«Қыз – еркем, қылығымен көркем!» Тақырыбы: «Қыз – еркем, қылығымен көркем!» Жоспары


Музыкалық үзінді. Сөз кезегін әділқазыларға берейік



бет7/28
Дата13.02.2023
өлшемі2,44 Mb.
#67522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Музыкалық үзінді.
Сөз кезегін әділқазыларға берейік:
Жүргізуші: Білектей арқасында өрген бұрым.
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.
Камшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты.
Сұлу қызды көріп пе ең мұндай түрін – деп, Абай атамыз жырлағандай, келесі шаш үлгісіне берейік.
Шаш үлгісін көрсету.
Әр топ шаш туралы өз ойларын ортаға салады.
Мысалы: Шаш күтімінің негізгі әдісі жақсылап жуу.
Басты ыстық сумен жууға болмайды, себебі ол май бездерінің бөлінуін күшейтеді.
Шашқа су сабынды жиі қолдану шашты құрғатады. Бүгінде өкінішке қарай, қыздар шаштарын бұйралап, күйдіріп бояп әуре болады. Одан шаш қырқылып сиреп, кейбір кезде мүлде түсіп қалады. Шаш түспеу үшін сарымсақтың қабығын ыстық суға салып, 15-20 минут қайнатамыз, су суыған соң сол сумен басты шаямыз,
Сөз кезегін әділқазыларға берейік.
Музыкалық үзінді
Жүргізуші: Қандай жақсы майысып тұрғандарың,
Бойына жинағандай өнер бағын.
«Ана көрген тон пішер»деген бар ғой,
Ару қыздар көрсетсін бұйымдарын - дей келе келесі
«Ою ойғанның ойы – ұшқыр» деп аталатын сайысымыздың шарты бойынша матаның бетіне ою-өрнек әшекейлеу қажет. Ендеше іске сәт сайыскерлер!
Әр топ өзінің таңдап алған оюына сипаттама береді.
«Қошқар мүйіз» - қошқардың екі шекесіне иіріліп кеткен қос мүйізіне ұқсайды. Ол киімдерде және текемет, сырмақ, аяққап т.б.киіз бұйымдарында кездеседі.
Ою-өрнекті қайдан, кімнен үйрендік деген сауалға суретші Әділхан Қастеев:
Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен - деп жауап беріпті.
Жұлдыз өрнегі - аспандағы жұлдыз көрінісіне ұқсайды. Бұл өрнек көбінесе кілемдерде жиі қолданылады.
Түйетабан - түйенің табанына ұқсас ою. Ол киімдерде, бұйымдарда кездеседі.
Сынық мүйіз - сынық жасап барып, мүйізді бейнелейтін өрнек.Ол көбінесе шым, шиде, терме бауда, алашада жиі қолданылады.
Әр топ оюлар туралы мәлімет береді.
Музыкалық үзінді.
Келесі сайысымыз «Фантазия» үй тапсырмасы.
Шарты: әр топ фантазияға байланысты матадан, өзге материалдан жапсырмалауды көрсету
Сөз кезегі әділқазыларға беріледі:
Қадірменді көрермен қауым, сайысымызды көріп тамашалағандарыңызға көп көп рахмет!

5-7 сыныптар арасында




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет