Тақырып
Азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызы неде?
Біз тұтынушы ретінде өз құқығымызды білеміз бе?
Отбасының әлеуметтік мәні неде?
Оқу мақсаты
9.1.2.2 Азаматтық қоғам институттарының рөлі мен
маңызын анықтау
9.3.4.1 Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын
ұсыну
9.5.4.1 Отбасының қоғамдағы маңыздылығын бағалау
Мәтінді және өз біліміңізді пайдаланып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Азаматтық қоғам – билік пен халық арасындағы алтын көпір.
Азаматтық қоғамды дамыту демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың маңызды шарты болып табылады. Қоғамдық өрлеу, демократиялық даму, экономикалық өркендеу азаматтардың қоғамдағы тыныс-тіршілігінің барлық маңызды салаларына қатысқан жағдайда ғана мүмкін болады. Ал билікке деген сенім мен құрмет – татулық пен келісімнің, саяси тұрақтылықтың және орнықты дамудың берік іргетасы. Бүгінде елімізде үкіметтік емес ұйымдарды нығайту жүйелі және үдемелі сипатқа ие болды деп нық сеніммен айта аламыз.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан» Азаматтық қоғам институттарына не жатады?
_____________________________________________________________________________
Азаматтық қоғамды дамыту үшін не қажет деп ойлайсыз?
_____________________________________________________________________________
Үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғам құруда қандай рөл атқарады?
_____________________________________________________________________________
Қазақстанда азамттық қоғамның көрсеткіші болып табылатын саяси оқиғаны анықтаңыз.
_____________________________________________________________________________
Төмендегі жағдаятты оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Дүкенде тұтынушыға сапасыз және бүлінген өнімді (айранды) сатты. Оны үйге келгенде анықтады. Пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Тұтынушы өнімді қайтадан дүкенге апарды, бірақ сатушы тауарды басқа өнімге айырбастамады және ақшаны қайтармады.
Тұтынушы қандай қателік жасады?______________________________________________
Осы жағдайда тұтынушы өз құқықтарын қалай қорғай алады?________________________
Тұтынушының талап ете алатын 3 құқығын көрсетіңіз.
16
Мен – президент, сен – премьер». Қ.Аманжолов Критерийлер: