Қытайдың саяси жүйесі бойынша лекциялар Лекция кіріспе сөз. Жүйе және саяси жүйе ұғымдары


Лекция 5. Қытай Цин империясының саяси жүйесі



бет14/25
Дата16.10.2023
өлшемі197 Kb.
#115642
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
Лекция 5. Қытай Цин империясының саяси жүйесі
Манчжур ақсүйектері 1644 жылы шаруалар көтерілісінің нәтижесінде бүкіл қытайға өз билігін, ғни Чиң патшалығы билігін орнатты. Чиң патшалығының сипаты - Манчжур ақсүйектері құрған Қытайдың ең соңғы феодалдық абсалютты монархиялық патшылығы болып табылады. Ол қытайды 268 жыл билеп-төстеді.
Чиң патшалығы Қытайға билік орнатқаннан кейін көптеген өте күрделі қайшылықтарға тап болды. Сондықтан олар өздеріне дейінгі патшалықтардың тарихи тәжірибесін қортындылай отырып, пракматиптік саясаттар қолдануға мәжбүр болды. Атап айтқанда манчжур билеушілері қытай помещиктерін билікке тарттып олармен одақтасу арқылы ел басқаруды көздеді. Сондай-ақ қара пайым халықтан алынатын салық мөлшерін азайтып халықтың ес жинап етек жауып, қалыпты өмір сүруіне мүмкіндіктер беру саясатын ұстанды. Соның нәтижесінде жүз жылдан артық уақыт қытай қоғамы үрдіс дамып, ХҮІІІ ғасырдың ортасына келгенде өзінің шарықтау шегіне жетті...
Чиң патшалығының билігі манчжур ақсүйектерін негіз еткен, қытай помещиктерін билікке тарту арқылы бүкіл қытайға дектатура жүргізген билік болды...
Міне, Чиң патшалығының осындай саяси сипаты, оның саяси құрылым жүйесін анықтаған-ды. Атап айтқанда, бұрынғы манчжурлердің ұлттық билігінің саяси жүйесі негізінде Мин патшалығының сасяи жүйесіне мұрегерлік етті...
Чиң патшалығының ең жоғарғы билеушісі – император. Ол шексіз билік иесі, Импертаор билігі қытайдың дәстүрі бойынша мұрагерлік жолмен жалғасып отырады.
Чиң патшалығының ішкі-сыртқы саясатын белгілейтін орган ол император Кеңесі. Қытайша оны - yi zheng wang da chen hui yi деп аталады. Оның құрамы патша әулетінен сұрыпталған князьдардан құралған. Император Кеңесі туралы жазылған деректерінде: «Жұмасына бір рет жиналып, мемлекеттік саяси, әскери мәселелерді шешуге саясат қабылдйды» деген екен. Демек, келелі мәселелер осы кеңесте шешіледі деген сөз. Бірақ оған қытай халқының өкілдері қатыстырылмайды ...
Чиң патшалығының орталық басқару құрылымының негізі манчжурлердің ұлттық мемлекетінің негізінде жетілдірілген.
1636 жылы Абахай патша тағына отырғанда, орталықтан Ішкі үш палата құрды: Ней мишу юань (Ішік секратарият палатасы), Ней го шы юань (Ішкі тарих палатасы) және Нейі хоң юань (Ішкі мәдениет палатасы –内秘书院 内国史院 内弘院). Хатшылық палатасы патшаныңы жарлықтарын, сыртқа жолдайтын хаттар, граметаларды дайындайды және әр жақтан келген мәліметтерді хаттап отырады; Іші мемлекеттік тарих палатасы, патша жарлықтарын түсіндіруге және тарих жазуға жауапты болады; Іші мәдениет патлатасы патшаның перзенттеріне классикалық шығармалары сөйлеп, түсіндіреді, тарихи оғиқаларды таныстырады, уәзірлерге, княздарға ел басқару жүйесін, тетігін үйретеді...
Бұл Ішкі үш палата іс жүзінде Чиң патшалығының орталық әкімшілік басқару органы болып табылады. 1638 жылы оны ресми түрді атқарушы орталық үкімет органы деп жариялаған...
Чиң патшалығы 1730 жылы Чжун чжи шу (军机处 Jun ji chu Әскери құпия басқармасы, яғни әскери Кеңес) қрды. Бұл басқарма патшаға тікелей бағынады, патшаның бұйрығы бойынша іс басқарады. Мемлекеттік маңызыд әскери істерді шешеді. Демек, ол да орталық басқару органдарының бірі болыа табылады ...
Бұл бұрынғы ішкі сенкратарият палатасынан да маңызды. Өйткені ол патшаның ерекше (әскери) жарлықтарын дайындайды; патшаның әскери істер кеңесшісі міндетін атқарады; патшаның ерекше тапсырмаларын орындайды; патшаның әскери істерінің атқарылуын қадағалайды; басқаралар дайындаған жарлықты тексеріп патшаға жолдайды; ерекше ірі қылмыстық істерді де қарайды; жоғары дәрежелі мансапқа адам үсынады; Чжун чжишу өте құпия және өте іспорлық ұйым ретінде патшаның сенімді көмекшісі болған...
Оратлық әкімшілік органдар. Чиң патшалығы орталық әкімшілік басқару құрылымы Мин патшалығы дәстүрін жалғастырды. Алты министирлік болды. Ли, Мин; Ли; биң; Чиң; Гоң (吏 户() 礼 兵 刑工 li min li bing xing gong) алты министрлік және Ду са юань --- құрды. Бұнда айта кетуге тиістісі - Ху министирлігі – мемлекеттің жерін, егістік жерді, демографияны, астық саясатын жүргізуші болды.
Чиң патшалығы 1646 жылы Мин патшалығының заңының негізінде «Ұлы Чиң патшалығының заңы» деген заң жариялады ( --- Da qing lui) деп аталады. Онда «Он ауыр қылымс» деген қылымыс түрі көртетілген. Олар патша билігін аудару, императорға қастандық жасау, жергілікті басшыларды өлтіру, манчжурлерге және Чиң патшалығына тиымсыз сөз айтқандар, материалдар жазғандар да жазаланды - деген сияқтылар аяусыз ең ауыр қылымскер ретінде жазаланады деп көрсеткен...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет