Қытайдың саяси жүйесі бойынша лекциялар Лекция кіріспе сөз. Жүйе және саяси жүйе ұғымдары


Таң патшалығы саяси жүйесінің күшейтіліуі



бет7/25
Дата16.10.2023
өлшемі197 Kb.
#115642
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Байланысты:
Қытай саяси жүйесі қысқа Дәрістер

Таң патшалығы саяси жүйесінің күшейтіліуі. Таң патшалығының билеушілері, мол тарихи тәжірибелерді қортындылай отырып, едәуір кемеліне келген авсалютты орталыққа биліктің шоғырландырудың саяси жүйесін қалыптастырды. Атап айтқанда, императордың билігінің астында сан шың, либу (Үш шың, алты министрлік) құрылымын бұрынғыдан да дамытып күшейтті.
Патша – саяси істер кеңсесі (政事堂)- ол Чаңшушың (尚书省 shang shu sheng) – ол ең жоғарғы әкімшілік басқару органы болған, кейін Чжоңшушың (中书省Суй патшалығы кезіндегі Нейшышың (内史省, neishi sheng) мен миншияшыңның (民下省) құрылуына байланысты оның билігі әлсіретілген. Чжоңшушың Шаңшушыңның патшаға дайындаған жарлықтарының атқарылуын қадағалайды, және Миншия шыңмен бірге патшаның бекіткен әр түрлі мәліметтерін қадағалайды.
Таң патшалығы барлық маңызды әскери істерді Үш шың бірге ақылдасып патшаға ұсыныс жолдайтын болғандықтан, оларды байланыстырып тұратын кеңсе құрылған ол Саяси істер кеңсесі.
Таң патшалығы Үш шың және алты минстирліктен тыс және де ұйымдар құрды. Мысалы, У жиян (五监) деп айтылатын орған. Ол – мемлекеттік мектептерді басқару, мемлекеттік сарайларды, қолөнеркәсіпті басқару, қалаларды, мемлекеттік басқарма құрылыстарын, қару-жарақ жасауды, су құрылыстарын жасау, су тасымалдарын, көпірлерді басқару міндеттерін атқарады. Бұл жоғарыда айтылған алты министрлікке қарайды.
Жергілікті басқарудың саяси құрылымын өзгерткен жоқ. Суй патшалығы кезіндегі облыс және аудан дәрежелі басқару құрылымын жалғастырды. Облысты басқаратын әкімді Лашы (剌史-La shi) деп атады. Ол міндетке өте талғампаздықпен қарайды.
Таң патшалығы облыс, аудан әкімдерін тікелей орталықтан тағайындап отырған. Бақылау қызметін ойдағыдай жүргізу үшін Таң патшалығы бүкіл мемлекетті он тексеру аймағына () бөлген. Әр аймаққа бірден потрон (巡按使 xun an shi) қойып, облыс, аудан басшыларыны мен апатқа қарсы көмектердің тарқатылу жағдайларын қадағалап тексеріп тұрған.
Ішкі байланыс. Таң патшалығы орталық пен жергілікті басқарулар арасында байланысты тездету үшін, бүкіл мемлекет көлемінде негізгі жолдарға бекеттер (驿 Yi) салдырды. Олардың аралығы 30 шақырым болады. Таң патшалығының орта кезінде 1297 орынға сондай бекеттер құрылған екен, су бекеттері 260 орында болған.
Әскери жүйесі. Таң патшалығы әскери күштерді басқаруға баса назар аударды. Ол өзіне дейінгі патшалықтардың әскери жүйесін қабылдап, оны дамытты. Бұл мемлекет көлеміндегі әскерлерді қайтадан ұйымдастырып, 634 әскер окург органын құрды. Соның ішінде 261 ішкі өлкелерге орналастырылған.
Әскерлердің қайнары сол облыс, аудандардағы атпалы азаматтардан таңдап алып отырады. 20 жастан қабылдап, 60 жаста қосыннан шегіндіреді. Фубиң (府兵) – үкімет әскерлері дегендер әдетте өндіріспен шұғылданып, соғыс болғанда жорыққа шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет