Жергілікті басқарау органдарын қысқартып, Орталықтың жергілікті басқару органдарын бақылауын күшейтті. Цинь династиясынан бері жергілікті басқару органдарындағы шонжарлар әскер, сот, қазына және шенуниктерді тағайындауда көптеген құқықтарға ие болған болатын. Сондықтан жергілікті құрылымдар дара билік басқаруының негізі болып келген еді...
Суй Вэнди патша «қажеттісін қалдырып, артығын алып тастау, ұсақтарын біріктіріп үлкейту», «аспан астындағы аймақтарды алып тастау» деген принциптерді қолданып, бұрынғы облыс, аймақ және аудан дегенді қосып, облыс және аудан деп екі дәрежелі басқару жүесін сақтап қалды. Сонымен қатар жергілікті басқару органдарындағы адам саны мен билік көлемін азайтты. Жергілікті басқару органдарындағы негізгі шенеуникті тағайындауды орталықтың қолына алды. Тоғыз дәрежелі неуниктен жоғарғысын Орталықтың Кадрлар министірлігі тағайындайтын болады.
Әскери жүйеге реформа жасады. Бұрынғы Орда әскерлері және олардың отбасы өз алдына бір жүйе болған-ды. Олай болғанда ол әскерилер өз отбасын және сырттан қашып келгендерді қоғаштап, үкіметтің салық тапсыруына кедергі келтірген. Сондықтан 590 жылы ол жүйені өзгертіп, «Барлық әскерлер облыс аудандарда тіркеуде тұрады, жер игеріп, есеп береді, халықтармен бірдей болады» деген тәртіпті қолданады. Әскерилерді де салық тапсыратын етіп, мемлекеттік кірісін көбейтті.
Конкурестік жүйенінің негізін қалады. Тоғыз дәрежелі нешенуниктік жүйені жойып, оның орнына естихан арқылы шенеуник таңдау жүйесін құрды. Оны «Кы жүй жы» (科举制 Ke jui zhi) деп атайды. Суй Вэнди патша бүкіл қытайды бірлікке келтіргеннен кейін емтихан алу әдісі арқылы кадыр таңдау жүйесін айналымға енгізді. Сонымен кадр таңдаудың билігін орталыққа алды. Конкреске қатысушыларға мемлекет тарапынан дәрістерді белгілейді, мерізімді түрде талаптанушылар емтихан береді. Емтиханнан өткендерге мансап беріледі. Сол арқылы жоғары дәрежелі отбасылардың ұрпақтарының тікелей билікке баратын жолын кесіп білікті адамдардың қоғамдық басқаруға қатысуына жол ашты.