  айының  ортасында 
үйге жеделхат келіпті. Үйге келсем, əкем сөйлеспейді, шешем мен женгем «Не болды? Неге шықтың 
алаңға? Біреу ішімдік ішкізді ме? Нашақор болып кеттің бе?» деген сынды сұрақтардың астына алды. 
Алғашқы  күннен  бастап-ақ,  бізге  «нашақор,  ішкіш,  басбұзар  бұзақылар»  деген  айыптар  тағылды. 
Шешеме айттым «Ішкен де жоқпын, біреу үгіттеген де жоқ, өз еркіммен бардым», — деп еске алады 
[8].  
Сол  кездегі  жағдайда  ендігі  күнде  қазақ  азаматтарының  қызметте  өсуі,  өз  қарымы  мен 
біліктілігін  танытуы  қиынға  соқты.  Қазақтар  басқаларға  халық  жау  болып  көрінді.  Сөйтсе  де 
халықтың ұнжырғасы түспеді, олар келер күнде шындықтың суырылып шығарына, ақиқаттың айдай 
əлемге белгілі боларына сенді. Осы сенім қазақ халқының ынтымағын одан бетер шыңдап, халықты 
тас-түйін етті. Қазақтар ақиқаттың ақ таңы атар сол күндерді асыға күтті.  
ХХ ғасырдың 80-жылдарының соңындағы өзгерістер қоғамдық-саяси өмірде жаңалықтар əкелді. 
Репрессияланған  тұлғалар  ақталып,  қоғам  бұрын  тыйым  салынып  келген  туындылармен  таныса 
бастады.  Саяси  партиялар  мен  қозғалыстар  құрылды.  Елдегі  оң  өзгерістердің,  жариялықтың 
арқасында  оның  түбегейлі  шешілуін  талап  етті.  Мұхтар  Шаханов  басқарған  комиссия  арқасында 
көптеген  сұрақтарға  жауап  табылды.  Комиссия  былай  деп  атап  көрсетті: «Қазақ  жастарының 1986 
жылғы  желтоқсанда  Алматыда  жəне  Қазақстанның  бірқатар  облыстарында  бой  көрсетулері 
ұлтшылдық  сипатта  болған  емес.  Мұның  өзі  конституция  кепілдік  берген  жəне  қайта  құру 
жарияланған  азаматтық  жəне  саяси  айқындаманы  еркін  білдіру  правосын  пайдаланудың  алғашқы 
əрекеті еді».  
Жастар наразылығының тереңге бойлаған тамырлары тұрмыстың төмен деңгейінде, əлеуметтік 
əділетсіздік пен əміршіл-əкімшіл жүйенің кемшіліктерінде жатқан болатын. 1990 жылғы қыркүйекте 
баспасөз беттерінде жарияланған «Алматы қаласында 1986 жылғы желтоқсанның 17–18-інде болған 
оқиғаларға  байланысты  баға  беру  жөніндегі  комиссияның  тұжырымдары  мен  ұсыныстары  туралы» 
Қазақ  ҚСР  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумының  Қаулысы  жұртшылықтан  толық  қолдау  тапты.  Содан 
бері  де  елімізде  сан  өзгерістер  болды.  Қазақстан  егемен  ел  атанды.  Қазақ  елін  əлем  жұрты  танып, 
білетін жағдайға жеттік.  
Қазақстандағы  желтоқсан  оқиғасы  тарихтан  өз  орнын  алды.  Республикамыздың  Президенті 
Н.Назарбаев өз Жарлығымен желтоқсанның 17 жұлдызын еліміздің Демократиялық жаңару күні деп 
жариялады.  
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлығы  «Қазақстандағы 1896 жылғы  желтоқсанның 
17–18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Заңы 
қабылданды [4; 24].  
Қаулыда Алматы қаласында жəне жекелеген облыс орталықтарында 1986 жылғы желтоқсанның 
17–18-індегі жұмысшы, оқушы жəне студент жастардың демократиялық ниеттегі бөлігі республикаға 
басшы  етіп  өз  өкілін  жіберген,  сөйтіп,  азаматтардың  ашу-ызасын  туғызып,  қарсы  əрекет  жасауға 
арандатқан  орталықтың  өктемдік  наразылық  белгісі  ретінде  демонстрацияға  шықты.  Осы  оқиғаға 
қатысқан көптеген адамдар негізсіз қылмыстық, əкімшілік жəне тəртіптік жауаптылыққа тартылды.  
Имандылық, объективтілік жəне əділеттілік принциптерін басшылыққа алып, қаулы етемін:  
1. Қазақстандағы 1986 жылғы 17–18-індегі  оқиғаларға  қатыстаны  үшін  қылмыстық,  əкімшілік 
жəне тəртіптік жауаптылыққа тартылған адамдар ақталған деп саналсын. 
2. Осы Жарлық қасақана кісі өлтіргені жəне милиция қызметкерлерінің, халық жасақшысының 
өміріне  қатер  төндіргені  үшін  сотталған  əрі  олар  жөнінде  қылмысты  істерді  қараудың  қолданылып 
жүрген тəртібі сақталуы тиіс адамдарға қолданылмайды. 
3. Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Кеңесіне  Алматы  қаласындағы 1986 жылғы  желтоқсан 
оқиғаларына  байланысты  ішкі  əскерлердің  əскери  қызметшілері  мен  құқық  қорғау  органдарының 
қызметкерлерін  мемлекеттік  наградалармен  наградтау  туралы  Қазақ  ҚСР  Жоғарғы  Кеңес 

Қарағанды қаласындағы желтоқсан толқуы 
Серия «История. Философия». № 4(84)/2016 
45 
Президиумының  жарлықтарын  қате  қабылдаған  жарлықтар  ретінде  жою  туралы  мəселе  қарау 
ұсынылсын.  
КСРО  Жоғарғы  Кеңесіне  осындай  дəлелдерге  сүйеніп,  осы  жағдайларға  байланысты 
наградаларға  ұсынылған  барлық  лауазымды  адамдарды  КСРО  орденімен  жəне  медальдармен 
наградтау  туралы  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумының  жарлықтарын  жою  туралы  ұсыныс 
енгізілсін.  
4. Желтоқсанның 17-сі  Қазақстан  Республикасының  Демократиялық  жаңару  күні  деп 
жариялансын», делінген. 
«Жалпы желтоқсан қозғалысы оқиғасы дегенді қою керек, қою керек деймізде, айта береміз, бұл 
Желтоқсан  қозғалысы! «Оқиға»  деген  бұл  ауылда  «бір  шөп  өртеніп  кетіпті»  деген  сияқты, «қой 
қырылып  кетіпті»  боранда  деген  сияқты....  Мысалы,  Ұлт-азаттық  қозғалысы  бұл! 1986 жылғы 
Желтоқсан  толқуы  ол  Алматыда  ғана  болған  жоқ.  Қарағандыда,  Өскеменде,  Жезқазғанда,  Семейде 
өтті.  Ол  кəдімгідей  бүкіл  ұлт-азаттық  қозғалыстай  Алматыда  басталды  əрі  қарай  жалғасты.  Ұлт-
азаттық  жалпы  ұлттық  сипат  алған,  республикалық  сипат  алған....», — деп  еске  алады  толқуға 
қатысушы  Қойлыбай  Асанов [9]. «Сонымен  қатар  естеріңізде  болсын,  Сіздер  зерттеп  жүрсіздер, 
айтыңыздар,  толқу  тек  Алматыда  өтті  дегенге  үзілді-кесілді  қарсымыз.  Алматыда  басталды,  қалған 
жерде қолдау болды, бұл жерде де жұмысшы жастар, əйелдер сотталып кетті. Мынау Теміртаудың ар 
жағында Көксу деген əйелдер колониясында кəдімгідей қазақ қыздары отырып шықты, үш жыл, бес 
жылға  сотталып.  Біздің  журналистер  интервью  алды,  оқудан  шыққан  қаншама  балалар  болды, 
жұмыстан шығып сотталып кеткендер болды, жалғыз студенттер ғана емес, жұмысшы жастар болды, 
шахтерлар,  кеншілер,  енді,  əйтеуір,  қазақпыз  дегендердің  бəрі  шықты.  Ол  кездегі  Қарағандымен 
қазіргі  Қарағандыны  салыстыруға  болмайды.  Ол  кезде  қалада  қазақтар 7-ақ  процент.  Оның  өзінде 
көбі  студенттер,  студенттер  жазғы  демалысқа  кеткен  кезде 4-ақ  процент  болатын.  Орыс  қаласы 
болатын сондай дəуір еді...», — деп сөзін аяқтады. 
Толқудан  кейінгі  жастардың  ой-арманы  жайлы  желтоқсаншы  Г.  Накипова: «Бар  ойым  оқуға 
қайта  қабылданып,  əкем  алдында  ақталып,  өзіме  қайта  дəлелдегім  келді. 1988 шілдесінде  ақталып, 
артынша оқуға  қайта  қабылданғанша  КГБ  аңдумен  болды.  Қайда бардым, кіммен  сөйлестім,  немен 
айналыстым — барлығы  жіті  бақылауда  болды.  Біз  сендік,  бұл  уақыттың  өткінші  екеніне,  ақиқат 
ашылып, бір кездері əділдіктің орнайтынына. Тіптен беделін жоғалта бастаған БЛКЖО-ға қайта өтіп, 
билетін  де  алып  алдым», — деп  сөзін  аяқтады.  Ақталып  шыққан  кезде,  мемлекеттен 
«репрессияланғаны үшін берілетін төлемақыдан» [8] да бас тарттым, дейді.  
Қазақстанды қамтыған толқудың тарихи маңызы жайлы Б.К. Адамбеков «1986 жылғы көтеріліс 
шыққан  сол  Кеңес  Одағының  іргетасын  шайқалтты...  Іле-шала  Литва,  Грузияда,  Əзербайжанда 
коммунистік партияның саясатына, Кеңес Одағына қарсы қозғалыс басталды. Ал сол қозғалыстарды 
бастап  берген 1986 жылдағы  қазақ  жастары» [10] деген  баға  берді.  Осы  пікірлерді  қолдай  отырып, 
Қазақстан Республикасының, яғни егемен елдің, іргетасын қалаған желтоқсаншылар екенін көреміз. 
Желтоқсан толқуына қатысқандардың арман-тілектері орындалуы үшін де қызмет етуіміз керек. 
«Қаланың  орыстануы  да  кеңестік  саясат  нəтижесінде  жүзеге  асты.  Ендеше, 93 пайыз  өзге  ұлт 
ортасында  отырып,  осындай  əрекеттерге  бару  ерлік  емес  пе?  Бірақ  біз  əлі  күнге  сол  толқуға 
қатысушылардың  кім  екендігінен  де  бейхабармыз.  Сондықтан  Қарағандыда  халқымыздың  рухын 
көтере  білген  жастар  есімдерін  жария  ету,  оларға  құрмет  көрсету  жайын  ойластырған  жөн.  Сол 
сияқты сыңаржақ саясатқа өз наразылығын білдіру үшін Қарағандыда 19 желтоқсанда студент жастар 
жиналған  Гагарин  атындағы  алаңдағы  үйлердің  бірінің  қабырғасына  ескерткіш  тақта  орнату  керек 
деп  білемін.  Желтоқсан  оқиғасының XX ғасырдың  соңғы  ширегіндегі  халқымыздың  өрлігі  мен 
ерлігінің тағы бір жарқын көрінісі болғандығын ұмытуға хақымыз жоқ», — дейді Қойлыбай Асанов [9]. 
Қарағанды  қаласында  өткен  толқуды  жеке,  аймақтық  толқу  ретінде  қарастырған  дұрыс  емес. 
Толқудың  себептері,  орталықтың  шешіміне  қарсылық  ретінде  стихиялы  түрде  басталды.  Жылдар 
бойы  жиналған  саяси-əлеуметтік  мəселелердің  шешілмеуінен  тығырыққа  тірелген  қоғам,  мемлекет 
басшысының  ауысуын  асыра  сілтеу  саясаты  ретінде  қабылдады.  Сонымен  қатар  КСРО 
басшыларының  мемлекеттің  дамуын  «қайта  құруға»  сəйкес  айқындаған  бағыттарының  іс  жүзінде 
жүзеге  аспауы  негізгі  себеп  болды.  Республиканың  басқа  да  болып  өткен  толқуларымен,  себеп-
салдарлары,  барысы  ұқсас  болғандықтан,  республика  көлеміндегі  толқуды  біртұтас  оқиға  ретінде 
қарастыру, əділ баға бергендік болар еді. 
Сонымен  қатар  бұл  тақырып  əлі  де  болса  тарихшылар  тарапынан  өз  бағасын  алуы  керек. 
Желтоқсан  толқуына  қатысқандардың  бүгінгі  мақсаттарының  бірі  де  осы  болып  отыр.  Мемлекет 

Қ.Т. Бөдеев 
46 
Вестник Карагандинского университета 
тарапынан  қолдау  көрсетіліп,  ерліктері  насихатталып,  келешек  ұрпаққа  жеткізілуін  қалайды. 
«Ерім деген  ел  болмаса,  елім  деген  ер  қайдан  туадының»  дəлелі.  Ел  келешегі  келер  ұрпақ  екенін 
ескере  отырып,  жастар  тəрбиесіндегі  отансүйгіштік,  еліне  адал  қызмет  ету,  қандай  да  болмасын 
қиындыққа төтеп бере алатын, шын мəнісінде толерантты қоғам құра алатын, əділ ұрпақ тəрбиелеуде 
қосар үлесі, айтылмағаны көп тақырып. 
Толқуға  қатысушылар  толқу  соңы  қақтығыстарға  ұласады  деп  ойламаған.  Қыз-жігіттерді 
жағаласып жүріп, автобустарға сүйреп, саперлік күректермен ұрғылап, иттермен қуалай бастағасын 
қақтығысуға  мəжбүр  болған.  СОКП  дəрменсіздігі,  қалыптасқан  жағдайдан  шыға  алмауы, 
немқұрайлылық шындық іздеп шыққан жастардың осынша күй кешуіне себепші болды. 
Тарихшылардың  алдына  туындайтын  іргелі  мəселелердің  бірі — Желтоқсан  толқуын 
қарастырудың  өзіндік  тəсілдерін  қарастыру.  Тарихтағы  «Алматы  оқиғасы», «Желтоқсан  оқиғасы» 
деген тақырып атауларын өзгертетін уақыт келді. «Толқу» деп аталуға толықтай құқылы. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Несіпов Б. берген сұхбат. — 2016 ж. — 26 наур. 
2  Лұқпанов Е. Желтоқсан жаңғырығы. — Қарағанды: Болашақ - Баспа, 2001. — 36 б. 
3  Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағаты (ҚОММ). — 205-қ. — 6-т. — 1384-іс. 
4  Мəнсұрұлы Т. Үсікке ұрынған үш тал гүл // Азия Транзит. — 2000. — № 9. — 8 б. 
5  Саққұлақов Ж. Тағдырыма əсер етті // Орталық Қазақстан. — 2006. — 3 қаңт. — 3-б. 
6  Байжантаев Б.Т. Жезқазған: желтоқсан — 1986 жыл. — Жезқазған, 1999. — 61 б. 
7  ҚарМУ мұрағаты. — 764-қ. — 2-т. — 262-іс. — 1–2-б. 
8  Г.К. Накипова берген сұхбат. — 2016. — 20 наур. 
9  Қ. Асанов берген сұхбат. — 2016. — 30 наур. 
10  Б.К. Адамбеков берген сұхбат. — 2016. — 27 наур. 
 
 
К.Т. Бодеев 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет