«Қыз – еркем, қылығымен көркем!» Тақырыбы: «Қыз – еркем, қылығымен көркем!» Жоспары



бет16/28
Дата13.02.2023
өлшемі2,44 Mb.
#67522
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28

Тоғызқұмалақ жүрістері.


Сабақтың тақырыбы: Тоғызқұмалақ жүрістері.
Сабақтың мақсаты: Оқушылар арасында тоғызқұмалақ ойынын насихаттау.
Сабақтың міндеті:
1. Оқушыларға тоғызқұмалақ ойынын үйрету.
2. Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру және өз елін сүюге тәрбиелеу.
3. Тоғызқұмалақ ойыны арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың өтетін орыны: Спорт зал
Керекті құрал – жабдықтар: Тоғызқұмалақ тақта.

Сабақ
бөлімі

Сабақ мазмұны

Уақыт мөлшері

Әдістемелік нұсқау



Ұйымдастыру нұсқау

 Кіріспе

Оқушылармен сәлемдесу.
Оқушыларды тізім бойынша тексеру.
Сабақтың барысын айту.
Балаларды отырғызу

5 минут

Оқушыларды
екі -екіден,
қарама- қарсы,
бір-біріне отырғызу,
тақта көрінетін болсын

Балалар тәртібін
сақтау.

Негізгі бөлім
Балаларды отырғызып болған соң өткен сабақты қайталау есебінде тоғызқұмалақ тақтасының құрылысын және түрлерімен таныстырдым. Пайдаланған материалдарды көрсетіп болған соң, оқушыларға жүріс жасау ережелерін өз қолдарындағы тақталарымен жұмыс жасауға шақырдым. Олар сабақты жақсы игергендерін көрсетіп, көп қателеспей жүрістерін жасады. 
Сондай-ақ қарсылас ойыншылар бір-бірінің отауларындағы құмалақтар санын тақ жасауға ұмтылады. Құмалақтарының тақ болып тұрған отау “ашық отау“ деп аталады да, қарсылас бұл отаудан құмалақ ала алатын болады.
Ойын барысында ойыншылардың қай-қайсысы болмасын қарсыласының отауындағы құмалақтарын қолмен санауына рұқсат етілмейді.Тек отауларының ашық немесе жабық екенін және қайсысында қанша құмалақ бар екенін ғана сұрай алады.Сондықтан ойыншылардың қай-қайсысы болмасын,барлық отаудағы құмалақ санын есте ұстауға тырысады.
Ал ойыншының қай-қайсысы болмасын,қарсыласының қойған сұрағына дұрыс жауап беруге тиіс. Ойын барысында отауда бір құмалақ қалса және ол ойыншының жүруіне керек болса, онда ол жалғыз құмалақты қатарындағы өз отауына салады. Бұл оның жүріс жүргені болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет