Іv. Адвентиция препарат №84. Өкпе. Г. Э



бет9/13
Дата04.10.2024
өлшемі28,53 Kb.
#146797
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
емтихан препаратттт (копия)

ПРЕПАРАТ №94. Жатыр. Г.Э.Кіші ұлғайтқышпен бір қабатты призмалық эпителиймен төселген кілегей қабықты зерттеу керек. Кілегей қабықтың меншікті пластинкасы болбыр талшықты дәнекер тканінен тұрады. Үлкен ұлғайтқышпен үш қабаттан ішкі – кілегей асты, ортаңғы – сақиналы тамырлы және сыртқы қиғаш және ұзына бойы орналасқан ет клеткаларынан құралған – тамыр үсті қабаттан тұратын ет қабығын зерттеңіз. Ет клеткалары шоғыры арасында эластикалық талшықтар мен гистиоциттерге бай дәнекер тканьді перде орналасқан. Сірі қабығы мезотелий мен болбыр талшықты дәнекер тканінен құралған. Кілегей қабықтың эпителийі – биік призмалы, жатыр крипталарын құрайды. Жатырдың барлық қабықтарының суретін салыңыз:
1. бір қабатты призмалық эпителий
2. жатыр крипталары
3. кілегей қабықтың меншікті пластинкасы
4. кілегей асты ет қабаты
5. тамырлы қабат
6. тамыр үсті ет қабаты
7. сірі қабығы
ПРЕПАРАТ №58. Гипофиз Г.Э. Окуляр көмегімен, одан К.Ұ. препараттан қанық қызғылт түске боялған гипофиздің алдыңғы бөлігін (ең көлемді), ашық қызғылт түске боялған артқы бөлігін және олардың арасындағы аралық бөлікті көруге болады. Ү.Ұ гипофиздің алдыңғы бөлігінен шеттері тегіс емес, цитоплазмасы әлсіз боялған көптеген ұсақ клеткаларды, цитоплазмасы қызғылт ірі эозинофильді клетканы және сирек орналасқан ірі базофильді клетканы, клеткалар арасында орналасқан капиллярларды көруге болады. Артқы бөлік нейроглиядан тұрады және көптеген қантамырларымен қамтылған. Аралық бөлік фолликула тәрізді қуысты құрайтын ұсақ клеткалардан құралған.
К.Ұ. гипофизді салып, суретте белгілеу керек:
1.алдыңғы бөлік
2. аралық бөлік
3.артқы бөлік.
Ү.Ұ алдыңғы бөлік аймғын салып, суретте белгілеу керек:
1. негізгі клеткалар
2.эозинофильді клеткалар
3. базофильді клеткалар
4. капиллярлар.
ПРЕПАРАТ №59. Қалқанша безі Г.Э. қалқанша безінің бөлікшеден тұратындығын және онда шығару өзегінің жоқтығын көруге болады.  Қалқанша безінің паренхимасы - іші коллоитдқа толы фолликулалардан тұрады. Фолликула интерфолликулярлы аралшықтар және қантамырлары бар дәнекер ткані орналасқан. Ү.Ұ қантамыры мен интерфолликулярлы аралшықпен қоршалған фолликуланы зерттеп, суретін салу:
1.фолликулы
2.коллоид
3. интерфолликулярлық аралшық
4. қантамыры
5. болбыр талшықты дәнекер тканді перде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет