Қытайдың саяси жүйесі бойынша лекциялар Лекция кіріспе сөз. Жүйе және саяси жүйе ұғымдары


Лекция 4. Юань, Мин патшалықтарының саяси жүйесі



бет12/25
Дата16.10.2023
өлшемі197 Kb.
#115642
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Лекция 4. Юань, Мин патшалықтарының саяси жүйесі
1206 жылы Темушын моңғол тайпаларын бірліктіріп, Ұлы моңғол мелекетін құрды және өзі Шыңғысхан атанғаны белгілі. Содан басталған моңғол шапқыншылығы Орталық Азия, Шығыс еуропа және Таяу шығысты бағындырып ұлыстар құрғаны да баршаңызға мәлім.
Қытайларға жорық үстінде жүрген Шыңғыс ханның немересі Құбылай 1260 жылы Ұлы хандық тағына отырған соң, ол ханьзу – қытайдың дәстүрлі династиялық жүйесін қалыптастыруға бойұрды. Ол Кайпин (开平) қаласында билікке отырды, 1271 жылы қытайдың «易经 –Yi jing» атты кітабы бойынша жаңа патшалық атын “yuan» деп атады. Себебі «Юань» деген – «Ұлы істің басталуы» деген мағынаны білдіретін. Оның даөзіндік ырымы болған.
Юань патшалығы 1279 жылы Оң түстік Сун патшалығын толығымен жойып қытайдың бірнеше ғасырдан бергі бөлшектенген жағдайын өзгертіп, біртұтас феодалдық мемлекетті қайтадан қалыптастырды. Юаньның басқарған териториясы Хань және Тан империяларынан да кең болды. 1290 жылы Қытайдың жалпы халық саны 58 милл. 800 адам болса, Юаньның соңғы кездегі жалпы жан саны 70 миллион адамға жеткендігі де қытайдың демографиялық өсуін көрсетеді.
Юань империясының саясатының басты бір ерекшелігі - Қытайдағы ұлттыарды төрт дәрежеге бөліп, оларға әртүрлі саясат қолдануында болған...
Юань империясының мемлекеттік саяси жүйесі тарихта өткен қытай патшалықтарының және Цэнь патшалығының тәжірибелерін қабылдай отырып, өздерінің дәстүрі саяси жүйесінің негізінде қайта құрылудан қалыптасқан.
Орталық басқару құрылымы бұрынғы «Сан шың жыны 三省制» «и шың 一省制жыға» өзгертті. Юань империясы басқаруындағы елге екі түрлі саяси басқару жүйенін қолданды. Көшпенділерге ондық, жүздік, мыңдық және түмендік басқару орындары бойынша мансыптылар тағайындап отырды. Оларды неігзінен Ұлы яса бойынша билер саяси істерді басқарды.
Екінші саяси жүйесі – бағындырылған отырықты – қытай жерлеріндегі тұрғындарға қолданған басқару жүйесі. Оларға дәстүрлі қытайдың саяси жүйесі бойынша билік жүргізді...
Юан патшалығының Орталық әкімшілік орган: Жоңшушың, оған шүймиюань және үйшытай (中书省, 枢密院, 御史台) бірлестіріліп орталық әкімшілік орган болып құрылған. Алғашқысы әкімшілік бақару; екінщісі әскери басқаруға, үшіншісі бақылауға жауапты болған...
Соның ішінде Жоңшушыңның билігі өте үлкен, ол әскери салаға басшы тағайындайды. Демек, Юань империясы Бір әкімшілік жүйені қолданды. Сонымен қатар, Юань үкіметі дін басқарамасы, қолөнер басқармасы, Алтын күміс басқармасы, бояқ істер басқармасы, крамика парфор ыдыс жасау басқармасы, Термір басқармасы, Ер-түрман өндірісі басқармасы сияқты басқармаларды құрған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет