Істерді өңдеу, сақтау. Істерді мұрағатқа тапсыру

— брошюралау (кітапша жасау) – құжаттарды қатты мұқабаға тігу

бет9/10
Дата07.01.2022
өлшемі146,24 Kb.
#19510
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
f5ff20a4dd923c (1)

брошюралау (кітапша жасау) – құжаттарды қатты мұқабаға тігу;

— парақтарды нөмірлеу;

— растау жазбасын жасау.

  • Қысқа мерзімді сақталатын істер үшін (10 жылға дейін) істерді ресімдеу рәсімдері оңтайландырылған:
  • құжаттар істерде құжат тігілетін папкаларда (скоросшиватель) қала береді;
  • парақтары нөмірленбейді;
  • істерге тізімдемелер жасалмайды.
  • Сонымен, істер жүргізілген сәттен бастап мемлекеттік мұрағатқа өткізілгенге дейін кәсіпорында сақталады. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары және іс қағаздарын жүргізуге жауапты қызметкерлер құжаттар мен істердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Жұмыс бөлмелерінде және осы мақсатта арнайы бөлінген үй-жайда тұрған істер жабылатын шкафтарда тігінен қойылуы керек. Шкаф олардың толық сақталуын, күннің көзінен, ылғалдан және шаңнан қорғайтындай болуы тиіс. Құжаттарды іздеуді жеңілдету үшін істер іс номенклатурасына сәйкес қойылады, ал іс номенклатурасынан алынған үзінді көшірмеде шкафта сақталған барлық істердің атаулары мен индекстері болады, ол шкафтың ішкі жағына қойылады. Істердің мұқабаларының түп жағына номенклатура бойынша индексі көрсетіледі.

    • Істерден құжаттарды алуға жол берілмейді. Ілуде бір жағдайларда басшының ауызша немесе жазбаша рұқсатымен ғана құжатты істен алуға болады (мысалы, сот-тергеу органдарының талабы бойынша істерден құжатты алу). Мұндай жағдайда құжатты уақытша пайдалануға беру туралы акті және түпнұсқаны алу себептері туралы акті жасалады және істе оның сондай расталған көшірмесі қалдырылады. Акті құжатты уақытша пайдалануға беруші кәсіпорынның елтаңбалы мөрімен бекітілуі тиіс. Акт құжаттың түпнұсқасы қайтарылғанға дейін істе сақталады.

    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет