Құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері



бет9/28
Дата14.08.2023
өлшемі225,66 Kb.
#105256
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Байланысты:
маханбетқұл

Мотивациялық компонент - қазіргі мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беру арқылы құқықтық саналы көзқарасын қалыптастырып, құқықтық әлеуетін дамыту тұрғысын болжайды. Адам әрекетінің мотивтері әр қилы, олар адамның қоғамдық өмірінің үдерісінде қалыптасатын әртүрлі қажеттіліктер мен қызығушылықтардан келіп шығады. Үдерістің мазмұны мен сапасы ұйымдардың ерекшелігіне, қолданылатын қоғамдық нормаларға тікелей байланысты. Бұл құқықтық ұғымның қалыптасуын деңгей бойынша қарастыруға мүмкіншілік береді.
Мазмұндық компонент - қазіргі мектеп оқушыларының құқықтық тәрбиесі сипатын, ерекшеліктерін, оқу- тәрбие үдерісінің тәрбиелік механизмін, оқушыларға құқықтық тәрбие берудің ерекшеліктерін және оларды тиімді ұйымдастырудың педагогикалық жоспарын, құқықтық тәрбие берудің ғылыми негізін білуін, оқу-тәрбие үдерісінде өзінің объектісін түсінуін қарастырады.
Рефлексиялық бағалау компонентіоқушыларға құқықтық тәрбие берудің мазмұнын, өзіндік ерекшеліктерін тұтастай қабылдап, оларға баға бере білуін, сондай-ақ құқықтық тәрбие берудегі мүмкіндіктерін бағалай білуін қарастарды.
Іс - әрекеттік компонент – жеткіншектерге әртүрлі іс-әрекеттерде көрініс тапқан құқықтық белсенділігін сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттерде оқушыларды құқықтық білімге қызықтырып, оның тәжірибесін оқушыларға жеткізе білу қабілетін қарастырады.
Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей, жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің құрылымдық-мазмұндық моделі өзінің құрылымы жағынан компоненттерден, оның мәнін аша түсетін өлшемдер мен көрсеткіштерден, оған сәйкес келетін деңгейлерден тұрады. Төменде әр деңгейдің мазмұнына сипаттама беріледі:
Жоғары деңгей қазіргі жалпы білім беретін мектеп оқушыларының құқықтық тәрбиенің маңызын жете түсінуі, қабылдауы, олардың құрылымын, функциясын, тәрбиелік мүмкіндіктерін терең меңгеруі; құқықтық тәрбиенің нақты өлшемдерін сұрыптай білуі; құқықтық сана және оқу-тәрбие үрдісінде меңгерген білім мазмұнына баға бере білу құқықтық тәрбиені мектепте, мектептен тыс жұмыстарда шығармашылық ізденіс пен оңтайлы пайдалана білуі, құқықтық білімді күнделікті өмірмен байланыстыра отырып пайдалануымен ерекшеленеді.
Орта деңгейде қазіргі мектеп оқушылары құқықтық тәрбиенің маңызын түсінеді, оны қабылдауға қызығушылық танытады, құқықтық тәрбиенің теориясын меңгергенмен азаматтық құндылықтарға оқытушы көмегімен баға бере біледі; құқықтық тәрбиеге қатысты мәселелерді сұрыптай, өмірмен байланыстыра білгенімен мектеп тәрбиесінде оларды оқытушының көмегімен пайдаланады.
Төменгі деңгей үшін қазіргі мектеп оқушыларының кейбіреуі құқықтық тәрбиені қажет деп есептемейді, қызығушылық көзқарас танытпайды, теориялық білімі нашар, меңгерген біліміне баға бере алмайды, жүргізілген іс- шараларда құқықтық білімін пайдалана алмайды. Жеткіншектердің адамгершілік қағидаларды бiлуі мен оларды орындауға деген ұмтылысы, күйзелiсі, практикалық әрекеттердегі өнегелiгi төмендігі байқалады. Олардың әркелкi жақтары іс-әрекеттері мен қатынастарының қалыптасуында көрініс табады. Тұлғаның дамуы әлеуметтік мәдени кеңістікте, атап айтқанда, қоғам, қоғамдық институттар, мемлекет, құқықтық жүйе және жеткіншектердің қоршаған ортасы мен ұйымдастырылған немесе кездейсоқ болатын, яғни оның қалыптасуын қамтамасыз ететін ортада іске асады.
Қазіргі заман талабына сай құқықтық тәрбие үдерісі келесі мақсаттарды көздейді: жеткіншектердің құқықтық білімін жақсарту (құқықтық ұғыну, өз құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін білу, заң күшіне сену т.б.); тәрбиеленушінің құқықтық санасы мен мәдениеттерін қалыптастырып, дамыту (заң нормаларына қарсы әрекеттер жасамау, құқықтық білімін жетілдіру, басқа азаматтармен адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, заңды міндеттерін орындау) және т.б. Құқықтық білім беру жүйелі, мақсатты түрде оқушылардың құқықтық мәдениетін көте­руге бағытталған болуы, ал құқықтық мәдениет тұлғаның құқықтық дамуының деңгейі ретінде қарастырылуы тиіс деп есептейміз.
Осы тұрғыдан оқушылардың құқықтық білімді меңгеруі, оны әлеуметтік құндылық ретінде қарастыру және тұлғаның өзінің құқықтық тәртібі шеңберін әлеуметтік - құқықтық қалыптасуы ретінде қабылдауына да мән беруіміз қажет. Жалпы алғанда құқықтық санасы мен мәдениеті дамыған тұлға заң нормаларына бағынып, өз міндеттерін орындап, заңға қайшы әрекет жасамайды.
Құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаты - заң нормаларына бағынатын, өз міндеттерін мойындайтын, заң тәртібін бұзбайтын құқықтық санасы мен мәдениеті жоғары дәрежеде қалыптасқан құқықтық мемлекеттің үлгілі азаматын тәрбиелеу. Жеткіншектерді құқықтық тәрбиелеу ар­қылы қоғамдағы әртүрлі құқық бұзушылықтардың алдын-алу жұмыстары жүзеге асады. Осы тұрғыдан құқық бұзушылықтың алдын-алу - тұлғаның санасындағы, әрекетіндегі құбылмалы өзгерістерді шектеп, оның өзгерілуіне жол бермеу. Осыған байланысты құқықтық тәрбие жалпы тәрбие жүйесінің ерекше орынға ие сала­сы десек, жаңылмаймыз. Сондықтан да құқықтық тәрбиені ойдағыдай жүзеге асыру үшін жеткіншектің құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптас­тырып, дамыту маңызды болып саналады. Құқықтық тәрбие жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттері, мінез-құлықтары, ойлау жүйесі, дүниетанымының қалыптасуына бағыт беріп отырады. Демек, жеткіншектерге жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда құқықтық тәрбиенің алатын орны ерекше. Ол құқықтық іс-әрекеттің осы құқықтық құңдылықтарды адамдардың бойына сіңіріп, меңгеруіне тікелей байланысты.
Осы орайда жоғарыда дайындалған мектептегi құқықтық тәрбие берудің құрылымдық-мазмұндық моделінің компоненттері бір-бірімен тығыз байланысты және күрделі деңгейлік құрылымды болып табылады. Көрсетілген компоненттер құрамын нақтылы байыту, олардың жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асырылуы тәжірибелік-эксперименттердің нысандарын құрайды. Сонымен бірге жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің жүйесін жасауға мүмкіндік береді.
Оқушыларға құқықтық тәрбие беру теориясы мен тәжірибесін талдау негізінде біз бұл үрдісті өзара сапалы және өзара байланысты компоненттер бірлестігі ретінде үлгілеуге тырыстық. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің жүйесі құрылды (1-сурет).

НӘТИЖЕЛЕРІ
Өзінің туған елінің заңы мен құқықтық ереже, белгі нормаларын сақтау, қорғау, сыйлау рухында тәрбиеленген, сана – сезімі мол, қоғамға, әлеуметтік ортаға жат әдет-қылыққа қарсы белсенді күресетін, қоғамдық тәртіпті бұзушыларға ымырасыздықпен қарайтын жеке тұлғаны қалыптастыру.



1- сурет - Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің моделі


Бұл жүйеде жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру бүгінгі қоғам сұранысына байланысты мемлекеттік құжаттарға сәйкестендіріп айқындалды. Жеткіншектердің ішкі рухани сапалары дәлелденіп, құқықтық сана-сезімі, сенімі жоғары қоғам азаматы болатыны көрсетіле отырып, ұсынылып отырған жүйе жеткіншектердің құқықтық тәрбиесінің дамуы мен оның жетілуін қамтиды. Бұл жүйеде біз құқықтық демократиялық қоғамда өз құқығын меңгерген, құқықтық сана-сезімі жетілген, өзін-өзі дамыта алатын тұлға тәрбиелеудің мазмұнын және оны жүзеге асыру жолдарын көрсетуге талаптандық.
Жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру жүйесінің негізіне ғылымилық, түсініктілік, бірізділік, жүйелілік, өзін-өзі жетілдіру, саналылық, беріктік, сабақтастық, құрылымдық қағидаларын іріктеп алдық. Енді осы қағидалардың кейбіреулерінің жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудегі мазмұнына қысқаша сипаттама беруге болады. Құқықтық тәрбиені тұлғалық-бағдарлық тұрғыдан қарау бағыты жеткіншекті жеке белсенділігінің нәтижесінде қалыптасқан, оны әлеуметтік іс-әрекет түрлеріне қатыстыруды қарастырады. Тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік тұрғыдан құқықтық тәрбиені қарау бағыттарын іске асырудың негізгі шарттарының бірі - тәрбиенің құрылымын өзгерту, яғни субъект-объектілік қатынастар саласынан субъект-субъектілік қатынастарға ауысу болып табылады.
Осыған орай тәрбие білім алушылардың тұлға ретінде дамуы және олардың іс-әрекетке қажетті қоғамдық нормалар мен ұстанымдарды меңгеруі мен қабылдау үдерісі негізінде педагогикалық ұйымдастырылған, мақсатқа бағытталған өзара бірлесу арқылы жүзеге асырылады. Құқықтық тәрбие құқықтық құндылықтар мен нормаларға сәйкес құрылады. Жүйелі түрде қарастыру оның құрылымдық компоненттерін, қызметтерін ажыратуды, жүйеқұрастырушы факторларын анықтауды, сыртқы және ішкі байланыстарын талдауды көздейді.
Сонымен бірге жүйенің негізінде төмендегідей жағдайларды бөліп көрсету мүмкіндігіне ерекше назар аударылды:

  • педагог пен оқушының өнегелі-құқықтық теңдігі, оқушының тұлғасын, өзіндік мақсат ретінде оның адамгершілік қасиеттерін мойындау ;

  • тәрбиенің табиғи үйлесімділігі, яғни оқушылардың жас және тұлғалық ерекшеліктері, өзінің «мен» жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін, оқушылардың сәтті өзіндік дамуы үшін тұлғалық мәнге ие болуы;

  • жеткіншектерді әлеуметтік-құқықтық қарым-қатынасқа қатыстыру, ол оқушыларға тұлғалық мәні бар іс-әрекет түрі мен мазмұнын таңдау бостандығы бар әлеуметтік маңызды іс-әрекетке қатыстыру үшін мүмкіндіктер жасауға негізделген;

  • педагогикалық басқару және оқушының өзін-өзі басқару мәселесін шешуде, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда және әлеуметтік әріптестікте тәжірибе беруде айқындалған өзара байланыс;

  • тәрбиенің мәденилігі, ол оқушылардың құқықтық мәдениет жүйесін гуманитарлауды, жалпыадамзаттық өнегелі мұратқа қатыстыруды ұйғарады.

Бұл жағдайлардың барлығы оларды орындау негізінде іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық тұрғыдан, яғни педагогикалық әлеуметтік ортаның күнделікті тәжірибесінде іске асырылады. Тұлғаның дамуы әлеуметтік мәдени кеңістікте іске асады, ең бірінші кең көлемді әлеуметтік шындық (қоғам, қоғамдық институттар, мемлекет, құқықтық жүйе) жеткіншектердің қоршаған ортасы мен ұйымдастырылған немесе кездейсоқ болатын, яғни оның қалыптасуын қамтамасыз ететін орта болып табылады .
Мектептегі оқу-тәрбие үдерісінде оқушы қоғамның басты өнегелі-құқықтың ұстанымдарын меңгереді және оның қалыптасуы үшін өзіндік реттеу (белсенділікті саналы реттеу, өзінің мінез-құлқын, тәртібін, әріптестік пен іс-әрекетін басқару), өзін-өзі тану (тұлғаның өзіндік танып-білуі, өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін анықтау) және өзіндік анықтау (саналы түрде тұлға үшін әлеуметтік-маңызды жағдайлардағы өзіндік ұстанымын таңдау) іс-әрекеттерін іске асырады.
Құқықтық тәрбие берудің теориялары мен тәжірибесінде оқушыны құқықтық білімдендіру әсерінің негізгі түрлерін анықтаудың әртүрлі бағыттары бар, олар сабақ барысында, сабақтан тыс іс-әрекеттерде, мектептен тыс өмірде ( қосымша білім беру орындары, қоғамда, жанұяда) орындалуы тиіс. Біз мектеп тәжірибесінде құқықтық тәрбие беру жұмысында үш бағытқа бірдей көңіл бөліну керектігін ерекше белгілейміз. Мектеп құқықтық кеңістік ретінде көрсетілген формалардың интеграторы болып табылатындықтан, құқықтық тәрбие беру оқыту үдерісі, сынып және сыныптан тыс іс-әрекеттермен тығыз байланыста қарастырылады.
Қарастырылып отырған зерттеу арнасында жоғарыда айтылғандардың ішінде әсіресе тұлғалық-бағдарланған тұрғы ерекше маңызға ие, себебі ол педагогикада гуманистік дәстүрді жүзеге асыруға негізделіп, оқушының құқықтық тәрбие беру үдерісіне танымдық жағынан келеді. Қазіргі кезге дейін құқықтық тәрбиені беру аймағында сынып, сыныптан тыс жұмыстарға байланысты біршама ғана тәжірибелер жинақталғаны байқалады. Құқықтық тәрбие беру жүйесiнiң жұмысы барысындағы сапалық өлшемдер мұғалiмдердiң, оқушылардың және ата-аналардың өзара қатынастарын құқықтық реттеу үдерісіне тартудың тиiмдiлiгiн, олардың өз мiндеттерiн орындап және құқықтарын қорғаудың түрiн, ересектер мен балалардың өзара әрекеттестiгiнiң әдiстерi мен қойылған мақсат пен міндеттердің iзгiлiгiн көрсетуі тиіс.
Негiзгi бағыттық мақсат мен міндеттерге:

  • құқықтық тәрбиелеу шараларын ұйымдастыруда оқушылардың өзара әрекеттестiгiн, ересектер мен балалардың бiрiккен іс-әрекетін талдау және үйлестiру;

  • мектеп өмiрiндегi дәстүрлердi, салт шараларды, рәсiмдердi ұйымдастыруды жетілдіруде адамгершiлiк - құқықтық мәдениетінің негiздерiн сақтау;

  • қазіргі қоғам жағдайында дұрыс нарықтық қатынастар қалыптастыруға тосқауыл болатын iс-әрекеттерiндегi сенiмсiздiк пен шынайылықты таптаушылық жолдарын жоюдың, мағыналық тосқауылдарды күйзелтудi және осыларға психологиялық дайындықты зерттеу;

  • тәрбие үдерісіндегi кикiлжiң жағдаяттарды шешудiң тиімді бағыттарын ерекшеліктерін ашып көрсету жатады. Бұған жетудiң негiзгi көрсеткiшi жеткіншектердің құқықтық тәрбиелiлiгi деңгейiнiң өсуi болып табылады.

Қоғамның өркениеттілігі азаматтардың құқықтық мәдениетінен бөлінбейді. Құқық мәдениеті адамның азамат ретінде дамуының маңызды факторы, құқықтық қоғамды құрудың және басқарудың құралы, ең негізгісі құқықтық тәрбиенің нәтижесі болып табылады. Өзінде құқық нормаларын сақтауға дағдыланбаған адам, адамзаттық қарым-қатынаста өзіндік мінез-құлық ретінде ассоциальды өмірлік «қағидаларды» қалыптастырады. Бұл байланыста қазақстандағы демократиялық қоғамда өскелең ұрпаққа құқықтық білім беру және тәрбиелеу үлкен маңызға ие. Әсіресе балалардың құқықтық сана мен мінез-құлыққа бағдарланған өмірлік тәжірибесі жеткіліксіз. Сондықтан олар барлық әлеуметтік институттардан, соның ішінде жетекші рөл атқаратын отбасы мен мектептен құқықтық мәдениетке, құқықтық тәрбие беруге мақсатты бағытталған жүйелі жұмысты талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет