Қытайдың саяси жүйесі бойынша лекциялар Лекция кіріспе сөз. Жүйе және саяси жүйе ұғымдары


Провинциялық және жергілікті басқару құрылымдары



бет13/25
Дата16.10.2023
өлшемі197 Kb.
#115642
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
Қытай саяси жүйесі қысқа Дәрістер

Провинциялық және жергілікті басқару құрылымдары. Юань империясы мемлекет бойынша 11 процинция құрған (Орталық тікелей басқаратын «кіндік жерлдерден» басқа). Оларды 185 жол , 33 мекеме басқарма, 359 облыс, 1127 аудан құрған.
Юань патшалығының әкімшілік басқару бөліктері тәбиғи жаратылыстық бөліктерді негіз етпеді...
Провинцияның басшысын Уәзір – деп атады (丞相 cheng xiang) деп атады. Оның басқаратын көлемі – амақ, аудандар, шекара өңірлерді бақылау, жорық жасау, әскери және әлеуметтік істерді басқару міндеттерін атқарады.
Провинциядан төменгі әкімшілік орган Лу ( lu) – жол болады. 100 мың түтіннен жоғары шаң лу деп атайды, 100 мың түтіннен төмен болса шия лу деп атайды. Оны басқаратындарды «Даруқаш» деп атайды. Онымен қоса және үш ұлық болады. Даруғаштарға негізінен моңғол ақсүйектерінен тағайындайды.
Лудан төменгі Фу (fu) деп атайды. Оны басқарушыны «Даруғашты» жыфу (知府) деп атайды.
Лу, Фудан кейін облыс болады. Оның өзі жан санына қарай үшке бөлінеді. Бұларды да Даруғаштар басқарады.
Бұдан төмен шиян - аудан болады. Ол да үшке бөлінеді. Оны «Даруғаш» шиян иі (县伊) деп атайды. Демек, Юань империясының басқару жүйесі біршама дамытылған.
Юань империясының әскери саяси жүйесі. Юань империясының ең жоғарғы әскери органы Шу миюань (枢密院). Ол бүкіл мемлекет көлеміндегі әскери істердің барлығын басқарады және императорға жауап береді. Ол әскерлерді жөткеу, әскер саны, әскери шонжарлардың дәрежесін жоғарлату немесе төмендетуды біртұтас осы шумиюань белгілейді.
Шумиюань 1263 жылы құрылған. Оның бастыған Шумишы枢密使деп атайды. Және онымен бірге төрт орынбасарлары міндет атқарады. Юань империясы әскери істерге аса зор маңыз берген. Сондықтан Шумишы деген мансапқа негізінен ханзада тағайындалып отырған. Әскери істерде өте зор құпиялық сақталған, «әскерлердің санын, орнын, дайындығы сиқты істерді қытай офицерлеріне білдірмеу» принципі сақталған...
Шумсиюаньға қарасты атқарушы шумиюань 行枢密院деген органы болған. Ол жергілікті ең жоғарғы әскери орган. Бұл негізінен бағындыру жорықтарын жүргізу мақсатында құрылған әскери орган. Оның билігі Юаньның алдыңғы және соңғы кездерінде басқаша болған.
Юань империясы шекара аудандарының қорғаныс мәселесіне баса назар аударған. Шекара өлкелердің Атқарушы шумиюаньның қасынан және Ду юань шуай фу (都元帅府 Du yuan shuai fu ) деген - әскери окург құрылған. Мысалы, Жемсар (Бейтиң) Ду юань шуай фу деген әскери орган соның мысалы.
Юань империясы аса зор көлемде әскер ұстаған. Шыңғысхан кезінде әскер саны 130 мың болған. Ол негізіген Кезекші әскерлер және қорғаушы әскер (镇戍 军zhen shu jun) деп атайды. Кезекші әскер моңғол тілінде «kešig» деп атаған, түрік тілінде «kezek» десе, қыташа аудармасында «怯薛 qie xue» деп жазылған.
Кезекші әскерлердің міндеті: кезекпен күзетке тұру, патшаны қорғау, ортаны қорғау деген үш бөлімнен құралған. Оған моңғол ақсүйектері мен қарапайым халықтың балаларынан таңдап қабылданады. Соғыс болғанда Шыңғысханмен бірге соғысқа шағады, жай күндері Шыңғысхан ордасының төңірегінде тұрады, тәулік бойын төрт кезекпен күзете шығады.
Кезекші әскерлердің орны жоғары болған. Сондықтан оларда такапарлық мінезқалыптасып, жауынгерлік қуатынан айырылып қалды. Сондықтан Құбылай оны сол, оң, орта, алдыңғы және артқы шеп деп, бес құрылымдық гуардиян құрып, астананы қорғауды міндеттеген. Ол орталықтың тұрақты кәсби армиясы болып саналды.
Юань империясының қорғаушы армиясы жергілікті жерлерде қорғау міндетін атқарады. Оларды Тамаш «Tammaši» (бұл сөзді Тама – жинақтау деген моңғол тілінен алығнағн, немсе түрік тіліндегі Тамодж – мансап атынан келген дейді. Олар Түмен басы, мың басы, жүз басылардан таңдап алған адамдардан құрылған) - әскерлері, моңғол әскерлері, қытай әскерлері және жаңадан берілген әскерлер деп төр сортқа бөлінген. Бұлдардың барлығын моңғол әскерлерінен шыққан шонжарлар басқарған. Қытай әскери шонжарларын әскери саяси істерге араластырмаған...
Юань империясы бақылау органында Үйшытайдың дәрежесі мен билік көлемін тарихтағы барлық патшалықтардан жоғары қойған, жергілікті жерлерде Атқарушы үйтай дейді. Бұл Юань империясының бақылау қызметіндегі жаңалық болып табылады. Орталықтың жергілікті жерлердегі заңдылықты бақылауын күшейтті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет