ПРЕПАРАТ №77. Аш ішек. Г.Э. Препараттан кіші ұлғайтқышпен ішектің кілегей, кілегей асты, ет, сірі қабықтарын көреміз. Кілегей қабықта бүрлер мен крипталар орналасқан. Үлкен ұлғайтқышпен бір қабатты цилиндрлі эпителий бокал тәрізді клеткалардан тұратындығын, көптеген митотикалық бөлінудегі клеткалары бар крипт эпителийін зерттеңіз. Кілегей қабықтың дәнекер ткані ретикулярлы талшықтардан тұрады. Кілегей асты қабықта коллаген талшықтарды әр түрлі бағытта орналасқан. Ет қабығы екі: өте жақсы жетілген – сақиналы және сыртқы – ұзына бойлы қабаттан тұрады. Сір қабығы өте жұқа.
І. Кілегей қабық
1. бүрлер
а) бір қабатты цилиндрлі эпителий
б) меншікті қабат
в) ет қабаты
2. крипталар
ІІ. Кілегей асты қабығы
ІІІ. Ет қабығы
ІV. Сірі қабығы
ПРЕПАРАТ №78. Тоқ ішек. Г.Э. Кіші ұлғайтқышпен тоқ ішектің барлық қабықтарын қарап шығыңыз. Қатпарланған кілегей қабықта тығыз орналасқан көптеген крипталарды көруге болады. Үлкен ұлғайтқышпен кілегей қабықтың құрылысын зерттеңіз. Барлық эпителиальды клеткалар кілегей бөлетін бокал тәрізді клеткалар екендігіне көңіл аударыңыз. Кіші ұлғайтқышпен тоқ ішектің қабырғаларының суретін салыңыз.
І. Кілегей қабық
1. крипталар
а) бір қабатты цилиндрлк эпителий
б) бокал тәрізді экзокриноциттер
в) кілегей қабықтың меншікті қабаты
г) ет қабаты
ІІ. Кілегей асты қабығы
ІІІ. Ет қабығы
ІV. Сірі қабығы
ПРЕПАРАТ №80. Бауыр. Г.Э. Кіші және үлкен ұлғайтқышпен препаратты зерттеп, үлкен ұлғайтқышпен бауыр бөлікшесінің суретін салыңыз. Бауыр бөлігі радиальды бағытта орналасқан бауыр пластинкасынан тұрады. Ал бауыр пластинкасының арасында бөлік ішілік капиллярлар, бөлік арасында бауыр триадасы бар, дәнекер ткань пердесі орналасқан.
Суретті белгілеу керек:
1. бауыр бөлікшесі
2. бауыр пластинкасы
3. орталық вена
4. синусоидты капилляр
5. бауыр клеткасы
6. бауыр триадасы
а) бөлік аралық артерия
б) бөлік аралық вена
в) бөлік аралық шығару өзегі
7. бөлік аралық дәнекер ткань