ПРЕПАРАТ №43. Көздің мүйізді қабығы. Г.Э.Кіші ұлғайтқышпен мүйізді қабықты қарау қажет. Үлкен ұлғайтқышпен оның қабаттарын: көп қабатты жазық эпителийді, алдыңғы шекаралық пластинканы, меншікті затын, артқы шекаралық пластинканы және артқы эпителийді табу қажет.
Суретті салып, белгілеу керек.
1. көп қабатты мүйізделмейтін жазық эпителий
2. алдыңғы шекаралық пластинка
3. меншікті зат
4. артқы шекаралық пластинка
5. артқы эпителий
ПРЕПАРАТ №44. Ішкі құлақ иірімі. Иірім мүшесі. Г.Э.Кіші ұлғайтқышпен сүйек қуысының иірімінің көлденең кесіндісін және оның осы иірімдегі үш бұрышты пішінді жарғақ қуысын тауып салу керек. Осының шекарасын вестибуляр жарғағы, тамырлы жолақты иірімді сіңір мен иірім мүшесі орналасқан тимпональды мембрана құрайды.
Суретті салып, белгілеу керек.
1. сүйек қуысы иірімнің қабаты
2. жарғақ қуысы
3.тамырлы жолақты иірімді сіңір
4.вестибулярлы жарғақ 5. тимпональды мембрана
Үлкен ұлғайтқышпен белгілеңіздер.
1.сыртқы бағана клеткалар
2.ішкі бағана клеткалар
3.сыртқы түкті клеткалар
4.ішкі түкті клеткалар
5. сыртқы тіректі клеткалар
6. сыртқы шекаралық клеткалар
7. сыртқы сүйемелдеуші клеткалар
8. ішкі сүйемелдеуші клеткалар
9. жамылғы мембрана
ПРЕПАРАТ №45. Дәм сезу бүртігі (тіл). Г.Э. Кіші ұлғайтқышпен тілдің жапырақша тәрізді бүртігінде эллипс пішінді дәм сезу бүртігін табу қажет. Үлкен ұлғайтқышпен тауып, белгілеу керек:
1. көп қабатты жазық эпителий
2. дәм шұңқыры
3. дәм сезу бүртігі
а) сенсорлы клетка
б) тіректі клетка