Ізбасар Шыртановқа


Досат:   Бұл айтқызбай қоймас!  Домбыраға қол созады.      Жамал



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата30.03.2017
өлшемі382,62 Kb.
#10615
1   2   3   4   5   6   7

Досат:

 

Бұл айтқызбай қоймас! 



Домбыраға қол созады.

  

 



Жамал:

 

Сізді  әнді  кейде  тостағанмен  айтады  дейді  ғой,  Досат 



аға. Бір рет кӛрсетсеңіз біз де үйреніп алар едік. 

 

 



Досат:

 

Мен  әнді  кӛбіне  далада  саламын.  Ат  үстінде.  Содан 



барып тостағанға әдеттендім.

 

 



Досат  шапанының  қалтасынан,  әдемі  күмістелген  зерең  тостағанды  алып, 

ойлана  қарап  қалады.  Сосын  тостағанмен 

 

аузынан  шыққан  дыбысты  ӛзгерте 



отырып ән салады.

 

 



Айта бар, барсаң сәлем босмойынға,

 

Бос болса, келіп кетсін осы ойынға.



 

Құс жастық, патшай кӛрпе белден мамық,

 

Жатады қандай жігіт сол қойынға.



 

 

Кӛкжарда кӛп жатқанда ай жатармыз,



 

Самаурын саздың суын қайнатармыз.

 

Осыдан салқан түсе тағы соғып,



 

Кӛздерін босмойынның жайнатармыз.

 

 

 



 

Жылкелді: 

 

Күзге қарсы Досат мырза жолға шығады деп тұр ғой 



мына ән!

 

 



Жамал:

 

Досат ағамыздың қызығы басқа жақтағы аға болды ғой!



 

Раушан

: 

Бұлардың  бар  асыл  сӛздері  мен  асыл  сезімдерін 

басқаларға арнайтын әдеті.

 

 



Жылкелді: 

 

Ән  бұларды  кӛңілдендіре  ме  десек,  ойға  батырып 



барады ғой. 

 

Досат! 



 

енді  мына  қыздың  даусын  тыңдап  кӛрейікші,  ол  сенің 

"Жамал" әніңді ӛзіңнен де жақсы айтады.

 

 



 

Досат елең ете қалады.

 

 

 



Досат:

 

Қалқам, айтып кӛрші



Бұлар тым қызықтырып жіберді ғой

мені


 

Жамал:

 

Мен    "Жамал"  әнін  отырып  айта  алмаймын.  Тұрып 



айтсам бола ма? Досат аға, ӛзіңіз сүйемелдеп отырарсыз

 



 

Досат Әділге бас изейді. Әділ домбыраман «Жамал» әнін тарта бастайды.

 

 

 



Әділ:

 

Әннің  аты  да,  орындаушының  аты  да  –



 

Жамал!  Бұл 

кездейсоқтық па екен?

 

 



Жамал:

 

Әділ  аға!  Менің



 

атым  Жамал!  Бірақ  басқа  Жамалмын! 

Осы ән

 

арналған Жамал ӛзім болмағаным қандай ӛкініш



... 

 

 



 

Ерекше сезіммен

 

Жамал "Жамал" әнін шырқап кетеді



 

Алқызылдың басында ала ноқта,



 

Айналайын, қарағым, еркем тоқта, Жамал

-

ай.


 

Бірге отырған ауылым кӛшіп барад,

 

Әнәугі айтқан уәдең бар ма, жоқ па, Жамал



-

ай.


 

 

Жамал



-

ай! Жамал

-

ай!


 

 

 



Не жаздым қалқам, саған

-

ай!



 

 

Ұстағаным қолыма бұйда пышақ,



 

Жамал сені кӛрдім де жайдым құшақ, Жамал

-

ай.


 

Ақ жүзіңе Ақжамал болдым риза,

 

Айдын кӛлдің аққуы саған ұқсап, Жамал



-

ай.


 

 

 



Жамал

-

ай! Жамал



-

ай!


 

 

 



Не жаздым қалқам, саған

-

ай!



 

 

 



Досат:

 

Шыныменен  зор  сезіммен  айтады  екен!  Бұл  ән  ӛз  иесін 



тапқан  екен

Жақсы  әншінің  қолына  түсіпті.  Ән  ӛмірі  ұзақ  болатын 



болар!

 

 



Жамал: Мен шыныменен әншімін бе?

 

 



Досат:

 

Әнші  болғанда  да  әншілердің  серкелерінің  бірісің!  Әнді 



сүйіп  айтады  екенсің!  Жігіттің  нағыз  әншілерін  біздің  ел  "қайқы"  деп 

мадақтайды.  Ал  қыздарын  "сайқы"  деп  дәріптейді.  Сен  нағыз  сайқы 

әншісің.


 

 

Жамал:

 

Сізден сондай қошамет есту маған зор бақыт болды... 



 

 

Қуанып қалады.



   

 

Бақыттымын!



 

Бірақ  осы  ән  арналған  Жамал

 

бақытындай  бақыт



 

қайда бізге!

 

Досат:

 

Қалқам Сен Жамал болғың келсе, біз сені сол Жамал деп 



танылық.  Әйтпесе  ауызға  түсе  салған  бір  қыз  аты  еді.  Енді  оның  кім 

екенін біліп жүретін болдық.

 

 

 



Жылкелді: 

 

Досат  әндерін



 

ӛзінен  де  қызғанып  отырады.  Мына 

әнін  Жамал  бекерге  саған  беріп  отырған  жоқ.  Артында  салмағы  бар 

болар, алмағы бар

 

болар.


 

 

Жамал:

 

Досат аға қандай салмақ салса да біз қиналмай кӛтеруге 



тырысармыз!  Алмағы  болатын  болса,  тапқанымызды  аузына 

ұстармыз.

 

 

Раушан:



 

Е! Жастар осылай жараса сӛйлесе жарасымды!

 

 

 

Сырттан сатырлаған дабыра дыбыстары естіледі. Бұлар селт етіп дыбысқа 

құлақ түреді.

 

Ас  хабаршыларының  дауысы:  Ертең  түс  мезгілінде  Айша  бишінің  ӛнерін 



тамашалаңдар!

 

Айша билейді! Биге келіңдер! Биді кӛріңдер!



 

 

Досат:

 

Айша! 


 

 

Досат ерекше әсерленіп қалады.



  

  



Досат:

 

Ертең! Айша ертең ӛнер кӛрсетеді екен! Ертең!



 

Жылкелді: 

 

Ертең бәріміз де Айша биін кӛруге баралық.



 

 

Қыз



-

келіншектер: баралық, баралық...

 

 

Жамал бір нәрсеге түсінбегендей Досатқа аңтарыла қарап отырады.



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

Мұрын_жырау._Қоштай._Тұрсын._Үш_би.'>Жетінші көрініс.

 

 

 

Аралбай. Мұрын жырау.  Қоштай. Тұрсын. Үш би.

 

 

Қоштай үйі. Аралбай. Тұрсын. Тойға сәнденген қыз



-

келіншектер.

 

Қаумалаған 



әлеумет. Ортада Мұрын жырау. Ӛзі сӛйлеп, ӛзі жырлап отырады. 

 

 



 

Мұрын жырау:

 

Бәйімбет байдың тілегі ме, әлде елдің тілегі ме, 



ауа тып

-

тыныш! 



 

 

Аралбай:

 

Талай асқа қатысып едік. Мына ас кӛңілге қатты қонып 



тұр.

 

Мұрын



 

жырау:

 

Әр ауылда бір жыршы! Ауыл сайын ойын



-

сауық!


 

Қатындар күресі деген қызық болады екен



Қоштай  бай:

 

Мен  әйелдер  жарысын  кӛріп  күлкіден  ӛліп  қала 



жаздадым. Мына Мұрын құрдастың қатыны ма деп қалдым, бір қатын 

зыпытып озып

-

ақ келе жатыр еді, ышқырына түрген балағы түсіп кетіп, 



ӛз балағына оралып құлады да қалды. Ызаланып жылағанын кӛрсең…

 

Мұрын  жырау:  Біздің  үйдегі  құрдасың

 

Қоштай  бай  кӛйлектік 



мата беріп жіберген екен,

 

кӛйлек шықпады, дамбал тігіп алмасам



 

деп 


отырған. Сенің дамбалыңа сүрінген

 

болды ғой



 

онда..


.  

 

Аламдар күлісіп қалады.



 

 

Аралбай:

 

Ақын,  күйші  дегендердің  бәрі  айтыскер  болып  кеткен 



секілді. Айтысып жатыр! Күй айтыс дейсің бе! Жыр айтыс дейсің бе!

 

Мұрын  жырау:  Құдай  қарасты  ғой!  Ауа  тап

-

таза.  Теңіз  тып



-

тыныш! Бәйімбеттің әкесіне емес ӛнерге берілген ас болды.

 

 

Қоштай  бай:



 

Әй  Мұрын!  Сіздердің  тұқымдарыңның  мұрны  мен 

тілі елге аты шыққан тұқым. Түкірші, тілің ӛтер. Жел шақырмай жайыңа 

отыршы!


 

 

Мұрын  жырау:

 

Сен,  Қоштай  бай,  неден  қорқып  отырсың? 



Шаңдаққа  үй  тікпеймін  деп,  Тұщықұдықтан  қырық  нар  құм  алдырып, 

жер тегістеткен жоқсың ба?

 

 

Қоштай  бай:



 

Мен  неден  қорқайын!  Байқап  сӛйлеймін.  Аңдап 

басамын. Сақтанып жүремін. Қорықсаң сен қорық, әкең қойған атыңнан 

айрылып қалып "Мұрын" аталып жүргенің мынау!

 

 

Мұрын жырау:



 

Жалпы қорқу да теріс қасиет емес.

 

 

Қоштай бай:



 

Дұрыс айттың Бірақ мен осы жолы ӛзім үшін емес, 

мына кӛпшілік үшін қам жеп отырмын.

 

 



Мұрын  жырау:

 

Кӛпшілік  үшін  де  қорықпа!  Дауыл  тұрса  осында 



келіп  тығылады.  Оларды  асырауға  сенің  байлығың  да,  мәрттігің  де 

жетеді.


 

Қоштай:

 

Бұ жұртқа қалай жағарсың? Келіндерімнің жұртқа берген 



асы таза болсын, қыздарымның тойға киген етігі шаң болмасын деп аз 

ғана  еңбек

 

етіп  едім.  Енді  мынау:  жұрт  шаң



-

шаң  болып  жүргенде  сен 

неге тазасың деп жазғырады.

 

 



Аралбай:

 

Мұрын!  Қоштайдың  бұл  ісі  үлгі  істердің  бірі.  Сен 



құрдасыңды қажап уақытыңды босқа ӛткізгенше, сол алтын уақытыңды 

"Қырымның қырық батырына" шығындасаң етті.

 

 

Мұрын  жырау:



 

О  да  болсын.  "Қырымның  қырық  батырын" 

бастамас бұрын мен де әуелі Абыл ақын сӛзіне бір барып қайтайын.

  

Абыл ақынның



 

қайталып айта беретін бір сӛзі болыпты… 

 

Аралбай: Сен де қайтала.

 

Мұрын  жырау:

 

Абыл  ақын  адайлар    соңғы  500  жылдан  астам 



мезгілде  жиі  қоныс  ӛзгертіпті  дейді  екен.  Ылғи  соғыс  ӛртінің  ішінде 

жүрді. Әуелі Маңғыстауынан жылжып Қап тауынан асыпты. Жошы мен 

Батуға еріп Дон мен Днепрге дейін жетіпті.   Алтын Орда заманы ӛтіп, 

орыстар  күшейе  бастаған

 

соң  Қап  тауынан  Алатауға  дейін  кӛшіп, 



Алатаудан  Қаратауға қоныс аударады.  Жоңғарлар жеңіліп, қазақ жері 

жаудан босаған

 

соң Сайран, Қаратаудан Маңғыстауға бет бұрыпты



.  

Кіл  соғыс,  кіл  жорық!  Сол

 

заман  кезінде  білетіндер  ертелей 



ӛмірден ӛтіп, жұрт ӛзгеріп, тарихымыз

 

дұрыс сақталмады дейді екен…



 

Аралбай:

 

Жастардың  есінде  қалсын  деп  қайталайтын  болар, 



жарықтық

.  


Мұрын  жырау:

 

Құдайға  шүкір,  ӛздерінің  ата  қонысы,  қасиетті 



Маңғыстауына  қайта  оралғаннан  кейінгі  жерде  адам  аттары  да 

жатталып, ӛнері де сақталып келеді. Сонау Сыпырадан басталған ұлы 

дарияны  Абыл  ақын  біздерге  жеткізіп  кетті.  Қазір  Абылдан 

басқаларының  кӛздері  тірі  "Адайдың  бес  жүйрігі"  аталатын  ақын, 

жырауларымыз бар. 

 

 



Қоштай:

 

Бесеу емес, ауыл сайын бір жыршы бар емес пе? 



 

 

Мұрын  жырау:

 

Кейбіреулер  бізді,  жырауларды,  қателесіп  ақын 



дейді. Ақын ӛлең шығарады. Жыршы мен жырау ақынның шығарғанын 

айтады.  Әрине  ӛзіне  ұнап  жатса.  Оны  ақындарымыздың  атасы  Абыл 

ақынның Нұрымға айтқан сӛзінен түсіне аламыз.

 

Абыл  Нұрымға:  "Ӛлең  жылқы  секілді  еді  де,  жыршы  сыншы 



секілді  еді.  Ӛлең  сӛз  қадірін  жыршы  сезінер.  Сен  ақын  едің,  және 

бізден кейінгі буында жүйрік жыршы атанарсың" –

 

депті.


 

Қоштай  бай:  Құрықтан  бұлтарған  қашағандай  бұлтарып 

ноғайлық жырлардан қашқақтап отырсың

-

ау шамасы?



 

Аралбай:

 

Мен  де  байқап  отырмынн  Мұрын  жырау  ноғайлық 



жырларына

   

аяқ  басқысы  келмей  отыр.  Мүмкін  Абыл  ақынның  ӛзінен 

айтарсың.

 

Мұрын жырау: Жарайды.



 

Мен Абыл ақынның бір термесін айтып 

берейін...

   

 

Асқар, асқар, асқар тау,

 

Асқар таудың басына,



 

Балапан ұшып шыға алмас.

 


Сұңқардан қыран құс болмас,

 

Соқтасы қатпай аң алмас.



 

Айдын, айдын, айдын кӛл,

 

Асарлап тӛксең суалмас.



 

Қабырғасы қатқан кәрі боз

 

Қаржалған күні жүре алмас.



 

Алғыншы алсаң аруды ал,

 

Артыңда жылап қалса кім алмас.



 

Желбезекке жебе дарыса,

 

Ӛрге балық жүзе алмас.



 

Жеткіншектен айрылған

 

Жер таянбай тұра алмас.



 

Жез қанаты қайрылса

 

Лашын тырна іле алмас.



 

Ер жолынан адасса

 

Сән


-

салтанат құра алмас.

 

Тең құрбының ішінде



 

Қасқия күліп жүре алмас.

 

 

 



Аралбай:

 

Абылекем  айтқыш  қой.  Абылдан  алты  алаш  түгел 



үйренді. Әсіресе Нұрым қасына кӛп ерді.

 

 



Қоштай  бай:

 

Мұрын!  Сенің  жырау  атың  бар  емес  пе?  Қайта



-

қайта  сұраттыра  бермей,  ең  болмаса  адайдың  бес  жүйрігінен  бір

-

бір 


ауыздан жырлап берші.

 

 



Мұрын  жырау:

 

Аралбай  аға  осы  бұйымды  орындау



 

сізге 


жеңілдірек емес пе?

 

 



Аралбай:

 

Болсын. Сен Абылекемді еске алып ӛттің ғой. 



 

Мен Нұрымнан бастайын… 

 

 

 



Аралбай ӛз мақамымен термелетіп кетеді. 

 

 



Аралбай:

 

Нұрымнан басталық.



 

 

Мен қашаңғы жүйрігің,



 

Топ ішінде толғаған.

 

Шыныменен шырқасам



 

Бабам Қадір қолдаған.

 

Осылайша сӛйлесем,



 

Сӛз қалама ұртымнан.

 

Кӛре алмаған біреулер



 

Сӛз айтады сыртымнан.

 

Хас жүйріктің белгісі



 

Дуды кӛрсе жұлқынған.

 

Айтулы жүйрік мен едім



 

Салдырмай қамшы ұмтылған.

 


 

Ұсынсам қолым жетер ме

 

Қырдан асқан түлкідей



 

Қырмызы қызыл заманға.

 

Айтсам сӛзім ӛтер ме



 

Ақылсыз туған жаманға.

 

Қайыра қамшы сілтеме



 

Сүйекке біткен шабанға.

 

Екі жақсы дос болса



 

Бірін бірі қия алмас.

 

Екі жаман дос болса



 

Бір мекенге сия алмас.

 

Хас жаманға мал бітсе



 

Ебімменен жидым дер.

 

Қатарымнан оздым дер,



 

Бұл күнде ӛзім болдым дер.

 

 

 



Қоштай  бай:

 

Бұлардың  сӛзінде  бір  мін  болмайды  ғой!  Бал 



татыған сары қымыз дерсің! 

 

Тыңдағың келе береді... 



 

Тыңдағың келе береді...

 

 

Мұрын  жырау::



 

Тыңдап  отырып  бал  татыған  сары  қымызды 

жұтқың келе береді, жұтқың келе береді...

 

 



Аралбай:  Нұрыммен  қатар  аты  шыққан    Ақтан  жырау  болды. 

Бірақ Ақтан абырой атаққа таласпай, ылғи Абыл түгіл Нұрымды ӛзінен 

оздыра сӛйлеп отыратын еді.

 

 

Мұрын  жырау:  Ондай  мінез  мына  Арал

-

екеңнің  ӛз  басында  да 



бар қасиет.

 

 



Аралбай:

 

Ақтан термесінің бір



-

екі қайырымы…

 

Қаумалап халқым келгенсін,



 

Селдетпей топан жел сӛзді

 

Кӛрінбейін бекер жек.



 

Мүбәрак ақын дегесін,

 

Сӛйледік әуез бес ӛңдеп.



 

Әуеліден


-

ақ тіледік

 

Білгенді жұртқа десем деп.



 

Айтады Хақтың каламы

 

Жұмақты сегіз, Дозақты



 

Есітеміз жетеу деп.

 

Сол дозақта қалмалық



 

Аса алмай жолда мешеулеп.

 

Таңдайына татымас,



 

Абыл менен Нұрымнан,

 

Дәніккен жұртым секер жеп.



 

 

Қоштай бай:

 

Пай! Пай!



 

Аралбай:

 

Ал  Қашаған  ақын  болса  бұлардың  үшеуін  де  ӛзіне 



ұстаз тұтқан. Әйтпесе алты алашты аузына қаратқан Қашаған:

 

Кӛзім кӛрген адамда:



 

Абыл, Нұрым, Ақтаным,

 

Осылар еді тақтағым



 

Осылай деп маған үйреткен

 

Тарихтың ескі ақпарын –



 

деп тегінен тегін айта қоймас еді. Бұлар 

шетінен ерекше  жандар ғой! Інім деп үйреткен, ағам деп ардақтаған!..

 

Бірін



-

бірі шәкірт тұтқан! 

 

Бірін


-

бірі ұстаз тұтқан!

 

Бірін


-

бірі қастерлеп ӛткен!

 

Мұрын  жырау:

 

Аралбай  ағамыз  Адайдың  бес  жүйрігінің  бірі…  



Енді  мен  Аралбай  ағаның  бір  ауыз  сӛзін  еске  түсіріп  кетейін…  Арал

-

екең  болса  жүйріктердің  қалған  тӛртеуін  де  қатты  құрмет  тұтқан 



секілді…

 

 



Жырлап емес, тақпақтап айтады. 

 

 



Қолыма қалам алып хат жазғанмын,

 

Ақындық –



  

қүрбы кӛңілін ақтарғанмын.

 

Заманның сатқын, жауыз түрін кӛріп,



 

Абайлап ақылменен басқарғанмын.

 

 

Жігітке ақыл, ӛнер қабат келсе,



 

Аярма қолдан келсе тапқандарын?!

 

Мен ӛзім "бес жүйріктің" бірі болып,



 

Алқаға түскен жерде мақталғанмын.

 

 

Алдымда Абыл менен Нұрым болды,



 

Қашаған, Ақтан –

  

менен бұрын болды.



 

Олардай аса шешен болмасам да,

 

Дүлдүлдей дүсірлетіп дуды кӛрсем,



 

Ас, тойда ақын атын ақтағанмын!..

 

 

 



Мұрын жырау:

 

"Адайдың бес жүйрігі" деген атақты алғаш рет кім 



ойлап  шығарғанын  ешкім  айтып  бере  алмады.  Бірақ  халық  осы 

бесеуіне "бес жүйрік" деген ат тағып алыпты. Ӛткен бір аста халықтың 

ӛзі таққан атын әлеумет алдында билер де жария еткен еді.

 

 



Аралбай:

 

Бұл  атты  ойлап  тапқан  Қашаған  ақын  еді  дейді.  Бірақ 



ол  ӛз  атын  жүйрік  санатына

 

қоспай  "Адайдың  тӛрт  жүйрігі"  деген 



секілді.  Бірақ  жүйріктер  аты  халық  құлағына  тӛртеу  болып  жеткен 

менен  аузынан  шыққан  кезде  бесеуге  айналыпты.  Бес  жүйрік  атапты. 

Қашағанды қосыпты. Әйтпесе нағыз дүлдүл Қашағанның ӛзі емес пе!..

 

 



Мұрын жырау:

 

Сол сӛз шындыққа жақындау секілді.



 

 

Қоштай  бай:

 

Рас  болар.  Ал  енді  мына  Тұрсын  ертең  халық 



алдында ӛз ӛнерін ортаға салады. Билер отыздан озық келді деп осы 

аста ӛнер кӛрсеткендерден жеті әншіні таңдап алыпты. Солардың бірі 

 

Тұрсын!



 

Біз бүгін  оныың жарыс алдында аздап терін алсақ қайтеді?

 

Мұрын жырау:

 

Жарыс алдында жүйріктің ащы терін алып қойған 



дұрыс.

 

 



Аралбай:

 

Тұрсын  жұрт  сені  тек  әнші  емес,  домбырашы  да  деп 



мақтап жүр. Тұрсынның ілме қағысы дей ме?.. Тұрсын қағыс дей ме?.. 

 

Кӛрсетші ӛнеріңді, сол қағыстарыңды..



 

 



Тұрсын домбырасын қолына алып біраз ойнатып отырады.

 

 



 

Тұрсын:

 

Халықтың мақтайын десе тым аспандатап жіберетіні де 



бар  ғой...  Мен  ертең  жұрт  алдына  "Оймауыт"  атты  әніммен  шыққым 

келіп отыр. Соны айтып берейін.

 

 

Оймауыт, Сары Мауыт, Мауыт, Мауыт,



 

Сарымды сағынамын ауыт

-

ауыт.


 

Есіме беу қарағым сен түскенде,

 

Құладым ақбозаттан есім ауып.



 

 

Шымылдық жабыла береді. Ән естіліп жатады.



 

 

Келемін Оймауыттан ойған болып,



 

Беремін қызға сарқыт тойған болып.

 

Сен бол да қызыл түлкі қызар да жат,



 

Тояйын қызығыңа сойған

 

болып.


 

 

Шымылдық



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сегізінші көрініс.

 

Ас. Билер. Орталық алаң. 

 

Жарыс қортындысы. Дау.

 

 

 

 

Әр жерден жұртты тыныштыққа шақырған дауыстар естіледі.



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет