«Қыз – еркем, қылығымен көркем!» Тақырыбы: «Қыз – еркем, қылығымен көркем!» Жоспары



бет8/28
Дата13.02.2023
өлшемі2,44 Mb.
#67522
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
кыз еркем

Қыз - еркем, ісімен көркем
Технология.
Сабақтың тақырыбы: "Қыз - еркем, ісімен көркем"
Мақсаты: Бойжеткен қыздарды ұлтымыздың салт –дәстүрлері арқылы ұяңдыққа, биязылыққа инабаттылыққа тәрбиелеу әдептілік қасиеттерді дамыту. Оқу процесінде оқушылардың белсенділігін жоғарлатуға, ұйымшылдыққа, іскерлікке үйрету. Қолөнердің сырын түсіне отырып, ізденуге танымдылық қабілеттерінің артуына ықпал ету. Өнерге ынтасын қабілеттерін дамыту, халқымыздың асыл мұраларын, салт-дәстүрлерін құрметтей білуге, өнерді түсінуге, сүюге, талғаммен киінуге, әсемдікке, сұлулыққа құштарлығын арттыру. Эстетикалық тәрбие беру, логикалық ойлау. Сөйлесу мәдениетін қалыптастыра отырып, мақал-мәтелдер арқылы жақсылыққа, іскерлікке ұмтылдыру.
Сабақтың көрнекілігі: «Шебердің қолы ортақ» тақырыбында көрме, даналық сөздер. Мысалы: «Өнерді бағалай білмеген, өрге шықпас». «Өнер көзі халықта» т.с.с. Сабақтың түрі: Сайыс, білім ізденіс, өнер сабағы.
Пәнаралық ізденіс: Әдебиет, технология, музыка.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Әділқазы алқасын сайлау. Сайыс шартымен, жоспарымен таныстыру.
Мұғалім сөзі:Құрметті ұлағатты ұстаздар, қызғалдақтай құлпырған ару қыздар мен құрбы-құрдастар, Сіздерге арналған «Қыз - еркем, ісімен көркем » атты сыныптан тыс сабағымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
Сайыс шарттары:
І кезең. «Таныстыру» (ұраны,эмблемасын қорғау)
ІІ кезең «Мақал - мәтелдер » жарысы
ІІІ кезең ІҮ кезең «Мықты болсаң, тауып көр» сұрақ-жауап
Ү кезең «Шаш үлгісін көрсету»
ҮІ кезең «Ою ойғанның ойы – ұшқыр» деп аталатын сайысымыздың бөлімінде матаның бетіне
ою-өрнек әшекейлеу қажет.
ҮІІ кезең «Фантазия» үй тапсырмасы
Жүргізуші: «Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі» деген мақал қыз баланың жанының нәзіктігінің, әр іске талаптылығын, өнер білімділігін бейнелесе керек.
Өнер, білім, өнеге туған дарын.
Өнерліге өз басым таңғаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын.
Таныстырайын әділқазы алқаларын, деп бүгінгі сайыстың әділқазы алқаларын таныстырып өтейін.
Мектеп директоры:
Оқу ісінің меңгерушісі:
Тәрбие ісінің меңгерушісі:
Ата-аналар комитеті:
Жүргізуші: Тасқындатып біз бүгін жыр бұлағын,
Өзімізше өзгеріп сән құрамыз.
Бұл сайыстың алғашқы кезеңінде,
Таныстырсын өздерін топ құрамын.
Ортаға сайыскерлерді шақырайық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет