Би: Жүргізуші: Бармағынан бал тамған ару қыздарыңыз алдарыңызға тағам түрлерін тарту етеді.
Байқаудың ІІ шарты бойынша үй тапсырмасы.
Хор:«Құттықтаймын мама!»
Жүргізуші: Шырқаған балапаным өз тілінде
Күнім шықты алдымнан сен күлімде.
Бүгінгі күн ән айтып, би билеген
Құштар болып биікке, сен өнерге, - дей келе,
енді сайыскерлеріміздің өнерін тамашалайық.
Байқаудың ІІІ шарты өз өнерін көрсету.
Жүргізуші: Қыздар жаны гүлдей нәзік, тым ыстық,
Қыздар жаны түбі терең тұңғиық.
Жабырқаған жандардың көңіліне
Жүреді әркез шуақ шашып, нұр құйып, - дегендей, көктемнің алғашқы гүлі бәйшешектей құлпырған қыздарымызды сән үлгісімен ортаға шақырамыз.
Байқаудың ІV шарты сән үлгісі.
(көңілді музыка әуеніменен сән үлгісін көрсетеді)
Жүргізуші: Баланың да тілегі
Әкенің де тілегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі! – демекші, ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзды да жібітеді. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар келесі ән өздеріңізге арналады.
Хор: «Ақ мамам».
Жүргізуші: Әділқазылар алқасының шешімі дайын болғанша, балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.
Көктем гүлдеп, әлемнің барша алабы
Жақсы күндер келді деп, ән салады.
«Айгөлектің» мың бұралған бишілерін,
Көрермендер қол соғып қарсы алады.
Би: Жүргізуші: Жасыл көктем, сен көктем
Келді гүлмен, өрнекпен
Ел бақытты, мерейлі
Балалары әндеткен.
Хор: «Көктем вальсі»
(Әділқазылар алқасының шешімін тыңдау, жеңімпазды анықтау және марапаттау)
Жүргізуші: Ұядағы балапан қақты қанат
Қарға емес, қыранға өзін балап.
Жас қанатта жетеді мұратына
Болса егер таудан да биік талап
Осымен өздеріңізге арналған мерекелік кешіміз өз мәресіне жетті.
Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар! Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, аналар!
(Сыйлықтар табыс ету, мерекелік дастарханнан дәм тату).