Қытайдың саяси жүйесі бойынша лекциялар Лекция кіріспе сөз. Жүйе және саяси жүйе ұғымдары


Лекция 7. Қытай республикалық үкіметтің саяси құрылымы мен басқару жүйесі



бет16/25
Дата16.10.2023
өлшемі197 Kb.
#115642
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Лекция 7. Қытай республикалық үкіметтің саяси құрылымы мен басқару жүйесі.
1911 жылы орын алған Синхай революциясы Қытай тарихынан ерекше маңыз алады. Өйткені ол қытайда екі мың жылдан артық өмір сүрген монархиялық жүйне аударып тастады...
Синхай революциясы кездей соқ орын алған көңкеріс емес. Оның өзіндік заңдылығы бар. Өйткені, ХІХ ғасырдың соңынан бері қытайда етек алған демократиялық қозғалыстар және ұлттық буржуазияның біршама дами түсуі – оның басты алғы шарттары болды.
1. ХХ ғасырдың басында қытайдың натуралды экономикалық жүйесі күн өткен сайын ыдырай бастады. 1901 жылдан 1910 жылға дейін 37 сауда порт ашылған. 1913 жылғы импорт еткен тауардың құны 57016.3 түмен болған. Оны 1895 жылмен салыстырған да 2.3 есеге көп (ол жылы 17167.9 түсен) болған...
2. Чин патшалыңы 1900 жылы «Жаңа саясат» қолданатынын жариялап, Ұлттық өнеркәсіп пен сауданы дамытуды қолдау саясатын жүргізгендіктен ұлттық буржаузияның дамуы біршама тездеген еді.
3. ХХ ғасырдың басында қытай халқының патриоттық қозғалыстары кең көлемде дамған еді. Әсіресе, шетелдіктерден экономикалақ билікті қайтарып аламыз деген мақсатпен ұлттық өнеркәсіпке қаржы салу жаңа бір деңгейге көтерілген болатын.
Чин империясы Конституциялық монарқия жүйесін қалыптастырамыз- деп халыққа уаде берумен болды...
1905 жылы Чин имериясы Зайфын бастаған бес уәзірді шетелге барып Конституциялық монархияны тексеріп зерттеп келуге жіберді...
Олар жарты жылда қайтып келіп, Имераторға ұысыныс жасады. Ол ұсыныстар: Конституциялық монархиялық жүйе құрудың үш жақсылығы бар деп санайды: 1. «патшаның орны мәнгі сақталады»; 2. «Шетелдіктердің экспанциясы жеңілдей түседі»; 3. «Ішкі былықпалықтарды тыныштандыруға болады».Бұл ұсыныстар Сыци ханшайымның көңіліне жағады да, ол ұсынысты қабылдамақ болады. Бірақ ол ондай жүйені қабылдауға дайын емеспіз, халықтың санасы оған әлі жетпейді». Сондықтан алдімен шенуник жүйесін өзгертуден бастау керек дейді де, Конституциялық монархияны қабылдау уақытын кейінгі созады.
1907 жылы орталықта Саяси палата (资政院) провинцияларда Кеңестік (咨议局) басқарма құруға шешім қабылдайды. Болашақта олар Парламет және мәслихат етіп құруды көздейді.
Елдің талабы бойынша 1908 жылы тамызда Цин патшалығы Конституцияға 9 жыл дайындалуды белгілейді де, «Патша бекіткен Конституция тизисі»(钦定宪法大纲) ды жариялайды. Ол жалпы 23 тарудан тұрады. Соның ішінде 14 таруы патшаның шексіз билігін нығайту үшін жасалған тараулар екен. Қалған 9 тарауы – халықтың әскери міндет өтеу, салық тапсыру, Цин үкіметінің басқаруына бойұсыну деген сияқтыларды жазған...
1908 жылдың 14,15 күндері Гуанци император мен Сыци ханшайым өледі де 3 жастағы Фу иі император тағына отырады...
1911 жылы 8 мамырда Цин үкіметі Бірінші кезекті үкіметтің құрылғандығын жариялайды. Княз Үй Каун пемъерминистр, оның үшемі 12 дам (онымен 13 дама) болған. Оның ішінде манчжур уәзірлер 8 адам, моңғолдан 1 адам және қытайлардан 4 адам болған. Манчжурлердің 5 императордың туыстары болған... «Император әулетінің үкіметі» деп аталған.
Бұқаралық қозғалыстар әр жерден басталып, бір-бірімен жалғасып, үлкен толқнға айнала бастады,..
1911 жылы шілде айында Ушаң қаласынан әскерилер көтерілісті бастады... 50 күн өткен соң 14 провинция Цин үкіметінен қол үзетіндігін жариялады... Цин патшалығы қиыншылыққа тап болды..
Сол жылдың 27 желтоқсанында Нанкинде уақытша үкімет құрылып, Сунь Ятсенді уақытша үкіметтік президетті етіп сайлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет