Ыстық ықлас, достық байланыс Қытай төРАҒасының



Pdf көрінісі
бет10/11
Дата15.03.2017
өлшемі12,48 Mb.
#9521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

44

АЛТЫН БЕСІК – ЖЕР ЖҮЗІ

қыран жалқы туады да, қатты аязға жұмыртқасын тастап қояды. 

Жұмыртқа  жарылмай  наурызшуаққа  жетсе  басады.  Жұмыртқа 

аязға шыдамай жарылса сары уыз күйінде қарлы шыңда мәңгіге 

қалады.


Балапанды көрген Құсекең «бұл жүз жылда бір туатын нағыз 

қыран екен» дейді. Ақырында алты арқанды бір-біріне жалғап, 

сыбызғышы Замзаны төмен түсіреді. Замза балапанға жете алмай 

ұзын сырықпен шошытып оны ұясынан құлатады. Үріккен бала-

пан далпылдап ұшып аңғарға түскенде төменде аңдып отырған 

Құмар  ұстап  алады.  Құсайын  балапанды  баласы  Құмарға  сый-

лап, Замзаға астындағы атақты сұр жорғасын мінгізеді.

***


Жиырма  күн  өткен  соң  қолдағы  азын-аулақ  сүрісін  жеп 

бітірген қоршаудағы адамдар ашыға бастайды. Амалы таусылған 

халық мал терісінен жасалған жүген-ноқта, арқан-шылбырды құр 

суға қайнатып «сорпасын» ішіп, ылжырап піскен теріні талғажау 

етіп өмір сүреді. Сырттан қатынас жоқ, күзет қатты.

Ел  ашығып  жатқанда  Құмардың  Құмайторысы  қалықтай 

ұшып  келіп  өзінің  көнетоз  қайың  тұғырына  қонады.  Құмарды 

сырқат меңдеп жатқан. Екі баласы мен әйелі аштықтан бет-аузы 

ісіп кеткен. Қыран піштақтап жанарынан от шаша дүр етіп  көкке 

көтеріледі.  Әп-сәтте  семіз  ор  қоянды  көтеріп  әкеліп  ауылдың 

ортасына  тастайды.  Ашыққан  жұрт  шулап  келіп  қоянның 

сорпасын  ішіп  әл  жинайды.  Осылай  күн  құрғатпай  ашыққан 

жұртқа  Құмайторы  тамақ  тасиды.  Ұстаған  жануарларына    өзі 

тұмсығында тигізбей қоршаудағы жұртқа жеткізеді.

Құмайторы  ұшып  келгенде,  яки  ұшып  кеткенде  күндегі 

әдетімен қоңыр төбенің үстінен қалықтап өтеді. Төбенің үстінде 

тұрған  солдаттар  сеңсең  жүнді  әскери  папахаларын  қолдарына 

ұстап, бүркітке иіліп құрмет көрсетеді. Күндегі әдет осы. Қырық 

күн өткен соң қоршаудағы адамдар бостандыққа шығады.

***


Бір  қауым  жұртты  аштықтан  аман  алып  қалған  Құмайторы 

содан  кейін  көрінбей  кетеді.  Құмар  құсбегі  дүниеден  өтерінде 

артында  қалған  14  жасар  ұлы  Байжігітке  «Құмайторы  әбден 

қартайғанда өзінің ұясына бір соғады, ана тұрған Қыран шыңынан 

көз жазбай, күнде қарап жүр» деп тапсырады. Байжігіт әке ама-

натын  ұмытпайды.  Бір  күні  Қыран  шыңның  үстінде  қалықтап 

бара жатқан кәрі бүркітті көреді. Бұл – Құмайторы болатын.

Таңертең  ерте  атқа  қонған  Байжігіт,  көп  кешікпей  қара 

жартасқа жемсауымен  соғылып,  төс  сүйегі  қақ  айырылып  өліп 

жатқан  Құмайторының  үстінен  түседі.  Әкесінің  «нағыз  қыран 

қартайғанда құзға құлап мерт болады» дегені есіне түсіп көзіне 

жас алады. Қос қанатын керіп, бес шалғысымен жер сыпыра жай-

ылып  жатқан  қыранды  жерден  көтеріп  алады  да,  адам  сияқты 

таудың басына жерлеп, үстіне малта тастан үйіп оба тұрғызады.

***

– Ана тұрған «Бүркіт обаның» тарихы осылай қарағым,  оба-



ны тұрғызған – Байжігіт менің ұлы атам еді, – деп сөзі аяқтады 

жасамыс кісі.



МҰЗДАҚҚАРА

Атақты Мұздаққара қыран жайлы ел ішінде аңызға бергісіз 

әңгімелер  көп.  Бұл  қыранның  иесі  –  Жарасбай  дейтін  атақты 

құсбегі. Ағайынды Жарасбай, Борасбай, Есілбай атты бір атаның 

балалары шетінен бүркіттің бабын білетін адамдар екен. Бұлар 

кез келген таудың құсына құмар емес, балапанды тек    Көксерке 

шыңынан  ғана  алатын  еді.  Себебі,  Көксеркенің  бүркіт  ұя  са-

латын  биігін  жылдың  он  екі  айында  қалың  бұлт  торлап  жата-

ды.  Шілденің  ортасында  он  күн  ашық  тұрады.  Дәл  осы  тұста 

ағайындылар  тауға  аттанады.  Қиядағы  ұядан  балапан  алып 

қайтады.

Бірақ бұлар соңғы үш жыл қатарынан құр қайтып жүр. Жыл 

аралатып  балапанын  ала  берген  соң  запы  болған  құс  ұясын 

ауыстырған ба, әлде басқа себебі бар ма, ол жағы белгісіз. Барған 

сайын ұя бос тұрады. Төртінші жыл дегенде Көксеркенің Күреңті 

бетіндегі  ұяда  бүркіт  жұмыртқа  басқаны  жайлы  хабар  алады. 

Құдай  бұйыртса,  енді  үш  айдан  соң  ақ  үрпек  балапан  аламыз 

деп қуанысқан құсбегілердің жоспарын ойда жоқта пайда болған 

жаугершілік бұзады.

Қаптап келе жатқан ақ орыстың ашынған әскерінен қорқып 

ел  басқа  жаққа  ауады.  Жарасбай  құсбегі  ауған  елмен  бірге  үй 

ішін аттандырып жіберіп, қасына жылқышы досы Нысанбайды 

ертіп, Көксеркеге тартады. Ара қонып келсе, шынында Күреңті 

бетінде  бүркіт  жұмыртқа  басыпты.  Жұмыртқа  жарғанға  дейін 

кем дегенде отыз күн бар сияқты. Бір кетсе қайта оралу жоқ. Жа-

удан қашқан ел анау.

Ақыры  ойлана  келіп  Жарасбай  ауылдан  алып  шыққан 

тайтұяқ  күміс  жамбысын  сыйлап,  қағылез  қалмақ  баласын  ке-

регеге  таңып  ұяға  түсіреді.  Бала  жұмыртқаға  қол  тигізбей  ша-

панына орап алып шығады. Жұмыртқаға адамның қолы тимеуі 

керек  дегенді  естігені  бар  Жарасбай  құсбегі  шапанды  ашып, 

жұмыртқаны қалың қара қойдың жүніне құндақтап орап, жылы 

қойнына салып, көшкен елдің соңынан тартады. Бесінші қонақта 

көшті қуып жетеді. Ел Қобының құмына барып тығылған екен.

Жарасбай  Қобының  жайпақ  тауларын  кезіп,  дала  бүркіті  – 

қуқарақ  құстың  ұясын  іздейді.  Ақыры  оны  тауып,  қуқарақтың 

өз  жұмытқасын  алып  тастап,  орнына  құндақтағы  жұмыртқаны 

орналастырады. Қуқарақтың бүркіттен көп айырмашылығы жоқ. 

Тіпті, әдеттенбеген адам бүркіт пен қуқарақты  айыра алмайды. 

Айырмашылығы  –  қуқарақ  аңға  түспейді.  Тышқаншылап  күн 

көреді.

Құдайдың  құдіретін-ай,  бір  айға  жуықтағанда  қуқарақ  құс 



басқан жұмыртқа жарылып аппақ балапан шығады. Жарасбайдың 

қуанышында шек жоқ,  ақ үрпек балапанды үйіне алып келеді. 

Қолбала құсты жаздай семіртіп, толық түлетеді. Күздің салқын 

желіне  кеудесін  ұрғызып,  төс  сүйегін  қатайтады.  Балапан  құс 

болашақта нағыз қыран болатын түрі бар. Қашан көрсеңіз көзі 

жайнап тұрады, мінезі сондай кең, ашу  шақырмайды, қыңырлығы 

жоқ, бұлшық еттері бөлек-бөлек қайыңның топшысындай қатты, 

кеудесі шалқақ, төбесі жалпақ, маңдайы кең, тыныс тесігі үлкен, 

мүйіз  тұмсығы  мен  кеңсіріктің  тұтасқан  түбі  етекті,  аузы  кере 

қарыс,  жұтқыншағы  зор,  тегеуіріні  қысқа,  жембасары  жуан, 

тұяғы  өткір,  көзі  шүңірек,  қабағы  биік  –  нағыз  қыранға  тән 

сипаттың  бәрі  бар.  Құдай  сәтін  салса,  алдағы  қансонарда  бір 

байқар.

***


Көптен  күткен  қансонар  да  келіп  жетті.  Жарасбай  қасына 

қағушысын  ертіп,  қолында  бала  қыраны  бар,    тауға  шығады. 

Құстың томағасын тартқаны сол еді, шартарапқа ұмсынып өліп 

барады. Тура аяқ астынан сумаң еткен түлкінің бұлаң құйрығын 

көзі шалып қалған Жарасбай құсына қарап еді, ол да байқаған 


45

ӘЛЕМ ҚА


ЗАҚТ

АРЫ СЫР ШЕР

ТЕДІ

екен, иығын қомдап, сұранып тұр. Жарасабай бүркітті босатып 



қоя береді. Бүркітті аңғарған қу түлкі бұталы жылғаны қуалап, 

өрге қарай тартып барады. Бүркіт бір дүркін шүйіліп кеп, жалт 

беріп орай соғып түлкіні шеңгелдеп алды. Жер қия болғандықтан  

алған  жерінде  түлкіні  баспай  сүйрете  көтеріп  жазыққа  алып 

түсті. Егер ана жерде басқанда бүркіттің өзі тепе-теңдік таппай, 

аунап кетуі әбден кәдік болатын. Бұл – нағыз айлалы қырандарға 

тән әдіс.

Бала бүркіт бір қыста Қобының бар түлкісін тауысты. Осы 

жылы  жаздың  тағы  бір  күні  тал  түсте  өрістен  қайтқан  қойға 

қасқыр  шауып,  ауыл  абыр-сабыр  айғай-шу  дүрлігіп  жатқанда, 

Жарасбай қайыруы жоқ тұғырда отырған бүркітін босатып қоя 

береді. Бала қыран қасқырды тырп еткізбей басады. Қыранның 

қасқыр алғаны жайлы  оқиға елге аңыз боп тарайды.

***


Келер жылдың қысында әйгілі Қожамжар төре Алтай-Қобда 

бетінің  барлық  құсбегілеріне  сәлем  айтып,  Лақшын  тауындағы 

қара  түлкіні  ұстап,  терісін  әкеліп  берген  адамға  үйірімен  үш 

тоғыз сыйым бар деп жар салады. Үш тоғызға қызығып, әрі қара 

түлкіні алдырды деген атақ үшін не бір құсбегілер келіп, шара-

сыз  қайтады.  «Ойбай,  Жұмабайдың  атақты  құлашкеріне  қара 

түлкі сарып кетіпті», «Жүністің қоңыр бүркіті қара түлкіге алда-

нып, жер соғып мерт болыпты», «Бұлғыннан келген Қибадаттың 

қыраны  топшысын  сындырып,  аяғын  шайнатыпты»  деген 

әңгімелер тарайды.

Қара  түлкіні  алдырмаққа  Жарасбай  да  жолға  шығады. 

Қыстың қақаған аязында тоңбасын деп бала қыранды тері ішікке 

орап бөктеріп алады. Үш күн жол жүріп Қожамжар төренің ауы-

лына келеді. Бір күн бүркітінің бойын жаздырып, қауырсынын 

тарап, баптайды. Ертеңінде таң қараңғысында биік шоқыға ба-

рып  тұрады.  Жерге  жарық  түсе  қағушылар  қара  түлкіні  інінен 

қуып шығарады. Кәнігі қу түлкі қарсыз жиек жолды қуалап оқтай 

зулайды. Жарасбай бүркітін босатып жіберіп, қапталдай шабады. 

Түлкі жақын мойнақты асып көзден ғайып болды. Бүркіт те одан 

бұрын  алдын  орап  қарсы  ағызады.  Жарасбай  атын  қамшылап 

жетіп келсе түлкі жоқ, бүркіті жер қауып отырып қапты. Жарекең 

аттан түсіп құсын қолына қондырып еді, ол ұмсынып болмады. 

Қараса қағушылар қара түлкіні қайыра қуып келеді екен. Бүркітін 

тағы қоя береді. Бұл жолы алданбаспын дегендей қыран әбден 

биіктеп  алды  да,  екі  рет  орай  шүйіліп  кеп,  құйрығын  көтеріп 

сақылдап тұрған түлкіге түспей қайқаң етіп шыға берді. Үшінші 

рет қайта шүйлікті, қара түлкі тағыда түспейді деп ойласа керек, 

бұлт етіп ойыса бергенде қыран қара тұмсықтан шеңгелді сал-

ды да,  орнында омақастырып басып қалды.  Жарасбай шауып 

жетіп, көзі қызарып кеткен құсына екі түйнек жұдырықтай қарды 

сығымдап асатып-асатып жіберді. Таңғы аяздан ба, бүркіті дір-

дір етеді. Қара түлкінің қабырғасын сөгіп, жылы өкпесін жегізді 

де,  бүркітін  ішікке  орап  құндақтап  қойды.  Түлкінің  үлкендігі 

сондай  терісін  сыпырып  қанжығалағанда,  құйрығы  салбырып 

жерге  тиіп  тұрыпты.  Қара  түлкінің  терісін  көрген  Қожамжар 

төре, Жарасбайға үш тоғыз сыйын беріп, бүркітке «Мұздаққара» 

деп ат қойып, төренің бәйбішесі кілем жапқан екен.

***


Тағы  бір  жылы  қыста  Жарасбай  Мұздаққарасын  көтеріп 

Қобының  құмында  жылқы  отарлатып  жатқан  ағайындарына 

барады. Олар айтады: «осы маңда үлкендігі төбет иттей, тұяғы 

ешкінікі  сияқты,  құйрығы  сілеусінге  ұқсайтын  аң  бар,  ондай 

мақұлықты  бұрын-соңды  көрмеген  едік»,  –  дейді.  Ертеңінде 

құсбегі  құмнан  жылқышылар  айтқан  мақұлықтың  ізін  көреді. 

Шынында қызық жануар екен. Ізді қуалай отырып алыстан өзін  

де  байқайды.  Мұздаққараның  томағасын  сыпырып  қоя  береді. 

Айлалы құс биіктемей, құм төбелерді қуалай ұшып барып, аша 

тұяқ мақұлықты бір айналып шығып, осал тұсың осы болар де-

гендей сауырынан ұстайды. Сауырына қонған пәлеге ұмтылған 

аңның  тұмсығын  бүре  шеңгелдеп  басып  қалады.  Бұл  мақұлық 

зіңгіт дейтін аң екен. Қазақта бойжеткен ұл мен қызға «зіңгіттей 

бопты» дейтен теңеу бекер айтылмапты.

***

Жыл  сайын  Мұздаққараның  атағы  шағындап  құлақ  естір 



жерге  жетеді.  Алмаған  аңы  қалмайды.  Содан  тағы  бір  қыста 

Жарасбай бүркітін алып, аңға шығады. Күні бойы ештеме кез-

деспей  күн  ұясына  ауған  кешке  салым  үйіне  қайтып  келе  жат-

са,  құсы  сұранып  болмайды.  Жан-жағын  байқаса,  тірі  тіршілік 

нышаны жоқ. Құс тағы сұранады. Болмаған соң, жібереді. Құс 

балдақты  қатты  теуіп  ұшады.  Мұндай  қылығын  бұрын-соңды 

көрмеген  Жарекең  атын  тебініп,  құсы  кеткен  жаққа  шабады. 

Құсы  жоқ.  Тағы  бір  белді  асып  түсіп  байқаса,  жерде  тамған 

қызыл қанның ізі жатыр.  Қанның кеппегендігіне қарағанда бұл 

– сөзсіз Мұздаққараның ісі. Біраз жүрген соң, қан тамшылағанды 

қойып, сигектеп ағып отырыпты. «Япырай, бүркітім жазып бол-

маса  игі  еді»  деп  алаңдаған  құсбегі  шауып  жетсе,  анадай  жер-

де таудың үлкен бұғысы сұлап жатыр. Бұғының жұқа қолтығын 

тесіп жіберіп, қолқасын суырып жеп Мұздақара отыр.

Сөйтсе,  әбден  зарына  келген  құс  тұяғына  түлкі  ілікпей 

құсаланып  сұранып  ұшқанда  алыстан  мына  бұғыны  байқаған 

екен.  Барғанда  шоқтығына  жабысқан.  Арқасындағы  құсты 

тұмсығымен қағып түсірмек болған бұғының қара танауын бүркіт 

бір аяғымен шеңгелдеп ұстайды да, екінші аяғын шоқтықтан ай-

ырмай қатып қалады. Біраз жүрген соң бұғы әлсірейді. Сол сәтте 

Мұздаққара  өткір  тұмсығымен  бұғының  күретамырын  орып 

жіберген.  Үш  шақырымдай  жүріп  барып,  таудың  қоңыр  аңы 

қансырап құлаған.

***


Мұздаққара әбден қартайғанда иесі Жарасбай: «Жануар дала 

тағысының қызығын бір адамдай көрдім, бұдан былай еркін өмір 

сүрсін» деп қоя беріпті. Балақбаудан босаған құс еркін қалықтап 

ұшып кеткен. Бір айдан соң айналып соғыпты. Жарасбай құсына 

қозы  сойып  беріп,  қонақ  қылған  екен.  Қонақасын  жеген  соң 

қайта  ұшып  кеткен.  Мұздаққараны  соңғы  рет  біреулер  атақты 

Көксеркенің Күреңті жақ бетінен көрген…

 Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ


46

АЛТЫН БЕСІК – А

ТА

м

ЕКЕН



Ол – жүзі жарқын, көзі күлімдеген, жасы он жетілердегі әдемі 

қыз еді. Үстінде – реңін аша түсетін, етегінде аздап желбірі бар 

ақшыл  көйлек..  Онша  ұзын  емес  қолаң  қара  шашын  өріп,  екі 

иығына  түсіріп  қойған.  Бір  аяғына  қызыл  түсті,  екінші  аяғына 

ашық сары түсті сыңар шұлық киген. Қолында қызарып піскен 

тоқашы  бар.  Қыз  сондай  көңілді,  әрі  біртүрлі  мұңды.  Көңілді 

болатыны – қыз бүгінгі жұмысын бітіріп,  еркін қыдыруға, се-

руендеп,  бой  жазуға  шыққан.  Ал  мұңды  болатыны  –  ол  осы 

қуанышын жұртқа жайраңдап, жайнап сөзбен жеткізе алмайтын. 

Қыз – сөйлей алмайтын мылқау еді.

Әдемі  қыз  жұмыс  істейтін  шағын  наубайхана  бұл  жер-

ден  онша    алыс  емес.  Сондықтан  да  ол    жұмысы  біткен  бой-

да  күнде  тоқашын  көтере  сала  осы  жаққа  қарай  асығатын. 

Ықшамаудандағы көп қабатты үйлердің саялы ауласы кешқұрым  

серуенге шыққан үлкендер мен шулаған балаларға толып кететін. 

Әдемі  қыз  күнде  осында  келетін  де,  ойнап  жүрген  балаларға 

қолындағы  ыстық  тоқашын  үлестіретін.  Ал  кейде  балалардың 

мазағына қалып, тоқашын алатын ешкім табылмаса, оны ұсақтап 

уатып,  ерінбей-жалықпай  көгершіндерге  таратып  беретін. 

Қызды жақсы танып алған тұрғындар оның бұл ісіне онша таң 

қалмайтын,  мән де  бермейтін. Ал әдемі қыздың өзі болса бұл 

жерге неге келетінін, кішкене балаларға тоқашты неге таратып 

беретінін  ешқашан да айта алмайтын. Тек сондай сәттерде өзінің 

де  бір кезде осы балалардай кішкене болғаны, шешесі екеуінің 

осы көп қабатты үйлердің бірінде пәтер жалдап тұрғаны көз ал-

дына келетін.    

Шешесі үнемі салы суға кетіп, шаршап-шалдығып жүретін; 

оның қай жерде, не жұмыс істейтіні белгісіз еді – әйтеуір алты 

жасар  қызын  бір  бөлмелі  пәтерге  қамап  кетіп,  кеш  түсе  бір-ақ 

оралатын. Ол кейде өзімен бірге бір-екі әйел, не бір-екі еркекті 

ерте  келетін.  Мұндай  кездері  шешесі  өте  көңілді  болатын, 

мылқау  қызын  емірене  бауырына  басып  құшып-сүйетін,  әбден 

еркелететін.  Сосын  жанындағы  әйел-еркектермен  бірге  аядай 

асбөлмеде  отырып,  арақ  ішетін,  көңілі  судай  тасып,  дүниедегі 

ең  бақытты  адам  сияқты  жүзі  жайнап,  көзінен  нұрлы  сәулелер 

ұшқындап, рахаттана ән салатын. 

Шешесінің    рахатты  сәтінің  қанша  уақытқа  созылғанын,  

бұдан әрі оның  не істегенін  мылқау  қыз біле бермейтін; ішіп 

алған  адамдардың  айқай-шуын  да,  айтқан  әндерін  де  мүлдем 

естімеген  қалпы,    бір  бөлмелі  пәтердің  бұрышында  бүрісіп  

ұйқтап қалатын.

Аптасына  бір-екі  рет  шешесі  жұмысқа  бармай,  үйде  бола-

тын. Сондай күндері ол ұйқысын әбден қандырып, түске таман 

Мерей ҚОСЫН 1994 жылы  Қытайдың Құлжа 

өңіріндегі Тоғызтарау ауданының Ағарсын ауы-

лында дүниеге келген. 2005 жылы ата-анасымен 

бірге Қазақстанға қоныс аударған. Қазір Алматы 

қаласындағы Т. Жүргенов атындағы 

Қазақ Ұлттық Өнер академиясында оқиды.

Әдемі қыздың көз жасы

әдемі  қызын  айналып-толғанып,  еркелетіп  есік  алдына  ертіп  

шығатын.  Аулада біраз қыдырып, сосын қарсы беттегі дүкенге 

барып,  қызына  жаңа  пісірілген  қызғыш  тоқаш  сатып  әперетін. 

Қызғыш  тоқаш  сондай  тәтті  еді;  шешесінің  айналып-толғанып 

еркелеткені  одан  да  өткен  керемет  еді.  Осындай  сәттерде    қыз 

өзінің мылқау екендігін мүлдем ұмытып,  дүниедегі ең бақытты 

адамға айналатын. 

Сөйтіп  жүргенде  шешесі  бір  күні  аяқ  астынан  жоғалып 

кетті. Ол өліп қалды ма, әлде, қылмыс жасап сотталып кетті ме 

–  мылқау қызға  бұл мүлдем жұмбақ еді. Сосын екі үш-кісі келіп, 

мұның киім-кешектерін жинастырып, өзін  балалар үйіне өткізді. 

Содан бері он жылдан астам уақыт өтті. Қазір баяғы кішкентай 

қыз толықсыған  бойжеткенге айналған. Бірақ ол шешесін сонда 

да  іздейді. Он жылдан бері шаршамай-жалықпай іздеп келеді. 

Көп  қабатты  үйлердің  ауласына  да  сол  үшін  келеді.  Шешесі 

баяғы қалпымен  осы үйлердің бірінен шыға келетіндей көрінеді. 

Ол бүгін де келген. Бірақ қанша қараса да шешесі тағы көріне 

қоймады. Сөйтіп тұрғанда  қыздың көзіне ауладағы ағаш түбінде,  

бесік  арбада  отырған  сәби    түсе  кетті.  Сәби  сондай  сүйкімді 

екен; әрі қарыны ашқан сияқты, қызға қарап, кішкене қолдарын 

көтеріп,  бірдеңе  айтқандай  болады.    Қыздың  тұла  бойы  шы-

мырлап, жүрегі елжіреп кетті. Ағаштың аржағында теріс қарап, 

телефонмен  сөйлесіп  тұрған  әйелді  байқаған  да  жоқ  –  сәбиге 

жақындап,  қолындағы  тоқашын  ұсына  берді.  Тоқашты  көрген 

сәби қуанып, қолын созып ұмтыла берді де, бесік арбадан жер-

ге құлап,  шар ете түсті. Осы сәтте ағаш тасасында тұрған әйел 

сөйлесуін доғара салып, жалт бұрылды. Шырылдап жылаған ба-

ласын, оған қызыл тоқаш ұсынып тұрған бейтаныс қызды көріп 

не болғанын білмей  кетті. Бар дауысымен айқайлап, шырылдап  

жатқан  баласын  көтеріп,  жұбатуға  кірісті.  Ал  қыз    қолындағы 

тоқашын әйелге  көрсетіп, бірдемелерді ымдап түсіндіруге ты-

рысты. Әйел мынаның есі дұрыс па дегендей, қыздың қолындағы 

тоқашты  жұлып алып, бетіне қарай ызалана лақтырып жіберді. 

Тоқаштың тастай қатты шеті қыздың оң жақ көзінің алдын дыз 

еткізіп, аямай тіліп өтіпті. Шымырлап ыстық қан ақты. Әйел оған 

назар аударған да жоқ, бесік арбасын сүйреткен күйі, бажылдай 

сөйлеп, жөніне кете берді. Қыз дегбірі қашып, көңілі  құлазып, 

сілейіп тұрды да  қалды.

Қыз  осылай  біраз  сілейіп  тұрды  да,  сосын  жерде  жатқан 

тоқашын топырағынан үрлеп тазартып, баяғы шешесімен бірге 

баратын  дүкенге    бет  алды.      Көшеде  сапырылысқан  адамдар,  

бітпейтін  көлік  кептелісі,  мазасыз  сигналдар,  құлаққа  ауыр 

естілетін  даңғаза  музыка,  сауда  жасап  тұрған  кемпір-шалдар, 


47

жа

с ұрпақ - жарқын б



о

лашақ


ұрысып-керіскен  адамдар.  Міне,  осы 

иін  тірескен  халықтың  арасымен  екі 

аяғына  екі  түрлі  шұлық  киген,  қолында 

қызарып  піскен  тәтті  тоқашы  бар  әдемі 

қыз  аяғын  сүйрете  басып,  әрең  жүріп 

келеді.  Біреулер  екі  аяғына  екі  түрлі 

шұлық  киген  қызға    есі  дұрыс  па  де-

гендей  таңырқап  қарайды.  Біреулер  екі 

түрлі шұлық кигенін сәнқойлыққа санап, 

ұнатқандарын  да,  ұнатпағандарын  да 

ашық  байқатпай,  ақырын  ғана  жымиып  

қояды. Бірақ  қыз оның ешқайыссына да 

назар аударған жоқ; аяғын сүйрете басқан 

қалпы баяғы дүкеннің алдына барып  бір-

ақ тоқтады. Дүкен ішінен  шешесі қолына 

қызыл  тоқаш  ұстап,  жайнап,  жайраңдап 

шыға  келетіндей  көрінген.  Бірақ  қанша 

күтсе  де  дүкеннен  шешесі  шықпады. 

Қыздың  күте-күте  көзі  талды.  Тамағына 

өксік  тығылып,  көзіне  жас  келді.  «Неге 

келмедің,  анашым,  менімен  кездескің 

келмеді ме?! Мені сөйлей алмайтын кеміс 

болып  туылғаным  үшін  жек  көрдің  бе; 

мені  жетімханаға  сол  үшін  тастап  кеттің 

бе?..  Бірақ  сен  қателесесің!..  Сені  бір 

көрсем, бар күшімді жинап «анашым» де-

ген бір ауыз сөзді айтуға менің ішкі рухым 

жетер  еді,  оны  сезем!  Мен  өз  қолыммен 

пісірген тәтті тоқашымды да саған берер 

едім!. Маған қарап күліп өтіп жатқан мына 

адамдарды  да  мен  өз  бауырларымдай 

сүйем. Шіркін, сол адамдардың арасында 

сен де жүрсең, сөйтіп сенімен кездессем, 

мен қандай бақытты болар едім!..»

  Қыз  осындай  ойлармен  тұла  бойы 

алай-түлей  болып,  аяғындағы  қызыл 

шұлыққа  қарады.  Бұл  шұлықты  осы-

дан  бірер  жыл  бұрын  тәрбиеші  апайы 

әкеліп  беріп  еді.    Өтірік-шыны  белгісіз, 

бұл шұлықты саған шешең беріп жіберді 

деп  ымдап  көрсеткен.  Содан  бастап  қыз 

қызыл шұлықты жатса құшағынан, жүрсе 

қолынан  тастамайтын.  Тіпті,    жыртылып 

қала  ма  деп  аяғына  да  кимейтін.  Сөйтіп 

жүргенде  қыз  қызыл  шұлықтың  бір 

сыңарын жоғалтып алды. Енді бір аяғына 

қызыл, бір аяғына сары шұлық киетін бол-

ды.


Қыз    аяғындағы  сыңар  қызыл 

шұлығына  қарап  ұзақ  отырды.Қас 

қарайып,  кеш  те  түсе  бастады.  Қыз  сон-

да  да  қозғалмады.  Бір  сәтте    аяғын  бір 

нәрсенің  түрткілеп,  жыбырлатқанын 

сезді.  Төмен  қарағанда,  кішкентай 

күшікті  көрді.  Әуелі  қорқып,  селк  ете 

қалған,  сосын  күшіктің  әбден  ашығып, 

өлуге  айналған  түрін  көргенде  жүрегі 

елжіреп кетті. Қолындағы қызыл тоқашын 

күшіктің алдына тастады. Күшік тоқашты 

бас салып, тұла бойы дір-дір етіп, асығыс 

жей  бастады.  Қыз  кенет  өксіп  жылап 

жіберді де, кішкентай  күшікті көтеріп, ба-

уырына басты.

Үнсіз жылаған әдемі қыздың көз жасы 

кішкентай  күшіктің  үстіне  ағыл-тегіл 

төгіліп жатты...



ӘКЕГЕ САҒЫНЫШ

Әке, сенің тек бейнең бар көңілде,

Толған екен біз ес білмей сызығың.

Әкесіз тұл өскен өмір өмір ме?!

Сені аңсаумен келе жатыр қыз-ұлың.

Бақыттымын әке борышы өтелсе,

Осы менің бағытым да, арманым.

Әкелілер иықтарын көтерсе,

Әттең, іштен шайналады бармағым.

Тығырықтан жол таба алмай тырбынып,

Балалықпен торлай қалса санам мұң.

Мінезіңді әңгіме етсе сырлы ғып,

Жігер алам сол сөзінен анамның.

Әке, сенің суретіңді жастанып,

Жігерімді жанып алған кезім көп.

Біздер әлсіз болғамыз жоқ жас қалып,

Тамыздық боп қоя білдің сезімге от...



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет