Ізбасар Шыртановқа



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата30.03.2017
өлшемі382,62 Kb.
#10615
1   2   3   4   5   6   7

 

Дауыстар: 

 

Иса би сӛйлегелі жатыр. 



 

Тыныштық сақталық!

 

 

 



 

Билер шешімі жарияланады.

 

 

 



 

Әнші ӛнерпаздар жарысының қортындысы айтылады!

 

 

 



Билер ортаға шығады.

 

 

 

Иса би: Аман

-

есенсіздер ме, алқалаған әлеумет! 



 

Бәйімбет  байдың  әке  рухына  берген  асын  Аллатағала  қабыл 

еткей!

 

Осы астың арқасында үш күн бойы ата



-

баба рухын тірілттік! 

 

Кӛптен кездеспеген ағайын басын қостық!



 

Асымыз тойға айналды!  

 

Аламан  бәйгі,  дӛнен  жарыс,  тай  жарыс,  атан  жарысы    секілді 



дәстүрлі жарыстар ӛткіздік. Күрес те үш сатылы ӛтті. Бала палуан, аға 

палуан, түйе палуан деген күрестер ӛткізілді. Ақындар айтысы мен күй 

айтыс ӛз алдына

 

бір бӛлек. Жаяу жарыс пен әйелдер күресінің қызығы 



да  олқы  болмады.  Жеңімпаздарға  байрақтар  берілді.  "Тойдан 

тобықтай"  деген  дәстүріміз  бойынша  асқа  атсалысқандардың  бәріне 

де сыйлықтар тапсырылды.

 

Бұл  астан  алған  байрақтарыңыз  бен  атақтарыңыз  құтты  болғай! 



Әкеден балаға, баладан ұрпаққа дарып жұғысты болғай!

 

Дауыстар: Әмин!



 

Дұрыс болған. 

 

Айтқаның келсін!



 

Иса  би:

 

Ал,  әлеумет!  Үш  күн  бойы  жарысқа  қатысқан  отыз 



әншінің  әнін  тыңдадық.  Құлағымыздың  құрышын  қандырдық.  Риза 

болдық. 


 

Дауыс:

 

Бұрын бұндай қызық кӛрмедік.



 

Иса би:

 

Ұзақ жылдар бойы: 



 

Жасын жұтып ас етіп,

 

Қайғысын  жұтып  тас  етіп  –



 

дегендей  жағдайда  жүріп,  шын 

жүйріктеріміздің ӛнерлеріне кӛңіл бӛле алмаппыз. Олар ӛздерін ӛздері 

қамқорлаумен  болыпты.  Халқымыз,  мына  ӛздерің,  халық  ӛнерін 

қамқоршысыз қалдырмапсыздар

Соның  арқасында  ӛткен  жылы  "Адайдың  бес  жүйрігі"  деген  атқа 



ие етіп, бес ақынымызды елге таныс еттік.

 

Ал  осы  аста  әрі  әншілік,  әрі  сазгерлік  ӛнерлерімен  кӛзге  түскен 



отыздан озық шыққан жетеудің атын атаймын. 

 

Отыз  ӛнерпаздан  озық  деп  жетеуін  таңдадық!  Жетеуінің  бір



-

бір 


әндерін де озық деп жарияладық.

 


 

 

Мая Досат –



  

"Жамал" әнімен;

 

 

Медет Жылкелді –



  

"Құнан нар" әнімен;

 

 

Кенже Әділ –



  

"Ой дӛңгей" әнімен;

 

 

Ӛскенбай Қалмамбетұлы –



  

сегізқырлылығымен;

 

 

Жары Шолтаман –



  

"Дәләйшім" әнімен;

 

Қаржау Тұрсын –



  

"Оймауыт" әнімен;

 

Тастемір Шыршығұлұлы –



  

"Маңғыстау" әнімен.

 

 

Иса би:



 

Ортағы шығыңдар, әнші серілер! Халық кӛрсін! 

 

 

Ӛнерпаздар ортаға шығады. Халық қошамет кӛрсетіп, шуылдасып жатады. 



 

 

 



Иса  би:  Тынышталыңыздар,  халайық!  Бұлардың  бәрі  бірдей 

дүлдүл жүйрік екен! Кім озық деген сұраққа жауап беру қиынға түсті.

 

Дауыс:

 

Кім озар дейсің? Ӛз ағайыныңды оздырасың



-

дағы!


 

Иса  би:  Әй  шырағым!

 

Аузыңа  ас  саларда  ас  адалдығына,  сӛз 

айтар кезде сӛз әділдігіне мұқият бол демейтін бе еді.

 

Ермембет:

 

Аузы  жаман  елді  былғайды,  Аяғы  жаман  тӛрді 



былғайды. Адамға арам ойлы болғанмен, арам сӛйлеу міндет емес!

 

Дауыс: Сіздер жылтыраған сӛздеріңмен елді алдауды қашаннан 

да үйреніп алған адамдарсыңдар! Бұл жолы алдатпаймыз!

 

Иса  би:

 

Біз  ел  ӛнерінің  ӛрісін  молайтамыз  деп,  еліміздің  атағын 



шығарамыз  деп  еңбек  еттік  деп  жатырмыз.  Бұл  аста  екінші  болған 

келесі  тойда  бірінші  болар...  Әңгіме  халық  ӛнерін  дамытуда, 

дәріптеуде... 

 

Иса  би:

 

Сонымен  отыздан  озық  жүйрігіміз  деп,  біздер  Медет 



Теңізбайұлы Жылкелдіні таныдық!

 

 



Қуанышты дауыстар

 

селі басыла бергенде:



 

 

Дауыс:

 

Айтып едік қой! Ӛз ағайынын оздырады деп! Сенің сӛзің 



түгіл  ісіңе  де  сенуден  қалғанбыз!  Кім  бұны  астың  бас  биі  етіп 

тағайындап жүрген?.. 

 

Ермембет би: "Қияңқы адам несібесін қиямпорыстықтан іздейді" 

деген  бар!  Халықтың  үш  күн

 

бойғы  кӛрген  қызығын  харамдамайық! 



Халықтың мерекесін тәркі етудің сылтауын іздестірмейік ағайындар! 

 

Дауыс:

 

Исаның би аты жоқ па? Ӛзі жауап берсін!



 

Ермембет би:

 

Иса



-

еке! Мына кісі ауыр сӛз айтып тұр ғой. Жауап 

қайтармайсыз ба?

  

Иса  би:

 

Егер  мені  бір  есек



 

теуіп  жіберсе,  мен  сонда  есекпен  де 

тебісіп жатуым қажет пе екен!

 

Мәтжан  би:

 

Дегемен    жауапсыз  қалдырмаған  дұрыс  секілді 



болып тұр!..

 


Бәйімбет  бай:

 

Бұлар  ертең  мен  бүй  деп  едім,  билердің  бірі  де  



аузын аша алмай қалды деп жүретіндер ғой...

 

Иса би:

 

Жауапты


 

кім бергені дұрыс?

 

 

 



Иса  Мәтжанға  қарайды.  Мәтжан  басын  изеп,  қамшысын  кӛтеріп  ортаға 

шығады.


 

 

 



Мәтжан  би:

 

Уа,  әлеумет!  Орталарыңда  Иса  биге,  осы  асты 



осындай  дәрежеге  дейін  жеткізіп,  ас  етіп  ӛткізуге  тырысқан 

барлығымыздың  еңбегімізге  күйе  жағуға  тырысатындар  барлығы 

байқалды. 

 

 



Ермембет  би:

 

Халқым  деп  шӛп  басын  сындырмағандар,  жел 



сӛзбен ел назарын ӛздеріне аудармақ.

 

Мәтжан  би:  Олар  бір  жыл  бойы  осы  асты  дайындауға,  ӛткізуге 

терін тӛккендерге ауыр кінә тағуға, орынсыз жала жабуға тырысуда...

 

 



Иса би тентек сӛзін елемелік: "Бір есек теуіп жіберсе сол есекпен 

тебісіп  жату  қажет  пе?"  –

 

дейді.  Дегенмен  Ермембет  би  жауап 



қайтарған дұрыс деп, мені жұмсап тұр...

 

 



Дауыстар:

 

Сӛйле Мәтжан би! Жақсылап айт!



 

Мәтжан  би:

 

Адай  елі  осында  келіп  қоныстанғанғанына  жүз  елу 



жыл  шамасы  болған  екен.  Содан  бері  бір  ауамен  дем  алып,  бір 

топырақтың нәрін сорып, бір емшектен уыз еміп келе жатырмыз. Бірақ 

сол қасиетті ауа мен сол ана сүті барлық адамдар мінезін бір қалыпқа 

құйып  шығара  алмайтынға  ұқсайды.  Оның  себебін  ӛзімізден  іздейміз 

бе, әлде жаратылыстан іздейміз бе? 

 

Әуелі ӛзімізден іздесек:



 

Ӛсейін деген ӛрісін молайтады,

 

Ӛшейін деген керісін молайтады дейді, бұрынғылар... 



 

Қазірдің ӛзінде керістің басын бастап беруге даярлар бар екеніне 

кӛз  жетіп  тұр.  Иса  би  бір  жыл  бойы  елім  ӛнерлі  еді,  сол  ӛнер  ӛрісті 

қалай  ӛркендетемін  деп  бізді  күндіз  күлкіден,  түнде  ұйқыдан  айырды. 

Бір  жыл  ішінде  ұлы  жиын  алдына  ұялмай  шыға  алатын  отыз  әнші 

дайындаппыз... Исаның кінәсі осы ма?

 

Халық  ішінен  іздеттіріп  Айша  мен  жамал  секілді  ӛнерпаз 



қыздарымызды танытты. Исаның кінәсі осы ма?

 

Ал жаратылыстан іздейтін болсақ одан да жауап табамыз.  



 

Ойға оралып тұрған сӛз ауырлау. Айтқым келмей тұрғаны

.  

Дауыс:

 

Айт! Айтсашы!



 

Мәтжан  би:

 

Алла  тағала  ӛзі  жаратқан  барлық  жан  иелерін  сан 



түрлі жаратыпты. Адам пендесінің ақылы жетпес құбылыс кӛп. 

 

Әлгі  адам  сондай  айырмашылығы  бар  адам  болар!  Оған  кӛңіл 



бӛліп әңгіме етудің қажеті болмас!

 

 



Дауыс:

 

Неге  қажет  болмасын!  Айт,  айырмашылығын!  Жары 



Мәтжан!

 

 



Дауыстар:

 

Қандай айырмашылық! Біз де естілік! Айт Мәтжан би!



 

Сіздер,  биліктеріңді  жылы  үйде,  жұмсақ  тӛсекке  жайғасып  алып  бір

-

біріңе айтқанша, осылай халық алдында да айтсаңдаршы!..



 

Мәтжан би:

 

Олай болса тыңдаңдар! 



 

…Жалғыз    Алла  жаратқан  бір  жан  иелері  болады,  барлық  ішіп

жегенін сүтке айналдырады! 



 

…Аллатағала  жаратқан  бір  жан  иелері  болады,  барлық  ішіп

жегенін уға айналдырады!



 

…Сары  уызбен  ауызданып,  ақ  сүт  еміп  ӛскен  бір  адамдар 

болады, жегенін балға балайды, кӛргенін қызыққа бағалайды!

 

…Сары  уызбен  ауызданып,  ақ  сүт  еміп  ӛскен  бір  адамдар 



болады,  жегені  тілінен  у  боп  тамады,  басқаның  жақсылығы  кӛкірегіне 

күншілдік отын жағады. Содан барып, тәні уланып, жаны қиналып ӛмір 

сүреді.

 

 



Қошамет дауыстар.

 

 



Мәтжан:

 

Естеріңде  болсын,  әлеумет!  Жұтқанының  бәрін  уға 



айналдырар  ужылан  секілді  біреу  ортамыздан  шықты  екен  деп 

мерекемізді  тәрк  еткізбейміз.  Бұл  асқа  біз  тентегімізді  тезге  салар 

жасағымызды да дайындағанбыз. 

 

Мына  Ермембет  бидің  қарауында  екі  сексен  жасақ  бар!  Бір 



сексені  Ойдағы  болыстардан,  екінші  сексені  Қырдағы  болыстардан. 

Кез


-

келген тентектің есін кіргізе алады.

 

Тентектік қылып үйренгендерге айтарымыз –



 

естеріңді жинаңдар! 

Сендейлердің қылықтары елді талай ұрындырған!

 

Осы  тойлап  жатқан  қызықтарың  да,  ауыздарыңа  салып  жүрген 



шыжықтарың  да  Иса,  Ермембет,  Сүйінғара  секілді  ел  ағаларының 

арқасы!


 

Ел ағасыз болса –

 

ел емес, тон жағасыз болса –



 

тон емес!

 

Дауыс:

 

Па, шіркін! Мәтжан би айтса жеткізіп айтады емес пе!



 

Дауыс:

 

Ужылан басын қалай езіп тастады…



 

 

Той иесі қамшысын кӛтеріп сӛз сұрайды. 



 

 

Бәйімбет:

 

Біреулер би шешімі әділ емес, Ӛскенбай бәрінен озық 



еді  деп  жатыр  екен!  Мен  той  иесі  ретінде  озық  шыққан  екеу  болсын 

деймін. Ӛскенбайға да бірінші орын берелік! Байрағын ӛзім кӛтеремін!

 

Дауыс:

 

Міне табылған ақыл! 



 

Дауыс:

 

Қатып  кетті!  Сықитты!  Бар  шатақты  бір  ӛзі  шешті… 



Дауыс:

 

Жаса, Бәйімбет бай!..



 

Дауыс:

 

Досат бәрінен де ӛнерлі.



 

 

Дауыстар. Дыбыстар.



 

 

Шымылдық



 

 


 

Тоғызыншы көрініс. Қалнияз.

 

 

 



Ермембет  би:

 

Уа,  халайық!  Естіген  боларсыңдар,  үш  күн  бойы 



хабарлап жаттық. Осы асқа сонау ауған, парсы жерінен арнайы келген 

ең  құрметті  қонағымыз  –

 

құрметті  Қалнияз  ақын!  Әрі  батыр,  әрі  би  –



  

Қалнияз  тақтақ!  Осы  арада  болуы  керек  еді.  Ас  соңында  ел  алдына 

шығарсыз, сәлемдесерсіз деп едік! Кешікті ме?

 

 



Қалнияз:

 

Жоқ, кешіккен жоқ! Кӛпшілік арасында жүр едім!



 

 

Иса  би:

 

Қалнияз  аға!  Халқың  сағынды!  Ортаға  шығыңызшы! 



Сағынынған жұртың жүзіңізді кӛріп мауқын бассын!

 

 



 

Қалнияз ортаға шығып қамшысын кӛтереді.  Жұрт тынышталады.

 

 

Қалнияз:



 

Аман


-

есен барсыңдар ма, бізді сағыныштан сарғайтқан 

бауырларым! 

 

Ақ  патшаның  дүмпуімен  жер  асып,  ел  ауып  кеткен  аз 



ағайындарың да ұл ӛсіріп, қыз сүйіп жүріп жатыр!

 

Тыңдасаңдар әлгі басталған дауға бір ауыз сӛз айтқым келіп тұр! 



 

Дауыстар:

 

Айт! Айт, Қалнияз тақтақ!



 

Қалнияз:

 

Мәтжан  шырағым!  Тентекке  тоқтау  саларлық, 



ақымақтың аузын жабарлық, халық ақыл тоқтатарлық мағыналы сӛзді 

тауып айттың! Жақсы айттың! 

 

Ендігі  жерде зерделі  кісінің  бәрі  пайдаланатын сӛз  болды.  Сӛзің 



құтты болсын, Мәтжан би!.. 

 

Мәтжан би:

 

Рахмет, Қалнияз аға!



 

Қалнияз:

 

Бірақ,  тойбасы  Иса  шырағым,  той  иесі  Бәйімбет  інім! 



Мәтжанның  сӛзі  де,  сіздердің  Ӛскенбайға  қосымша  беретін 

байрақтарың  да  бүгінгі  басталған  сӛздің,  оның  артынан  ертең 

жалғасар қаңқудың, содан туындар  даудың шешімі бола алмайды…

 

Иса би:

 

Не ойыңыз бар, Қалнияз аға!.. Шешімі барлығына кӛзіңіз 



жетіп  тұрса,  қалың  елге  ұнайтын  ақылды  шамалап  тұрсаңыз… 

Айтыңыз,  ойыңыздағыны!  Халқыңыз  сізді  адайдың  тақтағы  еді 

дегенде, осындайда жӛн табар озық ойыңыз үшін айтатын

-

ды…   



 

Қалнияз:

 

Халық деген Біз бен Сіз емес пе! Ойға қонса халықтың 



билігі ретінде қабылдалық!

 

Иса би:

 

Қабылдайық!



 

Қалнияз:

 

Олай болса… 



 

Бірінші айтарым: 

 

Ӛнерді де бағу қажет, баптау қажет. Әйтпесе о да жұтап қалады.



 

Ӛнерді  қамқорлау  қажет!  Әйтпесе  ол  да  жетім  баладай 

жетімсірейді, жұпыны болып қалады! 

 

Мына  беріп  жатқан  астарың  тек  қана  аруақтың  қамы  емес, 



болашақтың да қамы… Астарың құтты болсын!

 

Дауыстар:

 

Әмин! Әмин!



 

Екінші айтарым: Қарттық пен даудан сақ болыңдар!

 

Екеуі де жалғыз келмейді. Олардың кӛлеңкесімен байқатпай ере 



келер  абжыландар  бара

-

бара  айдаһарға  айналып,  ӛзіңді  жұтып 



тынады…Қарттық қара басыңды жұтады, дау тұтас еліңді жұтады…

 

Осыдан сақ болыңдар!



 

Дауыстар: Дейді ғой, Қалнияз тақтақ!

 

Үшінші айтарым: Қашаған ақын не деп еді?



 

Оу, халқым! Қашаған ақын не деп еді!

 

Дауыс:

 

Оның қай айтқанын айтып тауысарсың!



 

Қалнияз:

 

Қашаған ақын "біз адай деген ел едік" демеп пе еді!



 

…Біз Адай деген ел едік!..

 

Алаңсыз ӛскен алшаңым!



 

Тәк


-

тәксіз  ӛскен  тарпаңым!  –

 

демеп  пе  еді!  Оны  не  үшін  айтып 



еді! Ойлансаңдаршы!..

 

Ой жүгіртсек о заманда солайша айту қажет болды…



 

Жан


-

жағың толы жау еді! Ел рухын кӛтерер ұран керек еді! 

 

Адай атаның атымен ұрандату, сол арқылы елдің басын біріктіру 



қажет болып еді…

 

Адайдың  әлгі  мінезі  адай  елінің  жау  алдындағы  айбаты  ұшін 



қажет мінез болатын! 

 

Біздің замандастар оның құнын білетіндер еді!



 

Мен  Қалнияз  атымен  емес,  тағдыр  тәлкегімен  Ауған  мен  Иран  

асып кетсе де Адай мен Бекет атын ұран етер ел атынан айтамын!

 

 



Маңғыстаудың  киелі  топырағынан  жаралып  жатқандар,  ӛз 

қандастарының    бір  ұлына  берілер  "ӛнерліміз  еді",  "озығымыз  еді" 

деген атты қимай дау тудырады деп ойлаппыз ба? 

 

Ойламағанбыз! 



 

Ойламайтынбыз!

 

Алшаңдап ӛссеңдер аталарыңның рухының арқасы!



 

Тәк


-

тәксыз ӛссеңдер ел ағаларының арқасы!

 

Соны ұмытпалық!



 

Қашаған  адайға  осындай  қылықтарды  таңғанда  бұл  мінезді 

ағайын арасында кӛрсетсін деп ұрандамаған! 

 

Біз  бүгін  ұрпаққа  тәрбие  боларлық  жиында  тұрмыз.  Билер  бұл 



асты тәрбие асына айналдырыпты. 

 

Адай деген ел ендігі жерде "тарпаңдау" мінезінен, бейбіт ӛміріне 



сәйкес  ұрпаққа  үлгі  боларлық  "ар  таңдау"  мінезіне  ауыссын  деп 

шешіпті…


 

Бірінші дауыс:

 

Қалай



-

қалай мӛлтектетеді, қасқа!..

 

Екінші дауыс:

 

Мынау кім?



 

Бірінші дауыс:

 

Тӛк тақтақ! Айт тақтақ! Ел атынан айт!… 



 

Екінші дауыс:

 

Бұл кім?



 

Дауыс:

 

Бұның  аты  ұмытылғалы  қашан!  Оны  адайдың  тақтағы 



деп атайды! Оның аты Қалнияз ақын, Қалнияз батыр болса керек!

 

Екінші дауыс:

 

Е… Адайдың Қалнияз тақтағы осы ма еді!..



 

Қалнияз:

 

Айт  десеңдер    айтайын!  Айтқанда  мен  бүгініңді  емес, 



болашағыңды айтайын, ағайын!

 

Барлық  адам  болашақ  туралы  ойлануы  қажет!..  Ӛйткені  барлық 



адам қалған ӛмірінің бәрін сонда ӛткізеді!.. 

 

Болашақ туралы ой да бар! Құлақ тігерлік халқың болса!..



 

Айтар ақыл да бар, пайдаға асырар құлқың болса!..

 

Дауыс:

 

Айт ойыңды, түсінеміз





Қалнияз:

 

Ендеше  осы  жарысқа  еліміз  отыздан  астам  жүрік 



қосқан  екен.  Бәрінің  артында  бір

-

бір  рулы  елі  бар.  Солардан  таңдап, 



отыздан озық деп, жетеуін оздырған екенсіңдер. Қарсы емеспіз. Халық 

та оған қарсы болмапты!  

 

Жетеуін жарыстырыпсыздар! 



 

Ӛнер жарыста шыңдалады. Дұрыс

-

ақ болған!



 

Жетеуінің  де  ӛрен  жүйрік  екеніне  кӛз  жеткізіпсіздер!  Құтты 

болсын!

 

Енді біздің айтпақ ойымыз мынау…



 

Отыздан  озық  шыққан  жетеуіне  жеті  шапан  жауып,  жеті  тұлпар 

мінгізсек еліміз жарлы болып қалмас!.. 

 

Ардақтымыз біреу емес жетеу болса несі бар!..



 

Аламан  жарыста  озық  келген  жетеуіне  бірдей  адайдың  қайқы 

әншілері деген ат тағайындасақ абыройымыз аспандамай ма!..

 

Атақтымыз біреу болмай жетеу болса несі бар!..



 

Енді  отыздан  озық  шыққан  жетеуі  де  "Адайдың  Жеті  Қайқысы"  

деген бір атпен аталса, жеке болмай жетінің бірі болса, олар ӛнерінің 

дәрежесі кеміп қалмас! 

 

Адайлар  әуелден  де  білгірлері  мен  шешендерін  "тақ



-

тақ" 


атандыратын! 

 

Ақындарын да ардақтап "Адайдың жүйрігі" деген дәреже беретін.  



Лайым тақ

-

тақтарың тауып айтқай! Лайым жүріктерің озық болғай!



 

Енді, осы күннен бастап, әншілеріңнің озық жетеуі "Адайдың жеті 

қайқысы"  деген  ардақты  атақпен  аталатын  болсын!  Аттары  қатар 

аталатын болсын!..  

 

Тақтақтарың  талапты болғай!, халқым!



 

Бес жүйріктерің азулы болғай!, ағайын!

 

Жеті қайқыларың қанатты болғай!, бауырлар!



 

 

Алаң қуанышты дауыстарға толып кетеді. 



 

 

Дауыс:

 

Міне билік! Жаса Қалнияз! 



 

Бір  дауыс:

 

Шіркін



-

ай  мына  жарысқа  Қайып  пен  Хамиттың  келе 

алмағаны, әйтпесе мыналарға орын қайда!..

 

Дауыс:

 

Жаса Адайдың Қалнияз тақтағы!



 

 

Халық риза болып, шаттық саз ойналып жатады.



 

 


Мәтжан  би:  Уа  халайық!  Қалнияз  ағамыз  қайта  оралды 

ортамызға! Қалнияз ақын бұрын елді жауларға қарсы жорыққа  бастап, 

бірлікке  үндеп  жүретін  болса,  енді  халқымызды  ӛнер  жорығына 

шақырғалы келген екен! Сапарың сәтті болғай Қалнияз аға!

 

Ермембет  би:

 

Қалнияз  батыр  орыстар  құрығынан  қашақтап 



тәжік,  ауған  жерінде  жүрсе  де,  ерлік  қалпын,  Қалнияз  қалпын 

жоғалтпапты! Жорық ақыны тағы да жорыққа шақырып тұр! Бұл жолы 

ӛнер жорығына шақырып тұр!

 

Иса би: Қалнияз тақтақ Қосай атаның ұрпағы емес пе еді! Мына 

ұсынысы  ӛнерлі  ұрпағына  берген  Қосай  ата  батасындай  болды! 

Аллатағала қабыл еткей!

 

 

Жыр күйі ойналып жатады. Жыр сарына бірте



-

бірте Адай" күйінің сарынына 

ауысады.

 

 



 

Дауыстар:

 

Аллатағала қабыл еткей!



 

 

Дауыстар:

 

Періштенің құлағына шалынғай!



 

 

Дауыстар:

 

Адайдың жеті қайқысы!



 

 

 



Бір адам қамшысын кӛтеріп ортаға шығады.

 

 



 

Бір дауыс:

 

Қалнияз тақтақ! Менің бір датым бар!



 

 

Қалнияз:

 

Ол не дат!



 

 

Сол  дауыс:

 

Дат  емес  ұсыныс.  Айша



 

мен  Жамал  деген 

қыздарымыз да асқан ӛнерлерімен кӛзге түсті.

  

Нағыз ӛнерлі туған сайқы қыздардың



 

ӛзі екен! Оларға

 

да "сайқы" 



атағы берілсін!

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет