Құқықтық актілер туралы


-бап. Нормативтік емес құқықтық актілердің түрлері



бет7/8
Дата06.03.2023
өлшемі67,96 Kb.
#71953
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
7 құқықтық актілер

55-бап. Нормативтік емес құқықтық актілердің түрлері

1. Нормативтік емес құқықтық актілерге:


1) нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру актілері;


2) әкімшілік актілер;


3) жеке қолданылатын құқықтық актілер;


4) мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілер жатады.


2. Әкімшілік актілерді қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.


3. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің түрлері және оларды әзірлеу тәртібі заңдарда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және уәкілетті органдардың актілерінде белгіленеді.


Ескерту. 55-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

56-бап. Нормативтік емес құқықтық актілерді қабылдау шарттары



1. Нормативтік емес құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілердің негізінде және оларды іске асыру мақсатында қабылданады.


2. Нормативтік емес құқықтық актілерді осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көрсетілген уәкілетті органдар қабылдайды.


3. Нормативтік емес құқықтық актілерді қабылдау ерекшеліктері басқа нормативтік құқықтық актілерде белгіленуі мүмкін.

57-бап. Нормативтік емес құқықтық актілерге шағым жасау және наразылық білдіру

Нормативтік емес құқықтық актілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.

13-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРГЕ РЕСМИ ТҮСІНДІРМЕ
БЕРУ АКТІЛЕРІ
58-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге ресми түсiндiрме беру актілері туралы жалпы ережелер

1. Нормативтiк құқықтық актiлердің анық болмауы мен әртүрлi түсiнілуі, оларды қолдану практикасында қайшылықтар анықталған жағдайларда, нормативтiк құқық актiде қамтылған нормаларға ресми түсiндiрме берiлуi мүмкiн.


2. Нормативтiк құқықтық актiлерге ресми түсiндiрме беру актілері құқық нормаларын белгілемейді және Қазақстан Республикасының заңнамасындағы олқылықтардың орнын толтырмайды.


3. Нормативтiк құқықтық актiге ресми түсiндiрме беру құқық нормаларының мазмұнын түсінікті ету, нақтылау мақсатында ғана беріледі, ол құқық нормаларының мәнін өзгерте алмайды және түсіндірме берілетін норманың шегінен шыға алмайды.


4. Нормативтiк құқықтық актiлерде қамтылатын нормаларға ресми түсіндірме беру уәкілетті органдардың не жеке және заңды тұлғалардың бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.


5. Осы Заңның 60-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, ресми түсіндірме беру актілері өздерінде қамтылған нормаларды iске асыру, оның iшiнде оларды қолдану кезінде және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде мiндеттi сипатқа ие болады.


6. Осы тарауда белгіленген, нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру тәртібі мен шарттары "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырылатын заңға түсіндірме беруге қолданылмайды.


Ескерту. 58-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

59-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге ресми түсiндiрме берудің шарттары



1. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің мәні оларды түсіндіру кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға және заңнамалық реттеу қағидаттарына толық сәйкестікте ашылуға тиіс.


2. Заңнамалық актiлердiң нормаларына Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерімен толық сәйкестікте түсіндірме берілуге тиіс.


2-1. Заң нормаларын түсіндіру оларда баянды етілген заңнамалық реттеу қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.


3. Алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 59-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 № 15-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

60-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге ресми түсiндiрме беруді жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, лауазымды адамдар



1. Алып тасталды - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілеріне ресми түсіндірме беруді Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп жүзеге асырады.


3. Осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірмені соларды қабылдаған (шығарған) уәкілетті органдар немесе лауазымды адамдар береді.


4. Мемлекеттік саясатты жүргізетін, белгілі бір салада (қызмет аясында) реттеуді және басқаруды жүзеге асыратын немесе құзыретіне тиісті мәселелерді шешу жатқызылған мемлекеттік органдар не өзге де мемлекеттік органдар өздеріне берілген өкілеттіктерге сәйкес жеке немесе заңды тұлғалардың жүгінуі бойынша нақты субъектілерге қатысты немесе нақты жағдайға қолданылатын нормативтік құқықтық актілерге өз құзыреті шегінде түсіндірмелер беруге міндетті.


Мұндай түсіндірмелер:


1) жолданымда қойылған мәселелер шегінде түпкілікті сипатта болуға;


2) дербес деректерді қамтитын және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тиісті мемлекеттік органның интернет-ресурсында ұқсас жолданымдарды қорыту арқылы жалпыға қолжетімді режимде жариялануға тиіс.


Мұндай түсіндірмелердің міндетті заңдық күші болмайды және ұсынымдық сипатта болады.


Жолданымды жіберген және мемлекеттік органнан өзіне қатысты немесе нақты жағдайға қолдануға қатысты түсіндірме алған нақты субъектінің алынған түсіндірмеге сәйкес жүзеге асырылатын қызметі, егер мұндай түсіндірме кейіннен кері қайтарып алынса, қате деп танылса немесе мазмұны өзгермеген сол нормативтік құқықтық актіге қатысты мағынасы өзгеше, жаңа түсіндірме берілсе де тиісті міндетті талаптарды бұзу ретінде саралана алмайды.


Ескерту. 60-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

61-бап. Нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру актілерінің құрылымы



1. Нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісі кіріспе, сипаттау және қарар бөліктерінен тұрады.


2. Нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісінің кіріспе бөлігінде:


1) нормативтік құқықтық актінің нормасына түсіндірме беруші уәкілетті органның атауы;


2) түсіндірме берілетін норма қамтылған нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементін, түсіндірме берілетін норманы қамтитын нормативтік құқықтық актінің қабылданған күні мен нөмірін көрсете отырып, ресми түсіндірме беру актісінің атауы;


3) нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісінің қабылданған жері мен күні;


4) нормативтік құқықтық актінің нормасына соның бастамасы бойынша түсіндірме беріліп отырған органның не жеке немесе заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.


3. Нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісінің сипаттау бөлігі түсіндірме берілетін норманың сипаттамасы мен мазмұнын талдауды қамтуға тиіс.


4. Нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісінің қарар бөлігі нормативтік құқықтық акт нормасының мәні мен мазмұнын түсінікті ететін уәкілетті органның қорытындысын қамтуға тиіс.

62-бап. Нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру актілерін жариялау

1. Нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру актілерін жариялау нормативтік құқықтық актіде қамтылған нормаларға түсіндірме берген уәкілетті органның (лауазымды адамның) интернет-ресурсында жүзеге асырылады.


2. Осы баптың талаптары осы Заңның 60-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларда қолданылмайды.


Ескерту. 62-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет