Ыстық ықлас, достық байланыс Қытай төРАҒасының


МЕНІҢ Е ЛІМ - ҚА ЗАҚСТ АН Шетел  қазақтарының  Қазақстанға  жаппай



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата15.03.2017
өлшемі12,48 Mb.
#9521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

39

МЕНІҢ Е


ЛІМ - ҚА

ЗАҚСТ


АН

Шетел  қазақтарының  Қазақстанға  жаппай 

көшуі өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының 

басынан  басталды.  Сол  қазыналы  көштің  басы-

қасында әу баста үш-ақ адам  жүргенін бұл күнде 

біреу білсе, біреу білмейді.  Солардың  бірі – Марат  

Тоқсанбаев. Ол кісі күні бүгінге дейін көші-қон са-

ласында қызмет атқарады.

Біз  Марат  ағаға  жолығып,  сол  салқар  көштің 

қарбалас  күндерінен  естелік  айтып  беруін 

өтінген едік. Енді сол әңгімелерді назарларыңызға 

ұсынамыз.

 

ҚАНЫ БАР ҚАЗАҚ

–    Алғаш  1991  жылы  ҚР 

Еңбек  министрлігінде  Көші-қон 

бөлімі  ашылғанда  оған    өзім 

сұранып  бардым.  Мені  шеттегі 

қазақтарды елге көшіру жұмысы 

қатты  қызықтырды.  Министр 

Саят  Дүйсенбайұлы:  «Сенің 

қазақ    қаның  бар  ма?  Мұндай 

жерде  тек  қазақ  қаны  бар  адам 

ғана  жұмыс  істейді»  деп  қатты 

ескертті.    Шынында  да,  сол 

тұста  алыстағы  ағайын  деген-

де шығарда жанымыз бөлек еді. 

Қайрат-қажырымыз  жеткенінше  аянып  қалмадық.  Көші-қон 

бөлімінің басшысы Ғазиз Есмұқанов және одан басқа үш-ақ адам 

едік. Кейін онға жеттік. Департамент құрылғанда 20 кісі болдық. 

Алғаш  көш  басталған  жылдары  облыс,  аудандарда  көші-қон 

бөлімі құрылған жоқ болатын.

1991-1992  жылдары көш Моңғол елінен басталды. Осы жыл-

дары  Баян-Өлгий  мен Қобда аймағына 3500-ден астам  «Камаз» 

автокөлігі барып, көшіп келушілердің жүгін тиеді.  Адамдарды 

ұшақпен  Өскеменге  тасыдық.  Күніне  10  рейс  жасап,    90  күн 

тоқтаусыз тасыдық. Қазақстанның әр облыс, аудан, совхоздары-

нан ресми өкілдер  барып, Баян-Өлгиймен шарт жасасып, адам-

дарды әкетіп жатты. Қиындық көп болды.  Адамдарды ұшақпен 

тез жеткізсек, жүктері «Камазбен» 10-15 күнде әрең келіп жатты.

Баян-Өлгийге    келген  жапон  туристері:  «Бұл  не?  Елді 

неге  көшіріп  жатырсыңдар?»  -  деп  таң  қалады.  Жапондардың 

түсінігінде соғыс зардабы, экологиялық апат, т.б. болмаса елдің 

жаппай қопарылып көшуі ақылға сыйымсыз екен.

 

КЕРЕЙДІң ҚЫЗЫЛ ҚОЙЫ

Баян-Өлгий    қазақтарының  еңселі  киіз  үйлерін    ұшақпен 

тасыдық.  Шаңырақтар  сыймай,  оны  ортасынан  кесіп  салып 

жіберген кездеріміз де болды.

Бірде  көштің    қамымен  келе  жатып,  «Камаздың»  үстінде 

шаңырақтың  тігіліп  тұрғанын  аңғарып  қалдым.  Тура  киіз  үй 

сияқты. «Бұл немене?», – деп үстіне шығып қарасам, машинаның 

КӨШІ-ҚОН ХИКАЯЛАРЫ

үстіндегі  үйшік  үйде  5-6  керейдің  қылшық  жүнді  қызыл  қойы 

тұр,  біреуі  қошқар…    Жанында  жем-суы  дайын.  Шаңырақтан 

күн түсіп, ауа кіріп тұр… Ақыры сол қойлар  Алматының Ше-

лек ауданына келді. Естуімше, сол малдың қазіргі саны жүздің 

үстінде дейді.

 

ШАЛҒА АЙНАЛҒАН КЕМПІР

Көшкен  елдің  тізімін  қолмен  жазып  Өскеменге  жібереміз. 

Олар  тізім  бойынша  адамдарды  қабылдайды.  Бірде  дәл 

ұшаққа  отырар  кезде  бір  кемпірдің  құжатында  суреті  жоқ  бо-

лып  шықты.  Жанымдағы  жігітке  «Жүгір,    сурет  тап»  десем, 

сақалы  бар  шалдың  суретін  әкеліп  тұр.  Ойлануға  уақыт  жоқ. 

Кемпірдің паспортына сақалды шалдың суретін жапсырдық да, 

ұшырып жібердік. Келесі ұшақпен өзім ұшып шықтым. Келсем, 

Өскеменнің кеденшілері ұлардай  шулап жатыр.  Шалдың суреті 

бар кемпірдің паспортын көріп, «Мынау қалай?», – деп бәрі  аң-

таң.  Біздің  кемпір  болса  былқ  етпейді;  «Ана  кісі  жапсырған», 

–  деп  мені  көрсетіп  қояды.  Ақыры  әйтіп-бүйтіп  кемпірді  алып 

шықтық.

Тағы бірде ұшақ қозғалып барады, қарасам – бір бала шы-



рылдап,  ұшақтың  бауырында  жүр.  Ойбай  сап,  ұшақты  қайта 

тоқтатып,  баланы  отырғызып  жібердік.  Сөйтсек,  бала  дәрет 

қысып  кетіп,  далаға  тұра  жүгірген.  Ата-анасы  ұшақтың  ішінде 

қалып қойған.

Тағы бірде «Балам жоғалды, ойбай!..», - деп бір апамыз жар 

салып  тұр.  Ұшақ  гүрілдеп,  ұшуға  айналған.  Баланы  жабылып 

іздеп жүрміз. Сөйтсек, ол күте-күте әбден іші пысқан болу ке-

рек,  өрт  сөндіретін  қызыл    жәшіктің  ішіне  кіріп  алып,  құммен 

жайбарақат ойнаап отыр…

 

ЖОЛШЫБАЙ ТУҒАН – ЖОЛДЫГүЛ 



МЕН ЖОЛДЫБАЙ

1993  жылдың    қараша  айында  Тәжікстаннан  көш  бастал-

ды. Тәжікстандағы ішкі жағдайға байланысты бір пойыз  адам-

ды  Оңтүстік  Қазақстан    мен  Жамбыл  облыстарына  жеткіздік 

те,  ертеңінде    Иран  Ислам  Республикасына  аттандық.  Ондағы 

қазақтарды  көшіріп  алмақпыз.  Көшті  алып  келуге  Қазақстан 

теміржолы  екі  пойыз  жіберді.  Пойыздарды  Түркіменстан-Иран  

шекарасындағы «Қызыларбат» станциясына әкеп тіреп қойдық. 

Адамдарды    Ираннан    алып  шығуға  түркімендер  көмектесті. 

Қазақтарды  тегін  тасып  берді.  «Қызыларбаттан»  7  күн  жүріп, 

әрең дегенде Шымкентке жеттік.

Жолда  қос  пойыздағы  мың  жарым  адамды  өзіміз 

тамақтандырдық.  Әр  пойызға  бір-бір  асхана  ұйымдастырдық. 

Азық-түлікті  сатып  алып,  тамақты  өзіміз  пісіріп  береміз.  Жол-

шыбай екі әйел босанды. Сәбилердің атын – Жолдыгүл, Жолды-

бай деп қойдық. Көшті облыс әкімі Зауытбек Тұрысбековтің өзі 

жылқы сойып, құшақ жайып, жақсы қарсы алды.

Келесі  жылы  Сауд  Арабиясы  мен    Ауғанстанға  барып, 

қазақтарды  көшіріп  әкелдік.  Сол  жақта  тұратын  өзбек,  тәжік 

ағайындар: «Бізді де көшіріп алыңдаршы, құлдарың болайық», – 

деп жалынғанын көрдім.

Ирандағы қазақтардың көбінде екі-үш әйелі бар. Бір ақсақал 



40

АЛТЫН БЕСІК – А

ТАМЕКЕН

келді.  Өзінің  үш  әйелі  бар  екен.  Әлгі  кісіге  «Қазақстанда  бәрі 



жалғыз әйелмен  тұрады, сол елдің заңы бойынша бір әйел ғана 

алып өтесіз, әйелдеріңізбен ақылдасып, бірін таңдаңыз», – деп 

қалжыңдадым. Сөйтсем, ақсақал менің айтқанымды шын көріп, 

біраздан соң ең кіші тоқалын ғана ертіп келіп тұр: «Ана қатындар 

осында қалатын болды, келісіп келдім» дейді, жан-жағына масат-

тана қарап. 

Мұндайда  күлмегенде  қайда күлерсің. Артынан  ақсақалдан 

орынсыз  қалжыңым  үшін  кешірім  сұрап,  үш  әйелімен  қосып, 

атажұртына алып келдім.

ҚАРА ЖАРТАСТЫң ҚАСИЕТІ

Жоғарыдағы  айтқанымыздай,  90-шы  жылдарының  басында 

Баян-Өлгийдегі басталған көш Қазақстанның маң даласын бетке 

ұстап жөңкіліп  жатты. Осы ұлы дүбірдің арасында Ауғанбай атты 

құсбегі қазақ Алтайы қоңыр бүркітін жұртқа тастамай көшпен 

бірге алып келген еді. Бұрынғы Жезқазған облысына қарасты бір 

ауданға келіп қоныстанады. Бір отар қой алып, Балқаш көлінің 

жағасындағы ескі қыстаққа жайғасады. Жыл өтеді. Туған жерін 

ойлап өгейсіген көңіл орнығады. Бірақ қолындағы Алтайы қоңыр 

бүркіті  бұл  жақта  жерсінбейді.  Бір-екі  рет  көлдің  қамысында 

қыстаған қоян, қарсаққа салып байқаған екен, аңға шүйілудің ор-

нына, қайқаң етіп көкке шаншылатын әдет тауыпты. Оның бер 

жағында  ферма  бастығы:  «Бүркітті  жоғалтыңдар»,  –  деп  зікір 

салатынды шығарыпты. «Шекарадан қалай асырдың?, Бүркіттің 

паспорты  қайда?,  Денсаулығы  туралы  анықтамасы  бар  ма?»  – 

деп бастық қоңыр бүркітпен өшігіп алады.

Бүркіт түгілі өзінде паспорт жоқ бейбақтардың қолынан не 

келе  қойсын?!.  Содан  амал-айласы  қалмаған  құсбегі  обалына 

қалмайын деп жыл асқан соң қыранын босатып қоя береді.

Балақ  бауынан  ажыраған  қоңыр  бүркіт  қыстақтың  үстінде 

ұзақ  айналып  ұшып,  бір  мезетте  екі  рет  шаңқ  етіп,  тіке  көкке 

өрлеп бұлтқа сіңіп кеткен. Ауғанбайдың өзі, әйелі, бала-шағасы 

бәрі жылап қала берген.

Бұлар  жылап  тұрғанда  мотоциклін  өкіртіп  ферма  бастығы 

келіп  қалады.  Масаң  бастық  «Сендерге  не  болды?»,  –  деп 

күжілдейді. Ауғанбай сонау биікте қара ноқат болып қалықтап 

жүрген  қыранды  көрсетеді.  Аспанға  бір  қарап,  жылап  тұрған 

Ауғанбайға бір қарап, қора шетіндегі бос қалған қоңыр қыранның 

тұғырына бір қарап, көктемдегі көксоқты болған кәрі текедей ба-

сын шайқап, мәңгірген бастық: «Өздері жанын баға алмай оты-

рып,  ұшып  кеткен  бүркітке  жылайды,  ақымақтар-ай!»,  -  дейді. 

Сөйтіп ол дүниені жаңғыртып, іші кепкенше күліп, жөніне кетеді.

***

Содан арада айлар өтеді. Жылжып жылдар өтеді. Екі арада 



совхоз  тарап,  Ауғанбайдың  қыстағын  ферма  бастығы  малымен 

бірге сатып алады. Шиттей бес баласын шұбыртып ауылға кел-

ген  Ауғанбайды  мектеп  директоры  жұмыс  пен  баспана  тауып 

беріп  көмектеседі.  Ел  қатарлы  өмір  сүріп  жатады.  Арба,  шана 

жөндейтін қолының ептілігі бар азамат ауыл ішінде абыройсыз 

да емес еді.

Арада  тағы  бір  жыл  өткен  соң  Ауғанбай  Баян-Өлгийдегі 

туып-өскен ауылына қыдырыстап келеді. Көрмегелі төрт-бес жыл 

болған  ағайындарымен  шұрқырасып  табысады.  Сағыныштың 

мауқы  басылып,  тасыған  көңіл  саябырсыған  соң  Ауғанбай 

нағашысының құла бестісін тақымына басып, бала күнінде қой 

жайып,  қозы  қайырған  Бұғана  сайды  өрлеп,  байырғы  қыстауы 

Қара жартасқа беттейді. Екі ара жарты күндік жол. Күн көтеріле 

атқа қонған Ауғанбай  екінті мезетінде Қара жартастың етегіне 

ілінеді. Ел осы Қара жартасты қасиет тұтады. Өйткені, тас өзегін 

қуалап аққан бұлақ бар. Суы тастай суық. Жүз метрдей ылдилап 

барып қия беттегі шым астына сіңіп кетеді. Осы бұлаққа оқ тиіп 

жараланған аңдар келіп, қан аққан жарасын суытып, жазылады. 

Әрі жартастың ұшар басында бүркіттің балапан  басатын ұясы 

бар. Ауғанбай баяғыдағы қоңыр бүркітін осы ұядан алған бола-

тын...

Туған  жерін  аңсап  келген  азамат  құла  бестінің  ауыздығын 



алып,  аяғын  тұсап,  отқа  жіберіп,  жантайып  жатып,  қыратты 

алқапқа көз тастайды. Кенет шаңқ еткен қыранның дауысы ойын 

бөліп жібереді. О, құдірет, төрт жыл бұрын  босатып жіберген 

қоңыр бүркіті қара жартастың қиясында отыр! Дәл өзі!..

Ауғанбай атып тұрып шырға салып, бүркітін шақырды. Бүркіт  

қалықтай  ұшып  таяп  келді,  бірақ  қолына  қонбады.  Тағыланып 

кеткен болар. Ауғанбай үшін оның қонбағаны да дұрыс еді...

Сол  жерде  Ауғанбайдың  еңсесі  езіліп,  кәдімгідей  жылады. 

«Япырмай, қоңыр бүркіт құрлы болмады-ау...» деген ой да келеді.

Мен бұл әңгімені Ауғанбайдың өз аузынан естідім. Бұл 1996 

жылы  болатын.  Монғолия  мен  Ресей  шекарасындағы  Ташан-

та  кеден  бекетінде  Баян-Өлгийге  өте  алмай  екі  күн  аяладық. 

Ауғанбай бала-шағасын алып, туған жерін тағы бір көріп қайтуға 

бара жатыр екен. Бұл әңгімені ол сол жерде өзі айттып берген еді.



Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

41

ӘЛЕМ ҚА


ЗАҚТ

АРЫ СЫР ШЕР

ТЕДІ

-    Мәке,  өмірбаяныңызға  сүйеніп  айтар  болсақ,  Сіз  

Өзбекстанға  жақсы  танымал  «Сіргелі»  агрофирмасын  17 

жылдан  бері    басқарып  келеді  екенсіз.  Осы  жылдар  ішінде 

қандай табыстарға қол жеткізе алдыңыз?

-  Тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  кезеңде  елімізде  фермерлік 

шаруашылықтардың өркендеуіне кең жол ашылды. Осы бір қым-

қуыт  тіршілікте  жақсылармен  жанасып,  өмір  соқпақтарында 

жиған-тергені  мол,  пайым-парасаты  биік  адамдармен  пікірлесе 

отырып,  жаңа  заман  талабына  сай  2003  жылы  бұл  өндірісті 

жекешелендірдік.  Қазір  ол  –  «Сіргелі»  жекеменшік  агрофир-

масы деп аталады. Мен – оның бас директорымын. «Қалыптан 

безсең  де,  халықтан  безбе»  дейді  үлкендер.  Халқымыздың 

ұйымшылдығының  арқасында  қазір етек-жеңімізді жинап, бой-

ымызды  түзедік.  Қыруар  еңбектің  арқасында  мол  табысқа  қол 

жеткіздік.  Бүгінде  фермерлік  шаруашылығымыздың  ауқымы 

кең, көп саланы қамтиды. Өз күшімізбен еркін жұмыс жасап келе 

жатқанымызға 17 жыл толыпты. Қазір үкімет тарапынан фермер-

лерге аса көңіл бөлініп, қажетті жеңілдік,  қолайлы мүмкіндіктер 

жасалуда.  Егеменді  елімізде  еңбек  етемін,  мемлекетіміздің 

гүлденіп,  көркеюіне  өз  үлесімді  қосамын  деген  кісіге  әрқашан 

да жол ашық. 

Шаруашылығымызда 230 адам жұмыс істейді, оның 70 пайы-

зы – қазақтар.   Жұмысшыларымыздың жалақысы өз уақытында 

Бақыт кілті – еңБекте

Меңдеш Сержанов 1953 жылы Қызылорда 

облысының Арал ауданында дүниеге келген. 

Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институ-

тын бітіріп, 1984 жылы осы мамандығы бой-

ынша Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында 

кандидаттық диссертация қорғаған. 

Сол жылы Ташкент облыстық 

ауылшаруашылығы басқармасына қарасты  мал 

бордақылау кешенінің директоры болып, кейін 

осы шаруашылықтың бас директоры қызметіне 

бекітілген Меңдеш Сержанов – қазір Ташкент 

қаласының іргесіндегі «Сіргелі» шаруашылығының 

басшысы. 

беріледі. Табысы аз отбасыларға қажетті азық-түлік бөліп, басқа 

да  түрлі  көмек  көрсетеміз.  Яғни,  бүгінгі  басты  мақсатымыз  – 

халықты қолдап-қуаттау. 



-  Жылдық табыстарыңыздың мөлшері қандай?

-    Жұмысшыларымыз  бен  қызметкерлеріміздің  ынтымақты 

еңбегінің  арқасында  шаруашылығымыздың    өткен  жылғы  таза 

табысы  –  өз  ақшамызбен  есептегенде,  180  миллионнан  асты. 

235 отбасы тұратын ауылымызда жұмыссыз адам жоқ. Егін егу, 

жиын-терім  науқанында  ауыл  тұрғындарының  бәрі  жұмыспен 

қамтамасыз  етіледі.  Яғни,  жаңа  жұмыс  орындарын  көбейтіп, 

жастарды  жұмыспен  қамтамасыз  ету  мақсатында  фермерлік 

шаруашылықтың  жанынан  асхана,  азық-түлік  және  күнделікті  

тұтыну тауарлары дүкенін, күріш ақтайтын диірмен, күнделікті 

ыстық  нанмен  қамтамасыз  ететін  наубайхана  аштық.  Өзіміз 

өндірген өнімдерді халыққа еркін бағамен сатамыз. 

Өзбек,  орыс  және  қазақ  тілінде  оқытатын  мектебіміз  бар. 

Аурухана  мен  балабақшамыз  да  жұмыс  істейді.  Осылардың 

барлығы өзімізге қарасты, ыстық-суығына, жөндеу жұмыстарына 

түгелдей өзіміз қараймыз.

Әйтсе  де  шаруашылықтың  жұмысын  жүргізу  оңайға 

соқпады,  қыруар  жұмысты  талап  етті.  Соған  орай,    туындаған 

қиыншылықтар  мен  машақаттарды  жеңуде  мені  бір  ауыздан 

қолдаған шаруашылық ұжымына өте ризамын.       Кез-келген  

мәселені  өз  ұжымызбен  ойласып,  ақылдасып  жүзеге  асыра-

мыз. Яғни, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып еңбек етіп 

келеміз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп осыны айтса керек.

-  Жоғарыда  «шаруашылығымыздың  ауқымы  кең,  көп  са-

лалы»  деп  айттыңыз,  енді  осы  мәселеге  кеңірек  тоқтала 

кетсеңіз..

-    Атап  айтар  болсақ,  бүгінде  480  гектар  суармалы  жеріміз 

бар.  Тауық  бордақылайтын  бройлерлік  кешен,  екі  гектардан 

астам жылыжайымыз бар. Шаруашылығымыздағы 40 мың тауық 

малдәрігерлік ережелерге сай бағылуда. Егістік алқаптарымызға 

күріш,  жүгері,  арпа,  тағы  басқа  да  дәнді  дақылдар  егеміз.  Ал, 

жалпы аумағы бір гектардан асатын жылыжайға Голландия мен 

Израильден  әкелінген  «Бонакуа»,  «Тобироик»  сортты  қызанақ, 

қияр  егіледі.  Күзде  шағын  алаңға  лимон  еккенбіз.  Егер  одан 

өзіміз  күткендей  жақсы  өнім  алсақ,  лимонарийді  кеңейтудің 

мүмкіндігін  қарастырамыз.  Халықтың  күнделікті  тұрмысы 


42

АЛТЫН БЕСІК – ЖЕР ЖҮЗІ

үшін  қажетті  көкөністердің  бірі  –  болгар  қалампырын  да  егіп, 

тәжірибеде сынап жатырмыз. Жылыжайға бейімделіп кетсе оны 

өсіруді одан ары жалғастырамыз.

Мұндай  жұмыстарды  уақытында  әрі  сапалы  жүргізу  үшін 

техника сай болуы керек. Шаруашылықта  техника да жеткілікті.

-  Ауылдарыңыздың  мәдени-рухани  жағдайы  қандай 

дәрежеде?.. 

- Ауылымыздың тұрғындарының басым көпшілігі, жоғарыда 

айтқанымыздай,  –  қазақ  ұлтының  өкілдері.  Олардың  ежелгі 

атамекендірі  –    осы  төңіректегі  Сіргелі,  Ошақты  және  Бағыс 

ауылдары.  Соған  орай,  біздің  ауылымыздың  мәдени-рухани 

жағдайы  айтарлықтай  жоғары  дәрежеде  деуге  толық  негіз  бар. 

Бұған Өзбекстан үкіметі де нақты көңіл бөліп, қажетті көмектің 

бәрін жасап отыр. Қазір біздегі қазақ  балаларының бәрі қазақ 

мектебінде  оқиды.  Мектебіміз  –  тоғыз  жылдық.  Балалар  оны 

бітірген соң Ташкенттегі колледждерге түсіп оқиды. Сондай-ақ, 

Өзбекстан  Республикалық  Қазақ  ұлттық  мәдени  орталығының 

ұйымдастыруымен  көршілес  жатқан  Шымкент  қаласындағы  

дайындық бөлімдерінде оқып, одан кейін Қазақстанның жоғарғы 

оқу орындарына түсіп жатқан түлектеріміз де аз емес. Жалпы,   

оқимын деген талапкерлерге бізде  барлық жағдай жасалынған. 

Яғни, Өзбекстанның оқу орындарында білім алып жүрген жаста-

рымыз баршылық. Қазақстанның Алматы, Қарағанды, Шымкент 

қалаларында  оқитын  жастарымыз  да    жылдан-жылға  көбеюде. 

Олардың  оқып,  білім  алуына  шаруашылық  та  қажетті    көмек 

көрсетіп тұрады.



- «Алтын бесік» журналына айтар  тілегіңіз?..

-  «Алтын  бесік»  журналы  дүниежүзіндегі  қазақтардың 

тыныс-тіршілігін, әдебиеті мен мәдениетін таныстырып отыра-

тын,  олардың  басын  қосатын,  қауымдастыратын  басылым  деп 

білемін. Бұл ретте басылым бетінде өзбекстандағы қазақтардың 

тыныс-тіршілігі,  тұрмыс-жағдайы,  мәдени-рухани,  оқу-білім 

саласындағы  жетістіктері  мен  жаңалықтары  да  үнемі  жарық 

көріп тұрады. Соған орай, «Алтын бесік» журналының  ұжымына 

болашақта шығармашылық табыс,  жаңа жетістіктер тілеймін.

Жақсы әңгімеңіз үшін сізге де үлкен рахмет!

Марат АРЫНОВ. 


43

ӘЛЕМ ҚА


ЗАҚТ

АРЫ СЫР ШЕР

ТЕДІ

ҚҰМАЙТОРЫ

Бұл Монғолия қазақтарының 

арасында  осыдан  бір  ғасырдан 

астам уақыт бұрын болған еді

Алтайдың атақты Өрмегейті 

асуынан  асқан  соң,  жол  ыл-

дилап 

барып 


Құрымтыға 

құлайды.  Бұл  –  табиғаты  әсем 

өлке.  Сонау  шығыс-солтүстікте 

мұнартып тұрған қасқа шыңның 

оң  қапталын  жанай  созылған 

қарағайлы 

алқапты 

біздің 


ел  «Жолты  жайлауы»  дейді. 

Жайлаудың  күңгей  бетіндегі 

ескі  сүрлеуді  қуалап  барып, 

мәңгі  мұздақтың  төменгі  етегін 

сүре  өрлейтін  қия  жол  –  Қобда 

ҚЫРАН ХИКАЯСЫ

бетіне  асатын  жалғыз  сорап.  Сүрлеу-сорапты  қыста  қалың  қар 

басып қалады. Тек жаздың үш айында ғана қатынас бар.

Жолты  жайлауындағы  елге  түнеген  қос  салт  атты  таң  бо-

зымен  жолға  шығып,  Қозы  көлдің  сыртындағы  Бүркіт  тауына 

қарай ылдилап келеді. Жолаушылардың үлкені – сақал-мұртын 

қырау  шалған  жасамыс  адам  да,  қасындағысы  –  түбіт  мұрты 

енді-енді тебіндеп келе жатқан бозбала. Бұлар күн арқан бойы 

көтерілгенше көлдің қысқа мойнын айналып өтіп, Сарымсақтыға 

тұяқ іліктірді. Алда Көкмойнақ кезеңі. Аттылар қатарласа жүріп 

сылбыр  аяңмен  кезеңге  шыққанша  күн  бесінге  ауды.  Кезеңнің 

үсті теп-тегіс.

Жолаушылар әдеттегідей кезең үстінде ат шалдырды. Жаса-

мыс жігіт ағасы үстіндегі қоңыр барқыт шапанын шешіп, құлақ 

түбі тершіген қарагердің шап айылын сәл босатып, ауыздығын 

алды  да,  отқа  қоя  берді.  Шапанын  жайып  жіберіп,  бесін  на-

мазын  өтеп,  серігін  қасына  шақырды.  Түбіт  мұртқа  сонау  күн 

астындағы бұлт ішінен бұлдырып көрінген биік құзды нұсқады. 

Бұл – атақты Қыран шыңы. Осы шыңның көлеңкесі түсіп тұрған 

ана бір биікте малта тасты үйіп жасаған үлкен оба бар. Оны ел – 

«Бүркіт оба» деп атайды.  

Жігіт ағасы шығысқа қарай жөңкіле көшкен қою бұлтқа шо-

мылып,  Алтайдан  аса  соққан  Қобданың  қызыл  желінің  өтіне 

тұлабойын  сүйгізіп  асқар  биікте  тұрақтаған  Бүркіт  обаға  ұзақ 

қарады. Сосын әңгімесін бастады.

***

Бұдан бір ғасырдан астам бұрынғы сонау алыс жылдары Қара 



Ертіске  құйятын  Қырансудың  тұйық  басы  –  Сенгір  шатқалын 

қыстап  шыққан  ел  жаз  жайлауға  көшеді.  Жайлау  Алтайдың 

теріскейі  –  Мұзөзеннің  үстіртіндегі  Үсіген  қырқасында.  Бұл 

өлкені  шығысқа  сапар  шеккен  Батыстың  саяхатшылары  ба-

сып  өтеді.  Кезінде  атақты  Құбылай  ханның  ордасына  барған 

итальяндық жаһанкездер осы жолмен жүрген-мыс.

Көктемнің қар-суы кетпей, төр жайлауға ерте шықан ауылға 

бір топ орыс жиһанкездері келеді. Олар жер-су аттарын картаға 

түсіріп, жергілікті халықтың тұрмыс-салтын зерттейді. Бұлар со-

нау Петербор дейтін үлкен шаһардағы ақ патшаның қызметкерлері 

екен.  Бейбақтар  азық-түлігі  таусылған  соң  таудың  қоңыр  аңын 

аулайды.  Жайлаудағы  ауылда  оларға  сойып  беретіндей  қоңды 

мал да жоқ, көктеменің көкөзек шағы.

Бір  күні  таңертең  ел  оянса,  шолғыншы  орыстар 

шатырларының маңында ауыздарынан ақ көбік ағып, бірі қалмай 

өліп  жатыр.  Мына  көріністен  шошынған  ел  ақсақалдары  бір 

жігітті сайлап, қос атпен екі күншілік жердегі Жайсан бекетіне 

шаптырады.  Бекеттен  найзалы  бесатарын  шошаңдатып,  казак-

орыс жасағы келеді. Арасында қауға сақал доқтыры бар. Сөйтіп 

бір түнде ауылды әскер басып қалады.

Солдаттар жайлаудағы бар малды етектегі елге қарай айдап 

тастайды да, өлген орыстардың мүрдесін сол жерде өртейді. Ау-

ылды аса қатерлі індет шықты деген желеумен қоршайды. Ауыл-

дан адам түгілі қия басып тышқан шықса атуға бұйрық беріледі. 

Бұл  да  бір  Алланың    сынағы  деп  түсінген  жұрт  сабыр  сақтап, 

істің  ақырын  күтуге  бел  байлайды.  Басқа  қолдан  келер  қайран 

жоқ. Амалын тауып қашып шыққанның өзінде қайда бармақ?!.  

Шынымен  індет  жұқтырған  болса  ше?!.  Қажет  болса  солдат-

тар елдің бәрін қырып сап ана жиһанкез орыстар сияқты өртеп 

жіберуге дайын.

***

Ауылды солдат қоршаған күннің ертеңінде атақты Құсайын 



бүркітшінің  баласы  Құмар  өткен  қыста  қосарлы  сілеусін  және 

бір  ілбіске  (қар  барысы)  түсіп,  ат  аяғы  жетер  жердегі  қазақты 

қайран қалдырған қыранқұсы Құмайторы бүркітін балақбауынан 

айырып ұшырып жіберген еді. Қыран  иесінің білек-қарын солқ 

еткізіп бір тепті де, керме иығын жайып жіберіп көкке көтерілді, 

пышақ шалғысын ысқыртып ауылдың үстін бір айналып ұшып, 

қайқаң етіп Үсігенді асып кетті. Бұл құс – тұзтағысы емес, ұядан 

алған қолбала болатын.

Бірқанша  жылдың  алдында  Құсайын  бүркітші  Марқакөл 

жақтағы нағашыларына  ағайыншылып барып, қонақ болып жа-

тады. Кешке жақын үлкен нағашысы – атақты Жалманбет бидің 

тұқымы  Түзелбай  ақсақал  жалшылықта  жүрген  қойшы  балаға 

қамшы  үйіріп,  ұрсып  жатқанын  көріп  қалады.  Себебін  сұраса, 

қойшы  екі  күннің  бірінде  мал  жоғалтады.  Онымен  қоймай 

жоғалған тоқты-торымды бүркіт алып кетті деп өтірік айтады…

Құсайын бүркітші қойшы баладан «шын айтып тұрсың ба?» 

деп  сұраса  анау  «рас  айтам»  деп  зарлайды.  Құсекең  жеті  ата-

сынан  бері  бүркітші,  бірақ  тоқты  көтеріп  кеткен  бүркіт  жайлы 

естімепті.  Сол  түні  құсбегі  көз  ілмей  таң  атырады.  Ертеңінде 

қойшыға ілесіп жайылымға шығады. Ол күні бүркіт келген жоқ. 

Үшінші күні түзтағысы көктен сорғалап түсті де, шетте жайылып 

жүрген ақ серкешті іліп алып, еш қиналмай қайта көтеріліп кетті.

Құсайын  құсбегі  бүркіт  көз  ұшынан  тайғанға  дейін  ұзақ 

қарады. Бұл жақын жердің құсы емес. Тіпті қанат қағысының өзі 

ерекше. 

Арада ай өткен соң Құсайын құсбегі баласы Құмарды және 

сыбызғышы  жігіт  Замзаны  ертіп,  құсты  іздеп  жолға  шығады. 

Оншақты күн жол жүріп,  Қыран шыңның етегіне келіп тоқтайды. 

Аспанға қарап төрт күн жатады. Бесінші күні биікте ұшып бара 

жатқан қыранды Құсайын бірден таниды. Бүркіт Қыран шыңды 

айналып  көрінбей  кетеді.  Нағыз  қыран  айлалы  келеді.  Ұясына 

тіке жолмен бармайды. Ту биіктен құлдилай отырып, аша сайдың 

ішін  табандата  өрлеп  төменнен  ұясына  тіке  көтеріледі.  Келесі 

күні бүркіт тағы көрінеді. Құсайын құсбегі шыңның сыртын ай-

налып өтіп тұяқ іліктірер түбір тастарға арқан тастап, өрмелеп 

ұяның  дәл  үстіне  келеді.  Ұяда  жалғыз  балапан  отыр.  Нағыз 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет