Қызы: Анашым, рақмет, құрбыларыммен жақсы көңіл көтеріп қайттым.
Анасы: құрбыларың сенің айнаң, сен келбетің. Қазақта «маған досыңды көрсет, сенің қандай екеніңді айтамын» деген сөзі бар. Сол үщін, қызым, дос- құрбы таңдағанда қателеспе. Қыздың тәрбиесінде анасы мен әжесінің рөлі зор болғанымен, ол сыртқы ортаға да байланысты. Өзге адамдардың бойындағы жаман қасиеттерінен тыйылып, жақсы жақтарынан үлгі алуға тырыс. Жақсы адамның жанында жақсы адамдар жүреді. Сол үшін алдымен өзің жақсы бол! Одан соң ортаңды жақсы таңдай біл.
Анасы: Енді сен кішкентай қыз емессің. Саған айтарым өте көп. Барлығы өз кезеңінде айтылар деп күттім. Келе ғой, мен сенің шашыңа шашбау тағып берейін. Бұрындары қыз баласының шашына шашбау, шолпы не үшін таққанын білесің бе? Қыз баласы жүріп- тұрғанда сол шашбаудың дыбысы шықпайтындай өте нәзік қозғалу керек. Яғни, қыз баласы қалай болса солай жүріп тұрмауы үшін тағылған. Сол үшін қызым дене бітімің дамып, бойжеткен қыз болғандықтан, оңды солды жүгірмей, сабырлы бол. Тәрбиесіздік көрсетпе, көп күлме. Мінезің ашық болсын. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, биязы қалпыңды сақта.
Әжесі: Маңдайың ашық болсын қызым! Ия, келінжан, қызың бойжетіп, құрбы болып сырласып отырмысыңдар?
Анасы: Ия, апа! Азын-аулақ ақылымды айтып отырмын. Ертеңгі күні, барған жеріңде, кім тәрбиелеген деген атқа қалмайық.
Автор сөзі: Осы кезде сыртан кісілер келгені байқалады. Келіні алдынан шығып күтіп алады. Бұлар әжесінің төркін жағынан келген құдалар еді. Амандық- саулық сұрасып болған соң, келген кісілер бұйымтайын айта бастайды.
Әкесі: Қалайсыздар, аман есен келдіңіздер ма? Ауыл іші түгел аман есен ба?
Бас құда: Ия, аман есенбіз. Сіздер де бізге келмей кеттіңіздер. Сіздерге құшағымыз әрқашан ашық. Келіп тұрыңыздар. Сол, біз сіздерге жәй қонақ болып келіп отырған жоқпыз. Сіздерге бір бұйымтаймен келіп отырмыз.