ПРЕПАРАТ №60. Баланың айырша безі. Г.Э. К.Ұ. қантамырлары бар дәнекер тканінің қабықшаларымен бөлінген айырша без бөлікшесін қараңыз. Бөлікшеде периферияда қыртысты, ал орталық милы затында тимустық денешік орналасады. Ү.Ұ. Айырша без бөлікшесін салыңыз. Суретте белгілеңіз:
1.айырша без бөлікшесі
2.қыртысты зат
3.лимфоциттер
4. милы заты
5.тимус денешігі
6. дәнекер тканінің қабықшасы
7. қантамырлары
ПРЕПАРАТ №35. Жұлын түйіні. Г.Э. Кіші ұлғайтқышпен сопақша пішінді түйінді көресіз. Сыртынан дәнекер тканьді капсуламен қоршалған. түйіннің ішінде неврондар ұя тәрізді орналасқан, олардың аралықтарында неврон талшықтарының шоғырлы ұлпасы жатады. Үлкен ұлғайтқышта дәнекер тканьді капсуласы және нейрондар денесі мен соңында орналасқан сателлиттерді бар жеке нейрондарды мұқият қарап үйрену. Кіші ұлғайтқышта жұлын түйінін салу, үлкен ұлғайтқышта нейронды капсуласымен салу.
Кіші ұлғайтқышта белгілеу керек:
1.түйіннің дәнекер тканьді капсуласы
2. ет талшықтарының шоғыры
3. нейрондардың ұя тәрізді орналасуы
Үлкен ұлғайтқышта:
4. нейронның дәнекер тканьді капсуласы
5. сателлиттер
6. нейрон денесі
ПРЕПАРАТ №36. Жұлын. Күміс импрегнациясы (AgNO3). К.Ұ. және Ү.Ұ. үйрену, ал К.Ұ. жұлынның ақ және сұр затын, алдыңғы жүлгесін, артқы тасасы, алдыңғы және артқы сұр заттың мүйізін, орталық каналды, сұр заттың ядроларын (алдыңғы мүйіздің ядролары– қозғалыс, аралық аймақтың ядролары ассоциативті және артқы мүйіздің ядролары негізгі). Суретте белгілеу керек:
1.ақ зат
2.сұр зат
3. алдыңғы жүлге
4. артқы таса
5.алдыңғы мүйіз
6. орталық канал
7. алдыңғы мүйіз ядролары
ПРЕПАРАТ №38. Мишық. Г.Э. К.Ұ. мишық қыртысының үш қабатын көруге болады: молекулярлы, ганглиозды және түйіршікті. Ү.Ұ. көрсетілген қабаттарды мұқият қараңыз. Молекулярлы қабатта сирек орналасқан орташа көлемдегі клеткаларды, ганглиозды қабатта бір қатарда орналасқан ірі Пуркинье клеткаларын, өте ірі клеткаларды, түйіршікті қабатта тығыз орналасқан өте ұсақ клеткаларды белгілеңіз. К.Ұ. суретте белгілеңіз:
1.молекулярлы қабат
2. ганглиозды қабат
3.түйіршікті қабат
4. ақ зат