«Қыз тәрбиесі- ұлт келбеті» атты ауданаралық байқау «Сүйек жаңғырту» (Көрініс)


Әкесі: ол не бұйымтай, айта отырыңыз! Бас құда



бет3/4
Дата16.10.2023
өлшемі1,75 Mb.
#116205
1   2   3   4
Байланысты:
қыз тәрбиесі

    Бұл бет үшін навигация:
  • Әжесі
Әкесі: ол не бұйымтай, айта отырыңыз!

  • Бас құда: Сіздерде қыз бар, бізде ұл бар дегендей. Әрбір ата- ана қызы бойжеткен соң өзінің құтты орнына қондыруды армандайды. Сіздерге әпкемізді беріп, бұрыннан құда- жекжат болып араласамыз, бір- бірімізді танып қалдық, бұл әулеттен ешқандай жамандық көрмедік. Біз бұрыннан келе жатқан «сары сүйек» құдалар емеспіз бе, енді үлкендер кеткеннен кейін, бала шағамыз да араласып, екі елдің арасы үзілмесін деп сіздермен «сүйек жаңғыртсақ» деп едік. Сол мақсатта, сіздердің қыздарыңызды біздің ұлымызға алып берсек деп, айттырып келіп отырған жайымыз бар.

  • Әжесі: Еее, қыздың бойы көрініп, бойжетті деген осы да. Мұны «қыз айттыру» деп түсінейік па?

  • Бас құда: Ия, қыздың ата- анасы, өзі қары болмаса құда түсу күнін белгілесек.

  • Әкесі: Екі жас бір- бірін қалап тұрса, келісеміз ғой. Әрі жат жер емес, бұрыннан араласып келе жатқан «сары сүйек» құдаларымыз. Олай болса қазақтың салт- дәстүрімен құда түсіп, қыз алысайық. Бердім батамды.

  • Бас құдағи: ендеше сөз байласқанымыздың белгісі ретінде, қызымызды шақырып «үкісін» тағып кетейік. Алла сәтін салған күні, салт жоралғысыменсырғасын салып, қалың малын әкеліп, құда түсеміз.



  • Автор сөзі: анасы қызды алып келеді. Жігіттің анасы қызға үкісін тағады. Екі ата мен әже бір- бірімен құшақтасып, төс қағысады. Қазақ дәстүрінде сүйек жаңғырту жиі кездескен. Бір рет құда болып қыз алған жақ, екінші баласы оның сіңілісін алады. Мұны «сүйек жаңғырту» деп атайды. Бір үймен екі рет құда болып, сүйек жаңғыртады. Қазір де мұндай жағдай сирек болса да кездесіп қалады. Бұл жөнінде халқымыз құдалық дәстүрді бұзбаған. Ру басшылары қатаң бақылаған, керек жерінде ескертіп отырған. Көршілес отырған ауылдар ру, жүз дегенді ажырата біліп, сыйласып, береке- бірлікті сақтаған.

  • Бас құдағи: Ал, енді рұқсат болса, «орамал тон болмайды, жол болады» дегендей, абысын- ажындарымызбен алып келген сый- сиапаттарымыз табыстап, қызымызға белгі ретінде үкісін тағып кетейік.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет