ПРЕПАРАТ №47. Артерия. Г.Э. Кіші ұлғайтқышпен артерияны тауып, оның ортаңғы қабығының жақсы дамығанына көз жеткізу керек. Үлкен ұлғайтқышпен: ішкі қабықтың эндотелий асты қабаты-жұқа дәнекер ткані қабатынан және ішкі эластикалы мембрана орналасқан. Сыртқы қабық шекарасында сыртқы эластикалық мембрана орналасады.
Суретті салып, белгілеу керек.
1. ішкі қабық
а) эндотелий
б) эндотелий асты қабаты
в) ішкі эластикалық мембрана
2. ортаңғы қабық
3. сыртқы қабық
ПРЕПАРАТ №49. Қолқа. Орсеин. Кіші ұлғайтқышпен: ішкі, ортаңғы және сыртқы қабықтарды көру керек. Ішкі қабықта ұзына бойы орналасқан серпімді талшықтар өрімінің көлденең кесілгенін көресіздер. Ішкі және ортаңғы қабықтың шекарасында серпімді талшықтар өрімі жақсы дамыған. Ортаңғы қабықта күңгірт боялған серпімді мембраналар көзге түседі, ал олардың аралығында ашық біріңғай салалы ет клеткасы орналасқан. Сыртқы қабықтарда серпімді талшықтар өрімі жақсы көрінеді.
Суретті салып, белгілеу керек.
1. ішкі қабық
2. серпімді талшық
3. серпімді мембрана
4. ортаңғы қабық
5. сыртқы қабық
ПРЕПАРАТ №50. Вена. Г.Э. Кіші ұлғайтқышпен венаның жалпы құрылысын көреміз. Үлкен ұлғайтуда қуысы кең, қабырғасы жұқа, ортаңғы қабығы нашар дамыған, сыртқы қабығы жақсы дамыған, талшықты дәнекер тканінен құрылған, серпімді мембранасы жоқ венаны оқып, суретін салу керек.
Суретті салып, белгілеу керек.
1. эндотелий
2. эндотелий асты қабаты
3. ортаңғы қабық
4. сыртқы қабық
Препарат №64 Сүт безі. Г.Э. Кіші ұлғайтқышпен пішіні мен мөлшері әртүрлі бөліктерді тауып, суретінің салыңыз. Олар қан тамыры мен бөлік аралық шығару өзегі орналасқан бөлік аралық дәнекер тканді пердемен бөлінген. Безді бөлік секреторлы бөлімшелерден (алвеола) құралған. Альвеола ұсақ тамырлар мен капиллярлар және бөлік ішілік шығару өзегі орналасқан жіңішке бөлік ішілік дәнекер тканді пердемен бөлінген. Үлкен ұлғайтқышпен бірнеше секреторлық бөлімді, бөлік аралық дәнекер тканді пердені және ондағы шығару өзектің суретін салу керек.
Суретте белгілеу керек:
1.без бөлімшесі
2.секроторлық бөлім
3.шығару өзегі
4.бөлік аралық дәнекер ткань