Құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері



бет4/28
Дата14.08.2023
өлшемі225,66 Kb.
#105256
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Біріншіден, «құқық» - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, т.б. Осы келтірілген жағдайда «құқық» түсінігі субьективтік (тұлғалық) мағынада қолданылады. Субьективтік (тұлғалық) құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері, ол тұлғаның мінез-құлқының шегін анықтайды.
Екіншіден, «құқық» дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл обьективтік мағынадағы құқық тұтас құбылыс болып саналады. Мысалы, «ҚР-да қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, сондай-ақ Республиканың Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады» (4 бап) [104].
Үшіншіден, «құқық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, қылмыстық құқық, қаржылық құқық, т.б. Құқық саласы өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Төртіншіден, «құқық» термині тұлғалық құқық пен обьективтік құқықтың жиынтығы ретінде қолданылады. Осыған байланысты «құқық жүйесі» деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқықтық жүйесі қалыптасуда. Құқық туралы ғалымдардың көзқарастары да алуан түрлі, негізінен құқықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кең орын алған. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айналды. Сондықтан да Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.
Сонымен обьективтік тұрғыдан қарағанда құқық – адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы екендігі айқындалды. Құқықта адамның құқықтық дәрежесін анықтайтын заңдар, қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалар, белгілі нормативтік құқықтық актілер ерекше орын алады.
Сондықтан зерттеуімізде құқықтың, құқықтық тәрбиенің мәнін тереңірек ашу мақсатында «құқық» ұғымынан туындайтын «құқық нормасы», «құқықтық қарым-қатынас», «құқықтық актілер», «заң» және басқа да ұғымдарға назар аударуды жөн көрдік.
Құқықтың алғашқы элементі – құқық нормасы. Құқық нормасы дегеніміз – мінез-құлық, тәртіп ережесі, тіршілік процесіндегі тәртіп пен мінез-құлық ережелерінің үлгісі. Құқықтық нормалардың жиынығы ретіндегі құқық қоғам тіршілігінде маңызды рөл атқара отырып, өмірдің қай саласында болса да адамдар арасындағы қарым-қатынастарда тәртіп болуына бағытталады. Қоғамдық тәртіп (демократиялық немесе халыққа қарсы бағытталған) тек қана құқықтық актілер арқылы орнатылады, оны тәртіп органдары қамтамасыз етеді. Ал мемлекеттік өкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік актілер заң деп есептелінеді. Құқық тек жұртты жазалау үшін, оларға күштеу шараларын қолдану, т.с. үшін қажет деп ойлау дұрыс емес. Сөйтіп, құқық дегеніміз адамдардың өміріне қалыпты жағдайлар туғызуға, қоғамның барлық бағыттарда дамуын заңдық жағынан қамтамасыз етуге тиісті мемлекеттік қуатты құрал болып табылады.
Құқықтың тұлға мен қоғамды қорғау құралы ретіндегі әлеуметтік бағасын сезіну – әрбір адамның міндеті, мұны ұғындыру мектеп табалдырығынан басталғаны дұрыс деп есептейміз. Сонымен бірге құқық, бұл құбылыстың пайда болу себептерін, бұрынғы және қазіргі кездегі адам іс-әрекетінің моралдық және құқықтық реттелуінің өзара байланысын, оны әлеуметтік тұрғыдан талдаудың ерекшеліктерін қарастырған шетел ғалымдары Э.Дюркгейм, М.Вебердің еңбектері де зерделенді [36, 37].
Бұл бағыттағы алғашқы зерттеулердің бірі Л.А.Байсеркенің «Жалпы білім беретін мектепте оқушыларға адамгершілік-құқықтық тәрбие берудің педагогикалық негіздері» атты еңбегі. Ғалым-педагог оқушылардың адамгершілік-құқықтық тәрбиесінің жүйесін теориялық және әдістемелік тұрғыдан қарастыра отырып, құқықтық тәрбиенің адамгершілік мәнін ашып, мектептегі адамгершілік-құқықтық тәрбиенің жүйесін, оның тұжырымдамасын, моделін және болашақ мұғалімдерді даярлаудың мазмұндық-әдістемелік негізін жасайды [46].
Бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының кезеңдерінде жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру мәселесі әр түрлі ғылымдар саласында әр қырынан зерттелгені анықталды.
Осыған орай «құқықтық тәрбие» ұғымының мазмұнын нақтылау мақсатында ғылыми әдебиеттерде, ғалымдар зерттеулерінде берілген анықтамаларға тоқталамыз.
«Білім және ғылым. Энциклопедиялық сөздікте» құқықтық тәрбие құқықтық жалпы оқуды іске асыруды мақсат ететін, құқықтық мәдениет пен құқықтық мінез, заңға бағыну мінезін қалыптастыру үдерісі деп сипатталады [105].
Құқықтық тәрбие адамның құқықтық мәдениетімен тығыз байланысты. Себебі, құқықтық тәрбие әлемдік және ұлттық құқықтық мәдениет құндылықтарын көрсететін, құқықтық идеялар, нормалар мен қағидаларды қалыптастыруға бағытталған шаралардың жүйесі. Сондықтан бұл ұғымның мәні мен мазмұны «құқықтық мәдениет» ұғымымен бірге ашып көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет