Ізбасар Шыртановқа



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата30.03.2017
өлшемі382,62 Kb.
#10615
1   2   3   4   5   6   7

Ермембет  би:

 

Иса


-

еке!  Ас  –

   

елдің  тәрбие  алар  орны  деген 



сӛзбен    болашақ  асқа  қойылар  талап  туралы  ескерткелі  отырсыз

-

ау 



шамасы!

 

Иса  би:

 

Шамаңыз  дұрыс.  Соны  елге  қалайда  мойындату  керек! 



Ендігі  астарды  елге  үлгі  болатындай  дәрежеге  жеткізу  біздің 

міндетіміз! Ол осы біздердің, ас иелері мен билердің міндеті. Осы асты 

жоспарлап,  әлгі  айтқанымыздай,  елге  үлгі  берерліктей  ас  етуге 

тырыссақ па деймін. 

 

Қоштай  бай:  Сіз  бұл  асты  –

   


ас  ішіп  аяқ  босатудың  асы 

болмасын деп отырсыз ғой! 

 

Иса  би:  Дұрыс  айтасың!  Қолға  алынбай  жүрген  тағы  бір  жағдай 

бар. 


 

Біз  ата  аруағына  деп  берілетін  астарымыздың  ӛту  тәртібін  де, 

асқа қатысушылар тәртібін дн қатты бақылауға алуымыз қажет! 

 

Ас кезінде



 

шатақ шығып кетпесін!

 

Ас артына бұралқы сӛз ермесін!



 

Астың  арты  тӛбелеспен  аяқталуы  тіпті  міндет  емес.  Ондай 

жағдайда тез шара қолдану жағын ұйымдастырып қойған дұрыс.

 

Жұрт  ас  кезінде  болған  шатақты  емес,  аста  еңбек  етіп  алған 



абырой мен атақты әңгіме етсін.

 

Ермембет би:

 

Дұрыс екен.



 

Мәтжан би:

 

Толғағы жеткен мәселе еді. 



 

Иса  би:

 

Ойлап  қарасақ  біз  бұрын  беріп  жүрген  астардың  бар 



қызығы  тойып  тамақ  ішу  мен  тӛрт  аяқты  жылқының  жарысы!  Асты 

солар үшін беретіндей

-

ақ!


 

Астан  кейінгі  естелік  кӛбіне  қай  аттың  қалай

 

шапқаны  мен  қай 



тентектің тойды қалай бұзғаны туралы болып алды. 

 


Әрине ат жарату –

 

ӛнер, қажет ӛнер. Қажарлы ат  –



 

жауға қарсы 

қаруың.

 

Дегенмен  адам  ӛнері  аюан  ӛнері  мен  тентек  қылығынан  ілгері 



тұрса несі бар екен?

 

Біздер  бұл  асты  ӛнер  адамдарының  ӛнерін  тамашалау, 



ӛнерпаздарды

 

ел  сүйіктісіне  айналдыру  асына  айналдырсақ  па  деп 



отырмыз.  Асты

 

ұйымдастыру  жағын  мына  Ермембет  екеміз 



мойнымызға  алалық.  Ал  ӛнер  жағын  ұйымдастыру  Мәтжан  би  саған 

тапсырылады. 

 

Ермембет  би:

 

Дұрыс  ой  айттыңыз,  Исеке!  Мәтжан  би  жаңа 



"толғағы  жеткен  мәселе"  еді  деді  ғой!  Дәл  айтты.  Сіз  тоғыз  ай 

толғатқандығыңызды байқатып отырсыз. Ел тәрбиесі деп толғатыпсыз. 

Мәтжан  би  сол  сіз  күткен  перзентті  дұрыс  қабыл  алар,  кіндігін  дұрыс 

кесер деп сенеміз. 

 

Бәйімбет  бай:

 

Апырым



-

ай!  Бұларды  тегіннен  тегін  би 

атандырмайды

-

ау



шамасы!  Біздер  асқа  соятын  малымыз  бен  тігетін 

үйімізден  ары  аса  алмаушы  едік.  Соны  ойлап  әуреміз,  бұлар  елге 

ӛнеге деп әлек. Жақсы! Жақсы екен!

 

Ермембет  би:

 

Ас  –



 

елге  үлгі  беру  жиыны  болсын  деген  ой  ел 

қамын ойлағаннан туындаған пікір ғой. Бұл аста ел ӛнеріне баса кӛңіл 

бӛлелік десеңдер ұйымдастырушыны дұрыс таңдапсыңдар. Біз кӛргелі 

Мәтжан  би  маңына  әншілер  мен  жыршылар,  палуандар  мен 

мешкейлер  әуес

-

ақ  болатын.  Басқалар  шақырғанда  зорға  келетін 



солар  Мәтжан  соңына  ереді  де  жүреді.  Соларды  ӛзіне  құмар  қылып 

қойған  Мәтжанның  не  қасиеті  барын?

 

Асылы,  Мәтжан:  "Жақсы  аттың 



жалын  сақтағанша,    жақсы  жігіттің  арын  сақта"  –

 

деген  ата  мәтеліне 



басқамыздан кӛбірек мән беретін секілді.

 

Мәтжан  би:

 

Халық  соңғы  кезде  күміс  кӛмей  үнділер  мен  бал 



сазды  бармағы  барларды  қатты  қастерлей  бастады.  Оған  себеп 

еліміздің бейбіт күндерге бейімделе бастағаны болар.  

 

Ендігі ас пен тойды да халықтың қазіргі



 

ыңғайына бағыттаған жӛн 

секілді... 

 

Иса  би:

 

Бейбіт  күнге  де  бейімделу  керек  дейсің  ғой...  Дұрыс 



болар...  Ел  басындағылар  халықтың  сол  талабынан  шығып  тұрса,  ел 

ӛнері  ӛркендей  бермек.  Ӛнерлі  жандар  ӛздерінен  гӛрі  ӛнерін 

құрметтегенді жақсы кӛреді.

 

Шолтаман:

 

Рахмет  би  аға!  Ӛнерсіз  халық  халық  па?  Ӛнер 



сайысында  ӛзге  ағайындармен  кездесіп  қаламыз.  Сонда  бір

-

бірімізге 



қоятын бірінші сұрағымыз: "Кімің бар" –

  

дейміз!



 

Бұл сұрақтың ӛзіне түбінде бір қойылатынын әрбір ақын ойланып 

жүреді.  Жақсыларым  кім?  Жайсаңдарым  кім?  Сондай  шақта  айтыс 

ақындары  елінің  атақты  билері  мен  батырларын  мақтаныш  жырға 

қосады. Байлары мен сахиларын санап шығады. Соның бәрі сіздердің, 

жалпы халықтың ӛнер мен ӛнерлілерге деген құрметтерінің арқасы! 

 


Иса би:

 

"Халық айтса –



 

қалмай айтады! Бірінші би –халық, екінші 

би –

 

тарих!" депті халқымыз. Ақын –



 

халықтың тілі дейдіі! Олай болса –

 

жетістігіңе  бола  марапаттайтын  да  халық!    Қатең  болса  –



 

жарақаттайтын да халық! 

 

...Бізден кеткен қате болса болашақ кӛрсетер... 



  

Біздің  ӛткенді  кӛксейтініміз  –

 

жоғалтқанымыздың  кӛптігінен. 



Ертеңді кӛксейтініміз –

 

дәметкеніміздің кӛптігінен...



 

Мәтжан би:

 

Жоғалтқанымыздан дәмететініміз кӛп болғай! Ал...



 

Иса  би:

 

(Мәтжан  сӛзін  бӛліп,  ӛз  сӛзін  аяқтайды)  Жарайды,  бұл 



мәселе туралы ойымызды білдірдік... 

 

Енді  шаруамызға  оралалық.  Мәтжан  бірдеңе  сұрағалы  оқталып 



отырсың ба?

 

Мәтжан  би:

 

Біз тапсырмамызды  алдық.  Түсінікті  болды.  Ал  енді 



біздің  жұмсайтын  хабаршыларымыз,  асқа  шақырушылар,  қазақтың 

байтақ даласының қанша кӛлемін қамтымақ?

 

Иса би:

 

Хабар естіп асқа келіп жатса қазақтың қай ӛңірінен келсе 



де,  шақырулы  қонағымыз  болады  деп  хабарлансын.  Ал  арнайы 

шақыру:  Қиғаш,  Нарын,  одан  бері  Жайық  бойы,  Шыңғырлау,  Елек, 

Жем,  Сағыз  деп  отырмыз.  Әлім,  Табын  елдерінің  кӛрші  рулары. 

Маңғыстаудың Ойы мен Қыры тұтастай. Сегіз арыс Адайлар қонысын 

түгел қамтимыз. Аралас отырғандар да түгел шақырылмақ.

 

Ермембет би:

 

Қанша үй тігілмек?



 

Иса би:

 

Бәйімбет бай қазірдің ӛзінде мың үй деп жобалап отыр. 



Асқа  шақырушылардың  хабарын  күтеміз.  Қонақтар  саны  ӛсіп  бара 

жатса  мүмкін кӛбейтерміз.

 

Ермембет би:

 

Байрақтар жобасы анықталды ма?



 

Бәйімбет  бай:

 

Бұрынғы  астар  жобасынан  кем  түспеспіз. Иса  би 



бәсекеге айналып кетпесін деп онша асыра сілтемелік деп отыр. 

 

Ермембет би:

 

Дүрыс екен.



 

Иса  би:

 

Бұрынғы  бір  аста  атақты  ақындарымызға  назар 



аударғанбыз.  Соның  арқасында  "Адайдың  бес  жүйрігі"  деген  ардақты 

атқа  лайық  тұлғалар  алты  алаш  аузына  іліге  бастады.  Қазір  тілі 

шыққан  кез

-

келген  тәрбиелі  бала  жеті  атасы  секілді  адайдың  бес 



жүйрігі  кімдер  десе:  Абыл  ақын,  Нұрым  мен  Ақтан,  Қашаған  мен 

Аралбай деп тақылдай жӛнеледі. 

 

Бұрынғы  ӛткен  астарға  қосар  жаңалығымыз  бұл  аста  сазгер 



әншілерге ерекше кӛңіл бӛлінбек. 

 

Ермембет би:

 

Есте қаларлық ас болғалы тұр екен. 



 

Иса  би:

 

Ас  туралы  сіздерге  айтпағымыз  негізінен  осылар 



болатын. Айтылды. Келісілген секілді.

 

 



Мәтжан  би:

 

Барлық  ӛнер  иелеріне  хабарлау  керек  болар. 



Дайындыққа  жылдан  астам  уақыт  бар.

 

Досатқа,  Жылкелдіге, 



Шолтаманға  қазірден  бастап  тапсырма  беріп  жіберелік.  Осы  асқа 

ӛнерлілер  түгел  жиналсын.  Ӛнер  кӛрсеткендер  иығына  түгел  шапан 

жабылады. Жүйрік шыққандар астына ат мінгізіледі.

 

Досат!  Сен  серілік  құрып  ауыл  аралап  кӛп  жүресің.  Ӛнерлілерді 



осы  аста  халық  алдына  шығаруға 

 

тырысыңдар.  Әсіресе  қыздар  мен 



келіншектерге назар аударыңдар.

 

Иса би:

 

Бағытың дұрыс, Мәтжан би.



 

 

Қызметші жігіт кіреді.



 

 

Жігіт:

 

Билерге жүгінеміз деп екі кісі келіп тұр.



 

Иса:

 

Бой жазып келелік. Сосын кіргізерсіңдер.



 

 

Шымылдық



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Үшінші көрініс. 

 

Досат пен Ғалия.

 

 

Досат  Кӛкжар  жәрмеңкесінде

 

Ғалиямен  танысады.  Араларында  сезім 



оянады. 

 

Кӛңілді  жастар.



 

Ғалия  қымызханасы.

 

Қымызханадан  бір  топ  жастар  шығып 



кетеді. Досат пен Ғалия оңаша қалады.

 

 



Ғалия:

 

Мылжыңдасып отырып алды ғой! Қымызын ішкесін кетпей 



ме, шаруаларына!

 

 



Досат:

 

Саған қымызханаға адам келгені дұрыс емес пе?



 

 

Ғалия:

 

Досат мырза! Сізбен оңаша қалудың ӛзі бір арман болуға 



айналды,  мен  үшін

Бұрын  қымызханама  біреу  кірсе  деп  отыратын 



адам,  сіз  келгелі  келгендер  қашан  кетер  екен  деген  тілек  үстінде 

отырамын. 

 

 

Досат:



 

(Досат  бей

-

жай,  бірқалыпты)



 

Онда  қазір  арманыңыз 

орындалып отыр екен ғой.

 

 



Ғалия:

 

Досат мырза! Мынадай ӛнермен кішкентай ауылға



 

қалай 


сыйып жүрсіз!

 

Осынша ӛнерді бойыңызға қалай сыйғызып жүрсіз?



 

 

Досат:

 

Ауылда  аспан  да  биіктеу,  кӛкжиегің  де  кеңірек,  Ғалия! 



Қайта  адамдары  құртша  қыжынаған,  үйлері  бірінің  бірі  үстіне  үңіліп 

тұратын мына қала деген жерде адам қалай ӛмір сүреді?

 

Ғалия:

 

Мен сізбен танысқалы еркімді



 

жоғалттым. Маған қаланың 

да,  даланың  да  қажеті  жоқ,  қазір!  Тек  сенің  бір  ауыз  жылы  сӛзіңе 

семіре, бір жылы қабағыңа жылына да ӛмір сүргім келеді! 

 

Досат:

 

Қызық екен. Сонда не үшін? Менен не таптың?



 

Ғалия:

 

Мен  сені  тірі  жанның  бәрінен  қызғанамын.  Бір  кезде 

біреуге  үйленіп,  басқанікі  болып  кетеді

-

ау



 

деген  ой  мені  ӛртеп  жібере 

жаздайды.

 

Досат:

 

Біз  қалай  тірі  жүр  екенбіз.  Сен  болсаң  күнде  тәңертең 



күйеуіңнің тӛсегінен ӛріп жатпайсың ба?

 

Ғалия:

 

Сен  мендей  ғашық  емесссің  ғой!  Сондықтан  сенде 



қызғаныш  та  жоқ.  Сен  бір  жараңды  жазып  алғанша  мені  ем  есебінде

 

ғана  пайдаланып  жүрген  боларсың.  Мінезің,  қылығың  сондайға 



ұқсайды.

 

Досат:

 

Жоқ,  Ғалия!  Мен  ешкімді  де  пайдаланбаймын.  Мен  тек 



қана  ұнатамын.  Сорыма  мен  ұнатып  қалған  әйелдердің  бәрінің  де 

күйеулері бар болып шығады.

 

Ғалия:

 

Білмеймін, кейін не боларын. Жәрмеңке тарар. Сен еліңе 



кетерсің!  Сол  есіме  түссе  сенен  сыбағамды  мол  алып  қалғым  келеді, 

мойныңа асылғым келіп кетеді! Еркелегім келеді. Құшақтасам деймін!

  

 

Досат:



 

Жұрт  алдында  қайтесің,  ондай  нәрселер  оңашада 

істелмеуші ме еді



 

Ғалия:

 

Ой Құдайым



-

ай! Сен


 

неге сонша салқынсың?

 

Қазір оңаша 



емес  пе?  Қарасашы  менің  бетіме!  Ӛтірік  болса  да  белімнен 

құшақтасашы!

 

 

Досат:



 

Мен шыныменен салқынмын ба



Ғалия:

 

Мен  қанша  тырыссам  да  бір  де  бір  рет  емірене  жақсы 



кӛрмедіңіз!

 

 



Досат:

 

Олай  болса  салқын  шығармын



Бұрын  мен

 

де  сендей 



болатынмын. 

 

Ғалия:

 

Қол жетпеген арманыңыз бар секілді.



 

 

Досат:

 

Мүмкін, болса болған



 

болар.


 

 

Бұлардың үстіне Әділ кіреді. 



 

 

Әділ:

 

Ассалаумағалайком, Досат аға! 



 

Досат:

 

Әділ!  Амансың  ба?  Елден  жақында  келдің  бе,  



жәрмеңкеде кӛрмеген секілді едім?

 

Елде не хабар бар.



 

Әділ:

 

Елден  кеше  келдім.  Мені  осы  жәрмеңкеге  хабар  айтуға 



билер жұмсады.

 

Досат:

 

Жай ма?


 

Әділ:

 

Келесі  кӛктемде,  жазда  Бәймембет  бай  әкесіне  ас 



бермекші. 

 

Досат:

 

Жақсы. Біз де айта жүрерміз.



 

Әділ:

 

Мәтжан  би  сізге  жәрмеңкеден  кейін  басқа  жаққа  кетіп 



қалмасын, тездетіп елге қайтсын деп жатыр.

 

Досат:

 

Не боп қалды?



 

Әділ:

 

Ештеңе  болған  жоқ.  Сізге  келесі  жылы  болатын  асқа 



дайындық жұмыстарды тапсырмақшы білем.

 

Досат:

 

Сонда ол қандай жұмыстар екен? Естімедің бе?



 

 

Әділ:

 

Бұл  аста  ӛнерпаздар  жарысы  ӛткізілмекші  дейді.  Әсіресе 



ӛнерлі  қыз

-

келіншектерді  кӛбірек  қатыстырмақ.  Ауыл



-

ауылдан 


сондайларды іздеу керек дейді.

 

Досат:

 

Солай деді ме! 



Тез қозғалып жүріп кетеді.

 

 



Әділ:

 

Солай деді.



 

Досат:

 

Табамыз!  Қатыстырамыз!  Не  ӛнерлілер  кӛрмесін 



жасаймыз!

 

 



Досат шабыттанып, ӛзгеріп кетеді.

 

Ғалия оған таңдана қарап тұрады



.  

 

 



Әділ:

 

Әсіресе биші қыздар ӛнеріне кӛңіл бӛлу қажет депті.



 

 

Досат:

 

Мәтжан би не деген кӛреген адам еді. Менің арманымды 



менің жүрегімнен оқып шыққандай

-

ақ айтқан екен!



 

 

Ғалия:

 

Бәсе!  Досат  осындай  болу  керек  секілді  еді  ғой!  Ғажап! 



Қалай құлпырып кеттіңіз!

 

 



Әділ:

 

Досат аға әуелден осындай болатын. Досат ағаның жүрген 



жері ән мен алтыбақан, қызық пен күлкі болатын!

 


 

Ғалия:

 

Бұ  мырзаға  ауылдың  тойы  жетпей  жүр  екен  ғой? 



Сызданып, Кӛкжар жәрмеңкесінің кӛркін кетіріп болып еді! 

 

 



Досат:

 

Ғалия!  Бұл  мен  үшін  тәуір  хабар  болды.  Менің 



Босмойыным!

 

 



Ғалия:

 

Мені  «Босмойын»  демеші,  маған  сенің  осы  сӛзің 



ұнамайды. 

 

 



Ғалия басын әдемі шайқап, келіспейтіндігін білдіреді.

  

 



 

Досат:

 

Ал маған ұнайды! Міне, міне! Қандай Босмойын! Басыңды 



тағы шайқашы!

 

 



Рахаттана күледі.

 

 



 

Әділ:

 

Босмойын  деген  қызық  сӛз  екен!  Біреуге  ұнайды,  біреуге 

ұнамайды!

 

 



Досат:

 

Әділ, кешке осы жерде бол! Мен «Босмойын» деген жаңа 



ән салып беремін!

 

 



Ғалия:

 

Не  дедіңіз,  Досат  мырза!  Сонда  ол  маған  арналған  ән 



болғаны ма?

 

 



Досат:

 

Саған  арналған  ән!  Ғалия  сен  ӛзіңнің  қылығыңмен, 



сұлулығыңмен ӛмірден сонша торығып келген мені ел қатарына қайта 

қосып едің!

 

Ал  сен  Әділ  мына  хабарыңмен  мені  қайтадан  Досат  еттің!  Мен 



елге қайтамын! 

 

 



Кешке  мен  ән  айтамын!  Бүгінгі  кешті  Босмойыныма,  Ғалияға 

арнаймын!

 

 

Шымылдық



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Төртінші көрініс. Айша.

  

 

Кешкі мезгіл. Айша бесік тербетіп

 

отырады.


 

Күйеуі ұйқтап жатады.

  

 

Айша:

 

Ауыл  жастары  алтыбақан  құрып  жатыр.  Не  боп  қалды 



екен?  Бір  себебі  бар  болар.  Алтыбақанға

 

баруға



 

да  зауық

 

жоқ!  Ендігі 



жерде тек қана сені

 

кӛзіме елестетіп, қалған ӛмір



-

ӛрмегіме сені арқау 

етемін дағы, Досат мырза!... Кӛзіме тағы да бір кӛрінсейші!.. Шіркін

-

ай! 



Сондай  жанның  қасында  бір  күн  жүрген  қыздың  да  арманы  бола  ма 

екен?..  Құдайым  сонша  әдемі  етіп  қалай  жаратқан,  ӛзін!  Бірақ  бізікі 

емес, ботақаным!

 

Бірақ,  бұған  да  шүкір!  Енді  менің  ойым  бос  емес.  Ойлап  еске 



түсірерім бар! Еске түсіріп сағынарым бар! Оған да Құдайға шүкір!

 

 



Бесікке еңкейіп, баласымен сӛйлеседі. 

 

 



Айша:

 

Маған  деген  сонша  қатігез  тіршілікте  қуаныш  болған 



жалғыз  жарығым!  Мені  әдептен  аттатпаған  құдіретім!  Мені  аналық 

борышыма адал еткен періштем! Сен болмағанда менің кімге айналып 

кетерімді кім білген? 

 

Құлыным  менің!  Әкеңнің  түрі  анау!



 

Сен  қандай  болар  екенсің? 

Атаң  да  керемет,  нағашың  да  керемет!  Ей  Алла!  Мына  жалғызымды 

ана мырыққа ұқсата кӛрме? 

 

 

Кӛкке қолын жайып «жалынамын» дейді.



 

 

Маған  жар  болып  жарыта  алмады.  Саған  да  әке  болып  не 



жарытар дейсің. Әйтеуір атаң бар. Сені жеткізер атаң бар!  

 

Бар тірлігі –



  

ұйқы! Бай баласы дейді... 

 

Құдайым


-

ау, осындайларға бармақтай бақ не үшін керек? Сен не 

үшін бересің, соларға сол бармақтай бақты?! 

 

Әкесін бай етіпсің...



 

Мені сол мырыққа әйел етіпсің...

 

Мынадай, періштедей ұл беріпті оған...



 

Оған бұның бәрі неге керек еді? 

 

Қызықтай алмаса?



 

Сүйсіне алмаса?

 

Соларға қуанып ӛмір сүре алмаса?



 

 

Ыңылдап ӛлең айтады. 



 

 

Беу ӛмір, шаттық емес бекер ме едің?..



 

Бұ дертпен қай деңгейге жетер демім?..

 

Сен болдың аяғыма темір кісен...



 

Жаманды жер соқтырып

 

кетер ме едім?..



 

 

 

Айшаның үйіне құрдас келіншегі кіреді. 

 

 

 



Айша құрбысы:

 

Айша сен не ғып отырсың? Сенің әніңсіз, сенің 



биіңсіз  бұл  ауыл  жастары  қалай  той  бастамақ,  қалай  кӛңіл  кӛтермек

Алтыбақан алтыбақан бола ма? Тез жинақтал! 



 

Айша:

 

Не боп қалды?



 

Айша құрбысы:

 

Сүйінші!


 

Айша:

 

Қалағаныңды ал!



 

Айша құрбысы:

 

Шеш жүзігіңді!

 

Айша:

 

Айтсашы не боп қалды?



 

Айша құрбысы:

 

Бұл ауылға сенің Досатың келіпті! 



 

Айша:

 

Досат!  Досат  келіпті!.. 



Жүзігін  абдырай  шешіп  құрбысына 

ұсынады.


 

Сүйіншіңе!

 

Айша  құрбысы:

 

Ол  ауыл



-

ауылды  аралап  алтыбақан

 

құрғызып 



ӛнерлі адамдарды

 

іздеп жүрген кӛрінеді.



 

 

Айша:

 

Досат  келіпті  дейсің  бе!  Алла  бір  тілегімді  қабыл  еткен 



екен ғой! Ал оған ӛнерпаз адамдар

 

не үшін қажет екен?



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет