25
МЕНІҢ Е
ЛІМ – ҚА
ЗАҚСТ
АН
дан Азия чемпионы және қазақ күресінен спорт шебері.
Бұл жолы екі балуан да күресті сылбыр бастады. Уақыт
бітуге бір минут қалғанда Бейбіт әдіс жасап, жартылай жеңіс
ұпайына қол жеткізді. Қалған уақытта ұпайын қорғап жүріп
алды.
Ширек финалдың төртінші жұбында Қызылорда облысының
балуаны Ұлан Рысқұл мен Қарағанды облысының мықтысы Ер-
жан Шынкев кездесті.
Ұлан Рысқұлды жұртшылық жақсы біледі, ол - «Қазақстан
Барысының» ең алғашқы жеңімпазы. Ал Ержан Шынкеев аса
ауыр салмақта дзюдо күресінен Қазақстанның ұлттық құрама
командасының сапында Лондон олимпиадасына қатысқан. Дзю-
додан Азия чемпионатының қола жүлдегері. Сонымен қатар,
өткен жылы да «Қазақстан Барысы» турнирінде жақсы өнер
көрсеткен болатын. Төртінші белдесуде әйгілі балуан Шалқар
Жоламановтан жеңіліп, қола жүлде үшін таласуға қол жеткізгенін
білеміз. Бірақ Ержанға өткен жылы қола жүлде де бұйырмаған
еді. Соған орай Ержан биылғы жарысқа үлкен үмітпен келген еді.
Бұл жекпе-жекте Ұлан өте әлсіз күресті. Қарсыласына бүк
ұпай беріп қойды. Осы жалғыз бүк белдесудің тағдырын шешіп,
Ержан Шынкеев жеңіске жетті.
Осыдан кейін турнирге қатысқан балуандардан іріктелген
төрт арыс жартылай финалдың көрігін қыздырды. Бұл рет-
те кілемге бірінші болып Айбек Нұғымаров пен Жұманазар
Ерсұлтанов шықты.
Айбек үшін ең ауыр белдесу осы болған шығар. Ұпай саны-
мен жеңді. Бірақ өзі де көп күш жұмсады. Ал Жұманазар Айбек-
тен бір ұпай да ала алмады. Осылай Айбек Нұғымаров финалда
белдесетін болды.
Келесі кезекте кілемге Бейбіт Ыстыбаев пен Ержан Шынкеев
шықты. Екі балуан уақыттың соңына дейін тең күресті. Уақыт
бітуге тура 9 секунд қалғанда Ержан әдіс жасады. Кілемнің
қапталында отырған төреші бүк ұпай берді. Кілем үстінде тұрған
төреші әдісті есепке алмады, оған кілем жетекшісі қосылды.
Сол сәтте Ержанның бапкері ортаға қамшы тастады. Осылай
дау басталды. Көрермендер Ержанды қолдап азан-қазан. Ақыры
төрешілер белдесу тең аяқталды деп есептеп екі балуанды қоян-
қолтық күресуге шақырды. Оған Ержан құлықсыз қатысты. Со-
нымен жеңіс Бейбіттің есебіне жазылды.
Бұл шешімді халық қолдамай дұрыс шешім қабылдауды
төрешілерден талап етіп отырып алды. Ақыры турнирдің
төрешілер алқасында отырған Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет
Тұрлыхановтар бар, барлығы белдесудің жазбасын қайта-қайта
қарап дауысқа салды. Төрешілер дауысы Ержанды жеңімпаз деп
таныды. Бұл әрекет қазақ күресі үшін тым оғаш дүние болды.
Бұдан кейін үшінші орын үшін белдесу реті – Жұманазар
Ерсұлтанов пен Бейбіт Ыстыбаевқа бұйырды. Төрешілер
шешіміне наразы Бейбіт кілемге шықпай қойды. Сөйтіп, бұл бел-
десуде тер төкпей-ақ Жұманазар жүлдегер атанды.
Ал ақырғы айналым, яғни «Қазақстан Барысы» үшін соңғы
белдесу пешенесіне жазылған Айбек Нұғымаров пен Ержан
Шынкеевтің күресі Айбектің жеңісімен аяқталды.
Сонымен, биылғы жеңімпаз – Айбек Нұғымаров! Оған
«Қазақстан Барысы-2013» атағы мен «Алтын Белбеу», алтын
«Тайтұяқ», қымбат автокөлік және бас балуанға тиеслі 150 мың
АҚШ доллары бұйырды.
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Аталмыш
турнирдің
бұл
жолғы
өзгешелігі
-
ұйымдастырушылар жеребе тарту барысында бір өлкеден кел-
ген балуандардың өзара жолы түйісіп қалмауын қадағалапты.
Бұл үшін төрешілер балуандарды жұп және тақ сандарға бөліп,
екі топқа жіктеп жеребе тарттырды. Алдымен тақ санды жеребе
тартқан балуандар белдесті. Күрестің алғашқы екі айналымы
барынша тартысты өтті. Соның нәтижесінде кілемге шыққан 32
палуанның ең мықты деген 8-і ширек финалға жолдама алды. Ши-
рек финалда кілемге бірінші болып Шығыс Қазақстан облысының
өкілі Айбек Нұғымаров пен Алматы облысының мықтысы Айдос
Қаңлыбаев шықты. Бұл ретте Айбек Нұғымаровтың тәжірибелі
балуан екендігін айта кеткеніміз жөн. Биыл аталмыш турнир-
ге үшінші рет қатысып отыр. Семей өңірінің тумасы. Салмағы
да әжептәуір, 130 келіден жоғары. Өткен 2012 жылы жартылай
финалдық белдесу үшін халықаралық дәрежедегі спорт шебері,
самбодан әлем кубогының жеңімпазы Азия чемпионы Арман
Әбеуовпен жолы түйіскен еді. Егер естеріңізде болса, осы бел-
десу дау тудырды. Арман төрешілердің шешіміне риза болмай
кілемді тастап шықты және белдесу үстінде Айбектің қабағы
жарылып, қан саулады. Айбек осы жарақатының салдарынан фи-
налды белдесу кезінде Бейбіт Ыстыбаевқа жол берген болатын.
Ал Айдос Қаңлыбаев турнир барысындағы аса ауыр салмақты
азаматтардың бірі. 140 келіні еңсеріп жүрген Айдос самбодан
спорт шебері. Әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Бұл жекпе-жек Айбектің ашылып күрескен белдесуі бол-
ды. Алғашқы минут бітпей жатып бүк ұпай олжаласа, екінші
минуттің бесінші секундында қарсыласын таза жеңді.
Ширек финалдың келесі жекпе-жегіне Алматы қаласының ба-
луаны Виктор Демьяненко мен Оңтүстік Қазақстан облысының
өкілі Жұманазар Ерсұлтанов шықты.
Виктор Демьяненко 1991 жылы туған, дзюдо күресінен спорт
шебері, жастар арасында әлем біріншілігінің қола жүлдегері,
салмағы – 103 келі.
Жұманазар Ерсұлтанов 1984 жылы туған, салмағы – 160 келі.
Яғни, турнирге қатысушылардың ең ауыры. Дзюдо және қазақ
күресінен спорт шебері. Бір қызығы, денесінің ауырлығына
қарамастан Жұманазар өте жылдам қозғалатын балуан.
Соған орай, Жұманазар ширек финалда да шықсымен әдіс
жасады. Бүк ұпайға қол жеткізді. Виктор тым асықпай күреседі
екен, соны пайдаланған Жұманазар лып еткізіп аяқтан ілді де,
таза тастады. Бұл Жұманазардың үшінші таза жеңісі.
Ширек финалдың үшінші жұбында Жамбыл облысының
балуаны Бейбіт Ыстыбаев пен Оңтүстік Қазақстан облысының
мықтысы Сабыржан Әбілдаұлы күш сынасты. Бейбіт Ыстыбаев
- «Қазақстан Барысы» сайысының өткен жылғы жеңімпазы.
Оның қарсыласы Сабыржан болса 1989 жылы туған, самбо-
26
Ат
А
-б
А
бА
мұр
А
сы
Қазақ халқының
салт-дәстүрлері
ҰРАН
Бұрынғы қазақ салты бойынша әр
ру мен тайпаның өз жауынгерлік ұраны,
сыйынатын пірі болған. Ұран негізінде
ел намысына шабатын кезде, жауға қарсы
аттанғанда ел-жұрттың, азаматтардың
қанын қыздырып, бір ортадан табылуға
біріктіретін
қуатты
күш
ретінде
қолданылады. Батырлар жауға шапқанда
өз елінің аруақты ата-бабаларының, әулие-
әмбиелердің атын ұран етіп аттанады.
Және сол ұран арқылы қай ру, тайпаның
батыры екені анықталады. Осыған сәйкес
қазақ руларының белгіленген ұрандары
бар. Олар мынадай:
Ұлы жүз тайпаларының ұрандары:
Қаңлы ұраны – Бәйтерек, Айрылмас,
Жалайыр; Шақшам – Қабылан, Сіргелі;
Сарыүйсін – Байтақ; Шапырашты –
Қарасай; Ысты – Жауатар; Албан – Рай-
ымбек, Дулат; Ошақты – Бақтияр.
Орта жүз тайпаларының ұрандары:
Арғын – ұраны Ақжол; Қыпшақ – Ойбас,
Найман – Жалғабай, Қоңырат – Алатау;
Керей – Ошыбай; Уақ – Жаубасар.
Кіші жүз тайпаларының ұрандары:
Кете – ұраны Майлыбай; Әлім – Бақтыбай;
Шөмекей – Дөйт; Шеркеш – Шағырай;
Ысық – Бәйтерек; Масқар – Қаратай; Ала-
ша – Байбарақ; Тана – Тана; Байбақты
– Дәуқара; Қызылқұрт – Жиенбай; Таз
– Төремұрат; Беріш – Ағатай; Адай – Бе-
кет; Есентемір – Алдоңғар; Алтын, Жап-
пас – Баймұрат; Төлеу – Арғымақ; Рама-
дан – Дулат; Тама – Қарабура; Кердәрі
– Қожахмет; Керейіт – Ақсақал; Табын –
Тостаған; Жағалбайлы – Малатау.
ШАШУ
Шашу – қуаныш айғағы ретінде жа-
салатын өте сұлу да салтанатты дәстүр.
Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс
Ырым, наным ғана емес, мақтан. Өзінің
ұлттық мемлекетінің басында отырған,
халық қалауымен көтерілген ханға деген
биік құрмет белгісі».
ХАН ТАЛАУ
«Хан сарқытына» мүлде қарама-
қарсы, «хан талау» деген салт та
болған. Бұл – ел сенімін ақтамаған,
дарынсыздығымен емес, қорқаулығымен
жексұрын болған, ақылсыздығын ғана
емес, арамдығын, аярлығын танытқан,
түзелмейтін әміршінің мал-мүлкін тігерге
тұяқ қалдырмай бөлісіп алу. Зорлық емес,
барымта емес, жәмиғат шешімімен жүзеге
асатын жаза, дәстүрге сыйымды, заңды іс
саналған.
«Хан талау» салты – таққа мінген
хан емес, ел билеген кез-келген әкімнің
адамшылықтан аттамауының кепілі бол-
ды. «Хан талау» аяқ астынан, оқыстан
жасалмаған, әуелі әміршінің, бек пен
төренің оғаш қылықтары, мұның алаш
жұртының жөн-жоралғысымен сыйы-
спайтыны турасында арнаулы ескертулер
жасалған, осыдан соң ғана ел ағалары бо-
лып, жұрт болып жаппай баталасып, қатал
үкімді жүзеге асырған.
Сейіт Кенжеахметұлы,
Суретін салған: Е. Бұхарбаев.
сапардан жолаушы келгенде, құда кел-
генде тағы басқа зор қуанышты күндерде
әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден
шашу шашады. Шашылған шашудан
тойға қатысушылар теріп алып, ырым
қылып балаларына апарып береді. Шашу-
ды әйелдер ғана шашады.
ШАРҒЫ САЛУ
Ұзатылған қыз таяу сіңлісіне басына
тартатын орамалын береді. Бұл «ендігі
кезек сенікі, бақытыңды тап» деген сөз.
Мұны біздің ана тілімізде «шарғы салу»
- деп атайды. «Шарғы» салынған қызға
жеңгелері, замандастары бас қосып келіп,
жақсы тілек білдіріп келіп шай ішеді.
ШүЛЕН ТАРАТУ
Шүлен тарату – мырзалық пен
жомарттықтың бір белігісі. Бұрын мал-
ды мырзалар, билер алыс-жақын жердегі
адамдарға мал, ақша, бұйым, тамақ
үлестірген. Бірақ бұл садақа емес, зекет
те емес, құдайы да емес «шүлен тарату»
деп аталады. Мұның мағынасы – кедей-
кепшіктерге жәрдем мен қамқорлықтың
бір түрі. Мұны бай адамдар әсіресе күзгі
күндері мал басы көбейіп, өсіп, қоңайып
қысқа түсер кезде үлестіретін болған.
Шүлен таратушылар пайда үшін емес,
көптің алғысын алу үшін және оларға
қол ұшын беру мақсатымен адамгершілік
парызын өтеу үшін істейтін болған.
Бұрын бай мен мырзаларды қанша
жамандағанымызбен олардың қалың
бұқара халыққа пайдасы тиіп отырғанын
енді ғана мойындап отырмыз.
ХАН САРҚЫТЫ
«Осы орайдағы басқа жұртта жоқ тағы
бір рәсім – хан атқа мініп, ордаға түскен
кезде әр тайпадан, әр тараптан арнайы
іріктелген қаншама адам ханның өрістегі
малын, қозы-лақ, құлын-тайына дейін түк
қалдырмай бөліске салады. Бұл рәсім «хан
сарқыты» деп аталады. Ханға малдың
керегі жоқ. Хан – ел иесі, жұрт тұлғасы,
елде бар болса, ханда да бар, ханның
халықтан бөтен тілегі болмауға тиіс деген
сөз. Сонымен қатар жақсы ырым. Сайлауға
келе алмаған жұрт тойдан дәм татады, хан
малының тұқымы қалған елге құт әкеледі.
27
ӨНЕР ЖҰЛДЫЗ
ДАРЫ
– Журналистермен қай тақырыпта сұхбаттасқан
ұнайды?
– Тақырып таңдамаймын. Кез келген салада өз ойымды еркін,
әрі нақты жеткізе аламын.
– «Берсе ғана аламын, шақырса ғана барамын. Өзім
ешқайда жүгірмеймін» деген ұстанымдағы әншісіз. Алайда,
бүгінгі заман талабы басқа сияқты... Көштен қалып қоюдан
қорықпайсыз ба?
– Қорыққаннан бұрын, көштен қалып қойдым деп ойлай-
мын. Сол үшін де өзіме өзім ренжимін. Алайда, болмысым
солай болғандықтан қиын екен. Теларналарда жүріп жатқан
концерттердің ішінен өзімді көре алмағаным үшін өкінемін.
«Неге мені шақырмады екен?» деп ойлаймын. Сөйтсем,
әншілер:«Қазір өзің бармасаң, ешкім арнайы шақырмайды»
деп күліп жатады. Сосын «Қойшы, аты-жөні жоқ қай есікті
қағамын?» деп ойлап қоямын. Мүмкін, жалқаулық басып кетті
ме?!. (күлді) Әйтпесе, жұлдыз ауруына шалдығып кеткен түгім
жоқ. Ол жастан әлдеқашан өтім кеттім. Себебі, биыл сахнада
жүргеніме 33 жыл толды.
– Бір сұхбатыңызда «Шетелдің әндеріне еліктемеу керек»
деген екенсіз. Ендеше әлемдік ареналарды қалай бағындыруға
болады?
Гүлнәр Сиқымбаева, әнші:
– Еліктегенде былай... Оларды көптеп тыңдау керек. Алайда,
өзіміздің қазақылығымызды ұмытпай, екеуін ұштастыра білген
жөн. Ал егер тек халықтық мәнерде айтып жүре берсек, мен
сияқты қалып қоямыз. (күлді)
– Шетелге тым еліктеп кеткен, сіз тыңдағаңыз келмейтін
әншіні атай аласыз ба?
– Ондай әншілер бар ғой біраз. Алайда, ешқайсысын
«Ұнатпаймын, тыңдай алмаймын» деп айта алмаймын. Себебі,
қателеспейтін адам жоқ. Тек олар - өз орнын, өз репертуарын
таба алмай, ізденіс үстінде жүрген өнерпаздар. Мен сізге мы-
надай әңгімені мысалға келтірейін. Өткенде (атын атамай-ақ
қояйын) бір әнші жігітке: «Кәдімгідей атың қалыптасқан, халық
мойындаған әншісің. Неге сахнада жыртық-жыртық киім киіп
жүресің?» деп бауырмалдық сынымды айтқанда, ол есікті тарс
жауып, шығып кетті. Артынан ақылымды айтқаным үшін өкініп
қалдым...
– Білуімізше, әншілікті армандамаған екенсіз... Сонда
өзіңізді қай салада елестеттіңіз?
– Мұғалім болатын шығармын деп жүрдім...
– Қай сабақтан?
– Қазақ тілі мен әдебиетінен.
– Неліктен дәл сол пәнді таңдадыңыз?
– Әдеби кітапты өте көп оқыдым. Бұрын әдебиетке
құштарлығы сонша, күні-түні кітап оқитындарды түсінбейтін
едім. Өзім бастан өткергеннен кейін олардың бұл жағдайын
мойындап жүрмін. Уақыт өте келе, түбінде сол армандаған
мұғалімдік қызметке келетін сияқтымын...
– Қалайша?
– Шәкірт туралы қойылған сұрақтарға ұялып жауап бере
алмай жүремін. Кейде айнаның алдында отырғанда «шәкірт
тәрбиелейтін жасқа келіп қалыппын ғой» деген ойлар мазалай-
ды...
– Шетелде гастрольдік сапармен көп жүрдіңіз. Сізді
таңқалдырған оқиға...
– Қытайдың шекарасы енді ашылып жатқан тұста, ол жаққа
барып 11 қаласын аралап көрдік. Сонда Үрімжі қаласының
үлкен стадионында концерт бердік. «Сары бидай» әнін айтып
шыққанымда, бес минут бойы құшағым толассыз гүлге толды.
Микрофонымның қайда кеткенін білмей қалдым. Халық әнінің
құдіреті ғой!.. Таңқалдым!..
– Әлемдік саяхатшы болсаңыз, жұмысыңызды қай мемле-
кеттен бастар едіңіз?
– Өзім бұрын бармаған, көрмеген мемлекеттің бірінен бастар
едім...
– Жаңарған мына заманда салт-дәстүрді, ырым-тыйым-
дарды қаншалықты ұстанасыз?
– Бұрында сахнада «Екі анадан он беспіз» деп көкірегімді
керіп, жиі мақтанып айтатынмын. Сонда зал таңқалғаннан
гуілдеп кететін. Енді ойласам, сондай жайттарды айтпау керек
екен. Себебі, өз анамнан туған екі інім мен сіңілімнен айырылып
қалдым. Бүгінгі күні сол сөзім үшін қатты өкінемін.
Айтылмаған ән де көп,
АрмАн дА көп...
28
АЛТЫН БЕСІК – ӘСЕМДІК ӘЛЕМІ
– Бір күндік жұмыс істеу тәртібіңізді білуге бола ма?
– Қазір жалқау болып кеттім. (күлді) Жаздың аптап
ыстығының әсері ме, әйтеуір, жұмысқа құлқым болмай жүр. Бір
жағынан, жаз кезінде әншілердің барлығы демалады. Концерттік
бағдарламалардың, теларналық түсірілімдердің маусымы енді
басталады.
– Сіздің ең көп қолданатын сөзіңіз?
– Жаратқан ием жар болсын! Бергеніңді алма!
– Шығармашылық жолыңызда не қанаттандырады?
– Адамның әр жасының өзінше әдемі кезеңі болады екен.
Кішкене қыз күнімізде «Қашан бойжетіп жігітпен кездесеміз?»
деп армандадық. Ол орындалған соң, ұлды болдым. Артынша
«Ұлымды университетте оқытсам» деген арманның жетегінде
жүрдім. Енді бүгінгі күні «Қашан келін алып, ене атанамын?» деп
қанаттанып, армандаудамын. Осылайша арман қуып жүргенде
қашан өмірдің таусылғанын да білмей қалатын шығармыз...
– Қоғамдағы қай мәселе алаңдатады? Сіз үшін бүгінгі
күннің күйіп тұрған өзекті тақырыбы не?
– Жұмыссыздық!.. Ел ішінде көп жүреміз. Сондай кездері
жұмыссыз жүрген жастарды көргенде кәдімгідей қарным ашып,
салым суға кеткендей әсерде боламын. Мемлекет тарапынан осы
мәселеге қатысты көптеген бағдарламалар жүзеге асырылып
жатқаны белгілі. Алайда, оның шамасы барлық қазаққа бірдей
жетпей жатқан сияқты. Алысқа бармай-ақ, өзімнің інілерімнің
де бос жүрген жайы бар. Кеңес одағы кезінде жұмыссыз жүрген
адамды көрмейтін едік, ал бүгінгі күні ол өзекті мәселеге ай-
налып отыр. Сосын бұрындары ұлтқа қызмет ету, рухани баю
мәселесі бар еді, ал қазір жұрттың барлығы тек өзіме ақша тап-
сам деп жүгіреді.
– Көп сыналдыңыз ба, әлде көп мақталдыңыз ба?
– Сыналған да кездер көп болды. Мақтау сөзді де талай
естідік. Әлі күнге дейін өзіміз жайлы бір жақсы сөз ести қалсақ,
қанаттанып, жұмысқа деген құлшынысымыз арта түседі. Тағы да
мақтала түссек екен дейміз. (күлді) Жасымыз біразға келгенімен,
көкірек әлі жас. Сахнаны тастағым келмейді...
– Сахнада жүрген 33 жылыңызда шығармашылық
мүмкіншіліктерімнің барлығын көрсете алдым деп ойлайсыз
ба?
– Жо-о-оқ!.. Жартысына да жеткен жоқпын әлі. Айтпаған
әндерім, киілмеген костюмдарым қаншама?!.
– Шығармашылығыңыздың 35 жылдық мерейтойына де-
ген дайындық басталды ма?
– Бір ойласам, оған дейін әлі біраз уақыт бар сияқты
көрінеді. Екінші жағынан қарасам, қыс артынан көктем келіп,
уақыт зымырап барады. Сол үшін дайындыққа қызу кірісу керек
сияқты. Ой үстіндемін. Әлі пісіп, жүзеге асатын мезгілі келмей
жатқандай... Қалғанын уақыт көрсетер...
- Балет бишiлерiн қартайтып, белдерi қайысқанша
билетiп қоймай, өзге өркениеттi елдер сияқты, қырық жасқа
келгенде зейнеткерлiкке шығару туралы ұсыныстарға ешкім
құлақ аспай келедi. Ханға да, қарашаға да сөзiн өткiзе бiлген
өнер адамдарына деген құрметтiң жоғалғанына не себеп?
- Бұл жайлы балетмейстер Болат Аюханов та аз айтып келе
жатқан жоқ. Әрине, ұят нәрсе. Бұдан артық айтарым жоқ. Осыған
орай, «Белдерi қайысқан балет бишiлерiнен жерiген жұрт елу
жылдан кейiн балет театрына барудан қалады», - деген пiкiрдi
де естiдiк. Iшiмде бұл сияқты толып жатқан талай қиналыс пен
толғаныс бар. Бiрақ оларды ашып айта алмаймын. Өз басым, жан
дүнием нәзiк болғандықтан, батыл қадам жасайтын жерлердi
жүйкем көтере алмайды. Сондықтан саясатты қойып, қарапайым
өмiрдегi ұрыс-жанжалдан аулақ жүретiн адаммын.
- Әйтсе де газет-журнал оқып дегендей, бiр уақыт
теледидарға да үңiлерсiз...
- Әрине.
- Осы тұста отандық телеарналардың ұлттық өнердi на-
сихаттау жағы көңiлiңiзден шыға ма?
- Әлбетте, көңiлiм толады. Түрiк ағайындардың кинола-
рын көрсетiп жатыр. Солардың адамды сыйлау сияқты көп
жерлерi бiзге ұқсас. Сондай-ақ, өзiмiз көрiп жүрген кәрiс
хикаяларындағы кәрiстердiң де менталитетi бiзден алшақ емес.
Қазақ классикасының қоржынына түскен «Алпамыс», «Менiң
атым Қожа» сынды кинолардың қатарын сағынатынымыз рас.
Бiрақ классиканы ғана iздеп қатып қалмай, жастардың жаңа
дүниелерiне де бет бұрған дұрыс.
- Кейбiр әрiптестерiңiз тiрнектеп жан бағып жүрсе де,
жағдайымыз жаман емес дегендi айтады. Бiрақ...
- Бiз, қазақ, қанағатшыл халықпыз ғой. Жоқты жоқ деп
айтпайтынымыз да содан. Менiң де сiзге айтпаған талай сыр-
ларым бар. Оны еш уақытта ешкiмге айтпаймын да. Бұл да
қанағатшылдыққа негiзделген мiнезiмнен болар. Жоғымды ай-
тып, өзi де тұрмысы мен рухани жағынан жұтап жүрген елдiң
еңсесiн түсiрiп алғым келмейдi.
- Заңның әлсiздiгiнен әйелдер жәбiрдi көп көруде. Ерiне
араша түсiп, қоғамнан әдiлдiк таба алмай зар еңiрегендер
қаншама. Қазақ қыздарын жылатпаған халық едi ғой...
-Заманның өзi солай болып тұрса, қайтемiз?
- Сол заманды жасап отырған адам емес пе?
- Осының түбiне өзiм де жете алмай келемiн. Бiрақ еркек
атаулының екi қолына күрек жоқ болғандықтан, отбасын асы-
рап отырған - әйелдер. Матриархат бiзге келе жатыр. Менi осы
толғандырады. Ұлымның жасы жиырмада. Мамандығы - эко-
номист. Соның болашағына алаңдаймын. Жұмыс табудың өзi
шешуi табылмас қиын мәселеге айналды. Тапқан күннiң өзiнде
сол орынға тамыр-таныстарын, туыстарын тықпалайды. Соның
кесiрiнен бүгiнгi күнi нағыз мамандар жұмыссыз сенделуде.
Айдана АЛАМАН
29
ӘЛЕМ ҚА
ЗАҚТ
АРЫ СЫР ШЕР
ТЕДІ
- Бекеш аға, естуімше Сіз Шынжаң университетін мате-
матика пәні мамандығы бойынша бітіріпсіз. Математиктен
сазгерлікке қалай ойыстыңыз?
- Мен мектепте оқып жүрген кезімде математика пәніне
алғыр болатынмын. Содан да болар, орта мектепті бітірген
бойда, яғни, 1979 жылы Шыңжаң университетінің математика
факультетіне оқуға түстім. Бұрын ата-ананың қасынан алысқа
аттап шығып көрмеген мен сияқты ауыл баласы үшін қиырдағы
Үрімжідей алып шаһардың тыныс-тіршілігіне ілесу өте қиын
болды. Әсіресе, алғашқы жылы жаныма сағыныш қатты батты.
Ауылға, ондағы ата-ана, дос-құрбыға деген сағыныш менің жан
дүниеме өзгеше бір қуат бітірген сияқтанды. Оңаша қалсам, сан
түрлі қиялдың әлемін кезетін болдым. Сағыныш пен құлазу мені
еріксіз ыңылдатып әр түрлі әннің иіріміне жетелейді. Өзіме өзім
таңдана бастадым.
- Байқасам, осы үлкен сағынышыңыздың соңы
шығармашылыққа ұласқан сияқты?
- Дұрыс айтасың! 1980 жылы тырнақалды туындым -
«Сағыныш» атты әнім дүниеге келді. Көп өтпей «Қыр гүлі» деген
ән шығардым. Сосын, бұл шығармаларды ерекше батылдықпен
эфирде жариялап жібердім. Міне, қызық, екі ән де көп өтпей-ақ
ел арасына кең таралып кетті. Бұл жетістігім менің балаң ша-
бытыма қамшы баса түсті. Математика мамандығын меңгере
жүріп, сазгерлікке де ден қоя бастадым. 1981 жылы студенттер
арасында өткен өнер байқауында лауреат атанып, сол жылы
университеттің ойын-сауық үйірмесіне қабылдандым. Кейін
«Аққайың» деген ансамбль құрдық. Міне осы құбылыстар менің
өнер жолына барған сайын жақындай түсуіме түрткі болды.
- Сол «Аққайың» ансамблі туралы айта кетсеңіз. Ол
топтың атағы неге көпке тарамады?
- Ол кездері «The beatles», «Bony M», «Abba», «Дос-Мұқасан»
ансамблдерінің атағы жер жарып тұрған. Бұл жағдай өнер жолын-
да жүрген мені де елеңдетпей қоймады. Біз де бір ансамбль құрсақ
деген ой мазалай берді. Сонымен, өнерге бейімі бар бір студентті
САЗгеР САғЫНЫшЫ
Бекеш Зейнелұлы
1962 жылы Қытайда
дүниеге келген. Шынжаң
өлкесі Буратала моңғол
облысының тумасы.
Қытайдың «Мемлекеттік
бірінші дәрежелі компо-
зитор» атағын алған.
Мемлекеттік сыйлықтың
иегері. Елін-жерін әсем
әнімен тербеген сазгермен
сұхбаттасудың сәті түсіп,
арнайы әңгімелескен едік.
Сазгер сырын оқырман
қауыммен бөлісуді жөн
көрдік...
қасыма алып, қос гитарамен дуэт болып сахнаға шықтық.
Өкінішке қарай, ол жігіт екеуміздің дуэтіміз ұзаққа бармады.
Себебі, ол оқуы біткен соң ауылға кетті. Кейін гитара аспа-
бында еркін ойнайтын тағы екі студент тауып, трио болып
жұрт алдына қайта шықтық. Бұл жолы еңбегіміз жанып,
халық бізді бірден керемет қабылдады. Трио болып біраз
уақыт Шынжаңды дүрілдеттік. Қазіргі кезде ойлаймын,
сол трио болған қалпымызда қала беру керек екен. Бірақ әу
бастағы арманымыз ансамбль құру болған соң, әрі Шыңжаң
университетіндегі өнерге жанашыр аға буындардың ақыл
қосуымен 1984 жылы біздің трио «Аққайың» ансамблі бо-
лып кеңейтіліп, қайта құрылды. Алғашқы кезде ансамбль
жақсы жұмыс жасады. Концерттерімізді өнерге сусаған
халық өте жылы қабылдады. Бұл бастамамыз үкімет
басшыларының да назарына ілініп, көмектер де келе ба-
стады. Алайда, ұйымдастыру жағындағы тәжірибесіздіктен
бе, әлде ансамбль құрамының тым үлкейіп кетуінен болды
ма - уақыт өте жұмысымыз тоқырай бастады. Ансамбль
құрамындағы белді мүшелер бір-бірлеп топтан шығып
кетті. Ақыры, мен де бас тарттым. Көп өтпей «Аққайың»
ансамбльі тарап кетті. Бұл сәтсіздік те маған бөгет бола
алған жоқ. Өнер жолымды жалғастырып, жатпай-тұрмай
еңбектене бердім. Кейін Қазақстанға келіп, Алматыдағы
Құрмаңғазы атындағы консерваторияға түстім.
- Бұл қай жылдары еді?
- Мен 1984 жылы университетті бітіріп, «Шынжаң оқу-
ағарту баспасының» математика редакциясына жұмысқа
тұрған болатынмын. Онда орта мектеп пен арнаулы орта
оқу орындарының математика оқулықтарының редакторы
болып қызмет атқара жүріп, өнер жолындағы ізденістерімді
жалғастыра бердім. Содан 1991 жылы қаңтарда Құрманғазы
атындағы консерваторияға қабылданып, композитор
Мансұр Сағатовтың шеберханасында оқыдым. Ол кісі менің
әуесқой өнерпаздығымды кәсіби деңгейге көтеру үшін бар
|